[{{mminutes}}:{{sseconds}}] X
Пользователь приглашает вас присоединиться к открытой игре игре с друзьями .
Обычный Казахский
(2)       Использует 21 человек

Комментарии

Bombo 3 июля 2011
этот словарь создан по просьбе человека и по его ссылке с текстом
название придумал я, каюсь. Просто в голову другого ничего не залезло!
chikaldirick 3 июля 2011
Зачем тогда создавать словарь было, если у тебя даже текстов нормальных нет? Куда спешить, если словарь еще "сырой" - и это мягко говоря.
Bombo 3 июля 2011
Дай мне ссылку на литературу на казахском - будут одинаковые отрывки!
chikaldirick 27 июня 2011
Какие-то неравномерные отрывки в этом словаре. Тот же отрывок №1 и №5. Мне-то всё равно, я в этом словарике не езжу, но, может, стоит сделать их хоть немного похожими по длине?
Написать тут
Описание:
Тексты на казахском
Автор:
Bombo
Создан:
25 июня 2011 в 22:15 (текущая версия от 25 июня 2011 в 22:35)
Публичный:
Нет
Тип словаря:
Фразы
В этом режиме перемешиваться будут не слова, а целые фразы, разделенные переносом строки.
Содержание:
1 Активтер (өндіріс орындарының құнды зат, ақша бұйымдары) – отбасының иелігіндегі және оған тиістінің барлығы: жеке ақша, күрделі қаржы, қарыз берешегі; мүліктік құқықтардың: материалдық құндылық, ақша қаражаты, қарыздық және жеке тұлғаға тиісті т.б. талаптардың жиынтығы.
2 Акция – оның иесінің (акционердің) жыл сайын акционерлер арасында бөліске түсетін акционерлік қоғам пайдасының бөлігін алу, акционерлік қоғамды басқаруға қатысу және таралғаннан кейін одан қалатын мүліктің бір бөлігін алу құқығын бекітетін эмиссиялық құнды
3 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) қаржы орталығына қатысушылардың, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының қаржы нарығының дамуына бағытталған арақатынасын реттейтін ерекше құқықтық тәртіп мәртебесіне ие. Қаржы секторының және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына қолдау көрсету мақсатында 2005 жылы Қазақстан Республикасының үкіметімен АӨҚО құру жөніндегі шешім қабылданған. 2006 жылы ҚР-ның «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» заңы қабылданды, қаржы орталығының уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өз жұмысын бастады. Қазақстандық қор биржасы (KASE) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгіленді. АӨҚО қызметінің кешенді түрдегі қамтамасыздығы үшін 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам түріндегі арнайы коммерциялық ұйым – «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ ашылды
4 Аннуитет – сол арқылы жыл сайын пайыз төленетін және қаржының бір бөлігі өтелетін мерзімдік мемлекеттік қарыз түрлерінің бірі; алынған несие, қарыз және соның өсімін өтеу есебінде белгілі бір мерзім аралығында төленетін бір-біріне тең дәрежедегі ақшалай төлемдер; ол бойынша жеке тұлғаның белгілі бір мерзімнен, мысалы, зейнетақыға шығу уақытынан бастап тұрақты түрде түсетін соманы алу құқығын беретін сақтандыру компаниясымен жасалатын шарт немесе келісім.
