[{{mminutes}}:{{sseconds}}] X
Пользователь приглашает вас присоединиться к открытой игре игре с друзьями .
Тексты на казахском
(7)       Используют 32 человека

Комментарии

carmero 28 сентября 2021
Упс... Разобрался... Вопрос снят...
carmero 28 сентября 2021
Не подскажете, как можно набрать Ө большую? Маленькую аж двумя способами набираю, а большую - никак...
Phemmer 24 августа 2021
Исправлено
Велимира 9 августа 2021
Лишний пробел
кіп- кішкентай
мезгіл- мезгіл
жақын- ау
Мультилингва 7 августа 2021
Словарь включён в программу мероприятия [08.08.21 - 29.09.21] Мультилингва МЕГА 3.
Мультилингва 15 августа 2018
Словарь включён в программу мероприятия [18.07.18 - 07.09.18] Мультилингва МЕГА 2.
Написать тут
Описание:
Тексты длиной 270-300 символов
Автор:
Phemmer
Создан:
31 января 2016 в 13:22 (текущая версия от 24 августа 2021 в 21:07)
Публичный:
Нет
Тип словаря:
Тексты
Цельные тексты, разделяемые пустой строкой (единственный текст на словарь также допускается).
Информация:
Тексты из книг:
Джек Лондон - Тектік сарын
Александр Грин - Алқызыл желкендер
Марк Твен - Том Сойердің басынан кешкендері
Тәкен Әлімқұлов - Әңгімелер
Тəкен Əлімқұлов - Замана екпіні

Поиск и подбор материала: I_rena
Нарезка отрывков словаря: Phemmer
Содержание:
1 Ошағына оқта-текте бір оралатын ол бұ жолы әдеттегідей сонау табалдырық алдынан алақанын шарт еткізіп, сосын өзіне қарай екі өкпесін қолына ала есі шыға жүгіретін әйелі Мэриді көре алмады. Оның есесіне Лонгреннің аядай үйіндегі жаңа мүлік – бала бесігінің қасында дегбірі қашқан көрші әйел тұр еді.
2 Осыдан үш айдай бұрын жас ананың халі мүшкіл болыпты. Лонгрен қалдырған ақшаның тең жартысы ауыр толғақтан кейінгі қалжаға – ем-домға, жаңа туған нәрестенің қам-қажетіне кетеді; күнделікті ол-пұлға жұмсайтын азғана тиын-тебенін жоғалтып алып, амалы таусылған Мэри Меннерстен қарыз ақша сұрайды.
3 Жетілер шамасында көрші әйел оны Лисске баратын жолдан кездестіреді. Әбден күйініп, қорланып жылаған Мэри бұған қалаға барып, неке сақинасын аманатқа қалдырып, ақша алғысы келетінін айтады. Ол сол арада Меннерстің ақша бергісі келгенін, бірақ сол үшін махаббатын сұрағанын қоса айтады.
4 Арада екі апта өткеннен кейін Лонгреннің екі кісілік кереуеті қаңырап бос қалады да, көрші әйел нәрестеге бас-көз болып бағып-қағу үшін осында келіп кіреді. Жалғыз басты жесір әйелге сол да сөз болып па? «Оның үстіне мынау сияқты сәбисіз өткен күн құрысын» деді әйел тағы да.
5 Ассоль бес жасқа толғанда, алдына отырып алып, ілгегі салынған желет сырын ашпақ болып, оны шұқылай бастағанда немесе матростар әнін – барылдаған жабайы өлеңді былдырлап айта жөнелгенде, әкесі жас қызының жайдары да құбылмалы жүзіне ұзақ қарап, жаны жай тауып, мейірлене езу тартатын болды.
6 Сәби даусымен айтылып және көп жерлерінде «р» дыбысы естілмей қалғасын ба, әйтеуір, осы өлең оған мойнына көгілдір лента байлап, қорбаңдап билей жөнелгенде аю бейнесін елестететін, Тап сол кезде әкесін қара бұлттай түнеріп кеп басқан бір оқиғаның көлеңкесі қызына да түсті.
7 Үш апта бойы, суық жердің апшысын қуыра азынап, терістік желі соқты, Жағаға шығарып тасталған балықшы қайықтары ақ қайраңда жал-жал болып, ұзыннан-ұзақ созылып жатты, олар алыстан қарағанда нән жайындардың жонына ұқсайтын еді. Мұндай күндері ауға шығуға ешкімнің де жүрегі дауаламайды.
8 Осындай аласапыран күндердің бірінде Меннерстің он тоғыз жасар ұлы Хин әкесінің қайығы көпір астындағы діңгекке соғылып қирағалы тұрғанын көреді де, оны дереу жүгіріп келіп әкесіне айтады. Дауыл әлгінде ғана көтерілген; Меннерс қайығын қайраңға шығарып тастауды ұмытып кетіпті.
9 Жел мен толқын қайықты қалтылдатып ажал айдынына қарай айдап барады. Қиын халге душар болғанын сезген Меннерс суға қойып кетіп, жағаға қарай жүзбекші болады, бірақ ол кешігіп қалыпты, қайық шыркөбелек айналып қайырдан ұзай түскен, бұ жердің суы терең, буырқанған толқыннан қайта шықпасы қақ.
10 Лонгрен мен дауылды теңізге қарай ағындап бара жатқан Меннерс арасында әлі де құтылуға болатын он құлаштай жер бар, өйткені көпір үстінде, Лонгреннің тап қасында ұшында салдауыры бар бір шумақ арқан ілулі тұрған. Бұл арқан дауылды күндері кеме жүзіп келе қалса, соған көпірден лақтыру үшін қойылған.
11 Мені әкетіп бара жатқанын көрмей тұрсың ба? Лақтыр арқанды! Лонгрен қайық ішінде жанталасып жүрген Меннерске қараған күйі жайбарақат тұра берді, тек трубканың түтіні ғана күшейе түскендей болды, сәлден кейін ол алдындағы оқиғаны анығырақ көру үшін трубкасын қолына алды.
12 Ананың үні сонда барып өшті, Лонгрен баяу басып үйіне қайтты. Ассоль оянып кетсе, әкесі дірілдеп сөніп бара жатқан шам алдында қалың ойға шомып отыр екен. Қызының өзін шақырып жатқанын естіп, ол төсекке таяп келіп, бөбегін емірене сүйді де, ысырылған көрпесін түзеп қымтап қойды.
13 Меннерстің соңынан айқайлай айтқан бірер сөзі болмаса, Лонгрен үнсіз бедірейіп тұрған: ол тап бір сот сияқты со мелшиген күйі ләм демей қатып қалған, сөйтіп Меннерстен өлердей жиіркенетінін білдірген – оның осынау үнсіз тұрысында өшпенділіктен де өткен бір тылсым күш барын жұрттың бәрі сезеді.
14 Капернада мұнымен шамалас жиырма-отыз бала бар-ды, әке-шешенің бұлжымас берік беделіне арқа сүйеп, үй ішінің дөкір тәрбие-өсиетінен ауызданып қалған олар әлемнің күллі балалары сияқты, айтқанның бәрін қағып алып, титімдей Ассольді араларынан біржолата аластап қуып шыққан еді.
15 Осыдан келіп ғұмыр-тірлік жайлы, адамдар жайлы ғажайып бір қияли дәріс басталып кетеді – бұл дәрісте Лонгреннің бұрынғы тірлік-әрекетінің айғағындай боп, оқыс жәйттерге, төтенше істерге, кісіні кайран қалдыратын кереметтей бір бейтаныс ғажайып оқиғаларға айырықша мән беріледі.
16 Көпірден өтіп, орман ішіне кірді де, қыз көзінің жауын алған кемешікті өзеннің дәл жиегінде тұрып, судың ығына қарай абайлап жібере берді: со замат мөлдір су бетінде жалтылдап алқызыл сәуле ойнады, торғын матадан өткен күн шұғыласы қызыл арайланып дірілдеп барып, су түбіндегі шағала тастарға түсті.
17 Ол су үстінде қалқи жүзіп бара жатқан үш бұрыш сұлу желкенді көзінен таса қылғысы келмеді. Сүрініп-қабынып құлап қалса да, екі иінінен дем алып қайта жүгіреді. Ассоль тап қазіргідей ну орман ішіне алыстап кірген емес. Қайтсе де ойыншығын қуып жетіп ұстап алмақ болған сәби жан-жағына қарамайды.
18 Құлаған ағаштың мүк басқан діңгегі, ой-шұңқырлар, биік папоротник пен итмұрын, жасмин меи жаңғақ бұталары оның ілгері басқан аяғын кейін тартады. Осылардан өтем деп жүріп ол шаршап та қалған сияқты, қайта-қайта тоқтап дем алады немесе бетіне жабысқан өрмекші торын қағып тастайды.
19 Жас қыздың алдында отырған бұл кісі өлең-жыр, аңыз-ертегілерді, қиссаларды жинап, ұдайы жаяу саяхат жасап жүретін, көпке белгілі Эгль деген шал еді. Бурыл тартқан бұйра шашы сабан қалпағынан қобырап шығып тұр: сұр блузасын көк шалбарының ішіне салып, аяғына саптама етік киген Эгль аңшыға ұқсайды.
20 Ассольдің дірілдеген даусы тосын естілді ме, қалай, әйтеуір, Эгль дереу басын көтерді, ұстап отырған ойыншығы жерге түсіп кетті. Шал жай ғана жымиып, күректей тарамыс қолымен сақалын уыстап, бұған біраз қарады. Жуыла-жуыла оңып кеткен сиса көйлек қыздың күн қақтаған ши аяғының тізесіне әрең жетеді.
21 Оның шілтерлі шаршымен тарта салған қалың қара шашы желпіуіштей жиылып, иығына құлапты. Ассольдің кескін-келбеті ұшқыр қарлығаштай-ақ тап-таза, жеп-жеңіл боп лыпылдап тұр. Мұңлы бір сауалға ұдайы жауап іздейтін тұңғиық қара көзі қыздың өзінен де ересек, естияр сезіледі.
22 Егер сен таңғажайып тылсымға тіпті де жуыспайтын, ести-ести құлақты сарсытқан жаттанды есімдердің бірін айтсаң, мен байғұс не істер едім? Оның үстіне мен сенің кім екеніңді, ата-анаңның кімдер екенін және өзіңнің қалай жүріп тұрып жатқаныңды естігім де, білгім де келмейді.
23 Ал егер әңгіме айтып, жыр шертсе, ол әлгі алаяқ мұжықтар мен солдаттар жайлы, жұрттың қулық-сұмдығын дәріптейтін атам заманғы әңгіме-сөздер екен: бұл өзі кісінің жуылмаған аяғы сияқты кір-қоңыс бірдеңе, ішек-қарынның шұрылдағаны сияқты дөрекі бір ауыз, екі ауыз қысқа ғана өлеңсымақтар екен.
24 Сен ол кезде бой жетесің, Ассоль. Бір күні ертеңгілік алыстан, шалқар теңіз төсінен күн нұрына малынған алқызыл желкен көрінеді. Ақ кеменің алқызыл желкендері алаулап ерке толқынды тіле тура саған қарай беттейді. Бұ ғажайып кеме қару кезеп, қаһар төкпей, у-шусыз жәйімен жүзіп келе жатады.
25 Теңіз жағасы таңдай қағып, таңырқасқан халыққа толып кетеді, солардың ішінде сен де жүресің. Тамылжыған ғажайып бір күй ойнаған кеме кереметтей сән-салтанатпен жиекке жақындап келіп тоқтайды, сосын одан түрлі-түсті кілемдер мен алтындатқан асыл жиһазға малынған гүл жасаулы қайық бөлініп шығады.
26 Ана жақта, алыста, теңіз жағасында сиқыршы отыр... Ол сөзін сиқыршының керемет сәуегейлігінен бастады. Қызынып алған сәби болған оқиғаны жайымен бипаздап айтып бере алмады. Бұдан кейін ол сиқыршының сырт бейнесін, сосын әңгімені соңынан бастап, қашқан яхтаны қалай қуалағанына дейін сипаттап берді.
27 Келешекте сен әлі алқызыл желкенді емес, лас, жыртқыш желкендерді көбірек көрерсің; олар алыстан аппақ, әп-әсем боп көрінеді, жақыннан қарасаң – жырым-жырым және қиямпұрыстау келеді. Көлденең өткен бір жолаушы қызыма ойнап айта салған ғой. Қайтейін, жақсы лебіз – жарым ырыс.
28 Олардың сыртын ала қолдары быртиған, қалың қабақты бойшаң әйелдер бірде күйеулерін жеңдерінен тартып қалып, бірде олардың иығына асылып барып, арақ құйылған стақандарды алып, оларды табанда қағып тастап, түк көрмегендей болып отырды. Тіленші өңез өкпесін жасыра алмай, сөзді гөйітті-ай кеп.
29 Мына кісі бірдеңені көңірсітіп отыр. Олардың үйінде дуахант болған сияқты. Ол екеуі теңіздің арғы бетінен бір ханзада келеді деп күтініп жүрген көрінеді, жеңгетайлар-ау, ауыздарың аңқиып сендер бос қалып жүрмеңдер! Және ол ханзада кемесіне қызыл желкен байлап келеді дейді.
30 Қызыл желкен жүзіп келеді! – деген дауысты есітті. Кішкене қыз селк ете түсті де, көзін күннен қолымен көлегейлеп, еркінен тыс теңіз айдынына қарады. Сосын дауыс шыққан жаққа бұрылды. Өзінен жиырма қадамдай жерде үйіріліп бір топ бала тұр екен, олар тілін шығарып, бетін тыржыңдатып мұны мазақ етеді.
31 Газонға құбылмалы асыл алқалардан ою-нақыш тартып тастағандай-ақ, раушан гүлдердің күмістей көгіс, көк, қызғылт реңді қара түстері құлпырып көз жауын алар еді. Баудың кәрі ағаштары шағырмақ күндері тікенек бұта қаулай өскен ирек өзек үстіне төніп, маужырап мүлгіп тұрар еді.
32 Баланың осы сергектігі, қаршадайынан қағынып туғаны сегіз жасынан-ақ сезіле бастады: шытырман оқиғаларға жаны кұмар серінің, абыз бен сиқыршының қасиеті, яғни тірліктегі, қисапсыз көп рольдердің ішінен ең бір қатерлі де нәзігін – сәуегей ролін қалап алғаны жасынан-ақ байқалады.
33 Ұзынша үшкіл терезелерден көмескі жарық төгілген осы бір тас қоймада үлкенді-кішілі кеспектер тұр: ең үлкен дөңгелек кеспекті бір қабырғаны тұтас үңгіп, жантайта қойған екен. Жүз жылдық қара еменнен жасалған кеспектің тақтайы әбден ысқылап сырлап тастағандай жалтырайды.
34 Осы арада бар ғой, сұмдық асыл шарап сақтаулы жатыр, оның шағын бір стаканына кез келген маскүнем қиналмай-ақ тілін кесіп бере салар еді. Әрбір кеспекте кісінің жанын жарып, тәнін қамырша илейтін керемет бір құдірет бар. Оның түсі қан шиеден де қошқылдау, ол шыныны төңкерсең де төгілмейді.
35 Менің қолымда, көрдің бе? – Грэй кішкене қолын тарбитып ашып жіберіп, жайымен сықылықтап күлді. Әрбір бедер, әжім-сызығына дейін ап-анық боп үлбіреген жұмсақ алақан күн нұрымен қызарып сала берді, со кезде бала құшырлана жұдырығын түйді. – Ол, міне, мында! Бірде бар да, бірде жоқ.
36 Бала қабағын түйіп, биік орындыққа мықшыңдап шықты да, ұзын ожаумен ыстық сорпаны (реті келгенде айта кетелік, бұл қой етінің кеспесі еді) алып, қолының қос басына құя салды. Бұдан алған әсерін, әрине, әлсіз деуге болмас еді, бірақ күйіктен әлсіреген бала тәлтіректеп құлап қала жаздады.
37 Бірақ күйген қолы солқылдап жанын шығарып бара жатқасын баланың соңынан ерді. Дәрігер қыздың күйген жеріне дәрі жағып байлап, ауруын азайтты. Бетси кеткеннен кейін ол енді дәрігерге өз қолын көрсетті Осы бір болмашы оқиға жиырма жасар Бетси мен он жастағы Грэйді табыстырып жіберді.
38 Бұл оқиға асүйдің астан-кестеңін шығарды, ақырында Грэй бұны өзі жасағанын мойындады. Ол ақшасын қайтып алмады және ондай сөзді естігісі де, білгісі де келмейтінін сездірді. Оның шешесі өмірді даяр қалыпқа құйып шығара беруге болатын нәрсе деп білетін әйелдердің бірі еді.
39 Бірақ қиямпұрыс баласына деген соқыр сүйіспеншілік бар жігерінен, еркінен айырылып, енжар тірлік кешкен, күллі тәрбие мен тағдыр тандырын кептіріп тастаған ана сезімі нәр алып тыныстайтын бір бастау еді. Осынау асыл текті әйел аққудың көгілдірін басып шығарған тауыс тәрізді еді.
40 Ол төңірегіне көз тастады, жым-жырт тыныштық заматта қиялын сейілтіп жіберді, жан дауылы да өшті. Грэй бұл картинаны талай рет келіп көрді. Кісі жаны өмірмен тілдескенде аса қажетті киелі бір сөз керек, әйтпесе, адамның өзін-өзі түсінуі қиын, оның киелі сөзі осы сурет болды.
41 Осынау дүниеде, әрине, жұрттың бәрінен де капитанның тұлғасы биік тұрады. Капитан – кеменің тағдыры, жаны мен ақыл есі. Оның мінез-құлқына қарай команданың жұмысы мен тынысы белгіленеді. Команданы оның өзі ғана таңдап, талғап алады және ол соның ырқына, ықыласына сай кеп жатады.
42 Дәйекшілер жан-жақтан жүгіріп келіп, жамыраса қуанып, абыр-сабыр болды да қалды, сосын Грэйді тап бір күн кеше ғана қарсы алғандай-ақ құрмет тұтып үндемей қалысты. Оған шешесінің қайда отырғанын айтты; ол биік үйге кіріп, есікті сәл ашып, қара көйлек ақ шашты әйелге қарап үнсіз тұрып қалды.
43 Басқа сөзді айтуға әлі жетпеді. Шешесі артына жалт қарады. Өзі жүдеп кетіпті; тәкаппар ашаң жүзіне жастық шағы қайта оралғандай бір нұрлы шырай кіріпті. Ол дереу баласының қасына жетіп келді, қысқа ғана бір күліп, даусы еріксіз шығып кетті де, көзі мөлтілдеп жасқа толды, бар болғаны сол.
44 Ол әкесінің қайтыс болғанын есітті, сосын өзі бастан кешірген хикаяларын сөз етті. Шешесі соның бәрін ләм деместен, баласына өкпе артпай, кінәламай үнсіз отырып тыңдады, бірақ өзінше, іштей ұлының өмір тірлігінің өзегіне айналған өнерін – баласына ермек болып жүрген ойыншықтай көріп отырды.
45 Нақа болмағасын ол жұмыспен шұғылданды. Боцманды ертіп алып Грэй кемені түгел қарап шықты, «ванттарды тартып, штуртросты босатыңдар, клюзді тазалап, кливтерді ауыстырыңдар, палубаны нұмдап, компасты тазалап, трюмді ашып, сыпырып, ішін желдетіп алыңдар» деген жарлық берді.
46 Көңілсіз күннен әлденені күткендей елеңдеп, күні ұзақ беймаза күйде, мұңайып жүрді: біреу өзін шақырғандай, бірақ кім, қай жаққа шақырғанын ұмытып қалған тәрізді. Кешкілік ол каютасын жауып, кітап оқыды, оның шетіне кереғар ойларын жазып, авторға ұдайы қарсы дау айтып ұзақ отырды.
47 Ол осылай манаурап бір сағаттай отырды, көңіліндегі бұлдыр тұман сейілген кезде, Грэй селт етіп оянып, сергіп қайтпаққа палубаға шықты. Жеті түн, борт сыртындағы қап-қара су үстінде жұлдыздар мен мачта шамдарының оттары қалғып-мүлгиді. Иман жүзді кісідей жып-жылы ауадан теңіз иісі аңқиды.
48 Кейде жағадағы сөзді жел қағып алып, саққұлақ су үстімен осында жеткізеді және өзі тап бір палубада айтылғандай-ақ ап-анық естіледі де, кеменің арқан-жіптерінің, қайыс әбзелдерінің сықырынан өшіп қалады, балкадан сырт етіп шырпы жанды да, әлдекімнің қолын, дөп-дөңгелек көзі мен мұртын көрсетті.
49 Қармақтарды ала жүрсін, – деді Грэй. Ол он шақты минуттан кейін Летика әзірлеп қойған қайыққа кеп түсті, осы бір қуақы жылпос жігіт борттан тарсылдатып ескектерді алып, Грэйге берді, сосын өзі төмен түсіп, ескектерді білегіне қондырып, азық-түлік салынған себетті қайықтың тұмсық жағына тыға салды.
50 Оған қазір қалай жүзсе де бәрібір. Руль бәсең сырылдайды, ескек сықырлап, шалпылдайды; қалған әлем – теңіз бен тамылжыған тыныштық. Ұзақты күн кісі өз кеудесіне қисапсыз көп ойлар мен әсерлерді, сөздер мен сөйлемдерді сіңіріп жинайды, егер соның бәрінің басын қосса, талай-талай кітап шығар еді.
51 Әр күннің ерекше кескін-кейпі болады, бірақ, Грэй бүгін со күннің бет-бейнесін айыра алмай әуре, оның көмескі, күңгірт жүзінде мың сан сезімнің біреуінің табы бар екені рас, қапелімде олардың атын қайдан табарсың. Олар, әдетте, хош иіс сияқты, сөз бен ұғымнан аулақ жатады, сосын оған ат қою да қиын.
52 Бұ сезімде әлі де алабұртқан ақ көңілдің серпіні бар-ды. Бұлар жүзіп келе жатқан жердің сол жағынан қарауытып адырлы жиек көрінеді. Жарық терезелерден, жоғарыдағы мұржалардан түтінмен бірге шашырап ұшқын шығып жатыр, бұл Каперна еді. Грэй дабырласып ұрысқан дауысты, иттің үргенін есітті.
53 Сол бейжай күйі төңірегін шолады, көмескі бірдеңелер бұлдырап көзге түскені болмаса, көңілде қалмайды. Ойы – қалың нөпірді қақ жарып біреуді қағып-соғып, біреуді басып, бірде қатты, бірде жай шауып келе жатқан ат сияқты; бірде еркін зуласа, бірде әбігерге түсіп, кібіртіктеп қалады.
54 Міне, осылай жаймашуақ тынығып жатқан жан әлсін-әлсін езу тартып, жымияды, өйткені тірлік-тағдыр жайлы ой толғанып жатқанда, кенет, ойламаған жерден, күтпеген қонақ ретінде қайдағы бір жоқ бейне кеп киіп кетеді: бұдан екі жыл бұрын сынған шыбық сидиып көз алдына келеді.
55 Басын сүйеген шынтағынан баяғыда-ақ сыз өтіп, ұйып қалыпты. Жұлдыздар бозарып әзер көрінеді; таң таяу қалғасын қараңғылық қоюлана түскен. Капитан ұйықтап бара жатқанын өзі де сезбеді. Оның арақ ішкісі келді, түсінде дорбаға қолын созып, аузын шеше бастады. Сосын ол түс көруін қойды.
56 Қалған екі сағат Грэйге екі-үш секундтай ғана болып көрінді, ол шынтағына сүйенген күйі қатты ұйықтап кеткен-ді. Осы уақыт ішінде Летика от басына екі рет келіп, темекі тартты, ішінде не бар екен деп ұстаған балығының аузына үңіле қарады. Әрине, одан ештеңе көре алмады.
57 Ұйқыдан оянғасын, Грэй ә дегенде бұ жерге қалай келгеніне түсінбей қалды. Ол жарқырап атқан таңның жадыраңқы қабағына, жап-жасыл ағаш арасынан көрінген жарлауыт жиекке, алаулаған көк айдынға таңырқай қарады; төңірегінде де, өз аяғының үстінен де жаңғақ тоғайының жапырағы жамырай төніп тұр.
58 Төменде, жар астында – Грэйге ол ту сыртында, аяғының астында жатқандай сезілді, теңіз шымырлап, шыпылдап жатты. Жапырақтан шық тамшысы жылт етіп аунап түсіп, ұйқылы-ояу жатқан жігіт бетіне мұп-мұздай боп тамшы ағып кетті. Ол орнынан тұрды. Дүние жарқырап жайнап тұр екен.
59 Летика көрінбейді, ол бар дүниені ұмытқан: маңдайы тершіп, құмарпаз ойыншы сияқты, балық аулау қызығына түсіп алған. Грэй тоғайдан шығып, еңіске шашырай біткен бұта арасына келді, өсімдік біткен буланып, алаулап тұр, ылғал гүлдер еріксіз суық сумен жуылған баладай бал-бұл жайнайды.
60 Шашы қобырап бір жағына жиналыпты, алқымындағы түймесі ағытылып, одан аппақ болып мойнының шұқыры көрінеді; юбкасының етегі сәл түріліп, тізесін ашып тастапты, ұзын кірпіктері ұяң жүзінде, самай шашының көлеңкесінде алаңсыз мүлгиді, басына жастанған оң қолының шынашағы мойнына қарай майыса түскен.
61 Бәлкім, басқа бір кез, басқа бір жағдай болса, ол бұ қызды тек көзімен ғана көрер еді, ал енді оны осы арада басқаша көріп отыр, Оның жаны жадырап, түлеп, тұла бойы шымырлайды. Әрине, ол бұ қыздың өзін де, атын да, жағалауда неге ұйықтап жатқанын да білмейді, бірақ сонысына қатты ырза.
62 Ондай суреттің әсері әлдеқайда күшті болады, сөзден тәуелсіз тұрған суреттің мән-мағынасының шеті мен шегі болмайды, ол жүйрік ойдың бар болжамы мен жорамалына жауап беріп жатады. Жапырақтардың көлеңкесі қысқарып, түбіне қарай жақындай түсті, Ал Грэй болса ыңғайсыз жүрелеген күйі әлі отыр.
63 Летика манадан бері: «Капитан, қайда жүрсіз?» деп айқайлай-айқайлай жағы талып еді, бірақ капитан оны естімеді. Ақырында, ол отырған жерінен тұрған кезде, өзгеше бір ғажайып оқиғаларға ынтызар көңілі ашуланған әйелде ғана болатын өжет тапқырлықпен мұны жағадан ала түсті.
64 Албырап жатқан қыз жүзіне тағы бір қарап, бұрыла бергенде Грэй қасын керіп аңырып тұрған матросты көрді. Летика капитанының мына ісіне аузын ашып, таңырқай қарап тұр екен, бір кезде, шамасы, Иона да өзінің атша ерттеп мініп алған жайынының аузына тап осылай таңырқай қараған-ақ шығар.
65 Кеттік бұл арадан. Олар бұта ішіне кіріп кетті. Енді қайыққа қарай жүруі керек, бірақ Грэй кідірістеп, жасыл ағаш пен аққайраң үстінен Каперна мұржаларының тағы түтіні шүйкедей созылып жатқан алыстағы жайпауыт жағаға жаутаңдап қарай берді. Түтін арасынан ол тағы да со қызды көрді.
66 Тек жүректің түйсінуі ғой. Олар сол үйге тақау келді; бұл расында да Меннерстің трактирі екен. Ашық терезеден үстел үстінде тұрған шыны көрінеді, оның қасында біреу күйе-күйе қолымен бурыл мұртын сауып отыр. Уақыт әлі ерте болса да, трактиршінің үлкен залына үш адам жайғасып алыпты.
67 Лас еденге лақтыра салған кітап мұқабасы сияқтанып терезеден күн сәулесі түседі. Грэй көлбей түскен мұнарлы жарық жолағын кеп басқанда, мұның алдынан қошеметтей иіліп Меннерс шыға келді. Ол Грэйдің нағыз капитан екенін бірден сезді, мұндай қонақты ол сирек көретін. Грэй ром сұрады.
68 Үстел үстіне жуа-жуа сарғайып кеткен дастарқан жауып, Меннерс бір шыны әкеп қойды, әуелі оның этикеткасын бір жалап, жапсыра салды. Сосын ол стойка ішіне кірді де, бірде Грэйге қараса, бірде алдындағы тәрелкенің түбіндегі бірдеңені тырнап қырып тастау үшін соған қарайды.
69 Оның аты кім? Ол бұ сөзін жалтарып-бұлтартпайтын үнмен нығарлап айтты. Хин Меннерс іштей шықылықтап, мырс етіп күліп те алды, бірақ сырттай жігіттің ыңғайына көшті. Обалы не керек, жауап бермес бұрын ол біраз үндемей қалды – сондағы құнарсыз ойы – қызды неге сұрағанын білу.
70 Оның кереметтей сұлу жүзі, нұрлы көзі жаутаң қаққанда жан тебірентетін сырлы да қарапайым сөз сияқты сиқырлы көрінеді екен. Матрос пен Меннерс терезеге сыртын беріп отырған, осылар аңдамай артына бұрылып қарап қояр деген оймен Грэй әзер дегенде қыздан көзін жазып, Хиннің жирен көзіне тесіле қарады.
71 Оның әкесі де өтірік айтатын, шешесі де өтірік айтатын. Бұлар тұқымымен солай. Қам жемей-ақ қойыңыз, ол қыз – сіз бенен біз сияқты дені сау, есі бүтін бала. Мен онымен талай рет әңгімелестім. Ол менің арбама сексен төрт рет пе, әлде одан азырақ па, әйтеуір, жиі-жиі отырды.
72 Мен оның ақыл-есі бүтін дедім ғой. Ол жұрттың бәріне де аян. Қыз мына сенімен, Хин Меннерс, сөйлесіп әуре болмайды. Бірақ мына мен, жайымен көмірімді сатып жүрсем де, өсек-аяң дегеніңнен жиіркеніп, бойымды аулақ сап жүрем. Оның сөзі ересек кісінің сөзі, бірақ біртүрлі қызық.
73 Со бір күннің дәл алдында, өлең-жыр жинаушы Эгль көк теңіздің жағасында бүлдіршін қызға алқызыл желкенді кеме жайлы ертегі айтқаннан кейін арада аттай жеті жыл өткен шамада, апта сайын ойыншық дүкеншесіне барып қайтатын Ассоль осы жолы үйіне қатты ренжіп, мұңайып қайтты.
74 Сол арадан дереу қашып кетейін деп едім ұялғаннан тұрған жерімнен қозғала алмай қалдым. Сосын ол мені біраз қыжыртып алды: «Шырағым, енді мұның маған көк тиынға керегі жоқ. Ендігі мода – шетелдің тауары, күллі дүкендер соған көміліп жатыр, ал мына ойыншықтарды ешкім алмайды».
75 Лонгрен тұнжырай отырып тыңдады. Ол бағалы тауарларға толы сөрелердің қасында, дәулетті кісілердің арасында абдырап сасып қалған қызын көргендей болды. Ұқыпты, көзілдірікті біреу бұны мүсіркеп, егер Лонгреннің жұпыны бұйымдарын алып сата бастаса, дәулетінен жұрдай болатынын түсіндіреді.
76 Дегенмен әлі уақыт бар ғой, ойланып көрелік. Ол қабағын түйіп үндемей қалды. Ассоль қасында, орындықтың шетінде отыр. Ол бұрылмай-ақ, бір қырын отырып, қызының мұның көңілін көтергісі келіп, әлектеніп отырғанын көріп, күліп жібере жаздады. Ал күлсе қызын үркітіп, ұялтып тастайтынын сезді.
77 Сұр шаршысын иығына орай салыпты. Күн-жел қағып қоңырқай тартқан сәби жүзі жайнап, ойнап тұр, жастығына қарамастан сәл ересек көрінетін тұнық көзі терең сырлы жүректің хабаршысындай боп ойлана, ұяң ғана қарайды. Оның сопақша келген тап-таза мөлдір жүзі қарағанда кісі жүрегін елжіретіп жіберердей.
78 Айнадағы қыз Ассоль сияқты жай ғана езу тартты. Күлкісі мұңлы екен. Мұны көрісімен ол бөгде біреуді көргендей-ақ шошып кетті. Ол айнаға бетін басып, көзін берді. Бір жүрек елжірететін тәтті ойлар бұлдыр сағымдай ойнап, жалт етіп өте шықты, қыз бойын жинап, қуана күлді де, іс тігуге отырды.
79 Кейде, бірнеше күн қатарынан ол дүниеге қайта туғандай түлеп, жаңғырып жүреді. Смычок тартып қалғанда тыныштық қалай ғайып болса, қимыл-әрекетке толы тірлігі де солай болып, қыздың күллі көрген-білгені, істеген ісі, айналасындағы заттары ғажайып бір сырлы дүниеге айналып жүре береді.
80 Лонгрен уақытында келмей кешігіп жатса да, Ассоль онша абыржи қоймайды. Соңғы кездері ол балық аулау үшін немесе серуендеп қайту үшін қайығымен түнде талай жерге шығандап кетіп қалады. Жоқты-бардан қорқып, оның берекесі қашпайды, әкесі бір жамандыққа ұшырап қалар деп ойламайды да.
81 Тіпті кірпік ілмеген кісідейін ұйқысы шайдай ашылды. Керемет бір жаңалық келетіндей жаны жадырап, табанда бірдеңені жасап тастайтындай құлшынып отыр. Жаңа қонысқа көшкендей үй ішіне таңырқай көз тастады. Таң сібірлеп келеді – жарқырап атпаса да, төңірек көрінетіндей алакеуім жарық бар.
82 Терезенің төменгі жағы қап-қара да, жоғары жағы құланиектеніпті. Далада, кәсек шетінен жылтырап таң жұлдызы көрінеді. Енді ұйықтамасын сезген Ассоль киініп, терезе алдына барды, оның ілгегін ағытып, кәсекті итере салды. Далада бір сергек, елгезек тыныштық бар екен: ол жаңа ғана орнаған сияқты.
83 Көне, бірақ мұның басында әрдайым ең жаңа шаршысын тамақ астынан бір тартты да, есікті жауып, жалаң аяқ күйі лып етіп, жолға кеп түсті. Төңірек жым-жырт, меңіреу тыныштық, қызға бүкіл әлем жаңғырып, күмбірлеп тұрғандай сезіледі. Оған бүгін айналасының бәрі әсем, бәрі сүйкімді көрінеді.
84 Тұнжыр аспан аясында қарауытып, үй шатырлары мен бұлттар көрінеді. Шетендер мен қора-жайлар, итмұрын мен бау-бақшалар, ағараңдап жатқан жол сілемі – бәрі-бәрі мүлгиді. Күндізгідей емес, бәрі де өзгеріп кеткен – бәрі де сол заттар ғой, бірақ күндіз жоғалып кеткен бір қасиетін тапқан тәрізді.
85 Бәрі де көзін ашып қалғып тұрғанмен, өтіп бара жатқан қызға ұрлана қарап қалып жатыр. Қыстақтан тезірек құтылғысы келгендей-ақ, қыз ұзаған сайын жүрісін тездетті. Капернадан әрі қарай шалғынды дала: одан әрі жағалаудағы мұғар төбелерді қуалай жаңғақ ағашы, теректер мен каштандар өседі.
86 Ассольді танитын ит құйрығын бұлғап, қисалақтай қыңсылап, жарыса жүрді, «сенімен екеуміз түсінісеміз ғой» дегендей бүлкілдеп келеді. Ассоль иттің арбаса берген көзіне қайта-қайта қарап, егер тылсым бір күш бұған үндеме деп сиқырлап қоймаса ғой, бұл ит сөйлеп кетер еді-ау деп ойлады.
87 Ассоль өзі білетін, көз қиығына іліккен шөп-бұта, жан-жануардың бәрімен тілдесіп келеді. «Амансың ба, дімкәсім» деді ол құрт жеп тастаған бозғылт нәркеске. «Үйде отырмайсың ба селтимей», бұны ол сүрлеудің тап ортасына шығып, жұрттың етегі қағып, тінжәу болып қалған бір өсімдікке айтты.
88 Айтқанындай, қоңыз тырс етіп құлап түсті. Осылай тебірене толқып, құбыла құлпыра жүріп отырып, біздің бойжеткеніміз шалғынды жазықтан бір үлкен төбенің жотасындағы тоғайға келіп кірді, енді оны жуан дауыспен гүрілдеп сөйлейтін (бұл оны кәміл біледі) қимас достары қоршап алған еді.
89 Бұл ырғай мен жаңғақ тоғайының арасына біткен зәулім кәрі ағаштар еді. Олардың арбиып жайылып кеткен қара бұтақтары тоғайды төбесінен сипайды. Каштандардың салбыраған қалқан жапырақтары арасынан қауыз жарған ақ гүлдер қылқиып-қылқиып тұр, олардың жұпар иісі шық, шайыр иісімен араласа аңқиды.
90 Мәңгі өшпейтін бір жігерлі отты сенім, шексіз қуаныш кеудесінде теңіздей толқып, буырқанып, көбік шашып жатты. Ол осы қуаныш-сенімін көңілімен, көзімен сонау көкжиекке ұшырып жіберсе, ол со жақтан зеңгір көкте шырқай шарықтанғанына шаттанып, теңіздің толқынымен бірге қайта оралып келіп жатты.
91 Бұл кезде сонау көкжиегін алтын белдікпен бір тартқан теңіз әлі ұйқы құшағында еді, тек жар астындағы шұқыр-шұқанақтағы су бір көтеріліп, бір басылып жатты. Ұйқыдағы мұхит суының түсі жағада бозғылт болса, одан әрі көкпеңбек боп, алыстаған сайын барқынданып қарайып кетеді екен.
92 Олардан жұмақ нұры төгілді. Түнерген әлемнің қарауытқан жүзі ағарып, қан жүгіргендей болды. Кенет көк бурыл көбік жалтырап, сонау алтын жиек бел ортасынан қақ жарылды да, мұхит бетімен Ассольдің тап аяғының астына алқызыл кілемді жыбырлатып әкеп жайып тастады. Ол тізесін құшақтап отыра кетті.
93 Олардың нәзік сабақты теңге жапырақтарының арасынан таңғажайып бір гүлдер жайнап көз жауын алады. Өсімдіктердің өрлей өскен жапырақтары мұхит үстінде жалтырай жымырап тұр. Мұның мән-жайын Ассоль сияқты білетін кісі болмаса, өзге кісілер тек жалтырап, дірілдеп тұрған бір құбылысты ғана байқар еді.
94 Сол сыңсыған өсімдік тоғайы арасынан бір кеме қалқып шыға келді. Сосын жүзіп барып, шашыраған арайдың дәл ортасына барып тоқтады. Алыс жағадан ол ақша бұлттай айқын көрінді. Төңірегіне шадыман-шаттық таратып, ол шарап, раушан гүл, қан шие ерін, алқызыл барқыт маздаған от сияқты алаулап тұр.
95 Тамылжыған ән-күйдің үні өшкен, бірақ соның үні әлі де қыз құлағында күмбірлейді. Осы бір құдіретті қиял әсері әлсіреп үзіліп барып, еміс-еміс есінде қалды, сосын ол талмаусырап шаршағанын сезді. Со сәт шөп үстіне жата кетті де, жай ғана есінеп, рақаттана көзін жұмып, маужырап ұйықтап кетті.
96 Аяғын бір-екі қозғағасын қыз көзін ашты. Басын көтеріп, шашын жөндеді, қолында Грэйдің сақинасы барын білмейтін қыз, саусағының арасына бір шөп қыстырылып қалды ма деп оны түсіріп тастамақшы болып еді, анау түсе қоймады, сосын жұлып алып қарап еді, оқыс шапшыған фонтандай орнынан атып тұрды.
97 Сонымен, оқып жаза білетін кісілердің айтатыны сияқты, Грэй мен Ассоль шілденің тамылжыған бір сәтті күнінде, таңертеңгілік тағдыр айдап бірін-бірі тауып еді. Кеменің палубасына көтерілгеннен кейін Грэй желкесін сипап бірер минут қимылсыз тұрып қалды, бұл оның не істерін білмей дағдарған шағы.
98 Төбемнен суық су құйғандай болды ғой. Пантен, командаға айт, бүгін біз зәкірді көтеріп, осы арадан он мильдей жердегі Лилиана өзенінің құярлығына барып тұрамыз. Оның арнасы таяз, қайырлап қаламыз, құярлығына теңіз жағынан ғана кіруге болады. Картаны келіп аларсыз. Лоцманды ертпеңіз.
99 Бұл балығын асығып-үсігіп жеп жатқанда, Грэй каютасына түсіп, ақша алды да, шығанақты кесіп өтіп, Лиссаның сауда кварталдарынан келіп шықты. Енді ол нартәуекел деп іске аспай-саспай біржола кірісіп кетті. Өйткені осы сапарының уақ-түйек бұрылыс қалтарыстарына дейін көкірегінде сайрап тұр.
100 Шын шебердің қашауы соңғы рет тигенде безірейген мәрмәр тас жалтырап, жанданып жүре береді ғой, оның өмір жайлы ұғым-нанымы да енді осылай жарқырап жанданғалы тұр еді. Грэй қажетті матаны таңдап алуға өзгеше мән беріп, үш дүкенге кіріп шықты, со матаның түр-түсі, бояуы көз алдында жайнап тұр.
101 Әуелгі екі дүкенде оған дәркілдек, даңғой кісінің таңдау-талғамына лайық жалтырақ жібектерді әкеп көрсетті, үшінші дүкеннен ол жібек матаның әр алуан түрлерін тапты. Дүкен иесі жатып қалған маталардың бірінен сон, бірін әкеліп, бәйек болды, бірақ Грэй анатом сияқты салмақты еді.
102 Грэйдің етігінде қызыл толқын ойнады, оның қолына, бет-аузына шағылысып, алқызыл шұғыла түсті. Грэй жібек маталарды аударыстырып жатып, олардың түр-түстерін саралап, қапысыз танып тұр: қызыл, ақшыл қызыл, күрең, қан қызыл, жалқын қызыл, шымқай жирен түстер бірінен бірі өтеді.
103 Ақырында бір торғын жібектің түсі жігітіміздің қоңылтақсыған көңілінен шыққандай болды. Ол терезе алдындағы креслоға барып отырды да, сусылдаған жібектің бір ұшын сілке тартып тізесінің үстіне жайып тастады да, сосын трубкасын тістеп, жайғасып отырып алып, матадан көзін алмай ұзақ қарады.
104 Ол маталарын мақтай-мақтай, әбден сілеледі-ау деген кезде, Грэй қожайынмен матаны кемеге жеткізіп тастау жағын келісті, ол мұның да күллі шығынын өз мойнына алды, сосын дүкеншімен есеп айырысты да кетіп қалды, ал саудагер оны тап бір қытай королі сияқтандырып қошаметтеп, қолпаштап шығарып салды.
105 Бір тығырық көшені жанай өтіп, Грэй музыка даусы шыққан үйдің қақпасына келіп кірді. Бұл кезде музыканттар кеткелі жатыр еді. Ұзын бойлы флейташы үлкен басын кішірейтіп, тиын-тебендер ұшып түсіп жатқан терезелерге қарап, қалпағын бұлғап, ырза көңілдің алғысын білдіріп жатты.
106 Жақсы бір оркестр жинаңдар, бірақ музыканың әрпін санап тұратын немесе ән мен күйді баяғыда-ақ құлқыныңа құрбан қылған, ыздиып киініп, жылтырап жүріп, музыканың мәні мен жанынан құр алақан қалған, эстрадалардан улап-шулап жататын тірі өліктерге жоламаңдар. Жоқ, ондайлардан аулақ жүріңдер.
107 Дәйекшілер мен күтушілердің қарапайым жүрегін елжіретіп, егілтетін өздерің сияқты өнерлілерді табыңдар. Өздеріңнің қайыршы кезбелеріңді жинаңдар! Теңіз бен махаббатқа тақуаның да, тәптіштің де керегі жоқ. Мен сендермен қуана-қуана бірге отырып талай шарапты тауысар ем, бірақ кетуім керек.
108 Тағы бірдеңе тастап жіберсеңіз... Грэй тағы да ақша берді. Музыканттар кетіп қалды. Содан кейін ол комиссиялық кеңсеге кіріп, көп ақша төлеп, алты күнде жедел орындау керек деп құпия тапсырма берді. Грэй кемесіне қайтып келген кезде, контордың агенті пароходқа келіп отырып жатыр екен.
109 Қалай орналастыруды кейін көрерміз. Атвуд, сен оларға және күллі командаға мен енді ширек сағаттан кейін шығады деп айт. Жинала берсін. Әрине, өзіңіз де, Пантен де келіп, мені тыңдайсыздар. Атвуд сол қабағын шүріппе сияқты керіп, есік алдында бір қырындап, сәл аялдады да, шығып кетті.
110 Бұ кезде жұрт әлденені ойлап, капитанды шыдамсыздана күтіп тұрған. Ол шықты да, матростардың жүзіне қарап, қайдағы жоқ дүниені ойлап тұрғанын сезе қойды, өз басы болып жатқан оқиғаны табиғи нәрсе деп есептейтін болғандықтан да, жұрттың осылай сезіктене қалуы бұның көңіліне келді.
111 Бұдан кейін жұрттың бәрі бірінен соң бірі келіп, бұған қымсына қарап, күбірлей құттықтап жатты. Жамырасып, айқайлап-шулаған жан болмады – капитанның келте сөзінен матростар төтенше бір істің боларын сезгендей. Пантен «уһ» деп бір күрсініп, жадырап сала берді – арқа-басы кеңіп, рақаттанып қалды.
112 Мына мұртсыз екі жас – фанфарлар, бұлар ойнай бастағаннан-ақ білекті сыбанып шайқасқа шыққың келеді. Сосын – корнет-а-пистон мен екінші скрипка. Бұлардың бәрі приманы, яғни мені демеп, дөңгелентіп ала жөнелуге келгенде шебер-ақ. Ал біздің көңілді кәсібіміздің төбе биі – барабаншы Фриц.
113 Мен сізді екі сағаттан кейін келіп ауыстырам. Ол осы бір-екі сағаттың қалай өткенін де сезбей қалды, өйткені кеудесінен бір қуанышты музыка төгілді де тұрды, лыпылдай соққан қан тамырлары сияқты, ол да бір сәт тынған жоқ. Ол тек бір мұратты ғана ойлады, бір мұратқа ғана ынтызар, соған ғана ұмтылады.
114 Одан да барып ұйықтаңыз. Сіз қателесіп тұрсыз – менің шыным да, сырым да осы. Мен айтқан сертімнен қайтпайтын кісімін. Грэй оны қайтарып жіберді де, кеменің бағыт-бағдарын тексеріп, жайғасып отыра кетті. Енді біз оны осында қалдыра тұралық, өйткені оның жеке қалғаны жөн.
115 Бұл түнде ол – келешек пен кедейлік жайлы, Ассоль жайлы көп-көп толғанды. Қызын аз уақыт болса да қалдырып кеткісі келмейді, мұның үстіне сөнген дертін қайта қоздырып алам ба деп қорқады. Бәлкім, ол кемеге қайтып барғасын сонау Капернада жан берісер жары күтіп отыр деп қалар.
116 Сөйтіп, үйіне қайтып келе жатқанда жоққа емексіп, онсыз да қаралы көңілі жаралы болмаса неғылсын. Мери үй табалдырығынан енді қайыра аттамайды. Бірақ ол, әйтеуір, Ассоль ішіп-жемнен тарықпаса екен дейді, сол себепті де Лонгрен қамқор көңілінің құлы болуға әзір. Лонгрен келгенде қызы үйінде жоқ екен.
117 Үй ішінің істелмей жатқан шаруасы да көп еді, бірақ қыз оны ұмытып кетті. Қаршадайынан санасына әбден ұялап, етене болып сіңіп кеткен үйіне енді ол бөтен біреу сияқты таңырқай қарайды, осынау туған жеріне басқа бір ортадан, араға талай жылдар салып, қайтып келіп көріп тұрғандай.
118 Осы бір ойыншықтарға қарап отырғанда, бұлар оған кенет нағыз үлкен күйінде көрінгендей болды, бағана ертеңгілік бастан кешкен қуанышы қайтадан толқып келіп, қыздың тұла бойын билеп алды, со замат күн тәрізді бір алтын сақина теңіз үстімен сырғып келіп, мұның аяғының астына аунап түсті.
119 Жолай оған бір жаяу кісі кездесіп, жүрер жолын сұрап алды, қыз оған қалай жүру керек екенін дұрыстап айтып берді, бірақ оны со замат ұмытып қалды. Бір құсты қолына қондырып, соны қызықтап келе жатып, ештеңені байқамай қалған кісідейін, ол ұзақ жолдың қалай біткенін де сезбей қалды.
120 Әлгіде ғана от басынан тұрған аңшы өзенді қуалай жүріп келеді, ағаш арасынан жарқырап өзен көрінеді, бірақ сақ аңшы оған жақындамайды, тауға қарай кеткен аюдың соны ізіне түсіп алған. Артынан біреу қуып келе жатқандайын, ағаш арасынан тосын бір дауыс шықты, бұл әннің иесі кларнет еді.
121 Мұнда тұман әлі сейілмепті: со тұман арасынан бір үлкен кеменің баяу бұрылып, өзеннің құярлығына қарай кетіп бара жатқан сұлбасы көрінеді. Оның ораулы желкендеріне жан біткендей далп-далп етіп жазылып барып, діңгектерге қат-қат оралып жатты, әлдекімдердің сөйлескен даусы, жүрісі естіледі.
122 Түрменің бастығы тұтқынын өз қолымен босатқанда ғана, миллиардер хатшысына үй-жайды, оперетта әншісі мен сейфті тарту етсе, ал жокей бағы жанбай қойған жабыға бола бәйге бермес жүйріктің басын тежейтін болса – жұрт сонда ғана мұның жан сүйсінер іс, кереметтей бір ғажайып екенін түсінеді.
123 Және оған темекі берейін, ол темекісін картаға ұттырып жіберіп еді. Өз сөзінің қолма-қол осындай нақты нәтиже бергеніне таң қалған Грэй бірдеңе айтам дегенше, Пантен траппен тарсылдатып төмен түсті де, әрігерек барып бір күрсінді. Грэй бұрылып жоғары қарады, алқызыл желкендер үнсіз желбіреп тұр.
124 Біресе үйдің шатыры, енді біресе шетен алқызыл желкендерді жасырып көрсетпей қояды, сол сәтте қыз бұл бір елес сияқты жоғалып кетпес пе екен деп қорқып, қашан әлгі бөгеттен өткенше жанұшыра жүгіреді, сосын кемені қайта көрген кезде жүрегі орнына түсіп, «уһ» деп дем алады.
125 Оның кеудесіне мүләйім бір бақыт келіп ұя басты. Ассоль көзін қайта ашқан кезде баяу тербелген қайық, жалтылдаған толқын, төңкеріле түсіп жақындай берген «Құпияның» биік борты, жарық пен су – бәрі-бәрі үй қабырғасына түскен күн сәулесіндей жарыса жүріп ойнақ салған бір қуанышты түске айналып еді.
126 Ол Грэйдің әлуетті қолы көтеріп алғанда траппен кемеге қалай жеткенін де білмей қалды. Жайылған, төселген, ілінген кілемдерден көрінбейтін палуба үсті алқызыл желкендер нұрына малынып, жұмақтың гүлстан-жайына ұқсайды. Ассоль көп ұзамай каютада – әлемдегі ең әсем бөлмеде тұрғанын көрді.
127 Тірі жанның басына келмейтін, айтуға тіл жетпейтін керемет бір киелі сәт кеп соққанын сезген Грэй жаны жадырай түлеп, асығына шексіз қайран қалып, қаршадайынан көкейінде жүрген аяулысының ақ жүзін иегінен абайлай ұстап жоғары көтерді, со сәтте қыздың аялы көзі жәудіреп ашыла берді.
128 Ол бұ сөздерін екінші рет қайталап жатпады. Зәре-құты қалмаған Капернадан күллі желкендерін жайып тастап, тез аттанып кеткен «Құпия» бар пәрменімен заулап келе жатқанда, кеспек маңында болған дүрбелең талай ұлы тойларда болатын дүрбелең-дүрмектің бәрінен де асып түскен еді.
129 Бұл өзі жол аузынан сырттау, жартылай ағаш тасасында тұрған үй еді, тек бұта арасынан баспанаға жағалай, жапсарлата салған кең де саялы дәліз ғана көрініп тұрады. Үйге қарай қиыршықтастан төселген жіңішке жол бар. Ол бұтақтары ию-қию бытысқан сымбатты теректер түбіндегі көк шалғынды қақ жара өтеді.
130 Онда қаптаған ат қараушылар мен олардың көмекшілері күйбеңдеп жүретін кең жылқы қоралары тұр, қызметшілерге арналған жабайы жүзім саясындағы іркес-тіркес үйшіктер мен жүйелі салынған өзге де аула құрылысы көп. Ал бұлардан әріректе көкмайса жайылым, жүзімдіктер, жеміс-жидек, бау-бақша көз тартады.
131 Мұнда терең құдықтан су тартатын қондырғы мен судьяның ұлдары әр таңда, күн ыстықта тіпті түсте де шомыла беретін таспен, цементпен шегенделген жүзу әуізі де бар. Осынау атшаптырым иеліктің бәрі Бэктің құзырында болатын. Ол осында туған, өз өмірінің барлық төрт жылын осында өткізген.
132 Оның үстіне бұл үйде жиырмадан кем түспейтін тұтас фокстерьерлер тобы бар, – олар да еден жуатын құрал-жабдықтарымен қаруланған әйелдердің тасасында тұрып терезе ішінен бой қылтитатын Тутс пен Изабельге ызалана ырылдайды. Бірақ Бэк үйкүшіктер тобына да, аула төбеттері қатарына да жатпайтын.
133 Барлық үй-жай өз қарауында болатын. Әуізде де жүзетін, судьяның ұлдарымен аңға да шығатын. Қожайынның қыздары Молли мен Алисаны ымыртта немесе таң ертесімен серуенге шыққан кездерінде қарауылдап жүретін. Қысқы кештерде кітапханада алаулай жанған камин қасында отыратын судьяның аяғы астында жатады.
134 Бэк те әкесінің лайықты ізбасары болатынын байқатқан. Әйткенмен ондай аса ірі емес-тін, енесі, шотландия овчаркасы Шеп секілді жүз қырық қадақ қана тартатын. Алайда жақсы тұрмыс пен жан-жақты құрмет арқылы пайда болатын тәкаппарлықты қоссаңыз, жүз қырық қадақ та өзіңді асқақ ұстауға жарап тұр.
135 Әсіресе бұл құмарпаз ойыншының дауасыз әлсіздігі өз жүйесіне ессіз сенетіндігінде еді де, түбінде орға жығылып опық жемей тынбайтыны әу бастан-ақ белгілі болған. Жүйе бойынша ойнау үшін ақша керек, ал кіші бағбанның жалақысы әйелі мен шұбырған балаларының қажетіне зорға жетеді.
136 Мануэль опасыздық жасайтын сол қырсықты күні судья Миллер шарап жасаушылар қоғамының жиналысына кеткен де, ұлдары спорт клубының құрылысы жұмысымен жүрген, сондықтан Мануэль мен Бэктің бақ арқылы әдеттегі серуенге (Бэк солай ойлаған) шығып бара жатқанын ешкім байқаған жоқ.
137 Бэк арқанды мойнына лайықты сабырмен таққызды. Рас, бұл біртүрлі тосын жайт еді, бірақ өзімнен ақылдырақ деп білетіндіктен таныс адамдарға сенетін-ді. Алайда арқанның ұшы бөтен біреудің қолына тиген сәтте айбат шеге ырылдаған. Бұл әшейін өзінің өр мінезін аңдатып, наразылығын байқатқаны-тын.
138 Ашуы бұрқ ете қалған ол қиянат жасаушыға тап берді, алайда анау да шапшаң қозғалған: тамақтан қатты қысып, епті қимылмен шалқасынан түсірді. Арқан Бэкті аямай буындырды, бірақ зор кеудесі басылып-көтеріле, ышқына ауыр тыныстап, тілі салақтаған бұл әлгі адаммен жанталаса жағаласқан.
139 Есін жиғанда ең алдымен тілінің ауырғанын түйсінді. Одан жайсыз селкілді сезініп, жолайрықтағы паравоздың ащы қиқуын естігенде Бэк өзінің қайда жатқанын түсінген. Судьямен бірге саяхатқа жиі шығатын ол жүк вагонындағы жүріске қатысты әсерді жазбай таныды. Ит көзін ашты.
140 Маңдайыңа дар ағашында салбырап тұру жазылған! – деп қалжыңдады кабак иесі. Одан: – Кәне, аздап көмектесіп жібер маған, кейін әрі қарай жылжи берерсің, – деп қосып қойды. Есеңгіреп, тынысы тарылып, алқымындағы қылбұраудан жаны көзіне көрінген Бэк қалайда қинаушыларға қарсылық жасауға тырмысты.
141 Бірақ мұны мойындаған ауыр жез қарғыбауын кесіп алып тастағанша қайта-қайта еденге аунатып, арқанмен буындыра берді. Осыдан соң әлгілер бұғауды да шешіп, Бэкті торға ұқсас шабақ жәшікке итеріп енгізе салды. Ол осы тор ішінде ыза кернеп, намыстан қатты қорланып, сарғайтқан ұзақ түнді өткізді.
142 Тек таң азанда төрт еркек келді де, жәшікті көтерді. "Тағы да жан қинағыштар ғой" деп ойлады Бэк, өйткені бұлар қайдағы бір сабалақ-сабалақ, жалба-жұлба, күдікті біреулер екен. Сондықтан да оларға тор қабырға ішінен еліре ырылдады. Бірақ аналар тек ыржалаңдап, мұны таяқпен түртпектеген.
143 Бастапқыда бұл іспен көлік кеңсесінің қызметкерлері шұғылданды, олар мұны басқа фургонға тиеді де, әрмен қарай әкетті. Одан қаптаған жәшіктер мен сәлемдемелерге қосып пароммен жөнелтті. Одан соң үлкен теміржол вокзалына жеткізген; ақыр аяғында қайтадан тауар вагонына әкеліп тықты.
144 Аштыққа әлі де болса шыдауға болар еді, бірақ шөлден қаталады, осыдан да естен тана ашынған. Аса сезімтал, нәзік түйсікті бұған әлгіндей қорлық кері әсерін тигізбей қойған жоқ, ақыры ауырды да қалды. Ыстығы көтерілді, оған шөлдің салдарынан ісінген тілі мен тамағының кеберсуі қосылды.
145 Ал қазір одан ада, енді көрсетеді бұл оларға! Бұдан былай әлгілер бұғау сала алмайды бұған! Бұл осыған нық бекінді. Екі тәулік бойы нәр татпағандықтан осынау уақыт ішінде бойды кернеген кектің асқынғаны сондай, әлдекім бірінші болып соқтықса сазайын оңбай тартатыны сөзсіз еді.
146 Қазір мұны судьяның өзі де танымас еді, осы күндер арасында мүлде өзгеріп кеткен-ді, сол себептен де жеткізушілері өзін Сиэтлге түсіріп, әйтеуір құтылған сәтте жеңілейе күрсінген. Төрт адам өте сақтана жүріп, Бэк қамалған жәшікті фургоннан биік дуалмен қоршалған аулаға ауыстырды.
147 Қарсы алдыдан жағасы салбыраған қызыл тоқыма свитер киген төртпақ денелі еркек шығып, жеткізушінің қолындағы кітапқа мұны алғаны туралы қол қойған. "Тағы бір азаптаушы" деп шешкен Бэк торға қарай айбаттана атылды. Свитерлі адам тұнжырай мырс етті де, үйге кіріп, балта мен сойыл алып шықты.
148 Дәрменсіз қыңсылай ырылдаған ол жалма-жан атып тұрып дұшпанға қайта бас салмақшы болғанында екінші соққы және тұралатты. Енді ол бар пәленің сойылдан келгенін сезінген, бірақ ызадан сақтықты тағы ұмытқан-ды. Оншақты рет атылды, – сойыл секірген сайын сұлатып сала берді.
149 Алайда оң қолындағы сойылды сол қолына ауыстырған анау ақырын ғана мұның астыңғы жақ сүйегінен ұстай алды да, ересен күшпен шыр айналдырғанда Бэк алдымен ауада толық шеңбер жасап, одан жартылай және бір дөңгеленіп барып жерге бас пен кеудесі қатар соғылып, гүрс ете құлап түсті.
150 Сен өз ісіңді біл, мен – өзімдікін. Тілалғыш ит болсаң бәрі ойдағыдай болады, ал бұзақылық жасасаң көзіңе көк шыбын үймелетемін. Түсіндің бе? Осыны айтқан ол ешбір сескенбестен жаңа ғана тоқпақтаған бастан аялай сипады. Бэк оның қолы тиген сайын тіксінгенімен шыдады, қарсылық көрсеткен жоқ.
151 Бұдан соң жаңа қожайын ұстаған дәмді сыбаға – шикі етті кесек-кесегімен жұлып алып ашқарақтана жеген. Ол жеңілген еді (мұны өзі де түсінді), бірақ қыңған да, сынған да жоқ-тын. Сойылмен қаруланған адамның өзінен мықтырақ екенін алғаш рет жіті түсінген, ал алған сабағын ғұмырлық жадына тұтты.
152 Сойыл осылайша көзін ашқан. Ол мұны жабайы заңдар үстемдік ететін әлемге енгізген. Бэк бұл заңды тез игерді. Сол сәтте өмірдің қатал шындығымен бетпе-бет келген еді, бірақ одан сескенген жоқ: жан түкпірінен табиғи хайуандық айлакерлік түйсігі оянайын деген. Уақыт өте берді.
153 Бірі өте тілалғыш та жуас, екіншілері еліріп, бастапқыдағы Бэк секілді ұли жөнеледі. Хайуандарды осылайша тәртіпке түсіру әрекетін бақылаған Бэк санасына ақырындап қарапайым бір шындықты мықтап сіңірді: сойылы бар адам би, қожайын екен, оны сүю шарт болмаса да, бағынуға тиіс екенсің.
154 Сөйтіп осындай әңгімелерден кейін иесінің қолына ақша ұстатқан әлгі адамдар бір немесе бірнеше итті өздерімен бірге алып кетіп жатады. Бэк осылар қайда кетеді деп, өзінше дал болады. Ертеңгі күндерден қатты сескене бастаған бұл сатып алушылардың көзі өзіне түспеген сайын қуанатын-ды.
155 Ақша сенікі емес, қазынанікі ғой. Перро мырс етті де қойды. Итке деген сұраныстың көптігінен баға да шырқап тұр еді, сондықтан оған Бэктей керемет ит үшін сұралған сома бәлендей көп көріне қойған жоқ. Канада үкіметі бұл саудадан кедейленіп қалмайды, ал мұның поштасы жылдам жеткізілуі керек.
156 Өзі өте жуас-тын, алайда зұлым да болатын, бір мезгілде жағынуға да шебер мұның жауыздығы да жоқ емес-ті: ол қатар тамақтанған алғашқы сәтте-ақ Бэктің жемінің бір бөлігін жұлып әкетті. Сазайын тарттырмақ үшін тап берген Бэктің алдын Франсуа ораған: жыландай ысылдаған бишік ұшы ұрыға сарт етті.
157 Бэкке өзіне тиісті сүйекті қайта қақшып алудан өзге ештеңе қалған жоқ. Франсуаның осы әділетті әрекетінен кейін Бэк оған құрметпен қарайтын болған. Ешкімге жағынуды білмейтін, сонымен бірге ешкімге ұнай қоймайтын және бір ит бар, өзі жаңадан келушілердің тамағын тартып жеуге құмар да емес.
158 Бір күн бір күннен өте айнымайды, әйткенмен Бэк ақырында суық түсе бастағанын аңдаған. Сосын, бірде қапалақтың дүрілі тына қалды да, "Нарвалда" аласапыран әбігер басталды. Бэк те басқа иттер секілді айналадағы қауырт қарбаласқа қарап, әлдебір өзгеріс басталғанын түсінген.
159 Франсуа бұлардың бәрін де мойнынан тізіп палубаға шығарды. Суық жерді басқан Бэк табанының аппақ лайдан аумайтын әлдебір ботқаға батып кеткенін сезінді. Түршіге пысқырынып, кері серпілген. Дәл сондай ботқа жоғарыдан да жауып тұр екен. Бэк сілкінді, бірақ әлгі үсті-үстіне себелеуін доғарған жоқ.
160 Таң-тамаша болған бұл оны иіскеп көрді. Одан соң жалады. Оттай күйдіріп жіберетін бірдеме, және тіліңде еріп кетеді. Бэк қатты таңырқап, қайта жалады – сол әлгі еріп кетер бірдеме. Маңайдағылар қарқ-қарқ күлді, бұл әлденеге ыңғайсызданып қалды, бірақ мына адамдардың неге күлетінін түсіне алмады.
161 Бэк алғаш рет қарды осылайша көрген еді. Бэктің тағылығы күн өткен сайын күш ала берді де, ол жаңа тіршіліктің қатал жағдайларында басқалардан біртіндеп басым түсе бастаған. Бірақ бұл байқала қойған жоқ. Бэктің оянған хайуандық айлакерлігі өз түйсігін жасырын ұстауға жәрдемдесті.
162 Оның үстіне тосын тіршілік салтына бейімделу қажеттігі тұрақты түрде сақ жүруді талап еткен, сондықтан да ереуілдеп таласқа түсе кетпеуімен қоса кез келген қақтығыстан бой тартуына тура келген. Сөйтіп мінез-құлқынан біршама ұстамдылығы мен аңғарымпаздығы байқала түскен-ді.
163 Асығыс, ұшқыр қимылға бармайтын. Шпицпен арада өліспей беріспейтін өшпенділік оты өрши түссе де, ешқашан күйгелектеніп, жауына өзі бірінші болып соқтығып көрген емес-ті. Шпиц болса, керісінше, бірден тісін ақситып мүмкіндікті құр жібермейді, тәрізі, Бэктің қауіпті бақталас екенін болжаса керек.
164 Бірде кеш қарсаңында шаналар Ле-Барж көлінің жағасындағы жел азынаған жайсыздау бір орынға аялдаған. Алакөлеңкедегі үскірік, теріні қыздырған пышақпен сұққылағандай еттен өткен өткір жел тынығатын ықтасын қарастыруға мәжбүр еткен. Бұдан нашар орынды іздесең таппас едің.
165 Шатырды артық жүк болмасын деп Дайяға тастап кеткен-ді. Төңіректен су тасқыны әкелген біраз шөп-шалам жинап алып от жаққан, алайда алау тек астындағы мұзды ерітті де өшіп қалды, сол себептен қараңғыда тамақтануға тура келді. Бэк өзін желден қорғайтындай тура құз түбінен ін қазып алды.
166 Бұған дейін жауымен қақтығысудан қашқалақтап жүретін Бэк бұл жолы шыдамады. Атойлап, хайуандық мінезі оянған. Ол Шпицке екеуіне де тосын долылықпен бас салды, әсіресе қарсыласын күші мен салмағына ғана сенген өте қорқақ ит санатына жатқызып қойған Шпиц мұндайды күтпеген еді.
167 Шпиц ұрысқа ұмтылды. Тап беретін ыңғайлы сәтті күтіп ызалана шыдамсызданған ол Бэкті шыр айналып жүріп алған. Екіленген Бэк те сақтана қимылдауға тырысып Шпицпен айнала аңдысып жүр. Бірақ дәл осы тұста күтпеген бір жағдай килігіп, басымдылық айқындалатын алапат айқасқа бөгет жасады.
168 Әлдене деп боқтанған Перроның даусы, жон арқадан тиген таяқтың дыбысы, одан ауырсына қаңқылдай шыққан ащы дауыс осыдан кейін-ақ іле-шала басталған аласапыран белгісіндей көрінген. Аяқ астынан дүр сілкінген стан төңірегі лезде ию-қию сапырылысқан жүндес хайуандарға толды да кетті.
169 Жәшік аударылып түсті де, аш мақұлықтар төгілген нан мен төс етке таласып қырқыса жөнелген. Соққының астында қалған иттер шаңқ-шұңқ етіп қыңсыл қаққанмен қу тамақ үшін барын салған азық үшін аянбай таласуды да доғарған жоқ, сосын ең соңғы қоқымға дейін жеп біткенше алаңды тастамаған да.
170 Ашынған келімсектер ауызды енді соларға салды. Бэк мұндай иттерді бұрын-соңды көрмеген еді. Қабырғалары арса-арса. Кір-кір терімен қаптап қойған қу сүйек қана дерсің. Көздері жайнап, езулерінен көбік бұрқырайды; аштықтан екіленген олардың сықпыты аса қорқынышты әрі тым айбарлы-тын.
171 Бэкке бірден бөтен төбеттердің үшеуі жабылып, ә дегенде-ақ иығы мен тұмсығын жаралап тастады. Маңайдағы шу құлақ жарарлықтай еді. Билли әдетінше жанұшыра қыңсылап жүр. Денелері қанға боялған Дэйв пен Соллекс қатарласып алып айқасқа аянбай кірісіпті. Джо да құтырына арпалысады.
172 Аузына бөтен иттердің бірінің алдыңғы аяғы ілігіп қалған – ол соны қаусата шайнап тастады. Ал айлакер Пайк со бойда мертіккен итке тап беріп, желкесін үзіп жіберді. Бэк аузынан көбігі ағып өзіне қарай тұра ұмтылған қарсыласын кеңірдектен ала түскен. Шапшыған қан тұла бойын жуып кетті.
173 Басқа бір итке бас салған ол сол сәтте-ақ әлдекімнің ақсиған тісті тура өзінің көк желкесіне салғанын аңдады. Бұл оған опасыздықпен соқтыққан Шпиц болатын-ды. Перро мен Франсуа станның бір бөлігін "шақырылмаған қонақтардан" тазалап болған соң өз иттерін құтқаруға ұмтылды.
174 Олар жеткенде құтырынған аш хайуандар легі кейін шегінді де, Бэк мойнына жармасқан Шпицті сілкіп тастады. Алайда тыныштық ұзаққа созылған жоқ. Перро мен Франсуа қайта жүгіре жөнелген – оларға қалған азық-түлікті аман сақтап қалу керек-тін, – сол бойда үндістердің төбеттері жегім иттерге тағы төнді.
175 Егер Бэк құласа соңдарынан жөңкілген қалың нөпір иттің табанының астында қалып, ажал құшатыны айдан анық-тын. Бірақ бұл бар күшімен Шпицті қағып тастап, көл бетімен өзгелердің соңынан аршындап жөнелді. Әлден уақытта жегімдегі барлық тоғыз ит бас қосты да, орман ішіне сіңіп кетті.
176 Сыпырта боқтана жүріп атқарылған екі сағаттық азапты жұмыстан кейін көлік ретке келтірілді де, шанаға жегілген иттер жанға батқан жарақаттарына қарамастан жанталаса тырмыса түсіп, сапардың ең ауыр бөлігін игеруге жөнеп беріскен. Олар дәл осы аралықтағыдай басқа еш жерде қиналып көрмепті.
177 Осынау азапты отыз мильді өту үшін алты күн діңкелеуге тура келді. Әр қадам сайын иттерді де, адамдарды да ажал күтіп жатты. Жолды байқастаған Перро мұз астына жиырма мәрте құлаған. Оны ұзын сырығы ғана құтқарған еді, – ол сырықты құлаған сайын жылымға көлденеңінен түсетіндей етіп ұстаған-ды.
178 Ол кез келген сәтте ойылып түсер өзеннің жұқа мұзды жиегімен – ешбір қауіп-қатерге қарамастанқашан да алға қарай батыл адымдап келе жатады. Бірде Дэйв пен Бэк шана-манасымен суға батып кетті. Сонда тұншығып та қала жаздап, үсіп өлуге де шақ қалған иттерді әрең шығарған.
179 Келесі бір жолы Шпиц құлады да, өзімен бірге жегімдегі Бэкке дейінгі бүкіл итті өзімен бірге сүйрей кетті. Бэк барлық күшін салып мұз бетінде төрт тағандап тұра қалды, айналасындағы қатқақтың қақырай жөнелгеніне де қарамастан алдыңғы екі аяғымен жылымның тайғақ жағасына сіресе тіренген.
180 Одан соң қайтадан жерге түсетін ыңғайлы тұс іздестірілді. Ақырында, әйтеуір, әлгі арқанның көмегімен түсті-ау; бұлар өзен бетіне тағы табан тірегенше көз де байланған. Сөйтіп бұл күні олар не бәрі ширек мильдей ғана жол жүріп еді. Мұзы қалың Хуталиновкаға жеткен мезгілде Бэк әбден қалжыраған еді.
181 Тіпті оны тамаққа тәбетінің өзі орнынан қозғай алмады, балық таратқан сәтте Франсуа оның үлесін өзі апарып беруге мәжбүр болды. Сол Франсуа күн сайын кешкі астан кейін жарты сағаттай оның табанын уқалап, өз башмағының қоныш жағын садақа етіп, Бэктің төрт аяғына бірдей башмақ тігіп берді.
182 Бұл қиналып жүрген итке өте қолайлы болды. Бірде таңертең Франсуа Бэкке әлгі башмақтарды кигізуді ұмытып кеткені бар. Сонда Бэк оны кигізбесеңдер жолға шықпаймын дегендей шалқадан жата қалып төрт аяғын бұлғаңдатқанын көргенде өмірі қабақ ашпас Перроның өзі жадырай күлген-тін.
183 Бірақ бірте-бірте оның табандары мүйіздей қасаңданып алды да, бұдан әрі оған башмақтардың түкке де қажеті жоқ боп қалған. Енді бірде ертеңгісін Пелли аялдамасында иттерді жегіп жатқан сәтте, бұған дейін ешбір оғаш мінез көрсетпеген Долли аяқ астынан еліріп шыға келгені.
184 Ол кенет қасқырша ұли жөнелген; жан шошытар даусының ащылығы сонша, өзге иттердің тұла бойлары тітіреді. Сөйтті де, ол Бэкке қарай тұра ұмтылды. Өмірінде құтырған итті алғаш көрген Бэк бастапқыда одан сақтану керектігін де білмеген. Әйткенмен өз-өзінен қатты үрейленіп айдалаға тұра безді.
185 Артына қарауға мұршасы болмағанмен соңынан тісін шықырлата қуып келе жатқан Доллидің ызалы үні де тура құлақ түбінен естіледі. Осылайша ширек мильдей жүгірген соң Франсуаның шақырғанын аңдап, кейін бұрылған. Сосын ышқына демігіп, Доллидің алдын ораған күйі Франсуаға қарай барын салды.
186 Бұл уақытта Франсуа да оны құтқаруға ыңғайланып тұрған; Бэк жанынан зулап өте шығысымен соңындағы Доллидің басына қарай балтасын сілтеп кеп жіберіп еді. Әбден әлсіреген Бэк құр сүлдерін сүйретіп шанаға жеткені сол, оның осы дәрменсіздігін пайдалана қойған Шпиц арс етіп, азулай жөнелді.
187 Оның үстіне өте өр еді, ал анау қызыл кеудешелі адамның ауыр таяғы талай намазды үйреткенмен оны бірақ бұрынғыдан да қатерлі дұшпанға айналдырған-ды. Ол өте айлакер-тін, сондықтан көсемдікке ұмтылғанда тек аңдарға тән мінезбен ыңғайлы сәтті зор төзіммен күтуге дағдыланған.
188 Басымдық үшін бір шайқастың болатыны анық еді, Бэктің тілегені де сол-тын. Оған құмарту себебі – болмысы сондай еді және жегімдегі иттерді соңғы демі біткенше жолдан шықпауға итермелейтін, ал егер қатардан алып тастаса құсадан өлтіретін өрлік қасиет бұған да жат емес-ті.
189 Дейвтің де сондай асқақтық мінезі белгі бере бастаған, өзін ортаңғы орынға жеккенде ол барлық күшін салып Соллексті шана сүйреуге мәжбүр еткен. Сөйтіп жолға шыққан кездері барлық иттерге дем беріп, тауыс та тартыншақ хайуандарды дүр сілкінтіп, шалдықпайтын еңбексүйгішке айналдыратын.
190 Мұндай өрлік иттерді күні бойы сар желдіріп отыратын еді де, кешке аялдар тұста бейберекет мазасыздық пен қияңқылыққа орын ұсынатын. Көсем Шпиц сүріншектеп, жетек бауға оратылатын немесе таңертең жегетін кезде тығыла бастайтын иттерді дәл осындай кәнігі өркеуделікпен қабатын-ды.
191 Рас, Бэк бұдан былай көсемдікке ашықтан-ашық ұмтылды. Ол Шпиц жазалағысы келіп тұратын жалқауларға жақынырақ тұрып алып, жанжал шыққан кезде әдемі екі ортаға қыстырыла кетуді шығарды. Әлдебір түнде қар жапалақтап көп жауған, ал таңертеңіне жалқау да қулау Пайк шанаға келмей қалды.
192 Әйткенмен, ақырында әлгі жерден шығарып алған сәтте Шпиц оған сазайын тарттыру үшін тап берген еді, кенет Бэк те дәл сондай екпінмен тұра жүгіріп, екеуінің арасына киліккен. Бұл қимылдың тосын да епті шыққаны соншалықты, соққыдан артқа қарай серпілген Шпиц шатқаяқтап құлап түсті.
193 Бірақ осының бәрі қызық көрінсе де әділдік орнатуды көздеген Франсуа Бэкті бишігімен аямай тартып-тартып жіберді. Әйтсе де Бэк қарға домалап жатқан дұшпанынан ажырай қоймады, сол кезде Франсуа бишіктің сабымен сартылдата бастаған. Бэк ауыр соққыдан сонадай мұрттай ұшып түсті.
194 Бұлар Доусонға бет түзеген келесі күндері де Шпиц кінәлі иттерді жазалаған сайын Бэк араға түсумен болды. Алайда қулығын асырып, маңайда Франсуа жоқта ғана килігеді. Бэктің бұл әрекеті бағынбаудың белгісіндей еді, осыдан бастап-ақ жегімдегі тәртіп бірте-бірте бұзылған үстіне бұзылуға айналды.
195 Доусонда адам көп екен, иттер одан да көп, Бэк мұндағы барлық иттің жұмысқа жегілгенін аңдады. Тәрізі бұл үйреншікті нәрсе болса керек. Бас көше шұбатылған иттер жегімінен босамайды, тіпті, қоңырау үні түнде де тыншыған емес. Иттер құрылысқа бөрене, ағаш, кен орнына қажетті басқа да жүктерді тасиды.
196 Санта-Клара алқабында аттар атқаратын жұмыстың бәрі осыларға жүктеліпті. Бұлардың арасында оңтүстіктер де кездесетін-ді, бірақ көпшілігі қасқыр тұқымдас жергілікті төбеттер болатын. Олар қараңғы түсе – тура тоғызда, он екіде, одан түнгі үште – төбе құйқаңды шымырлатып ышқына ұлуға кіріседі.
197 Бұл жер бетіндегі дәл өз тұқымдарындай ең ескі де ежелгі – һәм сол дәуірдегі жас дүниенің барлық әндерінің зарлы келетініндей – және ең алғашқы да ащы әуендердің бірі еді. Бұл – бойына қаншама буын ұрпақтың қайғы-қасіреті сіңіп, Бэктің өкпе-қолқасын суырған мұң болатын.
198 Перро бұл сапар Доусонға жеткізгеннен де гөрі аса шұғыл пошта әкетіп бара жатқан-ды. Оның үстіне әбден желігіп алған ол жылдамдықтың жылдық рекордын қоюды ұйғарған. Бұған басқа да бірқатар жайттар қолайлы жағдай туғызған. Бір аптадай дамылдап тыныққан иттер де күйлі-қуатты болатын.
199 Бұған қоса полиция осынау жол бойындағы екі-үш жерден ит пен адамдарға арналған азық-түлік қоймасын ашып қойғандықтан қайтар жолға қиналмай шығуға мүмкіндік те мол-тын. Алғашқы күні бұлар Юконды өрлей салып, елу миль жүрсе, ал екінші күні кешке қарай салып ұрып Пеллиге таянды.
200 Бірақ мұншалықты жүйткіген жылдамдық Франсуаны әжептәуір әуреге де түсірген еді. Бәріне кінәлі – тағы да Бэк. Ол өзі мұрындық болған баяғы ереуілді қайта бастап жіберген. Иттер бұрынғыша бірқалыпты жүгіре алған жоқ. Бэктің араға түсуіне дәндеген ереуілшілер жиі құтырына бастаған.
201 Тек Дэйв пен Соллекс қана әдеттегі қалыптарынан айныған жоқ, бірақ біртіндеп бұлар да тынышсыздана түскен – айналадағы талас-тартыс оларды да ығыр қылып біткен сияқты. Франсуа түсініксіз бір сөздерді айтып боқтанумен жүреді, шарасыздықпен жер тепкілеп, өз шашын өзі жұлады.
202 Ол жегімде жақсы жүреді, өйткені бұл іс өзіне аса ұнайтын-ды. Бұған қоса жолдастарын байқатпастан қақтығыстырып қойып, соңынан өзі із жасырып кету ол үшін тіптен қызық-ты. Бірде Тэхкина сағасындағы аялдамада кешкі астан кейін Даб әлдебір қоянды үркіткенімен бас салып ұстай алмай қалды.
203 Бұрылыстан бұрылысты айнала шауып, аршындап зымыраған Бэк алпыс иттің ең алдында кетіп бара жатты, әйтсе де қоянды қуып жете алмады. Бауырын соза шапқан ол құмарға әбден түскендіктен қыңсыл қағып та қояды. Оның қараңдап заулаған алып сұлбасы аппақ ай сәулесінен анық көрінеді.
204 Бойыңа ғұмырлық қуат дарытып, тіршіліктің шыңына бас-тайтын әлдебір желік болады. Бір ғажабы, өмірдің мәніндей көрінетін сол құмарлық бір сәт өзіңді де, айнала қоршаған дүниені де ұмыттырып жібереді. Ондай шаттық сезімі жасампаз суретшіге шабыт буған шақтарда келсе керек.
205 Ең қызу құмарлық билеген сәттердің өзінде сабыр сақтап сақ қимылдайтын Шпицтің өзі де шаршы топтан оқшау кетіп, өзеннің бұрылыс бір тұсындағы тар шығанақ арқылы қоянға барын салған-ды. Бэк мұны байқаған жоқ: ирек тұсынан бұрыла берген оның көзі алдында ағараңдаған қоян сұлбасынан ажырамаған.
206 Бұл Шпиц еді. Қоян кері қарай бұрыла алмай қалды. Шпиц зулаған бетінде азуды оның ту жонынан салған, ал қоян ауырсынған адамша қатты шыңғырып жіберді. Бэктің соңынан жөнеп келе жатқан қалың тобыр Тіршілік деген бейшараның Ажал тырнағына іліккен сәттегі осынау ащы шиқылына құмарлана гу ете түскен.
207 Бэк өліспей беріспейтін шешуші шайқас сәтінің жеткенін түйсінді. Бұлар құлақтарын жымырып, шабуылдың ыңғайлы тұсын аңдып, өзара ырылдай жағаласып жүрген кезде Бэкке кенет осының бәрі баяғыдан өте таныс нәрседей көрінген: айнала аппақ орман, ақ шаңқан дала, ай жарығы мен айқас рақаты.
208 Қолға нашар үйренген қасқырлардың ұрпақтары қоянды қолма-қол қаузап болып, енді айқасқа түсушілерді үн-түнсіз ширыға қоршасып тұрды. Көздері шоқтай жайнап, ашылған ауыздарынан бу бұрқырайды. Әлдебір жабайы замандардың осынау суреті Бэкке ешбір жаңа да, таңсық та болып көрінбеген.
209 Шайқас біртіндеп ширыға түсті. Айнала қоршаған иттер екеуінің бірі құлап, сосын өздері жеңілгенін жеп қоятын сәтті тағатсыз күтіп, демдерін ішіне тартысып тұр. Бэктің ентіге түскенін байқаған Шпиц қорғаныстан шабуылға көшіп, дамыл таптырмауға айналды. Бэк біраздан соң тәлтіректей бастаған.
210 Алайда Бэк бір-ақ ырғып тез көтерілді де, әлгінде дүркірей тұрған иттер қайтадан тына қалды. Бэкте көп мақұлықта кездесе бермейтін ғажап бір қасиет бар-тын: ол – сәтінде адамды да, аңды да құдіретті ететін – ой ұшқырлығы еді. Арпалыста түйсікке бағынатын-ды, әйткенмен миы да жұмысын тоқтатқан емес.
211 Ол үн-түнсіз қоршаған иттердің жарқыраған көздерін, көзді, сосын салақтаған тілдері мен демдерінен ауаға көтерілген күміс буды байқады. Сыртындағы шеңбер біртіндеп тарыла түскен-ді, ал бұл шайқаста жеңіліс табушыны қысатын мұндай қоршауды талай көрген. Бұл жолғы тізе бүгуші өзі еді.
212 Бэк аяған жоқ. Жұмсақтық көрсететін жер бұл емес екенін білген. Артынша ол шешуші соққыға дайындалды. Иттердің тақала түскені сонша, қос бүйіріне жақындаған жылы демді аңдаған. Шпицтің сыртынан көздері жайнап оның әрбір қимылын баға, бас салуға ыңғайланып жер бауырлағандарды көрді.
213 Бүкіл ит орын-орнында тасқа айналғандай қатыпты да қалыпты. Тек Шпиц қана қалшылдай шатқаяқтап, төне түскен ажалды үркіткісі келгендей айбарлана ырылдап жүр. Бірақ осы сәтте оған Бэк те ыршып үлгерді, – сөйтті де кері қарғып түскен. Бұл жолғы иықпен жасалған соққы өз дегенін істеген еді.
214 Шпиц құлады. Иттердің қара құрым шеңбері ай жарығына шағылысқан қар бетінде бір нүктеге шоғырланды да, Шпиц жоқ болып кетті. Ал Бэк сонадай жерде жеңімпаз ретінде асқақ қарап тұрды. Бұл жауының көзін жойып, сонысына іштей риза болып тұрған елти рақаттанған нағыз жабайы жыртқыштың келбеті еді.
215 Шпиц кетті, талас-тартыс та бітті дей бер. Перро шаналарға керек-жарақтың бәрін тиеп болғанша айдаушы иттерді жегумен жүрді. Бэк ылғи Шпиц жегілетін көсемнің орнына келіп тұрған. Бұған ешбір назар аудармаған Франсуа осынау аса қалаулы орынға Соллексті әкеліп орналастырды.
216 Франсуа оны өзіне сілтей қалған жағдайда тайқып үлгеретіндей аралықты ұстап, бір жақ көз қиығымен айдаушының әр қимылын қалт жібермей баққан күйі ол алға қарай үлкектеді де отырды. Өз ісімен жүрген айдаушы Бэкті Дэйвтің алдындағы ескі орнына жегетін кезегі келгенде ғана дауыстап шақырған.
217 Бэк бірнеше қадам кейін шегінді. Франсуа таяна түскенде, ол тағы қашқалақтаған. Бұл көрініс бірнеше мәрте қайталанған соң Франсуа Бэк осыдан сескеніп тұр екен деп таяғын тастай салды. Бірақ мәселе таяқта емес-ті – Бэктің ашықтан-ашық мінез көрсетіп көздегені – көсемнің орны еді.
218 Әлгілер оны әке-шешеден бастап жетпіс жеті атасына, одан өмірге әлі келмеген келешек ұрпақтарына дейін, терісіндегі әрбір қылшық пен тамырындағы түйір тамшы қанға дейін түк қалдырмай сыбап шықты. Бэк болса бұл балағатқа жауапты ырылмен қайтарып, жанына маңайлатпай қойған.
219 Бэк өзіндік мәнермен, иттерше күлді, – сөйтсе де сонадай жерден тақала қоймады. Франсуа Соллексті босатып алып, оны өзінің бұрынғы орнына жеккен. Бір мезетте тізбекке тұрғызылған бүкіл жегім сақадай сай тұрды. Бэкке енді ең алдыдағы көсемнің орнынан өзге бос орын қалмаған.
220 Франсуа оның айтқанын орындаған сәтте ғана маңғаздана басқан Бэк жегімнің ең басына келіп тұрды. Оған қайыс тартпалар тағылып, болып, шаналар күртін қарға түскен соң жегім бірден заулап өзен бетіне шыққан. Іле-шала бұлардың соңдарынан аяқтарына шаңғы ілген жарау жігіттер ілесіп еді.
221 Ол көп өтпей-ақ жегімдегі барлық иттерді өз дегеніне жүргізді. Дэйв пен Соллекс жаңа көсемге еш қарсылық көрсеткен жоқ. Олардың бар білетіні аянбай еңбек етіп, еңбектеніп, күні бойы тыртыңдап шана сүйреу болатын, өздеріне ешкім кедергі келтірмесе олар бәріне көнуге даяр еді.
222 Жегімде Бэктен кейін орналасқан жалқау Пайк бұрын жетек қайысты орташа күшпен ғана тартатын-ды: әйтеуір қандай жағдайда да қиналып көрген емес. Бірақ Бэк бұған жиі-жиі дем беріп тартпақтауға кіріскен, сондықтан Пайк алғашқы күннен бастап-ақ ғұмырында тұңғыш рет құлшына араласуға мәжбүр болды.
223 Ал қай уақытта да көңілсіздеу жүретін Джо бірінші кеште-ақ аялдамада жақсылап тұрып сазайын тартты – мұндайды тіпті Шпиц те ешқашан жасай алмаған. Бэк анау кешірім сұрап жалбарынғандай – қыңсылап, қарсылық білдіруді доғарғанша оған бар салмағымен қисая жатып алып, әбден қинады.
224 Сөйтіп бүкіл жегімнің жұмысы бірден жақсарып сала берген. Қозғалыстың баяғы ырғағы қалпына келіп, барлық иттер жетекті бір күшке біріккендей жақсы тартуға кірісті. Перро Ринк Рэпидс атты кеніш табалдырығына кіре берісте Тика және Куна деген есімді екі канадалық итті тағы алды.
225 Қарсылығың бар ма осыған, Перро? Перро келіскен. Ол шабарман ретінде осы уақытқа дейін жылдамдық арттырудың рекордын жасап, оны күнбе-күн үдетіп отыруды дағды қылған. Қатқақ, әрі әбден тапталған жол сондай жақсы еді, жүрісті бөгейтіндей жаңа жауған борпылдақ, көбік қар жоқ.
226 Перро мен Франсуа Скагуэяның бас көшесінде алшаң-алшаң басып үш күн бойы қыдырды. Үш күн бойы оларды өздерімен бірге шарап ішуге шақырушылар да бір толастамады. Ал сонда олардың жегімдегі иттеріне қызығып, таңдай қаққандар қаншама! Таңдай қағып тұрып сатып алуға барын салғандар да бір төбе.
227 Бұл Бэктің Франсуа мен Перромен соңғы қоштасуы болатын еді. Сөйтіп олар да баяғы басқа адамдар секілді бұның ғұмырынан біржола жоғалып еді. Бэк бастаған топты әлдебір шотландтың қолына өткізісімен бұлар өзге де үйір-үйір жегімдегі иттермен бірге қайтадан сонау азапты Доусон жолына шықты.
228 Бэкке бұл керуен ішінде жүру аса ұнаған жоқ, әйткенмен ол баяғы кәнігі өр мінезбен жұмысты жақсы атқарды, сонысымен де Дэйв пен Соллексті қанаттандырып отырды, бұған қоса жолдастары істі ұнатсын, ұнатпасын, бәрібір мойынға алған шаруаны лайықты орындауларын қадағалаумен болды.
229 Өмір аққан судай бір қалыппен өтіп жатты. Күндер егіздің сыңарындай бір-біріне өте ұқсас еді. Аспаздар таңертең белгілі бір уақытта орындарынан тұрып, от жағып, таңғы асты даярлайды. Одан соң біреулер шатырларды шанаға тией бастайды, ұзамай басқалары да сөйтеді, өзгелері ит жегуге кіріседі.
230 Жолға түн түнегі серпілерден бір сағаттай бұрын, яғни таң алагеуімде шығады. Кешке қарай аялдап, дем алады. Жұрт шатыр тігіп, отын жарып, жерге төсеу үшін шырша бұтақтарын сындырып әкеледі, аспазшыларға су немесе мұз жеткізіп береді. Осыдан кейін иттерді тамақтандырады.
231 Ол Отанын аңсаған емес. Сол бір түстіктегі ел бұның жүрек қылын аса тарта бермейтін бұлыңғыр да алыс елеске айналған. Оның санасын көбінесе өзге бір өмірдің, ертедегі ата-бабалары ғұмырының естеліктері билейді. Соның арқасында бұрын өзі көрмеген құбылыстардың көбі етене таныс көрінер еді.
232 Өзін тұттай жалаңаш деуге де келеді – тек арқа тұсында ғана от тиіп алба-жұлба болған әлдебір аңның терісі салақтап тұрады. Денесін тұтастай түк басқан, кеудесіндегі, иығындағы, қолының сырты мен сандарындағы жүн аң терісіндей өте қалың. Тұрысы да тік емес, тізелері бүгіліңкі, кеудесі еңкіш.