5 Банк картасы – банктардың біріндегі дербес шотқа бекітілетін пластикалық карта. Төлем жасау үшін қолданылады, оған Интернет те қосылады. Көбіне картаны ұстаушыны оның «иесі» (бұндай қолданыс тіпті банк құжаттарында да кездеседі) деп атағанымен, шын мәнінде банк-эмитент (бұндай тәртіп банк карталарының қызметіне жасалатын шарттың тиісті тармақтарымен бекітіледі) картаның иегері болып табылады. Картаны ұстаушы эмитенттің талабы бойынша бірнеше күн ішінде оны банкке қайтаруға міндетті. Бұл қарама-қайшылық алдамшы, себебі меншік иесінің өкілеттілігі жеке меншік нысанына иегерліктен, оны пайдаланудан және біреудің иелігіне тапсырудан құралады, ал банк карта ұстаушыға картаға ие болу мен оны пайдалануды ғана ұсынады. Сот шешімімен немесе шартпен көзделген операциялар бойынша комиссияны шығынға жазудан бөлек карта шотындағы қаржы карта иегеріне тиесілі, банктің оның төлемін тоқтатуға немесе оны пайдалануға тыйым салуға құқығы жоқ. Дегенмен, бұлайша пайымдау толықтай шындыққа жанаспайды, себебі картаның көмегімен банк шоттары мен банктік салымдар жасалады, яғни салымшы мен шот иегері жеке меншік құқығына емес, несие беруші ұйымның берген қаражаты қатысында талап қою құқығына ие, ал несиелік ұйым шоттағы қалдық пен салымдағы қаржы есебінен өзінің қор негізін қалыптастырады (яғни, оларды пайдаланады).
6 Бюджет – белгілі бір мерзім аралығына, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір тұлғаның (отбасының, бизнестің, ұйымның, мемлекеттің және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті қаржы ғылымы зерттейді.
7 Бюджеттеу – бюджетті құру және қабылдау, оның орындалуын соңғы тексеруден өткізу барысы. Шаруашылық иесінің қаржысын мерзімге сай тиімді түрде бөлуге арналған қаржылық басқару жүйесін құраушылардың бірі.
8 Дебеттік карталар тауар мен қызмет төлемдерін жасауда, банкоматтан ақша алуда пайдаланылады. Бұндай карта қаражатты оның бекітілген депозит шотындағы қалдық шегінде басқаруға мүмкіндік береді. Дебеттік карталардың қызметі негізінен қағаз ақшаның айналымға және тұтынушының жеке қаражатымен төлемді аударым арқылы жасауға ауысуынан тұрады. Несиелік карта мен рұқсат етілген овердрафт карталарынан айырмашылығы дебеттік карталар арқылы банк ақшасының несиеленуі мүмкін емес. Дегенмен, кейбір жағдайларда бекітілмеген (техникалық) овердрафттың болуы мүмкін.
9 Депозит – салымшының белгілі бір мерзімге банк сақтауына берген ақша сомасы. Банк бұл ақшаны айналымға салады, оның орнына салымшыға содан түсетін пайызды төлеп тұрады. Депозит банктің салымшы алдындағы қарызы болып табылады, яғни қайтарылуы тиіс. Банктік салым қаржы бөлудің аса тиімсіз әрі тәуекелі аз түрлерінің бірі болып табылады және есеп жүргізуде оны аз бағдар жасау құралы ретінде қолдануға болады.
10 Диверсификациялау – туындауы мүмкін шығындардың тәуекелін төмендету мақсатында қаржыландырылатын немесе үнемделетін ақша қорын немесе оның түсімін түрлі қаржы жұмсау нысандары арасында бөлу
11 Дисконт – әр түрлі мерзімде жеткізілетін бірдей тауарға берілетін түрлі бағалар арасындағы айырмашылық, шартта келісілген сапаға сәйкеспеуі салдарынан тауар құнының төмендеуі
12 Жазатайым жағдайлардан сақтандыру сақтандыры-лушының денсаулығынан айрылу немесе қаза болу жағдайының салдарынан туындаған шығынды өтеуге арналған. Ұжымдық түрде (мысалы, кәсіпорын қызметкерлерін сақтандыру) және жекелей, сондай-ақ ерікті және міндетті (мысалы, жолаушыларды, әскери қызметкерлерді және басқа да санатты азаматтарды) сақтандыру түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
13 Инвестиция – жалға беру шартын жасаған сәттен бастап жалға беру заттарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ салымшының заңды тұлғаның жарғы капиталына немесе кәсіпкерлік қызметке қолданылатын белгіленген активтердің өсіміне салатын құқықтары.
14 Инвестициялық жарна – оның иесінің үлесін жарналық инвестиция қорын құрайтын мүлікке жеке меншік құқығын, жарналық инвестиция қорын сенімді басқаруға тиісті басқару компаниясынан талап ету құқығына ие болуын, сенімді басқару шартының бұзылу (жарналық инвестиция қорының тоқтатылуы) жағдайында осы жарналық инвестиция қорының сақтандыру жарналарының барлық иегерлерімен бірге жарналық инвестиция қорынан ақшалай өтемін алу құқығын куәландыратын нақты құнды қағаз. Ашық жарналық инвестициялық қорының инвестициялық жарнасы сондай-ақ осы жарна иегерінің басқару компаниясынан инвестициялық жарнаны жабуын талап ету құқығын және соған байланысты оған осы жарналық инвестициялық қорды құраушы жалпы меншік құқығындағы мүлікке сәйкес келетін үлес мөлшерімен тең дәрежеде оның ақшалай өтемақысының кез келген жұмыс күні жүргізілуін куәландырады. Инвестициялық жарнаның номиналды құндылығы жоқ. Бір иегерге тиесілі инвестициялық жарна саны бөлшек санымен берілуі мүмкін.
15 Инфляция (құнсыздану) – нәтижесінде тең мөлшердегі ақшаға біршама уақыт өткеннен кейін аз көлемдегі тауар мен қызметті сатып алуға болатын айналымдағы қағаз ақшаның шамадан тыс көбейіп кетіп құнсыздануы. Тәжірибеде бұл баға өсімімен сипатталады.
16 Ипотека – ипотека берушінің иелігінде және қолданысында қалатын жылжымайтын мүлік міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету түрі. Осыған сәйкес қарызгердің ипотекамен белгіленген міндеттемелерін орындамау жағдайында ипотека алушы көбіне ипотека құралы есебінде осы қарызгердің басқа салымшылар алдындағы өз талаптарын қанағаттандыруына құқығы бар.
17 Кіріс – экономикалық субъекті бюджетінің тұрақты түрде ақшамен толығуы. Шағын және ірі экономикадағы кіріс жалпы тұрмыстық жағдайды өлшейтін орташа мөлшердің бірі болып табылады. Кіріс экономикалық субъектіге болашақта тұтыну көлемінің ұлғаюы үшін қаржыны сақтау немесе оның қорын тұтыну мүмкіндігін ашады. Кіріс сондай-ақ салықтық заңнамадағы орташа мөлшер болып табылады.
18 КАСКО сақтандырылымы – тұтынушының көлік құра-лын және соған қосымша құралған жабдықты иелену, пайдалану және басқаруына байланысты мүліктік мүддесін сақтандыру. Сақтандыру тәуекеліне, заң бойынша, ЖКО, көлік құралының ұрлануы, тоналуы, үшінші тұлғалардың әрекетімен бұзылуы, өртенуі, жарылуы, табиғи апаттардың (найзағайдың түсуі, боран, дауыл, құйын, нөсер, бұршақ, жер сілкінісі, селдің жүруі, қар көшкіні, су тасқыны және т.б.) орын алуы, жануарлардың талауы, көлік құралының үстіне заттың құлауы, түсуі және т.б. жатады.
19 Коммуналдық қызмет – электр қуатымен, сумен, газбен, жылумен жабдықтау, су бұрғысын жасау бойынша тұтынушының тұрғын үйіне көрсетілетін қызмет.
20 Медициналық сақтандыру азаматтарға сақтандыру жағдайларының туындауына орай жиналған қаржы есебінен медициналық көмек алуларына және тексеруден өту шараларын қаржыландыруға кепілдік береді. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру түрінде қолданылуы мүмкін.