233 Ал алау сыртындағы түн-түнек қойнауынан жап-жасыл от шоқтары жарқырап тұрады, және әрдайым қос-қостан, екіден: Бэк олардың жыртқыш аңдардың көздері екенін біледі. Сол аңдар қақ жарып өткен сәттегі бұталардың сытырлағанын естиді, олардың жақындап келе жатқанын аңдататын барлық дыбысқа құлақ түреді.
234 Бэк осылайша Юконның жағасында жанған отқа самарқау ғана көз тастап қойып қиялға шомып жатқан шақта осынау дыбыстар мен өзге әлем елестерінің бір мезет тұла бойын тітіркендіріп жіберетіні соншалықты, арқа түгі тік тұрып, ақырын қыңсылауға немесе даусы құмыға үруге кірісер еді.
235 Олар ақыр аяғында Доусонға жеткенде әбден азып, аянышты халге түскен-ді. Оларға он күндей немесе кемінде бір аптадай дамылдау қажет болатын. Бірақ олар арада екі күн өтпей жатып шананың шанағын майыстырған қап-қап хаттарды сүйреп Казармнан Юконның көк мұзына қарай өңмеңдей түсіп келе жатты.
236 Иттер мүлде қалжыраған, айдаушылар айқайлау мен боқтаудан жақ жаппайды, бұған қоса Құдайдың құтты күні қар жауады. Иттердің бауырын сызған осынау ұлпа қарда адым ашып жүру барған сайын қиындай түскен. Обал нешік, адамдар бұлардың жайын түсініп, бар жақсылықты алдымен соларға жасауға тырысып еді.
237 Бірақ оларға қандай жағдай жасағанмен де ыңыршақтары шыққан бейшаралар бірден мал бола қала ма. Бұл қыста олар ауыр жүк тиелген шаналарды сүйреп мың сегіз жүз миль жүріп өстіп үлгерген еді. Ал бір мың сегіз жүз миль дегеніміз ең мықты, төзімді итіңіздің өзін шалып жығады.
238 Өзгелерді де жұмыс істеуге мәжбүр етіп, жегіміндегі тәртіпті сақтаған Бэк әзірге беріле қойған жоқ, бірақ ол да қатты діңкелеген болатын. Билли түнімен түсінде қыңсылап шығады. Джоның да ұнжырғасы мүлде түскен, ал Соллекстің соқыр жағынан емес, көретін көзі тұсынан келудің өзі қауіпке айналған.
239 Әйтеуір одан маза қашты. Ызақор, не нәрсеге сіркесі су көтермей тұрады; түнеуге жайғасқан бойда бірден өзіне ор қазып алады да, жығыла кетеді – айдаушы оған азықты сол жерге әкеліп береді. Сөйтіп Дэйв ертеңгі күні азап қамытын қайта мойнына ілгенше сұлық түсіп жатады да қояды.
240 Кейде жол үстінде аракідік тоқтай қалған шананы қайта жұлқып тартқан сәтте, бейшара ауырсына қыңсылап жібереді. Айдаушы талай рет тексерді, бірақ оған не болғанын түсіне алмай-ақ қойған. Басқа айдаушылар да оның әрбір жеріне шұқшиып ұзақ қараған: бірақ "не болды?" - ға ешкім нақты жауап айта алмады.
241 Шотланд оны бишікпен қақпайлауға әрекеттеніп еді, бірақ Дэйв ешбір соққыға пысқырып та қараған жоқ, сондықтан айдаушы да оны ұра беруден жалыққандай болған. Төбет соңындағы сайрап жатқан тегіс жолмен жүруден бас тартып, ерегіскендей, жиектегі көбік қармен сүйретіле жылжыды да отырды.
242 Одан соң Дэйв ең соңғы күш-қуатын жұмсап, керуен бір жерге тоқтағанға дейін соңдарынан бүлкектеп ерді де отырды. Дэйв әлгілер тоқтағанда сүйретіліп өзінің бұрынғы орнына жетті де, Соллекстің бүйір тұсына келіп тұрып алды. Айдаушы темекі тұтатып алу үшін басқа шаналарға қарай кеткен еді.
243 Бір минуттен кейін ол қайтып келді де, жүруге белгі берді. Иттер лып етіп, артық күш жұмсамастан, өте жеңіл қозғалған – кенет бәрі артқы жаққа аңтарыла қарап, кілт тоқтай қалысты. Айдаушы да қайран қалған еді: шаналар орнынан жылжымапты. Ол саңқ етіп бұл тамашаға жолдастарының да назарын аударған.
244 Айдаушы тұйыққа тірелген. Серіктері жұмыстары қаншалықты ауыр болса да иттерді жегімнен шығарып тастағанда қатты қорланатынын айтуға кіріскен-ді. Қартайып немесе ауруға шалдығып, іске жарамай қалған кездерінде босатып жіберілген иттердің құсадан өлетінін айтып, түрлі оқиғаларды еске түсірісті.
245 Ақыр аяғында Дэйв ажалдан бәрібір құтылмайды, сондықтан оған шананың алдындағы ескі орнында тыныш өлуге мұрсат беру керек деген ортақ пікірге тоқтасқан. Дэйв шанаға қайта жегілді де, ол анда-санда іштегі әлдебір дерті жанына батқанда амалсыз қыңсылап қойып бұрынғысынша алға қарай адымдай жөнелген.
246 Бірақ көп ұзамай күш-қуаты әбден сарқылды, жөней жөнелген иттер қар үстінде ауыр тыныстап жатқан Дэйвтің өздерінің соңынан өлеусірей қарап жатқанын көрді. Ал оның зарлы үні бұлар жағалаудағы орманды асып кеткенше құлақтан үзілген жоқ. Керуен тоғай сыртына барып аялдады.
247 Шотланд жедел басып шаналарға келді де, бишіктер сартылдап, қоңыраулар сыңғыр қағып, шаналар тағы заулады. Алайда Бэк те, басқа иттер де жағадағы орман сыртында не жағдай болғанын білді. Доусоннан шыққаннан кейін арада отыз күн өткенде Бэк бастап сүйреген пошта керуені Скагуэйге келіп кірген.
248 Бэктің салмағы бұрынғыдай жүз қырық емес, жүз он бес фунтқа түскен. Арық-тұрақ иттер бұдан да бетер жүдеді. Айдаушыларды өмір бойы алдап келе жатқан айлакер Пайк енді шындап-ақ ақсап қалыпты. Соллекс те бір аяғын сылтып басады. Жауырыны шығып кеткен Дабтың да жетісіп тұрғаны шамалы.
249 Иә, иә, ұзақ дамылдайтын боламыз! Адамдар да мұндағы тынығудың біразға созылатынына бек сенімді еді. Өйткені бұлар да бүкіл сапар барысында екі-ақ күн тыныстап, шаңғымен мың екі жүз миль өтті ғой; сондықтан әділет тұрғысынан да, қисын жағынан да әбден тынығуға хақылары бар-тын.
250 Бэк пен оның серіктері Скагуэйде дамылдаған үш күн ішінде ғана өздерінің қаншалықты шаршап, титықтағанын сезінген еді. Төртінші күні таңертең штаттық екі американдық келді де, оларды әбзелдерімен қоса су тегінге сатып әкетті. Бұл адамдар бір-бірін Хэл және Чарльз деп атайды екен.
251 Ал салбыраған ұзын мұрты дүрдиген еріндерін жасыру үшін әдейі қойылғандай екен. Хэл – түріне қарағанда он тоғыз-жиырмаларда. Белбеуіне қыстырған үлкен кольтімен аңшы пышағы бар. Оқ-дәрі толтырылған осы белдік оның ең қымбат бұйымы. Және өз қожайынының әлі шикі, ысылмаған бозөкпе екенін айғақтайды.
252 Өзі мен жегімдегі басқа иттерді жаңа қожайындардың станына алып келгенде Бэк мұндағы ластық пен тәртіпсіздікті бірден байқаған. Шатыр жартылай ғана тігіліпті, ыдыс жуылмаған, бәрі қалай болса солай жатыр. Бір қызығы – бұл жерде әйел заты да бар екен. Еркектер оны Мерседес дейді.
253 Әлгілер істі құлшына істегісі келетін секілді, бірақ тым қолапайсыздықтары әр нәрседен-ақ көрініп тұр: шатырды умаждап-умаждап, алатындай етіп орады. Қалайы ыдыстарды жумастан сала салды. Мерседес ылғи да араласпайтын іске араласып, ауыз жаппай ақыл айтып үнемі бөгет жасаумен болды.
254 Олар тапталған қарды тырмалап, барлық күштерін сала, шананы жер бауырлай тартуға тырысқан. Әйткенмен, табаны зілдей ауыр шаналар тырп етпеді. Екі мәрте әрекеттен кейін иттер ентіге тоқтады. Бишік ауада ерсілі-қарсылы ысыл қақты да, Мерседес қайтадан иттерді қорғауға көшті.
255 Алдымен соның мұзын кетіріңдер. Ол үшін шаналарды орнынан қозғағанша бар күштеріңді салып олай-бұлай ырғаңдар. Бұл жолы көкейге қонымды сөзге құлақ түрген Хэл мұзды қағып, жерге жабысып қалған шана табанын босатты. Шамадан тыс жүк тиелген рабайсыз шана ақырындап орнынан жылжи берді.
256 Мұндай ылдидан ауыр жүк артылған шананы мына Хэл сияқты түк көрмеген байғұс емес, тек тісқаққан айдаушы ғана алып жүре алатын. Сөйтіп әлгі шұғыл бұрылыста шана аударылып түсті де, жібі бос тартылған жүктің тең жартысы жолға шашылды да қалды. Иттердің тоқтайтын түрі жоқ.
257 Өзі сүрініп кетіп мұрттай ұшқан. Аударылған шана мұның үстінен ұшып өтті де, иттер көріп тұрғандардың айызын қандыра, жүктің қалғанын шаша түсіп, Скагуэяның бас көшесімен жүйтки жөнеліп еді. Көше бойындағы әлдебір жөні түзу адамдар иттерді тоқтатып, шанадан шашылған заттарды жинауға кіріскен.
258 Сөйте жүріп олар ақыл-кеңестерін де аяп қалған жоқ. Хэл мен Чарльзге егер бұлар әйтіп-бүйтіп Доусонға жеткілері келсе, жүктің жартысын тастап, иттердің қатарын екі есе көбейту жөнінде айтылды. Хэл мен оның апа-жездесі ақылды жүре тыңдады. Бұлар шатырларын тігіп, мүліктерін сұрыптай бастаған.
259 Немене, осында Пульман вагондарымен шайқалып жүрмекші ме едіңдер? Осылайша тәжірибелі адамдардың нұсқауы бойынша артық заттың бәрі аяусыз лақтырылды. Мерседес, тіпті, өзінің жол қапшығындағы нәрсенің бәрін жерге төгіп, әжеттік заттардың бір бөлігін тастай бастағанда жылап жіберді.
260 Кешкісін Чарльз бен Хэл ит сатып алуға барды да, олардың алтауын әкелді – бәрі де жергілікті емес, сырттан жеткізілген екен. Енді он төрт ит жегілді – алтауы Перроның алғашқы жегімінен қалған, одан соң рекордтық сапар алдында сатып алынған Тик пен Куна және алтауы жаңадан қосылғандар.
261 Алайда осы сырттан жаңа қосылғандар бұрын үйретілді деген аты болмаса, көбі тәжірибесіз, күш жағынан әлжуаздау көрінді. Бұлардың арасында тықыр терілі үш пойнтер мен бір ньюфаундленд бар-тын, ал екі ит тұқымы белгісіз дүрегейлер еді. Расында, жаңадан алынғандардың мүлде ысылмағандығы байқалды.
262 Оларға жүк тартатын иттердің жұмысы ұнамаған-ды жоқ-ты. Пойнтерлер мен ньюфаундлендтер ұнжырғалары түсіп, жабайы Сібірдің жағдайы мен өздеріне деген дөрекі қылықтардан мұқалып-ақ қалған екен. Ал бұрынғы екі аула иті тіптен жатып алып сүйек кеміруден өзгені білмейтін тірі өлік секілді.
263 Бұлар жұрттың Доусон асуы арқылы аттанғанын, одан көп өтпей қайта оралғанын көрген – және сол жолаушылардың бірде-бірінде мұншама ит болып па еді! Ал Арктикадағы жиһанкездердің бір шанаға он төрт ит жекпеуінің қисынды себебі де жоқ емес-ті: мұншама иттің азығын бір шанаға сыйғызу мүмкін емес қой.
264 Бірақ Хэл мен Чарльз мұны білмейтін. Олар бәрін қағаз бетіне қарындашпен есептеді: бәленше ит, иттің түгенше азығы, жолдағы осынша күн, – барлығы... Қарындаш қағаз бетінде ойқастап жүр, ал күйеуінің иығының тұсынан қарап тұрған Мерседес шікірейе бас изеді – бәрі де қарапайым әрі түсінікті нәрселер.
265 Өзі де, өзге иттер де ешбір серек қимыл таныта қоймады. Олар жолға шаршап, зорға шыққан еді. Бэк Тұзды Су мен Доусонның арасындағы жолды төрт мәрте өтіп үлгерген, енді әбден қалжырап, сіңірі шыққан өзін осынша ауыр сапарға тағы салуы оны қатты ызаландырған. Бұл бұған да, басқа иттерге де ұнамады.
266 Жаңа иттерде зәре жоқ, ал ескі, кәнігілері мына қожайындарға мүлде сенбеген. Бэк осы екі еркек пен бір әйелге мүлде үміт артуға болмайтынын іштей әлдебір түйсік арқылы жақсы түсінді. Қолдарынан түк келмейтін бұлардың күндер өте келе ештеңе үйрене алмайтыны айқындалып-ақ қалған.
267 Кештің жарымы о ғып, бұ ғып шатыр тігуге, жарты таң жолға жиналуға кетеді, ал шананы ешбір ойсыз, қолапайсыз тиейтіндері сонша, күні бойы тоқтап, жүкті қайта-қайта туырлауға тура келеді. Қайсыбір күндері он миль де жүріп үлгермейді, кейде тіпті орнынан да жылжи алмай қалатын кездері болады.
268 Әдетте Солтүстіктегі жолаушылар: иттерге қанша азық қорын алу керек, бір күнде орташа қанша жол жүру қажет деген сияқты нәрселердің бәрін есептеп алушы еді, ал бұларда бұның бірі де ескерілмеген-ді. Әуел бастан-ақ Хэл мен Чарльзге жолда иттерге азықтың жетпейтіні белгілі болған.
269 Ал Хэл көнбеген кезде иттерді оңашада қаптан ұрлаған балықпен өзі жарылқап тастайды. Бірақ Бэк пен оның жолдастары тамақтан бұрын демалысқа зәру еді. Және оларды өздері сүйреп келе жатқан жүктің ауырлығы да қатты діңкелеткен. Бұл да аз екен, артынша бұған аштық келіп қосылды.
270 Күндердің бір күні Хэл жолдың ширегіне жетпей ит азығының тең жартысы желініп қойғанын, ал бұл жақта оны алтынға да сатып ала алмайтындарын жайып салды. Сөйтті де иттерге күндіз беретін тамақ мөлшерін бірден азайтып, есесіне жылдамырақ жүруді ұйғарды. Әпкесі мен жездесі оған келісті.
271 Иттерге тамақты аз беру тым оңай болғанмен оларды тез жүргізу бәрібір қолдарынан келмеді, себебі қожайындардың салбөкселігінен таңертең жолға кеш шығады, сөйтіп көп уақыт босқа кетеді. Яки бұл адамдар иттерді ширата алмады, ал өздері жинақталуды білмейді. Алғашқы болып Даб құлаған.
272 Шығып кеткен жауырыны орнына салынбай, жағдайы бірте-бірте мүшкілдей берді де, ақыры оны Хэл үлкен кольтімен атып тастады. Солтүстікке басқа жақтан әкелінген иттерді жергілікті төбеттермен бірдей қарап тамақтан көбірек қағып жіберсе, аштан өлетінін мұндағылардың бәрі біледі.
273 Шындық өте қатал болып шықты. Мерседес иттерді аяп жылауды қойды – бұдан былай ол тек өзін ғана мүсіркеп егілетін болған және барлық уақыты күйеуімен, інісімен ұрысуға кететін. Шындығында, бұлар бір-бірімен салғыласудан ешқашан жалыққан да емес: қайсысының болмасын сіркесі су көтермей тұрады.
274 Суықтан сүмірейген олардың ауырмайтын жері де жоқ: бұлшық еттері де, сүйектері де, тіпті, жүректері де сыздайды. Есесіне таңертеңнен кешке дейін бір-біріне тілдерін безеп, ұрсысады да жатады. Мерседестің көзі сәл тайып кетсе болды, енді Чарльз бен Хэлдің өзі өзара тәжікелесе кетеді.
275 Әйткенмен, от жағылмайды, жатар алдындағы тамақ даярланбайды, иттер аш қалады. Мерседестің қыржиып-тыржиып, болмасқа дауыс көтеріп, долданып шыға келуі көбінде оның таза әйелдік мінезінен туындап жатады. Ол сұлу еді, нәзік еді, оған еркектер әрдайым серілерше қызмет ететін.
276 Бұл Чарльз бен Хэлге ұнамайды. Бірақ ол өз жынысының басты артықшылығы деп санайтын ұғымының бәрін қызғыштай қорғап жанындағыларды жалықтырып біткен. Ол шаршаған еді, ол өзін сырқатпын деп сезінген еді, сондықтан да енді иттерді аяуды қойып, шанаға шоқайып отырып алатын болған.
277 Мерседес сөйтіп күні бойы – иттер қалжырап, мұрттай ұшып құлағанша шанадан түспейді. Чарьлз бен Хэл оған: иттерге сәл жеңіл болсын, сен біраз шаңғымен жүрші деп өтінеді, жалынады, бірақ оны тыңдап жатқан Мерседес жоқ, алдымен екі өрнекті сабап-сабап алып, сосын Құдайды қарғауға кіріседі.
278 Осы маңайдағы бір малшының бұдан бір жыл бұрын аштан өлген атының терісі әйтеуір аз да болса ас орнына талғажау етуге жарайтын бірдеңе еді. Өзі қаңылтырдай қатып қалған. Иттер зорға дегенде бір кесегін жұтып, әлден уақытта асқазандарына бірдеменің қатты батып ауыртқанын сезіп еді.
279 Ал шамасы біткен мезгілде құлап түсіп, таяқпен немесе бишікпен ұрып тұрғызғанша жата береді. Кезінде жылт-жылт етіп, көрген көздің жауын алатын қалың жүні енді жалба-жұлба боп, өңі қашып әбден біткен. Үсті-басы кір-қожалақ, Хэлдің таяғы оңбай тиген жон арқасының әр жеріне қан қатыпты.
280 Бұлшық еттері өрілген талшық жіпке ұқсап, мүлде азып-тозған. Божырап, қатпарлана салбыраған терісінің астынан әрбір сүйегі арбиып-арбиып көрінеді. Мұндайда кез келген жүрек жарылып-ақ кетер еді, бірақ Бэктің жүрегі баяғыда қызыл свитерлі адам айтқандай темірден жаратылған ғой.
281 Олар да құр сүлдерін сүйретіп жүр. Өздері – Бэкті қосқанда жетеу ғана. Әлсірегендері соншалықты, бишік пен таяқты сезбейтін күйге түскен. Дәлірек айтқанда бұлар енді таяқ уытын соншама бұлыңғыр түйсінеді және айналадағының бәрін бейнебір алыстан естіп-білетіндей халде болады.
282 Аялдамаларда өздерін ағытып болғанша жол жиегіне әл-дәрменсіз сұлық түседі: сондайда соңғы демдері бітіп, жан-тәсілім еткен екен деп қаласыз. Ал таяқ пен бишіктің соққысы жауып кеткен сәттерде сол тіршілік оты аз-кем ұшқындағандай болады да, әзер көтеріліп тағы да ілби жөнеледі.
283 Енді Хэлдің тапаншасы да жоқ еді, сондықтан ол Биллиді балтамен бастан бір ұрып жайрата салды да, үстіндегі әбзелін шешіп алып, өзін жол шетіне сүйретіп тастады. Бэк мұның бәрін байқады, өзге иттер де көрді және бәрі де көп ұзамай-ақ бұл жағдайды өздерінің де бастан кешетінін түсінді.
284 Сөйтіп сәске ауғанша көзді қарықтырып күн шақырайып тұрады. Қыстың мүлгіген үнсіздігі түлеген өмірдің көктемгі дүбірімен алмасты. Дүр сілкіне шаттанған бүкіл дүние жайнап сала берді; ұзақ аязды айларда жансыздана сіресіп қалған нәрсенің бәрі қайта тіріліп, қозғалысқа түскен.
285 Әрбір төбешіктен су жүгіріп, ауада көзге көрінбеген бұлақтардың әуені құйқылжиды. Айнала төңірек жіпсіп, көктемгі самалмен тербеле шулап, тіршілікке асығады. Юкон кеудесін қысқан мұз құрсауды серпіп тастауға ұмтылады. Ол тоңды төменнен бұзса, үстіден күн шуағы қыздырып тұр.
286 Торнтон төмен қараған күйі сазарып отыр. Ол білетін еді: есалаңды есалаңдықтан сақтандырудан пайда жоқ. Әрі ақыр аяғында екі-үш ақымақ азая түссе дүние бүліне қалмайды. Әйткенмен, иттер ақырғанға да қарамастан, тұрмады. Олар таяқтамаса орындарынан көтерілмейтін халге баяғыда жеткен.
287 Пайк те қатты азаптанып тұруға әрекеттенген. Алдыңғы аяқтарына тұрған ол бір құлап, екі құлап барып, үшінші мәрте дегенде ақыры түрегелді. Бэк болса, тіптен, талпынған да жоқ-ты. Құлаған жерінде қыбыр етпестен жатыр. Ол денесіне бишік соққысы жауып бергенде қыңсылаған да, қарсыласқан да жоқ.
288 Орнынан тұрып кеткен Торнтон күмілжіп, ерсілі-қарсылы жүре бастады. Бэк алғаш рет бағынудан бас тартқан еді, бірақ осының өзі-ақ Хэлдің зығырданын қайнатуға жетіп жатқан. Ол бишікті лақтырып жіберіп, сойылға жармасты. Алайда алдыңғыдан ауыр, жаңа соққылар да Бэкті тұрғыза алмады.
289 Ол таянып келе жатқан ажалды бұлдырата болжаған. Шананы жағаға тарта бастаған мезгілде-ақ пайда болған ондай түйсік Бэктің санасында әлі жүр еді. Ол күні бойы табанының астынан жұп-жұқа, әлсіз мұзды сезініп, қазір қожайыны қайта қуғалы тұрған төңірекке тақала түскен апатты түйсінгендей болатын.
290 Таяқ үсті-үстіне жауған сайын оның соңғы демі де біртіндеп түгесіле түскендей-тін. Бэк өліп бара жатты. Өне бойының бір түрлі жансызданып қалғанын аңдаған. Ауырғанды сезінуден қалған ол өзін ұрып жатқанын бұлыңғыр ғана түйсінеді, тәніне тиген сойыл соққысын да аулақтан естігендей болады.
291 Бірақ сол дене өзінікі емес сияқты, осының бәрі әлдебір алыста өтіп жатқандай. Осы сәтте мүлде күтпеген жерден Джон Торнтон әлдебір хайуанның үніне ұқсас шыққан түсініксіз айқаймен сойыл ұстаған адамға тап берді. Хэл кескен ағаштың астында қалғандай болып мұрттай түсті.
292 Хэл белбеуінен өзінің ұзын аңшы пышағын жұлып алған. Мерседес біресе шыңғырып, біресе жылап, біресе күледі, қысқасы, әбден екіленіп алған. Торнтон Хэлді балтаның сабымен қолдан қағып жіберіп пышағын ұшырып түсірді. Жерден пышақты көтеруге ұмтылған Хэлдің қолына екінші мәрте соққы тиді.
293 Одан соң Торнтон еңкейіп, пышақты өзі алды да, Бэктің жетек жібін қиып жіберді. Хэлдің барлық жыны бу болып ұшып кетті. Оның үстіне өзінің қолына, анығында, иығына сұлай кеткен әпкесімен әуре болуға тура келген, және Бэктің енді қажеті жоқ – бәрібір өлгелі жатыр, шана тарта алмайды деп ұйғарған еді.
294 Арттан ілбіп Чарльз ілесіпті. Бэк олардың соңдарынан қарай қалыпты, ал мұның жанына тізерлей отыра кеткен Торнтон өзінің қарулы қолдарымен мұның әлдебір сүйегі сынғаннан аман ба деп аялай сипалап, тексеруге кіріскен. Ол тек иттің оңбай таяқ жегенін және соншалықты азғанына көз жеткізді.
295 Бұл кезде шаналар ширек мильдей алыстап кеткен еді. Адам мен ит мұз бетімен қыбырлап бара жатқан солар жаққа көз тіккен. Кенет бұлардың көз алдында шананың артқы жағы шұңқырға батқандай шоңқия кетті де, Хэл жармасқан сырықтың басы көкке көтерілді. Мерседестің зар қаққан үні естілген.
296 Желтоқсан айында Джон Торнтон аяғын үсітіп алғанда жолдастары оны тұраққа жақсылап жайғастырып, оңалғанша сонда қалдырды да, өздері өзеннің жоғары жағына ағаш даярлауға кеткен оны Доусон арқылы ағызды. Торнтон Бэкті құтқарып қалған кезінде аздап ақсап жүр еді де, күн жылына келе әбден айығып кетті.
297 Бэкті таңырқатқаны, осы иттер бұдан қожайынды да ешбір қызғанған жоқ, өзіне іштарлық та жасаған емес. Тәрізі, бұларға Джон Торнтонның қайырымдылығы мен кең пейілділігі дарыған сияқты. Олар Бэк оңалған кезде мұны кейде Торнтонның өзі де шыдамай қосыла кететін көңілді ойындарына тарта түскен.
298 Судья Миллердің үйінде, күн шуақты Санта-Клара алқабында ешкімді де дәл осыншалықты сүйіп көрмепті. Аңға шығып, алыс серуендерге бірге баратын судьяның ұлдарына жолдастықпен, оның кішкене немерелеріне биік тәкаппарлықпен, ал судьяның өзіне асқақ өрлігін жоғалтпай достық ниетпен ғана қараған екен.
299 Торнтон мұның жанын сақтап қалды – осының өзі-ақ талай жайтты аңғартса керек. Оның үстіне бұл адам тамаша қожайын еді. Өзге жұрт иттерін міндеті ретінде және өздеріне пайдалы болғандықтан күтеді. Ал Торнтон бұларға әкенің балаларын мәпелегеніндей ешбір есеп-қисапсыз қарайды – оның жаратылысы сондай.
300 Ол Торнтонды құдды зерттегендей, жүзіне тіктене қарап, оның аяғының астында сағаттап та жата алады. Ол қожайынының жүзіндегі әрбір өзгерісті, қалт еткен әрбір көңіл күйі табын жіті бақылайды. Ал кейде оның қимылын сырттау тұстан бақылап, иесінің бір бүйірінен немесе артқы жағынан қарап жатады.
301 Тұмсығы мен денесінде көптеген ит азуларының ізі қалған ол кейінгі айқастарда да сол баяғы кәрілігінен таймай, қазір бұрынғыға қарағанда тіптен әккілене түскен. Скит пен Ниг бейбітшіліксүйгіш, мейірімді иттер болатын, бұл олармен таласқан жоқ, – оның үстіне бұлар Джон Торнтонның иттері ғой.
302 Оны қорқақтық деп қабылдайды. Аяушылықтың артында ажал тұрады. Өлтір, әйтпесе өзің өлесің, же немесе сені жалмайды – тағы дәуірдің қағидасы осындай. Замана тереңінен өзіне дейін жеткен осы заңдылыққа Бэк те бағынды. Ол өзі өмір сүрген мезгілден, айналада өтіп жатқан кезеңнен ересек еді.
303 Иә, бұл қайда және не үшін баратынын ойланған да жоқ: әлгі сарынға қарсыласу да мүмкін емес-тін. Алайда Бэк жасыл орман саясында, жайлы көкмайсада жатқан сәттерінде Джон Торнтонға деген сүйіспеншілігі күшейе түсетін еді де, мұны әрдайым кейінге қарай, қожайын жаққан алауға қарай тартатын да тұратын.
304 Мұны тежейтін тек Джон Торнтон болатын. Қалған адамдардың барлығының да Бэк үшін бары мен жоғы бірдей еді. Кейде жолшыбай жолыққан саяхатшылар мұны еркелетіп, жылы сөздерін айтады, бірақ бұл оған назар аударған емес, ал әлдекім әбден ығыр қылатындай болса, орнынан тұрады да кетіп қалады.
305 Бэк Торнтон не бұйырса соның бәрін орындауға даяр еді. Бірде (ол жағдай бұлардың суға ағызылған ағаштан түскен ақшаға азық қорын жасап алып, Доусоннан Тананға өрлеген кездерінде болған) адамдар мен иттер үш жүз футтай төменде жатқан ашық тас алаңның тұсында серейіп тұрған құз-жартасқа жайғасты.
306 Бірде елірме мінезді, қатал Қара Бартон бардың ішінде жергілікті салттармен таныса қоймаған әлдебір жаңадан келген адаммен төбелес шығарып, оларға арашаламақ болып Торнтон киліккен-ді. Бэк қашанғысындай тұмсығын аяқтарына сүйеген күйі қожайынының әр қимылын бағып жатқан.
307 Бұл оқиғаның куәгерлері үруді де, ырылды да емес, – жоқ, жабайы гүрілді естіген еді. Әп сәтте ыршып, әуеге көтерілген Бэк Бартонның кеңірдегіне ұмтылған. Ырықсыздан қолын алға созған анау сонысымен де жан сақтап қалған еді. Бірақ Бэк оны аунатып тастап, астына басып алды.
308 Сол мезгілде бардың ішіндегілер түгелдей көмекке ұмтылып, итті қуып тастады. Дегенмен, дәрігер қанын тоқтатуға тырысып Бартонмен әуреге түсіп жүрген уақытта ызалана ырылдап айнала төңіректеген Бэк қайтадан Бартонмен жағаласа жөнелген, бірақ жұрттың қаптаған таяқтары кес-кестеп жолатпады.
309 Содан бастап оның даңқы көтерілді де, аты Алясканың барлық елді мекендеріне тарап кетті. Кейінірек, сол жылы күзде, Бэк әлгіден мүлде өзге жағдайда Торнтонның өмірін сақтап қалды. Үш жолдасқа ұзын да жіңішке қайықтарын қырқыншы мильдің қауіпті табалдырығы арқылы өткізу керек болды.
310 Ганс пен Пит кендір арқанның көмегімен қайықтың қозғалысын тежеп ағаштардың сыртымен жағада келе жатты да, ілгекті бақан ұстаған Торнтон жағалаудағыларға айқайлап нұсқау беріп қайықта отырған. Бэк те жағада қайықпен қатарласып салып келеді. Қожайынынан көз айырмаған ол қатты абыржыған еді.
311 Өзенге мейлінше кірігіп, судан сорайып шығып тұрған жақпар тастардың тұсындағы аса қауіпті жерге барғанда Торнтон қайықты ырғақ ілгегімен өзеннің ортасына қарай бағыттай берді де, Ганс арқанды босатып, қайық құзды айналып өткен сәтте қайта тарта қою үшін жағамен алға қарай оза жүгірді.
312 Арқанды тартқан Ганс оны тежеді, бірақ өте шалт қимылдаған еді. Қайық қатты жұлқудан аударылып түсіп, жағаға қарай төңкерілген күйінде жылжи бастады да, қатты ағыс Торнтонды табалдырықтың кез келген жүзгішке ырық бермейтін ең қауіпті тұсына қарай ағызып әкетті. Бэк сол мезетте суға секірген.
313 Долдана тасыған ағынмен үш жүз ярдтай жүзіп барып, Торнтонды қуып жетті де, Торнтонның қолы өзінің құйрығына жармасқанын аңдаған мезетте қуатты аяқтарын барынша сермеп, жағаға қарай жүзе жөнелді. Алайда өте баяу жылжыған еді: бұл бағытқа қарай жүзуге сұрапыл ағын бөгет жасады.
314 Ағын Бэкті төменге қарай әкеткен; су арынымен бірталай босқа арпалысқан оның кері бұрылуға да шамасы келмеді. Қожайынның екі қайталанған бұйрығын естіген ол оны соңғы рет көріп қалғысы келгендей судан көтеріліп мойнын биік созды да, айтқанды тыңдап, жағаға қарай жүзе жөнелді.
315 Сөйтіп олар жағаны бойлап, өзен ортасындағы Торнтон ілігіп тұрған жартастан әлдеқайда жоғары қарай жанұшыра жүгіре жөнелді. Жеткен бойда Бэкті қимылына кедергі келтірмейтіндей және тұншықтырып тастамайтындай етіп арқанмен шандып, суға түсіріп жіберді. Бэк өзеннің шет жағын ала жүзе жөнелген.
316 Ол өз қателігін өте кеш байқады: Торнтонмен қатарласқан кезде табандарын бірнеше ғана сермеп құзға жетіп те барар еді, бірақ ағын айдалаға сүйреп әкетті. Ганс сол бойда Бэк байланған арқанды тартып қалған. Бэк күтпеген жұлқудан батып кетті де, өзін жағаға алып шыққанша су астында қала берді.
317 Жоғары көтергенде шалажансар халде болғандықтан Ганс пен Пит оны дереу аяқтарынан тартқылап, қолдан демалдыруға кірісті. Бэк тұрды да, қайта құлап кетті. Кенет Торнтоның әлсіз даусы естілген, бұлар сөзін анық ести алмағанмен жедел жәрдемдеспесе оның мерт болатыны анық-тын.
318 Арқанмен қайта байланғаннан кейін тағы жүзген, бірақ бұл жолы өзеннің тура ортасымен салды. Бэктің бір мәрте қателесуі мүмкін, тек екі рет емес. Ганс арқанның ұдайы тартулы тұруын қадағалап ақырындап қана жазып, бірде босатып отыр, ал Пит оны түзеп қояды. Бэк Торнтонмен қатарласқанша жүзе берді.
319 Ол ойын жинақтай алмай тұрған адамша абдырып, жанындағы кісілерге алма-кезек тұнжырай көз сүзеді. Кенет оның назары кезінде өзіне жолдас болған жергілікті дәулеттілердің бірі Джим О Брайеннің жүзіне аялдай қалды. Сол итермеледі ме, Торнтонның басына бұрын келмеген бір ой орала кетті.
320 Киімдері аң терісінен тігілген жүздеген адам жартылай шеңбер жасап, шаналарды анадайдан қоршап иін тіреседі. Мың қадақ ұн тиелген Мэттьюсонның шаналары да қақаған аязда екі сағаттан бері тұр (сынап бағанасы нөлден төмен алпыс градусты көрсетеді), табандары әбден тапталған қарға сіресіп қалған.
321 Алайда бәсті өздері көтеріп алуға тілек білдірушілер табыла қоймады: Бэк мұндай ерлік жасайды дегенге ешкім сенбеді. Торнтонның нар тәуекелге бел буғаны да түсінікті болған. Оның өзі де осынау шаналар мен қарға аунап жатқан жегімдегі он итті көріп бұл батырлықтың мүмкіндігіне күмәндана түскен.
322 Қол алысамыз ба, қалай? Торнтонның жүзінен жанын қинаған қауіп табы аңғарылып-ақ тұрды, алайда оны ешбір есепке қаратпайтын һәм айқас дүбірінен өзге ештеңені естіртпейтін атойлаған арын мен діттеген нәрсеге жеткізбей тынбайтын жойқын желік билеген еді. Ол Ганс пен Питті шақырып алды.
323 Әйтсе де сол ақшаны ешбір іркілместен Мэттьюсонның алты жүз долларына қарсы тікті. Мэттьюсонның он иті ағытылды да, шаналарға өз әбзелімен Бэк әкеліп жегілді. Төңіректе салтанат құрған құмарлық оған да көшкен, ол іштей Джон Торнтон үшін әлдебір өте маңызды әрекет атқару керектігін түйсінді.
324 Жалға ұқсайтын мойны мен иығындағы түк тыныш жүрген кезінде де сәл қимылдан-ақ асып-тасыған күш-қайратын айғақтап тікірейіп шыға келеді. Алпамсадай кеудесі мен тегеуірінді алдыңғы аяқтары бүкіл дене бітіміне сайма-сай, ал тығыз бұлшық еті тері астынан бұлт-бұлт ойнайды.
325 Торнтон орнынан көтерілген кезде Бэк оның қолын тістей алды да, иесінің жұдырығын аранына салып бірталай ұстап тұрып әрең дегенде ақырындап босатты. Бұл оның тілсіз жауабы болатын, ол қожайынына деген сүйіспеншілігін осылайша білдірді. Торнтон анадай жерге шегініп барып тұрды.
326 Тұла бойын алапат күш кернеп, түк астынан бұдырлана көрінген өрім-өрім бұлшық еті бұлт-бұлт ойнайды. Апай төсімен жер бауырлап, басын алға созған, ал аяқтары әбден тапталған қар бетіне қос-қатар боразда салып зыр қағады. Ырғалып, қалшыл қаққан шана орнынан жартылай жылжып та үлгерген.
327 Қимыл біртіндеп қалыпқа келіп, шана ақыр аяғында екпінді түзеп жылдамдай түскен сәтте Бэк те іліп ала жөнелген. Осыдан бір минуттей бұрын ғана демдері бітіп қалғанын аңдамаған жұрт жеңілейе тыныстады. Ал Бэкті қақпайлаған Торнтон шана соңынан шаттана айқайлап жүгіріп барады.
328 Аспанға бөрік те, қолғап та атылды. Жиналғандар алдындағы адамның таныс-бейтаныстығына қарамастан бір-бірінің қолдарын қысысады, сөйтіп қуаныштың аяғы аласапыран у-шуға ұласып кетті. Ал Бэктің қарсы алдына тізерлеп отыра қалып маңдайына маңдайын тіреген Торнтон оны сілкілеп, жұлқылап қояды.
329 Алтынның соңына түсушілер көп еді, тапқандар некен-саяқ, ал іздеушілердің көпшілігі сол сапарынан оралмаған. Оны алғаш болып кімнің ашқаны да белгісіз еді. Талай қасіретке бастап, ертегіге айналған топырақ төңірегінде жұмбақ көп. Тіпті, ең ежелгі аңыздардың өзінде ол туралы ештеңе айтылмайды.
330 Қуаң, жабайы орындар оны сескендіре қоймайтын. Қалтасында бір шымшым тұз бен иығына асқан мылтығы болса жетіп жатыр, ормандар түкпірінде қанша жүргісі келсе, сонша жүреді. Оның тіршілігі үндістердікіне ұқсас, ешқашан де ешқайда асыққан емес һәм сапар кезіне азығын аңшылықпен табады.
331 Олардың шығысқа тартқан ұлы саяхаты кезіндегі азықтары да аңшылықтан түскен жас еттен тұратын еді, ал шанадағы жүктері – негізінен жабдықтар мен қажетті құрал-сайман, жоспарлары ұзақ уақытқа лайықталған болатын. Аңшылық, балық аулау, жаңа, бейтаныс орындарда адасу Бэкті алаңсыз сайрандатты.
332 Жалаңаш шың-құздарда, ормандар мен мәңгі қар шекарасында суық күн сәулесіне жылына алмай талай дірдек қақты. Шыбын-шіркейлер бұлты қаптаған жылы алаптарға түсті, көшпе мұздардың аясынан піскен қойбүлдірген мен әсемдігі жағынан Оңтүстіктің гүлдерімен тайталасатын гүлдерді терді.
333 Бірде мүлгіген орманда әлдебір сүрлеуге тап болды. Бұл өте ескі соқпақ еді – оларға тозған лашық тіпті қол созым жерде тұрғандай көрінді. Алайда осынау жалғыз аяқ жолдың қайдан басталып, қайдан аяқталатыны белгісіз еді – және мұны кімнің не үшін таптағаны да жұмбақ-тын.
334 Қираған заттар ішінен кезінде осынау күркені салып, көрпе арасына мылтығын тастап кеткен адамды еске түсіретіндей басқа ештеңе табылмады. Одан қайтадан көктем келді, бұлар ұзақ қаңғығаннан кейін ақыр аяғында аңызға айналған лашыққа емес, кең алқаптағы алтын топырағына кезіккен.
335 Кеннің молдығы сонша, шаятын науа түбіне сары майдай іркіліп қалатын еді. Үш жолдас кезуді доғарды. Бұлар күніне мың доллардың таза алтын құмы мен кесек алтынын шаймалауға кіріскен. Ал жұмыс күнде істеледі. Алтынды әр қалтаға елу фунттан бөліп, бұлан терісінен жасалған қапшықтарға салды.
336 Күндер көрген түстей зулай берді, ал қазына қоры үйілген үстіне үйіле түсті. Иттер мүлде іссіз қалған – тек анда-санда Торнтон атқан жабайы құстарды алып келеді, сөйтіп Бэк от жанында күні бойы ойланып жатады да қояды. Осынау бос сағаттарда көзіне әлдебір қысқа аяқты жүндес адам жиі елестер еді.
337 Сонау басқа дүниеде, тәрізі, үрей салтанат құратын болуы керек. Басын тізелерінің арасына тығып, алау қасында бүк түсіп ұйықтап жататын жүндес адамды бақылаған Бэк оның қатты мазасызданатынын, түсінде жиі шошынатынын, ал оянған сәтінде түн-түнекке үрке қарап, отқа тамызық тастайтынын аңдар еді.
338 Орман арасымен ың-шыңсыз өтеді – алдыда жүндес, артта Бэк. Екеуі де әрдайым аса сақ, құлақтары елеңдеп, танаулары желп-желп етеді, өйткені адамның да есту мен сезу қабілеті тура Бэктікіндей өте күшті. Жүн басқан адам жердегі жүйріктігіне сай ағашқа да тым шебер өрмелейді.
339 Өзін ағаш басында жерде жүргендей-ақ өте епті сезінеді. Бэк жүндес адам қолдарымен бұтаққа қатты жармасып ұйықтап тұратын ағаш түбін қорыған түндерін есіне жиі түсіреді. Бэкке елестейтін түкті адаммен тектес бұрынғыша қараңғы орман түкпірінен естілетін әлдебір сарын пайда болған.
340 Кейде сонау сарын естілетін орманға қарай жүгіріп, оны көзге көрінетін нәрседей сол жақтан іздейді, сөйтіп көңіл күйіне қарай кейде ақырын, кейде өршелене үреді. Тоғайдағы суық мүкке немесе биік шөп арасындағы ылғал топыраққа тұмсығын тығып, солардың иісін тұшынып, рақаттана түшкірінеді.
341 Осылайша қазір жеңімпаз түйсіктің құзырына бағынып алған. Кейде станда жылы жерде қалғып жатады да, кенеттен басын шалт көтеріп, әлденені тыңдағандай құлақтарын түреді, одан атып тұрып айдалаға қарай безе жөнеледі, сөйтіп орман арасында немесе жазық алаңқайда ерсілі-қарсылы сағаттап шапқылайды.
342 Бірде түн ішінде шошына атып түрегелді де, көздерін кең ашып, дірілдеген тұмсығын ауаға тосты. Түк терісі тік тұрып, одан жел тербеген толқындай жапырылды. Орманнан әлгі сарын алғаш рет ап-анық естілген. Бұл жегімдегі иттердің даусына ұқсайтын да, ұқсамайтын да күңірене ұлыған үн болатын.
343 Ақыр аяғында ашық алаңқайға тақалды да, ағаштардың арасынан басын қылтитып тұмсығын көкке көтере ұлып отырған үлкен арық қасқырды көрді. Бэк тырс еткен дыбыс шығармаған-ды, бірақ мұны сезе қалған қасқыр ұлуды кілт доғарды. Ол дұшпанның қайда екенін анықтауға тырысып ауаны иіскелеген.
344 Бэк құйрығын қайқайтып алып бұққан күйде айрықша сақтықпен табандарын санап басып алаңға шықты. Оның әрбір қимылында қатер бар еді, сонымен бірге бейбітшіл достығын ұсыну ниеті де жоқ емес-ті. Орман жыртқыштары дәл осылайша жолығады. Алайда Қасқыр Бэкті көрді де безе жөнелді.
345 Бэк оның соңынан қуып жетуге екілене құмартып аршындай ұмтылған. Ол оны жағалай тал-шілік қопасы жапқан кепкен бұлақтың жырасына қуып тықты. Қасқыр Джо мен басқа да иттердің тығырыққа тірелгендегі әдетінше артқы аяқтарына шоңқия кетіп, әбігерленіп, шыр айналды да қалды.
346 Ырылдап, жалын күжірейтіп, тістерін сақылдатты. Бэк шабуылдаған жоқ, қайта өзінің бейбіт ниетін қалайда байқатуға тырысып, көкжалды төңіректеп көп жүрді. Әйткенмен қасқырдың күдігі басым еді және Бэк өзінен үш еседей ірі, әрі бір бастай биік болғандықтан қатты үрейленді.
347 Қасқыр өте арық еді, әйтпесе Бэкке оны қуып жету оңайға түспесі анық-ты. Ол қашып бара жатып Бэктің басы бүйір тұсына іліккен кезде қорғана кету үшін орнында тұра қалып шыр айналады, бірақ алғашқы мүмкіндік туған сәтте салып ұрып жорта жөнеледі. Ақыр соңында Бэктің табандылығы ақталды.
348 Қасқыр Бэкпен ойнап болған соң бар қимыл-әрекетімен өзінің ешқайда асықпайтынын көрсетіп һәм Бэкті соңынан еруі керектігін байқатып әрі қарай бүлкілдей тартты. Екеуі ымырт қараңғылығында өзен арнасының бойын өрлей, одан түнерген тау сілемі басталған тұстан жоғары қарай қатарласа салды.
349 Енді ол өзінің орманда ұшырасқан ағайынымен бірге түсінде де, өңінде де естіген сонау құзыретті сарынға қарай бірге беттеп бара жатқанын білді. Санасында әлдебір ежелгі естеліктер жедел жаңғырып, кезіндегі елес іспеттес шындықты қабылдағанындай осы түйсікке де тезірек үн қатуға құмартқан.
350 Иә, дәл қазіргі құбылыс бұлдырап есіне түскеніндей, бұрын өзге бір дүниеде де басынан өткен болатын: бұл онда да дәл осылай еркін заулап келе жатты, аяғының астында жан баласының табаны тимеген жер, ал төбеде зеңгір көк төніп тұр еді. Бұлар су ішу үшін бұлаққа аялдаған.
351 Ол отырды. Қасқыр қайтадан сонау сарын естілген жаққа қарай сала жөнелді, бірақ Бэктің орнынан қозғалмағанын байқап кері оралды да, мұны қалайда ілестіре кетудің әрекетімен тұмсығымен түрткілеген. Алайда Бэк одан теріс айналып, баяу басып, келген тұстарына қарай қайта тартты.
352 Жабайы қандасы бір сағатқа таяу қатар жортып, ақырын ғана қыңсылаумен болған. Содан соң отыра кетті де танауын көкке көтеріп ұлуға кірісті. Бэк осынау қамыққан үнді әбден үзілгенше кетіп бара жатып ұзақ естіді. Джон Торнтон Бэк станға құстай ұшып келіп өзіне бас салған сәтте түстеніп отыр еді.
353 Соңынан бір елі қалмай, кенішке барса бірге барып, тамақ ішкеніне, кешке көрпе астына кіргеніне, таңертең одан шыққанына дейін бақылаумен жүрді. Әйткенмен арада осынау екі күн өткенде орманнан жеткен сарын Бэктің құлағына бұрынғыға қарағанда өткірірек һәм өктемірек естілген.
354 Қайтадан дегбірсіздене бастаған оның есіл-дертін таулардың арғы бетіндегі дүбірлі алқап туралы, ормандағы қандасы жөніндегі, онымен бірге ұшы-қиыры жоқ тоғай кеңістігінде қатарласа жортқаны жайлы ойлар ала берді. Сөйтіп қайтадан орманға қашуды бастады, бірақ жабайы бауырын кездестіре алған жоқ.
355 Бірде таныс су айрығы арқылы өтті де, қайтадан тоғайлар мен өзендер мекеніне жетті. Мұнда жыртқыш бауырласының ізін іздеп әуреге түсіп бір аптадай жүрген. Жолда өзі қаққан жабайы құс етімен қоректенді; сөйтіп еш бөгелместен жеңіл желіп алға қарай бүлкілдете салды да отырды, салды да отырды.
356 Ол арғы сағасы алыстағы теңізге ұласып жатқан үлкен өзеннен арқан балық аулап жүрді. Осы өзенде бір ірі қара аюды жарып тастаған. Аю да тура Бэк секілді осында балық аулап жүр еді, кенет жабылып кеткен қалың маса түк көрсетпей, долданған күйі жандәрмен орманға қарай безе жөнелді.
357 Торнтон арқасынан сипаған кезде Бэктің түгі бейнебір әр талының түбінен жасырын магниттік ұшқын шашырағандай сытыр-сытыр ететін. Оның бойындағы, денесі мен миының әрбір клеткасы барлық сіңірі мен бүкіл жүйке талшықтары біркелкі ғажайып ырғақпен толықтай тепе-тең, ширыға тіршілік етер еді.
358 Солтүстік тұқымдас иттер тез қимылдап, шабуылдан жылдам қорғанады. Ал Бэк мұны олардан екі есе жедел атқарады. Өзге иттер қимылды көріп, дыбысты естіп, мән-жайды ұғып болғанша Бэк барлық қимылды олардан бұрын жасап үлгереді. Бэк істі қабылдау, шешімге келу, әрекет етуді бір мезгілде орындайды.
359 Осынау үш сәт – қабылдау, ұйғарымға келу, қимылдаудың бірінен кейін бірі атқарылатыны белгілі. Алайда Бэк үшін бұлардың аралығындағы мезеттердің жоққа тән көрінетіні сонша, осының бәрі бір мезгілде өтетіндей болатын. Күш-қуатқа толы бұлшық еттері болат серіппе секілді жылдам, әрі дәл қозғалады.
360 Бірақ орманға еніп, адам көзінен тасалаған бетте оның бойындағы сонау мезеттегі үрейлі өзгерісті байқай алмаған-ды. Тоғайда ол мұншалықты маңғазданбайды, онда бірден жабайы жыртқышқа айналып, ағаштар арасында сыбдырын білдірмей мысықша бұға басып, ормандағы көп көлеңкеге астасып кетеді.
361 Құрды соншама ептілікпен ұясынан суырып ала салады, ұйықтап жатқан қоянды қағады, ағашқа шығудан бір мезет кешіккен ала тышқандарды қалт жібермейді. Бұдан қаптаған судағы балықтар да құтыла алмас еді. Тіпті өздерінің тұрақтарын жөндеп жатқан құндыздардың аса сақтығы да іске аспай қалатын.
362 Күзге қарай орманда бұлан көбейді – олар төмендегі жылылау алқапқа қыстау қамымен баяу жылжи көшіскен. Бэк табыннан қалып қойған бұзаулардың бірін ит сілікпесін шығарып қуды. Әйтсе де оның ірірек жемтікке түскісі келген еді де, бірде тілегеніне тау бөктеріндегі өзен сағасында ұшырасып қалған.
363 Оңай міндет емес-ті. Ырылдаған ит бұланның алдында еңгезердей мүйізі мен бір соққысы дарыса-ақ мұның жанын жаһаннамға жіберетін темірдей тұяғы тиіп кетпейтіндей ара-қашықтықта ойнақ салды. Осынау азулы періге арқасын беріп, тайып отырудың ыңғайын таппаған бұлан қаһарына әбден мінді.
364 Мұндай шыдамдылықты тірі жемтігін аңдыған жан атаулының бәрі көрсетеді. Қазір соны бір бүйірден соқтығып табынды бөгеп, жас бұқашықтарды ызаландырып, құнажындар мен бұзауларды үркітіп, жаралы көсемді қауқарсыз ашудан жарылардай етіп Бэк те жасады. Бұл әрекет тура жарты күнге созылған.
365 Осы сәттен бастап күндіз-түні жемтігінің қыр соңынан қалмаған Бэк жаралы бұланға бір мезет те тыныштық бермеуге айналды. Ол оған жас қайың мен қызыл талдың жапырақтары мен жасыл желегіне ауыз тигізбеді, өздері өткен бұлақтардың суын ішкізбеді, бұлан қатты қысқан шөлін баса алмай қор болды.
366 Жиі-жиі жан сауғалап тұра қашады. Бэк оны тоқтатуға тырыспайды, бірақ өзінің осынау ермегіне сүйсініп, артынан бір елі қалмай, ақырын ғана бүлкілдейді де отырады. Бұлан бір орнында тұрған мезгілде Бэк жата кетеді; анау оттауға немесе су ішуге ыңғай білдірсе бас салып, жағаласа жөнеледі.
367 Бұланның мүйізі тарам-тарам ағаш іспеттес алып басы бірте-бірте салбыраған үстіне салбырап, өзі сүйретілген үстіне сүйретіле берді. Енді ол тұмсығын жерге тіреп, құлақтары салбырап ұзақ меңірейіп тұруды әдет қылған, ал бұл мезгілде шауып барып шөл қандырып алған Бэк дамылдауға кіріседі.
368 Ауыр тыныстап, қызыл тілін салақтатып, еңгезердей бұланнан көз айырмай жатқан сәтте маңайдағы дүние өзгеше күйге түсе бастағандай көрінеді. Түйсінеді: айнала төңірек құбылып барады. Мұнда бұландармен бірге көзге көрінбейтін басқа да бір тіршілік иелері пайда болған сияқтанады.
369 Ақыр аяғында төртінші күннің соңына қарай кәрі бұланды титықтатып біткен. Бір күн, бір түн бойы жемтігінің маңайынан ұзамай, ішініп, тойынып алды да, соның қасында айналшақтап жүрді де қойды. Одан дамылдап, отығып алған соң Джон Торнтон есіне түсті де, желе жортып станға қарай бет түзеді.
370 Жоқ, ол жөнінде құстар сайрап, ақ тиіндер өзара күңкілдесіп, тіпті желдің өзі сол туралы гулеген. Бэк бірнеше мәрте аялдады, таңғы самалды иіскелеп, одан өзін жылдамырақ жүруге итермелеген хабарды аңдады. Әлде енді ғана таянып келе жатқан, не болып үлгерген жайсыз оқиғаның лебі дегбірін қашырған.
371 Үш мильдей өткен соң жаңа іздің үстінен түсіп, желке түгі тікірейіп кеткен. Іздер станға, тура Джон Торнтонға қарай бастайды! Бэк сақтықты бұрынғыдан да күшейтіп жөнеп берді. Бүкіл түйсік сезімдері ширыққан ол бәрін бірдей жайып салмағанымен талай жайттан хабардар еткен деректерді жіті қабылдады.
372 Мүлгіген орман өзінің тыныштығымен-ақ ішіне әлдебір қатерді бүгіп тұр. Құстар да үнсіз қалыпты, барлық ақ тиіндер де ғайып болған, Бэктің көзіне бір ғана нәрсе түсті: өзінің жалт-жұлт еткен сұрғылт сұлбасы кепкен сұп-сұр бұтақтармен астасып, ағаштардың бөлшегінше солармен біте қайнасып кетіпті.
373 Жер бауырлай жылжыған Бэк орман жолының аяғына шыққанда қадалған жебелерден жайраға ұқсап етпеттеп жатқан Гансқа тап болды. Дәл сол сәтте Бэк шырша бұтағынан жасалған өздерінің лашықтары жаққа басын бұрғанда назарына іліккен көріністен қатты тіксінді. Тұла бойы ызадан жарылып кетердей қалшылдаған.
374 Бір сәт бұрқ еткен долылық ақыл-айлаға ерік бермеді. Бэк естен айырылған еді, оған себеп Джон Торнтонға деген ғажайып махаббат болатын. Күркенің орнын айнала билеп жүрген ихеттер кенет өздеріне қарай заулап төніп келе жатқан бұрын-соңды кездеспеген аңның үрейлі ырылын естіді.
375 Бойын кек құмары билеген Бэк бұларға өртке тиген дауылдай соқтыққан. Ол ең жақын тұрған біреуді бас салып (ихеттердің көсемі-тін), кеңірдегін суырып алғанда қан фонтанша атқыды. Бэк құлап түскен үндіске қайта тиіспей келесісіне ұмтылып оны да алқымдап тастады. Енді оны тоқтату мүмкін емес-тін.
376 Сол тұста сұмдық үрейге бой алдырған ихеттер жын-шайтанға тап болдық деп бақырып-шақырып орманға қарай тұра безді. Бэк ағаш арасымен бұландарды қуғанындай өкшелеп бұлардың да іздеріне түскен сәтінде, расында да, дию-періге ұқсап кеткен еді. Бұл ихеттер үшін қарғыс атқан күн болды.
377 Ал бұларды қуудан шаршаған Бэк бос қалған станға қайта оралды. Ол ұйқыда жатқандықтан әлгілер көрпесінің астынан шығып үлгертпей өлтіріп кеткен Питті тауып алды. Айнала төңіректе Торнтонның аянбай шайқасқанын әйгілеген белгілер сайрап жатыр. Бэк сол іздерді жағалай иіскелеуге кіріскен.
378 Іздің шеті терең тоғанның жағасына алып келді. Жиектегі суға басы мен алдыңғы аяқтарын сұғына, қожайынына адалдық танытып, ең соңғы сәтке дейін ұзамаған Скит жатыр. Кен шаймаланғандықтан лайланып кеткен балдырлы тоғанның түбінде не бар екені белгісіз. Ал онда Джон Торнтон жатыр еді.
379 Ол Джон Торнтонның өлгенін, енді қайтып келмейтінін түсінді де, құлазып сала берді. Бұл аштық секілді түйсік екен, бірақ азынаған осы бостық жанға бататын сияқты, ол қуысты ешбір азықпен толтыра да алмайсың. Аталған сырқаттың аялдап ихеттердің өлігіне қараған кезде ғана басылатынын аңдады.
380 Өйткені бұл ең асыл аң – адам өлтірді ғой, түптеріне сойыл мен азу заңы бойынша жетті. Өліп жатқандарды тамсана иіскелеген. Сөйтсе, адам өлтіру оп-оңай көрінеді! Әшейін итті өлтіруден де жеңіл. Жебелері мен найзасы және сойылдары болмаса олар мұнымен, мына Бэкпен күш сынасуға дәрменсіз екен.
381 Ол орнынан тұрды, айналаға құлақ түріп, ауаны иіскеледі. Алыстан әлдебір әлсіз, бірақ өте анық ұлыған үн естілді. Одан оған тұтас хор қосылған. Ұлу біртіндеп күшейе түсті де, сәт сайын тақала берді. Бэк қайтадан бұл дыбысты өзінің сана түкпірінде сақталған өзге бір әлемде естігендей болады.
382 Джон Торнтон өлген. Соңғы дәнекер үзілген. Бэк үшін оның талаптары мен құштарына ие болатындай адам енді жоқ. Үндістерге ұқсап тірідей олжа қаққан қасқырлар үйірі көшкен бұландардың ізіне түсіп, ормандар мен өзендер шетімен өтіп бара жатқанда Бэктің алқабына тап болған-тын.
383 Ол бұрынғысынша, бірталай уақыт қалт етпестен тұра берді, ал оның сырт жағында жанталасқан қасқыр дөңбекшіп жатты. Одан соң тағы да үш көкжал кезек-кезек шабуылдауға тырысқан – бірақ бәрі де қанға боялып кеңірдегі немесе иығы жұлмаланып кері серпілді. Ақыр аяғында Бэкке бүкіл топ жабылды.
384 Жемтікке құмартқан бөрілер оған бір-бірін кимелеп иін тіресе ұмтылған. Алайда Бэктің керемет әккілігі мен ептілігі көмекке келді. Азу мен тырнақты іске қосып, артқы аяқпен шыр айналған ол басқыншылардан қорғанып бақты. Әлгілерге сырт жағын беріп қоймау үшін шегінуіне тура келген.
385 Ол тоғаннан ұзап, кепкен өзеннің арнасына іліккенше шегіншектей берді. Сөйтіп биік жарға тірелді де, одан өтіп алғаннан кейін қожайындары шаймалауға құм алып жүрген орға дейін жетті. Бұл тұста үш жағынан бірдей қорғанып алған болатын. Енді жауды тек маңдайдан тойтару ғана қалған-тын.
386 Мұны ойдағыдай атқарғаны сонша, қасқырлар жарты сағаттан кейін әбден абдырап, кейін ысырылды. Тілдері салақтап зорға демалады. Алмас азулары ай жарығында жылт-жылт етеді. Біреулері тұмсықтарын көтеріп, құлақтарын тікірейткен күйі жата-жата кетісті. Екіншілері Бэкті аңдып тұр.
387 Бір мезгілде ірі, арық қасқыр ақырын басып алға шықты. Қимылынан достық пейілі айқын байқалады, – сонда ғана Бэк тәулік бойы орман арасында қоса жортқан жабайы бауырын таныды. Көкжал ақырын ғана қыңсылады да, Бэк те оған дәл солайша жауап қатты; сөйтіп өзара иіскелесе бастаған.
388 Бұдан кейін Бэкке таласудан тұла бойында сау тамтығы қалмаған тағы бір кәрі қасқыр таяу келді. Бэк бастапқыда тісін сақылдатқанымен, онымен де иіскелесті. Осынау салтанаттан соң қарт қасқыр шоқиып отырды да, тұмсығын айға көтеріп созылтып ұли бастады. Қалғандары да сөйткен.
389 Бұл да отыра қалып ұли жөнелді. Бәрі тыншыған мезгілде қорғанған орнынан шықты да, мұны қоршай алған бүкіл үйірдің тең жартысы достықпен, екінші бөлігі жауыққан түрде жағалай иіскелеуге кіріскен. Көсемдер ұлуды тағы жалғастырып, орманға қарай жөнеді. Соңдарынан ілескен бөрілер де қосыла ұлып келеді.
390 Жабайы туысына еріп Бэк те жүгіріп берді. Ол да жортқан бойда ұлып қояды. Осымен Бэк туралы әңгімені аяқтаса да болар еді. Арада біраз жылдар өткенде ихеттер ормандағы қасқырлар тұқымының едәуір өзгергенін аңдаған. Басы мен тұмсығында қоңыр дағы, омырауында ақ жолағы бар көкжалдар ұшыраса бастады.
391 Ең кереметі, ихеттердің айтуынша, қасқырлар үйірін Ит Рухы бастап бара жататын көрінеді. Бұлар осы иттен қатты қаймығатын еді, өйткені ол айлакерлеу. Қақаған аяздарда қорларын ұрлайды, қақпандағы олжаларын алып кетеді, иттерін жеп қояды және ең жаужүрек аңшылардан да сескенбейді.
392 От басында сол алаңды Жын-Шайтанның баспана қылып алғаны туралы әңгіме басталғанда олардың әйелдерінің жүзін мұң кіреукелейді. Ихеттер бұл алқапқа жазда бір орман жыртқышының соғатынын білмейді. Ол – өзге бөрілерге ұқсайтын да, ұқсамайтын да, түгі жалтылдаған алып қасқыр.
393 Мұнда тоз-тозы шығып, ішінен жерге алтын құм сорғалаған бұлан терілі қаптар жатыр. Араларынан сорайып өскен биік шөп алтынды күн көзінен көлегейлеп тұрады. Таңғажайып қасқыр осында бірталай уақыт ойланған пішінмен отырып, құмыққан үнмен ұзақ ұлып-ұлып, ақырында кетеді. Кейде топпен де келеді.
394 Соншама көз жетіп тұрған ақиқат құптауды қажет етпейтін еді. Басқа шешім де жоқ-тын. Алда із түспеген екі жүз миль жол жатыр, азық небәрі алты-ақ күнге жетеді, ал иттерге мүлде ештеңе қалмаған. Екі аңшы мен бір әйел отқа таяулау отырып, азын-аулақ таңғы астарын ішуге кірісті.
395 Иә, бейнебір су таулары біресе жоғары, біресе төмен атқылап жатқандай жаман су, асау су. Және қандай көп өзі, қаншама жүруге тура келеді соның бетімен! Он ұйқы, жиырма ұйқы, қырық ұйқы жүресің, – Мэйсон ойын түсінікті жеткізу үшін күндерді саусағымен санай бастады, – және өне бойы су, жаман су.
396 Кәне, жөнел! Мэйсон бишікті ептілікпен шарт еткізді де, иттер ақырын қыңсылап сырма қайыстарын кере бастағанда бұрма сырықты тіреніп, қатыңқырап қалған шананы орнынан жылжытты. Оның соңынан екінші жегіммен Руфь ілескен, ал мұның қозғалуына жәрдемдескен Мэйлмют Кид керуеннің ең артында келеді.
397 Ақыр аяғында төзімі ақталып, ауырсына қыңсылаған иттер өз бауырластарын қуып жету үшін митыңдай жөнеледі. Әңгіме тыншыған. Қиын жол ондай әуестікті көтере бермейді. Солтүстіктегі сапар – аса ауыр да азапты еңбек. Дәл осындай, әрі тапталмаған жолдың бір күніне үндемей төзген адам ең бақытты адам.
398 Ал тыңнан жол салудан өткен қиямет-қайым да жоқ шығар. Тоқыма жалпақ шаңғылар қадам басқан сайын батып кетеді де, аяқ омбы қарға тізеге дейін бір-ақ сүңгиді. Одан сирақты абайлап суыруың қажет – шаңғының беті қардан тазаланып біткенше тіп-тік күйде шығарып ала алмасаң пәлеге қалғаның.
399 Ымырт жабыла бастаған сәт еді, Аппақ Тыныштықтың мысы басқан жолаушылар үн-түнсіз тыңнан жол салып келе жатты. Табиғаттың адамды тәубесіне түсіретін тәсілі көп: үздіксіз түрде алма-кезек ауысатын судың тасуы мен қашуы, түтіккен борандар, жер сілкінісінің сұмдықтары, көк зеңбірегінің найзағайлары.
400 Сөйтіп адам ажал аузында тұрғандай үрейленеді. Жаратушының, бүкіл әлемнің алдындағы қорқыныш билейді, мұнымен қатар дәрменсіз материяның жандалбаса әрекеті оянады – тіршілік үміті тұтанып, мәңгілік ғұмырды арман-дайды, міне, осындайда кісі Құдаймен бетпе-бет оңаша қалады.
401 Ақыры тырбана-тырбана шана да жағаға шықты-ау. Алайда көсем ит жегімді оңға қарай жұлқып қалды да, шана Мэйсонның шаңғысына соқтықты. Іс насырға шапқан: Мэйсон сүрініп жығылды, жетек қайыстарға оратылған бір ит құлады, сөйтіп шана барлығын ала-мала төменге қарай домалап кетті.
402 Мэйсон серігі сөйлеп біткенше шыдады, – бұдан соң ұзын бишік кінәлі итті қайтадан шықпыртты. Кармен, – бұл сол еді, – жалбарына қыңсылап қар астына бұға берді, одан бір қырына аударылып түсті. Бұл жолаушылар үшін аса ауыр да, сонша көңілсіз сәттер-тін: ит өлгелі жатыр, екі дос салғыласып тұр.
403 Руфь екеуіне кезек-кезек жалынышты түрмен қарайды. Бірақ Мэйлмют Кид көзінде аяныш табы ұялағанымен сыр алдырмауға тырысып, еңкейе берді де сырма жіптерді қиып жіберді. Ешкім тіс жармаған. Жегімдер қосарластырылды да, асу алынды; шаналар қайтадан жолға түсті. Кармен артта зорға сүйретіліп келеді.
404 Бұлар төмендегі қалың тал-шілік арасымен өтіп келе жатқан. Сонадай жердегі елу футтай аралықта бір кәрі қарағай сорайып тұрған-ды. Тағдыр осында ғасырлар бойы серейген оның күнін осы сәтте бітіруді, – бәлкім бұған қоса Мэйсонға да дәл сондай жазмышты ойластырып қойған екен.
405 Ол башмағының босап кеткен бауын байлауға аялдаған. Шаналар тоқтады, иттер де дыбыр етпестен қарға жата кетті. Төңіректе қатерлі тыныштық тұр, ақ көрпеге оранған орман ішінде селт еткен қозғалыс жоқ; аяз бен үнсіздік жүректі мұздатып, табиғаттың діріл қаққан демін буып тастаған.
406 Кенет ауа тыныс алғандай болды; маңайдағылар оны естіген жоқ, анығында, осынау мүлгіген кеңістіктегі қимылдың жаршысы деп сезінген сияқты. Осы сәтте жылдардың ауыртпалығы мен қардың салмағынан иілген алып ағаш адам өмірін қасіретке бастаған өзінің ақтық міндетін атқарды.
407 От жағылған, отынға бақытсыздыққа себепші әлгі ағаш бұталды. Алаудың үстін ала жылуды сақтап төменге серпу үшін қарабайыр шымылдық тартылды: бұл физиканы табиғаттан үйренген адамдарға әбден белгілі әдіс. Ажалмен талай мәрте бетпе-бет келіп көргендер оның белгісін бірден таниды.
408 Мэйсон оңбай мертіккен еді. Бұл бір қарағаннан-ақ байқалып тұрған: оң жақ қол, сан мен бел омыртқа сынған; аяқ жансыз; іш құрылысының да істен шығуы ықтимал. Тек бейшараның анда-санда ыңырситыны ғана оның әлі тірі жатқанын айғақтайды. Үміт үзілген, енді ешқандай қайран жоқ.
409 Руфьті қайтадан тайпасына қайтара көрме, Кид. Онда өте қиын болады оған. Өзің ойла: төрт жылға таяу бізбен бірге бұршақ, бекон, нан, кепкен жеміс жеді, – осыдан кейін қайтадан балық пен бұлан етіне қалай көшеді! Жеңіл өмірге дағдыланып алып қайтадан ескі тұрмысқа көшу оңай ма.
410 Руфь қайтадан күйеуіне келді, ал бас сүйегі балтамен мылжаланған иттердің бірін мүшелеп жатқан Мэйлмют Кид буы бұрқыраған етті бөлшектеп шауып алды. Ол барлық етті сенімді жерге жасырды да, тері мен ішек-қарынды өлген иттің өз серіктеріне тастады. Таңертең басқа машақаттар басталған.
411 Қыңсылап, жерге кенедей жабысып алған иттер Карменнен жалғыз-түйір сүйек, бір уыс түк қалмаған кезде ғана тұс-тұсқа тұра безді. Мэйлмют Кид қайтадан қиялымен Теннесиге ауысып, тағы да өзінің ағайындарына әлдебір түсініксіз уағыздарын сандырақтаған Мэйсонға құлақ түре жүріп, шаруасына кіріскен.
412 Қарағайлар жақын тұр еді, Мэйлмют Кид ісін шапшаң атқара бастады: Руфь оның аңшыларша азық қорын құнулар мен иттерден қорғайтын қойма жасап жүргенін аңдады. Ол қатар тұрған екі жас қарағайдың басын төмен иіп, бұғы терісінен жасалған қайыстармен байлап, жерге тартып қойды.
413 Бұдан соң бишіктің көмегімен иттерді тыныштандырып, шаналарға жекті де, көлікке Мэйсон оралған теріден басқаның бәрін тиеді. Жолдасын қарағайдың басына қайыспен шандып бекітті. Енді пышақпен бір осып жіберсе жетіп жатыр – қарағайлар түзеледі де, денені биікке бір-ақ көтереді.
414 Руфь күйеуінің ақтық сөзін тапжылмай тұрып тыңдады. Байғұсты мұндай тәртіпке үйретудің қажеті жоқ-тын. Ол баяғы қыз кезінен-ақ тайпасындағы барлық әйелдермен бірге бүкіл тірлікті Жаратушының алдында, жолынан кесе-көлденең өтуге тыйым салынатын еркектердің алдында тізе бүгіп дағдыланған.
415 Кид қош айтысар сәтте күйеуінің бетінен сүйген Руфьті жұбатып жатпады, – оның халқы мұндай салтты білмейді, – бұдан кейін әйелді алдыңғы шанаға қарай апарды да, шаңғы киіп алуына жәрдемдесті. Әйел қарап та әуреленбестен сырықты шап берді де, иттерге қарай бір сілтеп, жолға түсті.
416 Аппақ үнсіздіктің мұңды ойларыңмен оңаша қалу оңай емес. Түнек тыныштығында мейірім бар, ол адам жанын жұмбақ жанашырлығымен жылытатын сияқтанады, ал мұз құрсанған аспан астындағы мөлдіреген таза да, аяз қарыған Аппақ Тыныштық аямайды. Бір сағат өтті, екі сағат – Мэйсонды ажал алмады.
417 Талтүсте жиектен көрінбей кеткен күн көк жүзін қызғылт нұрға малшындырды да, ұзамай ол да сұрғылт тартты. Орнынан тұрған Кид өз-өзін зорлағандай Мэйсонның қасына келді де, жан-жағына алақ-жұлақ қарады. Аппақ Тыныштық оны бейне бір тәлкек қылып тұрғандай еді. Бойын үрей билеген.
418 Екеуміздің қайсымыз дайындаймыз пуншты: сен бе, мен бе? – Бұрқыраған бу арасынан Мэйлмют Кидтің жайдарлана күлгені көрінеді. – Менімен бірге осы елде тұрып көр, ұлым, сөйт те күн сайын тек қақталған бұлан етін же, сонда ғана рождествоның жылына бір-ақ рет келетінін жақсы түсінетін боласың.
419 Туабітті әңгімеші Мэйлмют Кид осы бір солтүстік Лохинвардың шынайы тарихын майын тамыза баяндауға кіріскен. Және оған құлақ түрген әрбір шырғалаңқұмар жиһанкез әңгімеші жүрегін мұндағы аяз бен ажалмен пайдасыз күрестен гөрі Оңтүстіктің күнгей өңіріне деген бұлдыр сағыныш сыздататынын сезінер еді.
420 Олардың азықтары мол болсын, тамақтарын ит жеп қоймасын, шақпақтары ылғал тартпасын! Кенет құлаққа таныс үн – бишіктің сартылы, жегілген иттердің қыңсылы, жұпыны баспаналарының қасына сықырлай тоқтаған шананың дыбысы жеткен. Әңгіме кілт тыйылды, бәрі жүргіншінің кіруін күтті.
421 Ақыр аяғында есік қағылды – шалт, әрі нық. Жолаушы кірді. Көзі жарыққа шағылысқан ол бір сәт табалдырықта тосылып тұрып қалды да, оның келбеті іштегілерге анық байқалды. Өзінің полярлық аң терілі киімімен өте сұлу көрінген: алты футтай бойы бар, кең иықты апайтөс адам екен.
422 Қасқыр терісінен тігілген күләпарасын серпіп тастаған ол түн түнегінен пайда бола кеткен қар патшасына ұқсап кеткен. Сырт киімін буынған маржан тасты белдігіне екі үлкен кольт пен аңшы пышағы қыстырылыпты, ал қолында әдеттегі бишікпен бірге жаңа үлгідегі ірі калибрлі мылтық жүр.
423 Таңырқаушылардың күбірі толқып өтті: қатқан өзен арқылы он екі сағат ішінде жетпіс бес миль өту оңай ма! Ұзамай әңгіме ортақ ауанға ауысты, көпшілік балалық шақтарын еске түсіруге айналды. Жас адам өзінің аз ғана кешкі асын іше бастағанда Мэйлмют Кид оның бет пішінін мұқият зерттеуге кіріскен.
424 Сағат мүйізденген бір қолдан екінші қолға өтті. Қақпақтың ішкі жағына бала көтерген әйелдің суреті жапсырылған еді – мынандай еркектерге ұнайтын монтиған, біртоға әйел. Осынау кереметті көруге әлі кезек жете қоймағандар тықырши тағатсызданып, ал көріп үлгергендер терең ойға шомған.
425 Сурет туғызған әсер басылды. Алаңсыз думан көп ұзамай-ақ бейнетті жылдардың мұң-мұқтажын естен шығарған. Тек Мэйлмют Кид қана көпшіліктің ойын-сауығына араласа қоймай, абыржып, сағатына қарағыштай берді; ақырында құндыз малақайы мен қолғабын киіп үйден шықты да, шошаланың ішін ақтара бастады.
426 Одан соң аяғыңызды кебу ұстаңыз, – деп кеңес берді Мэйлмют қоштасарда. – Аяз елу жеті градустан аспаса тоқтамаңыз. Ал сынап бағанасы бұдан төмендей бастаса от жағып, шұлығыңызды ауыстырыңыз. Арада он бес минут те өткен жоқ, қоңырау сылдыры жаңа меймандардың келіп қалғанынан хабардар етті.
427 Есік ашылды да, корольдік солтүстік-батыс атты полициясының офицері кірді. Қасына ерткен ит айдаушы екі метисі бар. Үшеуі де Уэйстондэйл секілді бастан-аяқ қаруланып алған және бұлар да қалжыраған сияқты. Жергілікті метистер ауыр жолды біршама жеңіл өткергендей, ал жас полисмен әбден діңкелеген.
428 Бәрі Мэйлмют Кидтің үлгісімен сыр бермеуге тырысқан. Жас офицер айнала отырғандардың түрінен ештеңе оқи алмады. Ол Принске бұрылып әлгі сұрағын қайталады. Анау өз отандасының жарқын да байсалды жүзіне қарап тұрып өтірік айтуға қысылса да жол жағдайына қатысты түсініксіз бірдеңені міңгірлей салған.
429 Полисмен қажу мен ашудан естен тануға шақ қалып теңселіп кетті де, Доусонмен екі аралықты он сағатта өтіп иттердің әбден діңкелегені туралы әлденені айтып мыңғырлады. Мэйлмют Кид оған бір саптыаяқ пуншты қысап ішкізді. Бұдан соң полисмен есікке қарай беттеді де, айдаушыларға соңынан еруді бұйырды.
430 Кид мысқылдай жымиып, мол қару-жарақтарына қарай селқос көз тастаған. Ағылшын өзінің дәрменсіздігін мойындап, қайтадан есік жаққа бұрылды. Айдаушылар әлі де өзара дауласып тұрған, бұл енді қатынсыңдар, қорқақсыңдар деп соларға дүрсе қоя берді. Жасы үлкен метистің қоңырқай жүзі ашудан қызарып кеткен.
431 Алайда өзі қатты қиналғанын жасыра алмаған еді. Қар бетінде жартылай қатып, бүрісіп жатқан иттерді тұрғызу мүмкін болмады. Байғұс мақұлықтар бишік астында қалып қыңсыл қақты. Тек жегімнің көсемі Бабеттаның қайыс сырмаларын кесіп тастаған соң ғана шаналарды қозғап, жолға шығудың сәті түсті.
432 Уэйстондэйл Серклде қалып, діңгенемен ауырып қалған серігіне қарайлап жүрген кезде әлгі ақшаның бәрін Мак-Фарлэнде қартаға салған. Келесі күні оны қар үстінде өліп жатқан жерінен тауып алады. Сөйтіп байғұс Джектің қыста әйелі мен өзі әлі көрмеген баласына барсам деген арманы желге ұшты.
433 Екі кішкене ұл құрсақтарының бостығын ұйқы кезінде ұмыта тұрар деген үмітпен көрші бөлмеге ертерек жатуға жайғастырылған еді. Әйелі асқа жолаған жоқ, күйеуіне сонадайдан мұңдана қарап, үн-түнсіз отыр. Ажары тая қоймағанмен арық, жүдеу-жадаулау бұл әйел – жұмысшының қызы.
434 Терезе түбінде қирағалы зорға тұрған орындыққа ауыр салмағымен сықырлата отырған Том Кинг езуіне үйреншікті дағдысымен трубкасын қыстырып, жан қалтасына қол салды. Одан темекінің жоқтығы есіне түскенде өз-өзін ұмытшақтығы үшін бір сыбап алып, түтікшесін былай ысырып қойды.
435 Қимылы сылбыр, тіпті ебедейсіз еді – сырт қарағанда буылтық-буылтық бұлшық етінің салмағынан қорлық көріп жүрген кісіге де ұқсап кетеді. Бұл өзі өте сұсты, аса айбарлы адам болатын; түр-тұлғасын тым тартымды деуге келе қоймайды. Үстіндегі ескі киімі іле салған қапша салбырап тұрады.
436 Том Кингтің кәсібін оның түрінен-ақ жазбай тануға болады – кескіні нағыз кәнігі боксшынікі. Шаршы алаңдағы ұзақ жылғы жұмысы бойына әлдебір айқасқа әзір тұратын жыртқыштың сақтығын дарытқан. Осынау түнеріңкі адамның жақтары барлық сықпыты мейлінше айқын көрінсін дегендей мұқият қырылған.
437 Домбыққан қабақ пен жүндес қастың астындағы көздерінің де тым баяу қозғалатыны сондай, тіпті, тіршілік белгісі жоқ па деп қаласыз. Иә, Кингтің сырт келбетінен әлдебір жыртқыштықтың белгісін, әсіресе, ұйқылы-ояу көзінен шайқасқа түскелі тұрған арыстанның мінезін анық аңдар едіңіз.
438 Дегенмен, ол ешбір қылмыскер емес-тін, және ешқашан бұзақылыққа барып та көрмеген. Кейде әлдекімдермен сөзге келіп қалатын кезде кездеседі – бұл оның ортасында үйреншікті нәрсе, ал жалпы өзінің жан баласына зияны тиген емес. Мұның ұрыс-керіс шығарған сәтін ешкім көрмепті.
439 Том Кинг кәсіпқой боксшы болатын, сондықтан барлық жауынгерлік кәрін кәсіби сайыстар үшін сақтайды. Рингтен тысқары жерлерде ол мүлде сылбыр, жуас адам, жас шағында ақшаны көпіртіп ұстаған кездерінде оны өз жағдайына қарайламастан мырза қолымен өзгелерге тарататын әдеті бар-тын.
440 Шаршы алаңдағы ұрыстар – бұл үшін күнкөріс көзі. Рингте соққыларын қарсыласын қаусатып, жарадар етіп, қатардан шығару үшін жасайды, бірақ сонысының өзінде өшпенділік деген болмайды. Бұл оның әдеттегі шаруасы. Көрермендер қарсыластардың бір-бірін қалай құлататынын көруге келеді.
441 Білегінің ішкі жағында жуан қан тамырлары адырайып тұр, ал саусақтарының жапырайған ұсқынсыз буындары өздерінің атқарып жүрген қызметтерінен сыр аңдатқандай. Том Кинг адам ғұмыры оның күре тамырының тіршілігі дегенді естіген емес, бірақ оған осынау ісінген, жуан тамырлардың мәні жақсы таныс болатын.
442 Оның үстіне бұл алдағы шайқасқа ойдағыдай дайындала алмай жүргенін білетін-ді. Биылғы жыл Австралияда қуаң болды да, жұрттың бәрінің жағдайы мүшкілдеп, кездейсоқ жұмыс табудың өзі мұң болып кетті. Томның бірге жаттығатын әріптесі жоқ еді, әрі нашар ауқаттанатын. Тойып тамақ ішкен сәті сирек.
443 Кинг бас киімін алып есікке қарай беттеді. Ол әйелінің бетінен өпкен жоқ, – қоштасарда ешқашан сүймейтін еді, – бірақ бұл жолы өзі сүюді ұйғарған зайыбы оны қос қолдап мойнынан қысып басын еңкейтті; әйел алып денелі күйеуінің жанында тіпті шүйкедей ғана болып көрінген еді.
444 Мен оны еңсеремін, бар жоғы сол ғана. Ол жорта жайдарылана күлді. Ал әйелі мұны әлгісінен де қаттырақ құшақтай түскен. Бойы сорайған бұл жұбайының иығынан асырып жұпыны бөлмеге көз тастады. Өзінің дүниедегі барлық жиған-тергенінің бәрі осы-ақ: көптен бері ақысы төленбеген бөлме, әйелі мен балалары.
445 Бұл жан серігі мен бүлдіршіндерін асырау үшін осыларды тастап, түн қатып жолға шығар еді, бірақ табысты станогына беттеп, бірыңғай жанкешті еңбегімен табатын жаңа заманғы жұмысшыдай емес, ежелгі алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегідей жыртқыштық жолмен – айқаспен келтірер еді.
446 Оларды жеңу себебі де түсінікті сияқты: қан тамырлары адырайған, буындары мылжа-мылжа, қисапсыз шайқастардан әбден әлсіреген адамдар болатын. Раш-Каттерс Бэйде ол сегізінші раундта кәрі Стоушер Биллді соққыға жығып, тізе бүктіргені есіне түсті, сонда ол шешінетін орнында балаша жылап еді.
447 Мұны жасамыстарға қарсы шығаратын еді де, бұл оларды, мәселен, шешінетін орында Стоушер Биллдің жылағанындай күлкі етіп, бірінен кейін бірін шақ келтірмей жайпап шығатын. Міне, бұл да қартайды, енді жастар мұның өзін күштерін сынайтын нысанға айналдырған. Мысалы, анау Сэндл сайыпқыранды алайық.
448 Кинг болса үй иесі мен ләпкешілермен есеп айырысатын отыз фунттан артық ештеңе ұта алмайды. Осыны ойлаған сәтте оның мүлгіген миында өзі сап-сау, өкпе-қолқасы шаршап-шалдығу дегенді білмейтін, терісі жібектей құлпырып, бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнап гүл жайнаған Жастықтың бейнесі пайда болды.
449 Ол осынау қимыл-әрекеті арқылы өз-өзін жоя бастайтынын ойланбастан қарттарды ойсырата опырып жібереді. Алайда біртіндеп күре тамырлары білеуленіп, саусағының буындары жапырыла түсіп Жастықтың өзі жеңіледі. Әйткенмен, Жастық әрдайым балғын. Тек кезектескен ұрпақтар қатары ғана қартаяды.
450 Шешінетін орыннан өзінің секунданттарына еріп орындықтар арасымен зал ортасындағы арқанмен қоршалған шаршы алаңға беттеп келе жатқанында асыға күтіп отырған көпшілік дүр етіп, ду қол шапалақтап қарсы алды. Оңына да, солына да иіле бас иген Том Кинг өзіне таныс адамдардың аз екенін аңдаған.
451 Егер бұл Сэндлмен шайқаста ережеден тыс әлдебір қимыл жасап қалса Болл оны көрмеген бола қалады. Ауыр салмақты жас боксшылар бірінен кейін бірі алаңға көтеріліп жатты, ал оларды көпшілікке таныстырған төреші сол бойда-ақ сайысқа түсушілердің бәске тіккен қаражат көлемін жариялаған.
452 Том Кинг қарсыласына тесіле қарады. Енді бірнеше минуттен кейін екеуі бір-бірін естен тандырып сұлатып түсіргенше жандарын салатын шайқасқа түседі. Алайда бұл Сэндлдің тұлғасын анықтап көре алмады, себебі ол да өзі секілді спорттық костюмнің сыртынан ұзын шалбар мен свитер киіп алыпты.
453 Осыдан бірнеше жыл бұрын ешкімді бет қаратпай жеңіп, даңқтың шыңына көтерілген Том Кингке ұрыс алдында өткізілетін салтанатты шаралар іш пыстыратын күлкілі нәрсе болып көрінуші еді. Ал қазір дуаланып қалған адамша сілейіп, осынау Жастық шеруінен көз айыра алмайтын халге түскен болатын.
454 Және өздері спортқа лег-легімен келіп жатады. Жастық дегенің өзі де осы – олар жеңіске тойымсыз. Алайда жолдарынан кәрілерді ысырып тастай салатын олар келе-келе өздері де қартайып, солардың көшіне қосылады, осылайша түрлі ұрпақ буындары алма-кезек орын алмастырып отырады.
455 Зал екілене дүрлікті. Алайда бұл көріністер Кингті аса таңдандыра қойған жоқ. Ол осындай жас боксшылардың талайын көріп, неше қилы шайқастарды бастан өткеріп үлгергендіктен мұншалықты шамадан тыс жылдам, шектен асқан епті соққылардың аса қауіп туғыза қоймайтынын жақсы білетін.
456 Тәрізі, Сэндл ұрысты бірден бастырмалата дамытуға ұмтылатын сияқты. Бұл заңды да еді. Жан алып, жан берісердей қиян-кескі айқастарда өзінің теңдессіз артықшылығы мен ғажап көркін төгіп-шашқан Жастық қарсыласын асып-тасқан күш-қуат, жеңісқұмарлық арқылы жедел тұқыртып тастауға тырысады.
457 Ол өз ісін білетін еді, және қазіргідей жасамыс тартқан шағында Жастық дегеннің не екенін терең түсіне түскен. Енді тек қарсыласының ентігіп, арыны басылатын сәтін күту ғана қалды. Осындай ұйғарымға келді де, іштей масайрап төбесін қасақана ауыр соққының астына тоса қойды.
458 Әркім өз буындарының жайын өзі ойлауы керек, ал бәсекелесің сенің төбеңді оюға ұмтылса өз обалы өзіне. Кингтің төменірек бұғып қалып соққыдан тайқып кетуіне мүмкіндік бар-тын, бірақ оның есіне алғашқы ұрыстары мен бірінші рет саусағының буынын Валли Құбыжығының басына соғып мылжалап алғаны оралды.
459 Қазір соның есесін қайтаратын сәт келгендей. Бұл айласы Сэндлдің қолын өзінің басынан ұрғызып жаралатуды діттеген. Мейлі, қызынып алған Сэндл мұны аңдамай-ақ та қойсын, – ол сайыстың соңына дейін ештеңеге қарайламастан осындай ауыр соққыларды үсті-үстіне жасай беретін болады.
460 Бірінші раунд бойы тек Сэндл шабуылдаумен жүрді, ал оның жасын отындай жарқылдаған соққыларына тәнті болған көрермендер залы гу-гу етеді. Ол Кингті жұдырықтың астына алды, ал Кинг жауап қатқан жоқ. Бірде-бір соққы жасамаған бұл тек бұғып, тосқауыл қойып, еңкейе жалтарып, шабуылдан қорғанумен жүрді.
461 Сөйте тұра баппен қозғалып, анда-санда жорта ұрыс салған түр көрсетіп, ауыр соққыға ұрынған сәтінде бас шайқап қояды, алайда не алдыға, не артқа қарай секірмегендіктен, бір мысқал да артық күш шығындаған жоқ. Сақ Қарттың есесін қайтарғанша Сэндлдің Жастық желігі әбден басылсын.
462 Әйткенмен, оның назары ештеңені қалт жібермеген – бұл шаршы алаңдағы жиырма жылдан аса уақыт ішінде селт еткен қимылдың бәрін қадағалауға дағдыланған. Көздері соққы тиген кездің өзінде қысылған жоқ, үрейлену дегенді де білмей, арақашықтықты өлшеп, алға қарай сыздана қадалумен болған.
463 Раунд аяқталған соң бір минуттік үзіліс кезінде Том Кинг өз бұрышында дамылдап отырды. Аяқтарын созып, қос қолын керілген арқанға жая тастап, көмекшілері өзін орамалмен желпіп жатқан сәтте барлық кеудесімен, бүкіл өкпе-қолқасымен терең тыныстайды. Көзін жұмған күйде жұртшылықтың үніне құлақ түреді.
464 Мұның салмағы Сэндлдікіндей екеу шығады! Гонг қағылды да қарсыластар бұрыштарынан шықты. Сэндл екеуінің ортасын бөліп тұрған арақашықтықтың үштен екісін өтті – ол айқасты тез бастауға асығады, ал Кинг өз үлесінің аздығына қуанды. Бұл оның күш үнемдеу айласына сай келетін еді.
465 Қимылының сылбыр болатыны да содан. Бір мезет те ақылдан алжаспаған ол Сэндлдің жауынгерлік арынының босаңситын сәтін аңдумен болған. Көпшілік көрермендер Кинг тым әлсіз, баяғы шеберліктен айырылған деп есептеп те қойғандықтан бәстің көп бөлігін Сэндл үшін тігіп, өз пікірлерін даурыға айта бастаған.
466 Кингтің жанары жарқ етті де, әлгі мезетте оның оң қолы жоғары қарай сермелді. Бұл оның қолға серпін бере түсу үшін шынтағын жартылай бүгіп бар салмағымен шыр айналдыра жұмсаған ең алғашқы соққысы – хук болатын. Жорта ұйқылы-ояу жүрген арыстан осылайша қатерлі шеңгелін іске қосты.
467 Сэндлдің шықшытына бүйірлей тиген соққы оны еденге қасапқанадағы өгізше шоңқайта құлатқан. Жұртшылық гу ете түсті де, залда мұның қимылына ризалық білдірген күбір толқыны тербеліп өтті. Сөйтсе, мына шалдың бұлшық еттерін икемсіз деу бекер екен, мұның оң қолы ұстаның шоң балғасындай тиетін көрінеді.
468 Том Кинг тоғызыншы секундта ұрыс қайтадан сақадай-сай тұрған бұған қарап соққысының бір дюйм төмендеу – тура иектің астынан тимегеніне опынды. Онда анау нокаутқа түсіп, бұл отыз фунтты қалтасына салып алып, үйіне, әйел, бала-шағасына таяр еді. Раунд тиісті үш минут өткенше тағы жалғасты.