21 Мерзімдік депозит – белгілі бір мерзімге енгізілетін және шартталған мерзім аяқталғаннан кейін толықтай қолданыстан алынатын пайыздық депозит. Мерзімдік салым бойынша чек кітапшалары берілмейді. Мерзімдік депозиттер жинақтық салымға қарағанда өтімділігі төмен өтімді болып келгенімен, жоғары пайыздық кіріс түсіреді.
22 Мүлікті сақтандыру. Заңды және жеке тұлғалар мүліктік мүдделі нысандарды: ғимараттар, құрылыстар, тарату құралдары, күш беретін қондырғылар мен басқа да машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аңшылық және басқаларға қажетті құралдар, аяқталмаған өндіріс пен күрделі құрылыс нысандары, құрал-саймандар, дайын өнім, тауарлар, шикізаттар, материалдар мен басқа да мүліктерді сақтандыру шартына келісім жасай алады.
23 Нарық тәуекелі – нарық факторларының өзгеру салдарынан актив құнының төмендеу қауіптілігі. Нарық тәуекелі ірі экономикалық табиғатқа ие, яғни, қаржы жүйесінің ірі экономикалық көрсеткіштері: нарық индекстері, пайыздық мөлшерлеменің тәуекелі және т.б. нарық тәуекелінің көзі болып табылады.
24 Несие карталары несие беруші эмитент-ұйымның несие шартына сәйкес белгіленген лимит шегінде тұтынушыға берген ақша қаражаты есебінде осы картаны ұстаушымен жүзеге асырылатын операцияларды, есептерді жүргізуге арналған.
25 Банк лимитті тұтынушының төлеу қабілеттілігіне қарай белгілейді. Шоттағы қаржы қалдығына да пайыз есептеледі, бірақ ол, ережеге сай, овердрафт комиссиясынан төмен болып келеді. Несие карталары – бірте-бірте тұтыну несиелері мен шұғыл қажеттілік несиелерінің орнын басатын жеке тұлғалар үшін ең тиімді несие өнімдерінің бірі. Несиені пайдалану мақсаты мен оны жауып болғаннан кейін несие бағдарын тұрақты түрде жаңалап тұру мүмкіндігі жөнінде банктің алдында есеп бермей-ақ несиені пайдалану мүмкіндігі несие карталарының несие алдындағы артықшылығы болып табылады. Әдетте несие карталары тең дәрежедегі бөліктермен жабылатын ұзақ несиелік бағдарды болжайды, оның жабылу мөлшеріне қарай несиелік бағдар жаңаланады. Атаулы картаның рұқсат етілген овердрафт карталарынан айырмашылығы – картада пайдалы қаржы қалдығының қалмауы. Несие картасы тұтынушыға несиенің берілгенін не берілмегенін болжай алады. Тұтынушы тіпті қарызынан артық соманы енгізген күннің өзінде ол жеке шотта есептеліп, несие алғаннан кейін барып тек оны қайтару үшін пайдаланылады. Оның үстіне несие ала салғаннан кейін бірден емес, шартпен келісілген айдың нақты бір күні қайтарылып отырады. Бұл ерекшелік кейбір жағдайларда тұтынушыға аса тиімді емес, бірақ шығын орны көбіне жеңілдік (грейс) кезеңінің берілуімен толтырылады.
26 Облигация – оның иесінің облигация эмитентінен белгіленген мерзімде оның номиналды құнын немесе басқа да мүліктік баламасын алу құқығын бекітетін эмиссиондық қарыздық құнды қағаз. Облигация сондай-ақ оның иесінің облигацияның номиналды құнынан бекітілген пайызын алу құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарын қарастыруы мүмкін. Облигация кірісіне пайыз және/немесе дисконт жатады.