469 Көмекшілерінің арқан арасынан кіре салуға әзірленіп ринг шетінде жүрелеп отырғанын көрген Кинг сайыс кезеңінің аяқталуға таяғанын аңдап, ұрысты өз бұрышына қарай ауыстырды. Гонг соғылған бойда орындығына тізе бүкті, ал Сэндлге өз бұрышына жету үшін бүкіл алаңды шарлап өтуіне тура келеді.
470 Сол арқылы қарсыласына біршама жерді артық жүргізеді. Ал ұрыстың соңына таман бірден орындығына жайғаса кету үшін сайыс орнын мүмкіндігінше өз бұрышына қарай жылжытады. Келесі екі раундта да Кинг әл-қуатын үнемдеуге тырысса, Сэндл бұрынғыша ұрысты жан сала жалғастырған.
471 Том Кинг жасамыс тартқан адам, бірақ мұндай шалмен бірде-бір рет күш сынасудың ыңғайы келмепті; ол сәл босаңсыған сәтіңді құр жібермейді, ғажап қорғана біледі, ал соққыларының сойылмен ұрғандай ауыр тиетіні сонша, әр жұдырығында бір-бір нокаут жасырынып жатқаны аңғарылады.
472 Ол құшақ айқастыра кетуге болатын бірде-бір мүмкіндікті қалт жібермеген және әрдайым иығымен қарсыласының қабырғасына соқтыға кетуге ұмтылады. Ринг философиясы иық пен жұдырықтың екеуі де зақым келтіруге қолайлы құралдар деп үйретеді, ал күш үнемдеуде алғашқысының артықшылығы басым.
473 Сэндл зыр қаққан қолдары мен бұлт-бұлт ойнаған бұлшық еттерін іске қосуға асығады. Кинг иығымен Сэндлдің қабырғасына қарай күшпен ене түсіп, басын соның сол жақ қолының астына тығып алған сәтте анау оң қолымен өзінің қолтығының астынан шығып тұрған мұның басын аямай соққылайды.
474 Бұл жұртшылықты дүрліктіретін епті әдіс еді, бірақ қауіпті емес, тек күшіңді бос сарыққаннан өзге пайдасы шамалы. Сондықтан соққыларды қабылдаған Кинг іштей мырс-мырс күліп тұрады. Сэндл оң қолымен Кингті кеудеден аямай соқты. Сырттан қарағанда, бұл жолы Кинг оңбай таяқ жеген сияқтанған.
475 Тоғызыншы раундта Кингтің шынтақтан бүгілген оң қолы бір минут ішінде Сэндлдің шықшытынан үш мәрте тиді, Сэндл үшеуінде де барлық салмағымен еденге гүрс-гүрс құлады. Бірақ ол тиісті тоғыз секундты қайта-қайта пайдаланып орнынан есеңгірей көтерілген. Әйтеуір әзірше әлсірей де қоймаған-ды.
476 Ал Кингтің негізгі капиталы – тәжірибе еді. Күші қайтып, жауынгерлік рухы әлсіреген тұстан бастап Кинг оны көп жылдарғы шайқастар арқылы келген даналықпен, айлакерлікпен алмастырып, күш-жігерді үнемдеп пайдалануға көшкен. Басы артық қимыл жасамауымен қатар қарсыласын діңкелетуге де дағдыланған.
477 Қарттықтың стратегиясы осындай еді. Кинг оныншы раундтың басында Сэндлдің шабуылдарын сол жақ қолымен бетке ұрған тіке соққылары арқылы тойтаруға кірісті, ал сақтыққа ауысқан Сэндл де сол қолымен қорғанып, одан оң жақ қолымен бастан бүйірлете берген ұзын соққыларымен жауап қайтарған.
478 Мұндай соққы биіктен жасалғандықтан бәлендей үрей тудыра қойған жоқ, бірақ нысанасына алғаш дарыған мезетте Кинг баяғыдан таныс бір сезімді бастан кешкен, – миын әлдебір қара перде бүркеп қалғандай күйге түсті. Бір сәтке, анығында, қас-қағым мезетке Кинг жоқ болып кеткендей хал кешті.
479 Бәсекелесінің назарын өзінің сол жақ жұдырығына аударып, жарты қадам артқа шегінді де, сол бетте барлық күшімен оң қолымен апперкот берді. Соққысының дәл есептелгені сонша, жұдырық Сэндл еңкейген мезгілде жағынан тиді де, ол көтеріліп барып еденге басы мен иығымен бірдей соғылып гүрс етіп құлады.
480 Алайда Сэндлдің күші де, төзімі де ғажап екен, бәріне шыдап бақты. Бәрібір нокаут жақындай түскендей көрінген соң жағдай қиындап кетер деп ойлаған полиция қызметкері ұрысты дереу тоқтатуға ниеттеніп, алаңның шетіне жақындап келіп тұрды. Осы кезде раундтың аяқталғанын жариялап гонг та соғылды.
481 Сэндл полисменге өз жағдайының бірқалыпты екенін байқатып, шатқаяқтап өз бұрышына барып жетті. Халінің ойдағыдай екенін көрсету үшін екі мәрте секіріп, ойқастап та қойған соң анау да тыншыды. Кинг қатты шалқайып, ауыр тыныстаған күйі өз бұрышында отырған. Ол қабыржыңқы болатын.
482 Онымен жарты сағат бойы арпалысты, өйткені шал ғой. Егер Сэндл секілді айқасса он бес минут те шыдатпас еді. Мәселенің бәрі сонда, бұл жедел оңала алмайды. Мынау адырайған қан тамырлары мен әлсіреген жүрегі раундтар арасындағы үзілістерде күш жинай қоюға мүмкіндік бермейді.
483 Әрі бір кесек сиыр еті деген немене? Бірнеше пенниге бағаланатын майда-шүйде. Ал сол жалғыз тілім ет отыз фунт стерлингке айнала алар еді. Он бірінші раундтың басталғанын әйгілеп дабыл қағылған бетте Сэндл бойында мүлде қалмаған тыңдығын көрсеткісі келіп шабуылға құтырына ұмтылды.
484 Бастапқыда қарсыласынан қорғану үшін құрсауға кірді, одан соң босап, Сэндлге шабуылға қайтадан ыңғайланып алуға мүмкіндік берді. Одан сол қолымен алдарқата жасқап, бәсекелесін бүгежектетіп сүңги қорғануға мәжбүр етті де, өзіне төменнен жоғары қарай сілтенген жанама соққыны қабылдады.
485 Сайыстың соңы қызу бітетіні байқалған және көпшілік сол үшін де ақша төледі ғой. Сөйтіп жарты сағат бойы күшін үнемдеген Том Кинг енді өзіне белгілі мөлшердегі барлық қуатты мықты бір бағытқа жұмылдырып аямай жұмсауға кірісті. Бұл оның жалғыз ғана мүмкіндігі болатын – қазір немесе ешқашан да.
486 Сэндл шыр айнала теңселіп жүр, Том Кингтің де аяқтарының сіңірі тартыла берді, ал саусақтарының буындары икемнен әбден қалды. Ол бәрібір әр ұрған сайын істен шыққан қолдары сырқырай ауырып, жаны көзіне көрінсе де өз-өзін аяусыз соққылар жасауға мәжбүр етуден танған жоқ.
487 Бірақ енді қазір өзіне соққының сирек дарығанына қарамастан бұл да бәсекелесі секілді тез әлсірей бастады. Мұның соққылары нысанаға дөп тиіп жатты, бірақ олары өте әлсіз еді және әрқайсысын жұмсау зор күшке түсті. Қорғасын байлап қойғандай зіл тартқан аяқтарын әрең қозғап жүр.
488 Ол Сэндлге бірінен кейін бірін: сол қолмен өкпе тұстан сәл жоғарырақ, оң қолымен шықшыттан екі соққы жұмсады. Соққылар ауыр емес-тін, бірақ әлсіреп, діңкелеген Сэндлді мұрттай түсірді. Ол тұла бойы діріл қағып жерде жатты. Төреші төбеден төне қатты дауыстап тағдырды шешетін секундтарды санап тұр.
489 Сэндл онға дейін тұра алмаса жеңіледі. Жұртшылық демін ішке тартты. Кинг теңселіп зорға жүр; әбден титықтаған оның басы айналды: қарауытқан көз алдында қалың көпшілік нөпірі шайқалып бара жатқандай сезілген, ал секундтарды санаған төрешінің даусы алыстан талып естілгендей болады.
490 Келесі мезетте Сэндл қарсыласына қапсыра жармасып алып, төрешілердің ажыратқанына жанталаса қарсыласқан. Кинг құрсаудан босауға тырмысады. Ол Жастықтың қалайша тез тынығатынын, сондықтан Сэндлді күш алдырмау арқылы ғана күйрететінін білетін-ді. Жақсы бір соққы істі тындырды.
491 Жақсылап бір ұрып тоңқалаң асырса – саудасы бітеді! Том Кинг іші удай ашып тағы да бір кесек ет туралы ойлап, мынау соңғы, шешуші шайқас алдында өзек жалғап алудың сәті түспегеніне өкінді. Бойын жинақтап, әлгі ойлаған соққысын да жасады, бірақ онысы аса мықты да, сонша шалт та шыға қоймады.
492 Қалтақтаған Кинг бәсекелесіне бас салып қолының жанына бата қатты ауырғанына қарамастан тағы бір соққы жасады. Алайда күші жетпеген еді. Бойында титықтағаннан мұнартып, өшіп бара жатқандықтан атой салғысы келген дәрменсіз санадан өзге ештеңе қалмаған-тын. Шықшытқа бағыттаған соққысы иыққа тиді.
493 Әйткенмен, бұл жолы мүлде мүлт кетіп, әбден әлсіреп, жер қаппау үшін Сэндлді құшақтай құлаған. Кинг енді ажыратуға тырысқан жоқ. Бұған дейін қолынан келгеннің бәрін істеді, енді бәрі біткен болатын. Жастық дегенін істеді. Сэндлмен құшақ айқастырып тұрып оның күш жинай бастағанын аңдаған.
494 Том Кинг тұман ішінде жүргендей өзінің шықшытына бағытталған қолғапты жұдырықты байқады да, қорғанып, қолын тоса қойғысы келді. Төнген қауіпті аңдады да, әрекет қылуға қамданды, бірақ қолы зілдей ауыр тартты. Бір тонна қорғасын құйып қойғандай қозғалмады, Кинг қолын көтеру үшін барын салды.
495 Одан соң Сэндл ортаға шықты да, ол жас Пронтоның шақыруын қабылдайтынын және бәсті жүз футқа дейін көтеруді ұсынатынын айтқанда алапат шу бір сәт сілтідей тына қалды. Кинг оның көмекшілерінің су-су денесін сүртіп, бетіне орамал тосып, рингтен кетуге дайындап жүргенін селқос қарап отырды.
496 Сайыста жеңілуге себеп болған да сол! Бәрі де осы бір кесек еттің әлегінен! Жәрдемшілері арқан арасынан шығып кетуіне көмектесіп сүйемелдей берді. Бірақ бұл оларды серпіп тастап, еңкейіп, керме арасынан ешкімнің көмегінсіз-ақ өте шықты да, төменге гүрс етіп секіріп түсті.
497 Бұрыштағы сырахананың есігі айқара ашылды да, бұл оттар мен күлімдеген даяшы қыздарды көрді, манағы сайысты талқылаған дауыстар мен үлдірікке соғылған тиынның сыңғырын естіді. Әлдекім дауыстап ішуге шақырды. Бұл біраз абдырап тұрда да, ұсыныстан бас тартып өз жөніне тартты.
498 Қалтасында бақыр тиын да жоқ-тын, бұған үйге дейінгі екі мильдік жол соншама ұзақ көрінген. Иә, қартайып келеді екен! Домен бағын қиып өте беріп кенеттен ұрыс нәтижесін білу үшін ұйықтамай күтіп отырған әйелі есіне түскенде еңсесі езіліп, кездескен орындыққа отыра кетті.
499 Бұл кез келген нокауттан да ауыр еді және онымен жүзбе-жүз ұшырасуға беті шыдамайтындай көрінді. Керемет қалжырағанын сезді, ал тамтығы қалмай ауырған буындары әлдебір жұмыс кезіксе, кемінде бір аптадай күрек-қайла ұстай алмайтынын еске түсірді. Таңдайының астындағы діріл құсқысын келтірген.
500 Өздері қалжырап біткен, жүздерінен ұзақ мұқтаждық ізі мен күйзелісті көнбістік қана аңғарылады. Иықтарындағы қайыс таспалармен шандылған зілдей теңдер еңселерін одан әрмен езе түскен. Екеуінің де арқасында мылтық. Екеуі де бастарын төмен салбыратып, көздерін жерден алмастан бүкжеңдей түседі.
501 Әлгінің соңынан жолдасы да суға аяқ басты. Ағын су сүйектен өткен мұздай болғанмен – суықтығы соншалық, балтырлары мен башпайлары мүлдем жансызданып сала берсін, – олар аяқ киімдерін шешкен де жоқ. Кей тұста су тізелерінен асып, тірегін жоғалтқан әлгілер теңселіп-теңселіп кетеді.
502 Екіншісі оның соңынан көз алмай қарап тұр, жүзіндегі енжарлық сейілмесе де жанарынан жаралы бұғыдай ауыр күйзеліс жылтырап аңғарылды. Билл болса ендігі қарсы жағалауға өтіп, одан әрі сүйретілеп ұзап бара жатқан. Жылғаның ортасында тізеден су кешіп тұрған байғұс оның ізінен көз тайдырар емес.
503 Бұл – пәлеге ұрынған адамның жанұшырған айқайы болатын, амал қанша, Билл мойнын бұрған да жоқ. Жолдасы әлгінің ақсаңдаған күйі сүріншектей басып, жатаған төбенің ұшпасы толқынды көкжиек болып керілген жайуат беткеймен ебедейсіз қалыпта сүйретіле өрмелеп бара жатқанына көз алмай ұзақ қараумен болды.
504 Содан кейін ғана теріс айналып, Билл өзін жапа-жалғыз қалдырып кеткен маңайдағы өлі кеңістікке асықпай әрі енжар көз жүгірткен. Күн көкжиектен сәл биігірек, қою тұман мен көлкілдеген мұнар арасынан өлмеусірей сығыраяды; көз шалынар шекара мен бұдыр жоқ, қалың мұнар болып сырғыған тұман ғана.
505 Айнала ұнжырға езген сүреңсіз, жадау өлке. Жатаған төбелер бір-бірінен аумайтын толқынды белдеу болып көкжиекпен астасып жатыр. Ағаш немесе тырбық бұталар, шөп екеш шөп көзге ілінбейтін ұшы-қиырсыз әрі сондай қорқынышты өлі кеңістік қана керіліп жатыр – жанарында үрей табы жалт етті.
506 Лайланып аққан жылғаның ортасына жүрелей отыра кетсін: ұшы-қиырсыз кеңістік бой бермес күш-қуатымен еңсесін басқандай, қорқынышты тілсіздігімен зәре-құтын қашырған сияқты. Безгек тигендей дірілдеп-қалшылдап сала берді де, мылтығы шолп етіп суға түсіп кетті. Кілт бойын түзеп алды.
507 Жаны ауыра қабағын тыржитады. Тоқтаусыз сүйретіліп келе жатыр. Ауруын елең қылмай, қайтпас өлермендікпен ұшарлығының арғы жағынан Билл көрінбей кеткен төбеге өрмеледі, – өзі үшін қимылдары ақсаңдай басып, әрең сүйретілген Биллден де әрмен күлкілі әрі ебедейсіз көрінген.
508 Қадам басқан сайын табан астынан су бұрқақтай атылып, дымқыл мүктен ұлтаны суырылардай қорқылдайды. Биллдің ізімен жүруге ұмтылған ол титімдей көлшіктен көлшіктерге жету үшін ылғи мүк арасынан аралдай болып көрінген шошақ тастарды басуға күш салуда. Жапа-жалғыз қалғанымен бағытынан жаңылар емес.
509 Жүру қанша ауыр болғанмен, Билл мұны орта жолға тастап кеткен жоқ, әсіресе, Билл мұны құпия орында тосады деп өзін-өзі сендіру одан да қиын. Бірақ, бұл осылай ойлауға тиіс, әйтпесе бұдан арғы жанталастың еш мәні жоқ, – одан да жерге сұлай кетіп, өлімге біржола мойынсұну ғана қажет.
510 Екі тәуліктен бері нәр сызған жоқ, тойып тамақ жемегеніне одан да ұзақ болды-ау. Ара-тұра ақырын еңкейіп, ми батпақтың бозғылт жидектерін жұлады да, ауызға салып шайнап, қинала әрең жұтады. Құр су татыған жидектер таңдайында тез еріп-ақ кетеді, – ұртында тек тастай қатты сүйегі ғана қалады.
511 Әлі түн қараңғысы түсе қоймаған кез, іле алагеуімнің сәулесімен тастар арасын сипаланып, құрғақ мүктерді жұлмалап жия бастасын. Құшақ толар болғанда ғана от жақты – түтіндеген, әрең маздаған алауға бақыршақ толы су қойды. Жүгінің бауын ағытып, әуелі қанша шиі қалғанын санамалады.
512 Шылқылдаған аяқ киімін алауға қақтап кептірді. Мокасиннің жұлма-жұлмасы шығыпты, жүн жамылғыдан ілдебайлап тіккен шұлығы шұрқ тесік, аяғы да қаны шыға ойылып кеткен. Тобығы жан шыдатпай сыздаған соң бажайлап қарап шықты: күп болып іскені сонша, тізесімен бірдей боп көлкілдеп тұр.
513 Жамылғының шетінен ұзын таспа етіп жыртып, тобығын тастай қып байлады да, тағы да біраз жыртып, шұлығы мен мокасиннің орнына аяғын осымен орап тастаған. Содан кейін ғана қайнаған суды жұтып сап, сағатының тілін бұрады да, жүн жамылғыны тас бүркеніп бүк түсті. Өлген адамдай беймарал ұйықтапты.
514 Аударылып, шынтақтай көтеріле беріп, қатты пысқырған дыбысты естіді де, өзіне қауіптене әрі таңдана қарап тұрған дәу бұғыны көзі шалған. Өзінен бар болғаны елу қадамдай жер, одан түк қашық емес, сол сәт табада шыжылдай қуырылған бұғы етінің дәмі аузына келіп, иісі мұрнын жарғаны.
515 Еркінен тыс оқтаусыз мылтығына жармасып, көздеп тұрып шүріппені басып қалды. Осқырынған бұғы тастарға тұяғы тарсылдап тиіп, зыта жөнелді. Ызалана боқтап сап, мылтығын лақтырып жіберді де, ыңқылдаған күйде аяғынан тұруға ұмтылды. Бар күшін жұмсап, әлден уақыттан соң ғана ойындағысы орындалған.
516 Адам сияқты аяғынан тік тұрып, еңсесін жазуға талай уақытын зая етті. Жатаған төбенің басына шығып, айналаға көз салған. Ағаш та, бұта да көрінбейді – тұтасып жатқан сұрғылт мүктен басқа дым жоқ, ара-тұра сұп-сұр қойтастар ғана дөңкиіп, сұр көлшіктер мен сұр бұлақтар бұлдырайды.
517 Сөйтсе де бұғы терісінен тігілген, аузы шымши буылған жалпақ қалтаға көзі түсіп, әудем уақыт ойланып қалды. Қалта онша үлкен де емес, қос алақанға сыярлықтай-ақ, бірақ, салмағы бақандай он бес фунт – қалған бар жүктерінің салмағымен пара-пар, – осы жайт қана алаңдатып тұр.
518 Аяқтары ағаштай болып сіресіп қалған-ақ, бұрынғыдан әрмен шойнаңдап келеді, бірақ мұның өзі асқазанның күйдіре шұрылдауының қасында дым емес. Аштықта жан шыдатпай қинап-ақ келеді. Ауру жанын жегені соншалық, Титімдей таяқшалар еліне жету үшін қай бағытқа жүру керектігінен жаңылып, абдырап қалғаны.
519 Шалбары үшкір тастарға дал-дұлы шығып, тізесінен судай аққан қан ізімен шұбатылып жатыр, бірақ, денесінің ауырғанын да сезген жоқ, – аштық ештеңе ойлатар емес. Дымқыл мүкпен жер бауырлап келеді, суықтан денесі дір-дір қағады, бірақ аштықтың жанға батқаны сонша, тоңғанын да түк сезер түрі жоқ.
520 Әуелі тастар арасындағы ұясынан тура мұның бетін жанай ұшып шыққанша оны байқамаған болатын. Құс қанша жылдам ұшқанмен, бұл да шапшаң қимылмен шап берсін – уысында үш тал құйрық қауырсыны қалды. Ұзап ұшып бара жатқан құстың соңынан өзіне ең сұмдық жамандық жасағандай соншалық жеккөре қарап тұр.
521 Түске таман құстар бұрынғыдан да мол батпаққа жетті. Жиырма шақты бұғы үйірі мұны мазақ еткендей жанап өтті, –жақын маңнан өткені сонша, мылтықтан жалп еткізуге бола-тындай. Бас салып соңдарынан қуғысы келген, долы сезімнің бойын буғаны сонша, әлгі үйірді қуып жететініне сенімді-ақ.
522 Тура қарсы маңдайдан аузына құр тістеген қара-қоңыр түлкі шыға келсін. Бар даусымен айқайлап жіберді. Айқайы тым қорқынышты естілді, бірақ зәресі ұшса да әлгі түлкі жемтігін аузынан тастаған жоқ. Кешқұрым ернеуіне сирек қамыс өскен, әктен лайланып аққан жылғаның жағасымен ілбіп келе жатты.
523 Титтейлігі соншалық, мық шегедей ғана. Пиязшық жұп-жұмсақ екен, тіс арасында қаршылдатып шайнады-ай. Тек тарамдалған талшықтары қап-қатты әрі жидек сияқты тым сулы көрінеді, талғажау болар түрі жоқ. Иығындағы жүгін лақтырып тастай салып, қамыс арасында төрт тағандап жүре бастасын.
524 Алыс Солтүстікте жауын құртының да, құрбақаның да болмайтынын жақсы білгенмен, көлшіктерден құрбақа, топырақты бұрқырата қазып жауын құртын іздеді. Әрбір шалшыққа көз тастап-ақ келеді, ақыры қас қарая осындай шалшықтардың бірінен теңге балық – титімдей жалғыз шабақ көзіне ілінді.
525 Толқығаны соншама, аяғы тайғанақтап, сұлап та түсіп, белуарына дейін суға малшынды. Суды да лайлағаны сонша, әлгі шабақты байқаудың өзі бір мұң, ақыры лай тұнғанша тосуға тура келді. Ол тағы да шабақты аулауға жан сала кірісіп, көлшік қайтадан лайланғанша қуалаумен болды.
526 Қалайы бақыршағын шешіп ап, суды сыртқа төге бастаған. Әуелі қасарыса, дүлейленіп төккен-ді, үсті-басы суға малшынып, шалшыққа жақын маңға төккені сонша, су қайтадан көлшікке ағып құйылумен болды. Енді жүрегі үстін-үстіне дүрсілдей соғып, қолдары дірілдегеніне қарамастан абайлап төгуде.
527 Көлтабанда іліп алар ештеңе қалған жоқ. Өкініштісі сол, әлгі шабақ та зым-зия. Ол тастар арасындағы кішкентай, елеусіз жарықты енді аңғарды, балық сол арқылы келесі көлшікке жып ете қалған екен. Ал ондағы судың көл-көсірлігі соншалық, мұндағы суды күні бойы қотарсаң да тауыса алмас едің.
528 Әуелі ақырын жылаған, одан кейін өзін қоршаған мейірімсіз өлі аймақты марғаулықтан оятып, қатты өкіріп жылады: осыдан соң да иығы селкілдеп, жанарынан жас тамбай ұзақ өксіді. От жағып, қайнаған құр суды үстемелей жұтып жылынғаннан кейін өткен түндегідей биіктеу тастақ жерге төсегін жайды.
529 Жамылғысы су-су екен, қолы тигенде мұп-мұздай болып сезілген. Аяғы жан шыдатпай ауырып, денесі отқа оранып жатыр. Дегенмен, ол тек аштықты ғана сезінуде, түнде де қонақтар жиналған түскі ас, аста-төк тамақ үйілген үстел, шалқыған думан түсіне кіріпті. Дірілдей әрі дел-сал болып оянды.
530 Күн көзі көрінер емес. Жер мен көктің сұрғылт бояуы қалыңдана қарауытып, түпсізденіп аңғарылады. Өкпек жел ұйтқи соғып, алғашқы қар маңайдағы төбелерді аққа ораған. От жағып, су қайнап үлгергенше ауа кілегей тартып, ағайраңданды. Бұл – жапалақтап дымқыл қар жауа бастағаны.
531 Аштықтан басы шыр айналды. Енді оған қайда жүрсе де бәрібір еді, тек жазық жермен ілби берсе болғаны. Дымқыл қар астынан қармалап суға бөрткен жидектер іздеді, қамыс түбірлерін тамырымен суырды. Бұлардың бәрі түк татусыз еді, оның үстіне талғажау болар түрі де көрінбейді.
532 Қар мұздай жауынға айналған. Бетіне жаңбырдың қайта-қайта тиюінен шошып оянумен болды. Тағы бір күн – жарығы жоқ сұрқай күн басталды. Жауын тоқтапты. Енді жүргіншінің аштығы басылған сияқты боп көрінген. Тек асқазанында үзбей сыздаған ауру бар, бірақ бұл өзін онша қинамайтын да сияқты.
533 Бір жамылғының қалдығын ұзынша таспа етіп жыртып, қаны шыға ойылған аяғын орады да, ауырған тобығын қайта таңып, күндізгі жүріске дайындалды. Жүктерін жинастырған сәтінде бұғы терісінен тігілген қалтаға көз алмай ұзақ үңілсін, дегенмен ақыр соңында оны да жолға ала кеткен.
534 Жаңбыр қарды ерітіп, тек төбелердің ұшы ғана ағарып жатыр. Күн шықты – енді өзінің бағыттан адасқанын білсе де, жүргінші айналаны бағдарлауға мүмкіндік алды. Сірә, соңғы күндері жаңылысып жүріп, терістікке тым бұрылып кеткен болар. Енді ол дұрыс жолға түсу үшін оңтүстікке қарай бұрыла жүрді.
535 Аштықтың азабы азая түскен, бірақ өзінің де әл-дәрмені қалмағанын сезеді. Жиі кідіріп, батпақ жидектері мен қамыстың түбірін жинай жүріп демалуға тура келуде. Тілі ісініп кетті, тілім-тілімі шыға ойылып кеткен сияқтанып, құп-құрғақ болып қалыпты, тек ұрты ғана запыран дәмге толы.
536 Түске таман үлкен бір шалшықтан екі теңге балықты байқаған. Суды сыртқа төгу мәнсіз еді, дегенмен ол енді неғұрлым сабырлы болатын, содан ба, қалайы бақырашпен сүзіп алудың иіні түсті. Олардың үлкендігі саусақтай ғана, одан үлкен емес, бірақ мұның бұрынғыдай тамақ жегісі жоқ.
537 Балықтарды шикілей жеп, асықпай шайнаумен болды әрі мұның өзі ең дұрыс шешім болатын. Тамақ жегісі келмейді, десе де аман қалуы үшін осылай ету қажет-ақ. Кешқұрым тағы да үш шабақ ұстады, екеуін жеп алды да, үшіншісін азанғы асқа қалдырды. Әредік жолыққан томарларды күн кептіріп үлгеріпті.
538 Су қайнатып, бойын жылытқан. Бұл күні ол он милльден артық жүре алған жоқ, ал ертесіне жүрегі мүмкіндік берген сәттерде ғана сүйретіліп, бес милльді ғана артқа қалдырды. Ең бастысы, асқазаны мүлдем қалғып кеткендей түк те ауырар емес. Бұл маңай мүлдем бейтаныс, бұғылар да жиі ұшыраса бастады.
539 Алтынды екіге бөліп, бірін алыстан андағайлап көрінетін жартастың шоқысына жасырды да, қалғанын қайтадан қалтаға салған. Соңғы жамылғысын да аяғын орауға жұмсады. Әйтсе де, мылтығын әлі тастар емес, өйткені, Диз өзенінің жағасындағы құпия орында оқ-дәрілер аса мол. Күн тұманды болды.
540 Ұяда жаңа жұмыртқа жарған, көздерін ашқандарына бір күн ғана болған төрт балапан бар; титімдейліктері сондай, әрбіреуі бір-бір жұтуға ғана жарайды; ашқарақтана жегені сонша, оларды аузына тірідей тықпалады; әлгі бейшаралар тісінің арасында жұмыртқа қабығындай қытырлайды.
541 Ебедейсіз секіріп, ауырған аяғына салмағын сала шойнаңдаған күйі құсқа тас лақтырып, қырылдай айқайлайды, біресе құлаған орнынан түнеріп әрі тістене шыдамдылықпен көтеріліп, үн-түнсіз түрегеледі де, бас айналуын серпіп, естен танбас үшін көзін қолымен уқалап-уқалап қояды.
542 Құрдың ізімен салпақтағаны оны батпақты жазыққа алып келді, осы жерде су-су мүктің бетіндегі адамның ізін байқады. Іздері мұныкі емес – бұны жақсы біледі. Ендеше Биллдің ізі болғаны ғой. Бірақ, бұл кідіре алған жоқ, себебі аппақ құр одан әрі жандалбасалап қашып бара жатыр.
543 Әлгі құр демін қинала алып, бір бүйірлеп бұқпан-тайлауда, бұл да одан оншақты қадам жерде ентіге дем алып, жақынырақ еңбектеп баруға шамасы жетпей жатыр. Біраз ентігін басып, күш жинады да, ашкөздене қол созғаны сол-ақ, құс қанатын қалбаңдата тағы да қаша жөнелді. Қуғын қайта басталды.
544 Бірақ қараңғылық қымтап алып, құс бой жасырып үлгергені. Қалжырағаннан сүрініп, арқасындағы жүгін ағытпастан етпетінен құлап түсіп, бетін оңдырмай жаралап алсын. Ол көпке дейін қыбырламай сұлап жатты, сосын ғана бүйіріне аунап түсіп, сағатын бұрап қойды да, осылай таңға дейін қимылсыз қалды.
545 Билл де адасып кетсе ше? Түске таман әл-дәрменнен мүлдем айырылды. Тағы да қалған алтынын бөлген, бұл жолы жартысын жерге лақ еткізіп төге салған. Кешқұрым өзінде қалған жартысын да лақтырып тастай салды, өзімен бірге жыртық жамылғының жартысын, қалайы бақыршақ пен мылтықты ғана қалдырды.
546 Қайдағы жоқ ойлар қаумалап алсын. Неге екенін кім білген, мылтығында бір оқтың қалғанына әбден сенімді, – иә, мылтығы оқтаулы, тек бұл оны аңғармағаны кәміл. Сонымен бірге мылтығында оқ жоқ екенін де әбден жақсы біледі. Тосын ойдың шырмап алғаны соншалық, қыр соңынан қалар емес.
547 Сағаттар бойы алдамшы үмітін жеңе алмай арпалысты, тіпті, болмаған соң көзін біржола жеткізу үшін мылтығының ұңғысын қайта ашып қараған. Мылтық ұңғысынан шынымен-ақ оқ табыла ма деп сенгендей-ақ қатты түңілгені. Тағы да жарты сағаттай өтті, жабысқақ ой қайтадан шырмап алсын.
548 Бой бермей қасарыса, өз-өзіне дем бере мылтығын тағы да ашып қарады. Ара-тұра ақыл-есі тұмантып, одан әрі санасыз қалыпта сүйретіліп келе жатыр: тосын ойлар мен адам сенбес қиялдар миын құртша кеулеп барады. Дегенмен, жылдам есін жиып алуда, – аштық азабы нақты өмірге үздіксіз қайтып қуып әкелуде.
549 Енді бірде тіпті оқыстан есінен тандырып түсіре жаздаған оғаш көрініс санасындағы тұманнан айықтырды. Ол теңселіп кетіп, мас адамдай тәлтірек қақты, бірақ аяғынан тік тұрып қалу үшін бар күшін жұмсап бағуда. Қарсы алдында жылқы тұр. Кәдуілгі ат! Өз көзіне өзі сене алар емес.
550 Жыртқыш аң бұған сұстана әрі қызықтап қарайды. Мылтығын кезене көтермек болды да, тез қайта ақылға келді. Қаруын жерге түсіріп, моншақ теріп тігілген қынынан аңшы пышағын суырып алсын. Қарсы алдында ет тұр, ал ет – өмір! Бас бармағымен пышағының жүзін басып-басып көрген.
551 Жүзі қылпып-ақ тұр, ұшы да өткір. Қазір бұл аюға бас салып, оны өлтіреді. Бірақ жүрегі алдын ала сақтандырғандай дүсірлеп қоя берді: түк, түк, түк – содан соң ыршып түсіп, тамағына тіреле дірілдеп сала бергені; темір құрсау қысқандай шекесі де сынып барады – көздері қарауытып кетсін.
552 Бойында түк күш-қуат жоқ – ал бұған аю дүрсе қоя берсе қайтпек? Бойын барынша тіктеп, неғұрлым зор болып көрінуге күш салды-ай, пышағын қыса ұстаған күйі аюдың көзінен жанарын тайдырар емес. Қорбаңдаған жыртқыш алға қадам жасап, екі аяғынан тік тұрды да, ырылдай ақырып жіберген.
553 Айналада қасқырлар өріп-ақ жүр. Меңіреу өлкенің әр қиырынан олардың ұлығаны құлаққа жетуде, айнала ауаның өзі де осынау қауіп-қатерге тұнып тұрғаны соншалықты, жел шайқаған шатырдың кенебіндей теңселіп, торлаған әлгі қауіп-қатерден сақтанғандай болып еріксізден қолдарын көтерді.
554 Қасқырлар ара-тұра екеу-үшеуден жолын кес-кестеп өтуде. Дегенмен, олар әзірге жақындай қойған жоқ. Олар соншалықты көп те емес: оның үстіне, бөрілер өздеріне қарсыласпайтын бұғыларды аулап әдеттенген, ал мына бір жұмбақ мақұлұқ қос аяқтап жүреді, яки, тырналап әрі тістеуі де ықтимал.
555 Ұзамай-ақ жүрелей отыра кетіп, тіршілік нәрі – қызғылтым бояуы әлі тарқай қоймаған сүйектерді көлденең тістеп, үсті-үстіне сорғылап қойып қаршылдатып шайнасын. Қызыл еттің білінер-білінбес қана әрең сезілетін, бірақ естен кетпейтін тәтті дәмі жындандырып жібере жаздайды.
556 Кейде сүйек сынады, кейде тісі опырылып түсуде. Тіпті болмаған соң сүйектерді таспен уатып, ұнтақтап жіберді де, өші кеткендей қомағайлана жұта бастады. Жан далбасалағанда саусақтарын да ұрып алуда, асығыстығына қарамастан жазатайым соққылардан соң да неліктен ауруды сезінбейтініне аң-таң қалған.
557 Жаңбыр мен қардың қорқынышты маусымы басталды. Ол енді қай уақытта түнемелікке тоқтап, қай уақытта тағы да жолға аттанғанын ұмыта бастады. Уақытты айырмай, күні-түні ілби берді: құлаған жерінде демалып, үзіліп бара жатқан өмір оты қайтадан жалт етіп, жарқырай жанғанда алға сүйретіліп келе жатыр.
558 Бұдан былай ол өмір үшін күрескен адам сияқты да емес еді. Оны тек бойындағы беймезгіл өшкісі жоқ өмірге құштарлығы ғана алға қарай қуалауда. Тіпті, ол енді қиналуды да қойған. Жүйкесі біржола семіп қалғандай түк сезінуден де қалып, миын оғаш қиялдар қаумалап, жиі-жиі ғажайып түстер көреді.
559 Ең соңғы бөлігіне дейін қалдырмай жинап алған сүйектердің ұнтағын қомағайлана шайнап, сорумен болды. Бұдан былай ол төбелерге шығуды, су айрықтарын кешіп өтуді доғарып, тек кең жазық төсімен ағып жатқан үлкен өзенннің жайуат жағалауымен сүйретіліп келеді. Көз алдын түрлі елестер торлап алған.
560 Жаңбыр жауғанын, жел соғып қар ұйытқығанын еміс-еміс біледі, бірақ өзін жауын-шашын қанша әбігерлегенін, оның екі күн немесе екі аптаға созылғанын дөп біле алар емес. Ұзақ уақыт бойы еш қыбырсыз жатты: жомарт күн мұның әлсіреген денесіне жылу құйып, шуақты сәулелерін бетіне төгуде.
561 Өзен бұған мүлдем бейтаныс болатын. Өзі осыған дейін көрген қыраттардан әлдеқайда аласа, тұнжыр әрі жадағай, түнеріңкі төбелердің арасымен ирелеңдей аққан өзеннің ағысына енжар көз тастап жатып, көкжиекке дейін көз жүгіртті де, өзеннің жарқыраған ашық теңізге құятынын көрді.
562 Әй, таңданатын түк жоқ-ау. Өйткені, оқтаусыз мылтығында оқ-дәрінің жоқ екені қалай кәміл болса, осынау меңіреу, тақыр жердің қақ жүрегінде теңіздің де, кемелердің де болмайтынына әбден сенімді. Ту сыртынан әлдекімнің ентіге тыныс алғанын естіді, – не күрсінгені, не жөтелгені белгісіз.
563 Бойын сірестіре буған әлсіздікті әрең жеңіп, бір бүйіріне қарай аунап түскен. Жақын маңнан көзіне ештеңе іліне қойған жоқ, сосын асықпай тосуға көшті. Өзінен жиырма қадамдай жерде екі үшкір тастың арасынан сұр қасқырдың басы қылтиып, тағы да ентіге дем алу мен булыға жөтелу естілді.
564 Сөйткенмен, алыста әлі де теңіз жарқырап жатыр, кеме де анық көрінеді. Бәлкім, осының бәрі шындық шығар? Ол көзін жұмып, ойға шомды – мән-жайдың неде екенін ақыры ұқты-ау. Ол ылғи солтүстік-шығысқа жүріп, Диз өзенінен алыстай берген, сөйтіп Коппермайн өзенінің жағалауына жеткен.
565 Гудзон шығанағы Компаниясының бір кезде өзі көрген картасын есіне түсірді де, бәрі айқын әрі түп-түсінікті бола кетті. Бойын тіктеп отырып, ең қажетті, тығыз істерді ой сарабынан өткізе бастады. Жамылғыдан ілдебайлаған аяқ орағыштары мүлдем іске алғысыз болып, аяқтары қызыл етіне дейін қажалыпты.
566 Мылтық пен пышағын да әлдеқайда түсіріп алған. Малақайы да, оның астарына тығылған шилері де зым-зия, есесіне, теріге оралып, темекі қалтаға салып, қойнына тыққан шилері дін аман әрі құп-құрғақ. Ол сағатына көз тастады. Сірә, мұны бұрап қоюды жадынан шығармай жүргенге ұқсайды.
567 Енді неғұрлым сабырлы әрі ақыл-есі айқын болатын. Соншалық әлсіздігіне қарамастан, еш жерінің ауруы сезілер емес. Тамақ жегісі де келіп тұрған жоқ. Тіпті, тамақ туралы ойлаудың өзін қойған, немен айналысса да істерінің бәрін саналы күйде атқаруда. Шалбарын тізеден жыртып, аяғының басын орап тастады.
568 Бірақ бақырашын тастар емес: кемеге қарай сапарын бастардан бұрын қайнаған су ішіп алуы керек, – бұл жол ауыр қиямет боларын алдын ала біліп-ақ тұр. Бар қимылы өте баяу еді. Бойын сіреспе буғандай дірілдеп-қалшылдайды кеп. Құрғақ мүкті көптеп жинағысы келген, бірақ аяғынан тұра алмады.
569 Жыртқыш лажсыздан қашқақтап, тілін күшене қозғап, тұмсығын жиі жалаумен тұр. Қасқырдың тілі сау, қып-қызыл емес, қайта сарғыш қоңыр, кебу сілекей жылбысқылана жапқанын аңғарды. Қайнаған су ішіп, орнынан тұра алатынын, тіпті, қуаты қашып, әбден әлсірегеніне қарамастан жүре алатынын да сезді.
570 Оған әр минут сайын демалуға тура келсін. Әлсіреген, қалт-құлт еткен қадамдармен ілбіп келеді, оның соңынан қасқыр да осындай әлсіз, қалтылдаған күйде сүйретіліп келе жатыр. Бұл түні, жарқыраған айдын көзден таса болғанда жүргінші теңізге төрт милльден артық жақындамағанын түсінді.
571 Түні бойы ауру қасқырдың жөтелгенін, ара-тұра бұғы бұзауларының мөңіреуін естіп шықты. Айнала өмір қайнап жатыр, бірақ сол тіршілік пәрменді қуат пен саулыққа толы, ал өз басы ауру қасқырдың ауру адамның соңынан сүйретіліп келе жатқанын және мына адам бірінші боп өлсе деп тілейтінін жақсы-ақ біледі.
572 Таңертең көзін ашқан бетте ол қасқырдың өзіне жабырқау әрі ашқарақтана қарап тұрғанын байқады. Таяқ жеген, ілмиген түнеріңкі итке ұқсайтын аң құйрығын бұтына қысып, басын төмен салбыратып алыпты. Азынаған желмен қалтырап, адам өзіне қырылдауық сыбырмен тіл қатқанда түнере тісін ақситты.
573 Солтүстік ендіктерде болатын қысқа ғана қоңыр күздің басталған белгісі еді бұл. Шуақты күндер бір аптаға созылуы да мүмкін, тіпті, ертең, не болмаса арғы күні-ақ ауа райы бұзылуы ықтимал. Түстен кейін шұбатылған ізге жолықты. Өзі жүріп өткен емес, төрттағандап сүйретілген адамның ізі болатын.
574 Сөйте тұра бойындағы әлі оты өшпеген өмірге құштарлық алға сүйрелейді. Әбден қалжырады, бірақ бойындағы өмір оты өшкісі жоқ: сол өмір отының өшкісі келмегендігінен адам батпақ жидектерін теріп, теңге балықтарды қомағайлана жеп келеді, қайнаған суды ішіп, ауру қасқырдан көз алмай бақылап әуре.
575 Тіпті, бұғы терісінен тігіліп, шымши буылған томпиған қалтаны да байқады, – бұл қалта да тұп-тура өзінікіндей еді – өткір тістер енді дал-дұлын шығарыпты. Әлсіз саусақтары мұндай салмақты көтере алмаса да, әлгі қалтаны жерден іліп алған. Билл ең соңғы сәтке дейін қалтаны тастамапты.
576 Егер өзінің орнында болса ол мұның сүйегін сорып, алтынын алған болар еді деп ойлады ары қарай сүйретіліп бара жатып. Ол кішкентай көлшікке келіп жетті. Майда шабақтарды іздестіріп, суға қарады да, әлдене шағып алғандай шошына теңселіп кетсін. Өзінің суға шағылысқан сықпытын көрген-ді.
577 Шағылысқан бейненің құбыжықтығы сонша, меңіреуленген жан дүниесін шошынта астан-кестен етті. Көлшікте үш теңге балық жүзіп жүр, бірақ, шалшықтың үлкендігі сондай, төгіп тауысу мүмкін емес: балықтарды бақырашпен аулауға да тырысқан, алайда түптің-түбінде бұдан да бас тартуға тура келді.
578 Шаршағаннан құлап түсіп, суға тұншығып өлемін деп қорықты. Сондықтан да құм қайраңдарда бөренелердің пырдай шашылып жатқанына қарамастан, бөренемен өзен бойлай жүзуге де сескенген. Бұл күні ол кемемен екі арадағы қашықтықты небары үш милльге қысқартты, ал ертеңіне екі-ақ милльге жақындады.
579 Егер қасқырдың дені сау болғанда, адам мұнша қарсыласпас еді, бірақ оған мынау сілімтік, жеркенішті жыртқыштың жұмырына түсемін-ау деген жиренішті ой маза берер емес. Қандай жиренішті! Тағы да есеңгірей бастады, түрлі елестер санасын тұмшалап, аракідік айыққан сәттері тым қысқара әрі сирекси берген.
580 Әлдеқалай ол дәп құлағының түбінен әлдекім ауыр дем алғанын естіп есін жиып алды. Қасқыр кері ыршып түсіп, сүрініп кетті де, діңкелегеннен құлап қалды. Бұл күлкілі-ақ еді, бірақ адам езу тартқан жоқ. Тіпті, үрейленбеді де. Қорқыныш енді мұны қармауына іліктіре алмайтын.
581 Алайда бір пәске санасы айығып, ойша жоспар құрып жатты. Енді кемеге бар болғаны төрт милльдей жер ғана қалды, одан еш қашық емес. Тұмантқан жанарын сүртпектеп, кемені айқын көруде, тіпті, жарқыраған теңізде жүзген ақ желкенді қайықты да айқын аңғаруда. Бірақ, бұл төрт милльді жүріп өту мүмкін емес.
582 Мұны жақсы біледі әрі бұған немқұрайды қараған. Тіпті, жарты милльді де еңбектеп өте алмайтынын сезеді. Дегенмен, оның өмір сүргісі келді. Өзі бастан кешкеннің бәрінен соң өле салу ессіздік болар еді. Тағдыр бұдан көп нәрсені талап етті. Енді ол ажал аузында тұрып та өлімге мойынсұнбас еді.
583 Ара-тұра ессіздіктің құшағына шым батып, талықсып кетеді де, қайтадан есін жинауға жанталаса күш жұмсайды, ерік-жігерінің қалдығы қайтадан тіршілікке қалай алып келетінін сөзбен түсіндіру мүмкін емес. Шалқасынан қимылсыз жатып, қасқырдың қырылға толы демі өзіне таяп қалғанын сезуде.
584 Міне, әлгі дем дәп құлағының түбінен естілген. Қатты, құп-құрғақ тіл мұның бетін қырғыштай қырнап түссін. Қолдары кілт жоғары көтерілді де, – басқа басқа, өзі осылай жылдам көтергісі келген-ақ, – саусақтары құстың өткір тырнағындай бүрілді, амал не, ауаны ғана қармап жатыр.
585 Асқазанына қайнаған қорғасын құйғандай-ақ жан төзгісіз, бірақ бар ерік-жігерін жинап, шыдап бақты. Осыдан соң адам шалқасынан аударылып түсті де, терең ұйқыға кетті. "Бедфорд" кит аулайтын кемесінде ғылыми экспедицияның бірнеше адамы бар-ды. Палубада тұрған олар жағалауда жылжыған әлденені аңғарды.
586 Әлгі нәрсе құм бетімен әрең сүйретіліп, теңізге қарай жылжып келеді. Ғалымдар оның не нәрсе екенін түсіне алған жоқ, сондықтан жараты-лыстанушылардың әдетімен қызыға қайыққа отырып, жағалауға қарай жүзе жөнелді. Олар тірі адамды көрді, бірақ оны адам деп айтудың өзі мүмкін емес.
587 Оның алға жылжитын да түрі жоқ, бірақ алған беттен қайтар емес, бүктетіле ирелеңдеп, сағатына жиырма қадамдай ғана алға жылжуда. Үш аптадан соң әлгі адам кит аулайтын "Бедфорд" кемесінің кереуетінде жатып, көзінен жас парлай өзінің кім екенін және басынан не өткергенін айтып жатты.
588 Тамақ жетпей қалады-ау деген үрей оған маза берер емес. Ол қанша тамақтың бары туралы аспаз бен юнгадан, тіпті, капитанның өзінен де сұрастырумен болды. Олардың бәрі мұны тыныштандырып әлек, бірақ жан баласына сенбеген бұл бәріне көзін жеткізу үшін құпиялап ас қоймасына түсумен жүр.
589 Айналадағылар оның тез оңала бастағанын аңғарды. Күн санап семіріп келеді. Ғалымдар бас шайқап, түрлі жорамал жасасқан. Тамақ беруді шектеп те көрді, дегенмен ол көлденеңінен, әсіресе, белі тым қампайып бара жатыр. Матростар күлісіп қояды. Олар бұған не себеп екенін жақсы білетін.
590 Таңғы астан соң ол бакқа шығып, матростардың біріне қайыршыдай қол жаяды. Матрос мысқылдай жымиып, теңіздің кепкен нанының бір тілімін ұсына қояды. Сараң адамның алтынға қарағанындай тілім нанды ашкөздене алып, қойнына сүңгітеді бұл. Басқа матростар да мысқылмен жымиып, осындай садақаны беріп жүр.
591 Бір қызығы, өстіп өлгендердің мәйітін мұздай көрге салғанда, осындай бүлінбеген, бұзылмаған қалпында Қиямет күніне жетсін деген ұғыммен олардың бетін мүкпен ғана жауып кете барады. Ал мұндай Ұлы Күнге сенбейтіндерге, әрине, ең кереметі – Клондайкке барып өлу деп көпіре алмайсың.
592 Шатыр ішінде дәл сырттағыдай суық болмағанымен оның да жетісіп тұрғаны шамалы. Сондықтан іште отырғандардың бәрі ортадағы жалғыз пешке итініп жабыса түседі. Аяқ астындағы жердің бір бөлігіне қалыңдау етіліп самырсын бүрі төселген. Оның астында – қар да, үстінде – түкті көрпе.
593 Мұнда алғаш келген жылы жол азабын мен де талай тартқам. Сонда деймін-ау, шөлдеп келе жатып мұзды суатқа бас қойғаннан кейін он минут бойы ес жия алмай шайқалақтап тұратын кезім әлі есімде. Одан кешкісін бүкіл буындарым сырқырап, сүйек-сүйегім қақсап, жанымды қоярға жер таппаған күндерім қаншама.
594 Бұл – факт. Бұған ешқандай күмәндануға болмайды. Алыптар алып-ұруға ғана мықты, ал төзімділікке келгенде – боркемік. Сондықтан оларға сену қиын. Ал өзіңдей арық, сіңірлі адамдардың қай уақытта, қандай жағдайда да жаны сірі болады. Ондай адамдар және тырнағы іліккен жерден бірдеме алмай шықпайды да.
595 Лонды сендер де білетін шығарсыңдар? Анау әлгі ылғи да екі езуі екі құлағында жүретін жирен-сары ирландық ше? Жә, сөйтіп сол екеуі жолға түсіп жүре береді, жүре береді, – түн жүреді, күн жүреді. Ақыры әлгі өгіздей жігіттің шамасы бітіп, дымы құрып, жол жиегіндегі қарға жата кетеді.
596 Унгу деген? Жүзіктің тесігінен өткендей жіңішке, ап-арық әйел ше анау? Тал бойында қырып аларға қызылы жоқ сол әйелдің төзімділігі мен қажыр-қайратына мен әлі күнге дейін таңғаламын. Ең кереметі сол – құдайдың осы берген ғажап сыйын ол түп-түгел бір-ақ нәрсеге жұмсайтын.
597 Ал енді осыған ұқсас бір әңгімені мен де сендерге айтып берейін. – Ол сөзді неден бастасам екен дегендей шамалы ойланып отырды да, сосын жайлап сөйлей бастаған. – Ертеректе, мына өлкенің бөтен-баспақтардан таза, қыз мүсінді жас кезінде, бір ерлі-зайыпты екі адаммен жақсы таныс болғаным бар-ды.
598 Иә, кейін де мен қаншама адаммен жолдас бола жүріп, дәл сол әйелдің мәрттігіндей мәрттікті бір еркектің бойынан көрмедім десем, сенесіңдер ме! Сонымен, біз Тұзды Суды бетке алып, күндіз-түні жүріп келе жатқанбыз. Жол тым ауыр еді. Қар қалың, қақаған аяз, өзекті талдырған аштық.
599 Мен сонау бала кезімнің өзінде бір сұмдық ақиқатты білуіме тура келген. Сонда не білді дейсіздер? Бүкіл жер бетінің қожасы сендер екенсіңдер, ал сендермен күресуге сиваштардың дәрмені жоқ екен; сондықтан ит пен құс қар үстінде қалай өлсе, біз де солай өлуге тиіс екенбіз.
600 Иә, сөйтіп мен, міне, сендердің, араларыңа, жылы жерге, ошақтарыңның басына келіп отырмын. Ешқандай бөтендігім жоқ. Бұл өмірде адамның басынан не өтпейді. Мен де мына шақшадай басымнан небір жайды өткізген жанмын. Соқпақты да, сонарды да көрдім. Талайлармен тағдырымды да табыстырдым.
601 Мен Пассукты олардан адал түрде сатып алғам. Жасырары жоқ, мен оны шын сүйдім деп айта алмаймын, оған көз тоқтатып қараудың өзі мен үшін жағымсыз еді, ал оның өзі ылғи да көзін төмен салып жүретін. Бұнысы – жасқаншақтығы шығар немесе тым ұяңдығы болар, деп ойлайтынмын мен.
602 Хаттардың сырты мықтап желімделген әрі су өткізбейтін материалмен оралған, – мен оларды ұлы Маккензиге таяу жерде, мұзда қыстырылып қалған, кит аулайтын кемеге жеткізуім керек-ті. Егер өзен атаулының анасы – біздің Юконды есептемегенде, жер жүзінде Маккензиден үлкен өзен жоқ шығар.
603 Бұл бір жанды жеген ауыр жол болды, тек күнге қарап қана бағытымызды айырып отырдық. Әлгінде айтып өткенімдей, ол уақытта бұл өлке егін-тегін жатқан бос жер еді, біз сонау ит арқасы қияндағы Қырқыншы Мильге жеткенше бірде ескекті, бірде ұзын таяқты пайдаланып, ағысқа қарсы тырбаңдап жүзе бергенбіз.
604 Сонан соң күндердің күнінде аяғымыз қара жерге тиіп, ол жердегі өздерің сияқты ақ адамдармен қауышып, бір жасап қалдық қой, әйтеуір. Алайда ондай рақат күндеріміз ұзаққа созылған жоқ, көп өтпей-ақ қылышын сүйретіп қыс келді. Бұрын-соңды болмаған қатал қыс! Көз аштырмас ақ боран.
605 Одан қалса қызылшұнақ аяз. Бұл да аз екен, артынша бұған аштық келіп қосылған. Компания Агенті әр адамға бүкіл қысқа бар-жоғы қырық фунт ұн мен жиырма фунт шошқаның сүрленген етін берген. Басқадай тамақ жоқ. Иттер ұлиды да тұрады, адамдар ашқұрсақтан әбден қажып біткен – беттері айғыз-айғыз әжім.
606 Күштілер әлсіреген, әлсіздер өліп тынған. Оның үстіне поселканы тұтастай қырқұлақ жайлаған. Өстіп жүргенде бір күні кешкісін бәріміз поселка ортасындағы дүкенге жинала қалғанбыз. Ондағы жылан жалағандай бос сөрелерді көргенде, жанымыз құлазып, ішегіміз шұрылдап қоя берген.
607 Ошақтағы бықси жанған оттың алакөлеңке жарығында сыбыр-күбір әңгімелесіп тұрдық. Шырақ жағуға аяймыз, ол ертеңгі күндері мәйіт басына да керек. Сонымен әңгімелесе келе біз мынадай шешімге келдік: бұл жерде қандай жағдайға тап болғанымызды тезірек Тұзды Суға жеткізуіміз керек.
608 Отырғандар келісті. Осы тұста "Ұзынтұра Джефф" деп аталып кеткен еңгезердей янки жігіті орнынан атып тұрған. Мен буйволдың сүтін ішіп өскен адаммын, сондықтан жолға менен өткен мықты, төзімді жанды шам алып іздесеңдер таппайсыңдар, оның үстіне шаңғымен де өте жақсы жүремін, дейді.
609 Осалдықтың бірінші белгісі – көпірме сөз екенін, ал шын мықтылар үлкен істі үнсіз тындыратынын, рас, ол уақытта мен қайдан білейін. Сонымен біз ең таңдаулы иттерді, ең жақсы деген азық-түлікті алып, үшеуіміз – Пассук, Ұзынтұра Джефф және мен – тәуекелмен ұзақ жолға шықтық та кеттік.
610 Осы отырған сендердің барлықтарың ұлпа қарды шаңғымен талай таптап, тыңнан жол салып көргенсіңдер, сондай-ақ суықтан сіресіп қалған шаналарды сәт сайын күтір-күтір қозғап отыру да ешқайсыңа таңсық емес, ендеше жол азабының бәрін тағы да сендерге ежіктей беру артық шығар.
611 Ең жақсы деп таңдап алған тамағымыз да аса жақсы бола қойған жоқ, оның үстіне алғашқы күннен бастап оны өте үнемдеп пайдалануға тура келген. Сонымен қатар мықты иттердің өзі де біртіндеп қажи бастаған, кешкілік тәлтіректеп қалған бейшараларды тек таяқтың ырқымен, зорлықтың күшімен ғана жүргіземіз.
612 Өстіп жүріп Ақ Өзенге жеткенде жегімдегі үш топтың екеуі ғана қалған, – ал жүріп өткен жолымыз – небәрі екі-ақ жүз миль! Рас, аса жоғалтқан да ештемеміз жоқ: өлген иттер тірілерге жем болған. Пеллиге жеткенше жолай қыбырлаған не бір қараны, не бір сыздықтай шыққан түтінді көре алмадық.
613 Сол жерде тағы біраз үндістерді де көріп қалдық, бірақ олардың арасынан бірде-бір кәрі адам мен жас баланы көрмедік. Тірі дейтін мыналардың да көктемге аман-есен жететіндері аз көрінген бізге. Қысқасы, бұл жерден біз не қарынға, не көңілге еш жұбаныш таппай әрі қарай жүріп кеттік.
614 Мен иттердің үстіне бишікті үсті-үстіне үйіре беремін – осындай жеңілдеу жерде жолдан біраз ұтып қалғым келеді. Аяқ суыту, бел жазу дегенді мүлде ұмытқанбыз. Үнемі шаңғымен жүру де оңай тиіп келе жатқан жоқ, аяқтың басы удай ашиды, тобықтың үсті қажала-қажала әбден жара боп қалған.
615 Ал Пассук! Еркек атымен біреу оттың жанында мырс-мырс жылап жатқанда, ол таң атпай тұрып бізге тамақ дайын-дап, сосын маған иттерді жегуге көмектесіп, ал кешкісін жатар орынды дайындап, әйтеуір, күні бойы бір дамыл таппайды. Егер иттеріміз аман жүрсе, бұл тек Пассуктың еңбегі.
616 Ол уақытта бұның бәрін мен солай болуға тиіс деп қабылдайтынмын және басқадай ойлауға құлқым да жоқ-ты: басым басқада жүреді, екіншіден – жаспын, әйелдер жөнінде де өте аз білемін. Тек кейін сол күндерді еске алғанда ғана кезінде менің қандай әйелім болғанын біліп, талай-талай бармақ тістедім ғой.
617 Ал Пассук екеуіміз жүктерді жинап, шанаға тиеп, иттерді жегіп болған соң, тағы да жүріп кетеміз. Содан түске жақын күн көзі сәл жыли бастаған кезде, біз оны қуып жетеміз де, тоқтамай кете барамыз – ол көз жасын көлдей төгіп қала береді. Біз жүре береміз... жүре береміз.
618 Оның ауру дейтін ауруы да жоқ-ты – бәрі де әншейін қатты қажу мен ашыққандықтан еді. Бірақ дәл сол секілді Пассук екеуіміз де қатты қажып, шаршағанбыз, біздің де ішегіміз аштықтан әбден бұралып біткен, дегенмен біз бүкіл жұмысты атқарып келеміз ғой – ал ол болса, қара басын алып жүруге де жарамайды.
619 Ал олар бетке ұстаған Пеллиге дейін әлі екі жүз мильдей жер бар еді. Оның үстіне ол жерде де аштық басталып кеткен. Олар бізге өздерімен бірге бір үндістің де жолдас болып шыққанын, онымен тамақты ылғи да тең бөліскендерін, бірақ оның біртіндеп бұларға ілесе алмай қалғанын әңгіме еткен.
620 Бірақ мен бұған сенгем жоқ, егер тамақты тең бөлісіп отырса, ол неге бұларға ілесе алмай қалады? Мен ол екеуіне ештеме бөліп бере алмадым. Ал олар біздің ең жарамды итімізді (оның да ыңыршағы айналып тұрған) ұрлап алуға тырысып еді, мен тапаншаммен қорқытып, табандарын жалтыратуды талап еттім.
621 Отын аз болса оттың да қызуы аз болатыны белгілі ғой – біздің де жағдайымыз тура сол сияқты еді. Тамақты тым аз жегендіктен бойымыз да өте аз жылиды, суықтан бетіміздің қап-қара боп үсіп кеткені сондай, бізді енді туған анамыздың тануы екіталай-ды. Аяғымыз солқылдап ауырып шыдатпайды.
622 Әрине, жалғыз жаяуға бұл аса қауіпті емес, ал жүгі бар итшанаға? Тәуекелден басқа амал жоқ. Пассук қолына ұзын сырық ұстап, бірінші боп аяғын алға аттады. Оның салмағы жеңіл, әрі шаңғысының табаны жалпақ болатын – сөйтіп ол арғы жаққа сәтімен өте шығып, сосын иттерді өзіне шақырды.
623 Егер тым ашығып бара жатсақ, арық та болса сол иттерге ауыз салармыз деген үмітіміз бар-ды. Ол да енді көзден бұлбұл ұшты. Келесі күні таңертең мен азын-аулақ тамақты тең бөлдім де, Ұзынтұра Джеффке: егер жүрем десең бізбен жүр, әйтпесе қала бер, енді саған қарайтын шамамыз жоқ, дедім.
624 Сонда Пассук маған Қырқыншы Мильдегі адамдарды еске салып, – нағыз еркектердің сонда қалғанын, және олардың өте көп екенін, ал қазір бәрі де менен көмек күтіп отырғанын айтқан. Мен тағы да "жоқ" деп едім, ол белдігімнен тапаншамды суырып алып, қас пен көздің арасында шүріппені басып салып еді.
625 Басқалар да үнсіз. Сыртта төбе құйқаны шымырлатып ит ұлыды, тегі суыққа шыдай алмай тұрса керек. Күн сайын жол бойынан мана алдымыздан шыққан екі аруақтың қар үстіне қонып шыққан ізін көріп отырдық: Тұзды Суға жеткенше өзіміздің де сан рет сондай із қалдыра-тынымызға мен еш күмәнданғам жоқ.
626 Ол бізге өзінен озып кеткен әкелі-балалы екеудің қаралық жасағанын, яки жол азығын тең бөліспегенін, енді міне үш күннен бері өзінің нәр сызбай келе жатқанын айтты. Күнде кешкісін ол аяғындағы мокасиннің бір тілімін суға қайнатып алып, соны шықпас жанға талғажау етіп келетін көрінеді.
627 Қазір енді мокасиннен де ештеме қалмапты. Бұл үндіс шыққан тегі жағынан жағалаулық екен, ал мен олардың тілін білмеуші едім, сондықтан Пассук арқылы түсініскем онымен. Ол Юкон жақта ешқашан болмапты, тіпті жолын да білмейді. Дегенмен бәрібір солай қарай кетіп барады екен.
628 Өйткені кері қайтуға енді кеш – тым алыс, сондықтан өліп кетсе де алға ұмтыла бергеннен басқа амалы жоқ-ты оның. Ол бізден тамақ сұраған жоқ, өйткені біздің де битімізді сығып келе жатқанымызды сезген. Ал Пассук не істесем екен деп қиналғандай маған бір, үндіске бір жәпектеп қарай берген-ді.
629 Бұл да жол азабынан мүлде қажыған екен, әйтпесе менің алдымда мұндай осалдық көрсетер ме еді деп ойладым мен. Өмір деген бір жұмбақ құбылыс қой. Мен бұл туралы көп ойладым, көп толғандым, бірақ күн өткен сайын ол маған тіптен түсініксіз бола түскен. Біз бәріміз неге оған соншама құлай береміз.
630 Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз – әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар.
631 Жоқ, өмір сүру – тозақ. Туғаннан – өлгенге дейін. Өйткені адам жылап туады, жылап өледі. Сөйте тұра және ешкім оңайлықпен, өз еркімен өлгісі келмейді. Егер көзіңді ашып қарасаң, мұндай ит тірліктен өлім әлдеқайда артық қой. Жоқ, бәрібір біз өмірді жақсы көріп, өлімге нәлет айтамыз.
632 Бұл неткен жұмбақ сонда! Біз Пассук екеуіміз өте сирек сөйлесетін едік. Түнде біз өлген адамша қар үстіне сұлық түсіп жата кетеміз, ал таңертең тағы да жолға шығамыз – үнемі сол өлген адамдардай жақ кірісін ашуды білмейміз. Маңайымыз да – тұтастай өлі тірлік, өлі дүние.
633 Төңіректе жылт еткен от, тырс еткен дыбыс жоқ – тек сықырлаған суық пен Ақ Меңіреу тыныштық қана. Біз уақыт есебінен баяғыда жаңылғанбыз – күннің де, аптаның да бізге түкке керегі жоқ еді, – жүрсек болды, басқа да жұмысымыз жоқ. Ал біз жүріп келеміз, бірақ өлген адамдай.
634 Иә, біз ештемені сезуден қалғанбыз. Біз жиі-жиі құлап та қаламыз, бірақ құлап бара жатып та Тұзды Су жаққа қараймыз. Біз ылғи да тең бөлісіп келе жатқан тамағымыз да ақыры таусылып еді, – бірақ, неге екені белгісіз, соңғы күндері маған қарағанда Пассуктің жиі құлайтыны байқалған.
635 Таңертең жалғыз жамылғының астында екеуіміз де қыбырсыз жаттық – енді жолға шығу миымызға да кірмеген. Мен ажалды Пассуктың ып-ыстық құшағында жатып қарсы алғым келіп еді, өйткені осы санаулы күнде мен талай дүниеге көзім жетіп, әйел махаббаты дегеннің не екенін енді-енді түсіне бастағандай болғам.
636 Мен әрқашанда сенің отыңды лаулатып жағуға тырыстым, барымды салып тамағыңды істедім, иттеріңді шанаға шегіп, қарыңа дейін қыңқ етпей таптап жүрдім – бірақ еш уақытта қабақ шытып көргем жоқ. Және ешқашан төркін жұртымның төсегін мақтап, асын әспеттеп те көрмедім. Сен не айтсаң да – көнгем.
637 Қайырымды адам өз итін қалай аяса, сен де мені солай аядың, Чарли. Бірақ ешқашан жүрек жылуыңды маған берген жоқсың, Чарли. Өйткені ол жүректе маған титімдей де орын жоқ еді; алайда сенің жақсылығың сол – маған дегенде әрдайым әділетті болдың, адамға қалай қарау керек болса, сен маған солай қарадың.
638 Ал сен үшін мен мақтанатын болдым. Міне, сөйтіп сен менің жүрегімнен орын алдың. Бұдан былай жатсам да, тұрсам да тек сені ойлайтын күйге түстім. Сен мен үшін көкжиектен бір көрінсе, көгілдір аспанда ұзақ байланып тұрып алатын жаз айларындағы алтын табақ Күнге айналдың.
639 Онда енді бәрі еріп жатыр, түкпір-түкпірінде сылдырап ақ бұлақтар ағады, жағасында жасыл құрақ желкілдеп, төрінде қызғалдақтар құлпырады. Мен одан бұлбұлдың сайрағанын, құрлардың құрқылдап ойнағанын, алыстан әупілдеп еліктің шақырғанын естимін, өйткені менің жүрегімнен мұз еріді, тоң жібіді, Пассук.
640 Баяғыда, менің кішкентай қыз кезімде, Чилкуттағы әкемнің итарқа қосында мен жиі-жиі жалғыз қалатынмын, себебі ер азаматтар аң аулауға кететін де, ал әйелдер мен балалар атып алған аң-құстарды орманнан үйге таситын. Міне, сондай күндердің бірінде, көктемде, қос ішінде жалғыз өзім ойнап отырғам.
641 Орманнан аң-құсты шанамен тасып жүрген ағам осының алдында ғана қосқа кірген болатын. Ол ошақта жанып жатқан бір шаланы жұлып алып, дереу аюмен айқасқа түсті де кетті, бір жағынан оған шаналарын сүйрете-мүйрете иттер де жеткен көмекке. Қос іші бір-ақ сәтте астан-кестең, қара құйын боп шыға келді.
642 Бір мезетте олар ұмар-жұмар отқа құлаған да, артынша қос та жерге жалп ете түскен. Ақыр-соңында әйтеуір аю жан тапсырып, менің ағам аман қалып еді, бірақ аюдың аузына түсіп кеткен бір саусағы мен әп-әдемі бет ажарынан айырылып шыға келген – өткір тырнақ балғын жүзді пышақтай осып түскен ғой.
643 Махаббатының күштілігі сондай, ол тіпті өзін де аяп қалған жоқ. Көз жұмарынан сәл бұрын ол менің қолымды өзіне тартып, қоян терісінен тігілген белдемшесінің ішіне қарай жылжытқан. Сол сәтте саусақтарым ішіне қарай қатты тартып тастаған кішірек бір қапшыққа іліккен. Бірден түсіне қойдым.
644 Ол кешегі күні бізді құтқарады деп, ең мықты итін, ең дәмді тамағын беріп аттандырған Қырқыншы Мильдегі адамдарды ұмытқаны ма қазір? Пассук әрқашан өзінің күйеуімен мақтана білген. Пассук сол мақтанышынан әлі де айырылғысы келмейді; ендеше ол қазір орнынан тұрып, шаңғысын киіп, дереу жолға шығады.
645 Оның өлі денесі менің құшағымда әбден суып болған уақытта, мен орнымнан тұрып, мана лақтырып жіберген қапшықты қайта тауып алып, аяғыма шаңғымды іліп, қалт-құлт етіп жүріп кеттім. Тіземнен соншама бір әлсіздік сеземін; басым айналып, құлағым шу-шу етеді, көз алдымда қызылды-жасылды ұшқындар ойнайды.
646 Алдымда – лаулай жанған от. Отта – бұрқ-бұрқ қайнаған қара қазан. Мен ән саламын, қыз-жігіттер сыңсытқан ән ырғағымен би билеймін. Бір шетте морж терісімен қаптаған дауылпаздар даңғырлайды – ал Пассук менің қолымнан ұстап алып, үнемі жанымда жүреді. Иә, үнемі жанымда...
647 Қалың қарды омбылап адасып бара жатсам, ол дұрыс жолға әкеліп салады... әрине, ақылынан адасқан адам ғана осындай елестерге үйір болса керек-ті. Ол күндері менің де есім кіресілі-шығасы еді. Бірақ, әйтеуір, күндердің күнінде жығылып-тұрып жүріп, Хейнс миссиясына да жеттім-ау.
648 Талтүс еді. Оңтүстікте, Гендерсон қыраттарының үстінде жез табақ Күн суық қана жымиып көз салады. Ауада мың-сан инелер жылтылдап ұшып жүргендей. Ал алдыңғы жақта, жолдың жиегінде, жүнін аппақ қырау басқан қасқыртұмсық бір ит танауын көкке көтеріп, сай-сүйекті сырқырата ұлып отырды.
649 Мына қылмыскерге тек қана өлім жазасы кесілетініне, әрине, ешкім күмән келтіре алмайды – басқадай жаза тіпті миға да кіруге тиіс емес – алайда бұл бір-ақ адамның құны ғой, ал Имбердің мойнында қаншама жанның, қаншама боздақтың қаны бар десеңші! Иә, бұл адамның қолы білегіне дейін қанға батқан еді.
650 Содан ол осы орнынан күні бойы қозғалған жоқ. Жанынан ары-бері өтіп жатқан ақ адамдардың легі де кешке дейін бір толастамаған. Олардың көпшілігі шалдың жанынан өтіп кеткен соң да, артқы жақтарына бір мойын бұрып қалуды ұмытпайды, тегі тағы бір дұрыстап көріп алайықшы дейтіндей.
651 Ал шалдың өзі олардың кейбіреуіне: "не, адам көрмеп пе едің!?" дегенді көзімен білдіріп, алара қарап қояды. Осы оқиғаның куәсі болған ондаған адам кейін шалдың сондағы түріне қайран қалғандарын айта отырып, өздерінің көрегендігі мен адам танитындықтарын өмір бойы мақтан етіп өткені бар-ды.
652 Қортық Диккенсен бұл өлкеге қалтасын долларға, көкірегін үмітке толтырып келген адам еді, алайда доллары желге ұшып, үміті құмға сіңген кезде, амал жоқ, Штатқа қайту үшін жолқаражат табу керек болғанда, "Холбрун және Мейсон" деген маклерлік кеңсеге есепші болып орналасқан-ды.
653 Оның үстіндегі адам да дәл осы шал сияқты ұзақ уақыт қозғалыссыз, қимылсыз отыра бергені бар. Жанына ары-бері өтіп жатқан адамдардың бәрі оны ұйықтап отыр деп ойласа керек. Сосын әбден қараңғы түсер алдында біреу оны оятпақ болып, түртіп қалғанда... ол гүрс етіп қарға құлап түскен ғой.
654 Қортық Диккенсен қолындағы сигарын терезе жақтауына тастай салып, цилиндр қалпағын басынан жоғары бір көтеріп қойды. Олар он минуттай жайбарақат әңгімелесіп тұрған, алайда Эмили Трэвис бір мезет Диккенсеннің иығынан көше жаққа көз сала беріп, кенет... қорыққаннан шыңғырып жіберсін.
655 Осы қимыл үстінде оның әжімді жүзінен әлдебір жиреніш пен таңырқау қатар білінген де, артынша қолындағы ақ білекті жайымен жібере салған. Сонан соң көмейінен бір құмыққан дыбыс шығарып, қызға ту сыртын беріп, Диккенсенге бірдеме айтқан болды. Оның не дегенін Диккенсен түсінбей, иығын қиқаң еткізді.
656 Ол үшін сізді жапырақ-жапырақ етіп турап тастау оп-оңай. Ол қатты күлді, қатты таңғалды, сіздей кішкентай әйел мына полисмен секілді дәу, мықты адамдарды қалай туа алады деп. Эмили Трэвис көпшілікке тура қарап тұра беруге ерлігі жеткен, бірақ алма беті алаулап шыға келіп еді.
657 Сол жерде бүкіл қылмысын мойнына алып, одан қайтып шыққан да жоқ. Имбердің түрінен өте қажып, шаршағандығы білінген. Бір жағынан кәрілік меңдетсе, екіншіден, ештемеден үмітсіздік те оны әбден торықтырып, тоздырып бітірген-ді. Бұның бәрі оның мыж-мыж бетінде тайға таңба басқандай сайрап тұр еді.
658 Негізінен шашы бурыл болса керек, бірақ үнемі күн астында жүргендіктен бар түсінен айырылып, қурап, күлгінденіп кеткен. Өзі маңайында болып жатқан абыр-сабыр, дабыр-дүбірдің ешқайсысына мән беріп, елең етер емес – дүние күл болмаса, бүл болсын, маған енді бәрібір дейтін секілді.
659 Кең бөлменің іші алтын іздеушілер мен аңшыларға лық толған, олардың бір-бірімен сөйлескен жай сөзінің өзі шалдың құлағында таудан тас домалатқандай тасыр-тұсыр естіледі. Ол терезенің алдында отыр еді. Сырттағы көріністің бәрі оның қазіргі құлазыған көңіл-күйімен астасып, үйлесіп жатқандай.
660 Бұдан соң Имбер қайық тұмсығының қабырға түбіндегі бөренеге тық етіп тигенін, одан соң адамдардың суды шылп-шылп кешіп келіп, үй терезесінен түскенін, сосын тағы... төменде дабырласа сөйлесе жүріп, екінші қабатқа басқышпен көтеріліп келе жатқанын, бәрін-бәрін естіп, біліп отырды.
661 Әлдебір адам үстелді тықылдатты; әңгіме тыйылды, тыныштық орнады. Имбер үстелді тықылдатқан адамға қараған. Ол қолында құзыры бар біреу секілді, алайда Имбер ең үлкен бастық, тіпті үстелді тықылдатқан адамға да бастық анау әріректе отырған кең маңдайлы адам екенін сезді.
662 Мен оларды да өлтіріп, мәйіттерін құныға тастадым. Одан соң Файв Фингерзде және бір адамды өлтірдім. – Ол салмен жүзіп келе жатқан, қапшық-қапшық еті бар екен. Имбер әлденені есіне түсіріп, ойланып қалған уақытта, Хаукан оның сөзін тоқтамай аударып тұрды да, клерк жазып отырды.
663 Оның үлкен бастықпен не туралы сөйлескенін Имбер де сезбей қалған жоқ. Бұдан соң ол өзінің өсиетке бергісіз ұзақ сөзін – болашақ ұрпақ үшін есімін мәрмәр тасқа мәңгілік етіп жазып қоюға әбден лайық қызыл тәнді патриот адамның басынан кешкендері мен істеген істерін – ақырындап айта бастап еді.
664 Ол сайыпқыран жауынгер болған. Менің кішкентай бала кезімде, күннің ыстық қызуы жерімізді жылытып, жүрегімізді керемет қуанышқа бөлейтін. Ол уақытта біздің адамдар бұрын көрмеген, білмеген нәрсеге дал ұрып, жандарын босқа қинамайтын да. Ешкім бөтеннің даусын естіген жоқ.
665 Жігіттеріміз қыздарға сүйсіне қарады, ал қыздарымыз оларды қуанта білді. Аналарымыздың омырауы сүтті, құрсағы құтты болды. Тайпамыз өсті, өйткені, ол кезде еркектеріміз еркек еді. Олар кеңшілік, молшылық күндері де, таршылық, ашаршылық уақытында да сол еркек қалпында қалды.
666 Ол жылдары, қазіргіге қарағанда, суда балық, орманда аң қаптап жүруші еді. Иттеріміз де қасқыр текті болатын. Олардың қалың терісінен ешбір суық, ешбір боран өте алмайтын. Ал біз, өзіміз де сол иттер сияқты едік, – біз де ешқашан, ешқандай боран-шашын, суықтан қорыққан емеспіз.
667 Иә, ол уақытта мен айтып тұрғандай, иттеріміз өте мықты болатын, біз, өзіміз де өте күшті болатынбыз. Бірақ бір күні біздің жерге бірінші ақ адам келді. Ол адам міне, мына құсап төрт аяқтап, еңбектеп жеткен. Оның арықтығы сондай, еті сүйегіне жабысқан, сүйегі терісінен шыққан.
668 Мұндай адамды біз ешқашан көрмегенбіз, бұл өзі қай жерден, қай тайпадан деп, басымыз қатқан! Ол әлсіз еді, иә, өте-өте әлсіз еді, біз оған төрімізден орын бердік, тәтті тамақтарымызды аузына тостық, жылы киімдерімізді үстіне ілдік, жұмсақ төсек-орнымызды астына төседік.
669 Онымен бірге бір ит те еріп келген, жалғыз өзінің үлкендігі біздің үш иттей еді: ол да өте әлсіреп қалған. Жүндері қысқа болғандықтан суық тез өтетін еді оған. Мұз боп қатып қалған құйрығының жартысы сынып қалыпты. Біз осы қызық итті де тамақтандырып, жылыттық, бойына, өзегіне нәр бердік.
670 Сосын әбден толып, семіріп алған соң батылдана да бастады. Адам қатты сөйлеп, шалдар мен жастарға күліп, қыздарымыздың бетіне тіке қарайтынды шығарды. Ал оның иті біздің иттермен төбелесетін болды, жүні қанша қысқа да жұмсақ болғанмен ол бірде біздің үш итті бірдей талап тастаған.
671 Бұдан кейін біздің бір қаншық итіміз күшік тапқан. Мұндай басы үлкен, азулы, бірақ қысқа жүнді, әрі дәрменсіз күшікті біз бұрын-соңды көрмегенбіз. Менің әкем Отсбаок сайыпқыран күшті жауынгер адам еді, әлі есімде, әлгі күшікті көргенде оның қабағы түнеріп, жүзі күреңітіп шыға келген.
672 Біраздан кейін үшінші ақ адам келді, оның көп-көп, әр түрлі дәмді тамақтары болды, басқа да жақсы заттарына ол айырбас ретінде біздің ең таңдаулы жиырма итімізді алды. Сондай-ақ сайдың тасындай он жігітімізді әр түрлі сыйлық пен уәдеге алдандырып, өзімен бірге ала кетті.
673 Рас, біз де ұннан жасалған тағамдар мен тұздалған шошқа етін жедік, шайды өте жақсы көрдік; егер шай ішпей қалған күндеріміз болса, біз әр нәрсеге ашуланып, бір-бірімізбен ұрсысып та қалатынбыз. Сөйтіп ақ адамдар әкеліп сататын көп заттарды біз ылғи да аңсап жүретін жағдайға жеттік.
674 Біз енді тек қана осыны ойладық. Бірде, қыстың бір күні атып алған бүкіл құстарымызды жүрмейтін сағат, өтпейтін ара, патронсыз тапаншаға айырбастап жібергенімізді кейін білдік. Ал сосын ашаршылық болды, біздің ертеңге сақтаған етіміз жоқ еді, содан қырық шақты адамымыз көктемге жете алмай көз жұмды.
675 Обалы нешік, бұл сөзді көсем қолдап, көп өтпей-ақ Ақ Балық тайпасы осы өлкеде керемет иттерімен даңқы шығып еді. Иә, иттерімен, – адамымен емес. Біздің ең таңдаулы ұлдарымыз бен қыздарымыз ақ адамдарға ілесіп, күн өткен сайын әлдебір жаққа, алыс-алыс қиырларға кетіп жатты, кетіп жатты.
676 Бірақ көпшілігі сол кеткеннен мол кеткен. Ал егер ұлдарымыз қайта оралса, олардан бізге пайда шамалы еді: алыста жүріп олар жаман сөздер, оғаш қылықтар үйренген, ішетіндері – жынды су, ойнайтындары – карта, ақ адамдар қай уақытта шақырса, сол уақытта кетіп қалуға дайын тұрады.
677 Олар үлкенге деген құрметті мүлде ұмытқан, ешкімге бас иіп, тәжім етіп тұрмайды, реті келсе біздің ескі-салт дәстүрімізді мазақ еткісі келеді, көсемдерге де, шамандарға да беттері былш етпей күле қарайды. Мен жаңа айттым: біздер – Ақ Балық тайпасының адамдары – әлсіз, осал бола бастадық деп.
678 Бізге жөтел жаудай тиді, онымен әйелдер де, еркектер де ауырды, олар түні бойы күрк-күрк етіп, қара терге түсіп шығар еді, ал аңшылар орманға жетпей жатып аппақ қардың үстінде қып-қызыл қан құсады. Бірде ананың, бірде мынаның өкпесінен қан кетеді; осыдан адамдар өліп те жатты.
679 Әйелдер баланы аз туды, ал туған балалар аурушаң, әлжуаз болды. Ақ адамдар бізге басқа да белгісіз аурулар әкелген. Олар жөнінде біз ешқашан ештеме естімеген едік. Бұл аруларды маған шешек, қызылша деп түсіндірген – олар біздің тайпа адамдарын баудай түсірген кезі де көп.
680 Бәрінен де таңданарлығы: ақ адамдар бізге ажал әкелген, олардың барлық әдет-ғұрпы бізді ажалға жетелеген, олардың танауынан шыққан тыныстың өзі ажал шақырған, – сөйте тұра олардың өзі ажалдың не екенін білмейді. Оларда не жоқ, – виски де, темекі де, қысқа жүнді ит те бар.
681 Қап-қара түндерде, жел өксіп, су жылап жататын өзен жағасына жалғыз өзім келіп, сол жерде, ағаштар арасында, мен баяғы данагөй қарттар мен өлген шамандардың аруағын гөй-гөйлеп көп шақыратынмын. Егер олар келе қалса, ақыл сұрағым келген. Ақыр соңында мен өзім күткен елестерді көрдім де.
682 Олар – қысқа жүнді жаман иттер еді. Мен түсіндім не істеу керектігін. Менің әкем – сайыпқыран жауынгер – Отсбаоктың дана шешімі арқасында біздің иттер өзінің қасқыр текті тұқымын таза сақтап қалып еді. Олардың терісі қалың, жүні ұзын, күші мығым болды. Шанаға шегуге олардан артық иттер жоқ-ты.
683 Мен олардың қанын қыздырайын, күреске шақырайын деген оймен басқа да көп сөздер айттым. Ал Ақ Балықтың адамдары мені тыңдап болған соң, біреуі олай деді, біреуі былай деді, кейбіреулері тіпті ақымақтың сөзін сөйледі, бірақ бірде-бір жауынгерден ерлік пен еркектік сөз естігем жоқ.
684 Сосын кешкісін, тайпа түгел ұйықтаған кезде, мен оларды түгел құпия түрде орманға жинап алып, тағы да тамырларын басып байқадым. Дұрыс! Біз келісімге келдік, алқақотан отырып, баяғы бақытты күндерді, ит басына іркіт төгілген молшылықты, жерімізде жыртылып айырылған аң-құсымызды еске түсірдік.
685 Бұның бәрі ақымақшылық екенін, әрине, біз қазір ғана біліп отырмыз, ал ол уақытта, біздер, Ақ Балықтың ақсақалдары қайдан білейік? Басқаларға жол көрсетіп, оларды рухтандыру үшін бірінші құрбанды өзім жасадым. Юкон жағасында тығылып жатып, ақ адамдар мінген қайықты күттім.
686 Жанымда тағы екі найзам қалған. "Бұл бірінші қадам, – дедім мен жаныма келген ақсақалдарға. – Біраздан кейін барлық тайпаның барлық ақсақалдарын біріктіретін боламыз, ал сонан соң кеуделерінде әлі де оттары бар жігіттерімізді жинаймыз, міне, сонда іс жылдамырақ жүреді".
687 Онымен қоса ішіндегі бар затты да отқа тастадық. Бұған дейін ол заттарды көріп алғанбыз, былғары қапшықтың ішінде болатын. Біз оны пышақпен тіліп қарасақ – ішінде көп-көп қағаз екен – беттерінде қаз-қатар тізілген белгілер бар, тегі олар, Хаукан, мына сен қолыңа ұстап тұрған нәрселер болса керек.
688 Сосын біз, ақсақалдар, бірімізден кейін біріміз өзеннің басы мен аяғын қуалап, белгісіз өлкелерге аттандық. Мұндай істерге аса батылдық керек еді. Біз кәрі болсақ та, қорықпадық, ал шын мәнінде, алыс та бөтен өлкелер алдындағы қорқыныш біз сияқты кәрілер үшін үлкен қорқыныш-ты.
689 Біз солай – үлкен қулықпен, асықпай өлтіре бердік. Біз Чилкуттың биік асуында да, Атыраудың тарам-тарам бойында да, таудың терең қойнаулары мен теңіздің жақпар тасты жағасында да, қысқасы, ақ адамдар қай жерге қос тігіп, қай жерде сүрлеу жол салса – сол жерлердің бәрінде оларды қағып тастап отырдық.
690 Иә, ақ адамдар көп өлді, бірақ біз одан пайда көрмедік. Олар таудан асып келе берді, келе берді. Келген сайын жерімізде олар көбейе түсті, ал біздер, ақсақалдар, уақыт өте келе азая бастадық. Әлі есімде, Бұғылы таудың асуында бір ақ адам қос тіккен. Өзі тым аласа, кішкентай ғана жан екен.
691 Кейде, арада талай уақыт өткенде, біздің тайпаның бір адамы өлгені туралы хабар жетеді, ал кейде жетпей де қалады. Ал басқа тайпаның шалдары әлсіз әрі қорқақ еді және бізге көмектескісі де келмеген. Сонымен бүгін бір ақсақал өлсе, ертең екіншісі – сөйте, сөйте... қазір тірі жүрген жалғыз мен ғана.
692 Ал біздің жігіттерміз бен жас әйелдеріміздің бірі – Пелли тайпасына, бірі – Лосос тайпасына, бірақ көпшілігі – ақ адамдарға кеткен. Мен өте қартайдым, өте қажыдым, мен заңмен босқа күрескенімді енді ғана білдім, сен дұрыс айттың, Хаукан, мен мұнда Заңды іздеп келген адаммын.
693 Ол сол өз нәсілінің қара ормандар мен тұңғиық теңіздер үстін қызылжалқын жарыққа бөктірген таң шапақты тарихына көз жіберген. Ол және осы шапақтың талма түс кезінде қалай қан түсті жалынға айналып, ал кешке қарай көлеңкелердің ығымен қалай қызылбарқын құмдарға сіңіп кететінін елестеткен.
694 Өзі жүріп келе жатқан осы көше кезінде тып-тыныш жұмысшы кварталы болатын, ал бүгінде бұл иіс-қоңысты кабак притондармен кезектескен қайнаған қытай, жапон дүкендеріне лық толыпты. Ал балалық шағының ең бір тәтті сәттері өткен мына мамыражай көше енді қаладағы нағыз бұзықтардың жынойнағына айналған.
695 Оның айналдырғаны – негізінен мораль мәселесі еді, бұл жағынан ол өзін реформатор санайтын, алайда уақытының көбін ірілі-ұсақты журналдарға материал жариялап, жұмысшы табы мен жарлы-жақыбайлар туралы керемет кітаптар жазуға жұмсайтын. Дегенмен Картер Уотсон фанатик те, қиялшыл да емес-ті.
696 Бұл кішігірім ғимараттың ішке бастайтын екі есігі бар екен. Біріншісі бірден буфет бөлмесіне апаратын секілді. Уотсон бұл есікті зерттегісі келмеді. Ал екінші есіктен әрі қарай жіңішке дәліз көрінген. Ол онымен жүре келіп, үстелдер мен орындықтар қойылған кең бөлмеден шықты.
697 Уотсон да дәл сондай-тұғын. Яки бұл жағынан екеуінің бірінен-бірі асқаны жоқ. Бірақ Пэтси нағыз трактирлік төбелескіш, әпербақанның өзі болса, ал Уотсон жұдырығы темір боксшы еді. Оның артықшылығы осы-тұғын. Пэтси қолын құлаштай сілтеп еді, бірақ тигізе алмай, ауаны бос осып өтті.
698 Ең бастысы – шу шығарып алмау керек! Ертеңгі күні аты-жөні газет бетінде жүрсе, өзі туып-өскен мына қаладағы туған-туыс, дос-жаран не дейді, не деп түсінеді бұны? Масқара! Ол үстінде жатқан адамды қапсыра құшақтап, қатты қыса түсіп, сырттан келер көмекті тағатсыз күтті.
699 Қоршап тұрғандардан ешқандай қозғалыс білінген жоқ, бәрі бұларға бедірейе қарайды. Бұның ар жағында бір бәле барын сезген Уотсонның жүрегі шіміркене қалған. Пэтси оны аяқтан шалып құлатқысы келіп еді, бірақ Уотсон оны тік көтерген күйі жерге салып ұрды да жалма-жан сыртқа ұмтылды.
700 Алайда жаңағы қоршап тұрғандар алдын бөгей қойған. Түрлері суық, беттері ісінген және құдды күн көрмегендей жүздері күлгін тартқан екен; Уотсон осыған қарап бұлардың түні бойы қаланың шеткі аймақтарын торып жүретін түнгі қарақшылар екенін білді. Олар Уотсонды қақпайлап қайта Пэтсиге жақындата түсті.
701 Уотсон түңілді. Ол осындай қалтарысты жерлерде жалғыз-жарым жүргіншілерді быт-шыт қып соғып, қабырғаларын сындырып, кейде тіпті кемтар етіп кеткен талай жағдайларды білетін еді. Ол сондай-ақ бәледен аман-сау құтылғысы келсе, ешкімге қол көтермеу керектігін де жақсы түсінген болатын.
702 Ендеше етқызумен тәуекелге бел буу жөн бе осы? Осыны ойлағанда, Уотсонның жаңағы қайнап басына шыққан қаны қайта салқындап, сабырға бой жеңдірген. Оның құшағында тұрған қарсыласы қатты бұлқынып, екі аяғымен кезек-кезек тепкіленіп, қалайда қарулы қолдың қыспағынан босап алғысы келеді.
703 Уотсон оны тағы да еденге етбетінен түсірді де, сосын өзі есікке қарай тұра ұмтылып еді, бірақ Пэтсидің ауызжаластары оны қайта қайырып ішке тықты. Бұдан әрі Пэтсидің жұдырығынан жалтара қаша жүріп, бір ыңғайы келген сәтте оны және манағыдай құшақ құрсауына тығып жіберген.
704 Тағы да бірін-бірі қуу. Тағы да ұстасу. Уотсон ақыры оны белінен мықтап құшақтаған күйі айналдырып-айналдырып шалқасынан түсірген де, ол ес жинағанша бар пәрменімен есікке ұмтылған. Сәтін салғанда, бұл жолы ол қоршауды бұзып өтіп, алба-жұлба, жалаңбас, мұрны қан-қан қалпы далаға атып шықты.
705 Пэтси Хоран мен оның ауызжаластары төбелестің мән-жайын бүре-шігесіне дейін баяндап берген. Бәрі бір ауыздан Картерді мас еді дейді. Біз оны үш рет сыртқа сүйреп шығарып жібердік, бірақ ол үш ретінде де қайтып келіп, өкіріп-бақырып, бәріңді қырам-жоям деп, трактирді басына көтерді, дейді.
706 Сен жергілікті полиция мен барлық саяси машинаға қарсы келдің. Сонда сен кімсің? Сен тіпті біздің қаланың тұрғыны да емессің. Мұнда сенің сайлауға құқың жоқ, демек сенің сайлаушыларға да ешқандай ықпалың жоқ, Ал әлгі кабактың қожайыны – өзі тұрған аудандағы барлық сайлаушыға сөзі өтетін адам.
707 Ең бастысы, өз жазғандарына жұртты сендіре алса бопты да. Ал сендіру үшін бар өнерлерін, бар арсыздықтарын жұмсайды да. Айтпақшы, сен олардың хаттаманы да жоғарыдағылардың нұсқауымен жазатынын білмеуші ме едің? Яки билік басындағылар шындық олай емес, былай десе болды – иманыңды үйіре бер сен.
708 Ол машина өзін жаншып жіберетінін жақсы түсінген, алайда ол өмір бойы өзінің әлеуметтік іс-тәжірибесін байыта түсуге ұмтылған жан ғой, ал мына жағдай оған әлдебір тосын дүние ұсынатындай көрінген. Сот болатын күні таңертең прокурор істі былайша тындыра салу жөнінде тағы бір талпыныс жасап еді.
709 Уотсон сот Уитбергті алғаш көргенде-ақ ұнатып қалды. Ол өзі бетіне иман ұялаған, жылы жүзді, әп-әдемі, жас жігіт екен. Қоңырлау келген кішірек көздерінен ұшқыр ой мен терең ақылдың нышаны сезіледі. Бәрінен бұрын осы көздердің адамға деген қарасында бір түрлі жылылық бар секілді.
710 Олардың Уотсонның аузынан шықты деген боқтық сөздердің ойдан соншама дөрекі де өтірік құрастырылғаны сондай, осы сөздерімен-ақ олар өздерін ұстап бергендей еді. Әйтпесе, көпшілікке зиялы аты-мен танылған, белгілі социолог Картер Уотсон сондай лас сөздерді айтты дегенге кім сенеді.
711 Жалған куәлік беру кезінде жаңылу, шатасу дегендер ылғи да болып тұрады, бұл жерде де күмәнді, күдікті мәселелердің төбесі талай рет қылтиып қалған. Бірақ сот, неге екені белгісіз, оларды байқаса да байқамаған болды, ал прокурор ондай тұста бірден жалтарып кетіп отырды.
712 Кенет сөзге прокурор араласып, қазір негізінен екі істің қайсысы қаралып жатқанын, Пэтси адвокаттың айыпталушыға сұрақ қоюға қандай қақысы барын түсіндіріп беруді талап еткен. Адвокат жым болды. Сот Уитберг бірінші іске қосып жіберген екінші іс туралы мүлде хабарсыз екенін мәлімдеді.
713 Іс жайына қалып, ұлы майдан басталып кетті де, ақыры екі заңгер алдымен соттан, сосын бір-бірінен кешірім сұрап бір-ақ тынды. Уотсон құдды қарсы алдынан бір адамды ары-бері қақпақылдай итеріп, оның қалтасынан әмиянын қағып алу үшін жанталасып жүрген бір топ қарақшыны көріп тұрғандай болды.
714 Ұрып-соғу жөніндегі осы бір түкке тұрғысыз сот ісі әлгі күрделі де күшті машинаның бар-лық қалалар мен штаттарда жүргізіп жатқан жүздеген, мыңда-ған жиіркенішті жұмыстарының бірі ғана. Уотсонның басында: "Ау, бұл дегеніңіз күлкілі ғой!" деген бір тіркес дыңылдап тұрып алды.
715 Иә, белгілі бір жалақы алып жұмыс істейтін бұл кәсіпқой азаптаушылар алдымен өздері шабуылдайды, сосын түрме камералары мен полисмендер таяғының артына тығылып алып, қарсыластардың қарсы соққы жұмсауына мүлде мүмкіндік бермей қояды. Уотсон қандай жағдайда да ашу-ызадан бойын аулақ ұстаған.
716 Сондай-ақ қасақана шатастыру мақсатында қойылған көлденең сұрақтардың бәріне орнықты жауап бере тұрып, өзі куәлік еткен көрген-білгендері төңірегінде де мысқалдай күмән-күдік қалдырмаған. Керісінше Пэтси мен оның екі жақтасы қызбалана алға тартқан куәліктің әр сөзінен өтірік иісі аңқып тұрған-ды.
717 Уотсонның жекеменшік жеріне рұқсатсыз-түксіз кіріп алып сайранда-ап жүр. Бұл шекара деген мәселеге бәлендей мән бермесе де, өз жерінің шетіне қадау-қадау белгі қоюды кезінде ұмытпаған. Сот қолын созып ұмтыла түсіп еді, Уотсон оны байқамаған сыңай танытып, бірден сөйлей жөнелді.
718 Айтпақшы, бұны сіз білесіз де... Сот Уитберг орнынан тұрғысы келмеп еді, бірақ Уотсон оны желкесінен жұлып алып, екі аяғынан тік тұрғызды. Бұнысы – көзден ұрып, тағы да шалқасынан құлату еді. Бұны естіген соң ол Уитбергті қызылтәнді үндістердің тәсілімен азаптауға кіріскен.
719 Бәрі де жұмбақ! Соль Уитбергке осылайша әдемі қиыстырылып, жалған куәлік етілді. Ол биік креслосында отырған кезде, полициялар қолдан қиыстырып жасаған небір "істерді" тыңдағаны бар; ал енді сондай арсыз куәлік өмірінде бірінші рет өз басына қарай бағытталып отыр, және.
720 Сөйте тұра оған мүлде қарама-қайшы істерге баратыныңыз қалай ? Сіздің сөзіңіз бен іс-қылығыңыз нағыз бәлеқор адамды танытады! Әйтпесе, бізге мистер Уотсонның жеке мінез-қасиеттерінің не қажеті бар, ең алдымен біз бірінші болып кімнің қол көтергенін біліп алуымыз керек қой.
721 Ал куәгер жоқ. Бұлардың әрқайсысы бірінші болып қарсыласы қол көтерді дегенді айтады, бұның ақиқатына жетуге соттың ешбір мүмкіндігі жоқ. Алайда менің мынадай өз пікірім бар, мистер Уитберг, сізге Уотсонның иелігінен алыстау жүру үшін қазірден бастап осы жерден кетіп қалыңыз.
722 Мені қаншама рет есімді тандырып азаптауды білетін секілді. Көзді ашып-жұмғанша менің басымды айналдыруды, болмаса күлдіруді ол жақсы біледі, міне, оны шыбыртқының астына алуға қолым бармады. Шындықты шындық деу керек, Құдай кешірсін, мен өзімнің міндетімді орындамай жүрмін.
723 Дәл солай. Бүгін ол мектепке бармады, енді кешке дейін жалқаулыққа бой алдырып жатады, ал мен міндетімді орындаймын – ертең оған жұмыс істетемін. Бұл, әрине, қатыгездік, өйткені ертең барлық балалар үшін мейрам, бірақ басқа ештеңе жасай алмайсың, бұл баланың ең жек көретіні – еңбек ету.
724 Сені ешқашан түсіне алмайсың ғой. Ал мен сені мектепке бармай, шомылып жүр деп ойладым. Жарайды, мен саған ашуланбаймын: сен қу болғанмен, адалсың, дегенмен мен ойлағаннан гөрі тәуір екенсің. Айласынан ештеңе шықпағаны көңіліне келгенмен, Полли апай Томның осы жолы бұзықтық істемегеніне қуанды.
725 Дегенмен Сидтің жанын шығарамын – жақсы сабақ болады оған! Том бүкіл қала халқы мақтаныш ететіндей үлгілі бала емес еді. Бірақ ол үлгілі баланың кім екенін жақсы білетін және оны өте жек көретін. Дегенмен екі минуттан – тіпті одан да аз уақытта – ол барлық ауыртпалықты ұмытып кетті.
726 Үлкен кісілер де дәл осылай жаңа бір ой, жаңа мақсат кеудесін кернесе, өздерінің қайғы-қасіретін ұмыта алады. Том осы кезде бір керемет жаңалыққа әуес болып жүр еді: ол таныс негрден мәнерлеп ысқырудың әдісін үйренген еді және бұл өнермен ешкім мазаламайтын еркіндікте жаттығу жасағысы келетін.
727 Негр құсқа ұқсап ысқыра алатын еді. Ол негр арасында оқтын-оқтын сәл үзіліс жасап, кәдімгі құстарша дірілдетіп үн шығаратын. Ондай үн шығару үшін тілді жиі-жиі таңдайға тигізу керек. Мұның қалай болатыны оқырманның есінде шығар, әрине, ол бір кездері балалықты басынан кешірген болса.
728 Томның қайсарлығы және ықыласы бұл істің барлық жай-жапсарын тез меңгеруге көмектесті. Аузы толы сұлу саз да, жан дүниесін алғыс кернеп, ол көңілдене көшеге шықты. Ол өзін аспандағы жаңа планеталардың біреуін ашқан астроном сезінді, тек оның қуанышы тереңірек, мәндірек және шынайы сезім еді.
729 Қарсы алдында танымайтын біреу тұр, өзінен сәл үлкендеу бала. Қай жыныста және қай жастағы болса да жаңа адам көріне қалса, жұпыны қалашық Санкт-Петербургтің тұрғындары бірден көңіл аударатын. Оның үстіне әлгі бала үстіне әдемі костюм киіп алыпты – жұмыс күні бұлай киіну деген!.
730 Бір-бірін жек көргеннен не істерге білмей, ақыры бар күштерімен итерісе бастады. Бірақ о жақта да, бұ жақта да жеңіс жоқ. Осылай итерісіп біраз тұрды. Екеуі де ызадан күйіп-жанып қып-қызыл болды, сосын екі жақ та бәсеңдейін деді, бірақ екеуі де бір-бірінен қауіптеніп тұрғандары анық.
731 Ол үйге кеш оралды, терезеден еппен түсе беріп еді, қоршауға түскенін білді: оның қақ алдында апайы тұр және ол кісі мұның шаң басқан күртешесі мен жалба-жұлба болған шалбарын көргенде, Томның мерекесі жер айдалған тұтқынның күйіне айналды деген ой оның кеудесін алмас қанжардай сұққылады.
732 Әр жүректе ән сыңғырлайды, ал жүрек жас болса, әуен ауыздан төгіледі. Әрбір дидарда қуаныш шуақтайды, адамдардың әрқайсысы нық басып кетіп барады. Мамыргүл ақ жапыраққа малынып, ауаға жұпар шашып тұр. Қаланың үстіне төнген Кардиф тауы жасыл түске оранған қасиетті жер болып көрінеді.
733 Қолына бір шелек әк пен сабы ұзын сыр жаққышты алып, Том үйден шықты. Шарбаққа көз жүгіртіп еді, жаңағы қуаныш әп-сәтте басылды да, кеудесін көңілсіздік тұманы басты. Ұзындығы үш ярд шарбақтың биіктігі – тоғыз фут! Сол сәтте оған өмір деген мәнсіз, өмір сүру – ауыр жүк болып көрініп кетті.
734 Ол терең күрсініп, сыр жаққышты әкке малды да, шарбақтың жоғарғы жағын сипап өтті, сосын екінші рет қайталады да тоқтай қалды: шарбақтың сырланбаған бөлігі бұл бір-екі рет сипап өткен тұспен салыстыруға келмейді! Өкініштен ағаштың түбіне отыра кетті. Секіріп басып шарбақтан Джим шықты.
735 Қаланың су сорғышына су алуға баруды Том жек көретін, бірақ ол ойына қазір басқаша қарауға тура келді. Су алатын жерде адам көп болатынын есіне алды: ақ нәсілділер, мулаттар, негрлер, қыздар мен балалар судың кезегін күтіп отырады, демалады, ойыншықтарын алмастырады, керіседі, төбелеседі.
736 Ол бүгінгі күнді қызықты өткізуді жоспарлағанын есіне алып еді, одан сайын жүрегі сыздап кетті. Кешікпей жұмыс дегенді білмейтін басқа балалар көшеге шығады, еркін ойнайды. Әрине, олар түрлі қызық ойындарды біледі және олардың бәрі мұның жұмыстан бас ала алмай жатқан түрін көріп, мазақтайды.
737 Ол дүниелерін жинап, қайта қалтасына салды және еңбекке айырбастау туралы ойдан бас тартты. Балалардың ешқайсысы мұндай бейшара ақыға бола жұмыс істемейді. Кенет осындай қара түнек қаптаған сәтте Томға шабыт келді! Нағыз шабыт – жарқыраған даналық ой. Ол сыр жаққышын алып жұмысқа кірісті.
738 Том кәнігі суретшілердің көзімен өзінің соңғы жұмысына бір қарап алып, сыр жаққышпен тағы бір сипап өтті де, кейін шегініп өз ісіне риза көңілмен көз салды. Бен жақын келіп, онымен қатар тұрды. Алманы көргенде Томның сілекейі шұбырып кетті, бірақ ол еш нәрсе болмағандай жұмысын жасай берді.
739 Бәрібір ештеңе шықпайды. Полли апай осы шарбаққа келгенде өте кінәмшіл кісі: шарбақ көше жақта ғой. Есік алдына қараса, басқаша болар еді, ал апай бұған тым қатал қарайды – аса ұқыптылықпен сырлау керек. Мың, тіпті екі мың баланың ішінен біреуі ғана әдемі етіп сырлауы мүмкін.
740 Том бергісі келмеген кейіппен, бірақ ішінен рахаттана сыр жаққышты ұсынды. Бағанағы "Үлкен Миссури" пароходы терлеп-тепшіп еңбек етіп жатқанда, зейнеткер суретші көлеңкедегі бір күбінің үстінде аяқтарын былғаңдатып алма кеміріп отырды және ашық ауыз балаларға тор құрумен болды.
741 Егер ол осы кітаптың авторы сияқты ұлы данышпан болса, түсінер еді: Жұмыс деген – біз жасауға тиісті нәрсе, ал Ойын ойнауға біз міндетті емеспіз. Бұл оның қағаздан гүл жасау немесе желдиірменді қосу – жұмыс та, кеглиді көздеу болмаса Монбланға көтерілу – рахатқа бөлейтінін түсінуіне көмектесер еді.
742 Сырлап бітірдім. Полли апай сенбеді. Ол өз көзімен көру үшін шарбаққа бет алды. Егер Томның айтқанының тым болмаса жиырма пайызы шындық болса, апай әбден қуанар еді. Ол үш қабат сырланып аппақ болған шарбақты, оның етегіне жүргізілген ақ сызықты көргенде, таң-тамаша қалды.
743 Мұны да айтып қою керек. Ал бар, ойна. Үйге келуді ұмытып кетпе. Әйтпесе менің жазалауым тез! Полли апайдың риза болғаны соншалық, оны шоланға апарып ең таңдаулы алманы берді. Бұған қоса адал еңбекпен тапқан нәрсенің бәрі әрі тәтті, әрі қадірлі деген ұлағатты өсиет айтылды.
744 Апай қасиетті кітаптан үзінді келтіріп жатқанда Томға тәтті пірәндікті қалтасына сүңгітуге мүмкіндік туды. Ол жүгіріп есік алдына шықты да Сидті көрді. Сидтің баспалдақпен көтеріліп келе жатқан беті еді. Баспалдақ үйдің сыртында, екінші қабаттың түпкі бөлмелеріне апарады.
745 Томның қолына кесек топырақтар түсті де, кенет ауадан топырақ жауғандай болып, Сидтің бет-аузын, тұла-бойын басып қалды. Полли апай есін жиып Сидті құтқарам дегенше, Том шарбақтан секіріп ғайып болды. Әрине, шарбақтың қақпасы бар, бірақ Томның оған баруға уақыты бола бермейді.
746 Енді қауіптенетін ештеңе жоқ. Бұл жерде ұстап алып, жазалайды-ау деп қорқуға да болмайды. Ол бұрынғы уәделескен келісім бойынша, екі әскер бір-біріне шабуылға шығатын қалалық алаңға бет алды. Ол әскердің бірін Том, екіншісін оның айырылмас жан досы Джо Гарпер басқарады.
747 Екі жақ та өлгендерін есептеп, тұтқынға түскендерді алмастырды, ендігі жаңа соғыс неден басталатынына келісті және келесі шешуші ұрыстың күнін белгіледі. Сосын екі жақтың да сарбаздары сап түзеп, дәстүрлі марш әуенімен ұрыс алаңынан кетті, ал Том жалғыз өзі үйіне қарай тартты.
748 Ол қыздың бұған деген махаббатын оятуға қаншама ай кетті. Осыдан бір апта бұрын Эмми мұны сүйетінін мойындаған. Содан бергі жеті күнде ол өзін әлемдегі ең бақытты баламын деп мақтанышпен сезініп жүрген, енді, міне, бір сәтте ол қыз кіріп шығуға келген кездейсоқ қонақтай мұның жүрегінен кетіп қалды.
749 Сосын ол бұл жерде қыздың бар екенін байқамаған болып, оның қызығушылығын ояту үшін түрлі фокустар (ер балалар арасындағы әдіс) көрсете бастады. Кенет ол қауіпті акробатты көрініс жасап тұрған кезде қыз жаққа көз салып еді, ол бұған жауырынын беріп, үйге қарай кетіп барады екен.
750 Ақыр соңында салбыраңқы күйде үйіне оралды, ал оның бейшара басы неше түрлі арманға толы еді. Кешкі ас үстінде оның көңіл күйі көтеріңкі болғаны сондай, тіпті апайы да таңғалып отырды: балаға не болған? Сидке құм аралас кесек лақтырғаны үшін сазайын тартқанмен, Том оған қапаланған жоқ сияқты.
751 Апайдың ас бөлмеге кетуі мұң екен, жазаланбағанынан өзін бақытты сезінген Сид бұны күлкі еткендей қантсалғышқа қолын созды. Бұған шыдауға болмайды! Алайда қантсалғыш Сидтің саусағынан жылжып еденге түсіп кетті де, быт-шыты шықты. Том рахаттанғаннан аузы жабылып, қуаныштан дыбысы шықпай қалды.
752 Мен шығып кеткенде, сен тағы бірдеңені шығарған боларсың. Айтуын айтқанмен, апай өзінің артық кеткенін сезді. Балақайға жылы сөз айтып еркелеткісі келгенмен, Полли апай бұл балақайға жанашырлық көрсетсең, өзінің кінәсін мойындап отыр деп ойлауы мүмкін, ал тәртіп заңы бұған рұхсат етпейді деді іштей.
753 Сондықтан ол ештеңе айтпастан, жүрегі сыздаған күйі өзінің әдеттегі жұмысына кірісті. Том болса, бұрышта ашуға булығып жарақаттарын сипалап өзіне өзі келе алмай отыр. Апай іштей мұның алдында тізесін бүгуге дайын екенін Том білді және осы ойы оның көңіліне қуаныш ұялатты.
754 Апай көзіне жас толып, оқтын-оқтын жанашырлықпен бұған қарап қойып отырғанын көрсе де, Том оған ешқандай көңіл аударғысы келмеді. Том өзін ауру күйде елестетіп, апайы мұның "кешірдім" деген сөзін есту үшін асты-үстіне түссе де, бұл қайырылмай, бетін қабырғаға бұрып үнсіз жатады.
755 Бірақ Том сол сұп-сұр кейіпте, тірліктің белгісі жоқ салқын күйде жатады – бақытсыз, азаптан көз ашпаған кішкентай баланың қасіреті енді мәңгі тоқтады. Том осындай қайғылы сандырағымен өзін-өзі әбден қажытып, сорғалаған жасын тұншыға жұтып жатты. Көз жасынан айналаның бәрін тұман басқандай.
756 Сондықтан бір ғасыр жоқ болып кеткен – яғни, бір апта – немере әпкесі Мери үйге оралғанына есі шыға қуанғаннан билеп, әндетіп есіктен енгенде қабағы тас түйілген көңілсіз Том орнынан тұрып басқа есіктен шығып кетті, ал Меримен бірге келген әсем әуен мен күн шуағы екінші есікке беттеді.
757 Оны өзінің жүрегі секілді қасіретті, мұңды, шетте жатқан бұрыштар шақырғандай. Өзендегі ағаш сал қызықтырды да, ол шетіне келіп отыра кетті, сосын шетсіз-шексіз көңілсіз, тыныш жатқан су бетіне қарап, өзін ыңғайсыз жағдайларға ұрындырмай және ештеңені сезінбей осы тұңғиыққа батып кетуді армандады.
758 Осы ойлар оның жанын сағынышқа толтырды, ол соның бәрін елестетті, ақыры аяғында орнынан күрсініп тұрды да, қараңғылыққа сіңіп кетті. Сағат тоғыз жарым-онның шамасында ол бейтаныс сұлу тұратын көшеден бір-ақ шықты; айналада тірі жан көрінбейді; сәл кідіріп, бір сәт құлақ түріп еді – еш дыбыс жоқ.
759 Синайдың шыңындай биіктіктен Моисей заңының қатал өсиеттерін апай осылай жариялайды. Осыдан кейін Том екі бүйірін таянып алып Інжілдің өлеңдерімен басын толтыруға кірісті. Сид болса сабағын баяғыда дайындап қойған. Том өзінің бар күш-қуатын сарқып, төрт-бес өлеңді есінде сақтауға тырысты.
760 Ол Нагордағы өсиеттен үзіндіні әдейі таңдап алды, өйткені Евангелиенің ең қысқа өлеңдері сонда болатын. Жарты сағат өткенде ол өзінің сабағы туралы бұлдыр елесті ғана түсінгендей болды, себебі сол кезде оның ойы сан-саққа жүгіріп, қолдары біресе анда, біресе мұнда – дамылсыз қозғалыста еді.
761 Жарайды, барып жаттайын! Шынында да, ол жанын салып жаттауға кірісті, не сыйлық екенін білуге құмартып және өзінің пайдасын да ойлады, осындай екі бірдей қызығушылықтың арқасында сабақты зулатып жаттап алды. Мери оған Барлоу фирмасының құны жиырма цент тұратын су жаңа пышағын сыйлады.
762 Мери оған су толы қаңылтыр шылапшын мен сабын берді, ол есіктің сыртына шықты да, шылапшынды орындыққа қойды, сосын сабынды суға бір малып алды да, бұрынғы орнына қоя салды; бұдан соң екі жеңін түріп, суды еппен жерге төкті де, ас бөлмеге кіріп есікте ілулі тұрған орамалмен бетін ысқылады.
763 Шылапшынға тағы су құйылды. Бұл жолы Том суға сәл қарап тұрды да, бар күшін жиып дем алды да, жуына бастады. Ол бетінен сабынды су сорғалаған күйі екінші рет ас бөлмеге кіріп көзін аша алмай сипалап сүртінетін орамал іздегендегі келбет-кескінінен оның шын көңілмен жуынғаны көрініп тұр.
764 Мери оның бәтеңкесін ұмытып кетеді ғой деп Том дәмеленіп еді, бекер болды: Мери шошқаның майымен жылтыратып майлап, Томның бәтеңкесін алып келді. Оның шыдамы таусылғаны сонша, аяғымен жер тепкілеп, өзінің қаламаған нәрсесін жасауға ылғи мәжбүр ететіндері несі деп ызаланды.
765 Том көрсетті. Бәрі дұрыс, заттар бір қолдан екінші қолға өтіп жатты. Содан кейін Том екі ақ шарды үш қызыл билетке айырбастады және екі көк билетті алып, орнына ұсақ-түйек бірдеңелерді бере салды. Ол ішке кіріп келе жатқан балаларды аңдып тұрды да, олардан түрлі-түсті билеттерді сатып алды.
766 Жасамыс, орнықты мұғалім араласты, алайда мұғалім айнала бергенде, Том алдыңғы қатарда отырған баланың шашынан тартып қалды да, анау артына бұрылып қарағанша, бұл кітапқа үңіліп үлгерді. Бір минуттан кейін басқа баланы түйреуішпен түртті, себебі ол баланың "ай!" деп айқай салғанын естігісі келді.
767 Балалар сабақ айта бастағанда, Інжілдің өлеңдерін дұрыс жаттаған ешкім жоқ болып шықты, ылғи мұғалім түзетіп айтып тұрды. Қалай болғанда да, әйтеуір әрең деп сабақ та бітті-ау, сонан соң әр бала сыйлық алды – Інжілдің өлеңдері жазылған шағын көк билет: көк билет Інжілдің екі өлеңін жаттағаны үшін.
768 Менің оқырмандарымның атақты Доре безендірген тамаша Інжілдің екі мың өлеңін жаттауға күші де, шыдамы да жетер ме екен? Мери осы тәсілмен екі жылғы еңбегінің арқасында екі Інжіл кітабын сыйлыққа алды. Ал, неміс отбасының бір баласы тіпті төрт пе, бес пе – қасиетті кітап алған.
769 Басқа шәкірттердің ішінде тек ересектері ғана өздерінің билеттерін сақтайды және мектеп директорының қолынан Інжіл кітабын алу үшін адамды жалықтыратын жаттаумен ұзақ айналысады – бұл сыйлықты алу сирек және құрметті оқиға болатын. Інжілге қолы жеткен шәкірт сол күні атақты болып шыға келеді.
770 Өзге шәкірттердің жүректері кем дегенде екі жұма бойы атақты баланың ізімен жүргілері келетінін қалайтыны рас. Томның ақыл асқазаны мұндай "тамаққа" ұмтылған емес, бірақ оның жан дүниесінің даңққа, Інжілді алу үстінде жарқырап көрінуге құштар екендігіне күмәндануға болмайды.
771 Уолтерс мырзаның бет әлпеті байсалды, жүрегі таза, шынайы болатын; қасиетті заттар мен киелі орындарға ол ерекше сезіммен қарайтын, оларды күнделікті тірліктегі ұсақ-түйектен бөліп, құрмет тұтатын. Жексенбілік мектепке келіп сөйлегенде, оның үнінен әдеттегі әуен емес, басқаша ноталар пайда болатын.
772 Қалғанын айта берудің жөні жоқ. Директордың сөзі түгелімен әзір үлгі бойынша құрастырылған және ол ешқашан өзгермейді – яғни, бәрімізге не айтатыны белгілі. Ол сөздің соңғы бөлігі ұрыншақ балалардың сарт-сұрт төбелесіне көміліп қалды. Басқа да көңіл көтерер оқиғалар болып жатты.
773 Балалар қозғалақтап, сыбырласып, дабырласып кетті, олардың әңгіме, қылықтары, тіпті Мери мен Сид секілді қимылдамайтын жалғыз-жалғыз жартастарға да жан бітірді. Директордың даусы бәсеңдеп, сөзінің аяғына жеткенде бөлмедегі әңгіме су сепкендей басылды да, үнсіз алғыстың жарылысымен ұласты.
774 Орта жастағы ер адам көрнекті тұлға екен – округтік сот болып шықты. Мұндай жоғары мәртебелі қызметкерді балалар ешқашан көрген емес; оған қарап отырып, балалар бұл кісі қандай материалдан жасалған деп іштей өздеріне сұрақ қойды және ол қалай ырылдайтынын естігілері келіп жандары шыға жаздап отыр.
775 Осы ойларды ынтыға тыңдап, әсерінен бүкіл класта тыныштық орнады. Бұл кісі осы қалашықта тұратын адвокаттың туған ағасы Тэчер деген мәртебелі сот екен. Джефф Тэчер деген оқушы сол бойда алға шығып, мына ұлы адаммен жақын таныс екендігін білдіріп, бүкіл класты қызықтырды.
776 Жас мұғалім әйелдер көзге түсуге тырысып, осыған дейін құлақтарынан бұраған балаларға күлімсірей еркелетіп қамқор бола қалған кейіп көрсетіп жүр. Жас ер мұғалімдер өздерінің "мықтылықтарын" кейбіреулерге ескерту жасап, енді біреуге сөгіс беріп, тәртіпті реттеумен көлбеңдейді.
777 Қыздар өз кезегінде белсенділік көрсеткен болады, ал ер балалардың ықылас-ынтасы сонша, залдың іші әскери бұйрық әсерінен тәртіп орнап, шарға толып кетті. Осы көріністің биігінде, креслода отырып, соттың күлімсіреген түрімен мектептің әр қабырғасына көз жүгірткен ұлы адамның тұлғасы тұр.
778 Уолтер мырза Сойерден ештеңе шықпайтынын баяғыда-ақ білген және ол жуықтағы он жылда Томға Інжіл кітабының тимейтініне сенімді болатын. Алайда көзбен көріп, қолға ұстап тұрғанда қарсы дау айту мүмкін емес: мөр басылған түбіртектері мынау, яғни осыған сай ақы төлеу керек.
779 Томды соттың алдына әкеліп таныстырды, бірақ бейшара баланың тілі тамағына жабысып, тынысы тарылды және жүрегі де тынымсыз секірді – мына кісінің ұлылығы алдында қорыққаннан, ең бастысы, соттың қыздың әкесі екендігінен. Том бұл жерде қараңғы болса, ол кісінің алдында тізерлеп сәлем берер еді.
780 Осылай дейсің, Томас, сен, әрине, інжілдік екі мың өлең үшін ешқандай ақша алмайсың. Ешқашан, ешқандай! Ал, енді өзіңнің жаттағаныңнан маған және мына ханымға айтып беруге келісесің бе, – сенің қарсылық білдірмейтініңді білемін, себебі біз оқуды жақсы көретін балаларды мақтан етеміз.
781 Томның ешқашан қол орамалы болып көрген емес және ол қол орамалы бар балаларды оңбаған сәнқойлар деп жек көретін. Шіркеу халыққа толғанда, кешіккендерге ескерту үшін тағы қоңырау соғылды, сонан соң шіркеу ішінде оқта-текте хор әншілерінің күлкісі естілгені болмаса, салтанатты тыныштық орнады.
782 Бір шіркеуде өздерін мәдениетті ұстаған әншілерді көргенім бар, бірақ қай жерде екенін ұмыттым. Одан бері көп жылдар өтті, көргенімнің көбі есімде қалмапты, мұның бәрі басқа елде болды ғой деймін. Діни қызметкер гимннің атын айтты да, бұл жақтың әдеті бойынша, дауысын көтеріп, өзі оқи бастады.
783 Көйлектердің сыбдырлағаны естілді – намаз кезінде түрегеліп тұрған келушілер енді орындықтарға жайғасты. Біз осы кітапта өмірбаянын айтып отырған бала намаздан ләззат алып көрген емес – ол мұның бәрін кезекті іш пыстыратын жиын деп қабылдады және бар күшін салып аяғына дейін шыдауға тырысты.
784 Қоңызды пистон салатын қорапшаның ішіне тыққан болатын. Том қорапшаны аша бергенде, қоңыз оның саусағына жармасты. Қоңыз шіркеу орындықтарының арасындағы жолға лақтырылғаны түсінікті жай, ал Том тістелген саусағын аузына сұқты. Қоңыз шалқасынан түсті де, дәрменсіз тырбаңдап, аударыла алмай жатыр.
785 Том оған қарап қайтадан ұстағысы келгенмен, қоңыз алыста еді. Есесіне ол өсиетке немқұрайды қарайтын басқаларға ермек болды. Сол сәтте шіркеуге шілденің ыстығынан қалжырап тымсырайған ит кірді: есігі жабық итқораның ішінде отырып-отырып жалыққан оған ермек ететін оқиғалар керек еді.
786 Оған жақын отырғандардың дыбыссыз күлкіден иықтары селкілдейді; бірқатары бет-жүзін қол орамалдың тасасына жасырып отыр, ал Том осы сәтте өзін шексіз бақытты сезінді. Итте күй жоқ – шамасы өзін ақымақ сезінді білем, бірақ оның өкпелегені сонша, жүрегі шаншып, әлгі қоңыздан өшін алғысы келді.
787 Есі кетіп азаптанған ол өзінің иесінің алдына секіріп еді, ол пудельді терезеден лақтырып жіберді, сарнап қыңсылаған дауыс бірте-бірте жай естіле бастады да, ақырында үнсіздікпен аяқталды. Бұл кезде шіркеудің ішіндегілер бет-әлпеттері сұп-сұр болып, күлкіден тұншығып отырды.
788 Әрине, ол әрі қарай сүрініп-қабынып, ақсаңдап жалғаса берді, ал оның мәні мен мазмұны туралы ойлап әсер алып отырған жан жоқ. Шіркеу орындықтарының арқасына беттерін жасырып, келушілер күлкіден жарыла жаздап уағызшының салтанатты және қайғылы өсиеттерін тыңдаған кейіп көрсетуде.
789 Дүйсенбі күні таңертең ол ылғи да өзін барып тұрған бақытсыз сезінетін әдеті, өйткені мектептегі апта бойы көретін азап осы күннен басталады. Сонда ол өмірде ешқашан жексенбі болмағанын тіледі, өйткені аз уақыт еркіндіктен кейін қараңғылыққа қайта оралу тіпті, ауыр. Том жатып алып ойлады.
790 Кенет оның басына жарқ етіп бір ой келе қалды – ауырып қалса, қандай жақсы болар еді, ол сонда үйде қалады, мектепке бармайды. Бұл үміт онша сенімді емес, алайда неге тырысып көрмеске! Ол өзінің дене мүшелерін зерттей бастады. Еш жері ауырмайды, ол тағы да тұла бойын сипап көрді.
791 Алайда керісінше, сол бойда-ақ ауруы біржола жоғалды. Том әрі қарай ойланды. Кенет ол бір тісі қисаңдап тұрғанын білді. Бұл үлкен олжа еді, ол ыңқылдай бастады да, сол бойда тоқтай қалды, егер ол тісі туралы аузына алса болды, апайы сол бойда тісті жұлып тастайды – ал, ол жаныңды алатындай қиын.
792 Ол сондықтан тісті кейінге қоя тұрып, басқа бірдеңе ойлап табу керек деп шешті. Қапелімде ойына ештеңе орала қоймады; сонан соң оның ойына дәрігердің сырқат адамды екі-үш апта бойы төсекке жатқызатын және башпайды кесіп тастау қаупі болатын бір ару туралы айтқаны есіне түсті.
793 Дәрігер айтқан аурудың қандай белгілері болатынынан бұл хабарсыз. Дегенмен Сид ұйықтап жатқан, мұның ыңыранған дауысын ести қоймады. Том дауысын қаттырақ шығарып ыңқылдады, сол кезде башпайы, шынында да, ауырып тұрғандай көрінді. Сидтен дыбыс шықпайды. Томның тырысқаны соншалық, ентігіп кетті.
794 Сен тек сабақтан қашып өзенге барып балық аулау үшін осының бәрін ойлап тапқан екенсің ғой! Әй, Том, Том, мен сені соншалықты жақсы көремін, ал сен менің кәрі жүрегімді оңбаған қылықтарыңмен әбден шаршаттың! Сөйткенше болмай тісті жұлатын құрал-саймандар да келіп үлгерді.
795 Қаладағы ана атаулының бәрі Гекльберриді өте жек көреді және бір жағынан одан қорқады, себебі, ол еріншек, тәрбие көрмеген, ешқандай міндетті ережені сақтамайтын оңбаған бала. Оның үстіне, олардың балалары түгелдей Гекльберри десе естері шығып еліктейді, онымен бірге жүруді мәртебе көреді.
796 Гекльберри құс секілді еркін, қайда барғысы келсе, сол жерде жүреді. Ауа райы жақсы болса, бөтен үйлердің баспалдағына ұйықтай кетеді, ал жаңбырлы күнде бос бөшкелерге түнейді. Оған мектепке, шіркеуге барудың керегі жоқ, ол ешкімді тыңдауға тиісті емес, оны ешкім бақылап, тексермейді.
797 Балық аулағысы келсе, өзенге барып қармақ салады немесе шомылады, судың ішінде отырғысы келсе қанша отырса да отырады. Төбелескісі келсе, оған ешкім тыйым салмайды. Таңға дейін ұйқтамай жүре алады. Көктемде бірінші болып жалаңаяқ жүретін сол, ал күзде аяқ киімді бәрінің соңынан киеді.
798 Оған жуынудың, таза көйлек киюдің қажеті жоқ, ал ұрсысқанда алдына жан салмайды, тамаша ұрсысады. Бір сөзбен айтқанда, өмірін тамаша ету үшін онда бәрі бар. Санкт-Петербургтегі мәдениетті отбасыларынан шыққан, қол-аяқтарындағы кісеннен әбден қалжыраған "өте тәрбиелі" балалардың бәрі осылай ойлайды.
799 Себебі оның сүйелдері деген сансыз, біздің қаладағы балалардың арасында сүйелі ең көп Боб Таннер. Ал ол шіріген ағаш түбіріндегі сумен емдеуді білсе, үстінде бір де бір сүйел қалмаған болар еді. Мен осы өлеңді айтып, мыңдаған сүйелді кетіргем – иә, Гек, мына қолдарымнан.
800 Түн ортасында шайтан келеді, мүмкін екеу, не үшеу, бірақ оны сен көрмейсің, олардың сөздерін естисің. Олар өлген адамды сүйреп әкете бергенде, соңдарынан мысықты лақтырасың да: "Шайтан өліктің соңында, мысық-шайтанның, сүйелдер мысықтың соңында, – шаруа бітті, үшеуі де менен кетті!" дейсің.
801 Өзге үйлердің бәрінен оқшау тұрған мектепке жақындағанда, Том сабаққа асығып келе жатқандай тезірек жүрді. Қалпағын іле салды да, өзінің орындығына асығыс беттеді. Мұғалім тақтың үстінде отырғандай биік шетеннен өрілген креслоға жайғасып, кластағы сыбыр-күбір дыбысқа тербелгендей кейіпте.
802 Және бұл саған сабақ болсын. Шәкірттер шиқылдап күлді. Бұл Томға бір түрлі есінен айырғандай әсер етті. Алайда оның ыңғайсыздануының себебі басқа еді: ол ғажайып періштенің алдында әбден есі шықты және өзінің бұл табысына азаптана қуанды. Қарағай орындықтың шетіне құйрығын басты.
803 Қыз танауын көтеріп әрі қарай ығысты. Отырғандардың бәрі сыбырласып, көз қысысып, бір-бірін түрткіледі, бірақ Том ұзын аласа партаға сүйеніп тыныш отырды және бар ынтасымен оқып отырған секілді. Жұрт оған көңіл аударуын қойды да, класс іші ызыңдаған жалықтыратын дыбысқа толды.
804 Бала көзінің астымен көрші қызға қарап-қарап қояды. Ал ол ернін дүрдитіп, теріс қарады. Қыз байқатпай көршісіне қарап еді, сол бойда оның алдында шабдалы жатты. Том, оны жеңіл қимылмен жылжытып қойды. Қыз шабдалыны кері итерді, бірақ жүзінде ешқандай реніш-ашудың ізі жоқ.
805 Қыз тақтаға қарағанмен, бет-жүзінде өзгеріс байқалмады. Ол енді тақтаға сурет сала бастады, бірақ оны көрсетпей сол қолымен тасалады. Қыз алғашқыда көңіл бөлмеген болып отырғанмен, соңғы жағынан оның қызығып отырғаны байқалды. Бала ештеңені байқамаған кескінмен суретін сала берді.
806 Класс тынышталғасын, Том шын ниетімен сабаққа кірісуге тырысып еді, бірақ басына ешнәрсе кірмей қойды. Оқу сабағында ол шатасып, сөзден жаңыла берді, жағрафия сабағында көлді тау деп, тауды өзен, ал өзендерді жазық деді, сөйтіп жаратылыс түгелімен алғашқы быт-шыт қалпына келді.
807 Ауа өте қапырық, желдің лебі де жоқ. Ұйықтататын күндердің ішіндегі нағыз ұйқы басатын күн болды. Сабақты жаттап ызыңдаған жиырма бес оқушының күбір-сыбыры араның ызылындай гуілдейді. Анау жырақта жарқылдаған Күннің шуағына шағылысып, ыссылықтың мұнарына оранған Кардиф тауының жарқабақтары көрінеді.
808 Джо күртесінің омырауынан түйреуіш алып, жолдасына тұтқын таскенені қайырмалауға көмектесе бастады. Барған сайын екеуі бұл спортпен біраз айналысты. Ақыры аяғында Том біз бір-бірімізге кесел келтіріп отырмыз, бұдан жаныңа рахат таба алмайсың деп өзінің шешімін жариялады.
809 Таскененің де қызынғаны балалардан кем емес, біресе анда, біресе мында шапқылап тыныш таппай жанталасуда, алайда жеңіс Томға қарай бұрылып, саусақтары жәндікке жақындай бергенде, Джоның түйреуіші оның жолын бөгей қояды да, кене Джо жақта қалады. Том ақырында шыдай алмады.
810 Мұғалім екі минут бойы олардың күртесінен шаң-тозаңды қақты, мектептің қуанышында шек болмады. Екі достың өздерінің ермектеріне ден қойғандары соншалық, әлгі дүрелердің алдында класс іші тым-тырыс болып кетті, себебі мұғалім еппен басып келді де, екі достың жанында тұрып еңкейді.
811 Осылайша Том бір топ баламен, Бекки басқа топпен бірге мектептен шықты. Кешікпей олар тұйық көшенің тірелген жерінде кездесті де, мектепке келді. Екеуі грифель тақтаны алдарына қойып, қатар отырды. Том грифельді Беккиге берді де, оның қолынан ұстап отырып, тағы бір тамаша үй тұрғызды.
812 Оны сүйетініңді өзің білесің. Том оның мойнынан құшақтағысы келіп еді, бірақ Бекки оны итеріп жіберді де, бетін қабырғаға бұрып, өкіріп жылай берді. Том оны жұбата бастады, еркелетіп түрлі ат қойды, тағы да сүйгісі келіп еді, бірақ анау тағы итеріп жіберді. Сосын Томның намысы келді.
813 Ол батыл қадаммен есікке беттеді де, көшеге шығып кетті. Мектептен көп ұзамай тоқтады, ыңғайсызданып және ренжіп, жаңа ғана өзі шыққан есікке қарай береді, Бекки ойланып, мұның соңынан жүгіріп келеді деп үміттенетіндей. Бірақ қыз шықпады. Том қайғыға батып, өзін кінәлі сезінді.
814 Ол отыра кетіп, тағы жылады, өзін кінәлі сезінді. Сол екі арада оқушылар да жинала бастады, қайғысын көрсетпеу керек, жаралы жүрегін сәл де болса басу керек, көңілсіз ұзақ күннің бар салмағын өзі арқалауы керек. Оның әзірше дос қыздары да жоқ, өзінің қайғысын бөлісетін ешкімі болмады.
815 Сосын тауға қарай басы салбырап жай кетіп бара жатты. Жол бойы екі бұлақты кешіп өтті, өйткені балалардың арасында бір наным бар: арттағы қуғыншыны шатастыру үшін осылай, ізін жасырады. Жарты сағаттан соң жесір әйел Дугластың Кардиф тауының шыңында тұрған бай үйін артта қалдырды.
816 Мектеп төменгі аңғарда әрең көрініп тұр. Жолаушы қалың орман ішіне енді, жалаңаяқ жолға да жақындамай жүре берді де, жапырағы жайылған еменнің түбіндегі мүктің үстіне отырды. Мұнда, орманда, тып-тыныш және қапырық. Түс кезіндегі өлі ыссылықтан тіпті құстар әні де тоқтап қалған.
817 Табиғат қалғып тұрғандай, оның түсі оқта-текте тұмсығымен ағашты соққылаған тоқылдақтың дыбысынан бұрылып тұр. Сол тықылдан орман тыныштығы тіпті қоюланып, ал жалғыздықтың қасірет-қайғысы одан сайын жаныңды жейді. Томның жүрегін қайғы кеміріп, тұнжыраған табиғатпен үн қосып тұрғандай.
818 Ештеңе. Оған тек жақсылық тіледі. Ал ол болса, мұны ит секілді қуып жіберді – иә кәдімгі итке ұқсатып. Ол қыз бір кезде осы қылығына өкінеді, мүмкін, өте кеш болар. Әй, бұл мәңгілік емес, уақытша өлсе ғой! Бірақ жас кезде жүректер жұмсақ, қалай қыссаң да, тез орнына келеді.
819 Күні ертең-ақ жолға шығады. Таңертең әзір болу үшін әзірлікті қазір бастау керек. Өзінің бар байлығын жинастыруы керек. Жақын жерде шіріген ағаш жатыр екен. Том қалтасынан Барлоу шаппасын алып, ағаштың түбін қаза бастап еді, кешікпей пышағы ағаш па – әйтеуір бір нәрсеге тиді.
820 Егер шарикті нақылды айтып отырып көмсең, екі апта бойы оны қозғамайсың да, сосын барып әлгі нақылды қайталап құпия жәшікті ашасың, сенің осыған дейін жоғалтқан шариктеріңнің бәрі сонда жатыр. Бірақ ғажап ештеңе болмады, Томның осыған дейін сеніп жүргені бос нәрсе болып шықты.
821 Ол ойланып-ойланып, ақыры бұл жолы бір сиқыр араласты-ау деп шешті. Ол қалай да бәріне көз жеткізгісі келіп, ортасында құйғыш секілді шұңқыр бар таза топырақты жерді тауып, ернеуіне етпеттеп жатып: Білгім келген нәрсені айтшы, қоңызым, Білгім келген нәрсені айтшы, қоңызым, – деп қайталады.
822 Том жалма-жан күртесін және шалбарын шешіп лақтыра салды да, шіріген ағаштың жанынан қураған жапырақтарды ысырып аршып, сол жерден қолдан жасалған садақ, оқ, ағаш қылыш және қаңылтыр тұрбаны шығарды, өзі тездетіп қаруларды асынып алып, жадағай жалғыз көйлекпен жауға қарсы жүгіре жөнелді.
823 Мына көңілді орман ішіндегі жолдарды басып алу үшін сенімен қылыштасуға дайынмын. Қорған! Олар ағаш қылыштарын суырып басқа қаруларын жерге тастады, жауынгерлік қалыпқа келіп, өнердің барлық ережесі бойынша нағыз жекпе-жек басталды: екі соққы жоғары, екі соққы төмен. Ақыры Том айтты.
824 Балалар киініп, қаруларын жасырды да, өздері бір-бірінен бұл заманда қарақшылар жоқ, цивилизация олардың орнын немен толтыра алады деп сұрап ұзап бара жатты. Америка Құрама Штаттарының өмір бойы президенті болғанша, ең болмаса бір жыл Шервуд орманының қарақшылары болсақ қой деді екеуі де.
825 Жүйкесі өре тұра келгендей қозғалып тыпыршығанды талап еткенмен, Том Сид оянып кетеді деп дөңбекшу түгілі қол-аяғын қозғай алмай жатты. Ол тырп етпей жатқан күйі қараңғылыққа көз тастайды. Айнала басыңды айналдыратын тыныштық. Бұл тыныштықтың арасынан әлсіз дыбыстар талып естілгендей болды.
826 Полли апайдың бөлмесінен қорылдаған дыбыс естілді. Одан соң шырылдауық шегірткенің тынбастан шырылдаған үні – ол қай жақта шырылдап жатқанын адамзаттың данышпаны болса да анықтай алмас еді. Соның арасында төсегінің бас жағынан қабырғаға жармасқан үшкірлеуік қоңыз тықылдата бастады.
827 Том селк етіп шошып кетті: бұл – біреуге ажал төніп тұр деген белгі. Алыстан иттің үргені естілді, сәлден соң оның әр жағынан жырақтан басқа бір иттің ұлығаны құлаққа келді. Том азапты минуттарды басынан кешіріп жатыр. Ол уақыт деген бітіп, енді мәңгілік басталған шығар деп ойлады.
828 Кенет ұйқылы-ояу мысықтың жай мияулағанын естіді. Жақын маңда терезе ашылды және осы дыбыстан Том оянып кетті. "Кет әрі, оңбаған мысық!" – деген айқай естілді де, іле апайдың ағаш сарайына қарай лақтырған шыны бөтелке сарайдың қабырғасына соғылып, быт-шыты шыққаны естілді.
829 Том ұшып тұра келіп, тез-тез киінді де, терезеден түсіп үйдің төбесімен тоңқаңдап бара жатып бір-екі рет мияулап жауап берді, сосын сарайдың төбесіне секіріп, одан жерге түсті. Гекльберри Финн қолында өлген мысық, төменде күтіп тұр екен. Балалар жолмен жүріп, кешікпей қараңғылыққа батып кетті.
830 Жарты сағат өткенде олар зират маңындағы биік шөптердің арасына жетті. Зират батыс үлгісіндегі ескі молалар болатын. Қалашыққа жақын қыр басында айналасы ағаш шарбақпен қоршалған, бірақ шарбақтың ағаштарының біразы ішке қарай, кейбірі сыртқа қарай құлаған, тіке тұрғаны қалмапты.
831 Самал жел бұталарда ыңырсығандай, зәресі ұшқан Томға өлгендердің жаны адамдар неге бізге тыным бермейді деп арыз айтып жатқандай көрінді. Достар аз сөйледі, онда да тек сыбырласып қана; мына салтанатты тыныштық, түн қараңғылығы, оқиға өтіп жатқан жер – осының бәрі оларға қорқынышты әсер етті.
832 Олар өздері іздеген жаңадан үйілген топырақты тапты да, жақын жердегі қалың жапырақты ағаштың астына тығылды. Олар ұзақ күткен секілді сезінді. Жырақта үкі айқайлады, мына өлі тыныштықты бұзатын одан басқа дыбыс жоқ. Томның басына жаман ойлар келді, ол сосын әңгімемен көңілін бөлгісі келді.
833 Аналар бірдеңе деп міңгірлеп жауап берген болды да, қазуды жалғастыра берді. Біраз уақытқа дейін күректердің ұсақ тастар мен ұйысқан топырақты күреп лақтырған дыбысы естіліп тұрды. Ақыры күректің ағашқа соғылғаны естілді: күрек табытқа соғылды, бірнеше минут өткенде қозғаушылар оны жоғары шығарды.
834 Ол сосын дәрігерге ұмтылды. Екеуі төбелесе кетті, аяқтарымен көк шөпті таптап, өкшелері жерге кіріп, бір-бірін жұдырықтап жатыр. Джо екі көзі қанталап, өшпенділіктің өртіне оранғандай, Поттердің жерде жатқан пышағын алып, мысыққа ұқсап бүкшиіп, пышақ салу үшін ыңғайлы сәтті күтіп айнала жүгірді.
835 Кенет дәрігер қарсыластың құшағынан бұлқынып шығып Вильямстың моласынан шыққан үлкен тақтаймен Поттерді бір қойып еді, анау ұшып түсті, осы кезде будан қолындағы пышақты сабына дейін бойлатып жас жігіттің кеудесіне салды. Жігіт теңселіп барып, Поттердің үстіне қаны сорғалаған күйі құлады.
836 Осы сәтте айдың бетін бұлттар басты да, мына қорқынышты көрініс қараңғы сахнаға көміліп қалды. Зәрелері ұшқан балалар жан-жақтарына қарамастан қараңғылыққа оранып қашып барады. Ай бұлттардың арасынан қайта көрінгенде, Джо ойға батқан күйі екі дененің жанында біраз тұрды.
837 Поттер қозғалып ыңырси бастады. Ол қолындағы пышақты қысып ұстап, көз алдына әкелді, селк етіп шошып кетті де, жерге түсіріп алды; сосын тұрып, жанындағы дәрігердің өлі денесін ысырып тастады да, оның жүзіне қарады; жан-жағына қарап еді, буданның оған қадалған көзіне тап болды.
838 Егер есіне түсе қалса, молаға қайта баруға қорқады – қыт-қыттаған тауық, езуінен сілекей аққан бейшара! Екі-үш минут өткенде, жаңа өлтірілген адамға, жаймаға оралған өлікке, қақпағы жоқ табытқа, беті ашылған қабірге аспаннан ай ғана қарап тұрды. Айнала түгел тыныштыққа оранды.
839 Екеуі мезгіл-мезгіл қауіптене артқа қарап қояды, біреу қуып келе жатыр ма деп ойлайтын болса керек. Жолда кездескен бұтаның бәрі бұларға тірі адам сияқты көрінеді, оны көрген сайын бұлардың зәре-құты қашады. Бұлар қала шетіндегі ағаш үйлердің жанынан өткенде төбеттер оянып, үре бастады.
840 Балалар өздері ішіне кіргісі келген, бір кезде тері иленген ескі үйге көздерін алмай қарады, ең соңғы күштерін жиып жүгірді. Ақыры екеуі ескі үйге де жетті, иықтаса ашық есіктен еніп, ескі үйдегі қараңғылыққа оранып еденге жата-жата кетті. Олар бақытты еді, бірақ өлердей шаршаған болатын.
841 Том жіп ораған инелерінің бірін алды, сосын екеуі кезектесіп үлкен саусақтарын қанатып, тамшылатты. Осылай бірнеше рет қан тамшысын жиып, кішкене саусақты қалам орнына пайдаланып, Том аты-жөнінің бірінші әріптерін жазды да, сосын Г.Ф әріптерін жазуды Гекльберриге үйретті.
842 Ант берілді. Олар тақтайды салтанатты түрде қабырғаға жақын жерге көмді. Өйткені бұлардың тілдерін жалғаған шынжыр мәңгілікке кілттенді, ал ол кілттің ашқышы алысқа тасталды. Жартысы қираған үйдің екінші жағынан бір көлеңке жүріп өткендей болды, бірақ балалар оны байқаған жоқ.
843 Өзіме сол керек! Мектепке бармау, істеме дегенді істеу осылай аяқталады. Егер мен шын ниетіммен талпынсам, Сид секілді жақсы бала болар едім ғой, жоқ, жоқ, талпынған емеспін. Егер мына көлденеңнен аман құтылсам, күндіз-түні жексенбілік мектепте болар едім. Том мырсылдап жылай бастады.
844 Сол жерде кейде әкем шошқалармен бірге түнеп жүретін еді, бірақ мынау ол емес. Ол кейде сондай қатты қорылдайды – зәрең ұшады. Және ол енді біздің қалаға келе алмайды деп ойлаймын. Саяхатта кездесетін түрлі оқиғаларды бастан кешіруге деген құштарлық балаларда қайта оянды.
845 Аяқтың ұшымен басып, бірінің артынан бірі жүріп, ұйқыдағы адамға жақындады. Оған бірнеше қадам қалғанда, Том бір таяқты басып кетті, таяқ сатыр етіп сынып қалды. Ұйқыдағы адам ыңқылдап, екінші жағына аударылып жатып еді, ай сәулесі бетіне түсті. Бұл Мефф Поттер болып шықты.
846 Балалардың тамыры соқпай, қан ұйып қалғандай күйде еді, оның үстіне анау қозғалғанда бұлар не істерін білмеді; сосын барып олардың қорқынышы тарқай бастады. Олар жаймен әрі қарай өтіп, біраз қадам аттағаннан кейін екеуі екі жаққа кете беріп еді, кенет түнгі тыныштықты жаңғыртып тағы ит үрді.
847 Негрлер солай дейді, ал олар бұл жағын жақсы біледі. Сосын балалар ойға шомып айырылысты. Том өзінің ұйықтайтын бөлмесіне терезеден кіргенде таң атып қалып еді. Шешініп жатып дыбыс шығармас үшін бәрін жасады және мұның батыл істері жайлы ешкімнің білмегені үшін өзін құттықтады.
848 Апайдың кәрі жүрегін жаруға қалай оның дәті шыдады, ақыры аяғында не жасағысы келсе, соны жаса деді: апайының ағарған самайын ұятпен бояп, молаға ертерек кетуіне, өзін-өзі масқара етуіне – оған бәрібір ем қонбайды, мұны түзетем деу – бос шаруа; ендігі жерде апай мұның өміріне араласпайды.
849 Бұл мың рет шыбыртқымен ұрғаннан ауыр еді, Томның жүрегі шаншып қоя берді. Ол да жылады, кешірім сұрады, бұдан былай түзелетінін қайта-қайта айтты, аяғында оны босатты, бірақ мүлде кешірім болғанын көре де, сезе де алмады және оған бұрынғыдай сенім ендігі жерде болмайтынын байқады.
850 Орнына келіп отырғанда ол партаға сүйенген күйі қос қолымен иегін таянып тіршіліктің белгісі жоқ қасіретке толы жанарын қабырғаға қадады. Шынтағының астында қатты бір нәрсе жатқандай болды. Том оған қараған да жоқ. Ақыры әлгі затты көңілсіздеу қолына алды. Қағазға оралған, Том ашты.
851 Сондай-ақ айтқыштардың лақабы бойынша, өлтірген кісіні іздеп, қаланы түгел шарлапты деседі, (тоғышарлар қашан да басқадан бұрын із табады және тез үкім шығарады), бірақ өлтірушіні таба алмапты. Барлық жаққа ат шаптырып іздеу салынуда, шериф кешке дейін қылмыскерді ұстайтындарына сенімді.
852 Қала түгел зиратқа бет қойды. Том жаралы жүрегін ұмытып, шұбырғандарға қосылды – зауқы соқпаса да, түсініксіз бір күш оны итермеледі. Қорқынышты жерге жетіп, ол алға ұмтылды және сол адам шошитын көрініске тап болды. Осы жерде болғанына сансыз жылдар өткендей сезінді. Біреу қолын шымшыды.
853 Кейде түсімде өлтіруші өзім екенмін деп қалам... Мери де сондай түстер көретінін айтты. Сид бұл түсініктерден кейін тынышталғандай болды. Том дәлелді себептер тауып, ылғи кетіп қалуға тырысады, содан кейін бір жұма бойы тісі ауырған кісі болып, түнге қарай орамалмен жағын байлап алатынды шығарды.
854 Сид әдейі ұйқтамай, оның орамалын босатып, өзі екі шынтағына сүйеніп, Томның не айтқанын тыңдайды да, сосын оның орамалын кері тартып байлап қояды. Томның жаны тыныштық таппай мазасыздан-ғаны сейілгендей болды; тіс ауруы деген дәлел де жалық-тырып, ақыры оны біржола қойды.
855 Том өзінің жолдастары ешқашан мысықтың өліміне тергеу жүргізбейді деп сенеді – бұл ермек үнемі оның есіне сол қорқынышты оқиғаны түсірді. Бұл ойынның барысында Сидтің байқағаны – Том ешқашан басты тергеуші болмайды, ал бұған дейін барлық ойындарда бірінші кезек соған тиетін.
856 Сид Томның соңғы кезде осындай ойындарды өте жек көретінін және сәл мүмкіндік туса ойыннан бас тартатынын біліп алды. Осы жұмбақтардың шешуін таба алмай Сидтің басы қатты, бірақ ешкімге аузын ашпады. Бірте-бірте мұндай ойындар модадан шықты да, Томды ұяты жәбірлеуді қойды.
857 Осы қауіп пен мазасыздық оны бұрынғы өзінің тыныштығын кетірген құпиядан көңілін аударды. Том бірнеше күн бойы өзін тәкаппар ұстап, Беккиді басынан шығарып-ақ тастағысы келді, бірақ ештеңе шықпады. Ол күнде кеш сайын Беккидің үйін айналып жүгіретін болды және өзін ылғи бақытсыз сезінетін еді.
858 Ол әскери қырғындармен айналысудан да қалды, тіпті теңіз қарақшылары да қызықтыруды қойды. Өмірге қызығу жайына қалды, қайғыға батып, тұнжырады да жүрді. Ол таяқты да, дөңгелекті де тастады, олар Томды бұрынғыдай қызықтырмады. Қауіптенген апайы оны түрлі әдістермен емдей бастады.
859 Апай осындай жалған оқымыстылар шығарған журналдардың бәрін жинап, адамды өлтіріп тынатын неше түрлі шөптерді жинайтын. Егер көршілерінің оны сауықтырушы періште деп, не "ханан бальзамы" деп қабылдамайтынын өзі білсе ғой. Ол сумен емдеу модаға еніп жатқан кез болатын, Томның жай-күйі дәл келіп тұр.
860 Бірақ бала оңалмады. Сумен емдеу әдістеріне қоса апай оған сұлы көже ішкізе бастады. Бұдан өзге неше түрлі шөптердің қайнатқан қосындысын ішкізді. Том барлық азапқа көнді. Баланың қалай болса солай қарағаны кемпірге күдік туғызды. Енді не де болса Томды осы күйінен айықтыру керек деп ойлады апайы.
861 Кемпір сумен емдеуді доғарды, басқа дәрілерден де бас тартты, бар үміті – жаңа емде болды. Ол Томға шай қасықпен дәріні берді де, жүрегі толқып қорытындысын күтті. Оның мазасыз көңілі тез басылып, жаны жай тапқандай болды, өйткені Томның көңіл-күйі сол сәтте өзгеріп сала берді.
862 Ол осы көңілсіз күйінен арылу үшін жаңа әдіске көшуді ұйғарды: "сауықтырғыш" дәрі бұған өте жақсы әсер еткендей болып көрінуге тырысты: ол дәріні тағы да бер деп қайта-қайта сұрай берді, ақыры кемпір әбден жалықты да, қашан ішкің келсе, өзің ішесің деді де, өзі қадағалауын тоқтатқан болды.
863 Сид болса, мазасызданбас еді, бірақ мәселе Томға байланысты болғасын, апай дәрі құйылған шыны шөлмекті еппен бақылап жүрді. Әрине, шөлмектегі сұйық күн сайын азая берді, бірақ Том өзін емдеп емес, қонақ бөлменің еденіндегі тесікке құйып азайтып жүргені апайдың миына кірген емес.
864 Питер бұл шартқа келісімін білдірді. Том оның аузын ашып, "сауықтырғыш" дәріні құйды. Питер аспанға атылып, сосын әскер қолбасшысының бұйрықты үніндей дауыс шығарды, бөлме ішін айналып жүгіріп, жиһазға шықты, одан гүл салатын құмыраларды құлатып, үйдің астан-кестеңін шығарды.
865 Кемпір еңкейді. Том әрі қызығып, әрі қауіптеніп оның әрбір қимылын бақты, бірақ оның не істегелі тұрғанын тым кеш ұғынды. Төсектің жанындағы кілемшенің шетінде ұстап беретін айғақ жатыр – шай қасық. Полли апай қасықты алып, Томның төбесіне былғаңдатып біраз тұрды. Том селк етті де, жерге қарады.
866 Том сонау жақтан етегі желмен желбіреген көйлегі көрінер деп үміттенгенімен, Бекки көрінбеді. Енді ешқашан көйлек көрінбейтін болды. Ол көңілсіз және ойлы қалпында қаңыраған класқа кіріп, өзінің орнына қайғы шегуге отырды. Осы кезде қақпа маңынан тағы бір көйлек көрінді, Томның жүрегі зу ете түсті.
867 Ол: "Мен жалғызбын, бәрі мені тастап кетті, дүниеде ешкім мені сүймейді", – деп өзін өзі иландырып бақты. Адамдар бұған істегендерін кейін түсінгенде, мүмкін, өздері өкініп, жанашырлықпен еске алар. Ол жақсы болғысы келді және қайырымды іс істегісі келді, бірақ ешкім бұған көмектескісі келмеді.
868 Мұның басқа шарасы жоқ. Ол көгалды бұрышқа да жетіп қалып еді, балаларды кластарға шақырған мектеп қоңырауының сыңғыры оған еміс-еміс естілді. Енді ешқашан қоңыраудың таныс үнін естімейтіндігі жайлы ойлағанда, Том бір өксіп алды. Бұл өте ауыр, бірақ амал қанша – мұны мәжбүр етті.
869 Сонан соң әрқайсысы өз жоспарын баяндады. Джо үңгірлерде тұрып, қатқан қабықтармен қоректенуге, сүйтіп жападан-жалғыз жүріп аштан, суықтан, жан азабынан өлуге бекінген, бірақ Томның жоспарын тыңдағасын қылмысты өмірдің артықшылығы мол екенін түсініп, теңіз қарақшысы болуға келісті.
870 Санкт-Петербургтен үш миль жердегі Миссисипи өзенінің ені бір мильден асатын тұста жіңішке әрі ұзын, түрлі ағаштар өскен, жағасы жайлы арал бар – қуылғандар үшін нағыз лайықты орын. Аралда ешкім тұрмайды және тірі жан жоқ, адам өткісіз қалың орман өскен қарсы жақтағы жағаға жақын жатыр.
871 Теңіз қарақшыларының құрбандығы кім болатыны олардың ойына да келмеді. Содан соң олар Гекльберри Финнді іздеп тапты және ол бұл қылмыскерлер тобына ықылас-ынтасымен қосыла кетті; қандай да бір мамандық, мансапты таңдауға Гектің құлқы жоқ, ол бұл мәселеге немқұрайды қарайды.
872 Бұл туралы естігендердің бәріне тістеріңнен шығармаңдар деп қатаң ескертілді. Түн ортасында Том шошқаның пісірілген майлы етін және бір нәрселерді алып, жағаның ең биік жеріндегі қалың шөп, қалың қурай арасына келді. Биік жардан бұлардың кездесуге уәделескен жері көрініп тұр.
873 Мұхиттардың құдайы шошқаның төс етінің едәуір үлкен бөлшегін уәделі жерге әрең жеткізді. Финн Қанды қол бір жерден таба және өзінен басқа шылым шегетін не шайнайтын трубканың орнына пайдалану үшін шала кепкен темекі жапырақтарының бір қорабын, трубкасы жоқтарға майстың бірнеше сабағын әкеліпті.
874 Сал өзеннің ортасынан асты, балалар оны ағыстың бойымен жіберді де, ескектерді орындарына қойды. Судың деңгейі онша жоғары емес, өйткені ағыс жай, сағатына екі не үш миль ғана. Балалар қырық минуттай үнсіз келе жатыр. Дәл осы кезде бұлар алыс қалған қалашықтың қатарынан өтіп бара жатыр еді.
875 Испан теңіздерінің Қара кек алушысы қолдарын кеудесіне айқастырып қойған күйі бір кезде қуанышқа бөлеген, одан соң қасірет шектірген жаққа ең соңғы рет "қарап" корабльде тұр. Осы сәтте мұның дауылды толқындарға қарсы, өлімнің бетіне тура қарап бара жатқанын ол қыз көрсе ғой.
876 Олар ешқашан мәдениетті өмірге оралмайды. Жанып жатқан от жарығы олардың жүздеріне түсіп тұрды, ал ол сәуле ағаштарға түскенде қызғылт түс беріп – олардың ормандағы киелі сарайын әшекейлеп тұр; жабайы жүзім, ағаштардың жылтыраған жапырақтары да ерекше сән беріп тұрғандай.
877 Бұдан артық рахаттың маған қажеті шамалы. Қарныңды толтырып тою күнде бола бермейді, оның үстіне мұнда жерден алып, жерден салатын ешкім келмейді. Ешкім ұрыспайды. – Маған нағыз керегі – осындай өмір, – деп жариялады Том. – Таң атпай тұрдық, мектепке барудың, жуынып-шайынудың қажеті жоқ.
878 Өмір бойы ұятты болып жүрер едің. Қанды Қол ештеңе айтпайды, өйткені ол өзіне басқа бір қызықты іс тауып еді. Ол жүгерінің собығынан түтік жасап, оған темекі жапырақтарын салған жалпақ сабақты кигізді, дәл сол кезде тұтатты. Иісі бұрқыраған бұлтты аузынан шығарып, рахат сезімге бөленді.
879 Ал қарақшы өмірінің алғашқы кезінде оның жамау-жыртық киімі де жарайды, әрине, әдетте бай қарақшылар өздерінің алғашқы жорықтарын бастамас бұрын әдемі киім-кешектерін ертерек дайындап алады. Әңгіме бірте-бірте бәсеңдей берді: кішкентай қашқын-дардың көздері жұмылып, ұйқы басты.
880 Мұхиттардың Құдайы мен Қара Кек алушы іштерінен және жатып оқыды, себебі тізерлеп отырып дауыстап оқы деп зіркілдейтін ешкім жоқ. Анығын айтқанда, олар дұға оқымауға да уәделесіп еді, бірақ аспан бұларға ашуланып, бастарына әдейі найзағай жіберіп, жатқан жерлерінде жандарын өртей ме деп қорықты.
881 Ақырында мәмпәси не алма ұрлау деген оның күнәсі, тіпті жазасы жайлы әдейі өсиет бар. Сондықтан бұлар қарақшылықты кәсіп етіп жүрген кезде мұндай қылмыспен енді өздерін масқараламауға іштей шешім қабылдады. Ар-ұят та бұған көніп, келісімге келді де, баянсыз қарақшылар ұйқыға кетті.
882 Жапырақтарда және шөптердің басында шық моншақтары жылтырайды. Күлдің ақ қабаты алаудың бетінде жатыр, жұқалтаң көгілдір түтін бұлардың үстінде қалықтайды. Джо мен Гек өлі ұйқыда. Алысырақта орман ішінде әлдеқандай бір құс айқайлайды, тағы біреуі жауап береді; бір жақта тоқылдақ тоқылдатып жатыр.
883 Салқын бозтұман сейілген сайын дыбыстар жиілей берді – барлық маңда тіршілік біліне бастады. Ұйқыны ысырып тастап, іске кіріскен табиғаттың тамаша құбылыстары терең ойға шомған баланың көз алдынан өтіп жатты. Кіп-кішкентай жасыл қырықбуын шықтан суланған жапырақтың үстіне жылжып барады.
884 Қайдан келе жатқаны белгісіз – құмырсқалар колоннасы шығып, жапырлай жұмысқа кірісті; біреуі өлген қоңызбен алысуда, қоңыз одан бес есе үлкен болса да, ақыры оны ағаштың бойымен жоғары қарай домалатып барады. Қызғылт қоңыз, үйіңе қайт тезірек, балаларың өртте қалды, құтқар барып тезірек.
885 Том оның аяқтарын денесіне жапсыра қойып, өлі денедей қозғалыссыз қалатынын көргісі келіп, оны саусағымен түртті. Бұл уақытта құстың бәрі жын ұрғандай шулап жатқан Солтүстіктің күлегеші дәл Томның бас жағындағы ағашқа отырып алып, өзінің қанатты көршілерін мазақтауға кірісті.
886 Күннің ұзын сәулелі жебелері ана жерде де, мына жерде де қалың жапырақтарды тіліп өтуде. Бір жақтан бірнеше көбелек ұшты. Том қалған қарақшыларды оятты: бәрі қатты айқаймен өзенге жүгірісті, әп-сәтте киімдерін сыпырып тастап, мөп-мөлдір тайыз суда бір-бірін қуып рахаттанды.
887 Олар тұрақтарына қарындары ашып, тыңайып, бақытты сезіммен оралды, сол бойда алау жанды. Гек жақын маңнан таза салқын судың көзін тапты, балалар еменнен және жаңғақ жапырағынан өздеріне ыдыс жасап алды, жабайы орманның иісімен су тәттіге айналып, кофе орнына жүреді деп ойлады.
888 Олар балықты шошқаның төс етімен қосып қуырып еді – таң-тамаша қалысты: мұндай дәмді балықты бұрын ешқайсысы жеп көрмепті. Тұщы судың балығын неғұрлым тез қуырса, соғұрлым дәмді көрінетінін олар білмейтін және ормандағы ұйқы, таза ауада жүгіру, шомылу және аштық – бұл туралы олар ойлаған емес.
889 Олардың қарындары аш, сондықтан балық аулап әуре болмай, шошқаның салқын етін тоя жеп алып, көлеңкеде жатып әңгіме соқты. Кешікпей әңгімелері сирей бастады, сосын мүлде үзілді. Жалғыздықты сезіну, жым-жырт тыныштық, орманның салтанатты тірлігі оларға өз әсерлерін тигізді.
890 Түсініксіз бір сағыныш мұңға орағандай. Кешікпей үйге деген сағыныштың алғашқы белгілері біліне бастады. Тіпті Финн Қанды Қол да бөтен біреулердің баспалдағы мен бос бөшкелер туралы мұңайып ойлады. Алайда әрқайсысы өзінің мұндай кемшілігінен ұялып, ойларын дауыстап айтуға ешбірінің батылы жетпеді.
891 Біраздан бері бір жақтан әлдеқандай бір дыбыс естіліп тұрды, бірақ олар оны елемеді, кейде біз өзіміз де сағаттың тықылдағанын елемейміз ғой. Дегенмен әлгі құпия дыбыс бірте-бірте қаттырақ естілді, оны енді байқамау мүмкін емес еді. Балалар селк етіп бір-біріне қарады, құлақтарын түріп тыңдады.
892 Үшеуі де ұша тұра келіп, өз қалалары көрінетін – жағаға жүгірді. Бұталардың арасымен олар алысқа көз салды. Өзеннің орта жерінде, Санк-Петербургтен бір миль төмендеу ағыстың бойымен бір шағын параход жылжып келеді, әдетте ол арғы бетке өткізетін паромның орнына жүретін.
893 Оның жалпақ палубасында толған адам, жан-жағында қайықтар жүр. Бірақ балалар олардағы адамдардың не істеп отырғанын түсіне алмады. Аяқ астынан пароходтың жанынан ақ түтін бұрқ етті; ол түтін бұлтқа айналған кезде көрермендердің құлағына тағы да бағанағы көңілсіз дыбыс естілді.
894 Қандай салтанат, қандай бақыт! Оларды іздеп жүр, оларды жоқтап Сынап. жылап жатыр; бұлардың қайғысынан жүректері жыртылуда, адамдар көз жастарын төгіп бұларды еске алуда және қаза болған балаларға өздерінің өте қатал болғандарын ойлап кеш келген өкініш пен ұяттан өздерін азаптады.
895 Бүкіл қала бұлар туралы айтып, балалардың бәрі қызғана қызығуда – не деген керемет! Бұл бәрінен артық. Тек осы үшін ғана қарақшы болуға болады. Іңір қараңғылығы түсісімен шағын пароход тағы да кешегі ісіне кірісті және бүгін қайықтар жоқ. Қарақшылар тұрағына оралды. Олар қуанышты еді.
896 Бүкіл қалаға осыншама мазасыздық туғызғандары да бұларға мақтаныш. Олар көп балық аулап, кешкі тамақ әзірледі, қарындары тойғасын жатып алып бұлар туралы қалада қандай әңгіме айтылып жатыр деп бал ашуға кірісті және қайғылы суретті көз алдарына келтіріп, рахаттана елестетті.
897 Екеуінің де жан дүниесінде тыныштық жоқ, екеуі де өздерін бақытсыз сезінді, екеуі екі-үш рет еріксіз күрсінді. Ақыры аяғында Джо жолдастарынан мәдени ортаға оралу туралы, әрине, қазір емес, олардың не ойлайтынын сұрауға батылы әрең жетті. Том оны мысқыл күлкімен масқаралады.
898 Аналар кешіріммен қарағасын Джо қуанып кетті, дегенмен үйді сағынып жүргені туралы достары сәл де болса секем алып қалды. Бұл жолы көтеріліс басылды – аз уақытқа дейін. Түн қараңғылығы қоюлана түсті. Гек жиі-жиі мұрнын тартып жатты да, ақыры қорылдады, одан кейін Джо да сол ауылға аттанды.
899 Содан соң ол жайлап тізерлеп отырды және алаудың жылтылдаған жарығын пайдаланып, шөптің ішінен бірдеңе сұрады. Шынардың жұқа аппақ бірнеше қабығын тауып, арасынан екеуін таңдап алды, алаудың жанында тізерлеп тұрып өзінің атақты "Қызыл бояуымен" қабықтың әрқайсысына бірнеше сөз жазды.
900 Қалпақтың ішіне бұдан басқа мектеп балалары үшін баға жетпес қазына болып саналатын, оның ішінде бір түйір бор, резеңке доп, балық аулайтын үш қармақ және шынында хрустальдан жасалған дейтін шарларының біреуін салды. Содан соң аяғының ұшымен басып ағаштардың арасына еніп кетті.
901 Күртесінің қалтасын сипап еді, қабық бар екен, сосын жағалаудағы орман ішімен кетті. Киімдерінен су сорғалап келеді. Ол орманнан жазық алаңға – қаланың қарсысына шыққанда, сағат әлі тоғыз бола қойған жоқ еді, биік жарқабақтың жанындағы ағаштардың көлеңкесінде шағын пароход тұр.
902 Том жардан еппен төмен түсті де, жан-жағына қарап алып, суға бет қойды, бірнеше қадам жүзіп пароходтың арт жағында байлаулы тұрған шағын қайыққа жетті. Орындықтың астына тығылып жатты да, жүрегі дірілдеп – не болатынын күтті. Сол-ақ екен қоңырау сыңғырлап, біреудің "Босат!" деген бұйрығы естілді.
903 Минут өтпей-ақ пароход сапарға шықты да, кішкене қайықтың тұмсығын толқын ұра бастады. Том өзін бақытты сезінді: бұл пароходтың ең соңғы сапары екенін, бұдан әрі ол ешқайда бармайтынын білетін. Бітіп болмастай көрінген он екі, он бес минут өткенде Том қайықтан шығып, қараңғыда жағаға қарай жүзді.
904 Көлденең біреу-міреуге кездесіп қалмас үшін ол жүз ярдтай артық жүзіп, жағаның төменгі жағымен шықты. Сол жерде ол қаланың адам жүрмейтін бұрыш-бұрышымен зымырап отырып, кешікпей апайының есігі кілттеулі шарбағына жетті. Том шарбақтан қарғып түсіп, шам жанып тұрған қонақ үйдің терезесінен қарады.
905 Кереует әлгілер мен есіктің ортасында тұр. Том есікке жақындады да, еппен тұтқасын көтеріп есікті итеріп еді, есік сықыр етті, ол тағы да итерді, есік сықырлаған сайын Том шошып кетеді, ақыры өзі сыятындай саңылау пайда болған секілді, ол басын сұғып, жаймен еңбектей бастады.
906 Мен оның басынан соқтым ғой кілегей үшін, ал ол кілегейді ашып кеткесін өзімнің төгіп тастағаным есімнен шығып кетіпті. Енді жер бетінен ешқашан оны, ренжіген байғұс баланы көре алмайтындығым... ешқашан, ешқашан, ешқашан! Гарпер ханым жүрегі жарылып кетердей бақырып жылады.
907 Күні кеше түс алдында менің Томым мысыққа сауықтырғыш дәріні беріп, әлгі мысығы түскір үйді аударып тастай жаздады. Ал, мен, Құдайым, кешіре гөр, оймағыммен Томның шекесін нұқып қалдым. Байғұс балам менің, бақытсыз, қаза болған, балақай. Есесіне барлық азаптан енді құтылды.
908 Және оның мен естіген ең соңғы сөздері ренішті болды ғой... Бірақ оларды еске алудың ауыр болғаны сондай, апай зарлап жылап жіберді. Том да қорсылдай бастады – оның басқаларға емес, өзіне жаны ашыды. Ол Меридің мезгіл-мезгіл бұл туралы жақсы сөздер айтып, қалай жылағанын естіді.
909 Ал олардың денелерінің табылмағаны – зұлмат апат өзеннің ортасында болған, әйтпесе үшеуі де керемет жүзгіш – жағаға жетер еді. Бүгін сәрсенбі. Егер денелері жексенбіге дейін табылмаса, яғни ешқандай үміт жоқ және жексенбілік түскі намазда оларға өлгендер ретінде жаназа оқылады.
910 Гарпер ханым жылаған күйі бәрімен қоштасып есікке беттеді. Бірақ осы кезде жетімсіреп қалған екі әйел бір-біріне құшақ жая сыңсып жылап қоштасты. Полли апай бұрынғыдай емес нәзік те мейірімді, Сид пен Мериді ұйықтар алдында сүйді. Сид өксіп жіберді, ал Мери көз жасы сорғалап бөлмесіне кетті.
911 Том қалтасынан қабықты алып, майшамның қасына қойды, сосын тоқтап ойланды. Оның басына бір бақытты ой келді де, жүзі жайнап сала берді. Қабықты қалтасына салды, апайының бас жағына еңкейді де оның сұрғылт ернінен сүйді, одан соң жаймен дыбыс шығармай шықты да есікті мықтап жапты.
912 Бір мильдей жүргесін, ескекке жатып, өзенді кесіп өтіп, қайықты қадаға байлады. Өйткені бұл – оған әуелден таныс шаруа. Оның қайықты өз меншігіне алғысы-ақ келді – ол да қарақшыларға керек ыдыс қой – бірақ олай істесе, қайықты барлық жерден іздеу басталады да, қашқындардың ізіне түсуі мүмкін.
913 Орман ішінде ол жақсылап демалды, ұйқыны жеңуге күш салды, сосын тұраққа қарай ілби басып бара жатты. Таң атып келеді, ал ол қайраңға жеткенде, тіпті жарық түскен еді. Ол тағы да біраз отырды. Сосын күннің көзі алып өзеннің бетін алтынмен өрнектей бастағанда, суға қойып кетті.
914 Бұл нағыз театр көрінісіндей әсерлі болды. Кешікпей олар шошқаның сүбе еті мен балықтан пісірілген ертеңгі тамақты тоя жеп, ас үстінде Том өзінің саяхаты туралы (әрине, қоспасыз емес) әңгіме соқты. Әңгіме аяқталған кезде балалар өздерінше мықтысынып, өздерін батыр сезінді.
915 Сол күнгі кешкі ас тамаша болды: олар қуырылған жұмыртқаға сылқия тойды, ертеңіне, жұма күнгі таңғы тамақ та сондай болды. Таңғы астан кейін олар қайраңда секіріп, айқайлап бірін-бірі қуып, үстеріндегі киімдерін шешіп лақтырып, сонан соң тыржалаңаш жүгіріп алыстағы тайыз жерде алысып-жұлысып ойнады.
916 Қатты ағыс оларды кейде аяқтарынан шалынды, бірақ оларға бұл тіпті қызығырақ көрінді. Олар бәрі қатар суға еңкейіп бір-біріне су шашады, әрқайсысы жау жаққа білдірмей жақындайды, беттерін басып қорғанады. Сонан соң олар су ішінде алысып-жұлысып, қолма-қол ұрысқа кірісті.
917 Ақырында үшеуі де судың астында қалды. Су астынан қол-аяқтары бір-біріне жабысып ағараңдайды. Олар судың бетіне шыққанда алқынып, пысқырынып ауа жұтады, күліп мәз болысады. Әбден шаршап, құмды жағаға сұлай-сұлай кетісті, топыраққа өздерін көміп, ыссы құмнан соң қайта суға қойып, бәрі қайталанды.
918 Бұдан кейін олар өздерінің кішкене шарларын шығарды, бір-біріне лақтырысып ойнады, одан тартыс ойынын бастады, ақырында бәрі де жалықтырды. Гек пен Джо тағы шомылуға кетті, ал Том жағада қалды, өйткені шалбарын тастап жатқанда шетіне ойыншық жылан байланған белбеуі шешіліп кеткен.
919 Ол өзінің іздеген трещеткасын таппай тұрып түсуге батылы бармады, ал оның жолдастары шаршап, жағада демалуға шықты. Әрқайсысы өзімен өзі болып жан-жаққа бет алысты, іштері пысып және сонау күн астында қалғыған туған қала да көздеріне оттай басыла берді. Том құмның бетіне "Бекки" деп жазды.
920 Сосын жалма-жан өшіріп тастады және өзінің осалдығына жыны келді, бірақ сол бойда-ақ әлгі есімді қайта жазды, одан қайта өшірді, енді жазбау үшін жолдастарын шақырды. Алайда Джоның көңіл-күйі өте төмен екені көрініп тұр. Оның үйін сағынғаны сондай, бұл азапқа енді шыдай алатын емес.
921 Ол әр минут сайын жылап жіберуге дайын. Гек те көңілсіз. Том ешнәрсеге көңілі соқпай отыр, бірақ өзінің қайғысын білдірмеуге тырысты. Оның бір құпиясы бар және ол жайлы жолдастарына сыр ашқысы келмейді, егер жолдастарының қатерлі уайымын сілкіп тастай алмаса, бұл да құпиясын енді ашады.
922 Гек солбырайып аяғын әрең алып бара жатты. Том оның соңынан қарап тұрды, намыс, тәкаппарлық – бәрін ысырып тастап, өзі де бірге кетіп қалғысы келді. Ол балалар қазір кідіріп бұған қарайды деп ойлады, бірақ олар тізеден су кешіп кетіп бара жатты. Қорқынышты жалғыздық сезімі Томның бойын билеп алды.
923 Сендерге бір нәрсе айтам! Аналар тоқтап, Томға бұрылды. Оларды қуып жетіп, Том өзінің ұлы құпиясын екеуіне жария етті. Олар әуелі дұшпандарын тыңдағандай жылы шырай бермеді, бірақ сонан соң әңгіменің мәнін түсінгесін қуанып, өздерінің әскери ұрандарын айтып, қосыла айқайлады.
924 Олар мұның ойдан шығарған құпиясы ғажайып екенін айтып және оны бұл ертерек айтқанда кету жайлы ойламаған болар едік деп жарыса сөйледі. Том міңгірлеп бірдеңені түсіндірген болды, бірақ бұл құпиясы да оларды ұзақ тоқтата алмас деген ойменен ең соңғы әдісі ретінде ашық айтпады.
925 Бұл ойды құптай кеткен Джо шылым шегіп көруге қарсы еместігін хабарлады. Гек жалма-жан түтіктер жасап, ішін шылым үгітіндісімен толтырды. Бұл екі шылым шеккіш бұған дейін жүзім жапырақтарын тартатын, бірақ ол тілді үйіріп ашытатын және мұндай шылым нағыз еркектерге лайық емес деп есептелетін.
926 Көре алмайтын шығар! Әңгіме осылай жалғасып барып, бірте-бірте басыла бастады. Қарақшылар жиі-жиі түкіретінді шығарды. Балалардың аузындағы тесіктің бәрі фонтанға айналды: олар тілдерінің астындағы жертөледегі кір-қоқысты топан суын бөгеу үшін тазалауға әрең-әрең әлдері келді.
927 Екеуі қанша тырысқанмен тамақтарынан ылқылдап құйыла берді және құсқан сайын жүректері айнып естерін шығарды. Өң жоқ, түс жоқ бозарып, екеуінің де ұсқыны адам көргісіз еді. Джоның әлсіз саусақтарынан түтік түсіп кетті, Томның да жағдайы сондай. Екеуінен де фонтан атқылап күштерін сарықты.
928 Түн ортасы кезінде Джо жолдастарын оятты. Ауада леп жоқ, бір түрлі жақсылықтың белгісі жоқ секілді. Балалар бір-біріне тығылыса түсіп, содан достық көмек күткендей, жанып жатқан отқа жақындай түсті. Ал түн деген тымырсық және ыстық болатын. Олар үн-түнсіз отырып не болатынын күткендей.
929 Кенет тағы бір сәуле түнді күндізге айналдырып жіберді, балалардың аяқтарының астындағы шөпке дейін айқын көрінді. Ол жарық зәрелері ұшып, бозарып дірілдеген үшеудің бетіне түсті. Найзағай аспанның арғы жағынан сырғанап келе жатқандай күркіреп барып алыс жақтарға шашылып күңкілдеді.
930 От жарқылы айналаны қайтадан шұғылалы сәулеге бөлегені сол еді, аспан астын жаңғырықтырған гүріл балалардың дәл төбесінен ұрғандай болды. Айналаны басқан түнек ішінде қарақшылар зәрелері ұшып бір-біріне тығылды. Жаңбырдың үлкен-үлкен тамшылары жапырақтарды ұрғылай бастады.
931 Құтырған жел айқай салып орман ішін жаңғырықтырып еді, айналаның бәрі оған ілесе сарнап қоя берді. Көз аштырмай найзағай бірінен соң бірі тынымсыз жарқылдап күннің күркілі бір сәтке де басылмай қойды. Жаңбыр құйып, бірте-бірте өршелене соққан дауыл жердің бетін тасқынға айналдырғандай.
932 Ақыры нөсер төкпелеп, күннің күркілі аралды тас-талқан етіп ұшырып жіберердей ашумен сатырлатып, ағаштарды төбесіне дейін топан суға батырып, тіршіліктің бәрін бір сәтте көзді ашып-жұмғанша жоқ қылып жіберетін секілді. Үйсіз-күйсіз жүрген балалар үшін бұл түн өте қорқынышты болды.
933 Олардың тұрағын да су алып кетіпті, оның ішінде жылынатын, тамақ пісіретін алау да су астында қалған, өйткені бұлардың жасындағы баланың бәрі ештеңені алдын ала ойламайды – жаңбырдан отты сақтау үшін оны көму керек еді. Ең жаманы сол болды: үшеуі де су-су болып, суықтан тістері тістеріне тимей отыр.
934 Олар өкініш білдіріп еді, бірақ кешікпей үлкен жұмыр ағаштың астыңғы жағында жылтыраған от бар екенін көріп қуанысып қалды. Балалар іске кірісті: қайың теректің қабығын құлаған ағаш бөренелерінің астындағы құрғақ шөп-шаламды жинастырып, әлгі жылтыраған алақандай отты үргіледі.
935 Шошқаның піскен етін оттың үстіне ұстап кептіріп, кешкі тамаққа тойып алғасын алаудың жанына отырып алып, түндегі бастарынан кешкендері жайлы біраз әсірелеп мақтанышпен әңгімелесті; бәрібір ұйықтайтын жер жоқ – айналаның бәрі малмандай су, алақандай құрғақ жер қалмаған.
936 Ертеңгі алғашқы сәуле көрінісімен балалар қалғып-мүлги бастады; олар енді құмды жағалауға барып ұйқыға басты. Кешікпей қыздырынып олар орындарынан тұрды да таңғы тамақты дайындауға кірісті. Тамақтан кейін олар тат басқан темірдей қол-аяқтарын әрең қозғап, тағы да үйлеріне қайтқылары келді.
937 Бұдан соң олар көшіп келген ағылшындарға шабуыл жасау үшін орманға бет алды және олардың әрқайсысы өздерін көсем сезінді. Олар бір-бірімен жауласатын үш тайпаға бөлінді. Қорқынышты ұрандармен айқай салып, тасадан шабуылға шығып, бір-бірімен ұстасып жатыр және мыңдаған дұшпанды қырғандарына мәз.
938 Жауласқан үнділіктер өзара татуласу үшін бейбіт келісімге келулері керек, олай болмаса, достық, татулық нанын бөлісіп жеуге болмайды: бірақ татулықтың сигарын сормай бейбіт келісімге келу мүмкін бе? Татулықтың белгісі – сигарды кезек тартпай бейбіт келісімге келу жайлы бұрын-соңды естілген емес.
939 Ең соңында үнділік болғандарына қуанды, себебі сәл де болса ұтыстары бар еді. Олар кәдімгідей шылым шегуді үйреніп алған, енді жоғалған пышақты іздеуді сылтауратып тасаланудың қажеті жоқ. Рас, екеуі де сәл-пәл жайсыз сезінді, бірақ өткендегідей азаптан жанталасқан емес.
940 Олар бұл ыңғайлы жағдайды пайдаланып қалуға асықты. Кешкі астан кейін өз тәжірибелерін тағы бір жасады және бұл жолы да ойдағыдай өтті, кеш көңілді болды. Үшеуі де мақтаныш сезім құшағында өздерінің жаңа табыстарына дәл бір үнділік тайпалардың алтауының терілерін түгел сыпырғандай бақытты еді.
941 Тұрғындар өздерінің әдеттегі шаруаларымен қалай болса солай, онша мән бермей айналысады, тіпті бір-бірімен әңгімелесуді де қойды, жиі-жиі күрсіне берді. Тіпті балаларға сенбілік демалыс бұрынғыдай қуаныш әкелмеді. Олардың ойындары да онша келіспеді. Сосын өздерімен өздері жүрді.
942 Бірақ оның даңққа бөленем деген ойынан ештеңе шықпады. Себебі, қалған балалар да, басқалар да өздері туралы осындай бірдеңені ойлап таба алатын, сондықтан әлгі байғұс бала салтанатты құрметтен құр қалды. Оқушылар қаза тапқан батырларды естеріне алып, жарыса әңгімелеген күйі тарқады.
943 Полли апай, соңынан Мери мен Сид олардан соң Гарпердің отбасы – бәрі қайғыға батқан, қаралы киім киіп шіркеуге кіргенде, кәрі дін қызметкерінен бастап, жиналған жұрт бір кісідей дұға оқыды және қаза тапқандардың туысқандары алдыңғы қатардағы орындықтарға отырғанша түрегеліп құрмет көрсетті.
944 Полли апай, Мери және Гарперлер қайта тірілген өздерінің сүйіктілеріне жармасып, құшақтап сүйіп тұншықтырып жатыр және бұларды аман алып қалған құдайтағалаға рахметтерін жаудырды, тек байғұс Гек қана жан-жағынан жақтырмай қараған көздерден ыңғайсызданып не істерін, қайда кетерін білмей тұр.
945 Теңіз қарақшысы Том Сойер оған қызыға қарап тұрған құрбыларына көз салып, өмірімнің ең керемет сәті осы деді іштей. Үйлеріне тарай бастаған тұрғындар өздерін өлердей алдаса да, ғажайып алғыс гимнін есту үшін тағы да алдануға дайын екендіктерін бір-біріне айтып бара жатты.