27 Пайыздың капиталға айналуы – кейбір банктік салымдарда пайдаланылатын пайыздың пайыздық өсімі немесе қарыз бар болған кездегі негізгі қарыз сомасына қосылатын пайыздарға да өсім жүреді. Ауыр пайыз көлемінде. Капиталға айналатын салым пайызы ай сайын және тоқсан сайын аударылып тұрылуы мүмкін. Төленбеген жағдайда, ол салым сомасына қосылады. Ал келесі айдағы пайыз мөлшері жоғары сомамен есептеледі.
28 Салымшы – бұл Қазақстан Республикасында инвестициялау ісін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Бүгінгі салымшы өз ақшаларының тағдырын жағдайға қарай желге ұшырмайды, ол алдын ала сараптама жүргізеді және түсім туындауының орынды себептерін көріп тұрған жағдайда ғана ақшасын салады. Әрине, бұл жағдайдың да тәуекелі жоқ емес.
29 Салық – мемлекет қызметінің қаржылық қамтамасыздығы мақсатында жеке тұлғалар мен ұйымдардан олардың жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарын немесе ақшалай қаражатын шұғыл басқаруды бөлек түрде өндіретін міндетті, қайтарымсыз жеке төлем.
30 Салық жеңілдігі – салықты төлемеу немесе оны аз мөлшерде төлеу мүмкіндігін қоса алғанда, басқа салық төлеушілермен немесе жинақ төлеушілермен салыстырмалы түрде салық және артықшылық жинағы жөніндегі заңнамамен көзделген жекелеген санат қатарындағы салық төлеушілерге ұсынылатын жеңілдіктер.
31 Салық салу – бұл өкіметпен немесе жергілікті төлемнің (салықтың) басшы органдарымен мемлекет шығысын қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ бекіген саясатты жүргізу құралы ретінде жеке тұлғалар мен ұйымдардан талап етілетін қайтарымсыз өндірілім.
32 Сақтандыру нақты оқиғалардың (сақтандыру жағдайлары) туындау кезінде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін өздерінің төлеген сақтандыру жарналарынан (сақтандыру сыйлықақыларынан) қалыптасқан ақша қорларының есебінен қорғау қатынасын көрсетеді. Өз мәніне қарағанда сақтандыру жағымсыз оқиғалардың туындау жағдайларына орай тәуелсіз ақша қорларын қалыптастыруды білдіреді. Сақтандыруды материалдық залал келтіретін жағымсыз оқиғалардың салдарын жою үшін жеке тұлғаның немесе кәсіпорынның ақшалай немесе заттай түріндегі жеке қорларын қалыптастыратын өзін-өзі сақтандырудан ажырата білу қажет.
33 Талап етілгенге дейінгі депозит – сақтау мерзімі көрсетілмейтін, салымшының алғашқы талабы бойынша қайтарылатын депозит. Жинақтық салым бойынша әдетте нарық мөлшерлемесінен төмен дәрежедегі пайыз есептеледі. талап етілгенге дейінгі депозитке банктегі чек шотындағы қаржы жатады.
34 Уақытты басқару (тайм-менеджмент, уақытты ұйымдастыру) – алдағы мақсатқа қол жеткізу, уақытша қор жинау, артықшылықтарды айқындау және жоспардың орындалуын бақылау үшін жұмыс уақытын тиімді жоспарлау. Уақытты басқару, әдетте жеке және ұжымдық мақсаттарда оны пайдалану тиімділігін арттыру үшін өз ішіне уақытты жоспарлау құралдары мен тәсілін кіргізеді. Бұл тәсілдер (кейде қайшы келетін) курстар мен семинарлардың кітаптары мен материалдарында ұсынылған. Ондағылардың ортақ тұсы – тапсырма тізімі, мақсаттар мен артықшылықтар қойылымы.
35 Шығыстар – ақша қаражатының, басқа да мүліктің таусылуы нәтижесінде экономикалық пайданың азаюы.

Связаться
Выделить
Выделите фрагменты страницы, относящиеся к вашему сообщению
Скрыть сведения
Скрыть всю личную информацию
Отмена