946 Таң атар-атпастан үй-үйдің арасымен шіркеуге келіп, сынған орындықтар жатқан хорда әбден ұйқыларын қандырды. Дүйсенбі күні таңертең дастархан басында Полли апай да, Мери де Томға ерекше мейіріммен қарап, оның айтқанының бәрін жандары қалмай орындады. Әңгіме де әдеттегіден көбірек айтылды.
947 Сосын сіз төсегіңізге жаттыңыз және сізге жаным ашыды да, мен ағаштың қабығына "біз өлген жоқпыз, біз тек қашып кеттік те, теңіз қарақшылары болдық" деп жазып, майшамның жанына қойдым, ал сіз ұйықтап жаттыңыз. Сіздің жүзіңіз сондай мейірімді көрінді, сосын мен еңкейіп ерніңізден сүйдім.
948 Өйткені өзіңе шын сеніп, оның өсиеттерін орындаған адамдарға мейірімін түсіреді. Мен оның рахымына лайық емеспін... Егер ол тек лайықты адамдарға ғана мейірімді болса, жер бетінде бұл күндері масайрап жүретіндер аз болар еді және о дүниеде олар жәннатта мәңгілік рахат кешуге құқтары бар болар еді.
949 Ол секіріп, жүгірмей, кәдімгі теңіз қарақшылары секілді салмақпен, кеудесін тік ұстап, айналадағы жұрттың бәрі оған қарап тұрғанын ескеріп маңғаздана жүріп келеді. Шынында да, ол басқалардың қарағанын көрмегендей, олардың сыбыр-күбірін естімегендей кейіппен, іштей рахат сезімге бөленіп келеді.
950 Олар бұл секілді қап-қара болып күнге күйсе, аз-ақ күнде даңққа бөленсе, бәрін беруге дайын. Алайда Том ешқайсысын, тіпті біреуі ақысына тұтас цирк берем десе де, көнбес еді. Мектептегі оқушылар Том мен Джо Гарперге естері кете қызығушылықпен қарап тұрғанын сезген ол екеуі тіпті мұрын-дарын көтерді.
951 Олар айнала қоршағандарға өздерінің бастан кешкен оқиғалары мен ерліктері жайлы өздеріне тән ойдан шығарудағы шеберліктерін балалар қосып айтып тұрды. Бір мезгілде олар темекі түтіктерін шығарғанда, оларға деген қызығушылық әбден шегіне жетіп екеуі тіпті құрметке бөленді.
952 Қазір оның атағы жер жарып тұрғанда Бекки мұнымен татуласқысы келетін де шығар. Мейлі. Мұның да кейбіреулер секілді салқын бола алатынын көрсін. Әне, өзі келе жатыр, Том оны байқамаған адам бола қалды. Ол бұрылды да топталып тұрған балалар мен қыздарға қосылып солармен әңгімелесе бастады.
953 Бірақ Беккидің қыздардың жақын тұрғандарын ұстағысы келетінін, ұстай қалса, байқатпаған болып мұның өзіне көзінің астымен қарап қоятынын Том сезді. Қыздың бұл қылығы жүрегін жұмсартудың орнына қайта өшіктіре түсті, ол өзін тәккаппар ұстап Беккиді көрмегендей кескін көрсетті.
954 Орнынан тұрып, көздерінде жарқ еткен от көрінді, қос бұрымын қайырып, мен енді не істейтінімді білемін деді. Үзіліс кезінде Том Эмми Лоренстің көңілін аулаумен болды. Онымен қыдырып жүріп, Беккидің жүрегін сыздату үшін бізді көрсе екен дегендей қасақана қылық көрсетіп бақты.
955 Эммидің көңілді мылжыңы мұның ішін пыстырды. Том өзінің бір жерге баруы керектігін, тіпті кешігіп қалғанын тұспалдап айтып көріп еді, алайда бәрі бос болды – қыз құс секілді сұңқылдай берді. "Аһ, жерге кіріп кеткір, – деп ойлады Том, – сенен құтыла алмайтын болғаным ба?".
956 Ол үйге қарай жүгірді. Эммидің бақытты сезініп, алғыс жаудырған түрін көру оған қатты батты, сонымен қатар қызғаныштың азабы әбден шегіне жетті. Бекки тағы да Альфредпен кітаптың суреттерін қызықтап отыр, уақыт өтіп барады, бірақ Том келмеді, ал бұл қыздың салтанатты жеңісіне көлеңке түсірді.
957 Суреттерді қызықтау оны жалықтырды, сосын ол үндемей, мұңайып отырып қалды. Екі-үш рет біреулердің келе жатқан дыбысынан қауіптеніп еді, бірақ бекер үміттенген екен: Том көрінбеді. Ақырында ол өзін бақытсыз санады және өзінің өш алам деп тым өрескелдік жасағанына өкінді.
958 Бар! Сені жек көремін! – деп қыз турасын айтты. Сасып қалған бала не істерін білмей және қыз мұншама ренжитіндей өзінің оған не істегенін білмей дал болды; үлкен үзіліс бойына сенімен бірге сурет көрем деген өзі, кенеттен жылап кетті. Альфред қаңырап қалған мектепке қарай көңілсіз аяңдады.
959 Міне, дұрыс болды! Ол кітаптың үйге тапсырма берілген бетін қуана ашты да, бүкіл бетіне сия төкті. Дәл осы сәтте Бекки есік жақтағы терезеден қарап тұр еді, ана баланың не істеп жатқанын көзімен көрді де, ешкімге байқатпай үйіне қарай зытты: ол Томды тауып алып кітап туралы айтқысы келді.
960 Сонда Том қуанып, бұған алғыс айтады, сосын барлық өкпе-наз бітеді. Бірақ жолда келе жатып жоспарын өзгертті: ол пикник жайлы айтқанда Томның бұған көрсеткен қылығын есіне алды. Бұл оқиғаны есіне алғанда Бекки ұяттың азабынан өле жаздап, тұла бойын бір жалын өртегендей болды.
961 Әбден ашуға булыққан Бекки сабақ басталуын тағатсыздана күтті, себебі қыз сия төгілген оқулық үшін Томды шыбықтап жазалайды деп асыққан. Әуелі ол Альфред Темпльдің істегенін айтайын деп ойлап еді, бірақ Томның жаңағы айтқан жаман сөздерінен кейін ол ой есінен шығып кетті.
962 Кластағы әрбір қыз, әр бала өздерінше жорамалдайды, бірақ ол қандай кітап екенін білуге мүмкіндік жоқ. Міне, Бекки есікке жақын тұрған мұғалімнің үстелі жанынан өтіп бара жатып тартпаның кілті тұрғанын көрді. Мұндай сәті келген сәтті қалай жіберуге болады?! Ол жан-жағына қарап еді – тірі жан жоқ.
963 Мен өшімді басқа жолмен алармын. Бірақ ол қыз қолға түседі. Доббис менің кітабымды кім жыртты деп сұрайды. Ешкім үндемейді. Сонда ол әдеттегісінше кезекпен бәрінен – әуелі бірінші, сосын екінші, ақыры кінәлінің өзіне келгенде, мұғалім бірден біледі, қыз ештеңе айтпаса да, біліп қояды.
964 Егер осындай дұзаққа мен түсе қалсам, ол қыз қуанар еді – енді менің терімді өзі жамылып көрсін! Ол есік алдындағы алаңға жүгіріп барып, бір ойынды бастап кеткен балалар тобына қосылды. Бірнеше минуттан кейін мұғалім келді, сабақ басталды. Том сабаққа онша мән бермейтін.
965 Өзінің кінәсін мойындамағаны үшін оны қаттырақ жазалады. Бекки оны жазалағанын көргенде қуанамын деп ойлап еді, олай болмай шықты. Әңгіменің соңы шыбыртқыға тірелгенде Бекки орнынан атып тұрып кінәлі Альфред Темпль екенін айтқысы келді, бірақ өзін-өзі тоқтатып, үнсіз отырды.
966 Ол, шынында да, балалармен алысып жүргенде мүмкін сия төгілген шығар деп ойлады. Ол кінәлі емеспін деп дәстүр бойынша өзін қорғап айтты. Бір сағат өтті. Мұғалім тағында танауымен жер шұқығандай қалғып-мүлгіп отыр. Жаттау оқыған оқушылардың гуілінен кластағы ауа біртүрлі ұйқы келтіреді.
967 Балалардың көбі оның бұл қимылына жай ғана қарады, ал олардың ішінде екеуі шыдамсыздана күтті. Доббис мырза әуелі кітапты сипады, сосын қолына алып, орынтаққа дұрыстап отырды да, оқуға кірісті. Том Беккиге қарап қойды. Ұсқыны жоқ, мергеннің көздеуіне іліккен үркек қоянға ұқсап әрең отыр.
968 Беккидің көзіндегі таңдану, алғыс, махаббат мұндай жазаның жүзі үшін берген марапаттай еді. Өз ерлігінің салтанатына мәз болған Том Доббинс мырзаның адам төзгісіз соққыларына үн шығармай төзді және сабақтан кейін екі сағат мектепте қалу туралы қосымша жазаға да мыңқ еткен жоқ.
969 Бұрыннан да қатал мұғалім талабын тіпті күшейтті: ол өз мектебінің емтихан кезінде басқа көрермендер алдында жарқырап көрінуін қалайды. Шыбыртқы мен сызғыштар, әсіресе, бастауыш кластарда жұмыссыз жатпады. Тек он сегіз-он тоғыздағы бозбалалар мен қыздар ғана тән жазасынан босатылған.
970 Ал Доббинс мырза өте қатты соғады, оның қолдары сау, жарқыраған тоқыр басын жалған шаштың астына жасырғанмен, кәрілікке әлі біраз уақыты бар секілді. Ұлы күн жақындаған сайын оның азаптауға құштарлығы айқын көріне бастады. Түкке тұрғысыз сәл қателік үшін жазалау оған рахат сезім әкелетіндей.
971 Бастауыштың балалары күні бойы қалтырап-дірілдеп азаптанады, ал түндерде одан кек алудың жолын іздеп жоспар құрады! Олар мұғалімге қандай да болсын жаманшылық жасап, масқара етуге келгенде сәл мүмкіндікті де жіберген емес. Бірақ екі жақтың күші тең емес, сондықтан мұғалім ылғи жеңіске жетеді.
972 Оған жасалған әрбір жамандықтың соңында адам айтқысыз жаза болады, балалар ұрыс алаңын үлкен шығынмен аяқтап жүрді. Ақырында балалар астыртын жұмыс жасап, керемет жеңіске жеткізетін жоспар құрысты. Олар суретшінің шәкіртімен уәделесіп, оның өздерінің жасырын ісіне көмектесуін сұрады.
973 Ал ол қуанғаннан есі шығып кетті, мұның өз себебі бар еді: мұғалім мұның әкесінің үйінен тамақ ішетін және баланың бұл залым ұстазды өте жек көретін бірнеше себептері бар. Мұғалімнің әйелі деревнядағы туысқандарына ма – әйтеуір бір жаққа кетуге жиналды және бірнеше күннен кейін келетін болды.
974 Яғни кек алуға кесел болатын ештеңе жоқ. Әрбір ұлы оқиғаның алдында мұғалімнің спирттік сусындармен қуаттанатын әдеті бар еді, суретшінің оқушысы емтихан болардың алдында ұрттап алған мұғалім орынтағында қалғып-мүлгіп отырған кезде ойлаған істерін жасап, сосын оны оятады да, мектепке алып барады.
975 Міне, сол ғажайып күн де келді. Кешкі сегізге қарай мектеп үйі жарқырап, айналасы гүл шоқтарымен, моншақтармен, жапырақтармен көмкерілген веноктарға толды. Мұғалім тақта отырған патшадай өз орнында биікте отыр. Арт жағында тақта бар. Оның шарапты біраз сілтеп алғаны байқалып тұр.
976 Кіп-кішкене бір бала орнынан тұрып: Сіздер үшін таңғаларлық Оқиға деп қарадым – Көп алдында сөйлегені Кіп-кішкене баланың – деп айтқан сөзін қолын сермеп нығыздады, сосын аман-есен аяғына дейін жетті, жұрттың шатырлата соққан қол шапалағымен марапатталды, еңкейіп сәлем етті де орнына кетті.
977 Рас, тыңдаушылардың оған жандары ашып отырғандары байқалады, бірақ ешбір дыбыс жоқ – бәрі су ұрттап алғандай үнсіз. Олардың жанашырлығынан гөрі үнсіздігі Томға көбірек батты. Мұғалім қабағын шытып еді, сонымен зілзала аяқталды. Том бірдеңелерді айтып сандалды, сосын әбден жер болып, орнына келді.
978 Екінші ерекшелігі – әдемі де әсем сөздермен өрнектелген. Үшіншісі – ылғи сарытап болған сөздер, сөйлемдер. Көзге бірден түсетін: (адамның ызасын келтіретін) ақыл айту, мораль оқу. Шығарманың тақырыбы қандай болса да, оны жазған оқушының миын сорып мораль айту тіпті күлкілі.
979 Моданы жақсы көретін бойжеткен өзін шаттық пен қуаныш құшағындағы топтың ортасында тұрғандай сезінеді. Ақ киімге оранған талдырмаш денесі көңілді биге айналып; оның аяқ алысы жеңіл, мына салтанатты шаттықтың ортасында жүргендердің ішінде оның көздері бақыт шуағын шашып бәрінен сұлу көрінеді.
980 Осындай тәтті қиял құшағында уақыт Осы жерде келтірілген үзінділер "Батыста тұратын бір әйелдің прозасы мен поэзиясы" деген кітаптан өзгеріссіз алынды, өйткені мектептегі оқушы қыздардың шығармаларына тән стиль сақталған және ешқандай жасанды көшірме олармен салыстыруға келмейді.
981 Мына жаңа дүниенің ғажайып көріністері басын айналдырады. Әр көрініс барған сайын оны өзіне баурайды. Алайда көп кешікпей ол сырты жарқылдаған дүниенің арғы жағы – бос әурешілік, өткінші қызықтар екенін түсінеді. Бағанадан бері жанын баураған көріністер енді оның ызасын келтіре бастайды.
982 Таллассидің сулары, Құстың жасыл құндағы... Алабама, қымбаттым, Жылап саған тіл қаттым. Тыңдаушылардың бәріне түсінікті болмаса да, поэма көбіне ұнады. Бұдан кейін қара қасты, қара шашты қоңыр қыз алға шығып, сәл тыныстап алды да, бетін қайғыға орап, сыңғыраған дауыспен оқи бастады.
983 Көрініс Бозғылт түн қараңғы еді. Көк тағының маңында бір де бір жұлдыз жылтырамайды, алыстағы күннің күңгірт күркілі құлағыңды шулатады; жын қаққан найзағай ойнақтап, бұлтты аспанда салтанат құрып жүр, атақты Франклиннің найзағай атаулыны ноқталағанына жыны келгендей тайраңдайды.
984 Оның жүрісінің дыбысы шықпайды, егер ол жаратқан берген құдіретімен мені жанап өтпегенде, мен оны сезбеген де болар едім, ал ол сұлулығын көрсетуге тырыспайтын басқа бойжеткендер секілді үнсіз қайраткер, ғалым. Найзағайды қайтаратын құралды ойлап тапқан. өтіп кетер еді.
985 Бұл масқара он бет екен, соңы пресвитериан шіркеуін мойындамайтындарды адам айтқысыз жазамен қорлайтын өсиетпен аяқталады. Қаланың әкімі әлгі шығарманың авторына сыйлық беріп тұрып, жалынды сөз айтты; оның айтуынша, Дэниэл Уэбстердің өзі де бұл шешендік өнердің ғажап жетістігін мақтан етер еді.
986 Мұғалімнің қақ төбесі тұсында шардаққа шығатын люк бар-ды, кенет сол люктен мойнына жіп байланған мысық түсіп келеді және мысық мияуламасын деп оның басын шүберекпен қымтап байлап тастапты. Төмен түсіп келе жатқан мысық тырбаңдап жіпке жармасқан болады, бірақ ауа ғана қармады.
987 Нағыз дұрыс әдіс! Томның дәл сол кезде біреулермен ұрсысқысы және мас болғысы келіп кетті. Бұл ниеті ұлғая берді, тек кешікпей бүкіл елдің алдында мұның мойнына қызғылт мойынорамал тағылады деген үміт қана оны тоқтатты, осы үміт болмаса, ол әлдеқашан қоғамнан шығып кетер еді.
988 Төртінші шілде жақындап қалды, ол ішпейтіндердің қоғамына кіргелі үш тәуліктен асып барады, оның барлық үміті өлім алдында жатқан сот Фрезерде; сотты салтанатпен жерлейтін шығар, өйткені белгілі тұлға ғой. Сонда Фрезер сот жерленіп жатқанда бұл қызыл мойынорамал көлбеңдейді.
989 Ішпейтіндер, қоғамның жас мүшелері, сәнденіп қатар түзеп жүрді, ал сол кезде олардың бұрынғы жолдасы қызғаныштан жарыла жаздады. Оның есесіне енді Том өзін еркін құстай сезінеді – бұл да жай нәрсе емес! Оның енді мас болуға, адамдармен ұрсысуға мүмкіндігі бар. Таңғаларлығы – оның зауқы соқпай қалды.
990 Атақты төртінші шілде де көңілсіз өтті, жаңбыр құйып, ешқандай парад болған жоқ, Том ұлылардың ұлысы деп ойлайтын Құрама Штаттардың сенаторы Бентон мырза Томның әбден көңілін қалдырды, биіктігі жиырма бес фут болатын дәу емес, жай қарапайым ғана кісі болып шықты. Цирк келді.
991 Бекки Тэчер жазда ата-анасымен өздерінің туған қаласы Константинопльге кетті, ол кеткесін өмірдің барлық қуанышы сарқылғандай болды. Том үшін өткенде өзі көрген қорқынышты өлімнің құпиясы уайым болды. Сол уайым асқазандағы ашық жарадай жанын жеп азапқа салды. Бұдан соң қызылша келді.
992 Том Бен Роджерсті іздеп еді, ол діни кітапшалар толы корзинаны арқалап, қалашықтағы кедей тұрғындарға таратып жүр екен. Ол ең соңында Джим Холисті тауып еді, ол Томның қызылшамен ауырғаны – көк тәңірінің оған барлық күнәлары үшін әдейі жіберген жазасы, кешірім сұрау керек деп үйретті.
993 Том бұған шыдай алмады: жүрегі қақ бөлінгендей күйде ол үйге әрең жетті де, кереуетке құлай кетті, бүкіл қалада тамұқта азап шегетін жалғыз күнәкар өзі сезінді. Түнде қатты дауыл тұрып, шелектеп жаңбыр құйды, көзді аштырмай найзағай ойнап, күннің күркілінен құлақ тұнды.
994 Егер біреу-міреу түкке тұрмайтын қоңызға қарсы бүкіл артиллерияны шығарса, Том мұны күш пен снарядтарды босқа шығындау деп есептеген болар еді, бірақ ол көк тәңірі өзі секілді кішкентай қоңызды құрту үшін керемет қымбат тұратын найзағай мен қорқынышты күркілді шығарғанына онша таңғалмады.
995 Ақыры үйден далаға шыққанда өлімнің мұны аяп, жаны ашығанына қуанған жоқ. Соңғы кездері ол өзін үйсіз-күйсіз, жападан жалғыз адамдай сезініп жүргені есінде. Ол еріне басып көшеге шығып еді, торғайды өлтірген мысықты жазалап жатқан Джим Холлис бастаған бір топ балаға кездесті.
996 Өлім туралы сәл бірдеңе ести қалса, оның жүрегі аузынан шығып кетердей бұлқынды. Бұл әңгімелердің Томның көзінше айтылатыны тектен тек емес – бұған дұзақ құрудың айласы. Рас, ол өлім жайлы жұрт бұған күдікпен қарайтындай себеп жоқ, алайда қаланың көлденең сөзі оның мазасын түрткілейді.
997 Оқын-оқтын денесі бір ысып, бір суыды. Ол ақтарыла сөйлеу үшін Гекті оңашалау жерге алып кетті. Ең болмаса аз ғана уақытқа болса да өзі секілді бақытсыз жолдасымен ауыр қасіреті жайлы әңгіме шерту керек қой! Оның үстіне Гектің аузынан ештеңе шықпағанын әбден білгісі келді.
998 Оның жолы болмайтын адам екені рас, бірақ ол ешкімге зиян жасаған жоқ қой. Ешкімге, ешқашан да. Аздап балық аулайды, ішкенде жақсы болсын деп, сосын іс жоқ солбырайып жүреді. Әй, құдайым-ай, біздің бәріміз сондаймыз ғой! Жұрттың бәрі болмағанмен, көбі сондай: мысалы менің әкем және басқалар.
999 Олар бір ғана жақсылық істей алды, бұрын да бірнеше рет жасаған: терезедегі темір шілтерден біраз темекі мен бірнеше шырпы берді. Ол төменгі қабатта, қарауыл жоқ еді. Мынадай сыйлық үшін ол алғысты жаудырғанда бұлар бұрын ыңғайсызданатын. Бүгін оның алғысын есту тіпті ауыр болды.
1000 Мұны мен ешқашан ұмытпаймын, жоқ-жоқ! Мен өзіме жиі айтамын: балалардың бәріне ойыншық, қағаздан жылан жасап беретінмін, қай тұстан балық аулау керектігін көрсететін едім. Олардың бәрімен жолдас болғам, кәрі Меффтің басына күн туғанда, міне, енді солардың бәрі теріс қарап кетті.
1001 Сендерге бір ғана сөз айтқым келеді: егер шілтерлі үйге түскілерің келмесе, анау қарғыс атқыр шарапты ұрттамаңдар. Кішкене батысқа қарай тұрыңдаршы. Міне, осылай. Мен секілді қасіретке кезіккен адамға достарының бет-жүзін көру де көңілін жұбатады, маған ешкім келмейді, тек сендер ғана.
1002 Достардың мейірімді жүзі... достардың мейірімді жүзі. Біріңнің иығыңа екіншің шығып көріңдерші, мен қолымды тигізейін. Иә, осылай. Енді менің қолымды қысыңдар – сендердің қолдарың шілтерге сияды ғой, менің қолым тым үлкен, – деп сөзін аяқтағанда бұл екеуі өздерін қорқақ және сатқын сезінді.
1003 Кішкене қолдар әлсіз, дегенмен олар Мефф Поттерге кәдімгідей көмектесті, егер қолдарынан келсе, бұдан да зор көмекке дайын. Том үйге әбден бақытсыз жандай оралды, сол түні көрген түстері де адам шошырлық қорқынышты. Ертеңіне және үшінші күні де ол сот үйінің маңында айналшықтап жүрді.
1004 Соттың екінші күнінің соңында қала өсегі бір тұжырымға келді: үнділік Джоның айтқандарының бәрі толық расталды және Поттерді қандай жаза күтіп тұрғаны күмәнсіз шындық. Том түнде үйге кеш оралды және терезе арқылы түсіп төсегіне барды. Ол толқып көпке дейін ұйықтай алмады.
1005 Ертеңіне бүкіл қала түгелдей сот үйінің маңына жиналды, өйткені бұл шешуші күн болатын. Сот залы лық толы – ерлер мен әйелдер. Ақырында көп күттірген сот алқасының мүшелері келіп орындарына жайғасты. Бірнеше минуттан соң есі шыға қорыққан, сұп-сұр болып кеткен бейшара Поттерді әкелді.
1006 Оны жұрттың бәрі көріп отыратын жерге орналастырды. Дәл сондай биік жерде түсі суық үнділік Джо міз бақпай отыр. Тағы үнсіздік басталды, содан соң сот шықты және шериф отырыс басталғанын хабарлады. Сот мүшелері әдеттегідей өзара күбірлесіп, бір қағаздарды жинай бастады.
1007 Осы ұсақ-түйек және басқа да мәнсіз баяу қимылдар не боларын күтіп отырған залға ерекше салтанат бергендей болды. Мефф Поттердің бұлақ басында сол өлім болатын күні ертемен жуынып отырғанын көрген куәгер шақырылды. Куәгер Мефф Поттер мұны көре сала қаша жөнелгенін айтты.
1008 Нағыз қылмыскер сол екені бірден байқалды. Қорғаушы бұл куәгерлерді де еш сұрақ қоймай қоя берді. Сол есте қалған күні таңертең зират басында болған қайғылы оқиғаны ұсақ-түйегіне дейін айтып берген куәгерлерге Мефф Поттердің қорғаушысы бірде-біреуіне сұрақ қоюға тырыспады.
1009 Томның үнділік Джоның темірден соққандай бетіне көзі түсіп кетіп еді, тілі таңдайына жабысып қалды. Тыңдаушылар демдерін ішіне тартып тына қалды, ал дауысы Томға бағынбай қойды. Алайда бірнеше минуттан кейін бала өзіне өзі келіп, жауап бере бастады, ал жұрт тыңдап отырды.
1010 Бұл үшін адамдарға кінә тағуға болмайды, өйткені бұл да адамның жақсы қасиеттерінің бірі ғой. Том күндіз салтанат пен шаттықтың құшағында жүрді, бірақ түндері оны қорқынышқа орап алатын болды. Үнділік Джо үнемі түсіне еніп, адам айтқысыз жазамен өшімді аламын деп қорқытты.
1011 Гек өзі туралы мәліметтерді құпия етіп сақтаңыз деп құтқарушыға өтінген. Алайда сол күні түн ортасында Томды қуып отырып құтқарушының үйіне апарғанда, бір-біріне ант етіп, бұл құпияны тірі жанға айтпаймыз деп серттескендерін есіне алғанда Гек адам баласына деген сенімін мүлде жоғалтты.
1012 Том оны әңгімелерін ешкім естімейтін оңаша жаққа шығарып алып, оған өзінің құпия жоспарларын жайып салды. Гек келісті. Гек ақша шығындауды талап етпейтін, көңілді алаңдатар шаруаның бәріне қатынасуға дайын, өйткені уақытының көптігі сондай, тіпті кейде қайда кетерін білмейді.
1013 Қазынаны ылғи жын-шайтаны бар үйдің астына көмеді немесе бір аралға, иә болмаса кеуіп қалған ағаштың астына. Джексон аралында біз іздеп көрдік қой, кейін ол жаққа тағы бір соғармыз. Жын-шайтан мекендеген бір ескі үй Стилл-Хауздың арт жағындағы бұлақ маңында бар, ол жерде қураған ағаш деген көп-ақ.
1014 Бәрі олай істемейді. Шамасы, біз қазатын жерді дұрыс таба алмай жүрміз. Басқа бір жерді таңдап, тағы жұмысқа кірісті. Енді екпіндері бағанағыдан гөрі бәсеңдеу, дегенмен ептеп алға басуда. Әуелі үнсіз қазып еді, сосын Гек күрекке сүйеніп, жеңімен маңдайынан жаңбырша тамшылаған терді сүртті.
1015 Жан баласы жоқ жер және адам қорқатын түннің бір уағы. Шайтандар сыбдырлаған жапырақтардың арасында сыбырласып, түрлі елестер әрбір қараңғы бұрышта тығылып, алыстан иттің үргені естіледі, үкі айқайлап оған үн қосады. Салтанатты үнсіздік балалардың көңілін басып, олар әңгімелесуді де қойды.
1016 Мәселе сонда. Яғни бұл шаруаны қою керек. Уақытты бәрібір біз ешқашан анықтай алмаймыз. Сосын айналада толған шайтан ба, елестер ме – зәреңді ұшырады. Біреу желкеңнен қарап тұрған секілді, бұрылуға қорқам, мүмкін менің арт жағыма қарауымды күтіп тұрған шығар. Тұла бойымды аяз қарығандай күйдемін.
1017 Елес дегенді жақсы көрмеймін, Том. Олар өлілерден өткен жаман. Өлі адам мүмкін кейде сөйлейтін де шығар, бірақ елестер секілді айналаңда жүріп, бетіңе қарамайды, тісін қайрамайды. Ал елес дегендер соның бәрін істейді. Мен ондай ойындарды көтере алмаймын, Том, оны ешкім де көтермейді.
1018 Ол деген жер бетіндегі адамдардың бәрінен артық, бәрінен жақсы. Қазір ондай адамдар жоқ – шын айтам! Робин Гудтың бір қолын артына қайырып байлап қойсаң, ол екінші қолымен кімді болса да, ұрып жығады. Ол өзінің емен садағымен бір жарым миль қашықтықтағы он тиынды атып түсіреді.
1019 Олар кешке дейін Робин Гуд болып ойнады, арасында екеуі сиқырлы үйге ашқарақ көздерін қадап қояды, сосын ертең бұл жерде не істейтіндерін талқылап, пікір алысты. Күн еңкейіп батуға айналғанда, олар ағаштардың көлеңкелерін көлденеңнен басып өтіп, Кардиф тауының орманының арасымен үйлеріне қайтты.
1020 Өртенген ыссылықта мына үйдегі өлі тыныштық оларға тым үрейлі көрінді. Қаңырап бос қалған үйде еңсеңді езіп жіберетіндей бір нәрсе бардай қорқынышты. Балалар бірден ішіне кіруге батпады. Олар еппен басып есікке жақындады да, зәрелері ұшып дірілдеген күйде ішке көздерін салды.
1021 Алдарындағы топырақ төселген еденде шөп өсіп кеткен, жартысы құлаған пеші бар бөлмені көрді, терезелерінде әйнек жоқ, баспалдағы қираған, барлық жерде төбеден салбырап тұрған өрмекшінің ескі өрмегі. Олар жаймен ішке кірді, жүректері ауыздарынан шығып кетердей дүрсілдеп тұр.
1022 Олар айналаның бәріне ықыласпен қарап, өздерінің батылдықтарына әрі мақтанғандай, әрі таңданғандай. Сосын олардың жоғарыға шыққылары келді. Екеуі бірін-бірі қолпаштап, ақыры қайла мен күректі бұрышқа тастады да, екінші қабатқа көтерілді. Онда да төмендегідей иесіз қаңыраған бөлме.
1023 Испандық плащқа оранып алыпты, ұзын бұрым шашы қалпақтан шығып иығына түсіп тұр; қалың өскен бакенбарды да аппақ; жасыл әйнекті көзілдірік киіпті. Олар үйге кірген кезде, "екінші" испандыққа күбірлеп бірдеңе айтты; арқаларын жарға сүйеп, есікке қарап еденге отырысты, "екінші" әлі бір нәрсені айтады.
1024 Жасырынатын басқа жер табылмады. Тіпті мен де осы шалаштан кеткім келді. Кеше кеткім келіп еді, оңбаған балалар мына таудан түспей қойды, ойға басқа ештеңе келмеді. Мұны естіген "Оңбаған балалар" қорқыныштан тағы қалтырап кетті де, жұма күні іс бастамауға уәделескендерін еске алып, қуанып қалды.
1025 Ол жиырма-отыз доллар алды және сонша долларды үнділік Джоға берді. Осы кезде тізерлеп тұрып, бұрышта пышақпен жер қазып тұрған Джоға қапты берді. Балалар сол сәтте өздерінің барлық қорқынышын осыған дейінгі қиындықтарды ұмытып, көздері жайнаған күйде Джоның әр қимылын қадағаласты.
1026 Егер жоғарыда біреулер бар болса, отыра берсін – бізге керегі не? Олар төмен түскілері келсе, секіріп, аяқтарын сындырсын, біздің шаруамыз қанша? Жиырма минуттан соң қараңғы түседі, бізді қуып жетіп көрсін сонда. Меніңше, бұл күректерді осында әкелген кісі бізді көріп жын-шайтан деп ойлады.
1027 Әңгімелесіп те жарытпады, өйткені жол бойы күректі неге апардық деген ой екеуінің де мазасын кетірді. Егер сол қайла, күрек болмаса, үнділік Джо ештеңе сезбеген болар еді де, алтын мен күмісті өзі керегін алғанша осы жерге қалдырып, сосын, сорына қарай, ақшадан айырылар еді.
1028 Ол жүгіріп күрек пен қайланы алып келді. Үнділік Джо қайланы алып, біртүрлі күдіктене қарап шықты, басын шайқап, мұрнының астынан міңгірлеп бірдеңе айтты да жерді қаза бастады. Тез арада сандықты шығарды. Өзі шағын, темірмен қапталған, уақыттың мүжігені болмаса, мықты екен.
1029 Олар бұл туралы қалаға жеткенше әңгімелесті, сосын үнділік, мүмкін, тек Томды ғана ойлаған болар, өйткені сотта оны көрсеткен жалғыз сол ғой деп ұйғарысты. Томның көңіліне қатердің тек оған төніп тұрғаны тыныштық бермеді: "Дегенмен топпен бірге жеңілірек болар еді" деп ойлады.
1030 Ертемен төсегінде жатқан күйі күні кешегі бастан кешкендерін бүге-шігесіне дейін есіне алып еді, соның бәрі өзінен алыстаған, тұманға айналғандай, тіпті басқа бір әлемде баяғыда болған оқиғалардай сезінгенін байқады. Сонда оған мүмкін сол оқиғалардың бәрі менің түсім шығар деген ой келді.
1031 Осы кезге дейін ол елу долларды да көрген емес және бұл қатарлы балалардың бәрі "жүз", "мың" деген ақшаны жұрт әншейін қызыл сөз үшін айтады, ал шынында ондай ақшаның болуы мүмкін емес деп ойлайтын. Біреудің қалтасында жүз доллар секілді байлық болады деп Том ешқашан ойлаған емес.
1032 Алайда кешегі оқиға мұның есіне оралған сайын түсі емес кәдімгідей шындық екеніне көзі жетті. Қалай болғанда да ебін тауып бұл тығырықтан шығу керек. Ол тездетіп ертеңгі тамағын ішті де, Гекті іздеуге кетті. Гек жалпиған кішкене қайықта аяғын суға малып отыр екен, ұсқыны онша еместігі көрініп тұр.
1033 Жарты сағаттан кейін ол қайтып келді. Трактирдегі екінші номерде көптен бері жас адвокат тұрады екен. Қазір де сол тұрады. Басқа трактирдегі екінші номер құпиялау: қожасының баласы бұл номердің ылғи кілттеулі тұратынын, оған кіріп немесе шығып жүрген адамды ешқашан көрмегенін айтты.
1034 Бұл номердің артқы есігі трактир мен тышқан аулайтын қуысқа ұқсас ескі кірпіш қойманың ортасындағы шағын көшеге шығады. Сен көбірек кілт табуға тырыс, қанша қолыңа түседі, ал мен апайымның барлық кілтін әкелемін, сосын түн қараңғысында есіктің құлпын ашып көреміз, мүмкін біреуі ашып қалар.
1035 Олар кешкі тоғызға дейін трактирдің маңын торлады: біреуі шеткерірек тұрып, көшені бақылады, екіншісі – трактирдің есігін бақты. Ұқсас адам кірмеді. Түн қараңғы болатын. Том, егер қараңғы түссе, Гек жүгіріп келіп мияулайды, сосын ол кілттерді алып, терезеден шыға салады.
1036 Екінші күні де балалардың жолы болмады. Сәрсенбі де солай өтті. Есесіне бейсенбідегі түн қараңғы болды. Том апайының қаңылтыр шамын алып, оның жарығын түсірмеу үшін орамалмен бүркеп терезеден уақытында түсті. Ол Гек қонып шыққан бөшкеге шамды жасырды да, өзі қарауылға тұрды.
1037 Түн ортасына бір сағат қалғанда, трактирдің есіктері жабылып, шамдары сөнді. Испандық көрінбеді. Тұйық көшеге кірген не шыққан ешкім болмады. Бәрі ойдағыдай секілді. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғылық пен өлі тыныштықты ара-тұра алыстан естілетін күннің күркілі ғана бөліп тұр.
1038 Сөйтіп екі батыр түн жамылып трактирге жақындады. Гек есіктегі күзетте тұр да, Том сипалап тұйық көшеге жетті. Бұдан кейін Гек таудың астында қалғандай мазасыздана күтті. Ол қарсы алдынан шам жарқ етсе екен деп тілейді, әрине, бұл қорқып еді, бірақ Томның тірі екеніне көзі жетер еді.
1039 Шамасы, ол талып жатқан болар немесе өлді ме екен. Мүмкін қорқыныштан оның жүрегі жарылып кеткен шығар. Қобалжыған Гек тұйық көшеге қалай барғанын өзі де білмей қалды, оның көз алдынан неше түрлі қорқынышты суреттер келді және минут сайын қазір оның зәресін ұшыратын бірдеңе болатындай сезінді.
1040 Ол мені жібереді және оларда жұмыс істейтін Джек ағай да – негр. Оған су керек болғанда мен оған су әкеліп беремін, ал ол өзінен ауысқан бірдеңе болса, сұрасам, маған береді. Ол өте жақсы негр. Басқалар секілді негрлердің алдында танауымды көтермегесін, ол мені жақсы көреді.
1041 Бекки ақыр аяғында анасынан көптен айтып жүрген кешті ертең ұйымдастыруды сұрап еді, анасы келісті. Қыздың қуанышында шек болмады, Том да одан кем қуанбады. Шақыру билеттері кешке дейін таратылды, қаланың рахат болады деп дәметкен балаларының бәрі ертеңгі кешке дайындала бастады.
1042 Алайда бұл түні ешқандай оқиға болмады. Ақырында таң атты, сағат онға жақын ба, жоқ, он бірге таяу ма көңілді топ әрі қарай сол жерден кету үшін сот Тэчердің үйіне жиналды. Ол жылдары балалардың ойын-сауығына кесел келтірмеу үшін үлкендердің ондай кештерге баратын әдеті жоқ еді.
1043 Балалар он жеті- он сегіздегі екі-үш қыз бен олардан ересектеу жас жігіттердің қамқорлығында қауіпсіз болады деп есептелетін. Мұндай кештерді ұйымдастыру үшін ескі пароход жалдап алынатын да, кешікпей көңілді топ себет толы тамақтарын алып қаланың орталық көшесімен өтетін.
1044 Сонда да ол Дуглас апайдың үйіндегі көңілді отырысты алмастыратын ештеңе жоқ деп ойлады. Кеше Гек белгі бермеді, ендеше бүгін де бермейді. Ол бүгін ақша толы сандық туралы ойламауға бел байлады. Қаладан үш мильдей төменгі жақта пароход жүрісін баяулатып, жағаға тоқтады.
1045 Ішкі жағында шағындау үңгір бар, әдетте үйдегі еденнің астында болатын жертөле секілді салқын, қабырғалары өте берік әктен қаланған және беті шым-шымдап шығатын тер сияқты ылғал тамшыға толы. Тасқараңғы осы жерде тұрып, күн шуағына малынған жасыл аңғарға қарау әрі қызық, әрі құпия сыр бардай.
1046 Кешікпей алғашқы таңырқау сейіліп, әдеттегі балалық еркелік басталды. Біреуі майшамды тұтата қалса, қалған балалардың бәрі оған жабыла бастайды: ол қаншама қорғанғанмен шабуылшылар майшамды оның қолынан қағып түсіреді немесе өшіріп тастайды, сосын тағы айқай-шу, күлкі басталады.
1047 Бірінің соңынан бірі тіркескен топ тік жартаспен басты үңгірден төмен түсе бастады, жыпылықтаған шамдар қатарының көмескі жарығы тас қабырғаларды төбесіне дейін көмескі көрсетіп тұр. Үңгірдің төбесі шамамен алпыс мильдей биіктікте екен. Ең үлкен үңгірдің ені сегіз немесе он фут шамасында.
1048 Том Сойер де үңгірді басқалардан артық білмейтін. Барлығы негізгі үлкен үңгірмен төрттен үш мильдей бірге жүрді де, сосын жан-жақтағы шағын үңгірлерге топ-топ болып немесе екі-екіден бөлініп қараңғы қалтарыстарға тығылып, сосын ойда жоқ бұрыштан атып шығып бірін-бірі қорқытып ойнады.
1049 Алайда жұрттың бәрі ғажап оқиғаларды бастан кешірген романтикалық күннің аяқтала бастағанына риза. Шағын пароход өзінің шулаған жүгінен өзеннің ортасына жеткенде, капитаннан басқа ешкім де өткен уақытқа өкінген жоқ. Пароход оттары жарқырап кемежайдың жанынан өткен кезде Гек қарауылда тұр еді.
1050 Ол ешқандай айқай-шуды естіген жоқ, өйткені шаршаған адамдар секілді жастар жуасып тыныштала бастаған. Әуелі Гек бұл не пароход кемежайға тоқтамай бара жатқан деп ойлады да, сосын ол туралы есіне де алмай өзінің шаруасымен болды. Түн бірте-бірте қараңғыланып аспанды бұлт жайлай бастады.
1051 Бір минут өткенде оның жанынан екі адам өтті және мұны қағып кете жаздады, біреуінің қолтығында бір нәрсе бар. Сандық шығар! Яғни олар қазынаны басқа жерге жасырғылары келді. Томды шақыру керек пе? Бұл ақымақтық болар еді – олар сандықты алып тайып тұрады, сосын аттарын ұмытасың.
1052 Ең дұрысы – олардың соңынан еріп, қайда баратындарын біліп алу, қараңғыда олар мұны байқай қоймас. Өзімен өзі ойланып-толғанып, Гек бұрыштан шыға келді де, мысыққа ұқсап жасырынып қаңғыбастардың соңынан ерді. Ол жалаңаяқ күйде олардан адасып қалмастай қашықтықта келе жатыр.
1053 Олар жаға жақтағы көшені бойлап үш кварталдай жүрді де, сосын солға бұрылды. Әуелі олар тура жүрді, сосын Кардиф тауына қарай бұрылды да, соқпаққа жете бере тауға көтеріле бастады. Олар тоқтамастан жүріп отырып жар басындағы валлилік шалдың үйінің жанынан өтті және жоғары өрмелей берді.
1054 Гек аяғын тезірек алып оларды қуып келеді, бірақ олар мұны көрген жоқ. Ол әуелі жүгірді, сосын екі қаңғыбастың үстінен түсіремін деп жүрісін бәсеңдетті, тағы біраз уақыт өткесін сәл тоқтап, тың тыңдады, өз жүрегінің дүрсілінен өзге дыбыс жоқ. Үкінің үһілегені естілді тау жақтан – жаман белгі.
1055 Гекке алғаш келген ой қашып кету болды. Бірақ сол бойда жесір әйел Дуглас апайдың Гекке ылғи мейірімді болғаны есіне түсті, ал мына оңбағандар оны өлтіргісі келіп жүр. Гек Дуглас апайға ескертуге өзінің батылы жетпейтініне өкінді, оған ескерте алмайды, себебі мыналар мұны көреді де ұстап алады.
1056 Ал, қонақтар ше? Сен мені көрсетуші болма, саған сеніңкіремей тұрмын. Бұдан кейін үнсіздік болатынын Гек түсінді және ол үнсіздік бағанадан бергі өлтіру жайлы әңгімеден қорқыныштырақ, ол демін ішіне тартып кері қарай аттады; оңға не солға құлап кетем бе деп қорықты да екінші аяғын қозғады.
1057 Тынысы тоқтап қалды, тың-тыңдап еді – дыбыс жоқ меңіреу тыныштық. Гектің қуанышында шек болмады. Ол екі бұтақтың арасымен корабльге ұқсап бұрылды да, әрмен қарай жолға шыққасын өзін еркін сезініп табанын жалтыратып жүгіре жөнелді. Ол құйындатып валлилық шалдың фермасына жеткенше жүгірді.
1058 Сен түнде әбден шаршаған сияқтысың, – міне, саған кереует, тамақ ішкесін жатып демал. Жоқ, олар өлген жоқ, өкінішке орай. Сенің сөзіңнен біз оларды қайдан іздеу керек екенін білдік; аяғымызды ұшынан басып олардан он шақты қадамдай жерге жасырындық, ал жол бойы көранадағы секілді тасқараңғы.
1059 Біреуіне де оқ тимеген секілді. Олар да бір-бірден оқ атты, бізге де тиген жоқ. Аяқтарының дыбысы басылуы мұң екен, біз жүгіріп отырып таудан түсіп, полицейлерді ояттық. Олар отрядты жинап өзен бойымен іздеуге кетті, ал жарық түсісімен шериф өз адамдарымен орманды түгел аралайды.
1060 Ұйқым келмеді түн ортасында көшеде жүрдім, ойлап-ойлап ақыры трактирдің қасындағы ескі кірпіш қоймаға жеттім де, қабырғаға сүйеніп біраз тұрдым тағы ойланайын деп. Сол жерде әлгі екеуі қолтықтарына бірдеңені қысып алған, жанымнан өте берді "Ұрлап алғандары болар", – деп ойладым.
1061 Бәрі ойдағыдай болғанына, қазына сол екінші номерде жатқан болса керек, қаңғыбастарды бүгін түнде ұстап, түрмеге жабады және бұлар Том екеуі осы кеште-ақ алтынды еш кедергісіз ештеңеден қауіптенбей қолға түсіреді. Олар ертеңгі тамақтарын ішіп бола бергенде, есік соғылды.
1062 Валлилық бірнеше әйелдер мен ер азаматтарға есік ашты, айтпақшы, олардың арасында жесір әйел Дуглас та бар, сосын ол оқиғаның болған жерін көруге асыққан бір топ қала тұрғындарын көрді. Яғни түнгі оқиға туралы жаңалықтан бүкіл қала хабардар. Шалға келген қонақтарға бәрін айтып беруге тура келеді.
1063 Тағы да қонақтар келді, валлилік оларға оқиғаны басынан бастап айтты. Жексенбілік мектепте демалыс кезі болғандықтан сабақ жоқ еді, есесіне қала тұрғындарының бәрі ертемен шіркеуге жиналды. Жұрттың аузында – қаланы дүрліктірген оқиға. Қылмыскердің ізін де таба алмапты деседі.
1064 Адамдар өзара сыбырласып, қобалжи бастады. Балалардан, жас мұғалімдерден де сұрады! Олардың ішінен де қалаға қайтқанда Том мен Беккидің пароходта болған-болмағанын ешкім білмеді. Қараңғы түсті, қыдыруға кеткендердің бәрі осында бар ма деген сұрақ ешкімнің басына келмеді.
1065 Ақырында жастардың бірі олар үңгірде қалып қойған жоқ па екен деп қауіптенді. Тэчер ханым талып қалды. Полли апай қолын сындырып жылай берді. Қауіпті хабар ауыздан ауызға, бір топтан екінші топқа, көшеден көшеге тарады, бес минуттан кейін қоңырау соғылып, бүкіл қала аяғынан тік тұрды.
1066 Аттарын ерттеп, біреулері қайыққа отырды, пароход буын бұрқыратып қозғала берді және жарты сағат өтпей екі жүздей адам жолмен және өзенмен үңгірге кетті. Ұзақты күн бойына қала елсіз, тіпті өліп қалған секілді күй кешті. Әйелдер Полли апайға, Тэчер ханымға барып, оларды жұбатуға тырысты.
1067 Гек температурасы көтеріліп, кеше оны жатқызған төсекте екен. Дәрігердің бәрі үңгірде, сырқат баланы күту үшін Дуглас апай келді. Қолынан келгеннің бәрін істейтінін, ол жаман болсын, жақсы болсын – құдай жаратқан бала, сондықтан оған қарамай, ауру күйінде қалдыруға болмайтынын айтты.
1068 Үңгірдің ең алыс бұрын адам бармаған бұрыштарына дейін аралады: адамның басы айналатын қараңғы дәліздердегі пәлендей тіршіліктің белгісі жоқ, алыста әр жерде жылтыраған оттар сирек те болса көрініп қалады. Әлдеқайдан айқайлаған дауыстар, мылтықтың атылғаны жаңғырығып жетеді.
1069 Тэчер ханым лентаны танып еңіреп қоя берді. Бұл лента сүйікті қызынан қалған жалғыз белгі, өле-өлгенше шашына байлаған бұйым деді Тэчер ханым. Біреулер үңгірде әр жерде жарық сәуле көрінгендей болды дегенде, жиырма шақты адам солай қарай жапырлай жүгіріп еді, ол іздеушілердің бір тобы болып шықты.
1070 Шынында, жайшылықта болса бұл жұрттың бәрін дүрліктіретін хабар еді. Күйіп-жанып сандырақтап ауырған Гек сәл тәуір болып көзін ашқасын әлгі трактир туралы бірдеңелерді айта бастады. Ішпейтіндер қоғамының трактирінен бұлар іздеп жүрген қазына табылып қалды ма деп қауіптенген.
1071 Сосын олар шамды жоғары ұстап төмен қарай жүрді. Үңгірдің тас қабырғаларына күйемен жазылған есімдер, адрестер мен даталарды талдады. Олар осылай жүріп, әңгімемен қабырғаларда жазу жоқ үңгірге жеткендерін байқамай қалды. Екеуі қабырғаға аттарын жазды да, ілгерілей берді.
1072 Үңгірдің төменгі жағына түсіп бір белгі қалдырды, сосын тағы таңғаларлық не бар екен деп әрмен қарай жүре берді, ойы – көрген қызықтарын жоғарыдағыларға айту. Бір жерге келгенде олар кең үңгірге тап болды, төбеден адамның аяғы секілді серейген және жуан скалатистер салбырап тұр.
1073 Кешікпей Том жер астындағы көлді тапты: көл беті күңгірт тартып, алыс бір жақтарға кететін сияқты. Том көлдің жағасын зерттегісі келіп кетті, бірақ әуелі біраз отырып демалып алған дұрыс деп шешті. Осы жерде үңгірдің адамды тұншықтыратын үнсіздігі балаларға өзінің суық қолын сұқты.
1074 Том оның жанына отырып құшақтады. Бекки бетін оның кеудесіне жасырып оған жабыса түсті және қорқынышы мен пайдасыз өкініштерін айтудан тынбады, ал алыстағы жаңғырық оның дауысын күлкіге айналдырды. Том күш жинап үміт үзбеуін өтініп жұбатып еді, олай істей алмаймын деді қыз.
1075 Том өзіне өзі ұрсып, Беккидің осындай күйге ұшырауына кінәлі екенін айтып еді, бұл көмектесті. Қыз күш жинауға тырысатынын, қазір тұрып ол қайда жүрсе де соңынан еретінін, тек Томның өзін кінәлауды қоюын сұрады. Екеуінің кінәсі бірдей екенін және айтты. Олар тағы да бастары ауған жаққа жүре берді.
1076 Тоқтамай жүре беруден басқа екеуінде лаж жоқ. Үміт аз уақытқа болса да оларға күш бергендей болды, үміттендірер ештеңе болмаса да, адамның жас кезінде және көп қауіп-қатерге ұшырай қоймаған кезінде үміт сәулесі мүлде сөнбейтін-дігінен. Кешікпей Том Беккидің шамын алып сөндірді.
1077 Ол Томның қалтасында тағы бір бүтін шам барын білетін, сонда да үнемдеу керек. Кешікпей шаршау басталды, балалар оған көнгілері келмей тырысты: әр минут санаулы болса, олар қалай отырады, қай жаққа болса да, әйтеуір қозғалса құтқарылулары мүмкін, ал отыру – өлімді шақырып, оның келуін тездету.
1078 Ақырында Беккидің әлсіз аяқтары оған қызмет етуден бас тартты. Ол демалуға отырды. Том оның қасына отырды, екеуі туыстарын, достарын, жұмсақ төсекті сосын жарықты еске алып әңгімеледі. Бекки жылады, Том оны жұбатуға тырысты, бұрын да бірнеше рет естіген әңгімелер болғандықтан қызға әсер ете қоймады.
1079 Бекки әбден шаршап ұйықтап кетті. Том бұған қуанды. Ол жанында отырып, Беккидің жүдеу жүзіне қарады, көңілді түстерден оның беті бұрынғыдай жайдары болып көрінді. Қыздың тынышталған қалпы Томды да тыныштандырды және күш жинауға көмектесті – ол бұрынғы кездерді есіне алды.
1080 Екеуі үңгірде қанша болғандарын білгісі келіп ойласып еді – бірнеше апта осында болғандай сезіністі. Алайда бұлай болуы мүмкін емес, себебі майшамдары әлі таусылған жоқ. Көп уақыт өтті, дәл қанша екенін олар білмеді, сосын Том тыңдайық, судың тамғаны естілсе, бізге бұлақ табу керек деді.
1081 Беккиді бұл түні үйінде күткен жоқ еді. Балалар үнсіз қалып ойланды. Минут өтпей Бекки тағы еңіреп жылай бастады, Том оның ойына анасы қызының Гарпер ханымның үйіне қонбағанын жексенбі күні ғана білетіні түскенін білді. Балалар майшамның кішкене қалдығына қарап, қашан сөнетінін қауіптене күтті.
1082 Майшам сығырайып өшіп барады. Кешікпей көзге түртсе ештеңе көрінбейтін қараңғылық басталды. Қанша уақыт өткені белгісіз, бір кезде Бекки өзінің Томның құшағында жылап отырғанын байқады. Екеуі де ұйқылы-ояу көп отырғандарын білді, сосын өздерін бақытсыз сезініп қайта оянды.
1083 Том бүгін жексенбі, мүмкін тіпті дүйсенбі шығар деді. Ол Беккиді әңгімеге қаншама тартқысы келгенмен, қыз қайғыдан көтеріле алмай және бар үміті үзілгендей күйде еді. Том бұлардың жоқ екенін біліп, енді іздеуге кіріскен болу керек деді. Ол айқайлады, мүмкін біреу-міреу айқайды естіп келер.
1084 Оларға алыстан әлсіз естілген айқайға ұқсас бір дыбыс естілгендей болды. Том сол бойда Беккидің қолынан ұстап алып айқайлады да, айқай естілген жаққа қарай дәліздің бойымен жүре берді. Аздан кейін ол тағы тың тыңдады, жаңағы айқай тағы естілді, сәл жақыннан шыққан секілді.
1085 Балалар қуанғаннан естері шыға жаздады. Алайда асығуға болмайды, өйткені аяқ басқан сайын шұңқыр, сақтанбасқа болмайды. Кешікпей олар бір шұңқырға тап болды және сол жерге тоқтауға тура келді. Мүмкін ол шұңқырдың тереңдігі үш фут, тіпті жүз фут болар, әйтеуір оны айналып өтуге болмайды.
1086 Том етпетінен шұңқырдың ернеуіне жатып, қолын созып еді, қолына ештеңе ілікпеді. Яғни, шұңқыр терең. Іздеушілер келгенше осы жерде қалуға тура келді. Екеуі тың тыңдады. Алыстан естілген айқайлар бір түрлі алыстап бара жатқандай. Бірер минут өткенде айқай естілмей кетті.
1087 Балалар аяқтарының ұшымен еппен басып бұлаққа баратын жолды тапты. Уақыт өтіп болмады: олар ұйықтап кетті де, сосын қарындары ашып, уайымнан естері кетіп оянды. Бүгін сейсенбі шығар деп ойлады Том. Кенет оған ой келді. Жап-жақын жердегі үңгірдің бүйірінде бірнеше дәліз бар.
1088 Ештеңе істемей, уайым шегіп отырғанша, барлауға шыққан артық емес пе? Том қалтасынан жыланды байлайтын жіпті алып, жартасқа бір шетін байлады да, Бекки екеуі жолға шықты. Том жіпті тарқатып алдында жүрді. Жиырма қадамнан кейін коридор бітті – алда тік жартас. Том тізерлеп отырып, қолын төмен созды.
1089 Сосын бұрыштың сыртына қарай қолын сала беріп еді, жартастың арғы жағынан шамамен жиырма қадамдай жерде шам ұстаған біреудің қолы көрінді! Том айқайлап жіберді – кенет қолдың арғы жағынан үнділік Джоның тұлғасы шыға келді! Том тұрған жерінде қатты да қалды, орнынан қозғалуға шамасы жоқ.
1090 Алайда аштық пен уайым қорқыныштан күшті екенін көрсетті. Бұлақтың қасында отырып сарсылып күтуден әлсіреген олар тағы да ұйықтап қалды. Балалар аштықтың азабынан оянды. Томға бүгін сәрсенбі, мүмкін бейсенбі болмаса, тіпті жұма немесе сенбі шығар, бұларды іздеуді қойғандай көрінді.
1091 Ол тағы бір дәлізді көргісі келді. Ол үнділік Джодан не басқа қауіп-қатерден қорықпайтынын сезді. Бірақ Бекки тіпті әлсіреп қалды. Уайым мен көңілсіздік қызды әбден жеңді, енді оны еш нәрсемен қозғау мүмкін емес. Ол осы жерде өлетінін және көп күтудің қажеті жоғын айтты.
1092 Том Беккиді сүйіп алды, тамағына өксіктің түйіні жақындап қалғанын сезіп, бұларды іздегендерді қарсы алатынына, үңгірден шығатын есікті табатынына сендіруге тырысты. Содан кейін ол жіпті алып еңбектеп дәліздің біреуіне шықты, аштықтан өліп бара жатқандай сезінгенде, өлім жақын-ау деп ойлады.
1093 Олар табылмады. Бүкіл қоғам болып олар үшін шіркеуде дұға оқыды, бірқатар үйлер де жандары қалмай бала-шағасымен жалбарынуда, бірақ үңгір жақтан әлі күнге дейін хабар жоқ. Көптеген тұрғындар іздеуді қойып, енді ол балалар табыла қоймас деп өздерінің үйреншікті шаруаларына кірісті.
1094 Тэчер ханым қатты ауырды және ылғи сандырақтап жатады. Оның жылағанын естігенде адамның жүрегі жарыла жаздайды, жастықтан басын көтеріп қызын шақырады, құлағын салып тыңдайды, сосын ыңқылдап қайта жатады. Полли апай сары уайымға салынып, бұрыннан бурыл тартқан шашы тіпті ағарып кетті.
1095 Алғашқы жарты сағатта адамдар бірінен соң бірі Тэчер соттың үйіне топ-тобымен кіріп, аман қалған балаларды құшақтап сүйіп, Тэчер ханымның қолын қысып құттықтасты, әрқайсысы бірдеңе айтқысы келді, бірақ ешқайсысы ештеңе айта алмай, үйден шыға беріп көз жастарын төгіп бара жатты.
1096 Бұл ханымға енді бір ғана нәрсе жетпей тұр: үңгірге жіберілген хабаршы мұның күйеуіне қуанышты айтып жеткізсе екен. Том қоршаған тыңдармандардың ортасында диванда жатып өзінің бастан кешкендерін адам сенбестей әдемілеп, біраз ойдан шығарғандарын қосыңқырап айтып беруде.
1097 Соңында ол Беккиді тастап, шығатын есік іздеп кеткенін, екі галереядан өтуге жібінің жеткенін, үшінші галереяға бара бергенде алдыңғы жақта алыста бір жарық көрінгенін, ол күндізгі сәулемен жарқыраған Миссисипи мұның көз алдында толқындарын айдап жатқанын ертегідей етіп айтып берді.
1098 Таң ата Тэчер сот өзінің аз ғана көмекшілерімен үңгірден табылды, онда да олардың соңындағы жіптің көмегімен тауып, қуанышты хабарды жеткізді. Үңгірде аштан-аш қаңғырған үш күн, үш түн Том мен Бекки үшін бостан-бос өтпепті. Олар сәрсенбі, бейсенбі күндері орындарынан тұрмастан төсекте жатты.
1099 Том Гектің сырқат екенін естіп, жұма күні оның көңілін сұрауға барды, бірақ ол жатқан бөлмеге мұны кіргізбеді, сенбіде және жексенбіде де Том досын көре алмады. Келесі күндерден бастап оны Гекке күн сайын жіберетін болды, бірақ оның мазасын алатын әңгімелер айтуға болмайтынын ескертті.
1100 Үнділік Джоның өлі денесі есік алдында жатыр екен, өзінің қайғы мен сағыныш толы көздерін анау есіктің арғы жағындағы жарық та қуанышты еркін дүниеге, есіктің қиығынан сығалаған күйі етпетінен жатыр, Том өзі басынан кешірген оқиғадан білетін болғандықтан бір түрлі жаны ашығандай толқып кетті.
1101 Үнділік Джоның аңшылық пышағы екіге бөлініп қасында жатыр. Есіктің төменгі жағындағы ауыр бұрысты пышақпен ойып-ойып бейшара шаршаса керек. Үнділік Джоға әл бермеген, тек пышағын сындырыпты. Ол есіктің төменгі бұрысын сындырған күнде де, таспен бастырған есіктің сыртына шыға алмас еді.
1102 Тұтқын сипалап тапқандарын жеп қойды. Жаман құстың да бірен-саранын ұстап, сирақтарынан басқасын жеп алды. Бақытсыз байғұс аштан өлген. Ол төбедегі сталагмиттің жоғары жағын сындырып, сол тасты ойып сыйғызды. Сол арқылы үш минут сайын бір тамшы таматын ылғалды қорек еткісі келген болса керек.
1103 Енді бір он мың жылда тағы бір міндетті орындауы керек пе? Бәрібір емес пе. Қаныпезер буданның теңдессіз қымбат ылғалды жинау үшін тасты ойғанына да көп-көп жылдар өтті, бірақ Мак-Дугалдың үңгіріндегі ғажайыптарды көріп сүйсінуге келген туристер ең алдымен буданның ойған тасын қызықтайды.
1104 Үнділік Джоны үңгірге кіретін жерге көмді, адамдар оны жерлеуге қатынасу үшін қайықпен, арбамен маңайдағы қала-лардан, ауылдар мен фермалардан келді, олар өздерімен бірге балаларын, түрлі тамақтар әкелді және бұл жерлеу қылмыскерді жазалаумен бірдей әсер етті деп риза болысты.
1105 Өтінішке көп адам қол қойған еді, түрлі жиындар болып, талай көздің жасы төгілген, талай қызыл сөз айтылған, жылауық, мисыз әйелдерден комитет құрылып, олар қаралы киіммен губернаторға жылап барып, одан өзінің қайырымды есек екенін көрсетуін өтінген болатын. Үнділік Джо қаланың бес тұрғынын өлтірді.
1106 Нан мен ет, екі-үш қап жіп алайық. Сосын күкіртті шырпы деп аталатын жаңа бір нәрселер бар, содан бірнешеуін. Білесің бе, солардың менде болмағанына мен бірнеше рет өкіндім. Түстен кейін балалар қала тұрғындарының бірінен қайық алды, өзі үйде жоқ екен, екеуі жолға шықты.
1107 Енді бәрі әзір болды, балалар інге кірді. Том алдыңғы жақта еңбектеп барады. Олар әрең дегенде жердің соңына жетіп, жіптің басын сол жерге байлады да, алға жылжыды. Бірнеше қадамнан кейін бұлақтың басына жетті. Том өзінің басынан аяғына шейін денесі дірілдеп кеткенін сезді.
1108 Мұнда крестің болғаны екеумізге жақсы болды ғой. Біз енді төменге түсіп, сандықты іздейміз. Том жол бойы саз баспалдақтарды сындыра бірінші болып түсті. Гек артында. Үлкен тас жатқан шағын үңгірден төрт жаққа жол бар екен. Балалар үшеуін түгел қарады, ештеңе таба алмады.
1109 Гек те көрді қолмен қаза бастады. Кешікпей тақтайлар көрінді, олар суырып алды. Тастың астыңғы жағында жарық бар екен. Том сонда түсіп, шамды төмен түсіріп қарап еді, түгел көре алмады. Ол барып қараймын деді. Еңкейіп тастың астына түсті, жіңішке жол төмен қарай кетеді екен.
1110 Ал кеттік, Гек, көп отырып қалдық. Күн кешкіріп қалған шығар. Қарын да ашты. Қайыққа жетіп тамақ ішеміз, шылым шегеміз. Кешікпей сумахтың шытырман бұталарының арасынан шықты, айналаға қауіптене қарап, ешкім жоқ екенін көрді, екеуі қайыққа отырып, шылым шекті, тамақтанды.
1111 Сен осы жерде отыр, бақыла, мен Бенни Тейлордың арбасын әкелемін, бір минутта келем. Ол жоқ болып кетті, кешікпей арба алып келді де, оған екі қапты салды, үстіне ескі-құсқы нәрселермен жауып, арбаны сүйреп жолға шықты. Валлилік шалдың үйінің қатарына келгенде балалар демалуға тоқтады.
1112 Егер Гектің орнында сен болсаң, таудан сырғанап түсіп, бандылар туралы тірі адамға айтпай зытып отырар едің. Тек оңбағандық жасаудан басқа қолыңнан ештеңе келмейді, ал біреулерді жақсылықтары үшін мақтап жатқанды жек көресің ғой. Міне, ал сыбағаңды, алғыс айтпа, керек емес.
1113 Сөзінің соңында қарапайым да кішіпейіл тағы бір адам... Осылай да осылай, тағысын тағы. Ол болған оқиғаға Гектің қандай қатысы бар екенін өзінің драмалық ойлау жүйесімен шебер суреттеді, бірақ жұртқа әңгіме бұдан гөрі қызық та бақытты оқиғалар жайлы болса, көбірек әсер еткен болар еді.
1114 Сіздер мүмкін сенбей отырған шығар-сыңдар, ал оның ақшасы көп. Күлетін ештеңесі жоқ, сіздерге көрсете аламын. Бір минут күте тұрыңдар. Том жүгіріп есіктен шығып кетті. Қонақтардың бәрі аң-таң, әуелі бір-біріне сосын сұраулы жүзбен Гекке қарасты, ал Гектің тілі біржола байланып қалды.
1115 Мынадай көріністен кейін қонақтардың тынысы тарылып кетті. Олар алтынға көздерін сатып сөз айтуға шамалары келмеді. Сосын бәрі түсіндіруді талап етті. Том қазір бәрін айтамын деді де, айтып берді. Әңгіме ұзақ болғанмен өте қызық болады. Бәрі ауыздарын ашып тыңдады, ешкім бір де сөз қоса алмады.
1116 Пастордың алуға тиісті қаржысымен бірдей, тек оған уәде бергендері болмаса, қолына мұндай ақша тиген емес. Ол кездерде аптасына бір жарым доллар алатын баланың сол ақшаға пәтер мен үстел алуына, оқуына, киінуіне, жуынып-шайынуына болатын. Сот Тэчер Том Сойер туралы жоғары пікірде болды.
1117 Бекки өзінің әкесінің дәл осындай сенімді де байсалды болғанын көрген емес; сот бұл сөздерді айтқанда кілемнің үстімен әрлі-берлі жүріп, тіпті еденді теуіп қалды. Бекки жүгіріп Томға барып, бәрін айтып берді. Сот Тэчер Томды бір кезде ұлы заңгер немесе ұлы қолбасшы болады деп үміттенді.
1118 Үшінші күні мал соятын қасапхананың ескі үйінің арғы жағындағы бос бөшкелерден іздеу Томның ойына келді және солардың бірінің ішінде жатқан қашқынды тауып алды. Гек сонда қонып, тіпті жейтін бірдеңелерді жымқыруды да ұмытпапты, ертеңгі тамағын ішіп алып, шылым шегіп талтайып жатыр екен.
1119 Ал қаттырақ сөйлеу, ұрсысу деген атымен жоқ, содан сөйлескісі де келмей қалады екен, үйдің төбесіне шығып тыныс ал, болмаса өл. Шылым шегуге рұқсат етпейді, айқайлауға болмайды, есінеуге де, керіліп-созыла алмайсың, жұрттың көзінше қасынуға рұқсат жоқ және ылғи құдайға жалбарыну.
1120 Ал мына үстімдегі киім, мына бөшке – бәрі маған ұнайды. Мен енді одан айырылмаймын. Том, мен ешқашан мұндай оқиғаға ұрынбас едім, егер анау ақша болмаса, менің үлесімді сен алшы, ал маған он центтен беріп тұрсаң жетеді, бірақ жиі емес, мен ақшаның тегін келмегенін жақсы көремін.
1121 Иә, сен ыстық табаға кішкене отырып көрші – мүмкін саған да ұнайтын шығар. Жоқ, Том, байлықтың маған қажеті жоқ, ендігі жерде мен оңбаған, адамды тұншықтыратын үйлерде тұрғым келмейді. Маған орманда, өзеннің жағасында, сосын мына бөшкеде тұрған ұнайды – мен осы жерде қаламын.
1122 Шежіре баланың тарихы болғандықтан, осы жерде тоқтауы керек, ал егер жалғасатын болса, үлкен адамның тарихы болады. Үлкен адам жайлы роман жазсаң, қай жерге нүкте қою керектігін – үйлену тойында – алдын ала білесің, ал балалар жайлы жазсаң, өзіңе ыңғайлы жерге қоюға тура келеді.
1123 Оған осы күйдің басы ұнайды. Дірілдей дөңгеленетін бунақ қуалай соққан қоңыр желді елестетсе, қайырмасы сол желдің уілдеген уһіліне ұқсайды. Өкініштің ләззаты жүректі әлдилейді. Бұл күйдің басын Сүгір тұңғыш перзенті шетінегенде, көп айдан соң шығарған-ды. Аяғы аяқталмай қалған-ды.
1124 Бүгін сол шала-жансар дүниесін қайтадан илеумен болды. Бірақ қаншама құбылтса да, діріл қаққан құлақ күйінен арғы жағы әсер бермеді. Туашақ тұтас күйден күдер үзген Сүгір шаруа жайын ойлап кетті. Ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақтай көшпелі тамалардың жазғы жайлауға жарығаны биыл ғана.
1125 Бұйрат бархандардың арасы – тепсең беткейлер. Ойдым-ойдым жазыққа кетпен ұрсаң, суы шылқылдап шыға келеді. Көк майсаның бояуы көн етікті көк етікке айналдырады. Бұл жақтың жусаны да, изені де, бидайығы да, еркегі де, көдесі де ересен күшті. Бұл өңір Жетіқоңыр аталады. Сүгірдің аулы – осының бірінде.
1126 Бұл екі арада сусын сұрағандарға: «Сәл-пәл шыдаңыздар, сіздерді шай ширатпайды, қымыз ширатады», – деп жұбаныш айтты. Ымырт үйірілгенде қонақтар бір-бір зереннен қымыз ішіп, қайта қисайды. Сүгір месті керегеге іліп, тегеш-тегенді қасына қойды да, өзі әйелін ертіп, қарашаңыраққа кетті.
1127 Бұның елі бір кезде Ақмола дуанына қараушы еді. Бұл күнде күңгейге бағынатын болды. Мынау қаратаулықтардың келуінде де сондайлық гәп бар. Ол екі ойлы боп қарашаңыраққа кірді. Шешесімен және әйелімен ақылдаспақ. Көпті көрген әкесінің иттің даусы естілер жерге қонғанына өкінді.
1128 Енесінен ажырасқан құлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша берді. Оған бала ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай қуғыштады. Құлын от басына жақындаған сайын сұмдықты сезгендей шырқырап, қоңыраулы үнмен кісінеп, жан-ұшыра бастады. Үш қырқаның астындағы енесі бірге кісінеді.
1129 Бұны сезінген сайын қызыл құлын шыж-көбелек боп, бәйектеніп, бауырынан іріді. Қызғылтым түгі терге шомылып, қылшығы жапырылып, күнәсіз көзі жасқа толды. От басына жақындағанда, арттағы сағыныштан, алдағы үрейден қаны бұзылып, басы айналды. Қуғыннан өкпесі күйіп, тәлтірек қақты.
1130 Жауырды жаба тоқи салайық, – десті. Шілдеде саптама етігін тастамайтын тамалардың шұлғауы шуаш саситынын ойларына да алмады.Тағы да әр жақтан атқамінерлер келе бастады. Жөгінің, Алшынның, Қыпшақтың бетке шығарлары, тарақты арғынның қулары еді. Әкімдерді қаумалап, әңгіменің отын маздатысты.
1131 Кісінемес сәтте кісінеп, шырыл қағады. Құдды бөбектің даусына салып, балды зар төгеді. Елегзігенде, іші пысқанда құйрығын шанши жалғыз ойнақшып, артынша серігін қайта жоқтайды. Бұл құлын екі енеге – өз енесі қара бие мен қызыл құлынның енесі көк биеге – телінген еді. Алғашқыда өгей ене жатырқады.
1132 Бұған дәті шыдамаған Сүгір іштей таусылды. Жүрегі елжіреп, ақаулы аянышқа бой алдырды. Көп дағдарыстан кейін, жылқы баласына жүрмейтін сұмдыққа барды. Ол қызыл құлынның терісін тұлыпқа айналдырды. Көк бие жиі-жиі иіскеп, өзінен өзі июді шығарды. Қоңыр құлын қосарлана иіскеді.
1133 Содан көк бие оған да иіп, бірте-бірте бауырына басты.Емшектің көптігі телінген құлынға сор болды. Құлын туған енесіне барса, өгей ене жоқтайды, өгей енесіне барса, өз енесі кісінейді. Екеуі де сағынады. Сезімтал құлын ененің екеуін де аяп, шырылдауды шығарды. Шөре-шөрелік сары дертке ұрындырды.
1134 Оңаша кісінеп, тұлыпты жоқтады. Июден тыйылып, емшегі беріштене бастады. Қалың қоңыраттан жарып шыққан сұмдық сыншы бар еді. Айтушылар алты қырқаның астындағы текті жылқыны даусынан таниды деуші еді. Шалшықта ойнаған құлынның башайын бажайлайды, аттың тісіне қарап жасын айнытпай ажыратады деуші еді.
1135 Бірақ көрнеу жатырқамады да. Манакөнек қалыпта маңқиып тұра берді. Күйші атаулыда басыр түйсік болмақ. Сол түйсік Сүгірдің кеудесінде оқыс оянды. Оның сезімтал саусақтары домбыраның сағасына шоршыптүсті де, тың дыбыстар шығара бастады. Енді шертіс те, шымшыс та өзгерді.
1136 Домбыра аңырамай, еркелеп шыға келді. Бейне қу шанақтан қызыл құлын кісінегендей болды. Жіңішке, әсем әуез төгілді. «Тәйри-тәйри, тәйри-тай» деген нәзік те ерке дыбыстар сағалықтан бұғалыққа қарай өрлеп, бара-бара құлшына кісінеп кетті. Жансыз ағашқа жан бітті, ыңқылдады.
1137 Жетіқоңыр жеті жерде бүрісе бастады. Денесі кішірейген кекседей, кербез көркінен бірте-бірте айрылып бара жатты. Тамалар қысқы қонысқа қарай жылыстағалы да бірнеше күн болған еді. Шудың қарасы көрінгенде, Сүгірдің аулы терең сайға кеп қонды. Осы арада қарашаны өткізбек.
1138 Жайлаудың жайдары мәуіртін білетін халық: Табаны тарлан боздың ескен желдей, Қоңырдан қой қоздатып көшкен елдей... – деп әндетуші еді. Оны сорлы бие мен мұңлық құлын қайдан білсін. Шалғыны, ажырығы аралас өзектерде қалың жылқы ызғындай жайылып жатқанда, ол екеуі Қоңыр жаққа қарай қашқақтай берді.
1139 Бұнысы өзіне өте-мөте қызық көрінді. «Өзіңе өзің сыншы екенсің ғой», – деп бір қойды. Ауық-ауық домбыраны жастыққа сүйеп, ауызша ыңылдап, көмескіленген күйлерді көңілден өткізді. Алғыр қиял көк бие мен қоңыр құлынның жазда бастан кешкен хикаясына сая берді. Қазір екеуі де дилы.
1140 Оның көз алдына ерке құлын елестеді. Құтты жайлауда екі енені тел емген қоңыр құлын бөбектей бал мінезімен еске түсті. Сүгір домбырасын баппен шертіп, әсем әлдиге көшті. Әлдидің аяғы құрбан болған қызыл құлынға ауысып, өзекке дерт түсірді. Күйші енді баяғы діңке құртатын «дөри-дөри-дойларға» басты.
1141 Сиқыр шежіре жыршыдай, сайрап, титық құртатындай. Домбыраның сағалақ пернелері жылжымалы еді. Әр күйдің ағысына қарай ысырылатын-ды. Қалаққа тақалған жерге бұл жолы екі тың із түсті. Баяғы тұңғыш перзент шетінегенде тебіренбеген күй қоңыр құлынға тебіренді. Рақаты ұзақ, дәмді дүние туды.
1142 Былай қарағанда арасы алшақ көрінетін Жамбыл мен Қызылорда, Шымкент пен Қарағанды облыстарының көшпелі шаруалары әрлі-берлі жылыстай жаптарласа, тоқайласа келгенде ресми шекараны ұмытады. Бірен-саран даңғой, тентек пен теліз қалың көпшілік бас қосқанда одағайланып, іштен міңгірлейді.
1143 Қыстық ызғарын ұмыттыратын шипалы шақ. Жолаушының түзге қонатын кезі осы. Жігіт-желеңнің ауылдан ұзап, ат жаятын кезі де осы. Желбегей бешпент дәуренінің сыры ішінде. Бесжылдықтың айқындаушы жылының жомарт жазында Қаратау мен Сарыарқаның арасында ұланасыр бас қосыс болды.
1144 Бұл – шопандар күні аталатын салтанатты мереке еді. Жиынның атағы әр жерге күн ілгері тарағандықтан оған құштарлар да көп-ті. Біз жайлауға келгенде күн кешкіріп қалған еді. Ажырықты өзекке тігілген үйлер кәдімгі тойханаға ұқсап тұрды. Бір-екі қара шаңырақтың жапсарынан антенна көрінеді.
1145 Уақытша баспананың жиһазы аз да, іші кең. Бел шешіп сөйлесуге қолайлы. Тойхананың шетіне орналасқан движоктың жарығы барлық үйге түседі. ...Қали қария бұшпақ бөркін шешіп, жарты кез орамалмен маңдайын сүртті. Ойға булыққан данышпандай дидары шымырлады. Бара-бара әңгімелетті.
1146 Ол жылқышының пешенесіне қашан да жырақтың жазылғанын, оңаша тіршіліктің ыстығы мен суығы бірдей екенін сыр қылып шертті. Осы тойға құсша талпынған шабандоз баласын қайырып, қара шаңырағымен өзі келгендегі озбырлығы төрінен көрі жуық шағында қызық көрейін деген өзімшілдікке саятынын күрсіне айтты.
1147 Сонда мал өсіру еңбектен зейнетке, шарадан салтанатқа айналады. ...Бұл атырапта қобызшы шопан ілуде бір кездессе, домбырашы шопан әр ауылдан табылады. Оқтауды домбыра етіп баласын уантатын қойшылар да жеткілікті. Осындай әуесқой шаруалардың біразы кештен жорта қалып қойды.
1148 Осылардың екеуі де бұл сәтте сауықшылар ортасында отыр. ...Кезек домбыраға берілгенде сиқыр аспапқа екінің бірі қол соза қоймады. Малдас құрысып, ерін жымқырысып, бірін-бірі бағып, ішкі әккілікке басты. Мін беруден гөрі мін алуды қаласады. Кәрі де, жас та сызылып, сыпайымсып қалды.
1149 Асекең әлденеге жымың ете қалды. Облыс-аралық жазушылар бөлімінің жауапты секретары Нәсіредин Сералиев қойын дәптеріне жазу түсірді. Есіркеп Өмірбеков болса, қағытпа сөзді құлағына ілмей, күй саңылағын жорта сабалады да, жас күйшіге ұсынды. Жас күйші мосқал күйшіге кезек берді.
1150 Бұның бәрі құлаққа сіңіп қалған күйлер еді. Жақсы суреттің көшірмесін оқығандай әсерде отырдым. Бірте-бірте Генерал Асқаров осы өңірдің әуеніне көше бастады. Бізге керегінің өзі де осы еді. Соны сезгендей, өнерпаз жігіт шертістің нақышын өзгертіп, қаратаулықтардың кәнігі бипыңына басты.
1151 Тәттімбеттің «Көкейкестісіне» аздап ұқсайтын бұл күй өмірдің ащы-тұщысын көп татқан, көп жасаған кісінің құнарлы қасиеттерін, асыл сезімдерін танытады. Тіршіліктің қызығы мен қуанышы, қасіреті мен өкініші, үміті мен торығуы шалқыған, сыңсыған, бой жазған, булыққан леп түрінде сыршыл бейне береді.
1152 Бейне бір сары жаздың қоңыр самалы дөңгелене соғып, уанышпен әлдилегендей, әсер тудырады. Біліктілер Сүгірдің еркетотай қыздарға домбыра толғаттыратын тұсы осы деседі.«Домбыра толғаттырудың» мәнісі, күйші күйдің ең әсерлі жерінде сиқыр ырғақты қайталап, жүйке құртып отырып алады.
1153 Қобыздың сарынын домбыраға түсірген. Өзі де көптеген күй шығарады. Сүгірдің өрік ағашынан тұтас шапқан қызыл-қоңыр шолақ домбырасы осы күні әдебиет зерттеуші Керімбек Сыздықовтың қолында. Кезінде бұл домбыраның сағақтағы жылжымалы үш-төрт пернесі әр күйдің ағысына қарай ысырылады екен.
1154 Генерал Асқаровтан Төлеген Момбековтың бір айырмашылығы, бұл кісі домбыраны асықпай тартады екен. Бап тілейтін жүйріктей көпке шейін бұғып отырған себебі кейін аңғарылды. Қарабайыр жұмыс істеп үйренген мұғал саусақтар да бірден көсілмей, өнерін ішке бүгіп ынталы көңілдерді сынағандай ыңғай көрсетті.
1155 Сүгірдің құлынды екі биесі болыпты. Ел Сарыарқаның бергі шетіндегі атақты Жеті Қоңыр жайлауында отырғанда екі құлынның біреуі қадірлі қонаққа сойылыпты. Сыңарынан айрылған қоңыр құлын екі енені тел еміпті. Өгей ене қоңыр құлынды бауырына қанша басса да, өзінің төлін жоқтап кісіней беріпті.
1156 Музыка ойнауда саусақтың мәні зор ғой. Төлегеннің етшең де шымыр саусақтары керемет дәмді ызыңдар шығарды. Шалдың қолындай қалтырауық емес, қажырлы, қоңды қол домбыра саңлақты емін-еркін билетіп барған сайын ашындырып жіберді. Толассыз тартыстың аяғы «Қаратау» шертпесіне сайды.
1157 Ықыластың тікелей шәкірті, бірыңғай қобызшы Жаппас Қаламбаевтың тіптен бертінде, өмірінің соңғы жылдарында домбыраға ауысуында үш түрлі себеп жатады. Қылқобызды қырық құбылта құйқылжытқан Жаппас күні өткен аспаптың жалғыздығын сезінеді. Баяғыдай қобызшыны қаумалаған жұрт жоқ.
1158 Саңлақпен домбыра тартысу үшін күйдің ұзын-ырғасын көңілге түгел құюы шарт еді. Осындай-осындайды көзбен көрген, құлақпен естіген Жаппас «бұралқы» аспапқа амалсыз барады. Қам көңіл қобызшының сахарадай сарғайған сағынышы Сүгірдің күйлерін осы дәуренге, біздің буынға жеткізеді.
1159 Олардың әлденеше түрі бар екенін және білмеді. Домбыраның ең шағыны жасөспірімді баулуға арналады. Ең үлкені күй тартуғабейімделінеді. Орташасы көбінесе әнге лайық. Өрік ағаштан шапқан домбыраның үні булығып шықса, үйеңкілі шанақ аңқылдағыш келеді. Ұрғашы қарағайдың үні басқа.
1160 Қыз бен жігіттің табан астында айтыса кететін өңірі осы! Және «Сен айтсаң мен де айтамын әуелім жар» емес, суырып-салма, тапқыр, қағытқыш өлең айтатын жезтаңдайлар көпті. Жиын-тойда, әншейін басқосыста ауыздан шыққан бір ауыз ұтқыр сөз, бір шумақ өлең етекті елге тарап кететін-ді.
1161 Жалшы жігіттер домаланған тең, түрлі жүкті түйеге артып жатты. Ауыл түгел жығылғанда жалаңаштанған от басында шай ішіп отырған, тіпті, көрпесін тұйықтай түсіп есінеп жатқан еріншек байлар осы тіршілікке шексіз ырза болысты. Он шақты шаңырақтың ішіндегі дәулеті жұқасы Сарының отауы еді.
1162 Бұндай рәсімнің қашан, қайдан шыққанымен Рақыштың жұмысы жоқ та. Тек, ата-бабаларының да осылайша көшкенін, оттың құдіретіне сенгенін шала-пұла пайымдайды. Ұшан құмның теріскей бетінен күнгей бетіне қарай былтыр да осы мезгілде көшкенін, келер жылы да осы шақтарда жылыстайтынын біледі.
1163 Екіқабат әйелдің есіл-дерті жайлауға тез жетуде. Алдағы жайма-шуақ, жылы күндерді сағынады. Көк сәуірдің соңын, сары жаздың басын аңсайды. Уыз да, сүт те, қалжа да жайлаудан күтіп тұрғандай елесбереді. Сарының бұнымен ісі жоқ. Бала сүйіп көрмеген ноқай тісқаққан жардай қаупалақ қағуды білмейді.
1164 Қолына қырсық жұғатындай, үй түйтпегін ұрланып істейді. Бүгінгі ерте көшуінің өзінде тұманды тыраштық бар. Осының бәрін парасаттың елегінен өткізген Рақыш түйенің үстінде келе жатып өткен күнін де шола бастады. Қызығы, қуанышы, өкініші араласып, кежегесін кейін тартқызды.
1165 Содан әке-шешесі қызына бетіне секпіл түскен айда ұшырасты. Алып қашудың желігі басылғасын бұрынғы ынтызарлықтан айрылған Сары Рақышқа да соншалықты ыстық көріне қоймаған. Тіпті, отбасының керкелжіңінде итжығыс түсіскен жерлері де ұмыт болған жоқ. Дегенмен, етененің аты етене.
1166 Рақыш бұйырған жұбайға іштартуын қоймайды. Ертең оң аяқтан тұрып нәрестелі болса, ымы-жымының біріге, жараса түсетінін көңілге талшық етеді. Осындай күйде Рақыш пешенеге тиген тіршіліктің алдыңғысы мен арттағысын қиялдан өткізіп келе жатқанда, күйеуі көңіл шырқын бұзып жіберді.
1167 Сары тиісе алмады. Жүкті әйелдің мысы басып кеткендей. Қамшының сабын тістеп, үнсіз-түнсіз жүріп келе жатты. Ол бозбас кезінде өзінің қаңғыбастық өмір кешкенін еске алды. Өз елінде басы бос шүйке бастарға қарамай, ақ сазандай бұлқынған шолжаңды алып қашқанын бір ойлап өтті.
1168 Жалғыз өзінің қолынан келмейтін болғасын, Сары мығым ағайындарына сыр жарғанда, олар, бәтуаласқандай, бас шайқасқан. Қияндағы ну қамыста текті жолбарыстар жортатынын, текті жолбарыстардың өздігінен адамға тиіспейтінін, ал, егер біреуін шығасы етсең, бірі қалғанша қандасатынын айтқан.
1169 Осы сәтте іші түйіртпектеліп, бұлтақтанып, бала аунап түскендей болды. Бұл күйде көліктің үстінде отыра алмасын сезіп, Рақыш түйесін шөгерді. Шаршап келе жатқан қара қоспақ жалп ете қалды. Рақышсортаң аралас құмдақтың қышқыл исін сезінді. Бұл – іргежал еді. Құмның күнгей жақ шеті.
1170 Шабырға шейін әлі талай жер. Екі орта құнарсыз сортаң. «Не де болса, шүйгіні жұтамаған осы жерге қонайын» – деді де, екі түйені отқа қойды. Сары – боз шағылдың арғы беткейінде балапан шырпы қоршаған қойнаудың үңгірге ұқсаған шұңқырында шөп-шаламның қиқымы жатыр екен. Дені – шіріген ебелек сияқты.
1171 Түйелер иіскеп, мұрнын шүйірді де, түбі бөрте бастаған сирек селеуді шала бастады. Түйелердің көлеңкесі қашқан қоянды еске түсірді. Рақыш өз көлеңкесіне назар аударып еді. Төртпақ тартып тұр екен. Сырықтай солқылдаған кешегі бойжеткен өзінің енді басқа қалыпқа, байсалды бейнеге ауысқанын аңғарды.
1172 Күн батуға айналды. Азанғыдай қызармай, сары-күреңденіп, алаулап, шарасы кеңіп, толықсып тұрды. Ғаламның бір бұрышынан күйініп шығып, екінші бұрышында сүйінішке шалқығандай. Рақыш естіген ертегі-аңызда шығар күнді жақсылыққа, батар күнді жаманшылыққа жорушы еді. Бұнда соның керісіне ұқсап тұр.
1173 Жібектей желбіреген ақша бұлт қоюланып, қандым-қызыл тартып, түсін өзгерте бастады. Біраздан соң бір шеті алыстан көрінетін кәдімгі өртеңге, екінші шеті – күйіп кеткен қара құлақ құқайға ұқсап тұрды. Бұл құбылыс күннің таңертеңгі жатырқау шығысын еске салды. Рақыш аң-таң боп тұрып қалды.
1174 Бейне түсінде бастығырылыпқалғандай, дымы құрыды. Әлден уақытта ес жиды. От жағып, адасқанға белгі бермек болды. Бағана көрген қиқымды көпсітіп, шақпақ тұтатты. Асты құрғақ екен. Шытырлап, дуылдап, лапылдап жана бастады. Желсіз қараңғылықта алау жалын дөңгеленіп, айналаны жап-жарық қып жіберді.
1175 Әйелі өкпе-наз айтпады. Екеуі ұзақ шүйіркелесті. Қорғалақтап кеш туған ай түн қараңғылығын сұйылта бастады. Жоғары көтерілген сайын қылаң нұрын қоюлатып, жапанға түнеген екеуге рақым жаудырғандай болды. Рақыш түн ортасында толғатып шықты. Текемет жамылып қорылдап жатқан күйеуін жұлқылап әрең оятты.
1176 Сары бірінші рет сасқалақтап, қауқалақ қақты. Жалпақ елден көргенін істеп, әйелін теңге асты. Рақыш ұзақ отыра алмай, жүкке сүйенді. Толғақ ұзаққа созылды. Рақыш бірде ыңырсып, бірде бебеулеп, Сарының сай-сүйегін сырқыратты. Оның көңіл-күйін қоштағандай, аспанда ай тұтылды.
1177 Неге екенін қайдам, бір қолын аспанға шошайтты. Сары әйелінің оңалмасын сезгендей не істерін білмей, ойы шартарапқа жүгірді. Ақырында, айла тапқандай болды. Бала кезінде біреуден көргенін істеп, тонын теріс айналдырды. Тымағын да теріс киіп, бет-аузын қисайтып, барынша құбыжық кейіпке көшті.
1178 Күйедей қара перде қызыл-қошқылданып, одан қызылкүреңденіп, одан сары-күрең реңге көшіп, айдың сынығын көрсетті. Сынық бірте-бірте бүтінделіп, тұтасып,имекке айналды. Бара-бара имектің ортасына нұр толып, кимешекті келіншектей дөңгеленіп, толықсып шыға келді. Таң бозамықтана бастады.
1179 Көзі тұманданып, аппақ ай қара жамылғандай елестеді. Ет-бауыры өкініштен өртеніп бара жатты. Аяныш, ашу үстінде әйелінің аманатын еске алды. «Өсиетін орнына келтірмесем, ол жалғанда да кешпейді ғой» деп қылшылдаған пышағын қынынан суырды. Бұл кезде ай жіңішкеріп, таң ата бастаған.
1180 Шығып келе жатқан күнге қарап есінеп, артынша бүгінгі той турасында ойлап кетті. Бұл тойдың аты ауданнан жүлде алған ферманікі де, заты – ферма меңгерушісі Мітісбектікі. Оның әйелінің босанғанына екі айдан асты. Бөбектің атын қоюға жиналған жұрт шілдеханаға ырза болмай тарасты.
1181 Мітісбек досқа күлкі, дұшпанға таба болмау үшін бүгінгі тойды думандатып өткізбек. Ауданның рұқсаты үлкен бел болса, ноябрь мейрамының бір қырқаның астында тұруы да медеу. Сырттан өкіл-мөкіл қаңғалақтап келе қалса, «қойшылар мерекеге әзірлік жүргізіп жатыр» деп желікті жуып-шаю оңай.
1182 Ал, салтанат шарадан асып төгілсе, оның арты – күндеу, қаңқу, арыз. Былтыр ежелгі күмбезге ремонт жасаған жұмысшыларға соғым бергенде Мітісбектің үстінен арыз қардай бораған. «Әулиеге құрбан шалды» деген ғайбаттан совхоз партия ұйымы секретарының рұқсатына сүйеніп, әупіріммен әрең құтылған.
1183 Жекеменшік малы көп деседі. Қайда екенін бір пенде білмейді. Етке мал талап етіп келген сельсоветтің председателімен карта ойнап, басын уқан-суқан ғып жібереді. Оның соңына түсуге Мітісбектің уакыты жоқ. Пәле қууға жалқау Мітісбектің жүрегінде тот басқан иненің жасуындай қаяу бар.
1184 Сөз тапқанға қолқа жоқ, аузы уәлі Керімберді Фермабектің атасына айналды. Бір жағы осыны ескерген, екінші жағынан көлденең жұрттың табалауынан аулақ болуды ойлаған Мітісбек тойдың аяғын көкпармен тарқатуға кеше кешке бел байлаған-ды. Байламға ырық қоскандай, бесіктегі бөпесі де таң атпай оятты.
1185 Осыдан жиырма жыл бұрын осы ферманы басқарушылар осындай салтанат жасамақ түгіл мейманға қозы соя алмай қасапқа жүгіруші еді немесе тауық сойып сықаққа ілігуші еді. Енді қағанағы қарық, сағанағы сарық елде құда да, кұдағи да риза. Көлденең көк аттылар сорпа-судан желігіп кетеді.
1186 Әскери жатаған ерде рабайсыз ұзын үзеңгіге сүйене қопаң-қопаң еткен орыстар да дырдудың ортасында жүрді. Өте-мөте қызбалары көкпарға ілуде бір қолы тигенге мәз боп далақтасты. Мәренің арасы алшақ әрі жылқының жүйріктігі ыңғайлас болғандықтан, құтылушы азайып, дода жиіленді.
1187 Диірмен бақылауға ілігетін жерінде маянадан қақты. Кейін заман өзгеріп апай-топай басталғанда, Керекең кектестің үстінен жасырын арыз берді. «Кедей-болыстың» кедейін алып тастап, шынжыр балақ, шұбар төстің өзіне теңеді. Байдың ауылының кілем төсеп аттандырғанын тілге тиек етті.
1188 Сәскеден түске шейін тойханада болған сұхбат, қызық, ермек ұмыт болды. Тост көтеру, әзілдесу, ән салу, өлең айту, күресу артта қалды. Жұрттың ендігі ынтызары «көк перінің» думанында. Ұйтқыта, құйындата, арындата, кейде түйдектеліп, кейде аңдыздатып шапқан көзсіз батырлар кәрі-жасты түгел еліктірді.
1189 Арғы атасы арабтан, енесі қолбала қарабайырдан шыққан Сандалкөк осы атыраптың жеткізбес желді-аяғы. О баста жидіген жирен жабағыданқызыл құнан боп өскен осы жылқы бұл күнде алқаракөк бесті. Құнанында айналма-бәйгеден келіп, дөненінде үдемелі жарысқа қосылған жануар еді.
1190 Керімберді қарқылдап күлді. Қауға сақал, еңкіш адамның күлкісі еді. Бара-бара жарықшақтанып, сынық қобыздың үніндей қаралы шиқылға ауысты. Бортай шімірігіп қалды. Ол атын кіді бұрып, дөңге қарай шоқыта жөнелді. Тоғынан жараған алқаракөк бесті сұйықтау тапырақтап бара жатты.
1191 Әкесі Сандалкөктің тартпасын қайта тартып берді. Қос тартпаның біреуі қатты, біреуі бос тартылды. Сандалкөк бір сойқанның болатынын сезгендей, құлағын қайшылап, жер тарпып, пысқырынды. Бортай басы биік, керсені үлкен құнанды ердің үстінде ойнақшып, қорғасын құйған кенектей шыр айналды.
1192 Баланың аты бала. Алғашқыда шаң жұтпай алыстан орағытқан Бортай бірте-бірте қызынып, әулекіленіп, елермелей екіленіп, ақырында қалың қолдың ішіне еніп кетті. Ғаламат тасыр-тұсырдан, айқай-шудан елірген Сандалкөк тізгінге бой бермей қашқын мен қуғынның алдына түсіп озып кете берді.
1193 Осыны байыптаған қуғыншылар итіне шауып, кіжіне боқтап, «хан артынан жұдырық» жаудырып жатты. Сандалкөк бара-бара бауырын жазып, дестелей арындап, қаңғып, қара үзіп кетті. Ызалы, өкінішті шабандоздар күдері үзілген шақта ылбырап қайта оралып, Керімбердіні ортаға алысты.
1194 Жарау, биік аттылардың ішінде жатаған жиренді Керімберді қарақұстардан қорыққан байғыздай бақырайып тұра берді. Оның ыпыны қашқаны жаман болды, шаңқ-шаңқ дауыстар жиілеп, қоюланып, асқынып, елеурей бастады. Зеку, кею, боқтау естілді. Осы мезетте Мітісбектің есіне баяғы дерексіз кеткен әкесі түсті.
1195 Қалада әлдебір бұзақыдан кездейсоқ қолға түскен серіппелі резинка қамшы еді. Керімбердінің елтірі бөркі жусанға ұшып түсті. Өзі аттың жалын құшып қалды. Бет-аузын түк басқан, көкбет Керімберді сұмдық тұлданды. Беті қазанның түп күйесіндей қарайып кетті. Өзі ашу-ызадан дір-дір етіп тұрды.
1196 Іңір әлетінде Керімберді аулына қайтып келе жатты. Қауға сақалына жұққан қанын жорта сүртпеді. Көңілінде кек, ыза. Тұлабойы ауырлап, меңдетіп барады. Сөйте тұра, ол арттағы дырдуға құлақ асады. Үйірілген ымырттың қараңғылығында көзден таса болған қиқудың дерегін қимай бара жатыр.
1197 Бертінде де белсенді болды. Бірақ соның бірде-бірі із қалдырмады. Қазақта атқа мінбес еркек кіндік жоқ. Топалаң түсісіп жатады. Керімбердінің атағын күнгей, теріскейге жайған – алып қашпа көкпар. Басы озса жеткізбейтін баяғы жуан торы, бұл күнгі алқаракөк бесті – дүниенің қанибеті.
1198 Дүние жүзіндегі ызақор адам кешкі қараңғылықта сәбише өксіді. Аспаннан құйрықты жұлдыз ағып түсті. Айнала жап-жарық, артыншақап-қараңғы болды. Түнде ол ауырып шықты. Ертеңіне сәскеде тілі күрмеліп қалды. Миына қан құйылған еді. Көзі қанталап, ұрты ісініп қоңқақ мұрны қисайып кетті.
1199 Бұл күнде сирек ұшырасатын шүңгіл көз, шот маңдай бала еді. Мінезі шектен асқан шалдыр-содыр болғандықтан, түз сыпайылары Керімбердінің қара шаңырағына сирек келуші еді. Үстіме аунап, сақалынан жұлады деп қаймыққандары «Кереке, тентегіңді басқа ауылға жібермесең түстігіңе бармаймыз» десуші еді.
1200 Үшеуінің түсі ұқсас та, бойы бөлек. Бүркітше барлау жасайтын ұшқышы жоқ заманда пәстегі қазақ осыны қалай ажыратқан?! Көкшенің үшке бөлінетінін айна-қатесіз ажыратқан көзі көреген, қиялы қырағы халық бірде жердің суретін есім етсе, бірде белгілі адамдарының атын сақтайды.
1201 Жанайдың жалғыз аяғы – бағы заманда баукеспе ұрының салған соқпағы. Қанжуған – қалмақ басқыншыларымен соғыста Абылайдың алғаш жауға шапқан өзегі. Көлге жаптас жағы барқан, шөл жағышүйгін, құйқалы да қыртысты Көкше жоталы Қаратау мен қамысы сыңсыған Шудың арасында құты қашпас қазына.
1202 Көйлекшең шықты. Шытымыр аязда жеңсіз көкірекшесі жан сақтатып тұрғандай. Түстіктен ауа бастаған күннің әлсіз сәулесі жолаушыларға қиғаш қараған жігіттің бетін жылтыратып жіберді. Жаңа ғана түстік жеп шыққан сыңайда еді. Менің есіме жылқышының, түйешінің, падашының кескіні түсті.
1203 Дәрігер шамалы тұтықпа тілімен түсіндіріп өтті. Совхозда қырық мыңға жуық ұсақ мал болса, жылқы – бес жүзге жетер-жетпес. Көбі дисыз, жиырма литрге шейін қан алынған дилы биенің өзі көзі әңгел-шәңгел боп, белі қиралаңдап, тұралап қалады. Оны оңалдырудың өзі толып жатқан ікімәтқа ұласады.
1204 Әзірге айтарым: қойды күнге қарай өрістетіп, күнге қарай айдап қайтамыз. Желдің өтіне де осы тәсіл жүреді, шырақтарым! – деп саптама етігінің барқытпен көмкерген киіз байпағын тартып кояды. Ертеңіне біз тауға қарай совхоз орталығына қайтып келе жаттық. Қайран Көкше артта қалды.
1205 Жусанды түз бірте-бірте бидайықты белестерге ұласады....Қысқы сапардың жалғасы да осы беткейлерге ұласты. Маусымның орта шеніне жайлауда отырған Болат Боранбаевтың үйіне кеп түстік. Өткен уақыттың беделінде ол басынан не кешірді, не ойлады, не сезінді, баршасы – ішінде.
1206 Бесенеден белгілі, жайлау солқылдаған саз, ажырықты жазира, бетегелі белес боп келеді де, шалқыған жаздың сәніндей, табиғаттың жаннатындай әсер етеді. Осы сырға қанық қалың елдің жон бөктерін жайлау деп атауға аузы бармайтындай. Кәріқұлақтар бұл жон туралы неше түрлі әңгіме шертеді.
1207 Бірақ «қысылғанды қымыз шығарадының» кері келмеді. Жас жылқышы кәнігі кәрідей өзіңді баспалайды. Сұрауға жауаптан әрі қарай көсілмейді. Тұла бойы қымыз сіңген шымыр да шырайлы келіншегі ұнамды-ұнамсыз кеңесті көзінің қиығымен ұзатып салады. Меймандар шеккен шылымның түтінінен қашқақтамайды.
1208 Осыдан кейін Сәкен туралы әңгіме лаулайды. Сатыбалды қарт баяғыда Сәкенмен Әулиеатаға бірге барып, бірге қайтқанын, осынау теріскей ме, сонау Сарыарқаның көшпелі елінің қалайша советтендірілгенін білгенінше баяндайды. Сәкеннің жылқы түлігіне деген сыншылығын айтқанда, аузыңның суы құриды.
1209 Оның айтуынша, жылқы жануарды көлік деп қана түсіну – сұмдық қате. Жылқы қалың қарда қойға жол ашады. Тебіндеп шығатын жылқы ауа райын керемет болжайды. Бұл, әсіресе, малшылар жайлауға қарай ығысатын шақта, жұттан сақтануға үлкен себеп. Қойшының іс-тәжірибесін сұрай бастап едім, жалтарып кетті.
1210 Зілгерліктің төркінін тап!Қарт шопанның сөзі көңілден кетпей қойды. Түнде мен көпке шейін ұйықтай алмадым. Көз алдыма жылқының сымбаты елестеді, құлағыма құлынның кісінегені шалынғандай болды. Бір жылқы мың жылқыға, бір құлын жүз құлынға айналып, шалқыған, ызғыңдағанжануарлардыңортасындақалдым.
1211 Екі апта бойына Кенжеш еркін қыдырды. Тәпсірдің қара шаңырағында шіреніп жатып алмай, алысты-жақынды нағашы атаулының бәрін түгел аралап шықты. Сұсы жақын қарашадан қаймығып, тау бөктерінің қуыс-қуысына тығылған бытыраңқы ауылдар таңсық жиенді еркін аунап-қунатты. Сыр бергені жоқ еді.
1212 Жиен ертең жүреді деген күні Тәпсірдің жақын туысқандары мен бір жамағайындары қара шаңырақта бас қосысты. Бұлардың бәрі Кенжешке өз құттыханасынан дәм татқызған, от басы, ошақ бұтында онымен бел шеше сөйлескен адамдар. Некен-саяғы болмаса, жиеннің бас-білігіне, сыпайылығына риза да.
1213 Жасы да түйдей құрдас еді. Кей кезде ботадай тату болса, кей кезде бәсекелестіктің, дәріп-құмарлықтың сайтаны араларын ажыратушы еді. Бүгін Жанұзақ іште жүрген сайтанға ырық бермей, бар пейілімен келгендей. Әр түрлі әңгіме-кеңеске тамызық беріп, қара тілденіп, шешіле сөйлеп отырды.
1214 Тілі шанжар Жанұзақтың тамағы қомағай екенін білетін Тәпсір қатынына сенбегендей қазанға етті өз қолымен салдырған. Ас-су ішіп болғанда, қызара бөртіп алған беделді құрдасы аса ризалық қалыпта еді. Ол оқыс кекірініп, күні бойғы кеңестің түйінін жұрттан бұрын шешуге асықты.
1215 Қалап келгенің болса, айта отыр, – деді.Жас та болса, Кенжеш жол-жоралғыны білешек. Оның елінде ағайындар тысқа шығып күңкілдесуші еді. Мыналардың домбайы ыңғайсыз тиді. Кенжеш жорға мініп, нар жетелеп қайту үшін келген жоқ. Теріскейдің елі құмға көшіп кетпей тұрғанда есендесуге келген еді.
1216 Тәпсір тартынып қалса, құба-құп. Тартынбаса, дос-дұспанның көзінше сағын сындыра-ды ғой. Осыны Тәпсір де түсінді. Әрі бәсекелес құрдастың сағын сындырып, әрі аяулы жиеннің көңілін аулап жіберсе, сонау ит арқасы қияндағы құдалы-андалы жұртқа атағы жетсе, несі айып? Осылайша ол біраз толқып отырды.
1217 Бертін келе, боталар ботасын қызғанып бошалаған түйедей кежірлікке бой алдырғаны осы арада мәлім боп қалды. Мынау Жанұзақ сұмның сөзі «сенің ішің тар» деп шымшылап жатқандай сезілді. Тәпсірдің көңіліне өкініш, уайым қатар ұялауда. Әлде бір қимасынан айрылғандай, іші ұлып барады.
1218 Бұл сөз Тәпсірдің көкейіне қонды. Әр күйді әр түрлі салатын бес саусақтың шалымына көз ілестірмейтін, перне басыстың сансыз құпиясын өзге түгіл өзінің де шабытты сәттерде ғана байқайтынын білетін Тәпсір әулекі жатақтың ортасында өскен жиеннен қаймығудан арыла бастағандай болды.
1219 Тәпсір қара домбырасын қолына алды. Өзі де серігін сағынып қалғандай. Оңаша тартудан жалыққалы да біраз уақыт болып еді. Енді, бардың басы қосылғанда, көңілдің шерін бір тарқатпақ болды. Тәпсір ұзақ тартты. Әуелі құлақ күйін, дәлірек айтқанда, домбыраның беташар әуенін тартты.
1220 Қоңырлатып, дөңгелентіп, дірілдетіп отырып алды. Жұрттың жүйкесін қажап, ынтықтырып, шетеу сөз шығартпады. Содан кейін әр түрлі күйлердің басын шалып біраз отырды. Ауыл адамдарының барар жері бұған белгілі. Ең әккісі, ең шалымдысы Жанұзақтың өзін екі дыбыстың арасында адастырып кетуі оңай.
1221 Қазіргі сәтте сол көпшілік, сол көпшіліктің беделді пысықтары араға сына қақтырмай, күмбірлеген қара домбыраның рақатын оңашаменшіктенгенде, бір адам үн шығармай, жақсы, жаман түгел ұйып, күйшінің көңілін тауып отыр. Тілсіз қолпаш, дәмді ықылас «іштегіңді бері шығар» деп тұрғандай.
1222 Тәпсір бірте-бірте өз үйіндегі отырыстың құнарлылығына, жарасымдылығына ырза бола бастады. Оның атағын Күнгей, Теріскейге түгел жайған да осындай бейілді көпшілік қой. Жігіт шағында сылқылдатқан күйіне дәті шыдамай домбырасының сағағын толғаған қыздар да осындай тілеулес жұрттың шырайы ғой.
1223 Тәпсір оқыс күрсінді. Өмірден көрген қызығы, түйген түйсігі көз алдына өтіп жатқандай болды. Енді бақса, балды базары артта қалғандай. Көпшіліктен тысқарышыл кежір тіршілік басталғандай. Мынау сыйлы жиеннің сылтауы болмаса, осынау алашабыр ағайынның осыншалық үйіріліс табуы неғайбыл.
1224 Енді, басының сақинасы шындап ұстағандай, миында белгісіз ың-жыңдық басталды. Ет-бауыры әлде неден елжіреп, іші ұлып бара жатты. Неге екенін қайдам, дәуренді босқа өткізгендей сезінді. Дүниедегі барлық сұлулық, барлық қызық артында қалып, қызғаншақ күйшіні қорлап тұрғандай болды.
1225 Қара-қоңыр реңіне болмашы қызыл шырай тепкендей болды. Тыңдаушылар сұмдық риза болысты. Тіршіліктен жапасы, қапасы барлардың есіне әлденелер түсіп, көңіл босатысып алды. Тарқасарда ағайынның көңілі тірілері Тәпсірді қонаққа шақырысып жатты. Неге екенін қайдам, Жанұзақты бірге шақырысты.
1226 Көкейінен шықпай, құлағында ызыңдады. Кейде күбірлеп сөйледі. Кейде ішінен ыңылдады. Күйдің басталуын, аяқталуын жаттады. Ортадағы бұралаңдарын көкейге қондыруға тырысты. Үйірімді күйдің бірде ыстық, бірде жылы, бірде қоңыр лебіздері бара-бара Кенжештің тұла бойына түгел сіңіп, миына дары-ды.
1227 Түн ауған шақта көзі ілініп еді. Түсінде таңсық күй бірде табиғи қалпында, бірде рабасыз елеурей өзгеріп, шәкірт домбырашыны мазалаумен болды. Таңертеңгі шайдан кейін осы ауылдың «мен жақсымын» дегендері Тәпсірдің үйіне жиналды. Зеректері жиеннің түсінің сынықтық себебін түсіне алмады.
1228 Кеше қысыр әңгімемен бұйымтайыңды айта алмадың. Көңіліңе алып келгенің болса, жасырма. Екі жұртыңның бірінен ұялмай қайтатын бол. Азғантай жұрт жиенге түгел қарасты. Желіге байлаулы нарды көріп көңілденіп отырған жолдасы Кенжешті шынтағымен қағып қалды. Енді бір тайлақ тілегендей түрі бар еді.
1229 Алыстан келген жиеннен оңай құтыларына көзі жете бастаған ауылдастардың әрқайсысы әр түрлі жорамалға кетті. Көрінеу қуанғандары да, көрінеу назырқанғандары да бар еді. Тәпсір болса, әлі де еш нәрсені жарыта түсінбей отыр. О бастан қара шаңырақты қалау жоқ екенін біледі.
1230 Кенжештің жолдасы қосымша олжаның не екенін енді білгендей. Ол ызадан жарылып кете жаздады. Теріс айнала беріп, іргеге түкіріп те жіберді... Осылайша біршама уақыт өткенде, Кенжеш домбыраның құлағын бұрап, дыңылдатып, күйлетіп алды да, Тәпсірге белгілі күйді бебеулетіп қоя берді.
1231 Тәпсір түгіл өзгелер де түсініп отыр. Кешегі көкейкесті күйді бұлжытпай тартып барады. Жұрт кешегіден де тым-тырыс бола қалды. Кенжештің еті қашпаған балауса саусағы бұралаң дыбыс, сыңсығанызыңдарға ерекше дәмді әуен бітіріп, күйдің бояуын қоюлатып, жаңа қалыпқа түсіре бастады.
1232 Тәпсірдің жанына батқаны – бәрінен бұрын осы болды. Оның өмір-бақи сары майдай сақтаған сыршыл сарыны, кеше ғана жаңғыртқан, байытқан жан лебізі енді жиеннің бәсіресіне тиетіндей сезінді. Бұның шертісі де, перне басысы да бөлек. Балауса саусақтан бейкүнә үндер шығарып, уыздай жағып барады.
1233 Жүйкесі құрып, шыдамы таусылып келе жатқан Кенжеш оқыс жарылды. Ол жолдасынан бұйданы жұлып алды да, нардың сауырына қамшымен шыпыртып-шыпыртып жіберді. Дилы түйе тайраңдап шыға келді. Бұлар енді біршама жер жүргенде, алыстан айқай шықты.Нағашысының аулы жағынан жалғыз адам шоқырақтатып келеді.
1234 Белгісіз дертке шалдыққанын биыл байқап жүр. Асау жылқыны омыраудан алып-ұрып тырп еткізбейтін, ат-ойыннан алдына жан салдырмайтын шалымды, тарамыс Тәттімбеттің бұл күнде денесі толығыңқы. Дімкәс көкірек деміксе, шермиген қарын бүлкілдеп, сүйкімсіз көрініспен шошытады. Майлы асқа тәбеті тартпайды.
1235 Орысша тіл білетін Тәттімбет жазда Омбыға барып дәрігерге көрінгенде, көзілдірікті сары шал басын шайқап, күрсінген-ді... Ғұмырың қысқа деген ишара еді. Уанышқа айтқанды: от басында сарылмай сейіл құру-ды. Тәттімбеттің жаяу серуенге шығуында үрейлі көңілдің болмашы үміті жатыр.
1236 Осы аулақтану бала кезінде басынан ылдиға қарай дөңгелек тас зырылдатып ойнайтын биік шоқыдан бойы жадырап, денесі серги бастады. Керме иықты адамның көлеңкесі қанатын қомданған бүркіттің көлеңкесіне ұқсап тұрды. Тәттімбет ата қонысы Мөшеке бұлақтың басында отырған өз ауылына қарады.
1237 Киізі қырық-шұрық қауқарсыз баспаналар мизамдағы өткінші салқынға сыр беріп қойғандықтан, Мөшеке бұлақ басындағы тамдарға биыл тым ерте кірді. Ақырапта сирек кездесетін жаймашуақ күннің өзінде қыстау тым бұғыңқы. Тамдардан көтерілген жіңішке түтін шудадай ширатылып, көкке сіңіп жатыр.
1238 Сарыарқадан көшпелі ел олай ауытқып, былай ауытқып, ала жаздай қоныс жаңартумен болғанда, шаншарлар мен төрелер жапсарласып, Жосалы баурайындағы шұрайлы Сарыжайлаудан шықпаушы еді. Бетегесі, селеуі, бидайығы, ебелегі аралас шүйгін жайлау – мыңғырған тұяққа суық күзге шейін төтеп беретін-ді.
1239 Құйқалы жайылымда қонданған түліктер қарашада қыстауға оралғанда, Мөшеке бұлақ өңірінің кер бетегесі, мықжусаны, таушай мен рауғашы шырқы бұзылмаған қалпында ырғалып тұратын-ды. Алты ай қысқа шыр байлар Сарыжайлау жатқа бұйырған женттей әсер етеді.Жер көктемде, ел жазда түлейді.
1240 Салт атты жігіттер бірде жарысып, бірде аударысып, шарапсыз шала мас күйінде құйындатып барып, дәмелі қызын алдына мінгізіп, екеу-екеуден айтысатын кездер Сарыжайлауда қалды. Жер ортасына келген жасамыс Тәттімбеттің көрген қызығы, кешкен бақыты, енді ойласа, Сарыжайлауда жатыр.
1241 Сол жайлаудың шырайындағы Сарықыз Тәттімбеттің көкейінде. Күл астында көмулі жатқан қызыл шоқтай әсер етеді. Сарықыздың есімі о баста бөтен-ді. Жеңгелері ақ сары өңіне орай осылайша атандырып жіберген-ді. Женттей еріп тұрған ақсары қызға кеудесінде жаны бар адам бір қарамай өте алмаушы еді.
1242 Жадырай күлгенде үлбіреген ерніне алтын тістің сәулесі түсіп, төренің еркетотайын қаумалаған қара қазақтан бөлектеп тұратыны бар-ды. Сарықыздың сыңғырлаған күміс күлкісін естігенде, Тәттімбет ертектегі әлемнің есігін ашып, Саф тауының алтын сарайын аралағандай әсерленуші еді.
1243 Ертерек үйленіп қалған Тәттімбет Сарықызға ұшырасқанда балалы-шағалы еді. Соған қарамай, төренің тотайына ғашық болды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қағылды. Қолы іске бармайды. Домбыра шертуге де зауық керек, күйшінің жалықтырмас саңлағы көп күндер қаңтарулы тұрып қалды.
1244 Ақ қауданға сары түлкі аунағандай, шырайлы көріністер кербездей көлеңдеп, бейнелі пішінімен көңілге құйылған шақ – бақыттың белгісіндей. Сарықыз күйеуіне барған соң ішқұсталықтан дертке шалдығып, көп отаспай, қайтыс болды. Жалғанның өткінші екенін Тәттімбет сол жолы анық аңғарды.
1245 Басына белгі қояр кім? Тәттімбеттің көз алдынан Сарыжайлаудың тарихы шұбырып өтіп жатыр. Бұл жайлауда қаннен-қаперсіз отырған бейбіт елді бағы заманда Шыңғыс ханның сарбаздары қырған деседі. Жайлауға өрт қойып, бұлақтарды тұншықтырып кеткен сұмдықтары кейінгіге аңыз арқылы жетеді.
1246 Қалмақтан құтқарған ала тулы Абылайдың тұқымы азып, билеп-төстеуші төрелер жаман сиырша жатағын жеуді шығарды. Соңғы он жылдың беделінде төренің жуан тайпасы Сарыжайлауға құнығып алғанын Тәттімбет өз көзімен көріп, өз басынан кешірді. Оған тиген соққының ең ауыры да осы еді.
1247 О баста ақсүйектік намыс үшін кіжінген төренің иықтылары бірте-бірте шабындыққа таласып, ымырасыз жауықты. Бастаушысы дуанбасы Құсбек болды. Әрісі ақ патшаға, берісі жандаралға сүйенетін Құсбек Тәттімбетті сан рет істі де етті. Жазықсыз жан құтыла берген соң әр түрлі жолмен малын тонатты.
1248 Ақ патшаның әскеріне бекет керек, мұжықтарға қоныс керек деген желеумен дәуірлеп, ақ дегені алғыс қара дегені қарғыс боп тұрған дуанбасы жылдан-жылға айласы, күшін асырып, мығымданып келді де, ақыры Сарыжайлауды тартып алды. Қалың ел ығысып, ысырылып, шөлейтке шығып қалды.
1249 Сары-жайлауда ала жаздай иін тіресіп отыратын етекті ел еске түсті. Қайда жүрсе күйшінің шылауына оралып, қой сойып, құлдық ұрып тұратын сауықшыл ауылдар қайда? Табаныңның астында солқылдаған көкмайса саздар қайда? Ат төбеліндей әкім ат түгіндей қалың елді тоз-тоз қылды деуге сенгісі де келмейді.
1250 Мөшеке бұлақ басында бұйығып отырған төрт-бес қораш үй мынау. Желден басқа ермегі болмай құлазып жатқан жесір жайлау анау. Көлеміне көз жетпесе де, көңіл жетеді. Көңіл жеткен сайын табиғаттың ұланы жабыға түседі. Кір жуып, кіндік кескен жердің қадірін ойлы сәтте жақсы түйсінеді.
1251 Кестелі орамал келмеске кеткен махаббат жылдарын еске салды. Махаббат жылдары Сарыжайлауды жақындата түскендей болды. Тәттімбет алақанының астынан қарап, Жосалы жаққа көз тастады. Ақыраптың ақырамаш шуағы ойпанда сағымданып алдамашы көлге айналып, көз ұшын бұлдыратып жіберді.
1252 Жаңа шыққан күндей дөңгеленген сары сәуле сағынышты сезімге баурады. Сиқыр сәуле, бірауық, алтын тісі күлімдеген Сарықызға ұқсады. Бірауық сары қауданды еске түсірді. Дүниенің қызығы мен қызғанышы Сарыжайлау боп елестеді. Тәттімбет өмір-бақи іздеген жоғын тапқандай, жеңсік сезімнің үстінде.
1253 Өзін белгісізге босқан елдің орнын сипап қалған жолаушыдай сезінеді. Арқасы шымырлайды. Енді ойласа Сарыжайлаудың өзі өзгеріп тұрады екен. Тәттімбет ертең атқа мініп барса, кешегі жаннат бүгін дозақтай қарсы алмақ. Терісүйреткендей сұрықсыз түзде үйректер орнына қарғалар қарқылдамақ.
1254 Шіркін, дүние-ай, бұл өңірден талай Тәттімбеттер өтер, сансыз ұрпақ сапырылысар, сонда Сарыжайлау түк көрмегендей болып, сағымға шомылып, манаурап жатады-ау! Төсінде асыр салған кешегі бөбегін, бүгінгі арманшыл азаматын ұмытады-ау! Тәттімбетті қызғаныш сезімі баурай бастады.
1255 Жүйріктей жүйткіп жорғадай тайпалатын ырғақтардан құралсын. Көңілдің көрікті әні құлақ құрышын қандырып, жүрек қылын шертерлік сиқыр сазға ұлассын. Түйсігі барлар түсінерлік шалқыған, сыңсыған арман тілі домбыраның шанағынан сайрасын. Алыс ойға шомғанда көзін жұматын дағдысы бар-ды.
1256 Сарыжайлаудың барлық сыпатын қиялдан өткізді. Сылдыраған бұлақтар, сыңғырлаған шолпылары еске салды. Төрт аяғын тең баса тайпалған жорғалар, жел жетпес жүйріктер туашақ ырғақ ретінде бой көрсетті. Жайлаудағы желпінген самал, ескен жел, ұйтқыған құйын сан ықылым суреттер туғызды.
1257 Махаббаттың орамалын қуашақ күйші бап күте бусанды. Ең алдымен қоңыр самалды еске түсіріп, үстіңгі шектен қоңыр үн шығарды. Содан кейін астыңғы шекке ауысты. Бұғалықтан көп төмен түспей, екі шекті ерсілі-қарсылы шертіп, алма-кезек іліп, дөңгеленген дыбыстарды жалықпай қайталады.
1258 Домбыраны саусақ сөйлетпейді, көңіл сөйлетеді. Тәттімбеттің саусақтары өзімшіл көңілдің әмірін екі етпей орындады. Күйшінің ерні жыбырлап, іштегі үндер дүмпу атып жатты. Салалы саусақтар бұғалық толғаудан сағалыққа қарай секіріп түскенде, домбыра оқыс сылқылдап, дәмді саз төге бастады.
1259 Саялы сахараның сауығы, думаны, дүбірі қоңыр жел мен сары желдің аралас ұйтқуында, ұласып,жарысқан ызыңдарға ерекше екпін бітірді. Ызыңдар бара-бара адамның дауысымен сөйлеуді шығарды. Қызған шанақтың ішінде жасырынып жатқан белгісіз жан өңеші қызарған жыршыдай сайрай бастады.
1260 Быдығы жоқ, мүкісі жоқ, ашық тілмен сайраған домбыра ашынған тарауды аяқтарда бағанағы жібек орамалды еске түсіргендей, дөңгеленген дыбыстарға ауысып, құйын жетпес жылдамдықпен «дөри-дөри-дойлап!» булыға шегінді. Тал-тал тарамдалған жібектің тобықтай түйіні кербез домбыраның кеудесінде қалды.
1261 Жайшылықта әлденеше күнді ұтатын сыршыл, күрделі күй осылайша бір кеште дүниеге келді. Күні бойғы сейіл, сүйсініс, күйініш, торығыс, үміт, наз, нала домбыра тілінің түйсікшіл шежіресіне айналды. Тәттімбет күй шежіресі аяқталмағандай сезінді. Күздің ұзақ түнін дөңбекшумен өткізді.
1262 Осының сырын енді ойласа, Тәттімбет ол кездерде бір пендеден кемшілік көрмеген екен. Орта жүз түгел еркелеткен күйші, аузы алты қарыс Алшынбайдың текті бөлтірігі қатарынан қара үзген қара тіл, кешегі болыс, өнерді шерден іздемей сұлулықтан іздегенін осы сәттерде айқын түсінеді.
1263 Бір есептен, оның сырқатқа шалдыққаны жақсы болған. Өлімді ойламаған адам терең өнер тудыра алмайды. Бір есептен, көз алдындағыдан басқаны көрмейтін басырлардыңСарыжайлауды тартып алғаны пайда болған. Туған жер үшін күйзелмеген адамның өмірі кейінгі ұрпаққа жалғаспайды.
1264 Сарыжайлаудың шежіресін өлеңмен шерту ақын Тәттімбеттің қолынан келмейді. Тілі қысқа, көкейі ұзын Тәттімбет артқыға деген аманатын күйге тапсыруға міндетті. Сайып келгенде, оның атағын шығарған да осы күй. Шонжарлардан қыңбайтын қуатты қағаз – жандаралдың мөрлі таңбасын алып берген де осы күй.
1265 Домбыраны қайтадан толғады. Түні бойы ойлаған өзгерістерін түгел енгізді. Дүдамал бұралаң-бұлтарыстарды, иірімдерді, қайырымдарды пысықтай келгенде, қисынды құбылыстар, кербез келісімдер, лала лебіздер төгіліп кетті. Жайлаудың кеңдігімен, жаздың ұзақтығымен салыстырғанда күй әлі де келте жатыр.
1266 Совхоз шаруашылығының бүге-шегесін бес саусақтай білетін, көрсеткіш кестесін төс қалтада сақтайтын адамның «бара көрерміз» деуіне де ыңғайы бар еді. Бірақ, ол басқаша шешім қабылдады. Оңашада ойын қорытып алмақ болды. Таңертең ерте тұрып, оңаша бөлмеде ақ қағазға шұқшиып отырды.
1267 Шешіліп сөйлегенді, шыншыл сыр шерткенді ұнатады. Ырысбек бұрын аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып істеді. Ел аралап, жер көріп жинаған дерегі не ауызша, не хат жүзінде кәдеге асты. Енді ол баяндаманы өзі жасамақ. Бәйгеге бірінші рет қосылған құнандай өз бағын өзі жасамақ.
1268 Бәйгеге бірінші рет қосылған құнандай өз бағын өзінен сынамақ. ...Ол ертеңгі бас қосыста ең алдымен ауданның байлығын мақтан етеді. Ұсақ мал санын жарты миллионнан әлдеқашан асырған Созаққа тең келетін аудан Қазақстанда жоқ. Ең шалқары Қызылқұмның өзі әлдеқайда кем түсіп жатыр.
1269 Ажырығы мен қоғасы жұтаған Шу бойы зеңгі бабаға қолайсыз. Ал, ойсыл қараны өсіруге әбден болады. Мырза-қоспақ, нар-қоспақ, лақа-тәжік тұқымдас түйелер бақташы тілемейді. Тірсектен ұрып, алдарқатып шөгеретін қасқырдың құлағына да көнбейді. Текті бура мен текті айғыр бөріге төл шетінеттірмейді.
1270 Ырысбек Бидәулетов барар шақты ойлап кетті. Ол ертең пленумда бұлбұлдай сайраса – жұртшылықтың арқасы. Кекештей тұтықса – оған да кінәлілер осы совхозда. Жылдан астам уақыттың ішінде осы өңірден алған әсері адамға саяды. Ырысбек талай кісімен істес болды. Дәм-тұз татысты.
1271 Бес саусақ бірдей емес. Қызметкер де сондай. Тәуелдісіз тіршілікке телінетін еңбектер де әртүрлі. Жанқияры, түтін шығаратын жандардың мінез-құлқының өзі түрліше. Табан ақы, маңдай тер, сайып келгенде, отбасы ошақ бұтына оралса, ортақ ырыстың жігі ажыратылмай қала береді.
1272 Ет пен терінің арасындағы желікті Ырысбек күн сайын көріп жүр. Кейбіреулер партия қызметкерін бір жақты түсінеді. Оның да пенде екенін, күйіне де, сүйіне де білетінін, оның көңілінде ой мен сезімнің, байқау мен әсердің телқабыс табатын шағы барын ұқпайды. Бидәулетовосыған наразы.
1273 Мереке ұлттық ойын-сауықпен, ат шабыспен, көкпармен аяқталды. Совхоздың директоры Жұмашев пен партия ұйымдастырушысы Бидәулетов қағанағы қарық, сағанағы сарқ боп, еңбекшіл бұқараға алғыс жаудырды. Береке ынтымақта екеніне көзі жеткен олар іштей ұғынысып, тың шабытқа бекінді.
1274 Бұлардың екеуі де аудан орталығынан ұшқан түлектер. Бидәулетов аудандық партия комитетінен ауысса, Жұмашев аудандық ауыл шаруашылық басқармасынан ауысты. Екеуі де мойны қашық совхозға іздемей қайнаған еңбекті аңсады. Шу мен аудан орталығының арасында асу бермес жалдар, ығы-жығы бұйраттар бар.
1275 Машина атаулы жазда Үшкөкшенің құмын айналып өтеді. Почтаны самолет тасиды. Бүркіттей қалғабайлап келе жатқан жеңіл самолеттен сахара жұртшылығы қуанышты хат-хабар, жеңсік жаңалық дәметеді. Сахара шетсіз-шексіз. Түрлі табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң әсерге әсер қосады. Дала жомарт.
1276 Түздіктер онан да жомарт. Олармен біте қайнасқан басшылар іштей кеңіп, еңбектің бейнеті мен зейнетіне төселеді. ...Қалың ойдан серпілген Ырысбек Бидәулетов машинаға отырды. Пенсияға шыққан кәрі шешесі, дүкенде істейтін әйелі, үпірмелі-шүпірмелі алты баласы шығарып салды.
1277 Машина бірде жөңкісе, бірде мөңкіп, ырғалаңдап, сілікпесін шығарады. Бұл Бидәулетовтің бірінші көрген құбыжығы емес. Оның ата-бабасы ұшан Арқаны салт атпен шарлаған. Оған қарағанда темір көлікке шүкіршілік. Екі жүз шақырымнан асатын жолдың бұралаң-бұлтарысы алда әлі жиі.
1278 Күтіп алушыларды жақсы көретін мінезім бар. Қоштасу – қынжылыс. Қауышу – ғанибет. Қош-тасу – сұрау белгісі де, қауышу – леп белгісі. Бұл, әрине, әзіл. Шынтуайтқа келсек, көбейіп шығып, жалғызданып келуді қалайтындар бар да, дара шығып, дүрмекпен келуді дұрыстайтындар бар.
1279 Мен көзбен официантканы іздегенде, Жайдарбек саусақ сыртылдатып шақырады. Ас тасушы әйелдер туралы, мінез-құлықтың жағымды-жағымсыздығы туралы, шаштың сәні туралы әңгімелесеміз. Бірде тоғысып, бірде ажырасып, залдың гу-гуін, даң-дұңын жеңген іспетте барған сайын сөзуарлық күшейе бастайды.
1280 Ал, бірақ, сол кеште Алланың жаны қалай шалқығанын, балдай тамылжыған лебізінің тұла бойға қалай сіңгенін болжауың қиын. Сыңсыған махаббаттың ыстық сағынышындай назды, мұңды ән баурады ма, жоқ, әлде, сәмбі талдай бұралған сары қыздың көркі ерітті ме, ол арасы маған әлі күнге шейін қараңғы.
1281 Поезд ырғала қозғалып, бірте-бірте жүрісін үдетті.Жұмсақ вагон баяу шайқауды шығарды. Мен тамбурға шыққанда, кәдімгі сартыл-гүртіл де басылып еді. Неге екені белгісіз, ішім ұли бастады. Жайдарбек Ақшолақовтың бастан кешкен халі қаңқадай қараңдап, аруақтай ағараңдап, көңілімді елегізітті.
1282 Баяу басталатын қоңыр ән барған сайын сағымдай шалқып, балдай тамылжып, үн жетпестік жіңішкеріп үзілгендей болды. Тарихта талай жанды табыстырған, ажыратыстырған сиқыр ән бүкіл әлемнің ең шырайлысындай елестеді. Жайдарбек Ақшолақовпен ертең Еділдің үстінде әңгімелесуді ішке түйіп қойдым.
1283 Тарлан тарихтың түбінен тартылған ой бой бермей, сөйлем созылып кетті. Аяқтар сәтте әлденеден күдіктеніп, жоғары қиғаштай қарады. Осы үйдің тұсынан өтіп бара жатқан біреуге көзі түсті. Бешпентін қарына ілген жігіттің ту арқасынан жауырыны мен басы көрінді. Бейне бір мойны жоқ адамдай.
1284 Үні тозған тарланның шошынған сөзін естігендей, Таңсықбай артына бұрылды. Екі қабат дербес үйдің әшекейлі маңдайшасына көзі түсті. Кіді бұрылып, профессордың кабинетін шолды. Шілденің шаңқан түсінде бөлме іші сәулеге толы еді. Профессордың орнынан тұрып кеткенін байқады.
1285 Лұғманов бүгін кеште шалғай облыстың шығандағы бір ауданына жүрмекші, жер қазғанда табылған қызық деректерді өз көзімен көріп қайтпақшы. Таңсықбай ертерек келсе де оқасы жоқ еді. Кәрі жеңгесіне қолқабыс тигізудің, өзімсудің айып-шамы жоқ-дүр. Бірақ бұл иттің өзі тым тыраш.
1286 Бұл күндегі тіршілік – шымшымдаған шықпа жанымның аз-ақ алды. Әрине, кәріге қарағанда, жастың қызуы күшті. Әрине, жастың қазынуы терең. Әрине, ғылыми жұртшылықтың ықыласы енді Таңсықбайларға аумақ... Лұғмановтың костюмында қисап жоқ. Әр маусымның киіміне әр шкаф арналған.
1287 Өзі ашып, ақ-сұр, көк-сұр, қошқыл-күрең, сары-күрең костюмдардың қайсысын киюді ойлап тұрды. Аса сәндісін кисе, қонақтардан бөлшектеніп кетпек. Ең қорашын кисе, жорта қораштық жарамсыз болмақ. Сұрыптай келе орташасына тоқталды. Әрі кешке осы күйінде жолға шығуды оңай көрді.
1288 Көйлекті де үйлесіміне қарай таңдады. Талай буынның көзін көргенӘмір Лұғмановичтың қай заманда қалайша киінгені есіне түсті. Сән де, салтанат та өзгеріп тұрады. Игі қауымның санатына кірген баяғы бір кезеңде, осындай шалқыған сары жазда, астары ақ жібек қара бешпент киюші еді.
1289 Одан бергі бір заманда белбеулі жібек көйлектің өзі сәнге жүрді. Одан бірде чесуча деген шықты. Бұл күндері не киемін десең де еркің. Сайқымазақтарға лайық күлді-бадамнан, ала-бажақтан басқаның бәрі профессорға баршылық. Ғалымға киім-кешек талғау келіспейді дегенге Лұғманов бүтіндей қарсы.
1290 Жаппай өскен заманда, екінің бірі ғылымға талпынғанда, сәнхананың арнаулы журналы тарағанда киім мұнтаздай болуға керек деп ойлады. Шалбардың қыры түсіп, көйлектің жағасы сынса, инабатты кісі үшін үлкен мін. Ол түгіл, Лұғмановтың түйсінуінше, киім-кешегі таза жан таза ойланбақ, таза жазбақ.
1291 Аулаға бәрі бірге кірді. Бұлардың алдынан малай шықпай, бәйбішенің өзі шықты. Шетінен шытырайып киінген зиялылар семіз сары бәйбішенің қолынан сүйіп жатты. Ләтифа ханым толық денесіне шәркез нәзіктік көрсетіп, келіншекше майысты. Күлгенде, алтын тісінің сәулесі көз тартты.
1292 Пысықсымған біреуі шойыннан құйылған бүркіттің күміс тырнағын мақтамақ боп еді, ешкім қоштай қоймады. Әмір Лұғмановичтың өзі алыстағы әлденені еске түсіргендей, сол көзін қысып, ауыр ойлағанда бетінің әжімі қоюланды.Оның қас-қабағындағы осы құбылысты әркім әр-түрлі жорыды.
1293 Сыздаған бітеу жараны жасыруға тырысып, айтылмыштың әммесін ішке бүгіп, ширығып отыра берді.Әмір Лұғманович қонақтардың ырғасын түйіткілсіз түсінеді. Дөңгелек жүзіне біткен дөңгелек көзі шүңгіл көзге бергісіз көреген. Боранбаевтың ызадан ісінуге бет алғанын айна-қатесіз көріп отыр.
1294 Біріншіден, ұлттық есімі бертінде болса да, тегі тым әртіндегі қазақ халқының тарихына тікелей төрелік айту астамшылыққа жатпақ. Екіншіден, қырық жыл бойына үздіксіз еңбек еткен Әмір Лұғмановтың сансыз шығармасының атаусыз қалуы, талапкердің ақжүректілігіне шәк келтірмек.
1295 Ежелгі тарихшылардың сирек мұраларын соқтығыстыра саралау Боранбаевтан басталған үрдіс емес шығар! Профессордың өз басы ежелгі грек шежірелерінің қайсыбір нұсқасын қағас қалдырса, ертедегі француз ғалымының этрусстар турасында жазған кітабынан бейхабар болса, бұған заман кінәлі.
1296 Таңсықбайдың жүйкесі саябырланып қалған екен. Әжуалаушыларға қызарақтамай, байсалды жауапқа көшті. Таңсықбай тергеуге жауап бергендей немесе айтысқа уәж қайырғандай сөйлеген жоқ. Тырнақтап жиған-тергенін, аңыздан естігенін қиялдың елегінен өткізе, өз күдігін өзі арши сөйледі.
1297 Салттың еркіндігі, частушка мен терменің ұқсастығы, ән-күйдің ләззәттілігі екі елге ғана ортақ па екен? Уәж тосып дағдыланған зиялылар жапырыла Таңсықбайға қарасты. Таңсықбай күлді. Күлкісінде осынау игі қауымды менсінбеген керенау тәкаппарлық бар еді. Профессор кіржің ете қалды.
1298 Қалайша аяқтау ләзім? Терең талдауға барса, көнерген көп-көп томдарды, Толстовтың еңбегінен бергі отыз жылдың беделінде ашылған жаңалықтарды ақтаруға тура келер еді. Оған пұрсат қайда? Таңсықбайдың жерден тапқаны алтын ба, жез бе, оны сараптауға уақыт та, қуат та қажет.
1299 Оның ойынша, қазақ зиялылары – дағбырттың құлы. Бәтуаласып қойғандай бәрінің бір беделдің құйысқанына қыстырылуында осындайлық сыр жатыр. Ертең Таңсықбай Боранбаев ғылыми зор атаққа іліксе, осы отырғандар оның ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс көрмек. Бүгінгі келемеждескенін ұмытпақ.
1300 Бұдан әрікетсе тыңдаушының да, ұғынушының да сирей беретінін біліп еді. Жас мөлшеріне қарамай, ол сұмдық салмақты сөйледі. Әмір Лұғмановичтың сапарының сәтті боларына, мойны қашық ауданнан ғылыми олжамен оралғанда осынау жақсы мен жайсаңдардың түгелдей алдынан шығарына кәміл сенетінін айтты.
1301 Қақаң-соқаңмен ісі жоқ Әбікеннің асырмай, жасырмай, бипаңдатпай баян еткен жабайы жәйттері Сәкеннің көкейіне түгелдей жуық қонды. Әлі мауқы басылмаған ежелгі екі таныс кабинетте қатар жатып, түн ортасына шейін сөйлесті. Әбікен ұйқыға кеткесін де, Сәкен көпке шейін мызғи алмады.
1302 Күтпеген кездесудің ғанибеті көңілге елегізу салды. Баяғы бір күндер көз алдынан өтіп жатты. Сарыарқа мен Түркістанның екі арасында Совет өкіметін орнатысқан жылдары сахарада Сәкенге ерген, онымен бірге бұйырған тұз-дәмді татысқан жандар көпті. Көбі-ақ батырлар, саяткерлер, әнші, күйшілер еді.
1303 Тау бөктерін жайлаған қалың елде шонжарлардың зәресін алған қызыл комиссар Сәкен болса, қызыл комиссарға қолқанат болған осы Әбікен Хасенұлы. Жаңа салттың алғашқы сауық-сайранының ұйытқысы да осы Әбікен. Қыз-қырқын, жігіт-желеңді, көңілі тірі кәрі-құртаңды күймен қырған домбырашы.
1304 Бірақ түстікке шейін шыдай алатын емеспін. Қане, Әбеке, біраз домбыра шертші, – деп, серванттың сыртындағы қалтарыстан қара құндақты домбырасын алып берді. Көшпелі елде Әбікеннің өзінің домбырасы да көбінесе құндақтаулы болатын. Бірақ мына домбыраның құндағы рабайсыз ұзын екен.
1305 Әбікен домбыраға шұқшиғанда, Сәкен кең бөлмені әрлі-берлі қыдырыстап кетті. Бала жастан домбыра тарта тұрып, Сәкеннің өзі шек байлай білмейді. Әбікеннің етшең, доғал саусақтарының кербез домбыраның мойнына кенедей жабысқанын, көнтерлі ернінің етікшінің ерніндей жымқырылғанын қызықтап бір өтті.
1306 Домбыра да алғашқы аптығы басылған тарпаң тұлпардай әсем ырғаққа ауыса берді. Сәкен күйшінің үстіне кіруге батпады. Осы жерден тыңдағанның өзі қызық сияқты. Құлағына жетпей үзілген дыбыстарға салауат айтып жатыр. Бір кезде ол орнынан тұрып, аспалы, қоңыраулы телефонға қол созды.
1307 Дүйсенбі күні болғандықтан, шақырған кісілері қаладан түгел табылып еді. Бірақ бәрі бірігіп келмей, үздік-создық жиналды. Бұл уақыттың арасында Сәкен домбырашыны қыстамай, өзіне ерік беріп қойған. Бір-екі мәрте ғана өзі бала кезде естіген бір-екі жабайы күйді қайталап тартқызумен тынды.
1308 Жайшылықта Сәкен домбыра тартқанда сүттей ұйып, сілтідей тұна қалатындардың көбі, енді басқа, нағыз тоғышарлардың өзі екен. Сәкенді он орап алатын маман күйшінің орындауында «Қосбасардың» нұсқаларын ұғынбаған саңыраулар осы сәтте құрқылдаған тауыққа ұқсайды. Сәкен жымиып бір күліп алды.
1309 Әбікен шаршап қалған екен. Орамалмен маңдайының терін сүртіп, қалжыраған саусақтарын сілкіп-сілкіп қойды. Екінді кезінде жұрт тарқай бастады. Сәкеннің қасында екі-үш-ақ адам қалды. Сырластың сырласы осылар еді. Сәкен өте-мөте жадырап, күйтілінің шежіресі туралы шешіле сөйлеп отырды.
1310 Әбікен ширағысы кеп, шай алдырып ішті. Бағанағы абыржу, сасқалақтау жоқ. Жүйкесі сабырға орнығып, сенімге бекінген күйші осы отырған жақсы мен жайсаңдардың үзеңгі жолдасындай байсалданып, домбыраны өңгерді. Бұл жолы құлақ күйіне іркілмей, бірден қолқалы «Көкейкестінің» өзіне кірісті.
1311 Ерсілі-қарсылы қағылған астыңғы шек «тау-тауу-тау; тауу-таулап» біразға шейін қоңыр қаздай қаңқылдап тұрып алды. Алысқа аңқылдар арманның иірім-иірімінде үстіңгі шек жібектей жұмсақ үн қосып, дыбыстар бірте-бірте жиілеп, қосқабаттанып, неше түрлі сурет пен сезімді сапыра бастады.
1312 Бара-бара саусақтар төмен құлдилап, қос ішекті алма-кезек шалып, шымши толғап, ашындырып, бебеулетіп жіберді. Саусақтар көз ілеспес жылдамдықпен сағаққа қарай өрлегенде, саумалдай сіңімді дыбыстар көкірекке құйылды.Сәкен елтіп қалған. Музыка сазын сыршыл өлеңнің тіліндей қабылдап отыр.
1313 Домбырадан өткен өмірдің қызығы мен қуанышы құйқылжып, қырық құбылып, жастық шақтың назы төгіледі. Осының қабатында сиқырлы сұлу ызыңдар Сарыарқаның қоңыр желін, көгілдір самалын елестетеді. Беті жыбырлаған кер бетегелер, үкідей желбіреген ақ селеулер, көкорай шалғындар Сәкеннің көз алдынан өтеді.
1314 Дүбірлеген дыбыстар қара дауылдың екпініне ұқсап, үрей ұшырды. Бірте-бірте жібектен түйген түйіндей көркем шалыс басталып, домбыра ыңқылдауды шығарды. Бағанағы ақжелең дыбыстар сарғайып, қоңырланып, балаусалық ширыққандай, саумал ашығандай, ащы үйірімдер дүбірлеп кетті.
1315 Сәкен шалқақ қарап, өткен заманға ой жіберіп, сазарып отыр. Күйдің осы сарынмен үзілуін қалағандай да еді. Бірақ күй шіркін мұңлы минуттың ырқына көнбей, қайтадан құлпыра бастады. Қаралы сұлуқырмызыға қайта оранғандай, аққудың әуенімен сүйінші сұрағандай, ерекше бір нәзік саз баурады.
1316 Созақ малдарының егізден төлдеуі де кездейсоқ нәрсе емес-ті. «Семіздің аяғы сегіз» деген рас. Теріскейде түлеп шыққан төрт түлік малдың түгінтартсаң майы шығады. Қойы құйрығын, түйесі өркешін көтере алмайды, жылқысының жүні құндыздай жалт-жұлт етеді, сиыры семіздіктен мамырлап, аяғын баса алмайды.
1317 Ол өзге малдардан гөрі нәзіктеу келеді. Осы малға менің ықыласым әбден ауып кеткен-ау деймін, сірә! Жануарларды көзімнен екі елі таса еткем жоқ, ертемен өргізіп, түске дейін жайып-жайып аламын да шаңқай түсте су басына алып келемін. Суға қақпайлап түсіремін. Өйтпесең өкпе болады.
1318 Ол зиян. Ал, қыста осының керісінше бағу керек. Сонда қойға суық өтпейді. Түнемеге келгенде цемент қорадан тас қора жақсы, тас қорадан шом қора игі. – Ол сөзін жалғайды. – Шопанның ауыр мехнаты қарашадағы ықтырмадан басталады да мал төлдетумен аяқталады. Осыдан кейінгі мерзімге өкпелеу орынсыз.
1319 Тәжірибеде кездесе бермейтін осынау дәйек кездейсоқтық нәтижесі емес, ерлеген еңбектің нәтижесі. Бұл совхоздың жылқысы жазда Арқа ауып, бидайық пен көдеге отықса, қыста Шудың қамысын, Үшкөкшенің құмын паналайды.Әлбетте, қорда жемшөп болады. Құмда кіржамбаз қар жеп қаталамас үшін құдықтан суғарылады.
1320 Баяғы шеген құдықтың орнына моторлы құдықтар бар. Оның астауы да таза. Теріскейдің жонында шөл жоңышқа егіледі. Жылқы үшін ең құнарлы қорек те осы. Тек, осы жоңышқаны кей-кейде жекеменшіктердің түнделетіп тасып әкететіні өкініш.Тиісті орындар мықтап қадағалайтын бір жәйт осы.
1321 Аралары жал-жал, шағыл, қобы, ойпаң боп жатады. Осы құмдарда – Мойынқұм, Үшкөкшеде – соғыстан кейінгі жылдары профессор Яковлев бастаған ғылыми экспидиция зерттеу жұмыстарын жүргізген-ді. Зерттеудің нәтижесінде бұл құмда сегіз миллион бас мал ұстауға болатыны анықталған-ды.
1322 Боз жусан, қара жусан, көкпек жусандар шағырға, изенге ұласады. Бидайығы – қара бидайық, боз бидайық, қызыл бидайық боп бөлінеді. Ең құнарлысы қара бидайық. Оған әсіресе желдіаяқ жылқы өш. Теріскей қияға бітетін қалың еркек бидайдан да құнарлы. Сол себепті онымен бәйге атын жемдемейді.
1323 Құс атына байланысты мен– Жоңғарқалмақтарымен, қытайлармен, ирандармен шайқастан пайда болған қорымдар осы. Әрқайсысының қаралы есімі де бар. Көпшіліктің көсеміне айналған батырлар мен білімдарлардың күмбездері баяғының белгісін тілсіз сақтаған.Теріскей – Қаратаудың сауыры мен бауыры.
1324 Майдабеттің сазында «Шопандар күні» өтіп жатты. Бұл күннің не екенін сіз білмейсіз. Малшылар осы күнді қыс бойы аңсайды, көктем бойына осы күнге дайындалады, жаздың алғашқы айы тынымсыз тықыршумен өтеді. Біреулер ат суытады, біреулер өзін суытады, енді біреулер ән-күй суытады.
1325 Осындай күнге кезіккен Жанай Сыпақов алғашқы күнді қызықтаса да, таңырқамады. Тойға алқа-қотан тігілген киіз үйлердің ортасында өткен жиын, жасалған баяндама, сөйлеген сөз, озықтарға көрсетілген сый-сияпат оған бұрыннан түсінікті. Бұл жолы өзі де құттықтау сөз сөйлеп шықты.
1326 Астананың ғалымдары атынан сәлем жолдағанда жұрт оған жапырыла қол соқты. Кешке қарай, ауданнан ілесіп келген кісілердің, жергілікті совхоз басшыларының ортасында сұқбат құрысты. Олар ат шабыс, сайыс, күрестерді ертеңге, той-тарқар күнге қалдырып, «бүгін малшылар білгенін істесін» дескен.
1327 Талай жерді шарлап, талай елді көрген Жанай Сыпақов биыләдейі арнап келген осы өңірдің, оның ішінде осы Майдабет сазының, өзіне ерекше ыстық екенін біледі. Осы үйдің маңдайшасынан оқта-текте сығалаушы әйелдердің сыбырынан өзінің аса таңсық қонақ боп оралғанын да байқайды.
1328 Ағайын-жекжаттың, жүз таныстың еркінсінгендері ғана келіп, сәлемдесуге жарағанын біліп отыр. Жанай тойға келе сала қарапайым көпшіліктің ішіне қойып кетем ғой деп ойлаған еді. Іс жүзінде олай болмады. Қауымның шарты бағындырды. Серіктері көп. Бәрін ертіп жүру қолайсыз сияқты.
1329 Күндіз қолпаштап, жиын басына отырғызды. Енді әзіл-оспақтан ұтып, құлықсыз ойынға отырғызып қойды. Ойын атаулының уақытты ұтқыштығы белгілі. Іңір болып қалғанын Жанай киіз үйде жағылған электр шамынан байқады. Жарықта жұрт қыза түсіп, қолы босағандары керден кесемен қымыз сіміріп, шылым шегіп жатты.
1330 Қойшылардың ортасында әндетіп жатқан – қыз-қырқын. Бұлар барса, қысылып-қымтырылып қалуы мүмкін. Одан да, қызықты үзбей, осы жерден тыңдағанның өзі ақыл, десті. Бұл екі арада ән қайта шырқалды. Еркек салуға, әйел салуға лайықты әндер болатынын Жанай білуші еді. Мынау соның соңғысы сияқты.
1331 Екі дауыс қосылып, әннің нәзік бұралаңдарын егіз нәшпен келтіріп, жүректің қылын қытықтап барады. Жанай картасын көлденеңнен қызықтаушының бірі – мес қарын бухгалтерге табыстап, өзі тысқа шығып кетті. Іңір қараңғылығының қоюлығын көтерілген айдың нұры сұйылтып, дүниеге кілегей шырай бітіргендей.
1332 Үйлердің есігінен, керегесінен,жапсарынан электр сәулесі жылтырайды. Шетте болар-болмас дүрсілдеген движоктан қызыл шоқ ұшқындайды. Жанай керіліп, аспанға қарады. Толған айға шашылған шашудай, жұлдыздар жана бастапты. Ән қайта шырқалды. Сөздері өзгерсе де, өзі өзгерер емес.
1333 Қайта-қайта «уайдай» деп қайрылуынан әннің есімін де анық біліп тұр. Бала кезінде, дәл осындай бір кеште, дәл осы Майдабеттің сазында, құлағына сіңген, көкейіне қонған әні осы. Ең алғаш қызыққан ән, аяулы әні де осы. Жанай осынау әнді алғаш рет кімнен, қалай естігенін ойлап тұрды.
1334 Есік алды қара су майдан болсын, уайдай, Құрбылардай қимайтын қайдан болсын, уайдай...Бағы заманнан бері шырқы бұзылмай келе жатқан «Жар-жардың» сөзін бұзып, өзінің өкінішін қосқан бикештің өлеңіне намыстанған қүйеудің, күйеу жолдасының қызарақтағаны Жанайдың ойында қалып қойыпты.
1335 Күн ілгері қамданып, өлең, әндерді үйір-үйірімен ішке сақтап жүретін жігіттер сынақтан сүрінбей өтіп, қалаушы қызбен сүйісіп жатты. Алдыңғылардың әнін, сөзін қапылыс қайталап, немесе, сүйекке сіңіп қалған «қымыз» бен «қызды» қапылыс атап, қатындардың дырдуына түскендер де бар-ды.
1336 Қатындарға салық төлеп, немесе уәде беріп құтылғандардан қыздардың қарақұлақ көргендей қашақтағанын Жанай он екі жасында аңғарған. Ойынның аяғында кәдесіз қалған қыз – Тотай ғана еді. Жасауылдың бірі ырымын жасап, құлағына сыбырлағанда, әккі бойжеткен оңай құтылмақ үшін Жанайды қаламасы бар ма.
1337 Апарыңдар қызға. Сыпекеңнің үйінен бір көкпар шығаратын болдық, – деді басқарушы. Екі жасауыл баланы екі қолынан ұстап, қалаған қызға қарай алып келе жатты. Осы сәтте ай да шарбы бұлттан шығып қалды. Жұлдыздардың ортасында толықсыған айдың сәулесінде әдемі қыз уылжып тұр.
1338 Шашу боп шашылғандай самсаған жұлдыздар да түгел күлісті. Сол түнгі жаңылған әнінен осы маңға атағы түгел шыққан Жанай осынау Майдабеттің сазына қисапсыз көп жылдан кейін ораларын ойлаған ба. Сондағы бұлттардың жапсарынан сығалаған айдың сырын біліп ораларын болжаған ба.
1339 Бала қиялында неше түрлі қызықты жорамалдар туғызатын жұлдыздар да бұл күнгі Жанайға мүлдем басқаша әсер етеді. Ал, айыңыз тіптен мұндағы дүние боп шықты. Егжей-тегжейлі зерттелген құрлық, теңізіне шейін, суреті тартылған арғы бетіне шейін белгілі. Жанай бейне бір басқа планетадан ұшып келгендей.
1340 Тек, жадында сондағы Майдабеттің осы сазы, сондағы осындай түн, сондағы осындай ай мен жұлдыздар қалғандай. Соның ішінде балауса жүректі алғаш әлдилеп, алғаш махаббатқа талпындырған «Уайдайдай»әні көп әндердің ішіндегі ең жақынындай, ең жайлысындай, бірден-бір шипалысындай әсер етеді.
1341 Жанай ән туралы ойлап кетті. Дүниеге талай ән келеді. Бірақ тұрақтайтындары аз. Бір айлық, бір жылдық өмірі барлары көп. Тіпті, көбелектей өмір сүріп, жалп ете қалатындары да жоқ емес. Кейі бақырауық-шақырауық келеді. Кейі жарасымсыз бұралаңдап, биге жерік бикештерден басқаға ұнамайды.
1342 Жалпақ жұртқа жағатын әндер аз болса да саз болатынын, ұзақ жасайтынын Жанай біледі. Әсершіл, таза жүректерге тамыр жайғандықтан кеселге ұшырамай, ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын әндердің арманы не екенін ғана білмейді. Жанай осылайша ойға балқып тұрғанда, оқыс шыққан дауыстан селк ете қалды.
1343 Төрден қағысып орын беріп, бәрі назар аударысты. Күн сасуларына қарағанда, кілең қойшылар сияқты. Бойжеткен қыздарына шейін, жігіт-желеңіне шейін күнқақты. Тар шалбарлы Жанай өзгелердей малдас құрмай, жантайып отырды. Осы ортада ерсілеу екенін білсе де, басқа лаж таппағандай.
1344 Абырой-атағыңды естуліміз. Бағана күндіз даусыңды естіп, көңіліміз босады. Шақырудың ретін таппай отырғанда, өзің келгенің тіптен дұрыс болды. Жанай серіктерінің бір қора екенін, қолының босағаны осы екенін айтып өтті. Мақалдап-мәтелдемесе де, орнықты сөзі кәрілерге де, жастарға да ұнағандай болды.
1345 Қыздың бірі сары, екіншісі – қара торы. Біріншісінің үні ашық, екіншісінің үні шамалы булығып шығады. Екеуі ұласқанда жағымды иірімдер тудырып жатыр. Сары қыздың көкірегі дүрс-дүрс ететіндей сезіледі. Жанай оның реңін шырамытқандай болса, даусынан әлде бір таныстық тапқандай.
1346 Жанай байқайды, үні ашық сары қыз бұны сыртынан жақсы білетіндей, бұған іш тартатындай. Ауық-ауық өткір көзін аударып қарағанда, бастаңғы наз танытады. Даусы да бұрынғыдан әсемденіп, шырайын қоюлатқандай. Тосын қонақтың іші-бауырына шымырлап кіріп барады. Жанай естігенін жасыра алмай отыр.
1347 Жанай қысылып қалды. Баяғы оқиғаны бұлардың осы күнге шейін ұмытпағанын іші сезді. Енді, мына сары қыздың кім екенін де білді. Бәсе, түсін шырамытып, даусын танығандай боп еді-ау. О, шіркін дүние-ай, өмір деген осы екен ғой... Неліктен екені белгісіз, Жанайдың сусын ішкісі келді.
1348 Ол қызғалдақша құлпырып, шыбықша теңселген қыздарға қызыққанын, немесе көңілдің қимасын қажаған сазды әнге қызыққанын ажырата алмайтындай. Ел жатар шақта Жанай жолдастарына қайтып келе жатты. «Уайдайды» ұзақ сыңсытқан сары қыздың шешесі есіне түсіп, қасындағы бухгалтерден сұрады.
1349 Колхоз басшылары тайлы-таяғымен ауданға кетіп, пешенеге бұйырғаны осы болды. Жол бойында айтылған есеп-қисаптың әңгімесі зиялы жігіттерді қызықтырмады. Кенжемұраттың бөгде кеңестен шертетіні – әкесі Айтақ пен оған тетелес Мәлкенің өткен-кеткені. Айтақ бұрынғы белді қызметкер де, бүгінгі пенсионер.
1350 Желбуаз жұрттың аңыз ғып жүргені біртұтам қамыс. Сыбызғы таңсық болса, мынау шоқ қамыстың жуанынан кесіп берейін, – деп бұрандалы шаппасын жазды. Екі журналистің арасында кикілжің басталды. Бірі Кенжемұраттың ұсынысын қуаттап, оның әкесінің үйіне бұрылуды, жайлауда аунап-қунауды жөн көрді.
1351 Төр дейтін төр де жоқ еді. Лашықтың іші аңғал-саңғал. Бұйымы көз тайдырарлық. Көнетоз сәндіп көрпесі мен кұс жастығынан басқасы – аңның терісінен жасалған саудырақ. Босағадағы қом-құрым шоқпыт. Қасындағы қақпан да сұрықсыз. Отбасында жатқан насыбай тостаған ішінен көгеріп, өңезеленіп кеткен.
1352 Сырттағы ілтифаттан айрылып, бөкен бөстектің үстінде тұнжырап қалды. Бурыл қасы төгіліп, қара-сұр әлпеті карауыта түсті. Көзіне ақ түскен шотыр әйел қыбыжықтап, отбасында күйбелендей берді. Әйел босағадағы күбіні пісіп, сыры қашқан зеренге сусын кұйды. Ашыған қымыранның иісі аңқыды.
1353 Жолсоқты боп келген кісілер көз шырымын алмақ боп жастыққа қисайып еді. Кенжемұрат пен Әшрафи тәтті қорылға басты. Теріс айналып, жалаңаш іргеден тыныстап жатқан Дәріпбек тез мызғыды. Түскі ұйқы сергек. Үй иесі мен әйелінің күңкіл-шүңкіл сөзі құлаққа шала-шарпы шалынып жатты.
1354 Бара-бара бөгде сөз көрген түске айналды. Екеуі әлдекімнің аты-жөнін долбарлайма-ау, киімін сөкет көрісе ме-ау, шай-пай жабдығын ойласа ма-ау, әйтеуір басы бірікпеген күйбеңді ермек етіскендей боп отырды.Үйқыдан басы меңгіп оянған Дәріпбек Тілеуқабылов тысқа шығып қыдырыстап кетті.
1355 Қара көл десе, дегендей. Айналасы ат шаптырым көл шалқарлана дөңгеленіп жатыр. Ортасы тұп-тұнық, қара-қоңыр. Көл жағалай біткен қызыл-күрең тал қара үйірімді алыстан әдіптеп, дөңгелентіп, әдемілей түседі. Әлден уақытта су жағасына Әшрафи келді. Оң қолында – қос ауыз, сол қолында – қасқалдақ.
1356 Тез оралғаны сауап болды-ау! – деп конақжайлылықты мегзеп өтті. Маңдайы қалың, мұрны жалпак, ерні түрік қыз жабайы түрпетімен түйсінтті. Негрдің әйеліне ұқсас Шәркен бүйірі тоқ ала қоржынды күбі түбінде ашып, қойқалаңдап, теріс айналып кетті. Бұл екі ортада Шәркеннің әкесі ұяң райға ауысты.
1357 Өзі ешкінің сүтіне өш. Ішектің бүрі қашқанмен шұбат құмармын. Бота сою – әрине, қазақ рәсімінде жоқ. Сөге жамандамассың. Мәлке ас ішіп болғанда кәдімгідей тершіп, бусана жадырады. Бара-бара керіліп, кербезденіп, сөз орайында бурыл қасын қағуды шығарды. Бұнысы – кәрі кісі үшін тым ерсі еді.
1358 Әшрафиге Дәріпбектің жыны келіп отыр. Аузымен орақ оруын осы жерде де тастамайды. Қағытпайтын адамы жоқ. Соған қарап мықты дейін десең, жазғандары – бұтып-шатпа, балдыр-батпақ... Сырт қарағанда мірдің оғындай сөздерді әркімнен олжаланып жүргенін Дәріпбек бес саусағындай біледі.
1359 Пенде бір ақтарылса, осындай жағдайда, сары жаздың рақатында ақтарылар еді. Бел шештірмес ызғарда әңгіме лаулатып, сұрапылда ән шырқап, боранда махаббат сазын төгетін қазақты Дәріпбектің естуі бар да, көргені жоқ. Көрмегенге көңілі күпті. Өсірме сөзден құтылудың жолы – желке қасу.
1360 Тартылған езу, күлімдеген көзді бағдарлаудың орнына Нұрғалиевтің өзі көзі күлімдеп, езу тартады. Осындай сыршылдан не үміт, не қайыр?! Соңыра ол астанаға оралғанда көл жағасындағы жалғыз үй жайында, сөз жоқ, жазады. Көрген-білгенін, естігенін өзіне керектісінше көсілтеді.
1361 Шыңыраудағы шындықпен жұмысы жоқ. Шала піскен сүттің көпіршіген көбігіне тамсанушылар да табылады. Бұндайдан хабары жоқ Мәлкенің өз әлемі ішінде. Ол әр нәрсені өзінше түйсінеді, өзгеше таратпайды: өзінше түйеді, өзгеше шешпейді. Осы сәттегі тұнжыраған қалпында не ойлап отырғаны қараңғы.
1362 Күлкісінәрең теткіген шал өзінен-өзі шешіле бастады. Ол Таңбалы тастың түбінде бастау барын, аш бөріше жортқан шағында бастауданталай сусындағанын, ажырыққа ат шалдырғанын тамсана әңгімеледі. Бүйірі қызған кезінде бастан кешкен шырғалаң әр тұстан қылаңдап, куәлі бейне бере бастайды.
1363 Шалдан шым-шымдап сыр тарта бастады. Өз елінің суытаяқтарын жорта мақтап, қызғаныш, бәсеке сезімін оятпақ болды. Шал қақпаннан карғып өтетін әккі қасқырдай аңыс аңдап, қолқ ете қалар тұсын таптырмады. Жанама сұрауға құлақ аспай, қайта Әшрафидің өзін астарлай келемеждеуді шығарды.
1364 Ақылды адам із тастайды. Тастақпен жүріп, өзен кешеді. Жылқы кісінетпеудің де тәсілін біледі. Тысқа шыққанда, екіндіден ауып, ауыр еңкейген күн құбыланың өркештенген бұлтына шалғайдан шапақ шаша бастады. Шапақ бірте-бірте күшейіп, қоюланып, қоқты қамысқа тиетін өрттен етек алып бара жатты.
1365 Аттарыңды жынысқа арқандау жөн болар, – деп лашығына беттеді. Күн батумен бірге қарауытатын жабығыңқы үйге шырай кірді. Көптен бері жағылмаған шырағдан жағылды. Сынған шынысы газетпен желімделген еді. Қырын отырған Дәріпбекке Әшрафидің қағаз жапсырған мұрнындай сүйкімсіз әсер берді.
1366 Осындай кірбелең кеште, осындай оңаша үйге кіріп барушы еді-ау! Бұрқылдап қайнап тұрған қазанды аударып, жарықты өшіріп, етін ала қашушы еді-ау! Көзі қарайғандықтан да емес-ті. Қойдың құйрығынан бір асау үшін қораға түсетін қасқырдың қаныпезерлігіндей бір жат мінез еді.
1367 Жалғыз жортқанда тақырдан илан, құмшауыттан көсік жеп жүрек жалғаған Мәлке жабайы қонақ пен тау тарыны бұйырған несібеге балаған-ды. Қүні бүгінге шейін кей-кейде шай-шөптен шай қайнатып, кермек қышқыл дәмін тамсанады. Қозықұйрықтың, сарымсақтың, жуаның қырқұлақтан құлантаза айықтыратынын біледі.
1368 Атқамінермен ашық атысуға дәрмен жоқ. Қараңғы түнде атқа қондым. Осыдан екі кештік жерде ұшы-қиырсыз жон бар. Қалың ел күнгей, теріскей беттерінде отырады да, жонның үсті құлазып жатады.Сол жермен атымды көсіле аяңдатып келе жатқанымда әлдеқайдан сыбызғының даусы құлаққа шалынды.
1369 Жауға айналған жұмбақшы серіппелі сойылын сермеп қалғанда сол жақ иығыма тиіп, қолым ұйып сала берді. Атым жарау еді. Алдыңғы екі аяғымен қарғығанда есім кіріп, шаба жөнелдім. Жау қуып берді. Шамалы шапқанда, мені намыс биледі. Көкпардың төбелесінде қайрыла соғысатын әдіс ойға оралды.
1370 Бірақ басқалармен талай кездестім. Тек, олармен соқыр сабаласқа түспей таңсық тілде табысып жүрдім. Шалғайдан сыбызғы әуенімен орайласып, беттескенде шартты тілде түсінісеміз. Бірте-бірте төл тілге ауысып, сырласамыз, мұңдасамыз. Ажырасқанда, сыбызғы шалысып, үні үзілгенше коштасамыз.
1371 Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға карап тұрды. Қасына келген қонақтарға сүт пісірімдей уакыт өткенде танық сыр жарды. Ол үркердің толықсыған кезі осы кез екенін, құс жолының жоғалуына екі ай қалғанын, құйрықты жұлдыз бен жарық жұлдыздың қашан, қалай жылжитынын, жеті қарақшының мекенін айтып өтті.
1372 Ағып түскен жұлдыздың жер бетіндегі жәндігі құйттай құндызға ұқсайтынын, кей-кейде зеңгір көктегі ақпалардың сеңдей соқтығысып, сыбызғыдай сыңситынын өсіре дәріптеді. Ақбоз ат, көкбоз аттардың көрінуіне әлі алты ай барын, олар қырын туса аспан шатырлайтынын көріпкелше баян етті.
1373 Жіті бақсаң, екеуітаразының басын тең басқандай теңселіп тұрады. Егіздің қарасы өшкенде, Есекқырған туады. Түздіктің тағы тәжірибесі әркімге әртүрлі әсер етті. Иланғаны, сенгені, сенбегені өз ойын ішке бүгісті. Күнілгері бәтуаласып қойғандай, үшеуі де бір сұраққа жармасты.
1374 Артта арасы алшақ алуан-алуан асу қалды. Соның бәрі жапан далада жортуылда өтті. Осы көл ертеде де елсіз еді. Бұл күнде де елсіз. Бұрынғы ну қамыстың орнына балапан тал шыққан. Мұңдас көлден менің сыбағамда қалғаны – сары сыбызғы ғана. Сол сыбызғының ескерткішіне бола әдейі осы көлді сағаладым.
1375 Оны да өзім апармай, қызымнан беріп жіберемін. Ұзын сөздің қысқасы, түстен кейін маңыраған ақсақ қойға ұқсамайын деп, жалпақ жұрттан, қаңқу-саңқудан аулақ оңаша жатырмын. Жанға кіріптарлығым жоқ, садағаң кетейін Советтің заманына арқа сүйеп, өз қызығыммен өзім боп жүрмін.
1376 Ішім пысқан шақтарда түйеге мініп қаңғырамын.Баяғыдабекініпжатқансайлардабекінемін. Баяғыда қарауыл қараған айрықтардан қарауыл қараймын. Баяғыда су ішетін шегенді құдықтардың орнын көремін. Айдалада күбірлеймін, сыбызғылатамын, ысқырамын, айқайлаймын. Өткен күндер басымды бәдікше айналдырады.
1377 Мен жолбарыстай жортып, қасқырдай ұлыған, ботадай боздап, қыздай сыңсыған шақтарымды сағынамын. Сойқанды, сері күндер еске түседі. Берсе қолынан, бермесе жолынан алатын әнжімді Мәлке, мынау аққудай Мәкең кезінде жалғанды жалпағынан кешкен. Мақтанғаным емес, жатағын жеген жаман сиырға ұқсағам жоқ-ты.
1378 Енді бақсам, соның баршасы көкіректе жатқан шоқтың өрті екен. Біреуге тиіспесек ішіміз жарылып кететіндей болған соң жұмыр басты тауға да, тасқа да ұрдық. Бүған балуандық, шабандоздық, серілік қосылды. Қозының құйрығын шикідей асап, тобық жұтқан батырдың көмейі кең, даусының звоты молды.
1379 Атағымды шығардым. Обалы нешік, сенімді серігім бір тұтам сыбызғы болды. Егер шешеден қайта тумақ бар болса, мен баяғыша дүниеге келіп, сыбызғылы ғұмырымды қайталап шығар едім. Сынған бұғана, жарылған бас, кісенделген қол – мен үшін қайталанбас қанибет. Мен осы күнгінің екі аяқтысына қайран қаламын.
1380 Бірақ әлде нелер оның кежегесін кейін тарттыра берді. Көңіл қажаған белгісіз өкініш меңдетіп барады. Шыншыл шалға жаны аши ма-ау, осындай адамды жортуылға баулыған кер заманға қаны қайнай ма-ау, басы жұмыр пенденің адасатын шағы еске түсе ме-ау, әйтеуір, жайсыз сезім бойға дарыды.
1381 Үш адам шағылдың үстіне шыққанда, атысатын батырлардай үш айрылды. Шарттың өзі де осы еді. Жаңа туған ай зеңгір көкке жалқау көтеріле бастады. Ол түстікті орап, құбылаға құлдилағанша неше заман. Осыны болжаған Мәлке асығар емес. Еңкіштенген жауырынын жазуға тырысып шалқайып, бой жазып алды.
1382 Баяғы жортуылды күндер еске түсті. Осындай айлы түнде әр жерден қылаңдап бай ауылды баспалап, қарауыл қарайтын шақ тірі белгідей елестеді. Бір елден бір елге өтерде, құлазыған мылқау сапарда елегізіп, көңіл қамырығып, іш пысып, жортқыш жолдас іздеп, сыбызғы шалатын кездер ет-бауырын елжіретті.
1383 Мәлкенің денесі түршігіп, жүрегі аттай тулады. Ол оқыс елеуреп, өткен күндерін сыбызғыдан іздеді. Сыбызғы болғанда, қурайдан, ағаштан, жезден жасалғанын аңсамай шерліқамыстың тозындысын толғады. Алты тынысты аспап біртіндеп тіл қатып, біріне-бірі жалғасқанда сыбызгы сөйлей бастады.
1384 Ызың бірте-бірте күшейіп, коюланып, құйқылжып, белгілі бейнеге түсті. Тоғыз тарау күннің бірінші тарауы басталды. Тарауда желдің ызыңы, самалдың лебі, кұйынның ұйтқуы араласып, сапырылысқан саз төгілді. Жуанды-жіңішкелі, олқылы-толқылы жанды ырғақтар бұралаңдай құбылып, титыққа тиді.
1385 Сырнайдың сартылдауы, қобыздың аңырауы, домбыраның бебеулеуі тезге түсіп шыққандай нәзік мүсінденіп, асатаяқтың уілдеуіне, шаңқобыздың ысқыруына ұласты. Баршасының ба-сын қосқан шағын да сылқым сыбызғы неше алуан дыбысты, ырғақты, үнді сапырылыстырып, түйсікті дүние тудырды.
1386 Сыбызғы өксіген сәби, аңыраған жесір, уһілеген кәрі, үкілі сал бейнесінде елестеді. Көкіректің деміне кіріптар құйттай аспап қалай ойнатамын десең де еркіңде! Сайрағыш құстың ең кішкентайы бұлбұл болса, сайрағыш аспаптың ең шағыны – сыбызғы. Бұлбұл әнін естіртіп, тәнін көрсетпейді.
1387 Сайын сахараның сыбызғыша сыңсып тұратынын еститін құлақ одан да аз. Шіркін, сыбызғы-ай! Тырнаның тыруын менсінбей, аққудың әнін еншіленген сабаз-ай! Жылан шаққан, бүйі тиген адам тәуіптің таусылмас демінен, үзілмес ысқырығынан айықса, сыбызғыныңқұдіреті одан да асып түседі.
1388 Шырпылар сыпсыңдап, құм сусыды. Мәлке кәрі серігін қайта толғады. Әуенін самал сүйемелдеп, жел алып қашатын сыбызғы тың шабытпен сайрай бастады. Желіккен желмен ойнап, тыныс ашып, көсіліп, дәмді сөз төкті. Жібектей есілген леп, құйындай ұйтқыған ысқырық ұмар-жұмар түсіп, аяғы мұңлы сарынға ауысты.
1389 Сықырлаған шаңырақ сыбызғының шақыр-шұқырына ұқсай ма, немене?! Дәріпбек сырттағы сусылға, шуылға құлақ түрді. Сыбдырлаған қалың тал, күрсінген құрдым көл, көкте жүзген зуыл сыбызғы сазынын қай қайдағы құбылысын көңілге құйды. Дүние түгел сыбызғылатты. Жел басыларда жаңбыр тамшылады.
1390 Қолдан берген құнарлы азықтан диланған, қоңданған жануарлар тордағы арыстандай әсер етеді. Ауық-ауық тыпыршып, шатқаяқтап, мойнын бұрып, табиғат азаттығын аңсайды. Ішқұсталық асқынғанда кісінеседі. Кәнігі атшы келгенде далаға шығарарын түйсініп, оқыранады. Үйреншікті сейіл өлшеулі.
1391 Мәртебелі кісілер келгенде кезексіз выводка жасалады. Оның өзі де барлық жылқының пешенесіне бұйырмайды. Асаудың асауы, жараудың жарауы, мүсіндінің мүсіндісі сыртқа шығарылады. Бұндайда сыртқа келіп тоқтаған темір көлікті сезген жылқы басын көтеріп, сейілден дәмеленеді.
1392 Бұл жолы кісілер сәйгүлікті сәнге шығартпай, қораны аралады. Астанадан келген ақындар еді. Әрқайсысы әр атқа сүйсініп, әртүрлі кідірістеп, білім көрсетісті. Заводтың маманы ақалтеке, ағылшын, дон нәсілдес жылқыны қонақтарға таныс етіп, төркінін таратып, апаш-құпаш әңгіме шертіп өтті.
1393 Саңлақтардың, желдіаяқтардың заводқа көл-көсір пайда түсіретінін, пешенеге жазылғандарының шетелге сатылатынын айтты. Бұл тұқымға Арабияның, Италияның, Батыс Германияның өте-мөте құштарлығы баспасөз дерегіне ұштасып жатты. Ақынның қайсыбірі қойын дәптеріне жазу түсіре бастады.
1394 Кітап не?! Мәскеуде оқыған кезінде жүйріктің талайын өз көзімен көрген. Теңбіл көктен, ақкөк аттан жүйрік шықпайды, желгіш шығады. Нағыз саңлақ торыдан, күреңнен, некен-саяқ алқара көктен шығады. Көзі қанталаған ұрыншақ жақынға, көзі төңкерілген сыршыл жануар алысқа шабады.
1395 Ертеңіне ол кешегі мезгілде, сары сәскеде жылқы заводында жүрді. Қабырғасы мұздай жабық жылқы қораны аралап шықты. Көзі шатынап, құлағы едірейген асау аттар желігі басылмаған содыр-сотқал бозбастардай әсер етті. Далаға шығарса бет-бетімен шауып, ұйлығып, құйындатып, көзсіз сойқан салатындай.
1396 Ол бірауық сары аурудан сарғайған шерлі дімкәсқа, бірауық көпті көрген данышпанқарияға ұқсайды. «Ей, асаулар, желіктерің әлі-ақ басылады. Асқанға тосқан болады. Сендер де қартаясыңдар, маған ұқсап тұғырдан түсесіңдер!» дегендей жан-жағына жалқау бұрылып, көзін төңкере қарайды.
1397 Шетін шел баса бастағандықтан шегірленіп те кетеді. Қартайған адамның көз жанары қашып, бозамық тартса, ол табиғат заңы. Абсенттің көзінің өзгеруінде бастан кешкен шаттықтың сағынышы, шердің зардабы жатқандай. Бірауық жас жуғандай, бірауық қан жуғандай әсер етеді. Ақын ойланып тұр.
1398 Төрт түліктің ең ақылдысы жылқы болса, жылқының ең ақылдысы – бишісі. Екі аяқтының өзі биден шатасса, төрт аяқты шатаспайды. Адамнан музыканы артық түйсінетін жылқы бар. Бағы заманға көз жетпесе, бертіннің өзінде Тәттімбеттің ақбоз аты домбыраның сазына орай би билегені белгілі.
1399 Атақты Мақпалқара сол. Мәскеуде көргенде мынау Абсент те мақпалдай қара еді. Бұл күнде қаракер тартыпты. Құлынында қызыл болғанын, одан қызыл-күрең, одан алқара көк тартып, мақпалқараға айналғанын кәнігі маманнан естіген. Бұл күндері қаракерлігіне қарағанда тарлан ашпастың тұқымынан.
1400 Тұла бойындағы бір ғана күдік, мойны ұзындау сияқты. Бірақ бұл биші ғой. Физиканың заңы бойынша, ауыртпалықты көп көрген мүше өзгеріп тұрмақ. Мүмкін, Абсенттің мойны шамадан тыс жаттықтырудың зардабы шығар. Не де болса, ақын Абсенттің заманында бәйгеге бір қосылмағанына өкінеді.
1401 Абсенттің қызыл-қоңыр көзі тұнжырап кетті. Басын қисайтып, тордан асырды. Салпақ ерні жыбырлап, сақалы шошаңдады. Иегінің астына біткен сақалдың бір талы ақ еді. Құнардан айрылған ақ қылшық сүйкімсізденіп тұрды. Жылқы отыз жасқа шейін өмір сүреді. Отыз беске келетіні ілуде біреу.
1402 Мінер жақ аяғының тізесі шор. Сол аяғы сүйел байлаған. Ақын ақ тұяқтың осал келетінін Урусовтың кітабынан білетін еді. Абсенттің құйма ақ тұяғы биден мүжілгенін өзінше пайымдап тұр. Сорына қарай ат қораның едені цемент. Қауқарсыз тұяқты жегідей жейтінін ойлағанда жүрегі демігіп сала берді.
1403 Есейгенде кеткен Абсент мекенінің ұңғыл-шұңғылын жақсы біледі.Бұл күнде оны бағып-қағатын адам Мәскеудің ипподромынан күміс сағат тағып, арнаулы айлық алып тұрады. Етене бақташыдан гөрі көлденең ақынға Абсент көбірек іш тартатындай. Ол оған жаудырай қарап, наз-нала төгеді.
1404 Сарып боп жүрек ауруына ұшыраған кәрі айғыр өзінің ұрпағы отыздан астам екенін біле ме екен? Алматының, Киевтің циркінде ойнайтын ұрпақтары атасының ақуалын ойлай ма екен? Ақын жылқының табиғаты, нәсілі туралы жазылған кітаптарға сенсе, атты адамша сайрататын жазушыларға иланбайды.
1405 Екеуі екі тілде сөйлесіп, егіз жүрекпен түсініседі. Ақалтеке мен қарабайырдан туған будан бишінің енесі Ақкүш болса, одан арғы төркіні мәлім емес. Ақын осыған өкінеді. Жер-жаһандағы сұлу жануардың келешек ұрпақтарға паш болуын тілейді. Оның көңілінде болашақ дастан сазы күмбірлейді.
1406 Бұған жауап жоқ. Жауап тудыру үшін жарты доғадай иілген сұрау белгісі керек. Сіз, әрине, сұрау ма, сауал ма дейсіз ғой. Бай болғыр-ау, ғылыми жаққа барысып қайтеміз, әңгіме белсенді жайында болғалы отыр ғой. Рас, оның қасында өкіл бар. Ол, әрине, зиялының санатына қосылады.
1407 Сурет – салуға қиын да көруге оңай. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешу үшін тағы да тоқсан ауыз сөз керек. Таразының басындай тең түсіп, теңселіп тұруға керек.Сонымен, салт атты екеу түйекештермен бірге бара жатты. Астық тиеген түйелердің бірыңғай ырғағы іш пыстырады.
1408 Қыранға шығар кезде ойыса жылыстады. Екі түп жантақты паналап етпеттеп жатты. Ентігі басылған кезде мылтық атылды. Бұлдырықтар дүркіреп ұшқанда мерген серігіне қол бұлғап, шалшық суға қарай жүгіре жөнелді. Сәлден кейін екі бұлдырықты екі қолына ұстап қайта оралды.Күн шыжынай бастады.
1409 Текті құстарды былай қойғанда қарға екеш қарғаның өзі аспанда ұшып жүріп бір-біріне хабар беріседі. Түйсіксіз бұлдырықтар бас сауғалап кете барды. «Қара бауыр бұлдырық қарайғанша жатады, сары бауыр бұлдырық сарғайғанша жатады» деп арбағанға көнетін байқұстар осы! Шығасысы дерексіз қалып жатыр.
1410 Тапал қара терге шомды. Түс ауа атқа қонғанда сұр кителінің арқасы кебіртектеніп тұрды. Қанжығаға олжа тізбектеген жолаушылар көсіле аяңдап кетті. Бара-бара кәдімгі бұлаң құйрыққа басты. Орта жолда Құрсай деген сай бар еді. Ертеде ұры-қары жататын жер екен, бұл күнде – тірі жансыз мылқау мекиен.
1411 Дәл күні кеше басмашылар бұққан жер осы. Ауданнан милициялар келгенде дүркірей қашып тауға сіңіп кетті деседі. Құрсайға жақындаған сайын Тапал Қайыпназаров көңілсіз ойға шома бастады. Осыдан он шақты күн бұрын жондағы ауылда отырғанда қоңыр іңірде күтпеген сойқан басталды.
1412 Одан кейін тері-терсек жинасты. Және де бір ұсақ қызметтер атқарды. Бұл күнде аудандық колхоз союздың бастығы. Бұған ол тамыр-тыныстықпен көтерілмей іскерлікпен көтерілді. Алыстағы ауыл өмірінен аудандық газетке мақала жазды. Аудандық клубта өткен жиналыста сөз сөйледі.
1413 Өкілдің қызметі белгілі. Шаруашылықты тексереді, есеп тыңдайды, нұсқау береді. Бұның бәрі екінің бірінің қолынан келетін нәрсе. Қайыпназаровтың бұл жолғы бір олжасы – жас балаларға күміс теңге беріп ұраға тыққан астықты тауып алды. Түйекештердің аудан орталығындағы заготзерноға алып кеткені сол.
1414 Айран ішкенде жұққан ақты тілімен жалап алатын ұзын мұрт еді. Шудадай ширатылып қалды. Құрсайдың жағасында жарты кемер бар еді. Сол кемерден аса бергенде көлденең көк атты кездесе кетті. Кездескен жоқ-ау, анадай жерде одырайып, арқардай едірейіп тұрды. Ысмаилдың жүрегі су ете қалды.
1415 Ағайындары қыста құмға көшкенде бұл қыстақта қалды. Қысқа жіп күрмеуге келмей жүргенде оқыс олжаға ілікті. Ірі байлар конфескеленгенде оның пешенесіне ту бие тиді. Келесі жылы жазда «ликбезге» қатысып қол қоярлық дәрежеге жетті. Бұл күнгі колхоз бастығы үшін сол сауаттың өзі жетіп жатыр.
1416 Ысмаил оған газет оқытып, әр нәрседен хабардар болып отырады. Жиналыста сөз сөйлегенде орысша «и» деген сөзді қосып жібереді. Сонымен, кешегі жатақ, сіңірі шыққан кедей, бұл күнде дүрдей колхозды басқарады. Осы сапар ауданға келе жатуында жұрт басқарушының жейтін қамы, шаруашылықтың тауқыметі жатыр.
1417 Адасқан жолаушы бейтаныс ауылға келді. Шеткі үйдің іргесінде, сыртта үш-төрт еркек отыр. Төңкерген келінің үстінен оларға шырағданның сәулесі түсіп тұр. Белдеуде ерттеулі ат байлаулы тұр. О, ғажап, Ысмаил бүгін күндізгі көк атты таныды. Дәлірек айтқанда, күміс құйысқанынан таныды.
1418 Көрпе төселген кең бөлмеде жастықты шынтақтап тыныстаған кісілер етене ізет сақтап, біраз тымсырайысты. Кәдуілгі үйреншікті «сіз-біз» еді. Сөз бағып дағдыланған түздіктердің салқын қалпын үй иесі күтпе-ген әзілмен бұзғанда, жұрт жайдарыланып, әңгіменің тамызығы тұтана бастады.
1419 Шындық шіркін шыжымдап шығатын болғандықтан, Таңсықбай Боранбаев сабыр сақтап отыр. Таңсықбай осы ауданға арагідік айналып соғуға құмар. Қазақтың қара шаңырағы Қаратау дегенұғым миына сіңіп кеткендіктен келгіштей береді, келген сайын тауып жатқан олжасы, ашқан жаңалығы шамалы.
1420 Арнаулы әңгіменің баянына сене бермейтін ол кездейсоқ кеңестен түйсік алады. Сұрауға сараң да, емеурінге жомарт. Байырғы кәсібіне тиісі жоқ жәйттерге келгенде де ол ерқаштылық көрсетпей төзім танытады. Өткен дәуір мен осы мезгілдің ішкі байланысын көзге ілінбес нәзік нәрселерден ұғуға тырысады.
1421 Енді украин даласын аралауға пұрсат болмай жүр. Қысқа жіп күрмеуге келмейді! – деп мұңайып отырып қалды. ...Ішкі толқыныстың шері домбыраға қол соқтырды. Оның күйші екенін Таңсықбай бұрыннан естіген де. Көлденең қолқа салдырмай, жалыныш айтқызбай, ескі серігін толғай бастады.
1422 Оның да шамасы, шарқы бар. «Кертолғаудың» екінші тарауы басталғанда күйшінің шебер саусақтары құлдилай жорғалап, екі шекті қат-қабат, алма-кезек шалып, бірде толғай, бірде іле, бірде шымши шертіп, текіректеген дыбыстарды сапырып жіберді. Төрт рет, қайталаулар көкейге еріксіз құйылды.
1423 Этнографка «Кертолғау» тоғыз тарау жолдың әр тарауын саралап, бір жерден жорта тоғыстырғандай. Саған тарих керек пе, салт-сана, әдет-ғұрып қажет пе, оба болған көне ескерткіштер қажет пе, шежіреділгер ме, баршасы осынау толғауда жатыр. Таңсықбай жапанда бұралаңдаған іздерге түскендей сезінеді.
1424 Түні бойғы кеңес шаруашылықтың жай-күйіне сайған. Биыл Қаратаудың теріскейінде қыс сұрапылдап басталып, аяғы үздіксіз үскірікке айналғанын, ұсақ малдың жұтап қалғанын естіген Таңсықбайдың ұзақ кептен көкейге қондырғаны – бұндай қыстың елу жылда, жүз жылда бір-ақ болатыны.
1425 Қонақтарды шығарып салуға келген жұрт көңілдене бастайды. Дидарларға нұр кіріп, көздерде күлкі ойнайды.Шалғайлы шығында бұл өңір не көрмеген. Құтты қыс, құтсыз қыс, сазды жаз, шаңды жаз, қоңыр күз, қара күз, – осының бәрі теріскейдің сыбағасына талай тиген. Соның баршасына жергілікті ел көнген.
1426 Шаһар сыртының пикнигіне ұқсайтын отырыстың шырайын даланың домбырасы ашпақ болды. Бұл атырапта домбыра білмейтін қазақ кемде-кем. Сол себепті де сауықшыл отырыста екінің бірі домбыраға жармаспайды. Ерін жымқырысып, малдас құрысып, бірін-бірі бағысып, ішкі әккілікке билетеді.
1427 Сүрінгендері әжуаланатын болғандықтан мін берісуден гөрі, мін алысуды қалайды. Әдет осылай болғасын бірінші боп өнер көрсетуге құштар табыла қоймады. Кәрі де, жас та сызылып, сіз бастаңыз, жоқ, пәленше бастасын, десті. Қонақтар даңқына қанып келген, бұл совхозда қос домбырашы бар.
1428 Ғылыми қызметкер Таңсықбай Боранбаевтың қасында белгілі жазушы бар еді. Күлкіге сараң жазушы жымың етіп, қойын дәптеріне жазутүсірді. Есіркеп Өмірбеков болса, ауылдастың қағытпасын, жазушының жазуын құлағына ілмей, күй сандығын жорта сабалады да, жас күйшіге ұсынды. Жас күйшінің бастауын қалады.
1429 Бұның бәрі құлаққа сіңіп қалған күйлер еді. Жақсы суреттің шежіресіндей әсер тудырды. Бірте-бірте Генерал Асқаров осы өңірдің әуеніне көше бастады. Қонақтарға керегінің өзі де осы еді. Соны сезгендей, өнерпаз жігіт шертістің нақышын өзгертіп, қаратаулықтардың кәнігі бипаңына басты.
1430 Тіршіліктің қызығы мен қуанышы, қасіреті мен өкініші, үміті мен торығуы шалқыған, сыңсыған, бой жазған, булыққан леп, лебіз лақатында сыршыл бейне береді. Әсіресе, күйдің қайырма бунағы «дөри-до-рой-дөри-до-рой; дөри-до-рой-дөри-доройлап» дірілдеп тұрып алғанда, титық құртады.
1431 Күйші күйдің ең әсерлі жерінде сиқыр ырғақты шексіз қайталап, жүйке құртып отырып алады екен. Бұған тәкаппар қыздың дәті шыдамай, булығып тұрған домбыраның мойнын толғап жібереді екен. Генерал Асқаров «Кертолғауды» бірте-бірте табиғи қалпына келтіріп, шебер нәшке түсірді.
1432 Қобыздың сарынын домбыраға түсірген. Өзі де көптеген күй шығарады. Сүгірдің өрік ағашынан тұтас шапқан қызыл-қоңыр шолақ домбырасы болыпты. Сағаттағы жылжымалы үш-төрт пернесі әр күйдің ағысына қарай ысырылады екен. Күйге бойлай келгенде күйшінің иығы бүлкілдеп кетеді екен.
1433 Күй үстінде бөгде сөз сөйленсе, сыбыр-күбір басталса, қитығып тартпай қояды екен. Басбілгі домбырашының алдында ол күй тартпаған. Оның шығармаларының бүгінгіге түгел жетпеуінде осындай өкінішті сыр барын Таңсықбай естіген де.Сараң Сүгірдің сирек шәкіртінің бірі – Момбеков.
1434 Бап тілейтін жүйріктей көпке шейін бұғып отырған себебі шу дегеннен аңғарылды. Қарабайыр жұмыс істеп үйренген мұғал саусақтар да бірден көсілмей өнерін ішке бүгіп, ынталы көңілдерді сынағандай ыңғай көрсетті. Жұрт қымыздан қызара бөрте бастаған еді. Басқа желікті күмбірлеген домбыра лажсыз жеңді.
1435 Бұның тартысы бөлек. Күйдің жалпы сарыны, сазы сақталғанымен жеке үйірімдері бебеулеп басқаша есіп кетті. Нағыз күйші, бір орындағанын сондайлық дәлдікпен қайталамайтыны Таңсықбайға мәлім. Әбден жаттанды деген құбылыстың өзі әр қырынан құлпырып, төл туындыға ұқсап тұрмақ.
1436 Төлегенге сабалап тарту жат. Екі ішектің асты-үстін бас саусақпен бірдей алып, сұқ қолымен шертіп тартады. Шебер саусақтар сылқым домбыраның төсінде еркін ойнақшып, бірде шанақтан, бірде сағадан шалып, іліп, толғап, шымшып, ерсілі-қарсылы шертіп, сиқыр ызыңды сансыз құбылтады.
1437 Осындай сыршыл күйлер көп шертілді. Құмар қанды. Күн түске тармасты. Машинаға қонатын уақыт жақындағанда ауданның басшылары сау ете қалды. Аудан орталығы Шолаққорғанда кеше бас қосылған-ды. Облыстық мәслихаттан оралған басшылар көмек күтетін шаруашылықтарды аралауға кеткен.
1438 Бұл кісінің шығармалары пластинкаға түскен. Оқта-текте радиодан естиміз, – десті. Кішіпейіл Момбеков төл күй тартуға құлшына қоймады. Арғы жақтан ақ-желең жел есіп, шөптің басын жыбырлатып жіберді. Жел жақтан орын алған Төлеген домбыраның құлағын қайта бұрап, төл шығармаларын орындауға кірісті.
1439 Шалдың қолындай қалтырауық емес, қажырлы, қонды саусақтар домбыра саңлақты емін-еркін билетіп барған сайын ашындырып жіберді. Тартыстың аяғы «Қаратау» шертпесіне сайды. Домбыра еркелей сыңқылдап, сопы лебіз тартты. Таңсықбай бұндай биязы, жұғымтал шертісті көрген емес те.
1440 Төлеген елтушіге өте ырза. Төл «Қаратауды» бірде шалқытып, бірде қамықтырып тойындырмас дәмді ызыңдарды ұзақ сапырды. Бипыңдаған майда шертіспен жүрек қылын қытықтап, көңілдің аңсарын ұлғайтты. Күйшінің шабытпен қозғалған денесінен, қызыл шырайлы реңінен терең сыр аңғарылып тұрды.
1441 Есейгенде оқу бітірді. Тағдыр соқпағы этнограф етіп шығарды. Қазақстанның төрт бұрышын түгел аралады. Қызық деректерге қалың дәптер толды. Дерексіз аймақ жоқ. Сонда да оны кір жуып, кіндік кескен жері көбірек тартады... Міне, осынау суыт жүрістің өзінде ол талай қорымға бас иіп бара жатыр.
1442 Тілдің құнарын, күйдің көркін, әннің әдемілігін арттырған. Бұл таудың ертегі-аңыздардың алтын бесігіне айналуында сансыз ғасырдың шындығы жатыр. Күрең Сыр мен Сарыарқаның арасында көңілдің құмарындай қарандаған Қаратаудың от алған орманына, тартылған бұлағына, ұшып кеткен майсасына жау кінәлі.
1443 Той жасаушы – осы өңірге кірме егіз тайпа. Сарыарқа мен Қаратаудың арасында жел айдаған қаңбақтай қысы-жазы көшіп-қонып жүретін алшын-тама етекті ел еді. Біреулер сегіз болыс, біреулер он алты болыс деседі. Осы өңірге сіңіп кеткен екі тайпаның ағасы – Мақы. Бүгінгі тойдың иесі де сол.
1444 Мың дегенмен, бұл жақтың елі момын. Кірмені қудалау дегенді білмейді. Тек өзара ғана болмашыға қырқысып қалатын кездері бар. Осы жақтан түсірген келініне той жасағанда, Мақының ішкі есебі болды. Біріншіден, жиын-той жақсы өтсе, Мақылардың кірмелігі қолдың кіріндей шайылып кетпек.
1445 Екінші ежелгі үрдіс-дәстүрге берік теріскейліктер тойға құралақан келмейді. Тыраштанып, бірінен-бірі асырып, өз атағын шығаруға тырысады. Сайып келгенде, тойға шығарған шығасы екі есе, үш есе қайтады. Махының орта-шарқы ордасы – алшақтан дөңгеленген үйлердің қақ ортасында.
1446 Талпиған жалпақ үй кірме екенін айтпай танытып тұр. Бұл үйге түсуші қонақтар жоқ. Даяшылар ғана кіріп-шығып, кімдерді қайда түсіру керек екенін сұрайды. Ана жақтан, мына жақтан келе жатқан шоғыр-шоғыр топтың алдынан шығып, тойханаға әкеліп, орналастырады. Осы тәртіппен тойшыларды қабылдап жатты.
1447 Мақының тамыр-таныстары, жора-жолдастары, жекжат-жұралары бір тоғыз, үш тоғыздан тарту-таралғы әкеліп, орданың алдындағы кермені қыбырлаған малға толтырды. Көбісі ашатұяқ, тана-торпақ. СонауҮшбастан келген белқұдасы ғана кілем жапқан нар әкелді. Бұған бір-екі қылқұйрық қосылды.
1448 Кеңес үкіметі нығайғанда, бұрынғы қызметін бетке ұстап, жеті іскердің бірі боп шыға келеді. Тұрар Рысқұловтың қолдауымен назначение алып, жарты жыл болыс та болады. Жергілікті дүмділер дүниені аямай орнынан түсіргенде, сауда-саттықпен айналысады. Бұл күнде қолы бос атқамінер.
1449 Қойнына сапы тыққан кісәпірдей көреді. Қасиетті суды лайлауында жүрек шошынарлық сыр бар. Тілештің руы Бестаңбалының бір таңбалысынан. Біреулер оның арғы тегін татар, біреулер орыс деседі. Мұхаммед пайғамбардың қазақ сахарасын бағындырған заманында сабаудай бес жігіт қолға түсіпті-міс.
1450 Оның атағы күнгей-теріскейге түгел жайылған. Шалғайдағы Сарыарқа да оны біледі. Тілеште ежелден нөкер болмайды. Қасына ертетіні бесеу-алтаудан аспайды. Бірақ шетінен ығай мен сығай келеді. Сайдың тасындай сақа жігіттер аттан түскенде қамшысын етігінің қонышына тығып, үрей ұшырады.
1451 Қит етсе, бастан тартып жіберетін тасырлар – Тілештің тілсіз айбары. Мақы Тілештерді ең оңды үйге түсірді. Бір қап арпаның аузын ашып, босағаға қойды. Өзге тойшылардың жігіт-желеңі түнде тойханадан ұзап шүйгінге ат жайғанда, Тілештің серіктері көлігін қолдан жемдейтін болды.
1452 Тілеш тойға тартуға қараң-құраң әкелмеді. Түс әлетінде жақсы мен жайсаңдар ордада бас қосысқанда қалтасынан ақша шығарып берді. Қыры сынбаған үш сомдық көк-ала қағаздарды сықырлатып, біріне-бірін жалғастырып, көрнеу мақтанды. Тілешке ілескендердің бірі – суырып-салма жырау еді.
1453 Осы қызықтың желісі ертең жоқ, бүрсігүні тартылмақшы. Жұрт азанғы шайдан кейін тысқа шығып, кермедегі жүйріктерге назар салумен болды. Бұл сәтте бүйірі қызбаған желдіаяқтарды көлденең көзден қызғану жоқ. Көз өтеді деген ұғым және жоқ. Бәйге аты жалпошсалынғанда ғана қашқақтайды.
1454 Кермедегі жалаңаш жылқы суға шомылған адамдай бір-біріне ұқсас. Жылқы сынайтын сыншының мыңнан бірі ғана байлаулы аттың аяқ алысын мүсінінен таниды. Тілештің жетегіне алып келгені – өзінің атақты Көкқасқасы. Осыдан үш жыл бұрын Арыс бойындағы ағайынынан базыналықпен барымталап алып еді.
1455 Тұла бойындағы бір міні – тарту сүймейді. Шікәмшіл адамдай, басы кекжеңдеп, шартақ маңында сыр беріп қояды. Араби тектес жылқының алысқа шаппайтынынан Тілеш хабардар. Көкқасқа таза сәйгүліктен емес, күнгейлік будан. Бірақ буданның да буданы бар. Құлан тектес құлагерлер күнгей-теріскейде жоқ.
1456 Бүгін таңертеңгі шайдан кейін тойшылардың еті тірісі түгелдей тысқа шыққанда, Тілештер үйде отырып қалды.Қара сұр Тілештің шүңірек көзі шүйіле түсіп, түсі қарауытып, серіктеріне тіс жармады. Оның қабағын бағып үйренген жігіттер бір сойқанды көксеп отырғанын күңгірт түйсінді.
1457 Кеше бәйге аттардың бәрін шолып шыққан. Нәсілі әртүрлі жылқының бірі қара, бірі шұбар, бірі күрең. Тіпті жирендері де бар. Бұлардың бәрі алысқа шаппайтын аттар. Тілеш бір сәт ошақтылардың алқаракөгінен шошынды. Бірақ әрі айналып, бері айналып қарағанда, одан да мін тапты.
1458 Сайып келгенде, шын жүйрік озады. Рас, күнгейдей емес, теріскейдің бәйгесінде тарту болады. Бірақ бұдан торыны тартушылар да табылады ғой. Сіргелі – етекті ел. Ұран күшейгенде өлген-тірілгеніне қарамайды. Әрі ойлап, бері ойлап келгенде, Тілештің қиянаттан басқа сүйенері қалмады.
1459 Тілеш жібектей есілген қоңыр үнмен ұзақ әңгіме шертіп кетті. Ол болашақ бәйгеден аңдыған аңысын, аңғарған жай-жапсарын, жүйріктердің шама-шарқын егжей-тегжейін баян ете келіп, Әжібектің торысынан шошитынын ашып айтты. Осы тұсқа келгенде арқасықозып, ашуға булықты. Тілін шайнап сөйлейтін кісі еді.
1460 Тілеш шүңірек көзімен шүйіле қарады. Әжібектің қою, қайқы кірпігі жыпылықтады. Екеуінің де көз алдынан алдыңғы жылғы оқиға мен былтырғы оқиға өтіп жатыр. Алдыңғы жылы Үшбас өзенінің басында, Тартоғайда болған аста бәйгеге жүзден астам ат қосылды. Түп тартуға бес-алты ат түйдектеле шылбыр берді.
1461 Осыдан кейін басын орамалмен шарт байлағандар екі жақтан аңдағайлап, ұрысқа әзірленді. Әңгіме насырға шапқанда, ысты-сіргелінің атқамінерлері Тілешке жүгініп, төрелік сұрасты. Қиян-кескі дау бітімге келгенде, Тілештің серіктері қараң-құраң мал айдап қайтты. Былтырғы оқиға бұдан бөлек еді.
1462 Бұл жиынның жөні басқа. Қалыс кірменің тойына келгендер – сан рудан, сан тайпадан. Бұндай бас қосыста жанжал шығару екінің бірінің қолынан келе бермейді. Дегенмен, жүрекшайлы боп қалған Әжібек Тілештен іштей қаймығады. Оның арам ниетінің үстінен түскенін көңілге медеу тұтады.
1463 Үстіне бала мінген бәйге аттар бапкерлерімен жарыса аңдыздап шауып бара жатты. Ең соңғы даярлық, ақырғы сынақ осы қамау тер. Желдіаяққа мініп жарысқан бапкерлер үйреншікті жаттығудан әлдеқайда алысқа шауып, бәйге аттың қолтығын сөгіп, өкпесін өшіреді. Қайтып оралғанда қапырыққа қамайды.
1464 Торалаяқ екінді әлетінде оралды. Қалың сіргелі қаумалап, қираған тамға кіргізді. Тамның тесігіне көрпе, саңылауына тоқым тығып, қапырықтап бітеп тастады. Тамның төбесі ашық еді. Ыстығы қайтпаған күннің сәулесі шақырайып түсіп тұрды. Алыстан оралған Торалаяқ ентігіп, барып-келіп тұр.
1465 Жаспен бірге өзі де үзіліп кетті. Кешке қарай тойхананың сыртында жалпошты аттар желпініп жүрді. Сыншылар аттардың аяқ алысын ғана аңдасты. Жалпошты ашу – әйел баланың етегін ашумен тең. Оған, әрине, ешкімнің батылдығы бармады. Күндізгідей емес, Көкқасқа тасаланбай, көп аттың деңгейінде жүр.
1466 Отауға дауыстағандай. Соқталдай екі жігіт шыға келді. Сәкеннің атын бәйбішенің өзі байлады. Ал, аттың тартпасын Сәкеннің өзі ағытты.Тоңын ойған көңге орын тепкен он екі қанат үйдің ішінде сексеуілдің маздаған оты алдынан жылылық шашса, қаңтардың шиқылдаған аязы арқаңнан қысып кетеді.
1467 Кимешекті келіншек болса, нән қара қазанға үстемелеп су құйып жатты. Босаға жақта екі бала, көңілі жай тапқандай, асық ойнауға кірісті. Ымырттың үйірілуі қоюланған сайын сексеуіл отынның жарығы молая түсті. Сәкеннің бірінші жолдасы мен Басықара екеуі одан-бұдан әңгіме бастады.
1468 Мынау сырт киімін жамылған еркектер, шалбарланған әйелдер, сирағы шытынаған балалар сонау бағы заманнан келе жатқан бейбақ тұрмысты еске салды. Қазақтың тарихын учительская семинарияда оқып жүргенде-ақ зерттейбастаған Сәкен көп елдің, көп атыраудың тіршілігінен хабардар-ды.
1469 Төрт-бес үйдің ханындай Басықараның шіренуі – күлкі. Шым-шытырық жайтта біраз уақыт өтті. Ділмарлықтың кеңесі таусылып, бүгінгі тірлік жайы, шаруа қамы, анау атырап пен мынау атыраптың өткен-кеткені, қуанышы, қасіреті сөз бола бастады. Бұның бәрі Сәкенді қызықтыра бастады.
1470 Енді Сәкен әңгімеге араласып, әр нәрсенің басын қозғай бастады. Ортақ әңгіме қысқы қоныс, жазғы жайлауға соққанда, барымта-қарымтаны суреттеп кеткенде, Сәкен өте-мөте тәптештеп отырды. Асыл жылқының тұқымына шейін, шөптердің атына шейін, егжейленіп, әуестеніп отырды. Бұған кейбіреулер таң қалғандай.
1471 Алғашқыдай емес, Сәкен үй иесіне іштарта бастағандай. Сұсты қара көзі күлімдеп, танауы желбіреуді шығарды. Бір нәрсеге мәз болғанда, күлкісі күлкісіне ұқсап тұрды. Үй иесінің Сәкеннің бір кештік ілтипатын қызғанғандай, Сәкеннің бірінші жолдасы әңгімеге көбірек килігуді шығарды.
1472 Бір ығыты келгенде Сәкеннің өзін мақтай жөнелді. Оның тәкаппарлығы менкішіктігін, оқымыстылығы мен серілігін айтып келе жатқанда Сәкен көрінеу ұнатпай, қырынды. Колчактың азабынан құтылғалы бері бірінші қырынуы еді. Жолдасы сасып қалды. Әңгіменің желісін қалай үзерге білмей, о да қақырынды.
1473 Бұның тым ұсақ болар дегендей, шашыраңқы әңгімесінің соңында Сәкенге қайта соқты. Оның Колчактың түрмесінде көрген азабын, түрмеден қашқан сапарын, жаяулыққа, жүдеулікке шыдағанын, елінің көбі танымай қалғанда, шешесінің ботадай боздағанын, ел аузынан, естіген күйінде айтып өтті.
1474 Басықара шыдап тұра алмай, назарын тайдырды. Осы араға келгенде, Сәкеннің екінші жолдасына ерік тиді. Ол Сәкеннің Әулиеата барып, советтің сарбазын алып қайтқанын, арғы-бергі елге жаңа заң жүргізіп, жаңа тәртіп орнататынын айтып өтті. Басықараның қызыл-шырайлы өңі күреңденіп, сазара бастады.
1475 Үлкендерге еліктегендей, жіңішке сұлу қара мұртын ширата түсіп, тіл қатты:– Момын-мондыбайлардың қамын жейтіні рас. Ал, сол момын-мондыбайлардың қанына семірген шүй желкелердің мойнын үзіп жіберетіні және рас. Бай тіксініп қалды. Мүйіз шақшасын мәсінің табанына қағып, насыбай атты.
1476 Жылтыраған, жалтыраған жұлдыздар шолпылы, таналы қыз-келіншектерге ұқсап кетті. Бұлар шағылдан түсіп келе жатқанда үйден шаңқ-шұңқ жайсыз дауыс шықты. Жақындағанда, үйден сыңсып шығып келе жатқан Меруертті көрді. Күпісін жамылған келіншек қонақтардан үркіп, ойысып кетті.
1477 Үйге кірмей, қайта шегінді. Аянышқа, ашуға булығып, деміккен көкірегін біразға шейін баса алмай тұрды. Сәкеннің көз алдында миуалы ағашты өсірмейтін шырмауық елестеді. Бетін қырпысаң да қайталап шыға беретін итжанды шырмауықтың тамырын табудың, балталаудың оңай еместігін бір ойлап кетті.
1478 Төрт жолаушыны бұлар шопақ құрлы көрмейді. Қанына қарайса, төртеуін де өлтіріп, аттарын олжаланып, жан білмес жаққа ақ бөкендей ауып кетеді. Сәкен Әулиеатаға асықты. Совет өкіметіне асықты.Тағылық тепкісінен туған мұңлы қиялдың уанышына асықты. Келешек күнге, жақын күндерге болымды үміт артты.
1479 Екі сөйлеу, әрине ұят. «Осылай да осылай» деп сүйкей салуға ниеттенді. Тарлан тарихтың түбінен тартылған ой күдіктеніп, жоғарыға қиғаштай қарады. Осы үйдің тұсынан өтіп бара жатқан біреуге көзі түсті. Бешпентін қарына ілген жігіттің ту арқасынан жауырыны мен басы көрінді.
1480 Үні тозған тарланның шошынған сөзін естігендей Таңсықбай артына бұрылды. Екі қабат дербес үйдің әшекейлі маңдайшасына көзі түсті. Кіді бұрылып, профессордың кабинетін шолды. Шілденің шаңқан түсінде бөлме іші сәулеге толы еді. Профессордың орнынан тұрып кеткенін байқады.
1481 Кісілердің келуіне біршама уақыт бар екен. «Қырық минуттай шомылады. Жиырма минут жолға молжетеді». Лұғманов бүгін кеште шалғай облыстың шығандағы бір ауданына жүрмекші, жер қазғанда табылған қызық деректерді өз көзімен көріп қайтпақшы. Таңсықбай ертерек келсе де оқасы жоқ еді.
1482 О да шаңқай түсте көлге құлаш ұрды. Бұл күндегі тіршілік – шым-шымдаған шықпа жанымның аз-ақ алды. Әрине, кәріге қарағанда, жастың қызуы күшті. Әрине, жастың қазынуы терең. Әрине, ғылыми жұртшылықтың ықыласы енді Таңсықбайларға аумақ... Лұғмановтың костюмында қисап жоқ.
1483 Өзі ашып, ақ-сұр, көк-сұр, қошқыл-күрең,сары-күрең костюмдердің қайсысын киюді ойлап тұрды. Аса сәндісін кисе, қонақтардан бөлшектеніп кетпек. Ең қорашын кисе, жорта қораштық жарамсыз болмақ. Сұрыптай келе орташасына тоқталды. Әрі кешке осы күйінде жолға шығуды оңай көрді.
1484 Көйлекті де үйлесіміне қарай таңдады. Талай буынның көзін көрген Әмір Лұғмановичтың қай заманда қалайша киінгені есіне түсті. Сән де, салтанат та өзгеріп тұрады. Игі қауымның санатына кірген баяғы бір кезеңде, осындай шалқыған сары жазда, астары ақ жібек көйлектің өзі сәнге жүрді.
1485 Сайқымазақтарға лайық күлді-бадамнан, ала-бажақтан басқаның бәрі профессорға баршылық. Ғалымға киім-кешек талғау келіспейді дегенге Лұғманов бүтіндей қарсы. Архимедтың, Коперниктің, бертіндегі Ломоносовтың алқам-салқамдығы оған заң емес, білімдері, еңбектері ғана ғибрат.
1486 Жаппай өскен заманда, екінің бірі ғылымға талпынғанда, сәнхананың арнаулы журналы тарағанда киім мұнтаздай болуға керек деп ойлады. Шалбардың қыры түсіп, көйлектің жағасы сынса, инабатты кісі үшін үлкен мін. Ол түгіл, Лұғмановтың түйсінуінше, киім-кешегі таза жан таза ойланбақ, таза жазбақ.
1487 Аулаға бәрі бірге кірді. Бұлардың алдынан малай шықпай, бәйбішесінің өзі шықты. Шетінен шытырайып киінген зиялылар семіз сары бәйбішенің қолынан сүйіп жатты. Ләтифа ханым толық денесіне шәркез нәзіктік көрсетіп, келіншекше майысты. Күлгенде, алтын тісінің сәулесі көз тартты.
1488 Пысықсымған біреуі шойыннанқұйылған бүркіттің күміс тырнағын мақтамақ боп еді, ешкім қоштай қоймады. Әмір Лұғмановичтің өзі алыстағы әлденені еске түсіргендей, сол көзін қысып, ауыр ойланғанда бетінің әжімі қоюланды. Оның қас-қабағындағы осы құбылысты әркім әр түрлі жорыды.
1489 Лұғманов түсіндіріп жатыр.– Сезімтал, дарынды адам біреу өрескел сөз сөйлеп тұрса залда отырып бетін басады. Ұялшақ адамның құлағы қызарады. Инабатты ғалымның ойнақы сөзі жұртты батылдыққа қарай шақырды. Алғашқы тост қарашаңырақтың құттылығына, Ләтифа ханымның салмақтылығына арналған.
1490 Сыздаған бітеу жараны жасыруға тырысып, айтылмыштың әммесін ішке бүгіп, ширығып отыра берді. Әмір Лұғманович қонақтардың ырғасын түйткілсіз түсінеді. Дөңгелек жүзіне біткен дөңгелек көзі шүңгіл көзге бергісіз көреген. Боранбаевтың ызадан ісінуге бет алғанын айна-қатесіз көріп отыр.
1491 Біріншіден, ұлттық есімі бертінде болса да, тегі тым әртіндегі қазақ халқының тарихына тікелей төрелік айту астамшылыққа жатпақ. Екіншіден, қырық жыл бойына үздіксіз еңбек еткен Әмір Лұғмановтың сансыз шығармасының атаусыз қалуы, талапкердің ақжүректілігіне шәк келтірмек.
1492 Ежелгі тарихшылардың сирек мұраларын соқтығыстыра саралау Боранбаевтан басталған үрдіс емес шығар! Профессордың өз басы ежелгі грек шежірелерінің қайсыбір нұсқасын қағыс қалдырса, ертедегі француз ғалымының этрусстар турасында жазған кітабынан бейхабар болса, бұған заман кінәлі.
1493 Таңсықбайдың жүйкесі саябырланып қалған екен. Әжуалаушыларға қызарақтамай, байсалды жауапқа көшті. Таңсықбай тергеуге жауап бергендей немесе айтысқа уәж қайырғандай сөйлеген жоқ. Тырнақтап жиған-тергенін, аңыздан естігенін қиялдың елегінен өткізе, өз күдігін өзі арши сөйледі.
1494 Мұның арты неге соғатынын пайымдамайсың. Өзін туған жердің атымен атау сонау батыс жұртында да бар шығар. Салттың еркіндігі, частушка мен терменің ұқсастығы, ән-күйдің ләззәттілігі екі елге ғана ортақ па екен? Уәж тосып дағдыланған зиялылар жапырыла Таңсықбайға қарасты.
1495 Профессор орнынан тұрып әрі-бері жүрді. Қазақ есімдері хақында арнаулы кітап шықты. Ол дұрыс. Ал, руды шежіре ғана сақтайды. Үшжүздің таихын бес саусағындай біле тұра профессордың оны әңгіме етпеуінде өзіндік бір сана жатады. Ол Боранбаевтың диссертациясына қайта оралды.
1496 Қалайша аяқтау ләзім? Терең талдауға барса, көнерген көп-көп томдарды, Толстовтың еңбегінен бергі отыз жылдың беделінде ашылған жаңалықтарды ақтаруға тура келер еді. Оған пұрсат қайда? Таңсықбайдың жерден тапқаны алтын ба, жез бе, оны сараптауға уақыт та, сабыр да, қуат та қажет.
1497 Оның ойынша, қазақ зиялылары – дағбырттың құлы. Бәтуаласып қойғандай бәрінің бір беделдің құйысқанына қыстырылуында осындайлық сыр жатыр. Ертең Таңсықбай Боранбаев ғылыми зор атаққа іліксе, осы отырғандар оның ақ дегенін алғыс, қара дегенін қарғыс көрмек. Бүгінгі келемеждескенін ұмытпақ.
1498 Бұдан әрі кетсе тыңдаушының да, ұғынушының да сирей беретінін біліп еді. Жас мөлшеріне қарамай, ол сұмдық салмақты сөйледі. Әмір Лұғмановичтің сапарының сәтті боларына, мойны қашық ауданнанғылыми олжамен оралғанда осынау жақсы мен жайсаңдардың түгелдей алдынан шығарына кәміл сенетінін айтты.
1499 Белинский дүние жүзіндегі теңдесі жоқ поэзияны Мұхамбет пайғамбар бүлдіріп, өз атағын шығаруға пайдаланған деген. Ол бірақ, арабтардың арғы тегі сүннауы руынан тараған құрайш тайпасы екенін, оның өзі төрт атаға бөлінетінін, төрттің бірі һәшими әулетінен Мұхамбеттің шыққанын білмеген.
1500 Қанішер ханның әккілері көзіне қорғасын құйған бұлақтар жердің астына кеткен. Бұл атыраптарды аралаған ғалымның қорымнан аяқ алып жүре алмайтынын Лұғманов күнілгері біледі. Шетел басқыншыларымен – Жоңғар қалмақтарымен, қытайлармен, ирандармен – шайқастан пайда болған қорымдар алда.
1501 Қаратау – осындай! Бұған оның жер асты тола тас көмірін, Отанның игілігіне әлдеқашан айналған қорғасын рудасын, фосфоритын қоссақ, оның баянды байлығы шаттандырады. Мың жасаған Қаратаудың құзар басына шығып, қазыналы қойнауын, паналы аясын арымай араласақ та осындай тұңғиық сыр бар.
1502 Жусанды дала, шалқар көл, құрақты өзен, шоқты құм сол арадан түгел көрінеді. Әмір Лұғмановтың құмартатыны осы. Ол сахараның өзін шежіреге теңейді. Тау-тасты, сақыр шөлейтті, ығы-жығы құмды, кернейлі өзен мен шалқыған көлді былай қойғанда, көзі көмілген бұлақтың өзі қаридай сайрап тұрған тәрізденеді.
1503 Бір сөзбен айтқанда, сахараның шежіресі бар да, шежірелі сахара бар. Ауызша шежіре де, жазба шежіре де ескіреді. Сахара ескірмейді, кейде ауызша шежіреге де, жазба шежіреге де күмән келтіруге болады, сахараға күмән келтіруге болмайды. Лұғмановтың көз жеткеретін бір шындығы осы!.
1504 Кездеме, қант-шайдың аяғы түрлі бөлтек-салтаққа айналып кете барады. Жайлаудың беткешығары аттарын айқастыра байлап жақтауда иін тіреседі. Қарағайдың иісі аңқыған дүкеннің желігін ортақтасады. Осындай бір күні беткейдегі дүкенге қарай Боз-доңғалдан салт атты біреу құлап келе жатты.
1505 Айтуар бөтен совхозда ферма меңгерушісі боп істейтін Қаппар Бөлегеновтің ауыл адамына ұқсамайтынына сырттан қанық. Ол Алматыда институтта екі жыл оқып, оқу бітірмей кетті. Ауылға келген соң фельшер қызға үйленді. Келіншегі совхоз орталығында, өзі кішкентай қыстақта тұрады.
1506 Бұндай әйелдің алдында қара көзілдірік киген жөн бе, қалай?! Айжан апасының шәлкем-шалыс сөзін аңғармаған сыңайда. Ол әлде нені есіне түсіріп, тамсанып қояды. Таңсық жолаушыға көзінің ұшымен қарап, майыса шығып кетеді. Самауыр қойып болған соң ішке қайта кіріп, босағадағы сабаны күмпілдетеді.
1507 Бәрінен, әрине, ақыл игі. «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады» деген мәтел осыдан шыққан. Бірақ парасаттың да пешенеге біткен ырысы бар. Жұрттан жұғатын тәжірибе бойға біртіндеп сіңеді. Шым-шымдап, шыжымдап сыр тартпасаң қазекең бірден қолқ ете қалмайды.
1508 Қаппар күлкісін әрең тияды. Осы кезде тәңіржарылқап жылқышы келді. Ол айқара ашылған есіктен басын сұғып, теткіп қалды. Құрығын жапсарға сүйеп ішке кіргенде сәлем орнына бірдеме деп міңгірлей салды. Мұртты, сылыңғыр қара еді. Жүйкесі тозған адамдай бет-аузы жыбырлап кетті.
1509 Оны қарамағындағы отарлар шығасыға ұрынбаса түлік түліктігін істейді. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнайды. «Керегеден бас кетпейтін» де сол дәуір. Отыз отар қапталтас болғандықтан баршасының атақ-абыройы фермаға тиеді. Қаппар институтта тыңдаған дәрісті ойлап кетті.
1510 Ақбоз үйдің киізі жаңа да, шаңырағы ескі еді. Шөбере көрген бесіктің арқалығындай имектеніп тұр. Ашық түңліктен имектеніп ай көрінеді. Жеткен жері осы секілді. Күндізгі ай таңсық. Оның өте баяу жылжитынын, екіндідей еңкейіп, бірте-бірте бозғыл аспанға сіңіп кететінін Қаппар біліп отыр.
1511 Сол-ақ екен, өңшең жалаң аяқ балалар машинаға қарай аңдағайлап жүгірісті. Өңі сынған қара жердің дидарына қан жүгірте көктемде тез құлпырып шыға келетін қызғалдақтай, үй-үйден өспірім қыздар да қарап тұр. Имене, ұяң қарайды. Жарас балалардың көбісін жыға танымағанмен, шырамытып қалып еді.
1512 Оң құлағына желім жабысқандай сезінген Жарас құшағын жазбастан аузының іліккен жерінен баланы үш-төрт қайтара құшырлана сүйіп, үй амандығын сұрады. Бұл кезде баланың әжесі түрулі есіктен қарап тұрған. «Мына шіркін кісі боп қайтыпты ғой!» – деп, сүйсінген күйде тысқа шықты.
1513 Тысқа шыққан аққұба кемпір Жарастың көзіне жылы ұшырады. Сәлемдесіп, машинаға оралды. Ира, манадан бері киіз үйлерге әуестене қарап келе жатқан. Мал қамына ыңғайласудан туған көшпелі тіршілік Ираға бұрыннан таныс-ты. Сөйте тұра, біраз жылдан бері көрмеген киіз үйлер таңсық көрінді.
1514 Түрулі есіктен әдемі қара торы қызға көзі түсті. Ира плащын шешуге ыңғайлана бергенде Жарас екі жеңінен ұстап, иығынан сыпырып алды да, кейін қарай екі-үш қадам шегініп қағып-қағып алды. Ираның көзі жаңағы қызға қайта түсті. Қара торы реңіқуқыл тартып бозарып кеткендей әсер етті.
1515 Тосыннан келген Жарасқа себебі танық. Ол шешесін қапсыра құшақтап сүйді. Қуаныш шындап келгенде көз жасы даяр тұратын жеңге де өз дәстүрінен құр алақан қалмады. Масаты қамығып, қайнысының маңдайынан сүйді. Жарастар осы арада жиналып қалған ауыл кісілері, қатын-қалаш, бала-шағамен үйге кірді.
1516 Бір нәрсесін бармағыма бассам, көзіңмен көр. Оқудан оралған баланың шамаданын өзің ақтара ғой. Ауыл әдетіне қанық Жарас осылай қарай шығарда шоферге қиылғандай боп, базарға соққан. Чемодандағы бар жеміс ту-талақай таратылды. Көк алманың бірі бағана Жарастың мойнына асылатын қойшының баласына тиген.
1517 Қара торы қыз өзгелерден кейін келген. Жарас оны Ирамен таныстырған еді. Екеуі жөн сұраса бастаған. Қойшының баласы көк алманы кірш еткізгенде, ілгеріде қыр қазағының қауын деп асқабақ үзіпжегені жайында осы елге тараған бір анекдот қара торы қыздың аузына түсті. Екі қыз күлісті.
1518 Ираның оқуын бітіруіне – әлі екі жыл. Ира Жетісудың жырақтағы бір ауданында бастауыш мектеп тауысты. Шешесі совхозда сауыншы болды. Орыс, қазақ аралас болғандықтан жеткіншек қыз бастауыш мектепте қазақ тілін жақсы біліп шықты.Кейін шешесі әлде бір ағайынын сағалап, Алматы жаққа көшті.
1519 Оқуын тамамдаған Жарас Ираны екі сылтау, бір желеумен алыстағы аулына шақырғанда, қыз ұзақ ойланды. Көзін көрмеген әкесінің бір кездерде тіршілік еткен, кейін сүйегі қалған Қаратау қойнауы жайында дәмді де мұңды қиялға шомды. Көрмеген жер көрген жердей елес беріп, сиқыр шыраймен қызықтырды.
1520 Хикая да сол күннен басталды... Екі таудың арасын бұзған аңғарға қырын қарағандай, күншығыс жағында – қиғаштана өрлеген биік дөңес. Дөңестің көкірегінен қайнап шыққан көз суы алысқа жетпей, шалшықты қауызға айналған. Қайнар басында, атыраптың қарауылындай, қарағаш тұр. Қарағаш алыстан көрінеді.
1521 Жаздың аптабын, күздің дауылын, қыстың құйынын, көктемнің нөсерін басынан кешіріп келе жатқан соқталы ағаштың түбіне түсте екеу кеп тоқтады. Бірі жігіт, бірі қыз. Бүгін азаңғылықтан кейін биікке сейіл құра шығып еді. Қызды-қыздымен екі таудың аңғарына шейін барып, шатқалдан шие терісті.
1522 Ол екі қолымен жер тірей еңкейіп, көз суынан қана ішті. Сынаптай таза, шыныдай мөлдір бұлақ салқын сусынымен есейген перзентінің мауқын басты. Көп жер жүріп, жолсоқты болған Жарас пен Ира ағаштың көлеңкесіне отырды. Қыз шатқалдан теріп алған жарты құшақ гүлін суға малып қойды.
1523 Өзі ағашқа сүйеніп, қисайды. Жарас күзет күзеткендей, әрлі-берлі жүрді.Қарағаштың күнгейінде жалғыз бейіт бар-ды. О баста кірпіштен тұрғызған төрт бұрышты мазар бұл күнде төмпешікке айналып кетіпті. Мазардың тарихын бала кезінде Жарастың естігені бар-ды. Кейін ұмытып қалған.
1524 Сол тарих бұлдыр тартып, әлде бір мазасыздыққа ұшыратардай көрінеді. Жаңбыр мүжіп, уақыт тоздырған талай ескерткіштер Жарастың есіне түсті. Сол ескерткіштер жайында естіген әңгімелері, оқыған кітаптары әр жерден атой беріп, шартарапқа қашқан қиялының басы бірікпей қойды.
1525 Шегіртке екеш шегірткенің өзін үнге үн жалғап шырыл қағып жатқанда, табиғаттың тынысын тыңдаушыға тынышсыздық табылатын сияқты. Аспаннан гүріл шықты. Мүлгіген Ира сергіді. Екеуі көкке көз тікті. Біразға шейін ешнәрсе көрінбеді. Бара-бара гүріл күшейіп, әуені тілген самолет үні анық естілді.
1526 Жүк машинасы шалғайда бір қора қойды жанап өтті. Шеті сөгіліп, дүрліге қашқанына қарағанда, дилы тұсақтар сияқты. Осы жорамалын Ираға айтқанын байқамай қалған. Қыз таңырқағандай. Жарас білгішсіне түсті. Енді біршама уақыт отырса, ылдидағы қойдың осы бұлақ басына келетінін айтты.
1527 Жарас орысшаға аударды. «Соғыс пен бейбітшілікте» циклондар мен антициклондардан хабарсыз крестьяндардың жел туралы жорамалы қызық суреттелуші еді. Сол ойына оралған Ира шопанның сәуегейлігіне сенер-сенбесін білмей, аңырды. Жарас болса, шаруаның шетінен сәуегей келетінін біледі.
1528 Байқаусыз жылжып бара жатқан өмірдің бұралаңы осы бұлақ басында көз алдына елестегендей болды. Өткен шақтың бары да, жоғы да еске түсе бастады. Көп қимастың ішіндегі ең шұрайлысын әлі көңілден өткізбегендей сезінеді. Өз ойымен өзі боп кеткен жігіттің мұңаюы қойшыға түсініксіз.
1529 Шалқыған шаңқай түс еңкейген екіндіге асықпай, тас төбеде толысып тұрып алды. Ұйқы қысқан қойшы көп ұзамай қайтып келді. Жарас көп күдікті әне жерден, міне жерден түрткілеп, қарияны қайта қаужады. Шал әдепкіде аз-кем кібіртіктеп, біраздан кейін, терін үккен тарландай, әңгімеге көсіліп кетті.
1530 Жігіті – менмін. Жегжат-шалыс екенімізді білетін де шығарсың. Екеуміз әкім орысты қаладан ертіп шыққанбыз. Жолай келе жатып, жонда әкім орыстың көк сүмбелі мылтықпен көз ұшындағы дуадақты атып алғаны әлі есімде. Мың дегенмен, шонжарлардың жүрек-шайлы боп қалған шағы еді.
1531 Өзі мал айдап, Ташкент кетіпті-міс. Жылпос інісі қызметін асырмақ болды. Қандай әкімнің болса да басын айналдырып алатын бір пәлесі бар-ды. Сарамжал қыздары да жұлдыздай жайнаушы еді. Бірақ күтушілердің ыстық сыбыры мұздап, үй ішіне салқындық орнады.Осы арада қойшы кідірістеді.
1532 Есілген әңгіменің арғы жағына барғысы келмегендей еді. Белгісіз себеппен тұңғиықтан тартынғандай, ағаш түбіндегі үшеу біразға шейін өз ойларымен болып кетті. Қыз қайта қисайды. Көлеңке бұрынғыдан ұзарғандай. Өткір күннің сәулесі көлеңкеде қырын жатқан қыздың балтырын шалады.
1533 Шопанның әуені де салқын тарта бастағандай болды. ...Ұзын сөздің қысқасы, азанда әкім ауырып шықты. Күні бойы төңбекшігенін білемін. Күн байырда тілі байланды. Ауру – шымылдығы құрылусыз ағаш төсекте жатты да қойды. Тойшы екеуміз кезек күзеттік. Ертеңіне аурудың көзі қанталап шықты.
1534 Қан тастады. Домбыққан кездері жасаурап, тісін шықыр-шықыр шайнайды. Аяулысы артында қалардай, көп қиналды-ау! Ыңырана ым қаққаны ойыма түссе, төбе шашым шымырлайды. Тойшы түсінді ме, немесе, сасқандағы жандалбаса ма, әйтеуір сырқаттың басын сүйемелдеп, қағаз бен қарындаш ұстатты.
1535 Шығыс Түркістанға баяғыда сапар шеккенде басып өткен жерлер, түстенген, қоналқыланған бекеттер Шоқанның есінде. Бұл сапарда керуен жолына түспей төте тартып келеді. Жол бастаушы қазақ та Шоқан мырзаның ыңғайын іштен танығандай ырқына көніп, бірде сәл-кем кейіндеп, бірде үзеңгі қағысып келе жатыр.
1536 Оның аты – жатаған қаракер, Шоқан нұсқаған биік қараға мінбей, жүрісі жайлы көлікті қалаған. Шоқанның торысы қаракерден әлдеқайда биік. Бірақ, тоғынан жараған, жотасы тұтас жылқы көзге аласа көрінеді. Тақымға толық жануар жер ыңғайына қарай бірде бүлкілдеп, бірде көсіле аяңдайды.
1537 Тек кедір-бұдір адырда, бүйректей бөктерде ғана лажсыз лоқылдайды. Осы лоқылдан жолаушы Меркіге жақындағанда құтылды. Тау бөктерінен белең-белесті түзге қарай ойысқанда, торы бесті қолтығы сөгілген аяңға ауысты. Шоқанның ойлы-қиялы да белгілі арнаға түсіп, шым-шытырық шәркездіктен арылды.
1538 Шалғай түзге еркін енген сайын көңіліне сағыныш пен мұң қатар ұялап, әлденеден елегізи бастады. Бұл бағдар басбілгі барлаушының қауіпті де қызықты сапарына, құпия көкжиегіне ұқсамайды. Сансыз саяр мен шырғалаңға толы әскери қызметтің ақыры Петербургте аяқталып, Әулиеатада үзілді.
1539 Сол даланың сағымы, елеуреген белестері бірде қызықтырса, бірде үрейлендіреді. Белгісіз жерге ұзатылған қыздың мұңлы алаңындай дәрменсіз сезім көңіл қажайды. Арқа жақтан аймалаған қоңыр жел жусан мен гүлдің қышқыл жұпар иісін сезіндіреді. Шоқанның демікпелі көкірегі ашиды.
1540 Ұстараның жүзіменқиып тастауға дәрмен жоқ. Сырқаттың ендігі үміті – шаңсыз, дымқылсыз жайлауға жетіп, сапырылған сары қымызбен емделу. Оның қаншалықты даритынына да көз жетіп келе жатқан жоқ... Солтүстіктің ауасына үйреніп қалған организмнің жаңа тұрмысқа қалайша сыр берері белгісіз.
1541 Бірақ, кейін жазмыштың бұйрығы әр жаққа айдап, сергелдең тіршілікке душар етті. Бір есептен, кір жуып, кіндік кескен жеріне, құтты бесігіне оралуы керек пе еді, қалай?! Бірақ, оған жүрегі дауаламайды. Сарыарқаны билеп-төстеген шонжарлар соңына шырақ алып түсетінін біледі.
1542 Достоевский, Потаниндермен қияметтік дос болғаны. Ойлы санаткер санатында Шоқан әртүрлі ағымдағы кісілермен пікірлес, дәмдес-тұздас болды. Осы үшін қуғынға ұшырады. Сибирьдің әскери губернаторы мен генерал-губернаторының қаңқуынан, қудалауынан өзінің төл еңбегі арқылы құтылды.
1543 Россияға сіңірген бағалы қызметі үшін, Шоқанды патшаның өзі қабылдап, маңдайынан сүйді. Шоқан елден асқан епті адам болғанда осы аудиенцияны пайдаланып, мансап арттырар ма еді, кім білсін? Шоқан бесікте інгәлатқан, сәбиінде талай ертегі-аңызға қанықтырған өңіріне бара алмайды.
1544 Қазақ ауылы қазақы адамға келісімді. «Жолдасың соқыр болса, көзіңді қысып жүр» дегендей әдет-ғұрыптың шеңберінен шығуға болмайды. Таз төренің қасында отырып самайыңды қасысаң пәлеге қаласың. Құран оқыған молданың қасында бет-сипамасаң кәпірге баланасың. Қазақшылықтың аты – қазақшылық.
1545 Шоқанға келіп-кетуші, сәлемдесуші ұлықтар болса, Тезек төре оны хан көтеруден жалықпайды. Мәртебелі қошеметшілер табылмаса, одан бірте-бірте суынады. Ал, Шоқанды қудалаушылардың барын сезінсе, одан ат-тонын ала қашады. Сайып келгенде, Шоқан тіршілігі тағы да әкімдерге тәуелді.
1546 Шоқанның кім екенін білетін ұлық. Бірақ, демалысқа шығып, өз елінен қашып жүрген жазушыға оның қандай қабақ танытары және мәлімсіз. Жандаралға әскери қызмет керек. Мансап адамы жақын. Әдебиетшіемес ұлыққа сену асау жылқының жалына жармасқанмен барабар. Не жығып кетеді, не теуіп мерт қылады.
1547 Бұл құбылыстың не екенінен бейхабар серігі оған тіл қатуға қаймығады. Оның ұғымында Шоқан жарты патшаға тең. Оған атқосшы болудың өзі қанибет. Ертең еліне қайтып оралғанда Шоқан мырзаның ұзақ сапарын көшқұлаш әңгіме етіп шертеді. Көрген-білгенін асыра сөйлеп, өз беделін арттырады.
1548 Солардың қасына ергендер де кей-кейде елеурейді. Тентек-телізді тезге салып, момын-мондыбасқа қамшы үйіреді. Шоқан турасынан көңілінде бір-ақ күдігі бар. Бұл жігіт тым сыпайы, тым ізетшіл. Болат қанжарды жалаңаштайтын жерде орынсыз кішіктік жасап, қынабының өзін жасырады.
1549 Кейін ауылдан ұзап шыққанда Шоқанның ерсі мінезін жақауратып айтқанда, ол миығынан күлді де қойды. Сол Шоқан енді үзеңгі қағысып келе жатыр. Ұят мінезі тым жабырқау. Ой да ой, қиял да қиял, біресе иығы селкілдейді, біресе көзі жасаурайды. Сұраулары үш ұйықтасаң ойыңа келмейтін нәрселерді қозғайды.
1550 Оған жауап беруге бұның тілі қысқа, көкірегі қараңғы.Кешелі бері Шоқан да серігінің аужайын су құйып дағдыланған адамның білетін әңгімесі пәленше екен, түгенше екеннің, асса – дүдәмал шежіренің төңірегінде. Оны тыңдауға құлақ жоқ. Екі күнгі жолдастық Шоқанның да, оның серігінің де ішін пыстырды.
1551 Шоқан ұшы-қиырсыз қазақ сахарасын түгелге жуық аралады. Ең әрісі Атырау атырабына құпия тапсырмамен барып қайтты. Арқаның, Атыраудың, Сырдың, Жетісудың салт-санасында, үрдіс-дәстүрінде азды-көпті айырмашылық бар, лақапқұмарлыққа, мансапшылдыққа келгенде өзгерісі шамалы.
1552 Шоқан осы жасына шейін бір қазаққа шын құлап ғашық боп көрген жоқ. Ең жақсы дегенінен мін табады. Сөйте тұра ол қазақ халқын жанындай жақсы көреді. Бұл халыққа жан пида етуге дайын. Шоқанның байқауынша халықтың санасы қоғам арқылы көтеріледі. Оның сорына қарай қоғамдық инерция басым болады.
1553 Жеміс көктей үзілсе немесе сабағында шірісе, оған заман кінәлі. Шоқан сірә осындай дәуірде өмір кешсе керек. Тыныс тарылтқан қараңғылықта адасқан перзент дәрменсіз саярының өзінде тәуелдісіз қиялға беріліп, халқының тағдырын ойлайды. Оның көз алдынан бүкіл қазақтың тарихы шұбырып өтіп жатыр.
1554 Одан бергі қалмақтардың қырсығы өз алдына. Тоз-тоз болған тайпалар хандыққа айналғалы бері жабысқан дерт – әкім құмарлық, дағбыршылдық. Енді Россия тұсында осы дерт басқа сапаға ауысты. Одан құтқарудың емі ағартушылық жолы деп ұққан Шоқан қысқа ғұмырын жазуға сарп етті.
1555 Шоқан басын көтермеді. Ол орысша ойланып жатыр. Әр жұртта осындай жандай-шаптар болады. Бірақ, қазақтікіне тір келмейді. Шоқан қазақ сахарасын билеген қазылық, әдет-ғұрып салтын, төрелік дәстүрді екшеп кәделісін іске асырмақ болғанда, Россияның ілгерімпаз жағына сүйеніп еді.
1556 Олай болса, Шоқанның мықтылармен тіреспей бірыңғай әдеби еңбекпен шұғылдануы керек пе еді, әлде?! Кейінге қалатын мұраны, ұрпақтар қастерлейтін ыстық дүниені мың шонжар сойылдай алмайды. Пушкин айтқандай, сұсты парасаттың байқауы мен шерлі жүректің шерткен сыры ұзақ жасайды.
1557 Көтерем тұлпар қамшы көтермейді. Тартуға тағы көнбейді. Бәрің алыстан айқайлап, ұран сап, шауып өтіңдерші. Бүйірі қызбас па екен, – деді.Көп ұзамай дүйім жұрт шоқыта шегіншектеп, қайтарда лап қойып, қиқулап шауып өтті. Кәдімгі үлкен бәйгедегідей азан-қазан ұран салып, елеурей даурығысты.
1558 Осы жорамал оны тың бағдарға бастап, жаңа үмітке мегзеді. О да бұл күнде тұралаған тұлпар. Осы күйінде ұнжырғасы түсе берсе, келешек кешпейді. Ұран сап, дем беретін көпшілік табылмаса табылмай-ақ қойсын. Шоқан өз ұранын өзі салады. Өзін-өзі бәйгеге қосып, шартапқа қара үзіп, тартусыз келеді.
1559 Шоқан бірауық Фирдоусидің Шах-намесін еске түсіреді. Фарсылар мен арабтардың қырғын соғысын көз алдына елестетеді. Содан барып ол өзінің есімі телінген Мұхаммедті ойлап кетеді. Жер-жаһанда теңдесі жоқ сұмдық сенімді ойлап шығарған қу адамның өз беделіне бола жасаған қанды қылмысын саралайды.
1560 Көсеубай Іргелин жолдас батырдың орнына ысқаяқ біреуді жазып келіпті. Сейдіннің бірінші секретары обкомға телефон соғып, басшылар шала бүлініп жатыр, – деді. Жігіттердің қайсыбірі сұстиысып, қайсыбірі жымыңдап, үнсіз отыра берді. Әйелдер күңкіл-шүңкіл сөйлесіп, бет шымшысты.
1561 Сегіз жасар қыз бала қуыршақпен ойнап, әңкі-тәңкісін шығарып тастаған бөлменің іші бейберекет еді. Үй иелерінің салдыр-салақтығы көрініп тұр. Кісі кіржиді. Артынша әлде неге езу тартып күлімсіреді. Ол өзінің облпрокуратурадан келгенін мәлімдеп, аты шулы очерктің мән-жайын тәптіштеп сұрай бастады.
1562 Әңгіме аяқталғанда сегіз жасар бала әкесінің қолынан тартты. Заң қызметкерінің көгілдір көзі тұманданды. Ол шүй желкесін қасып: – Сіздің батырға балаған адамыңыз соғыс кезінде пленде болған. Аттандыруына байланысты қаңқу тіпті қараңғы. Мәселенің насырға шабуында осындай гәп бар, – деді.
1563 Шипалы сусын іздеп көшеге шықты. Қасқалдақтың қанындай, сыра ұшпайды. Ол қаланың шетіндегі ірі заводқа тартты. Автобус ұзақ жүрді. Бір кезде осы қаладан осы заводқа қатынайтын осындай автобуста кондуктор болып істегені ойына оралды. Бұл күнде ол облыстық газеттің дүрдей қызметкері.
1564 Бірақ сықақтың да шатағы бар ғой. Сен пәленше екеңді шенесең қулар оны түгенше екеңе аудара салады. Шағыстырудың арты сергелдеңге ұласады. Қара тіл қазақ сөзден оңай алдырмайды. Сөз білмейтіндер шындық кімнің жағында екенін оңай ажырата алмайды. Айналып келгенде, сөздің өзі сор.
1565 Семіз сары кісі, баяғы заң кызметкері, мінбеден қолын сермеп сөйлейді. Әлде кімді кінәлағандай саңқылдайды. Қым-қиғаш, шым-шытырық көріністің сырын Көсеубай ұғар емес. Кеңкелес аурудай әрлі-берлі сандалады. Қамаудан босатылып, кәнігі қалаға қайтып келе жатыр екен дейді.
1566 Көсеубай, неге екені белгісіз, апыл-құпыл киінді. Шам жағуға әйелі мен баласын қимады. Екеуі құшақтасып, тәтті ұйқыда жатыр. Көшеде ұзақ жүрді. Қараңғылық болмашы сейілгендей. Жұлдыздар бірте-бірте семіп барады. Көсеубайдың көңілінде бұлыңғыр дүниедей үрей мен үміт әлсіз алмасады.
1567 Арасын қылышпен шапқандай заңғар мен шоқы алыстан қарағанда тұтасып, дөңгеленіп, тау сілемінен жырақтанып тұрады. Бұл жерге келіп кетуші адам да жоқ. Күнгей өткен, теріскей асқан жолаушы жолдың, соқпақтың ыңғайына қарай айналып өтеді. Осы меңіреуге анда-санда ат ізін салатын біреу – аңшы Бұғыбай.
1568 Бөлектің сілеміндегі бұжыртастарды бөрі мекендейтінін білетін де осы адам. Бір жылы ол бөрінің күшігін алмақ боп ала жаздай ығы-жығы тасты кезіп бақты. Тылсым тастақта қас-қырдың іні болмай апаны болатынын білетін аңшы үңгірге кезікпеді. Жаман бөрі ұя тақылеттес қуысқа күшіктей береді.
1569 Ондай қуыстың үстінен түсу қиын. Түсе қалған күнде усиқы күшіктен не пайда. Ақырында кезбеліктен күдер үзіп, күзді тосты. Қарашада атына мініп жықпыл-жықпылды айналыпшықты. Ел құмға қарай жылыстайтын кезде әккі қасқырлардың артынан ергіштейтінін білетін ол «қанды басың бері тарттан» дәмеленді.
1570 Бөлтіріктер жарыса жүгіріп, әне-міне дегенше қалың шидің ішіне еніп кетті. Одан әрі қайда барары қараңғы боп қала берді. Бұғыбай есін жиды. Берденкесі бұл арадан жетпейді. Құралайды көзге ататын баяғы ақ шолақ бесатары жоқ. Бұғыбай қиғаш тапырақтатып, ауыз жаласқан бөрілерге жақындай бастады.
1571 Бұғыбай жазыққа қарай қашқанның соңына түсті. Ересен ірі қасқыр еді. Жүгіріске барын салмай артына жалт-жалт қарап барады. Бұл – әккі қасқырдың қашысы. Көрмедігі ылғи бір жағына қарап қашады да мойны қарысып қалады. Қуғыншы екінші жағынан қабаттасып оп-оңай соғып алады.
1572 Ертеден кешке шейін қашқан қасқыр өкпесі әбден өшкенде тілін салақтатып, көзін ұшқындатушы еді. Көкжал соққан жарау ат ауылға жетпей зорығып өлуші еді. Ендігі бөрі де, жылқы да басқа. Бұғыбай астындағы атының шыдамдылығына сенбей, ұшқыр қууға басты.Қамшы жеген ат ылди-төмен жұлдыздай ақты.
1573 Шаңыраққа да жетік. Қамшы өретін өнері бұрыннан бар. Тек, ертұрман соқпайды. Жалғыз атын әскерге алғалы қитығып, атқамінер атаулының жайдақ жүргенін қалайды. Күз бен қыс үйкүшіктікпен өтті. Көктем жуықтағанда аңшылық желігі қозды. Мылтығын қолына алып, түзге жаяу қаңғырды.
1574 Арада екі-үш күн өткенде жапалақтап қар жауды. Төрт құлақ жапалақ қар жерді башайдан көміп тастады. Әлтаман-ақ еріп кететінін білген Бұғыбай ағайынының ерттеулі атына мініп, таныс түзде келе жатқанда оқыс ізге кездесті. Түлкінің де, қасқырдың да ізіне ұқсамайды. Егіз тағандап, ордиып жатыр.
1575 Қаншығы шермиіп, арланы ардаңдап, төтелей жүріп отырды. Ақырында, Бөлектің оқжетпес құзар шоқысының үңгіріне келіп паналады. Үңгірдің жақтауындағы қызыл-күрең тастың жоса екенін білген де жоқ.Арада екі айдай уақыт өтті. Бұғыбайдың інгені боталағанда қасқырдың қаншығы да күшіктеді.
1576 Әлде қалай үңгір маңындағы екеуді көзі шалды. Күшіген жыртқыштың піріндей ұрғашы қасқырды аймалап, иіскеп, құйрығын бұлғаңдатты. Көк айыл кәрі қаншық қыңсылай еміреніп, бүктетіліп, қияс ардың-гүрдің жүгірістеді. Ін соқты болмаған көкбалақ қаншық иісі қасқырды жатырқамады.
1577 Бұралқы күшіген жайына кетті. Келесі күні адуын қаншық арс-арс етіп, төбетін шайнап, жорыққа алып шықты. Күшіктің бөлтірікке айналар кезі еді. Балаларын қансоқтыға меледіктетіп, жондандырып өргізбек болды. Қуғын-сүргін басталса дилы бөлтіріктердің шалғайға шұбұратыны бүкпе түйсік боп қала берді.
1578 Бұрын екеуі алма-кезек жортуылдасқанда жарық жұлдыздан көзбен табысатын ғашықтардай, осы бұтаға сарысып кететін-ді. Байырғы белгінің түбінде екі қасқыр сайқыласа шайқасып, тістелесіп, бірін-бірі ашындырды. Ажырасарда қарны қусырылған аш қаншық жайлауға тартты да, іші майлы дәңгілі түзге беттеді.
1579 Бұл атырапта малшылар жон жайлауға шілдеде шығады, ой жайлауға шілдеде сүмбіледе құлайды. Бұл кезде үстірт жайлауда отыр еді. Бөрі баспаларлық қыраң ара-кідік. Шөлейттің шүйгіні де аласа. Селдір селеуге, қаудым бозға араласқан жусандар тышқаннан басқаны кесе-көлденеңдетіп тұр.
1580 Жортуылпаз қаншық белуардан келетін бидайықты, ат бауырын соғатын сарбас пен көк шашырастыны жоқтады. Некен-саяқ қурайды баспалап, қырқадан қарауыл қарады. Үстіртке жаңада келген ел мамыражай. Мал атаулы ауыл маңында жайылып жүр.Жарықта жолы болмасын сезген қасқыр ауытқи шегінді.
1581 Бұғыбай ұзақ жүрді. Дегірездің тұсына келгенде былтырғы оқиға есіне түсті. Қасқыр қуған ақырғы сапары сол еді-ау! Ол дегірездің басына көтеріліп біраз тұрды да, қиғаш құлады. Еңіске келгенде жылғаның баурайында қақпан шайнап жатқан қасқырды көрді. Темір сүйреткен көкжалдың жеткен жері осы еді.
1582 Ұзын шыпыртқысын сақпандай сарт еткізді. Түйе бақырды. Жолаушы оқыс елірмелеп, қиқулай бастады. Қасқырдың қаншығы қашып кетті. Қақпандағы көкжалды соғып алудың өзі қиынға түсті. Бұғыбай сүйменмен маңдайдан ұрмақ боп жақындағанда көзі қанталаған қасқыр ақтық күшін жиып, арс етіп атылды.
1583 Бұғыбай жылғаға қарай домалап түсті. Осыдан кейін ол айласын өзгертті. Қапқа тас салып әкеліп, қасқырды төмпештеп өлтірді. Бұғыбай асығыс-үсігіс аулына қайтты. Жайлаудағы көрмедіктерге қасқырды көрсетіп мақтанбақ болды. Оның үстіне қақпаншыдан да қаймықты. Аңның шарты табалдырықтан өткенше.
1584 Бұғыбай басқаша қиялда. Қалың шиде түлкі ойнайды. Қыраңға біткен бұтаға қасқыр сариды. Екеуінің айласы екі түрлі. Түлкі тап үстінен түспесең көрінбейтін тастақта жатады да, қасқыр айналаны өзі көріп өзгеге көрінбестей қақпақыл жол табады. Жіті көзге бөрінің құлағы ғана шалынатынында осындай сыр бар.
1585 Оң жақта, биік сүйір шоқының қиясында қызыл күрең тас тұр. Жоса осы. Сол жақта, жосаның деңгейінде, қызыл-шақат жартас тұр. Оның үстіндегі қат-қабат заңғар бас меңзітеді.Түйесін шағырға байлап, сүйір шоқыға өрмеледі. Аяғы тайғанақтап, кейіншектеп, өзі бұтаға, бұжыр тасқа жармасып, зорға шықты.
1586 Үңгірдің уілі айдаһардың демінен, пайда болады-мыс. Бағы заманда қазақтардан қашқан басқыншы қытайлар қазына тығып кеткен деген лақапқа иланушылардың үңгірге шырақ алып түсе алмағанын да Бұғыбай еміс-еміс біледі. Сол Бұғыбай баяғыда ұмыт болған жосаны іздей келіп, күтпеген күдіктің үстінен түсті.
1587 Бұғыбай үңгірге түтін жібермек болды. Қиядан қызылша, жықпылдан тобылғы жиып, оған бозқаудан қосып, құшақ-құшақ отын әкелді. Қырық жыл қырғында жұтамайтын құнарлы өсімдік лаулай жанды. Қызылшаның ащы түтіні бықсып, қиралаңдап, үңгірдің түкпіріндегі мақұлықты тұншықтыра бастады.
1588 Алтаудан тоғызға шейін шұбыртатындар – ит шалыс, түлкі шалыстар. Біреу-екеуден туатын аққаншық бұл өңірде жоқ. «Үшеулеген көкжалдың өзіне шүкіршілік тағы!» Аңшы қызыл қылшық ақ қасқырдың терісі көк-жалдың терісінен екі есеге жуық қымбат тұратынын ойлағанда, нілдей бұзылды.
1589 Қанжарын құлпырған бір тал қызғалдақтың түбіне қойды. Түс әлеті қасқырдың ініне оралатын шағы. Қолға түскен бөлтіріктердің енесі қайта жортып келе жатып саяндағы түйені көрді. Шалымды шағында түздегі түйемен ойнап, құйрығын қытықтап, тізерлігінен ұрғыштағанда аңқау мақұлық шөге кетуші еді.
1590 Байлаулы тұрғанынан шошып, екі-аяқтының алыс емес екенін түйсінді. Қасқыр оқыс орағытып, биік шоқының үстінен құлағанда күтпеген ойранның үстінен шықты. Қақпан бел қаншық аузындағы суырды тастай беріп, атылды. Жақындап келді де кейін шегінді. Бір сәт көзсіз көбелектей шырқ айналып қалды.
1591 Айнала шауып, бірде қыңсылап, бірде арсылдап, жалын күдірейтіп, айбар шекті. Бұғыбай қанжарын қолына ап, сермей бастады. Соғыстан біреу алып қайтқан киелі қанжар әлде қалай аңшының қолына түскен-ді. Ұшына болмашы қан жұққан алмастың жүзі күнге шағылыса жарқылдап, ақ жалын шашты.
1592 Қара сабы қалтқылы қылмыстың айғағындай бес саусақта сағымдалып тұрды. Бұғыбайдың ылдитөмен түсуі қиынға айналды. Лажсыздан қапты домалатып жіберді. Төрт бұрышты кенеп қап екі жерде бұтаға ілінді. Аңшының өзі тайғанақтап, жантайып, қиғаш тырмысып, «суға кеткен тал қармайдының» керімен әрең құлады.
1593 Дегірез деңгейінен өтерде іші әлем-жәлем болды. Қақпан мылжалаған жансыз аяғын шайнап тастауға батылы жетпеген төбетіне ызаланды. Көкірегін долылық кернеп, жалы үрпиіп, көзі қанталады. Ауылға жақындағанда лажсыз теткіді. Артынша қайтадан аласұрып, раңды саймен қырқаға қырын өрмеледі.
1594 Қасқыр итше әупілдеді. Осы кезде әлдеқайдан атты адамдар бой көрсетті. Олар кезеңге қарай желіге жарысқанда, қасқыр арс етіп, шырқ айналды да, кері қарай қашты. Жүгіріске барын салмай артына жалтақ-жалтақ қарап бара жатты. Осылай жалтақтауда жаужүрек қашыстың әккі тәжірибесі бар.
1595 Адамның қорқағы, батыры болса, бөрі де сол іспеттес. Өліспей беріспейтін көкжалға жекпе-жек шығатын еркек некен-саяқ. Қасқырдың жүрегіне жерік болатын әйел – ілуде біреу. Жауын торыған, аттылардан амалсыз жылыстаған долы қасқыр әріден келе жатқан қанды қырқысты өзінше түйсініп бара жатты.
1596 Қасқыр жапырлаған қиқы-сиқы қамыстың түбін тырналап, қоңыр балшығын аршып, лай суды жалады. Түзде ұзақ жортқан ол түс ауа титықтады. Өзегі өртеніп барады. Ине жұтқан дүрегейдей мықшиып, көзі кержағалданып, қақпан белі қиралаңдап қалды. Сары жұртты тіміскілеген бұралқы бөріге құзғындар қырқылдасты.
1597 Құлазыған сары түз көлденең жатқан кемерге ұласты. Кемерден өткенде жалаңаш жалғыз заңғар кезікті. Баурайында, жықпыл-жықпыл тарғыл тастарда өрген кекілік дүр етіп ұшып кетті. Қасқыр басыр түйсікпен жоғары өрмеледі. Заңғардың шыңына жақындағанда қияс қуыстан бүркіттің ұясын көрді.
1598 Ұя маңында үйіліп жатқан ұсақ тасбақа. Бүркіттің қыраны тасбақаның ірісін тасиды. Жаманының іріге әнжімі келмейді. Әнжімсіз бүркіт кек ала білмейді. Әккі қасқыр табан астындатүйсінді. Көрбала балапандар үрпе-шүрпе боп қызыл қанаттарын қағысқанда, қасқыр шиқылдатып жей бастады.
1599 Қасқыр артқы екі аяғын матастырып басын кекжитіп, жайлауға қарап шабынды. Кешкі арай құбыладағы бұлтқа қан жүгіре бастағанда батар күннің талмаураған сәулесі қиядағы қасқырға түсті. Қаншықтың қара жалының түбі күлдей көгілдір еді. Жал мен тұқыл сәулеге шағылысып, сарғылтым тартып тұрды.
1600 Қысырағын қорғаған айғырмен сайысқан түндер, адамдар атпен қуғанда артқа жалтақ-жалтақ қарайтын күндер көзден бір-бір ұшты. Табанның желі, қабырғаның қанаты, өкпенің тынысы қайда? Жүрексіз төбетті шайнап тастайтын шақар шақ қайта оралар ма? Қасқыр жаңа туған айға қарап ұлыды.
1601 Қасқыр жылжымалы айды паналап, жорытты. Жүрекке шапқан ыстық қан суынып, денесі шімірікті. Жоны дүрдиіп, басы қаңғырықты. Таң қараңғылығында тепсеңдегі зираттың үстінен түсті. Төмпешіктерді аралап, әрлі-берлі ойқастай арсыл қақты. Маусым айының таңы сынаптай толқып, күреңдене бастады.
1602 Оның ендігі құлқы бөлек. Күндіз адырға бекінеді де, кешкі-тұрым жайлауға соғады. Соққанда бөгде ауылға жоламай ылғи аңшының аулын аңдиды. Бұл күнде жылқыға соқтығысар қауқары жоқ. Жылқының үш рет – іңірде, түнортасында, таң алдында – жусайтынын білетін қасқыр заманында қоңыр іңірде шабушы еді.
1603 Баяғыша ақ құйрық асамай, ауызға ілінген ашатұяқты жаралап, тамақтап кетеді. Қойшылар бажылдасып, иттер арпылдасып, ию-қию күшейгенде лажсыз қашқақтайды. Қашқанда ызалы көзі ұшқындайды. Қараңғы түнде бейне бір қанды жұлдыз ағып жүргендей болады. Ашынған қасқыр таң қараңғылығында қайта соғады.
1604 Шопандар қысты күні ерінің басына ілетін мылтығын қайтадан қолға алып, ымыртта қоқан-лоққымен атуды шығарды. Әккі қасқырдың білмейтіні жер астында. Аспанда алақ-жұлақ етіп, боздап алысқа ұшатын оқ жоқ. Құсмылтықтың оғы қысқа. Даусы да жан түршіктіре жаңғырықпай, гүрс ете қалады.
1605 Жықпыл тастар жаңғырды. «Тисе торғайға, тимесе қурайғаның» керімен атылған оқ босқа кетті. Жалғыз қасқырдың қылығы жалпақ елге алып-қашпа аңыз боп тарады. Оның қара жалын, қамыс құлағын, алты қарыс азуын әңгімелеушілердің аузының суы құрыды. Бөрінің нәсілін ажыратып, құлқын танушылар бұл күнде жоқ.
1606 Жайлауда ұзақтың, үйректің балапанын асыраушылар бар. Қасқырдың баласын асыраушы жоқ. Бұғыбай жұртқа қыр көрсетіп, бөлтірікті қосаяқ тышқанға ауыздандыра бастады. Аяғын сылтып басатын балаң бөрі қосаяққа иттен бұрын жетіп жүрді. Тарамыс сіңір, төзімді тірсек сақ сындырмады.
1607 Дегенмен қасқырдың нәсіліне сенім жоқ. Кешке ел орынға отырарда босағаға байлап қояды. Бұл бөлтірік іннен шыққан бойда қап ішінде тұншықты. Жарық дүниені ауылдың қотанында көрді. Түнгі мекені киіз үйдің босағасы. Көрбала бөлтірік адамның асырауында үйреніп, нәсілін жоқтамады.
1608 Кәрі қаншық қай-қайдағыға қанық. Тексіз бөлтірік қолға үйренсе күшік боп кетеді. Есейгенде қасқырдың үйіріне жоламай итке қосылады. Текті бөлтірік тұңғиық түйсігін ұмытпайды. Түкті жүрек, асау қан күндердің күнінде төркініне тартады. Ішкі сенімнен үміттене тұра, қаралы қаншық қауіп ойлайды.
1609 Денесі тітіркеніп, басы жаңғырығып, көзі ұшқындады. Шырқ айналып, шаншыла көтерілді де, қыңсылай жүгірді. Жайлаудағы ауылдың жарығы әр үйден жылт-жылт етеді. Жер-ошақта жанған от алауланып, қараңғылықты есік пен төрдей жерге ысырып тастайды. Баяғыдан кәнігі құбылыс еді.
1610 Ақырында аңшының үйін тапты. Салқынға бой алдырған аңшы үйінің іргесін түріп қойғанды. Шырағданның сәулесі сыртқа ала-шұбарланып түсіп түсіп тұрды. Қасқыр босағада сүт ішіп тұрған бөлтірігін, төрде баласын әлдилеп отырған аңшыны, от басында күйбеңдеп жүрген әйелін көрді.
1611 Қаннен-қаперсіз әйел баласын сыртқа алып шықты. Желідегі ботаны айнала беріп, баланы түзге отырғызды. Жүрегі дүрсілдеп, басы жаңғырығып, көзі қанталаған қасқыр оқтай атылды. Баланың шар етуге ғана шамасы келді. Жүрегі жарылып кеткен баланы қозыша арқалап, жанұшыра жүгірді.
1612 Тышқан мен борсықтан басқа жәндік кездеспейді. Ақырында, қасқырдың о бастағы інін көзбен көріспек болып, Бөлекке қарай бұрылды. Аттарын қиядағы есекмияға байлап, өздері шоқыға жаяу көтерілді. Үңгірге келгенде, ит-құсқа жем болған екі бөлтіріктің арасында тырайып жатқан баланы көрді.
1613 Торушының алдыңғысы атының басын кіді бұрып, дүрбімен қорымға қарады. Дүрбінің тұңғиық көзі қасқырдың көзіне түсті. Дүрбіші бес атарын қолына алды. Қасқыр дүрбінің әйнегінен, қарудың ұсқынынан қатты шошынды. Осы мезетте аттылар қиқуласа шапты. Қасқыр жабайы тоғаймен қашты.
1614 Аттылар айнала андыздап жүргенде ол жықпыл тастарға жетіп, алдырмай кетті. Сол бетте жапан түзге маңды. Түз бір дәуірдегі жыныс орманның орны еді. Бұл күнде панасыз, жалаңаш, тұл. Қосаяқ тышқан мен бұлдырықтың құлазыған мекеніне шыдамай жырақтағы құмға қарай ауды. Басын төмен салып бүкеңдей берді.
1615 Құмға жеткенде қапырық бұйраттың ішіне енді. Кесірткеден басқа жәндік жоқ. Қасқыр тілін салақтатып ұзақ қаңғырды. Ындыны кепкен бір сәтте саз тырнады. Шылқылдап шыққан суды жалап, көгалға аунап-қунады. Мөлдір су қасырдың ішін жыландай жалады. Тұмсығымен жер тіміскілеп жемтік іздей бастады.
1616 Қиясына көк еркек біткен биік жалға өрмелеп, бүркіттің ұясын тапты. Қызыл қанаттың тірнекке айналған шағында балапанның орнын сипап қалды. Күдер үзгенде,бұралаңдап терістікке қарап жортты. Сансыз қобыдан, жалдан өтіп таң ата жат өңірге жетті. Бөрі атаулыда басыр сезім болмақ.
1617 Бір кездегі ну – оймыш-оймыш ғана. Ажырықты сортаңда ара-кідік ел отыр. Ертедегі киіз үйлер жоқ, ақ тамдар бар. Шом қора жоқ, темір құрсау бар. Қасқыр екі түп жыңғылдың арасын сағалап, бұқпантайлады. Көзі қарайған қашқын дәметпестен дәметеді. Күнінің қысқарғанын болжар түрі жоқ.
1618 Есеңгіреп, әрі-сәрі боп тұрғанда доңғалақтар мөңки бастады. Олардың қалтарыста жұмысы болмады. Қашқынға қырсық басқадан ұшырасты. Осы ауылда ибалы келіншек бар еді. Бошалаған түйедей түзге барғанында қасқырдың үстінен шықты. Жырынды қасқыр төмен етіктінің аужайын танып, қаша қоймады.
1619 Еркектер тайлы-таяғымен шығып, андыздап жүгірісті. Жалғыз бөріні көргенде жаяулар желіге қиқулап, мәз-мейрам болды. Әлдебіреуі мылтық атты. Қасқыр кері қарай жортуылдады. Бұл жолы ығы-жығы бұйраттан өту тіпті қиынға айналды. Қауқарсыз бөрі бұралаң қағып, көр-жерді жемтік етіп, ұзақ сандалды.
1620 Қымқа қиғаш тартып басының ауған жағына қарай жүре берді, жүре берді. Күндердің күнінде баяғы тауға екі-үш көштік жердегі көл жағасына жетті. Өмір өзгермелі. Бір кезде көшпелі елдің серісі аралына киіз үй тігіп саялайтын шалқар көлдің жағасы бұл күнде құлазыған мекиен еді.
1621 Бұл аймақта іркес-тіркес таудың шоқыға, заңғарға бөлінетін тұсы жоқ. Көл жағалауынан құмшауыт шабырға ұласатын борпылдақ сортаң дала бар. Көлдің өзін шалғы тимеген қалың қамыс көмкереді. Қамысты балапан талдар әдіптейді. Шалқар көл желден сапырылмай, саябыр толқынданады.
1622 Су бетінде шүпырлеген шүрегей үйректер, қаңқылдаған қоңыр қаздар соңғы күндерін өткізіседі.Келген бойда қасқыр қамыстарды баспалап, құлағын едірейтіп, құстарға көз тігіп, сілекей шұбыртты. Бірте-бірте құстан күдер үзіп, шеңгелді, алаботалы сортаңды аралап, алақ-жұлақ етті.
1623 Түлкінің етіне жолайтын жыртқыш жоқ. Бүркіт қана бауырын тіліп, балапанына береді. Қашқын қасқыр қиқымды сортаңда шұбырған көжектерді бақылдатып жей бастады. Балауса жемнен бірте-бірте жонданды. О бастағы қара қылшық көк қаншықтың бертінде қылшығы күлдей көгілдірге айналған-ды.
1624 Енді сол көгілдір қылшық қайтадан қарая бастады. Өзегі нәрленіп, іші майланған қасқыр мейлінше диланды. Уысиқы жалы іріленіп, едірейді. Жүрегінің түгі шаншылды. Күздің ызыңдаған желі ызғарлы қара суыққа ұласты. Көл жағасының өңі қашып бұталар бүрсиіп, ағаштар сидамдана бастады.
1625 Үйірінен айрылған, адасқан қаншық елегізіп, бөлтірігін қайта жоқтауды шығарды. Бұның жанына көзі ойылған бөлтіріктері батпайды. Оның есесі қайтқан! Бұны жегідей жейтін аңшыға тұтқын болған, адамның қолынан сүт ішетін маймағы! Баяғыда бытырап кеткен бөрілермен де ісі жоқ.
1626 Жат жұртқа кеткен бөлтірігін ойлағанда, емшегі сыздап, ыңырси қыңсылап, шиыршық атып, өзінің тірсегін өзі шайнайды. Тұла бойын өкініш, ыза, кек қайта жайлайды. Кебіртіктенген қаны еріп, қандым-қызыл тартады. Жойқын күшпен әупілдеп, арсылдап, әрлі-берлі жүгірістеп, шер тарқатады.
1627 Денесі нарттай жанып, жүні құлпырды. Суыған рай қоң қажап, тыныс ашып, шабыт бітірді. Қасқырдың сақ құлағы таң сәріде шалғайдың сарынын шалды. Өзі алыстан түнеріп келе жатқан дауылға қарап ұлыды. Көп ұзамай дауыл аңқылдап, ұйтқып, көл жағасының қамысын қоғадай жапырып, ұлардай шулатты.
1628 Аңшының ауылы қыстауға көшіп кеткелі қашан! Бұл күнде сары жайлау – ақ кебін жамылған мылқау түз. Онда қарлы құйыннан басқа тіршіліктің нышаны жоқ. Қасқыр қар жамылған жайлауда арсылдап, орағыта жүгірді. Ұлпа қарға ізі жандай-тағандап түсіп жатты. Көкірегі бусанып, жалының қырауы тұтаса бастады.
1629 Бұғыбай қыстауға қарай кері қайтқанда, жайлаудан қасқыр ұлыды. Бұны ол естіген жоқ. Оның есесіне дүбара иті естіді. Қар бетінде шытынаған аяз жыбырлап, көтермелеп, алыстағы дауысты еміс-еміс жеткізді. Қолбала бөрі сілкініп, жат мінез көрсетіп ұлып қоя берді. Бірінші ұлуы да осы еді.
1630 Тасты аршуға шамасы келмей, етпеттеп, солықтап жатты. Бөлтірігі аунап-қунаған аядай жер қатыгез қаншықты інгендей иітті. Емшегі қайта сыздап екі бүктетіліп, ұзақ қыңсылады.Алғашқы аяздан көзі қызарған күн ұясына қонарда көшпелі бұлт қызыл-күреңденіп, өрт тиген қамыстай жанып бара жатты.
1631 Ашынған қаншық қояншығы бар әйелдей аузынан көбік шашып, селкілдей бастады. Селкіл басылғанда іштен тартқан дауылдай ауық-ауық ұлу басталды. Толассыз ұлу жартасты жаңғыртты. Көпті көрген кәрі жартас ұлуға ұлу қосып, санасыз сазды әлдеқалай таратып жатты. Баяғыша ай туды.
1632 Күз таңы-ның мұншалық сұлулығын бұрын көрген емес-ті. Күн де көктемнің күніндей айдарланып, сансыз алтын найзасын шашағымен шашырата шықты. Қазіргі сәтте шашақты найзадан айрылған күн күйеудің жыртысқа түскен сал орамалындай пәршектенген кіреуке бұлт-тардың арасынан сығалап қарайды.
1633 Одан беріде Қараойға Ер Тарғын ат шалдырыпты-мыс. Мақамбеттің бала кезінде бұл жер – бір тайпа елдің күздік жайлауы еді. Бұл күнде бұлақ, бастаулары тартылған жайлау – жатырқау түз. Бала ойнайтын баяғы үңгірлер борсықтың ініне, ешкі жайылатын беткейлерқарақұйрықтың өрісіне айналған.
1634 Баяғы ала құйрық ақ құйындар шала құйрық сары жел боп еседі. Қарашаға қарай тері сүйреткендей боп қалатын Қараойдың қойнауы – бұл күнде, ақыраптың орта шенінде, шүйгінді де құйқалы. Екі түйе, бір бота мен жалғыз жылқыға қараша үйдің арқан байларлық айналасы ғана сыр берген.
1635 Одан арғы жағы – тіс жармас томырық қабақтай, жабырқау. Барған сайын қоюланып, толқынды теңізге де ұқсап кетеді. Сирек біткен биік қызыл изендердің басы аралға ұқсаса, ақ селеулердің үкісі желбіреген желкенді еске түсіреді. Мақамбет басқа ғаламнан келгендей, Қараойды жаңа көргендей сезінеді.
1636 Баяғы балдай балалық, сағынышты шақ қалған ойпаң – көзіне оттай ыстық та, жаудай жат та. Ынтыға есейген, торыға тоқыраған, дерттен қайта ашынған ақын Қараойды бірде қайта құтайған құтқа баласа, бірде елі ауып кеткен сары жұрттың төрінде төңкеріліп жатқан қара шаңыраққа ұқсатады.
1637 Көзі көміліп қалған бұлақ, бастаулар тілі байланған шежіредей ыммен сыр шертсе, сансыз жылдың дауылына, жауынына шыдаған тамырлы өсімдіктер көзі тірі куәдай сыбдырлайды. Алғашқысы «Мың бір түнді» жатқа білетін қариды еске түсірсе, соңғысы тұлымы қырқылған тұл сұлудың қайта шыққан шашын елестетеді.
1638 Көзіне шөп салғандарын ойына алғысы да келмейді. Әсіресе, Мақамбеттің басына Баймағамбет сұлтанның мың сом тіккені туралы құбыжық лақап таралғалы бері өзгерімпаздықты ойлауға жүрексінеді. Көлеңкесінен қорыққан қоянға ұқсағысы және келмейді. Тәуекелдің жел қайығын кімнің сындырары мәлімсіз.
1639 Исатайы келмеске кеткесін-ақ тағдыры ауытқуға ұшырағанын Мақамбет пайымдайды. Хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Мақамбеттің жалғыздық зарын шеккеніне – сегіз жыл да үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы, шабуылы, қырғыны ойына оралды.
1640 Қара шұбар жыланның құйрығын басып, басын жаншымай кеткені – енді өзінің басын мың мәнетке тіктіріп отыр. Исатайсыз бастаған ереуілі, көтерілісі жеңіліс тауып сергелдеңге түскелі бері Мақамбеттің бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Ендіойласа, үркердей бір шоқ жолдаспен Хиуаға аууы құр далбаса екен.
1641 Хан атаулының көздейтіні – өзінің тағын сақтау. Тағына қатер төнбейінше батыл қимылға бармақ емес. Қалтаңнан тіллә, халқыңнан зекет дәмететін Хиуа ханынан да, соған паналаған қазақтың бұлаң құйрық бай-батшаларынан да Мақамбеттің түңіліп қайтуында тіл жеткісіз тұңғиық сыр жатыр.
1642 Исатай оққа ұшқаннан бері де, хорунжий Шустиковтың әскерін Көтібар ұлдарының тұтқынынан құтқарып, дардан арашалағанда істің түбін ойлайтын кәмелетке жеткен екен. Кейін Орынбордың сотында сол Шустиковтың айғақтығы Мақамбеттің өзін дардан құтқаруында піскен парасаттың сыбағасы жатыр.
1643 Әуестің өз басы үшін Мақамбет көбіне мінезімен ыстық. Сусыннан қыл шықса қатынын сабайтын батырдай емес, Мақамбет от басында өте жайлы. Ашуын тырнадан алмайды. Қайта, осы Қараойдың жапалы қойнауында болымсыз күйбеңге күйінген зайыбына сабыр тілеп, жылаған жас баланыжұбатысады.
1644 Ұлы сәскеге дейін шайға келмей үй сыртында күбірлеуі де, баласын барлауға жұмсауы да, күдіктен күпті болуы да – Әуес үшін жат қылық. Әуес шұғыл өзгеріске ұшыраған күйеуіне немен алданыш боларын білмей қипақтап, қасынан әрі-бері өтті. Мақамбеттің есіне Әуестің баяғы кезі түсті.
1645 Иіс алмасы Нұрсұлтан. Түйе бағудан аса алмай жүрген ұланы. Әуестің отыз жеті жасында тапқан баласының кім болары әзір белгісіз; Мақамбет бестегі бөбегінің ұйықтайтынынан ғана дәметеді. Жалғыздықта өскен сәбидің мінезін өзге балалармен салыстырарлық заман Мақамбеттің басында жоқ.
1646 Арыстан ұлдарын жоқтап, ішінен жыламсырады. Жүрегі елжіреп, көкірегі сары сағынышқа толды. Балаларының Өтемістен туған ондай түгел атқа қонып жасақты қолға айнала алмағаны – орны толмас өкініштей мазалады. Әуес күйеуінің қара торы дидары мұңға толып, таусылып отырғанын анық-ақ аңғарды.
1647 Екеуінің тәтті ұрттылығы егіз елес туғызып, сезімнің секемін күшейтті. Енді Ықылас кешіккен сайын сыбайлас аңшыдай сүйіндірмей, сауықшыл жардай күдік туғыза бастады. Ықылас ертеден Мақамбеттің көңілін жығып көрген пенде емес. Бірақ бұның бір өзі баяндылыққа айғақ бола алмайтындай.
1648 Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатындар Мақамбетке қияметтік дос бола алмақ емес. Ықыластың дастарқандық қомағайлығы енді қобалжу туғызғандай. Ықылас жоғалған бір жұманың ішінде Мақамбеттің үркіп, орнын сипалатып кетуіне болатын еді. Бірақ оған бармады. Бұғатын жердің өзі де қалмағандай.
1649 Неге екенін қайдам, Қараойды айналып шықпақ болды. Ат үстінде талай ой кешті. Сонау қырандарды жайлаған қалың ел сүмбіледе осы Қараойға құлап, айнала қоныс тебетін шақ еске түсті. Жаз соңының желігі, күз басының қамы той-думанымен, қарекет-қарбаласымен көз алдынан шұбырып өтіп жатты.
1650 Ертеде шаруалар қыстауға қарай ойысарда, «көңқарғасы түскір кеп қапты ғой» десуші еді. Дәулеті тапшы Өтеміс ел көшкенде өспірімін атының сауырына салып, майталмандарға ілесе алмай лоқылдатқанда,қаршадай Мақамбеттің сыр бермейтін шағы әртүрлі ғазабымен осы шаққа ұласқанын енді жарастырғандай.
1651 Енді бастаушыдай емес, барлаушыдай атой сала бастады. Астындағы бәйге күрең шырқ айналып, алдыңғы екі аяғымен аспанға шапшыды. Сол сол-ақ екен, Исатай шейіт болатын қырғын соғыс көз алдында тұра қалды. Зеңбіректі, мылтықты қалың жаумен аянбай атысқан, шабысқан теңсіз қолдың жойқын ерлігі еске түсті.
1652 Белесі береген, сайы ұры Бозадырда шашырай қашып, бүйірден дүрліге қайта тиіскен сары садақты сарбаздары, қара мылтықты мергендері, қылышты қылилары, сойылды сотқарлары бірде аяныш, бірде сүйініш тудырып, Мақамбеттің қанын қыздырды. Мақамбет ауру баладай елермелей бастады.
1653 Кіреуке бұлт қоюлана түскен. Бағанағы алтын жамбы жездей ғана жылтырайды. Қараойды айнала қоңыр көлеңке қонып, тұнжыраған мұңды әдіптеп тұр. Ауру ақын сауықты. Денесінің қызуы тарқап, көзінің домбығы басылайын деді. Мақамбет қыраңға өрлеген екі түйені ылдилатты. Үй маңындағы ботаға көз тастады.
1654 Үйіне келгесін екі құс жастықты шынтақтап қисайды. Дағдыдан тыс ерте тұрған ол көзінің шырымын алмақ еді. Бірақ мызғи алмады. Ақырында, екі жамбасына кезек аунап, түндегідей дөңбекшуді шығарды. Дөңбекшіген ақынның көңіліне тыңнан мұңды өлең оралып, тұла бойы қорғасындай балқып бара жатты.
1655 Мақамбет қанжарын байлап, тысқа шықты. Боз шекпенін желегей жамылған. Денесінде болмашы діріл барын байқады. Аты түскір недәуір ұзап кеткен екен. Екі өкпесін қолына ала жүгірген Нұрсұлтан екі мәрте тыныс алғанда, әкесінің жаны ашып тұрды. Нұрсұлтан жеткенде, қыраңнан құлағандар да жақындаған.
1656 Баяғыда біреудің қатыны толғақтан өлерде осы шегір көз шошытып, іш тастатқан деседі. Мақамбет тұманды көздің түбіне жете алмады. Төрге отырған Жаңаберген болса, о бастан байсалды. Ішіне кіріп-шығу оңай емес. О баста көтеріліске араласып, кейін айламен аман қалған бидің бірі.
1657 Сағынып едім. Сөздің шынылығына, биязы үннің жұғымдылығына Жаңабергеннің көңілі босады. Орамалымен көзін сүртіп, қамырыға сөйлеп кетті. Ол елу жылда ел жаңарып, жүз жылда қазан болатынын айтты. Заманның тарылып, уақыттың қуарғанында ескінің көзінің жоқтығын мұңдап бір өтті.
1658 Арасына жарасымды, жарасымсыз мақал-мәтел қосып, айтылмыш ойын тұздықтап отырды. Мақамбет иланғандай. Баласына бірдеңе деп күңк ете қалды. Нұрсұлтан шешесіне қолқабыс тигізе бастады. Жаңаберген сөз қысырағын қуғыштай келіп, ақырында жаяулағандай болды. Шындыққа да енді жақындағандай.
1659 Олар қайта жармасып, шықшыттап, батырдың тынысын тарылтуға күш салды. Мақамбеттің теңдессіз үлкен жүрегі тынымсыз дүрсіл қағумен болды. Жаралы арыстанның ыңыранғанындай, тұншыққан домалақ дүрсілден Ықыластың үрейі ұшты. Ол қазықтыңқасында жатқан тоқпақпен Мақамбеттің басына ұрды.
1660 Жетімектеріне қалдырсаң нетті. Ықылас тоқетерінен бір-ақ қайырды. Сұлтанның әмірі осылай, биеке! Жаңаберген жым болды. Мақамбеттің жүйрік күреңі қара беттің астында ойнақшып шыға келді. Бағана күйеудей жаяулап келгендер астан желіккен жиендей еркінсіп, білген базыналығын жасап, тасырлата жөнелді.
1661 Не де болса, аулақтанған ауыл жабырқау. Үлкен үйі қайсы, отауы қайсы, о да белгісіз. Ақбозы жоқ, кіл қараша үйлер. Бүйірі талпиған жалпақ үйлер. Бесенеден белгілі үйлер. Осы қоңырқай баспананың бірінде сақалы бурыл тартқан қапсағай қара кісі рабайсыз еңкіштеніп, бал ашып отыр.
1662 Қобызшы Ықыластың күндегі ермегі осы. Астын-да – жүнін теріс айналдырған бөкен бөстек. Ақсұр бөстекке мейіздей қатқан қырық бір құмалақты ауық-ауық шашады. Баданадай-баданадай қырық бір нүкте төрт жолға шашырап, бірде жұп, бірде тақ түсіп, мыл-қау тілде сыр шерткендей боп жатады.
1663 Екеуі жиналып кеп, түрмеде жатқан баланы аяйды. Осы аянышты қаралы қобыз мүлдем асқындырып жіберетін болғандықтан, Ықылас сол қолқанатын қолына да алмайды. Кебежеге тығып тастағалы да бірталай уақыт. Үні өшкен қара қобыздың ақырғы талмаурауын ну қамыстың сыбдыры ғана еске салады.
1664 Емексітуден гөрі шошыту жиі болды. Осыған қитықтанды ма, жоқ немесе, бұрынғының тәжірибесінің өзі шарасыздықтың сергелдеңі екеніне көзі жете бастады ма, әйтеуір, оқыс тулап, құмалақты шашып жіберді. Ерінің ілуде болмаса ашуға бой алдырмайтынын білетін Ұлыштың жүрегі суылдады.
1665 Ит арқасы қияндағы Қараөткел түгіл, бір күндік жерге барып-келудің өзі мұң. Қар қалың. Жаяу борасынның өзі бүлік. Шудың сыңсыған қамысы, былай шықсаң, көзіңнен бір-бір ұшары күмәнсіз. Талай-талай жолаушының басын жұтып, ақсиған сүйекке айналдырған Бетпақдала бедірейіп жатыр.
1666 Айсыз қараңғыда адаспай табатын бесенеден белгілі белестер бұл шақтарда асу бермесін Ықылас біледі. Әсіресе, ала қыстай борасыны, бораны арылмаған Ақкемер алыстан елес беріп, Шудың паналы қамысынан талпынған жалғыздың тауын шағады. Қасы қырау, мұрты мұз сұсты жаудай, мейірімсіз көлденеңдейді.
1667 Бірде сүйіндірген, бірде күйіндірген Ақкемер өткен-кеткенді еріксіз ойға оралтып, артқа көз тастатады... Осы Ақкемерде қарашада сұмдық бір оқиға болды. Айтпай-ақ қоюға да болар еді. Бірақ жаманшылықтың жерде жатпайтыны белгілі. Жеткізуші жұрттың өсіріп айтатыны және белгілі.
1668 Күтпеген тұста күн де сынып, ауыл-ауылдың аралас-құраласы жиіледі. Анау ауыл, мынау ауыл кезек беріспей, қобызшыны шақырыса бастады. Қобызшы қырық құбылған күй тартып, көпшіліктің құлақ құрышын қандырып жүрді. Сондай күндердің бірінде мойны қашықтау бір ауылда мәжіліс болды.
1669 Болжаусызда бері қараған қарашаның қызығындай көріп, жұрт қобызшыны қаумалап алды. Қатын-қалашқа шейін жиналған. Аңырау қобызға ерік берген Ықылас кәрі-жастың бірде-біреуі селт етпей, ұйып тыңдағанын аңғарды. Ықыластың зіңгіттей баласы да әкесін бүгін көргендей, жағын сүйеніп, арманданып отыр.
1670 Көзі қызарған текедей, неге бақылдайсың? Көпшіліктің қыбы қанды. Мырс-мырс күлкілер тұншығып жатты. Даңғойлау жігіттің жүндес танауы кеуіп, шегір көзі ежірейді. Ықылас болса, қасақы сөзге бармай, жастыққа жантайды. ...Шаба жөнелген екі жігіттің аттарының тасыры ұзақтан үзілді.
1671 Ықыластың басы жарылып қалды. Беті айғызданып, бурыл тартқан ұзын сақалына қан жұқты. Қимылдан тіл шабан соғып жатқаны өкініш. Немесе, осы қанды көріністің екі арасында Ықыластың зіңгіттей баласы сондайлық шапшаңдықпен старшынның үстіне қона түскен. Шықшытқа тырнақты салған еді.
1672 Ауылдың естиярлары, пысықтары жан ұшыра даурығысып, баж-бұж үн қатысып, төбелесті зорға басты. Сонымен, мерекелі үйдің отбасы өртеңге айналды.Үй иелерінің түсі де өрт сөндіргендей еді. Бұл ауылдың, сірә, көрмегені кем. Шудың қамысына, Қаратау баурайының ебелегіне түскен талай өрттен кешіп өткен.
1673 Өрт сынды талай жаумен де жағаласқан. Түмен қолға қарсы шапқан қыз, бозбала да таңсық емес. Соның бәрінен де мына төбелестің қаңқуы қиын болатындай. Ықыласты сыйласа, аяса, старшынның кежегесі кейін тарта беретін кежірлігінен күнілгері мезі. Бұның өзі бір шалымды старшын еді.
1674 Итжеккенге жер аудартып жібергендері де жоқ емес-ті. «Бесіктегі нәресте жылауын қояды» дейтін аты шулыңның өзі. Осы сырды білетін естиярлардың, пысықтардың көбісі старшынға көзін сатып, жаутаң-жаутаң етсе, азы Ықыластың төңірегінен үйіріліс тапты. Старшынның шықшытында тырнақтың таңбасы қалған екен.
1675 Қанды көргенде старшын қайтадан құтырды. Көзі шарасынан шығып, танауы қусырылып, өңі бозарып қетті. Көкірегіне оқыс демік пайда болды. Старшын қолы қалтылдап, қағаз жазуға кірісті. Әртүрлі болымды-болымсыз іспен «быртакол» жазуға машықтанып қалған лауазымды адам сұмдық ұзақ жазды.
1676 Старшынның ойынша, бұл ауылдарда одан беделді, одан дәріпті кісінің болуы сыйымсыз. Жалғыз атты қобызшының атағы мүлдем артық. Қыз-келіншектер старшыннан бой тасаласа, қобызшы атынан түсіп жатқанда жапсардан сығалайтынын, емен жарқындары алдынан шығып, шылауына оралатынын ол жақсы біледі.
1677 Жалғыз атты Ықыластың қитықтанғыш шата мінезін, менмендігін, бай ауылдарды қыдырмай, орташарқы ауылдарды қыдыратынын, жарлы-жақыбайларды жақтайтынын, бұның астарында белгісіз сыр жатуы кәдік екенін мәнерлі майда тілмен бипыңдата баян еткенде, өзімшіл Ерден кәдімгідей иланып та қалған.
1678 Қара танушы некен-саяқ еді. Шетінен бармақ бастырып жатты. Түйенің табанындай, тайлақтың табанындай таңбалар ақ қағазға түсіп жатты. Әкімшіліктің пысы басты ма немесе көнбістердің дүрмегіне ергенін абайламай қалды ма, әйтеуір Ықыластың өз баласы да бармағын тоса берген.
1679 Дәулетті ауылдар, бай ауылдар «түтін пұлдан» немесе ылау беруден қашса, санақтан мал жасырса, тіпті ұрғашы, еркегінің санын жасырса, бұлар тиісті шығынын төлеп, емін-еркін жүре береді. Ұлықтың естілері қоңсыз ауылды көп қаужамайды. Тек әзәзілдің асқындыруымен қара қобызға қырын қараушылары бар.
1680 Болған оқиға ЬІқыластан бұрын жеткен екен. Ақкемерден аса соққан ызыңшыл жел жеткізді ме, тыраулап ұшып өткен соңғы тырналар дұғай сәлем айтып кетті ме немесе желөкпе біреу аузы қышып, сүйінші сұрай қойды ма, әйтеуір Ықылас аттан түскенде аулының болған істі біліп отырғанын көрді.
1681 Қораш ауыл қарсылық көрсете алмады. Үркердей шоқталған үрейлі жандардың бұндайды көрмеген боздақты қимай жылағанын, біреулердің кемсеңдегенін, біреулердің боздағанын, енді біреулердің сергелдеңге түсешек балаға уаныш айтып, ширатқанын кейінгіге жеткізуші мәлімсіз боп қала берді.
1682 Осы сұмдыққа пәлен күннен бері бекінгендіктен бе немесе дертке қуат демекші, тым құрмаса байының аман қалғанына шүкіршілік етті ме, не де болса, дос-дұшпанның көзінше көз жасын шығармады. Баласы атқа қонардамаңдайынан иіскеп, көкірегіне құшырлана басты. Ананың мейірімі осылайша үстемдік құрды.
1683 Баланың айдалуына қарап тұрғандай, күн райы да кенет бұзылған-ды. Көшпелі ел бүрісіп, құрысып, Шудың қамысына әзер жеткен-ді. Азаматы сау ауылдар қалың қамыстың панасында қарашаның шеке жаратын ызғарлы қара желін ұмытып, сойған бордақысына тойып, тоқсанға жонын бермей шықты.
1684 Қобызшыны қолқалаушылар да көп болды. Бірақ Ықылас ешкімнің есігін ашпай, үйкүшіктеніп қалды. Осынау қара шаңырақ талай жанның көңіл хошы еді. Ықылас бірде наздандырып, бірде қамықтырып, бірде шалқытып, бірде күңірентіп, қара қобызға ерік бергенде, талай дімкес айығып көкірегіне қуат құйған.
1685 Өмірде өкініш, өксігі бар талай пенде қара қобыздың тіліне түсініп, жанның жарасын көздің ыстық жасымен емдеген. Түйсіктілер осы қара шаңырақтан желікпе көңілдің ермегін іздемей, зеріккіш көңілдің уанышын тапқанда, өткен күндердің кейінгіге қалдырған шежіре-сырын, тапсырған аманатын қоса ұғынатын.
1686 Қыстай үстінен пәле теріп, қаралау қағазды көбейткенін көңіліне медеу тұтты. Старшын жарамды ат, сенімді жолдастарымен лайсаң шақта Қараөткелге жүріп кетті. Өнімсіз тіршілікте қысқа жіп күрмеуге келмей, Ықылас кешігіп аттанды. ...Екі күндей үдере жортқан жолаушы бүгін тым шаршаулы.
1687 Төркінін Ықыластың өзі де білмейді. Өзі сарғалдақтай сары болса, құйрық-жалы көңқарғадай қара. Ықылас арқасына шандып алған қобыздың қылын осы жылқының құйрығынан таққан. Сары жылқының қара құйрығы құланның құйрығына ұқсап қалған. Төгілген жалға сұйық құйрық жарасымсыз.
1688 Жолаушы өткен түнде болмашы ат шалдырып, көз шырымын алғаны болмаса, жөнді ұйқы көрмеді. Түні бойы жорытты. Бүгін мәрелі жерге жете жығылса, түні бойы ұйықтамақ. Ықылас жүрген сайын артына қарайлайды. Үміті алдында да, қимасы артта. Ықылас алдында зарығып жатқан баласын ойлады.
1689 Бармайтын жері, баспайтын тауы болмайды. Сондайда, сайын сахараны қорыққа айналдырған атқамінер заңқойлар тыныштық бермейді. Ықылас жасынан-ақ өшігіп өсті. Қасқырдың бөлтірігіндей қанына тартқан. Момын елдің кәрі-жасының міселін қайтармаса, жемқорларға қобыз тартып көрген емес.
1690 Ызың да, уіл де, ысқырық та, сарын да құлағында қалған. Желдің түсі де әр нәрсеге ұқсап кететіні белгілі. Ықылас сары желді сыбызғыға баласа, қоңыр желді қобызға балайды. Қара желдің басы қара жыланға ұқсаса, құйынның құйрығы аламанның өзіне ұқсап кетеді. Сансыз желдің иіс-қоңысы да басқа.
1691 Ықылас бейнелі қиялын үзбей, Ақкемердің ақ бастауына келді. Шоқ қамыстың түбінен ызалап ағатын суды көрмек болды. Жолаушы аттан түсіп, бүйірі шығыңқы қоржынын, шандуын шешкен дәу қобызын бастаудың қасына қойды. Бастауда жылқының тезегі бөгіп жатқан. Ықылас көзді аршып, суының тазаруын көп тосты.
1692 Абақтыда отырып келген бір баукеспенің түрменің ымырттағы көркін құбыжық қып суреттегені бар-ды. Қорқынышты қараң-құраң сол көрініс Ықыластың үрейін ұшырды. Ықлас сандырақтаған аурудай елермелей бастады. Әлдеқайдан ызың шықты. Қамыстың ызыңындай жіңішке ызың бара-бара күшейіп, ысқырыққа айналды.
1693 Таң алдындағы өзеннің сарынындай еді. Бара-бара тығыз дыбысынан айрылып, әлсіреп, бейнелі қалыпқа түсті. Жазғы жайлауда түні бойы зарлаған сары сырқаттай жайсыз сезім туғызды. Дүние түгел сарғайып, гүл ұшып, ебелек қашқан шақаттай, елегізітудің шиқылдаған бесігіндей елестеді.
1694 Бір ырғақтан айнымаудан жалығып кетуші еді. Сары аты бірде көсіле аяңдаса, бірде бүлкіл қақты. Бірде сар желсе, бірде текіректеді. Баялышы қара жамылған қатындай, изені қызыл жамылған қыздай ойлы-қырлы қиырсыз дала артта қалды. Ішіне қосаяқ тышқан құлап өлген шегенді құдықтар артта қалды.
1695 Ертеңіне Ықыласты жұрт қоршап алды. Көрші ауылдан тайлы-таяғымен келгендер үйге сыймай кетті. Ықаңның баласының Қараөткелдің түрмесінде жатқанын біледі екен. Қалаға жолы түскендерден балаға дәм татқызушылар болғанын айтысты. Бітеу жараны сипап, тілдің майын тамызушылар жеткілікті еді.
1696 Дуанбасы Ерденнің қаза болған баласының қырқы толмайынша бұл маңайдағылар той-думаннан қағылған екен. Қырқы толған күні осы ауылда, біріктіріп тіккен екі үйде, құдалық тойы болатынын мәлімдесті. Екіндіде тойлы үйге ертіп барысты. Үй иесі көктен тілегені жерден табылғандай далақтады.
1697 Енді бірде әлгі қыз Ықыластың етегін көрпеге тігіп қойғаны ашылды. Ықылас қол жууға көтерілгенде, көрпе бірге көтерілді. Жұрт қысыла-қымтырыла күлісті. Осының бәрі Ықыластың өз елін еске салды. Думан-шыл ауылдар, түйрегіш тілдер, базынашыл жігіттер, назқой қыздар еске түсті.
1698 Басқа старшындар да бұған тіктеп қарай алмай, кірпіктерін жыпылықтатты. Қара қобызды Ықыластың албастысы басып кеткендей болды. Осыны баққан қулар атысқан көздерден ұшқын түсіп, өрт шықпасын деген оймен әңгіменің бетін бейтараптыққа бұрып, тосын старшыннан оны-мұны сұрасып жатты.
1699 Дуанбасыныкіне баласымен тілдесіп, істің мән-жайына қанғасын бармақ болды. Күнде ауланың алдына келіп, жалынады. Рұхсат ала алмайды. Түрменің темір тәртібі иілмейді. Бір күні Ықылас түрменің алдында ұзақ отырып қалды. Түрменің сырты тым-тырыс, ішінде не болып жатқаны қараңғы.
1700 Түні бойы зарлап шығады, – деп салды. Ықыластың тұла бойы түршігіп, төбе шашы тік тұрды. Денесі шымырлады. Мең-зеңдіктен арылғанда, осылай қарай келе жатып Ақкемердегі қаралы жұртта елеурегені көз алдына тұра қалды. Жазғы жайлауда түні бойы ыңыранып, түні бойы зарлаған сары ауру еске түсті.
1701 Арғы беткей құлпырып тұр. Еріксіз көз тартты. Биік те бітік бетегелер жібек желдің аймалауымен қыбырлап, толқи шайқалып, біріне бірі сүйеніш артып, сыңсыған сіңлілердей. Ықыластың көңілін босатты. Сыңсыған сіңлілер абақтыда зарлаған, сарнаған баласын Ықыластың көз алдына әкелді.
1702 Жаңбырдан кейінгі ауадай, көңілі ашық. Дуанбасының ордасына келгенше көп ой ойланды. Уанбайтын көкжалды қалай уатуды, жібімейтін көк мұзды қалай жібітуді ақылдың сарабынан өткізді. Ықыластың өзі өлім-жітімді жерге жоламаушы еді. Осынысына өкпелегендер қаза ескіргенде өздері кешіретін.
1703 Оның бала кезінде серік ертпей жападан-жалғыз қаңғырғанда, әнші құстың әнін, желдің даусын, қамыстың шуылын тыңдағаны мәлім-ді. Ықыластың жіті құлақтығы, шалғайдағы ұрылардың белгіге тартысқан сыбызғысының талмаураған үнін, қасқырдың ұлуын естуі ел ішінде алып-қашпа әңгіме боп тараған.
1704 Сол Ықылас, бала жастан жалпақ елдің аузына ілінген Ықлас, дуанбасы туралы лақапқа әбден қанық. Ерденнің патша ағзамнан шен алып, шекпен киген даңқын, менменсіген дүмділерге дүре соқтырған үстемдігін, кімді болса да жазғырту, жарылқау қолында екенін малданушылар да көп-ті.
1705 Жылы ықылас, шешілген сыр керек. Жалғандық, жасандылық қобызшының өзіне қатер. Ықылас ыстық темірдің қай басынан ұстарын білмей келе жатқандай. Ертеде жақын ағайынның баласы өлгенде «ойбауырымдаған» дүрмектің ішінде жылай алмай, көзін түкіріктегені бар-ды. Сонысы еске түскенде, жымиып күлді.
1706 Ерденнің өзі болыскей кереуетте бір қырын жатыр. Босаға жақта сәнді киініп, қара жамылған екі-үш әйел. Неліктен екені белгісіз, бала-шаға атымен жоқ. Қобызшы кіргенде Ерден басын көтермеді. Әйелдер қара қобыздан үріккендей де, таңданғандай да еді. Тырс етпей, кимешектің астынан ұрлай қарасты.
1707 Қобызын сәл дыңылдатып тұрды да, бармақпен дірілдете жөнелді. Бара-бара бармаққа саусақтар қосылды. Қобыз бел алып, аңырай бастады. Дүниеден торыққан көңілдің, қартайған үміттің аянышты лебізі «ойбауырымға» уанбайтын Ерденнің құлағына кіріп, тұла бойын шымырлатып жіберді.
1708 О баста осы аңыздан жаралған созымды күйін Ықылас қыза келе басқаша тартып кетті. Қоңыр үн, әлдилі әуен қырық құлпырып, бірде күшейіп, бірде әлсіреді. Қара қобыз жесір боп аңырады, бота боп боздады, бөрі боп ұлыды. Ықыластың сол жақ шықшытында қобыздың дүмінен пайда болған шұңқыр бар-ды.
1709 Ашынған қобыз бірде тәтті, бірде ащы лебізді сапырып, шындықты өз күйінде жария етіп жатты. Басы жұмыр пенденің азасы, мұңы, өкініші, үміті дүниедетеңдесі жоқ терең де бейнелі тілде сыр шертті. Қаралы қобыз адамның даусына салып жылады, адамның даусына салып көңіл айтты.
1710 Осы араға келгенде Ықыластың көзінен жас шықты. Ыстық жас сорғалап, бурыл тартқан сақалдан тамшылап жатты. Ерден қосыла жылады. Әйелдер де жылады. Бәрі іштей табысқандай үнсіз, ұзақ жылады... Күй аяғы созалаңданып, талмаурап, үзіліп бара жатты да қайтадан бел алып, қырланып, құлпырып шыға келді.
1711 Осы қоңыр самалдың ұзақ есетінін, әр заманда әр буынның жан саясына айналатынын Ықылас пайымдаған жоқ. Оның күйлерін күндердің күнінде қобызшылар ғана емес, домбырашылардың да тартып, тартып кететінін, сыбызғының сыңсытып, сырнайдың құйқылжытатынын, әншілердің әнге қосатынын білген жоқ.
1712 Бірақ күндердің күнінде сол қобыздың көнегінен титімдей таспа тіліп алуға құмартушылардың көп болатынын білген жоқ. Қара қобыз үкісі желбіреп, теңгесі саудырлап, немереден шөбереге, шөбереден шөпшекке, ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын ойлаған жоқ. Басқа жерде не ойлағанын кім білсін.
1713 Ол Жеңісбек сияқты қойшы болған жоқ, ағайын-жекжатты сағалап, азғантай тұяқпен күн көрді. Өкпе болған қозысын келіншегіне жайғызып, өзі ел аралап тыраштанды. Ол кездегілердің бәрі тыраш. Әркім өз теңін тауып, аралас-құралас жасайды. Көйлек тамыр, белбеу тамыр, кездік тамыр тәрізді боп кете барады.
1714 Шыдамасқа не шара? Жас кезінде ол жылқылы нағашысын сағалады. Күн шықпай бие сауысып, сәскеде сусын ішкенге мәз болды. Қымыздың рақаты жатарда. Жіліктің майындай боп тұрған жарықтықты иіскеп-иіскеп, жұтып жіберсең жақсы ұйықтайсың. Осы рақат оның ошақ басына соңғы жылдары оралды.
1715 Асығыс жазған ба, қалай, кісілердің кім екенін шегелеп айтпапты. «Е, кәдімгі келім-кетімнің бірі шығар», – деп топшылады. Өкіл болса, әрине, алдымен егінді аралайды. Шабылған шөпті тексереді, өрістегі қойды көреді. Машинасоқты боп қайтар кезде жол бастаушылар шайға шақырады.
1716 Қара шаңырақ келім-кетімсіз емес. Шашылған несібенің себілген тұқымдай қайта оралатыны көңілгемедеу. Сайып келгенде, бермек бар да алмақ бар, алмақ бар да бермек бар. Әйтеуір, шырқ айналған дүние!.. Ащылы-тұщылы ойға шомған Жеңісбек совхоз басшыларының хаттан тысқары, сәлемін ежіктеп сұрамады.
1717 Мен біздің төрағамыз хақында, сіздің ауылдың сөзімен айтқанда, болыс-екең жайында кейінірек айтамын. Әзірге айтарым: біздің ат арытып, тон тоздырып келген кісіміз Жеңісбек болса, ол қойшы – герой ғана емес, мәдениетті шопан. Байқайсыздар ма, газет-журнал отауының аузы-мұрнынан шығып тұр.
1718 Сондықтан да ақырамашты абыроймен шығарып салмақ. Осы ниетпен ол ауа райының жақсы болғанын тілейді. Ерте шыққан көктем жаңбырдан көз аштырмаған. Шөп қаулап, шүйгін молайды. Бірақ сарша тамыздың басында аңызақ жел тұрып, көп күнге шейін басылмай қойды. Аспаннан топырақ жауады.
1719 Бірақ, керімсал аталатын осынау аңызақ жалпақ жұрттың апшысын қуырып, берекесін қашырды. Түздік есепшінің бол-жауынша шығыстан соққан керімсал арада алты ай, алты күн өткенде құбыладан үскірік боп оралмақ. Бірақ жуық арада сол құбыладан дауыл соқса, «қардың басын қар алардың» кері келмек.
1720 Көп ұзамай шалқыған керімсал солып, жайлы уақыт та орнады. Енді оқта-текте жаңбыр сіркірейді. Шаңға бөккен боз жусанның үстінде бозторғай шырылдайды. Қыраңда сағым ойнайды. Алпысбайға ол қыз шайқаған шәлідей елестейді. Бұндай кездерде далада жүру рақат. Бірақ оған пұрсат жоқ.
1721 Жол бойында Алпысбай сол дәптерге бір-екі мәрте қарап қойды. Үстін кенеппен қаптаған қара машина жолсыз жермен мөңкіп, біраз жерді аралаған. Алпысбайдың өзі де енді байқағандай. Ауызды қу шөппен сүртетін реті жоқ екен. Қайда барса, қабағы жадыраңқы малшылардың үстінен түседі.
1722 Енді рацияның құлағында ойнаймыз! – деп, ұзын бурыл мұртын ширатты.Ол өткен-кеткеннен әңгіме шертіп отырды. Екі қонаққа кезек-кезек көз тастайды. Ауық-ауық қабағын қаққанда маңдайының сызығы қатпарланып, мақпал тақиясы селкілдейді. Алпысбай мұны бір түрлі қызық көріп отыр.
1723 Ту-талақай шашылған пішен түйе аунақ тақырға үйілді. Әуелі шөмелеге ұқсап, ақырында, төртпақ сеңгір боп шыға келді. Төртпақ маяны шанду керек. Бірақ оған кендір арқан жетпеді. Жетпеген жеріне сым темір жалғанып мая шандылған. Осынау түйеаунақ тақырдың шетінде бір түп нән ағаш бар еді.
1724 Ол сым кәдеге асты. Уәкілден де кенделік жоқ-ты. Тегінде, уәкіл бұл атырапқа соншалықты таңсық емес. Алпысбайдың жасөспірім кезінде оны комсомолға алған уәкіл еді. Диірмен бақылаушы да, мал-жанның санағын алушы да, тіпті жүн-жұрқа жинаушы да уәкіл санатына қосылатын-ды.
1725 Кейін ол ағаштың түбін жанамалап қопарып өтті. Түбі қуыстанған ағаштың тамыры күдірейіп қалды. Бұл ағаштың нәсілі белгісіз. Жонға жапа-жалғыз қалай шыққанына ақыл жетпейді. Оған қарлығаш ұя салса, діндарлар шүберек байлап кетеді. Енді біреулер оған өз есімін оймыштайды.
1726 Брезент шекпен қарауыл қарайтындардан артылмайды. Бір күні күннің көзі ашылған. Жұрт жайма-шуаққа мәз боп, су өткен тонын сыртқа шығарып жатты. Балалардың басы қосылып, шулап, ойнақ сала бастады. Осындай жұрттың арқа-басы кеңіген кезде Нұрлыбек Оразбаев тағы да жайлау аралауға шыққан.
1727 Төрт түлігі қысы-жазы аяғынан жайылатын түздіктер ақпарға келгенде аузымен орақ ора салады. Тегінде, орылған шөпті тексеру ертеден келе жатқан үрдіс. Бірақ еш уақытта ешкім рулеткамен өлшеп көрген емес. Көзбен шолумен тынады. Көзбен шолмаса, тиісті кісіге есеп бергенде сөзінен ши шығады.
1728 Оны Оразбаев білмейді. Өз нұсқасына мәз боп, әр әрпін шегелеп отыр. Задында, ол апай-топай жазып, астын-үстін сөйлей беретін адамдарға қызығады да. Осы ретпен ол жуық арада жасайтын баяндамасын қиялдың елегінен өткізді. Соған әзірлікті осы жерден бастағандай, көсіле сөйлеп отырды.
1729 Бұл күнде қағазға қарап сөйлеу қалып барады. Шар айнаның алдында жаттықсаң қатының мазақ қылады. Сондықтан Нұрлыбек Оразбаев барды мәзір көреді. Бірақ жүйелі сөз, қанша дегенмен, оңашада шықпақ. Отырған жұрттың тарапынан қыстырылған құптау сөздің өзі тақырыптың желісін бұза берді.
1730 Маңдайында қызыл кресі бар дәу машина кесе-көлденең тартылған. Директор мана наряд алушыларды сол машинаға тоғытып жатты. Бұлар жонға келгенде маяның орнын сипап қалды. Дәу ағашқа байланған сым темір жұртта қалған көсеудей қарайып жатыр. Ағаштың қуысында жантақ бықсиды.
1731 Келіншектау әлі көрініп тұр. Енді, бір көштік жер алыстағанда, тіптен анық көрінеді. Құдды, қолдан қашағандай, сұлу тұлға! Ертегі-аңыздың айтуы бойынша көш бастап келе жатқан келіншек төркінін сағынғанда тасқа айналыпты-мыс. Ақынға бұл сәтте бұл тау қасындағы сұңғақ Несібеліге ұқсап көрінеді.
1732 Ақын дел-сал болды, ақырында, бір түнге қонып қалыңдықты бас білдіруге ұйғарды. Үшбас өзеннің құйылысында Таутары деп аталатын тепсең бар. Ақын керексіген кезінде жабайы тары теріп алатын жер еді. Сол жерге келіп аялдады. Жат ел жырақ екенін білетін Несібелі тоңазыған ет ала шыққан-ды.
1733 Ақын орнынан тұрып, ойқастап, қалыңдықты айналып шықты. Ақырында, жауап қатудың орнына жылқыша оқыранды. Бұл оқыраныс – оның бұрыннан әдеті. Жеңгелеріне төрт шелекпен су тасығанда, анадай жерден ордаңдап, оқыранып келетін. Жігіттердікүресте жыққанда үстінен қарғып «күш алып», одағай қимыл жасайды.
1734 Осыдан кейін Ақын байырғы мекеніне қайтып келді. Келіншегі де енді бұрынғыдай жатырқамай, күйеуіне қолғабыс тигізе бастады. Осы тамның алдыңдағы тоғайда көк егін өскен. Егіннің арғы шетінде құрым киіз шайла тұр. Қолғабыстан кейін кейде күйеуі екеуі сол қораш баспанада бас қосады.
1735 Әрине, бұл баспана – қораш. «Басқа түссе баспақшыл» деген осы. Несібеліге қара шайладан гөрі найқалған көк егін қызық көрінеді. Собық байлаған жүгерінің шашағы сәуеленің үкісіндей әсер етеді. Қалың жүгеріні айнала өскен күнбағыс дөңгеленіп, зердемен көмкерілген басын төмен иеді.
1736 Бірақ Келіншектау баяғыдай анық, сұлу күйінде көрінбей, көз ұшында бұлдырайды. Мұнар таудың басына оралған бұлт қара шәлідей елес береді. Осындай күйде жүргенде бір күні әкесі сау ете қалды. Қасындағы жігіттерінде сойыл-шоқпар жоқ. Соған қарағанда, терезесі тең құдаға келгендей.
1737 Алдаберген белдікті бірден таныды. Кісілер ішке кіргенде аң-таң болған. Келіншектау жақта да жатақтар бар. Олардың тамы да осыған ұқсас. Бірақ ешбір тамда көрпе орнына төселген қоға жоқ. Алдаберген енді қоға көрпенің үстіне малдас құрып отырды. Әлден уақытта жүрелеп, қамшысын екі бүктеді.
1738 Кей жұрт сөздің мағынасынан гөрі дауысқа көбірек мән береді. Ол дауыс Бердалинді редактор етті, аудармашы етті, тіпті, драматург дәрежесіне шейін көтерді. Осылайша тасы өрге домалап, бағы жанып келе жатқанда, әлдебір атақты жазушыға еліктеп, қыста жалаң бас жүрем деп, ауруға шалдықты.
1739 Тақырыпта да емес-ау, әкені неге өлтіресің? Ел-жұрттың бұралқысымен арпалысты, нервісі тозып, жан тәсілім қылды дегенге кім сенбек?! Шәукен жауап қайырған. Әншейінде дүңк ете қалатын мінезін тежеп, ізетпен сөйлеп, өзі іштей ұстаз тұтатын осынау шалдың өзін біраз жерге апарды.
1740 Талант, қазақша айтқанда, бәйге ат секілді, оның күні азаппен өтеді. Азаптың қызығын жалпақ жұрт көреді. Қызығын өзіңкөресің, ол күні ертең ұмытылады. Ішінде түлкі, бетінде күлкі ойнайтындар көбейсе, желбуаздар данышпанды нақұрысқа балайды. Осы жерге келгенде шал шытынаған.
1741 Осыдан кейін ол пьесасын магнитофонға жазып, тыңдауды шығарды; кейде өзінің тілін өзі бұрайды. Шар айнаның алдында қолын сермеп, бетін құбылтып ойнайды. Бірақ күлейін десе шүңірек көзі күлімдейді. Ішіндегі сағыныш сұс боп жасырынды. Шәукеннің жат мінезін әйелі жұртқа таратқан.
1742 Тұрар екі қолын әйелі әперген күлді бадам пижамының қалтасына сап, әрі-бері жүрді. Сайып келгенде, күні жеткенде арық та өледі, семіз де өледі. Бұзаудың етінен басқа ет, бекіреден басқа балық жемейтіндердің жамбасы жерге тигенінен Тұрар хабардар. Оның Талғарға барын үйіп-төгетіні сондықтан.
1743 Тұрардың Күлпаштан туған тұңғышы Раушан бертінге шейін ауылда, әжесінің қолында өсті. Биыл бірінші класты бітірген соң, шешесі оны тағы да ауылға жіберді. Баяғының ерке-тәйтік баласындай қолдан қолға өтіп жүр. Тұрар баласының кебеже бесіктен салбырап түсіп келе жатқанын байқады.
1744 Ол Талғарын ертіп паркке барды. Баласын атқа қондырып, дөңгелекке отырғызып, ақырында айналма самолетке мініп ұшты. Жерге түскенде жүрегі лоблып, басы айналды. Жаңа ғана тасыған көңіл жүдеу тартты. Қайтарында ол қызыл мүйіске соқты. Шахмат ойындарын қызықтап тұрғанда шала таныс біреу иығынан түртті.
1745 Кемпір деуге кісі сенбейтіндей. Шашы дөңгелене дудырап, төбесіне түйіліп, келбетін жасартып тұр. Шай-пай ішіп болған соң, Тұрар диванға қисайып, газет оқи бастады. Одан журналға ауысты. Оның сыйлас драматургы да дәл өстеді. Бірақ ол газет-журналдың баршасына көз ілеспес жылдамдықпен қарап шығады.
1746 Артистің мысы басады. Шәукен Ноғайқұлов бірауық ұтымды ақынды ойлайды. Ол сахнаға шыққанда бірден ащы айғайға басып, жұрттың бетін аударып алады.Сосын дауысты өзгертіп, қолын қалқалап, өлеңін жеткізуге тырысады. Ал, егер өлеңінде нашар ұйқас, әлсіз сөз болса, тілін шайнай салады.
1747 Кейбір шалдуар балалар жер тепкілеп, ысқырып, залдың әңкі-тәңкісін шығарды. Ноғайқұлов болса, бірінші қатарда сазарып отыра берген. Әрине, о да қол шапалақтаған. Бірақ артына бұрылып қарамаған. Тәрбиелі адамның мінезі еді! Астанаға қайтар алдында олар жолшыбай бір совхозға аялдаған.
1748 Көк сақалды адам құлқын сәріге шейін тосып, ақырында, ұйықтап кетеді. Таңертең қой өріске өргенде, үйді көк теке солқылдатады. Сөйтсе, әлгі қыз текені белдеуге байлап қойған екен. Теке өрістен қалмауға тырысып, бақырады. Арқанды сүйретіп, қауқарсыз киіз үйді солқылдатады.
1749 Қалай қанық? Несімен қанық? Оны суреткердің іші біледі. Шығармадағы кейіпкерлер немесе мезгілдер; күнестер мен көлеңкелер, яки болмаса ой мен қиялдың, сана мен сезімнің түйісуі, қойшы, әйтеуір, осы тәрізді бір нәрсе есім тудырады. Осындай есімненкейін шығарма әрине, қайта сапырылыстырылады.
1750 Сапырылыстыру қопырсыған қағазға әкеп соқтырады. Ноғайқұловтың жыртып тастайтыны – осындай алғашқы нұсқалар. Қойылмаған есім Шәукеннің көңілін ала-қаржақ етеді. Кейде неше түрлі балама ойлап, тұрақтамай, басын шайқайды. Бұндайда әйел дәу денесімен одырая қарайды. Буфетші әйел еді.
1751 Енді сахнада шыбыш маңырайтын болды. Теке бұрынғыша бақылдайды. Тек оның кескіні өзгерген. Ноғайқұлов көз алдына ойнайтын актерді елестеткен. Оның мұрны текенің тұмсығындай қоңқақ, беті – құдды илеген терідей көгілдір болуға керек. Әрине, опа мен бояу осы кескінге келтіреді.
1752 Шәукеннің есіне ертедегі бір оқиға түсті. Ол Қаратаудағы қорғасын кенінде экспедитор боп істеп жүргенде жергілікті жұрт астанадан келген артистердің ойынына қырылып қалған. Билет жетпеген соң біреулер жазғы клубтың есігін төмпештеп, сирағы ұзындар дуалдан қарғып, әлек салған.
1753 Ақынға тіл білу керек, әрине! Бірақ тілдің бір өзінен образ тумайды. Қайта тіл мен жаққа сүйенуші әдебиетті жүдетеді. Ал, драматургияның тілі тіптен басқа. Осы күнгі пьесалар – кәдімгі очерк. Бұндай пьесалар, мәселен, көк текенің кескінін көрсетудің орнына оның маңызын шағады.
1754 Сыншының сөзін құлағынан асыра тыңдаған Бөрбек құлынның текті екенін кейін білді. Оған шейін ол құлынның түсі бірте-бірте өзгергенін байқады. Күрең жабағы қызыл құлын болды. Ол диланып, түлегендеқызыл қоңыр тартты. Содан бара-бара қара көк болды. Ақырында, ал қара көк болып шыға келді.
1755 Менен он есе байлар да малының орнын сипап қалды. Мен соған шүкіршілік қыламын! – деп, әйеліне уаныш айтып кетті. Сол наурызда жалпақ ел жұтаған. Шашылған дәулеттің орнын толтырмақ боп, әркім әртүрлі әрекет жасай бастады. Біреулер жекжат сағалады, біреулер ағайыннан жылу жинады.
1756 Енді біреулер қалаға ауды. Шаруаның иіс алмас момыны сол қалаға тұз тасып күнелтті. Бөрбек болса, Айуантөбенің түбіндегі ата-бабасының тамына кеп, орналасты. Баяғыда оның бабасы диқан болған. Бір бұлақтың бойына көк егін егіп, күн көрген. Соғымды көшпелі байлардан алған.
1757 Үшіншісі – көк қасқа. Бәйге атты, әрине, сатып жіберуге болады. Бірақоны өткізу үшін араға белгілі уақыт салуға керек. Шаруасы күйзелген елде жүйрікке ділгерлік жоғын ол біледі. Бір қыдыру дилы ел – сонау күнгейге апарса, «көк қасқаның» бәйге аты екенін ең әуелі таныту керек.
1758 Осыдан кейін құс атаулы қолға түспеді. Некен-саяқ дуадақ кездеседі. Бірақ оны атып алу үшін мылтық керек. Мылтық болған күннің өзіндетүйені тасалап жақындамасаң, атқызбайды. Бірқазанды ұшқанынша тыз етпе ұшқыр атпен ұрып алуға болады. Бірақ оқтай ұшқыр ат бұл күнде жоқ.
1759 Мекиен кекілік тауда жұпталып екеу-екеуден жүреді. Біреуі жазатайым оққа ұшса, екіншісі жұбайын қимай, құдды аққуға ұқсап, аспанда айнала ұшады. Шүрегей кекілік жұмыртқасын, әдетте ақ тасқа салады. Оны іздеу, әрине, оңай. Бірақ оған ауыз жарымайды. Торғайдың жұмыртқасы одан да қораш.
1760 Оны ажыратушы осы күні жоққа тән. Қаз – қайық қайырлайтын жерге, борыққа жұмыртқаласа, үйректің балапанын шалшық судан ұстау тіпті оңай. Бірақ оны ермек қылатын бала Бөрбекте жоқ. Анау жарда шулаған ұзақ бұл күнде базарда өтпейді. Одан әрі сонау жарқабақта көкек жатады.
1761 Осы күні екінің бірі әнші бұлбұлды мадақтайды. Бірақ оны көзімен көрген кім бар? Бөрбектің көргені аспанда шырылдаған бозторғай, бұтақта шықылтаған шымшық, қарқылдаған қарға! Қаңқылдаған қаз, сұңқылдаған сұқсыр, шаңқылдаған қаршыға – оған таныс, бірақ соншалық біліс емес.
1762 Қазақтың ертеде қалың топтың алдында жекпе-жекке шыққан батырлары да сол бүркітке ұқсас-ау?! Әркім, әрине, шама-шарқынша ойлайды. Бөрбектің ерекше ұнататыны – торға түсетін көк қаршыға. Қолбала болған кезде сол қаршығаның алатыны қоян. Қазды қанаты ұзын, сопақ бас лашын іледі.
1763 Оны құсбегінің қалай ұстайтыны Бөрбекке мәлім емес. Бөрбек бүгінгі күннің тілімен айтқанда құс әлемі жайлы қилы-қилы қиял кешкен. Бірақ аспандағы құстан түсер пайда жоқ. Береке, мың дегенмен, жерде. Ол таудан шаушымылдық пен жауқазынды аршып жейді. Үйіне қозықұйрық әкеледі.
1764 Сонымен, олар табиғатқа әбден етене болып алды. Бөрбек жазда пішен орып, атына қыстық азық дайындайды. Құралы – қол орақ. Қиядағы қара тасты аршығанда астындағы тас қайрақ боп шыға келген. Сол қайраққа орақты қайрап, қылшылдатып қойды. Сонау құмшауытта саған дейтін шөп бар.
1765 Жексұрын шеңгел тамырымен оталса орнына тал шығады, тамыры терең жантақтың түбіне шөл қарбыз өседі. Жылқы сол қарбыздың қабығын жесе, жантақтың өзінен татып алмайды. Кеуіл дейтін шөп, күйдіріп басса, жараға ем, бірақ одан жылқы жарылып өледі. Сол жылқы сүйекті ебелекке өш.
1766 Ал күзде жел айдайтын, қаңбағы түйеге бұйырады. Сонау өзен бойында өскен жалбыз тамаққа қосылса тұздыққа барабар. Осы Айуантөбеден қозы көштік жерде жабайы алма, долана өседі. Доланасы іш ауруға мың да бір ем. Ертеде есектің үстінен еңкейіп шие теретін қойшыға Бөрбек күлуші еді.
1767 Бәтжанның да көрмегені жоқ. Баяғыда қуаңшылық боп, егін шықпай қалғанда, қодірен терген. Биыл да құдды сол қуаңшылық. Жаздай аңызақ соғып, егін тіпей қалған. Шөп екеш шөптің өзі де қурап кетті. Сау қалғаны – ең тамырлысы. Бәтжан теріскей қиядан тау тары, шай-қурай теріп әкелді.
1768 Бөрбек жолшыбай елсіз жерге қонған. Ымырт үйірілгенде атын шідерлеп отқа қойды. Өзі ерді басына жастанып, қасына қамшысын қойып, қисайып жатты. Кәрі құлақтардан естуінше, жылқының тері сіңген терлікке, қамшыға жылан жоламайды. Ертеңіне ол кештетіп, Айуантөбеге жетті. Әйелінің сыры мәлім.
1769 Содан соң ол ұзақ жүрген. Ақырында, алғырдың үстінен түсті... Ол алғырды сабағынан танып, түбірін қазды да, сүйріктей қызыл тамырды суырып алды. Тамырдың түбінде бүршік ірі дәнек бар. Бәлкім жаужұмырға ұқсайды. Бірақ одан кішкентай. Ертеңіне ол алғырдың тамырын, дәнектерін тасқа жаншып отырды.
1770 Бөрбек алғырдың тамырын тасқа жаныштап болған соң оны суға қайнатты. Сөлін тұндырып, уытын қайтарып, күнге қақтады. Сөреге құдды ірімшік жасаған сияқты! Ақырында сол сөлден кәдімгідей ақ ұн шықты. Осы ұнды ілгеріде сау інгеннің сүтіне илеп, қатырма жасағанда жүрекке шық ете қалады екен.
1771 Оңаша боздайтын түйе – аңғал. Көктемде басқа шөп құрып қалғандай шытыр жеп, шытырлап, жарылып өледі. Бөрбек әрине, түйеден зейінді. Ол өсімдікті таңдап, талғай біледі. Мынау алғырды тұндырмасаң, уланасың. Әр нәрсе осы тәріздес. Сахараға таңсық күрішті сүтке бөктірмесең, ішіңе қатып қалады.
1772 Қытайда бірыңғай күріш жеген адамның «бери-бери» дейтін кеселге шалдығатынын, сондықтан талқан қосып жейтінін Бөрбек білмейді, әрине. Білмесе де қосынды тағамның қасиетін сезінеді. Осылайша өсімдік атаулыны екшегенде, осы күнгі өз жағдайында оған алғыр түсімді болып шықты.
1773 Келесі жылы үй тігіп, көшемін. Шеңгелді тоғайдан құтыласың, – деген. Қатыны қолына таяқ алып, көйлегінің етегін ышқырына қыстырып, тоғайға кетті. Бөрбектің өзі бетінің ауған жағына жаяу қыдырды. Осындай қыдырыста ол бір күні біршама жер жүргенде Айуантөбеге бұрылып, қарады.
1774 Бөрбек татып көрді. Дәмі – өсімдік атаулыдан – жуадан, жидектен мүлдем бөлек. Ол жуаға ұқсатып шайнады. Ақырында, қоян жұтқан қаршығадай, дүр сілкінді. Осыдан кейін ол бір сәт манаурап, артынша желігіп, делебесі қозған. Ол жалма-жан тоғайға қарай жүгірді. Келген бойда қатынын құшақтады.
1775 Қайтып қыз болмайсың! – деген. Бәтжанға бұл сөз қызық көрінді. Ол жауап қатудың орнына жасырынбақ ойнаған қыздай қашты. Бөрбек қуды, ақырында екеуі қол ұстасып, алқынып тұрды... Келесі жылы олар еліне қосылды. Бұл кезде жалпақ ел диланып, шама-шарқынша дәулет құрып, көші-қонға ауысқан.
1776 Сені үйлендіргенде осы малдың қақ жартысын жұмсамақшы едім, – деп, сояу бурыл мұртын ширатты. Сәлден соң – төсек былғап, қашып кететін жасық малай болсаң мені ұятқа қалдырмай, аларыңды ашып айт! Астыңдағы көк шолақ бөгде біреудің тақымына бұйырды! – деп ұзын тарамыс денесімен керіле, келекелеп өтті.
1777 Бұл қарашаңыраққа кімдер келмеген. Көбісі-ақ әдебиет түйтпегімен келеді. Кеңседе болса бір сәрі, өзінің құттыханасында кексе жазушының пендешілігі басым. Қалам ұшымен күн көрушінің көңілін жығуға бара бермейді. Жазушы ойланып жатыр. Бұл ақын, әрине, және бір өлең аударып әкеледі.
1778 Поэзия бикештің орнына опа жаққан мыстан әкеледі. Тағы да кіржиесің. Бүгін ауызға түспеген сөзің ол жолы да ауызға түспейді. Ауызға түседі-ау, былш еткізіп айта алмайсың. «қарағым, сен ақын емессің, басқа кәсіп ізде» деу үшін не керек. Бұған көпті көрген жазушының өзінің де көзі жетпейді.
1779 Шынында да жүз мың адамның ішінен менің ғана жұлдызым жанады деп ойлау қиын ғой. Дегенмен, Таңатар да талайға шейін стадиондағы ұтыс жүйесін қызық көріп жүрді. Әсіресе, бір билетпен екеулеп, үшеулеп жүгіретін еркектер қыр баласының көзінде түлкіні жаяу қуған аңшыдай таңсық елес туғызды.
1780 Соның аз-ақ алдында бірінші кластың табалдырығын аттаған жеті жасар қызына байғазы ретінде артық билет алған еді. Немесе Мағрипа кино тұрғанда футболыңды бұйым құрлы көрмейтін. Өзінің іштартатын командасы жеңіп, әдеттен тыс көңілденген Таңатар қызына конфет әкеп берді. Жас бала қуанды.
1781 Бұлар отырған қатардан балалы әйел алаңға жүгіріп, қораш қана сыйлық алғанда, Таңатардың бөбегі қамығып жылады. Осыдан кейін ол әйелін стадионға шақыруды біржола тыйды. Өзі талай күнге шейін аяныштың өкінішінен құтыла алмады. Ішінің күйгені сонша, отбасын да стадионды атамайтын болды.
1782 Осы оқиға шамалы ескіргенде, Таңатардың шағын семьясы қонаққа шақырылды. Мағрипаның институтта оқитын Роза деген құрбы қызыбар еді. Сол әкенің дачасына арнап шақырды. Жексенбі еді. Таңатарлар күні бойы орман аралап, қозықұйрық теріп, күздің соңғы гүлін жұлып, бой көтерді, көңіл сергітті.
1783 Терезеден көз алмай, жол бойындағы жапырағы ұшқан ағаштар туралы ойлаумен болды. Қаланың сыртындағы табиғат өте-мөте тартымды еді. Әсіресе, батуға беттеген күннің әлсіз шұғыласына шағылған оймыш ормандардың қызыл-күрең жапырағы қоладай балқып, күз сәнінің ақырамашымен көңілді қажап жатты.
1784 Астаналық екі дөкей команданың қырғын жарысы еді. Таңатар алаңда түлкідей зымыраған доппен бірге ойысып, жел соққан шалғындай жапырылғанда, Мағрипа мен Роза бұның өзін келемеждесіп отырды. Оларға керегі ұтыс билеті екенін білетін Таңатар келіншегі мен құдашаның қалжыңын құлағынан асыра тыңдады.
1785 Үстіне шамның жарығы мол түсіріліп, сиқыр машина көз тарта бастады. Бұрыннан таныс көрініске таңданушылар болмады. Жұрт тарқасып кетпей, отырып қалды. Әуелі төрт трибунаның кезегі ойналды. Біріншілікке іліккен трибуна қуаныштан шулап жатты. Қырсық болғанда, шығыс трибунасы көтбасар боп қалды.
1786 Белгісізден қам жеп, көңілі елегізіді. Таңатар байқап отыр. Басқа трибунадан сетінеушілер жоқ сияқты. Тек осы трибунадан ғана кезекке шыдамы жетпеген некен-саяқ адам сыртқа шыға бастады. Олардың іші тары шеті жыртылған билетін үйіне ала кетті де, қызғанышсызы кез келген балаға қалдырды.
1787 Таңатардың өзіне аяныштың уыты тарай бастады. Кезек мана шулаған трибунадан басталған. Дауыл алдындағы тыныштықтай, трибуна жұрты тымсырайып, тына қалды. Олардың бәрі өзгелерден бұрын тарқайтынын және талайына не түссе, бұрын бөлісетінін біліп отыр. Адам сұмдық көп те, ұтыс шіркін тым аз.
1788 Дәмелі трибунада көкірек жарған күрсініс бардай. Таңатар неше түрлі ойға кетіп отыр. Ойын көруге келушілер неге бекершілікке жүйке құрытады. Неге әрқайсысы өзі ұтуды қалайды. Тегі, адам баласының оңай олжаға қызыққыш келетіні несі. Бала-шаға, қатын-қалаш болса, бір сәрі.
1789 Көгендеулі төлдей домаланып жатқан қауындар бұға түседі. Белінің желі бар шал еңкеюге еріншек. Піскенін саусақпен шертпей-ақ, мұрнымен иіскемей-ақ таниды. Қолындағы дәу дорбаға түскен түйнектің кәмегі болмайды. Әлтаман колхоздан арба кеп, үзілген қауынның бәрін тиеп әкетпек.
1790 Шалға керегі алажаздайғы еңбегінің төлін бабымен ұзату. Осы қауындардың көбісін түйіннен түйнекке шейін білетін, кәмегінің жүзін жуғанының, иісі шыға бастағанының, сабағынан үзілшегінің қайда жатқанын анық ажырата білетін кәнігі диқан әрқайсысының сауабын да өз қолынан өткеруді игілік санайды.
1791 Оған көп заман өтті. Бұл күнде бұл да – әкесіндей қаупалақтаған қара шал. Бұл да қауынды жұрт үшін өсіреді. Тек, баяғыдай жиі-жиі келіп-кетушілер жоқ. Орталықтан жырақтағы көк егінге ерігіп келуші бозбала да некен-саяқ. Шиқылдаған арба ғана толып, ауыр ырғалып, сықырлап қайтады.
1792 Біраздан кейін қайтадан аралап еді. Күнгейге бет беріп төмен иіле бастаған кимешекті күнбағыстың түбінде, алқара-көк пәлектің арасында дөңкиіп жатқан қауыннан көз алмай ұзақ тұрып қалды. Бұл бір төтенше біткен жұмбақ қауын еді. Түйін байлағанда сабағының түсі өзгеше болды.
1793 Түйнек кезінде дүмі асқабақша шорланып бір шошытты. Онда да кәмектей үзуге дәті шыдамады. Бірте-бірте шоры кәдімгі торламаға айналып, бүкіл жоны қызықты қыртыс байлап, бір қалыпта толыса бастады.Ақырында, тарғыл аттың басындай ұзын да етшең, көрікті қауын боп шыға келді.
1794 Қауын атаулының тұқымына бұл шал әбден қанық. Осынау аяның өзінде етшең басыбалды, қыртысты сексеуіл, қыртыссыз құмқауын, беріш қабық қысқауын бар. Бұхардың күләбиі, шаржойдың шырын әңгелегі бар. Ақұрыққа жататын тарсылдақтар өз алдына. Мынау жатқан қауын осының бірде біріне ұқсамайды.
1795 Көліктері дилы. Бүйірі шығып қайтқан кенеп қоржындарды бұйым көретін емес. Бірде бүлкіл-бүлкіл желсе, бірде көсіліп аяңдап кетеді.Аудан мен отардың арасын бөліп тұрған жал-жал, ығы-жығы құм оңайлықпен өткел берер емес. Жүргіншілер бір асудан асса, алдынан және бір асу шыға келеді.
1796 Әйелі өрістегі қойдың қайтып оралар шағы жақын екенін, шалына түстік әзірлеп отырғанын айтты да, қазанға еселеп сүр салды. Қараша үйдің ішіндегі темір пештің қызуынан бой жылынып, маужырата бастады. Ұйқы буған Жоламан қалғып кетті. Ұйқыны өрістен қайтқан қойдың у-шуы ашты.
1797 Дүние дүрліккендей еді. Тысқа шыққанда жотадан дүрліге домалана құлап келе жатқан қалың қой көрінді. Бірімен бірі қанаттасып, бірінің артынан бірі шұбырып, ылди төмен жүгірістеп жаппай маңырап, мекіреніп, сайдың ішін азан-қазан қылды. Жықпыл жартас тұншыға жаңғырып, қым-қиғашдүбірдіқоюлата түсті.
1798 Зеңгір көкте тізбектелген тырналар тыраулап, алыстан әуен қосты. Мыңғырған мазасыз маңырау осындай сапырылысқан ию-қию қалың дыбысқа ұласты. Бүгін азанда өрген саулықтар түске жетпей төлін сағынып қалыпты. Емірене мекіреніп, маңырап, көзін жасауратып, сай-сүйекті сырқыратады.
1799 Құлақ естір жерден қозысын даусынан таниды. Маңырауға шамасы келмеген шалажансар төлді иісінен ажыратады. Аяулы, қаяулы у-шу басылар емес. Қойдың арғы шеті әлі алыста. Қой соңында шалғайдан қапталдасып екі адам келе жатыр. Оң жағындағы күрең жорғасын шаужайлап сыбай қамшылайды.
1800 Біз жауырыншыдай жан-жақтың бәрін көріп отырамыз. Оның үстіне шілдеде шопандар күні өтеді. Ағайын-жекжатпен қатынас және бар, олай-бұлай өткенде дәл осы араға аялдап ат шалдырамыз. Өзіміз шие-миені кәшектейміз. Бұтағын қамшы сап қыламыз... Су басындағы отырыстан қарт қойшы көңілденді.
1801 Кәріліктен жанары қашап шөлмектене бастаған шүңгіл көзі күлімсіреп, самайының ақ талдары жыбырлады. Заманында қасын қағып сөйлейтін кербез адам екені көрініп тұр. Кең маңдайы қат-қабат сызық. Қасын қаға сөйлегенде тақиясы селкілдеп кетеді. Осындай әдетке ойын-сауықта машықтануы да мүмкін.
1802 Жеңгеңнің мінезі уаныш. Майлық-сулығы бірдей. Үй-ішінің шаруасын тындыратын да осы. Кебіртік жолда машинасоқты боп келген серік түстен кейін ұйықтап қалды. Жоламан Нәшуға ілесіп өріске кетпек болды. Нәшу баласының құнанын мінгізбек болғанда құнан саудыраған плащтан үркіп мінгізбеді.
1803 Нәшу Отан соғысында Сталинград түбінде болғанын, содан Берлинге шейін барғанын, әскери жабдықта қызмет атқарып, талай асау жылқыны жуасытқанын айтып өтті. Оның бағдарлауынша асау ат адамның көзінен, қолынан, тақымынан сескенеді. Мөңкіген атты онан сайын тулатып, мазақ қылатындар бұл атырапта көп.
1804 Алты ай жаз қозы көштік жерге көшіп-қонумен өтеді. Күзде қияндағы құмға қарай жылыстағанда да осы әдіс қолданылады. Кейбір ноқайлар түйе жайылатын сортаңға ұсақ малды ерте құлатады. Жауын шаймаған, қырау шалмаған шүйгіннің уыты болатынын байқамайды. Жадында табиғаттың артық-кемі түгел жарасымды.
1805 Еркегі мен ұрғашысы жұбын жазбай екеу-екеуден жүреді. Алысқа ұшпайтын кезінде мамырлаған бейшараларды атуға көз қимайды. Менің өзім қоян екеш қоянды қыста ғана аулаймын. Онда да біреу-екеуден әрі аспаймын. Күнеске келгенде қалың қой шұбырмай, қапталдамай, беткейге іркілді.
1806 Селеуі аралас боз жусанды бақташы керек етер емес. Жазушыға керегі деректі әңгіме. Нәшудің көңіл хошы құбылмалы. Сәл нәрседен қитығып қалады. Домбыраның күйі құлағын бұрауға байланысты болса, қойшының көңіл сазы өзіне ғана тәуелді. Еңбек адамының кіріптарсыз мінезін танытады.
1807 Тек сары шымшықтар ғана тобылғыталдың басында шықылықтайды. Бұл ертең ауа райы бұдан да жайдары болады деген сөз. Сары шымшықтан барып сары бас бөдене еске түседі. Жайқалған тары еске түседі. Жоламан жалпақ тілді ырғай қамшысын сақпандай сартылдатады. Оны мақтағанда, шопанның түсі нілдей бұзылды.
1808 Ұшына қорғасын құйған бұзау тіс қайда?! – деп шатынайды. Осыдан кейін ол түздіктердің қаруы да, сыны да, ишарасы да қамшы екенін таратып айтып кетті. Қамшы көліктің, киімнің, жас мөлшерінің ыңғайына сай келмек. Қамшы тастасаң – дауға оқталғаның. Қамшымен ңұқысаң – зәбір көрсеткенің.
1809 Оның кескіні бірде нұрланып, бірде қарауытады. Өзінің өмір тарихы көз алдынан шұбырып өтіп жатыр. Аяқты апыл-тапыл басқанда керегеде ілулі тұрған қамшыға жармасты. Одан кейін шыбық атпен шапқылағанда бұтақты қамшы қылды. Үйіне түстенген қонақтың қамшысын тығып, әкесінен шапалақ жеді.
1810 Ашамайда қылқиып қамшы сұрағанда ағалары күлісті. Шын қамшыға қолы тайға мінген кезде жетті. Нағашысы байғазыға құйттай жез қамшы жасап берді. Осыдан кейінгі тіршілігі қамшымен қабаттасып жатыр. Серіліктің буы ұрған кезде жорғасын солақай қамшылап, әйелдердің әжуасына ұшырады.
1811 Одан бертінде күші тасығанда бұзау тіс қамшымен сабаласты. Біреуді мұрттай ұшырып, өзі мұрттай ұшты. Бас та жарылды, бұғана да шықты, бірақ қамшыдан көңіл қалған жоқ. Одан бертінде, ерқаштылық кезеңде қауқарсыз қамшы қазылыққа жүгінді. Одан да бертінде сандыққа тығылды.
1812 Тек, көкей өзгермейді екен. Қағанағы қарық, сағанағы сарық елде пенсияға шығып кетуіме де жол ашық. Бірақ одан не дауа? Бәрібір үйкүшік боп отыра алман. Баяғы тау мен құмның арасын араламай, баяғы бастаудың суын ішіп, баяғы сексеуілді отын ғып жақпай күн кеше алман. Қойшылықтың өзі – серілік.
1813 Ертеңге көрші қойшы шақырып отыр. Одан әрі тракторшы жігіттер мен сауыншы қыздары өлеңмен айтысатын совхоз. Одан әрі тағы да бейтаныс ауылдар. Баршасына апаратын әртүрлі жол. Қасқа жол, таспа жол, бұралаң соқпақ... Жазушы түнде көпке шейін ұйықтай алмай дөңбекшіді. Үйдің іші қапырық па қалай.
1814 Іле-шала күйеуі шырағдан жақты. Жоламан плащын жамылып тысқа шықты. Ғарыштың бар жұлдызы осы маңайға жиналғандай еді. Толықсыған, теңселген, жылтыраған жұлдыздардың атын біліп жатқан Жоламан жоқ. Самсаған жарықтарға таңырқап әрлі-берлі жүрді. Бойы сергігенде күндіз көргендерін ой елегінен өткізді.
1815 Жүре келе ол қамшы туралы қимыжық қиял кешті. Нәшу қария неше жіпке тізген қамшылар – жүздің бірі ғой. Алтынмен аптап, күміспен күптеген қамшы – жезге ұласса, нақышсызының өзі түр-түрге бөлініп кетеді. Шыпыртқы тектестері тіптен көп. «Ит мініп, ирек қамшылаған» қазақ – түздіктің момыны.
1816 Ырымшыл адам аңға шыққанда жорта қалғып отырады. Көше сайын әртүрлі мысық кесіп өтеді. Шаһар салты осылай болғасын Зоридаштың мысықжандылығын кім шенесін. Тек, кәрі енесі ғана көрнеу ұнатпайды. Жайнамазын қоярғажер таппай күйбелеңдеген кездерінде қара мысық қырсықша қалмай, шеңгелше жабысады.
1817 Әйелі бұған да ырза болмады. Қоңыр торғайға серік табылғанына ғана қуанды.Осы күннен бастап отбасының берекесі қашты. Сұңғыла Зита торды баспалап, торғайларды жүрекшайлы етіп қойды. Торғайлар үйреншікті шықылығынан айрылып, ішқұсталыққа ұшырап, үрпиісіп, мүсәпірлік халге ауысты.
1818 Торғай мұңдықтарға тордан гөрі кеңшілік тиді. Зита мөлдір шыныға тұмсығын тақап, сілекей шұбыртуды шығарды. Бір күні Зоридаштың күйеуі қызметтен келген бетте торғайлардың балапандай шиқылдап, аузын ашып тұрғанын көрді де, форточканы ашып, су қойды. Торғайлар пырылдап ұшып шықты.
1819 Қара мысық қудың қуы екен. Қожайыннан көрнеу қаймығып, оған жоламауғатырысты. Амалсыз ұшырасқанда құйрығын бұлаңдатып бақты. Бұнысы жігіттің көзіне ирелеңдеген жыландай елес берді. Енді, ол мысықтан құтылғанша асықты. Бір күні іңірде, әйелі киноға кеткенде, мысықты аңдыды.
1820 Анау үй ғалымдардыкі. Олар жаңағы кексе бикеш секілді, үй хайуанатына талғампаз. Әне бір үй заң қызметкерінікі. Оларға бару қолайсыз. Жігіттің нервісі таусылды білем, қара көлеңкелеу тар көшені айнала беріп, Зитаны лақтырып жіберді. Енді, әрине, әмпай артистің үйіне баруға болады.
1821 Тарбанның бір өкінетіні – әкесіне ұқсап шабандоз болмағаны. Осы өзен бойындағы бір жамағайындары жазда қызылсырамайды. Түске шейін жұмысын істеп, екіндіде атқа қонады да, қай-қайдағы көкпарды алып қашып келеді. Желке қаситын еш нәрсесі жоқ, күмәндансаңыз, өзен жағасындағы жатақтардан сұраңыз.
1822 Олар барын атқа салады. Бір де болса бірегей мінеді. Жем-шөп болса, о бастан құнарлы. Ал, кетпен шауып, орақ орған диқанның темірдей қолының кімнен болса да көкпарды жұлып әкететінін айтып жатудың қажеті жоқ. Тарбанның қарымдылығы бір жамағайындарының қарымдылығынан кем емес.
1823 Көкпаршыны «қызды-қызды» құртатын деседі. Назар көкпар алып қашып келе жатқанда әйелі тамның үстінен қарап тұрыпты-мыс. Қатыны келгенде, тілге келмей, қолын ұсынуға ғана шамасы келіпті-міс. Осы аңыз құлағына сіңіп қалған Тарбанның тісі көкпардың етіне бір жамағайындары арқылы ғана тиеді.
1824 Тамның көлеңкесінде отырған Тарбан осы жәйттерді қиялдан өткізді. Ол әрі ойланып, бері ойланып, көк серкені соймақ болды. Көптен бері бордақыланып байлауда тұрғансерке қайраққа жаныған пышақты көргенде бақылдап, жайсыз дауыс салды. Тарбанның денесі тітіркенді. Тарбан және біраз ойланды.
1825 Жаман болады! – деп шешесі зекіріп тастады. Тарбан көк серкені өңгеріп, торы дөненді ойнақтатып шыға келді. Әйелі тамның жанында серкенің бас, сирағын үйтуге қам жасады. Тарбан көзден таса, көсіліп шабатын жер іздеді. Сонау дөңнен өзенге құлайтын тарау-тарау сайдың табанында көсіліп шаба алмайсың.
1826 Тарбан шоқыта шауып, шүңейтке кеп құлады. Шүңейттің арғы жағындағы қыраттың асты қалың ел еді. Шыбын-шіркейі көп жерге малы да, жаны да келе қоймасына көзі жеткендей болды. Торы дөнен шыбындап, пысқырынып, шабыс тілей бастады. Тарбан мұртынан күліп қойды. Бірақ... серкесі түскір тақымына сыймайды.
1827 Үйіне қайтып келе жатқанда қаңғырған екі жолаушыға кезіге кетті. Әлдеқайдан келе жатқан шаруалар. Қырдағы шаруалар. Тарбан бірінші боп сәлем берді. Сәлемді қабылдаудың орнына анау екеуі Тарбанның алдындағы көк серкеге жармасты. Бір тәуір жері, екеуі екі жақтан килігіп, серке кептеліп қалды.
1828 Тартысқан үшеу қыратқа шыққанда, арғы жағындағы қалың елдің көзіне шалынды. Қалың елден еркектер апыл-құпыл атқа мініп, жусанды беткейді шаңдатып, андыздай шауып келе жатты.Осы уақытта, шамасы, ұзақ тартысқан үшеуінің қолы қалжыраған болу керек, көк серке лықсып жерге түсіп қалды.
1829 Дереу аттан түсіп, нән серкені жолдасына өңгертті. Жолдасы қиғаштап, дөңге қарай шапты. Қалың ауылдан келе жатқандар жуықтаған жоқ. Бірақ Тарбанның торы дөнені құтқармады. Анау болса, көкпарды атының екі жағына кезек-кезек ауыстырып, ноқай қуғыншыға ұстатпай бара жатты.
1830 Олар Тарбандай икемсіз емес екен. Бұрын жеткені арындаған аттың үстінен сағыздай созылып, Әмірбектің қашыртқан көкпарына кенедей жабысты. Дода басталды. Бұл жер – дөң мен өзеннің арасын жалғастырған арқалықтай көрнекті жон еді. Жан-жақтан андыздаған аттылар қосылып жатты.
1831 Көк серке әбден созылса да, жерге түсетін болды. Үйме-жүйме апыр-шұпыр дода жиіледі. Басын шарт таңып, қамшысын тістеген шабоңдоздардың қарулы қолдары төмен төгіліп, көк нүктенің үстіне шүпірлесіп жатты. Осындай тоғыз топырда талай аттың құйма тұяғы басқан көк серкенің қарны жарылып қалды.
1832 Көлеңке басын ұзартты. Егер көкпарды біреу алып қашып кетсе, бүгінгі қызық осымен бітетіндей. Осыны түсінген шабандоздар бір кезде ат ауыстырып мінісе бастады. Тарбан болса, «бала-шағаның напақасын» ұмытып кеткендей. Танауы киіктің танауындай желбіреп, торы дөненді босқа ойқастатып жүр.
1833 Бұйырса, шеттен қағамыз. Әмірбектің айтқаны тура келді. Доданы қақыратып, біреу көкпарды өрге қарай алып шыққанда, ол бүйірден қосылып, сақпанның тасындай сарт ете қалды. Қолы көкпарға іліккенде, жата қап тартпай, тіп-тік отырған күйінде төмен қарай жұлқып, сілкіп тартты.
1834 Екі ат екі ажырасқанда, көкпар Әмірбектің қолында кетті. Қаны-жыны шығып созылған көк серке салақтап, торы дөненнің омырауын соқты. Әмірбек созылған көкпарды екі бүктеп, тақымының астына басып алды да, атын жалт бұрып, сетінеген қараң-құраң көпшіліктің ішін аралай шапты.
1835 Әмірбек мана торы дөненнің тізгінін желкесіне түйіп тастаған. Енді сол тізгін тәсілдің бұйдасына айналды. Торы дөнен қаумақты да қалың қуғыншының ішінде бұлтылдап, жалт-жұлт қашыртып, саңылау іздей бастады. Саңылау ашылғанда жұлдыздай аққан торы дөненнің артынан ала-құйын ұйтқумен болды.
1836 Көзінен жас та шығып кетті.Осындай қым-қиғаш қарбаласта біраз уақыт өтті. Шамасы, сүт пісірімдей мезгіл болуға керек. Көлеңке әлі жоғарылаған жоқ еді. Олай-бұлай дүрлігудің, ұйытқудың бір кілтеңінде Әмірбекке жол ашылып қалды. Торы дөнен сағыздай созылып, оқшауланып шыға келді.
1837 Әмірбекке айтқаны, Тарбанға айтқаны белгісіз боп қала берді. Күн алаурап ұясына батып бара жатты. Қызылға үймелегендер – тайлы-таяқты, кәрі-құртаңдар ғана.Жұрт көкпарды додаға салып, қайтадан қырқыса бастады. Енді, бәрі асығып, жанталасып, қамшылар аттың сауырына сатыр-сұтыр тиіп жатты.
1838 Ер-тоқымыңды жаяу арқалап қайтқаның жараспас, Бурыл бестімен қайт. Басы бүтін алсаң да, майын мінсең де – еркің. Ала көлеңкелі апақ-сапақта Әмірбек жолдасының атына мінгесіп қырға өрледі. Тарбан Әмірбектің атына мініп, көкпар орнына өзінің ер-тұрманын өңгеріп, ылдиға құлап бара жатты.
1839 Осы уақытта Тарбанның шамасыз кешіккенінен түңілген әйелі үйтілген бас пен сирақтарды қазанға салып жатты. Қызылсырап қыңқылдаған баласын жұбатқан болды. Ал, ер-тұрманын өңгеріп келе жатқан Тарбанның құлағына кешкі ауада әлдеқайдан жұлқысқан шабандоздардың дауысы естіліп жатты.
1840 Сонымен, әңгіме жүректегі тікен жайында. ...Орталық стадионның маңында балапан талдардың шетінде екі түп қайың бар. Екеуінің түсі ұқсас та, жапырақтары бөлек. Бірінікі сарғая бастаған, екіншісінікі – жасыл күйінде. Бес саусақтың бәрі бірдей еместігі сияқты екі қайыңның айырмашылығы зор.
1841 Шіркін, стадион-ай! Жалпақ жұрттың терезесі тең жерде аунап-қунағанға не жетсін! Тұтам тіршіліктегі бір ғанибет қой, бұл! Дөкей қызметкер, майталман драматург, әккі актер, былайша айтқанда, үш түрлі әлемнің жақсысы мен жайсаңы, көкке аунап, бел шеше сөйлесіп дәмді сұқбат құрысады.
1842 Лауазым – баспалдақ. Алдындағы кісіні қолтығынан демесең, ол саған қол ұшын береді. Белгілі буын біріне-бірі жалғасып кете береді. Тіпті, футболшылардың өзі осындай. Бірі-біріне басшы, бірі-біріне қосшы. Ашықауызы аласталады. Менменсіген мықтыға әріптестері доп бермей түбіне жетіп тынады.
1843 Трибуналар шулап, мәз-мейрам болды. Шынын айтқанда, бұл кездейсоқ гол еді. Осыған ашынған турбиналықтар дүркін-дүркін шабуылдап, алаң иелерінің қақпасына допты оқша атып, жанкүйерлердің зәресін ұшырды. Футболда шеберлікті ашудың жеңетін шағы жиі. «Турбина» осы әдіспен үстемдік құрды.
1844 Актер мен актрисаның тіліне жетік ол өзге қауымның да қырын, сырын жақсы біледі. Кіммен қалай амандасукерек, кімді қонаққа шақыру керек, кімнің үйіне қонаққа бару керек – осының бәрін ол әдетке тұтады. Бір мықтымен бірге балық ауласа, екінші мықтыны киік қууға еркін шақырады.
1845 Допты олай да алып қашады, былай да алып қашады, ыңғайы келсе-ақ қақпаға оқтай атады. Ту арқасындағы тоғызыншы нөмер көзге жиі-жиі түседі. Алаң иелері арынды ойыншыны аяқтан шалып құлатудан ұялмайды. Бұл да Шора Шерімбетовичтің үйреткен ақылы. Оған командасының ұтқаны керек.
1846 Бір жолы ойын бітуге үш секунд қалғанда доп өткізіп, аяғы дау-шарға айналған. Осыны есте тұтқан ойыншылар ақырғы сәтке шейін күдер үзбеді. Олар үшін ең жаманы – шәкірт балалар болды. Рас, балалар өз командасына болысады. Рас, қарсы қақпаға доп түскенде олар секіріп қуанады.
1847 Кездесудің соңғы минутында қонақтар бұрыштама соғатын болды. Ең соңғы үміт те осы бұрыштамада. Бірақ қырсыққа қарай, балалар допты бермей қойды. Жүйкесі тозған орталық шабуылшы алаңнан қашырма допты тартып алуға ыңғайланғанда, алтыншы нөмерлі бала оны кері қарай лақтырып жіберді.
1848 Шабуылшының басына қаны теуіп, көзі мұнарланды. Ол баланы жақтан шапалақпен тартып жіберді. Кезінде бокспен шұғылданған жігіт еді. Бала мұрттай ұшты. Ол жылап орнынан тұрғанда жұрт трибунадан ысқырып, біреулер аяғымен дүрсілдетіп, стадион даңғаза у-шуға толып кетті. Бұрыштама соққы соғылмай қалды.
1849 Оның аты-жөні аталды. Шапалақ жеген баланың балалық есімі мен фамилиясыкелтірді. Жазықсыз оқиғаға қамшы болған Шора Шерімбетович тасада қала берді. Әншейінде қалалық газеттерді қадағаламайтын тарлан драматург баршасын оқып шықты. Ол кеше қақпа сыртында мұрттай ұшқан баланы аяды.
1850 Шөңкеңдікі аңғалдық па, өзімшілдік пе, зұлымдық па, оған көзі жетпеді. «Осы іске менің де қатысым бар-ау!» – деп бір қойды. Сол сол-ақ екен, жүрегіне жіңішке тікен қадалғандай, мазасыз сезімнің құшағына енді. Жіңішке тікен барған сайын тереңдеп, сыздаған жараға айналды.
1851 Ал, қисық мойынға жол болсын. Оның есесіне ертегі түседі. Киелі балуан шапалақпен қалай тартса, жағы солай қисайып қалатын қылмойындар осының тегінен бе екен. Әлде бейшараға ауру жабысты ма екен? Ойбай-ау, мойынмен ойнауға болмайды ғой. Ол бас пен иықты жалғастыратын көпір.
1852 Ол өзінің бір кезде атқа мінгенін, ауылда түрлі-түрлі қызмет атқарғанын айтты. Жаңағы қисық мойын қылшылдаған жігіт еді. Қылшық мұртына қылау түсірмейтін кербез-ді. Көшпелі елден тапшылық арылған ба. Үш-төрт адам бір үйден ыстық тары көже ішеді. Табақ та, қасық та біреу болады.
1853 Осыдан барып, етік туралы әңгіме басталып кетті. Әркім әрнәрсені айтып шықты. Сән, салтанат сөз болғанда, баяғы шоңқойма етіктер мен қоңқайма етіктер, саптама етіктер мен қаптама етіктер қатар түзеп бәсекеге түсті. Біз өкшелер, бұдыр өкшелер, типыл өкшелер аяқ киімнің тұмсығына ұласты.
1854 Баланың қызбалығы қоя ма, атымның басын жалт бұрып, қайта шаптым. Бұл шақта анау екеуі әлденені кеңес етіп, өзара күлісіп бара жатқан. Мен мінер жағынан зулатып өттім. Көкпар түгіл, пұшпақ та жоқ. Тек, екеуінің де сол аяғында көн етік те, оң аяғында көк етік. Бар сырға енді қандым.
1855 Театрға бұндай күйде баруға болмайды. Жігіт «шаң машинаны шаһарға жүргізбейді» дегенді бұрын да естіген. Кісінің сөзін осыған жорыды. Неге екенін қайдам, шұғыл тоқтауға жүрегі дауалмай, бір көше өткенде кідірді. Ол машинаның шаңын сүртіп тұрғанда жаңағы кісіні қайта көрді.
1856 Бұлардың ерлігі – ет пен терінің арасындағы желік. Айдалада кездескен жолаушының бөркін алып қашқанда, құтылып кетпесе әзіл-оспаққа аудара салады. Дәйексіз үміттің алдамышы өмір бойы таусылмайды. Осындай жандардың тірліктен өкінішсіз өтуіне сахараның сақылығы мен санасыздығы жатады.
1857 Бірақ олар кем дегенде бір үйір жылқының шырғалаңымен келеді. Соқталы даудың кергілесі де басқа. Абай қой-серкеше билік айтатын текешарлардан іргесін аулақ салады. Түймедейді түйедей ғып көрсететін баяғы Наудың дауы тіл өнерінің жарысына жатса, бүгінгілердің дау-дамайы қыбың қанбайтын қимыжық.
1858 Даушылар аттарын жетектеп жаяу ерді. Сеңгірбай үрей мен сүйсініс аралас сезімде келе жатыр. Сыртынан отауға ұқсағанмен Абайдың үстіне адам кірмейтін киелі ордасы осы. Айтушылар пешенеге бұйырғандарды жігіті ертіп апарады, Абай кейде тамақты осында алдырып ішеді деседі. Басқа жорамалдар да бар.
1859 Оның осылайша орысша ойлап кететін шағы жиі. Жазу үстінде өзі байқамай қалса, ауызекі сөзге келгенде тыңдаушылардың оқыс қимылы аңғартады. Түс екеш түстің өзінде орысша сөйлеп кететін кезі бар. Онықұлағы шалған жұрттың сан саққа жүгірткен жорамалына Абай маңыз бермейді.
1860 Арпа ішінде жалғыз бидайдай, ұл баласы осы еді. Үпірмелі-шүпірмелі боп кеткен екі қызынан бұның орны бөлек. Жас та болса, осынау қара шаңырақтың иесі. Немере сүйгізетін басыбайлы, баянды уанышы. Мойнына мінгізіп, еркелетіп өсірген кенжетайы мосқал ананың өзіне әлі де сәбидей.
1861 Арада ығы-жығы, жал-жал бархан бар. Талай ауданның мыңғырған түлігі қыстайтын қалтарысты, құйқалы құм жаз бойына елсіз. Автомобильге асу бермес жентек құмнан бұл кездері аттылы почташылар ғана өтеді. Қамқаның қорыққаны осы құм еді. Немесе жаяу-жалпы жолаушылау бүгін көрген құқайы емес.
1862 Баласы ұсталғалы бері ғана іштен таусылып, қаршадай келінін қолқанат етті. Сары уайыммен қайратының қашқаны болмаса, аудан – талай көріп жүрген аудан ғой. Ашуға мініп шыққан Қамқа зілдей жүкті елемей қаздаңдап, барынша жедел жүрді. Сол жүрістен терістік жиегіне іліккенде ғана танды.
1863 Енді амалсыз мимырттауды шығарды. Баяғы жалғыз аяқ жолдар көміліп қалған. Ақ құм, сары құм, қызыл құмдар жентектеліп, табаннан тартып, жолды ауырлата бастады. Құмның қалың ішіне кірген сайын шағылдардың баурайынан қамыс мола жиі ұшырап, жалғыз әйелдің үрейін ұшыра берді.
1864 Жеңсіз сары бешпенттің екі өңірін дамылсыз тепкілеген тоқ қоржын да мойнынан түспеген тәйтік баладай ығыр етіп келе жатты. Ол жылдардың жазында құмның шөбі шабылмайтын да. Қамқа нуға түсіп кеткенде маса-сона ызыңдап, гулей талап, шыбын-шіркей көзіне үймелеп, азаптап бақты.
1865 Қамқа қанша жүрсе де шілденің күні асықпай шақырайып тас төбеде тұрып алды. Күннің баяу жылжып, түске тармасып келе жатқаны, ыстықтан көрер құбыжығы әлі алда екенін жолаушы қайдан білсін.Ындыны кеуіп, тынысы тарылғанда жұмырдағы шалаптан таңдайын жібітеді. Жылып кеткен шалап сусынын қандырмайды.
1866 Мойнының күлдіреп қалғанын байқады. Енді, әйел зілдей жүкті қолымен алма-кезек көтеруге мәжбүр болды. Ұдайы қиралаңдап, майысып, талмаурап, шарасыздықтың сапарына шыдап бара жатты. Бұл сәттерде тіршіліктің бар мағынасы кежегені кейін кетірген ығы-жығы құмнан құтылуда. Бір басса да алға басуда.
1867 Шаңқай түсте жолаушының әлі бітті. Талайдың басын жұтқан мыстан құм бас айналар ыстықтың шыңылымен арбап, жаланған жалынымен аймалып, жолаушыны біржола тұралатты. Қамқа қамыс молалы шағылдың етегіне құлап түскенін бір-ақ білді. «Құлыным, қарызыңды кеш. Мен де кештім ақ сүтімді», деді ерні жыбырлап.
1868 Енді облысқа айдаларда ғана әлденені сезе бастағандай. Қалшабектің байланысының тамыры ауданнан әріде жатқандай... Қарсақ былтыр әскерге кетіп қалғанда, бұндай пәлеге ұрынбас еді. Сорына жеткен және сол Қалшабек болды. Ауыл совет екеуі әскери комиссияның басын айналдырып, уқай-суқаймен алып қалды.
1869 Қарсақтың есіне келіншегі мен шешесі түсті. Ертең ұзын-құлақтан құбыжық хабарды естігенде екеуінің қосылып жылайтыны жанына батты. Балауса көкірегіне бірінші рет аяныштың уы дарыды. Жан беру оңай емес. Ыстықтан басы айналып құлап түскен Қамқаның миы шыңылдап, өшіп бара жатқан жанға ақыл айтты.
1870 Қысқа ұласар қыраулы, қарлы шақ Қамқаның есіне түсті. Осы шабырда Қарсағын тайға мінгізіп, бауырсақтан шашу шашқанда, күндердің күнінде баласының түрмеге түсерін, өзінің сол шырайлы шабырдан ботасынан айрылған аруанадай аңырап өтерін білмегені – тымырық дүниеге айналып келе жатты.
1871 Сарыөзекке ұлы сәскеде жетті. Осы маңда ел отыру керек еді. Бірақ Қамқаның көзіне шалына қоймады. Қалай қараса да дүние бұлдырап, сағымдай қашықтай берді. ...Аудан орталығының шетінде қара қақпаның алдында қоңыр брезент жамылған жүк машина тұрды. Облысқа түс қайта-ақ жөнелмекші еді.
1872 Брезент жамылған қораптың қапырығында жансауғалаған пенделер сырттағыдан хабарсыз кете барды. Екі ортада көлденең жатқан тау бар еді. Машина бір-екі асудан асқанда ауа салқын тартып, жүргіншілер ширай бастады. Қарсақ енді алды-артын парасатпен ойлай келіп, өзінің сұмдық бір қате жасағанына өкінді.
1873 Екеуі күнгейлетпей, теріскейлетті. Қиядан қиғаштап тәлтіректеп, шалыс құлап бара жатты. Етекте отырған жалғыз үйге жақындағанда, бір шоқ қамыстың түбінен ағып жатқан бұлақтан жуынып-шайынып алды. Соның өзінде, жаяулап жеткен екеудің түрпеті жаман еді. Жылқышының әйелі қымызын ұсына берді.
1874 Әсіресе, жылымшылаған сары майдан жеркенді. Оның есесіне, сүт құйған қою шайды көп ішті. Қымыздан ақтаңдайланып қалған екен, шөл қандырмасқа шыдамады. Отбасының әңгімесі – қырық құрау. Қанаш көбінесе шаруа жайын шертті. Тоқыш қаланың, Ермекбай ауданның жаңалығын айтқансыды.
1875 Ол құр атпен тасырлата жөнелді. Шай қайнатым уақытта қара бағланды өңгеріп, қайтып оралды. Табаны жерге тигенде жалғыз төл маңырады. Жыққан жылқының әудемде бұтын бұт, қолын қол қылатын қаржымды Қанаш қозыны шопақ құрлы көрмеді. Лезде арша-арша етті. Жылқышының асы ұзақ қайнайды.
1876 Ерні жыбыр етті. Тоқыш таныстықтың басын еске алды. Былтыр жазда ауданға келген бойында қызыл отауға ілесіп, жарты айдай қаңғырғанда, ауылдың талай тотайын көрген. Бірақ дәл жүгеріші қыздай әсер еткені жоқ та. Ал, жүгеріші қызға ындыны қалайша ауғанын өзі де біле бермейді.
1877 Құранды, алашұбар жұрттың қызыл отау өнерпаздарының ойынына күлгені, тамсанғаны есінде. Сауық соңында өзінің домбыра тартқаны, арынды әуендерді алға салып, шертілме, сылқым күйлермен шегергені есінде. Сауық алдында таныс болған жүгеріші қыздың елден ерек қиыла, ери қарағаны көкейде қалып қойған.
1878 Ауылдың тәжікесіне тосаңсып қалған Тоқыш аяқ-қолы балғадай балауса қызға сыпайы тұспалын жеткізе алмай, өкінішпен қоштасқанда, өзінің салқын алақаны еңбекшіл қыздың ыстық қарына жыландай тигенін байқаған-ды. Қыздың «Құрып қалсын!» деп, тартыншақтап, қаша жөнелгені – қайтпас ұят та, өшпес намыс та.
1879 Жетектегі жылқы шабан екен, тартыншақтай берді. Ермекбай жон үстіндегі жолдың жиегіне жеткенде, Тоқыш сонадайдан мөңкиіп келе жатқан автобусты көрді. Жайдақ атты тастай беріп,арынды айғырмен шаба жөнелді. Ол жеткенде, автобус та келіп қалып еді, Тоқыш аттан қарғып түсіп, Ермекбайға көлденең тартты.
1880 Және ақ егін емес, көк. Ойдым-ойдым қаудан. Әр қауданның басында не кәдімгі қара шайла да, не қамыс күрке. Кейде еркек, кейде әйел кездеседі. Екі жүргінші егін-егіннің арасымен бұраңдап келеді. Қаракөк бұйра пәлектерге тығылған қауын-қарбыздар көгендеулі қозы-лаққа ұқсап жатыр.
1881 Некен-саяқ біткен қауықтың басы жарымес мүгедек баланың шекесін еске түсіретіндей. Осы қауақ ертең піскенде диқанның көже ашытатын ыдысына айналатынын Тоқыш біледі. Неге екенін қайдам, оның есіне алыстағы Алматының шеберханасы түседі. Құжынаған құты, қара-құрым қиынды көз алдына елестейді.
1882 Ермекбай жымың-жымың етті. Жүгеріші қыз егіннің шетінде құлақ аршып тұр екен. Жігіттермен емен-жарқын амандасты. Тоқыш жайнап сала берді. Оның көзі қыздың күнге тотыққан қызыл-қоңыр реңінен балғадай жалаңаш білегіне аялдады. Ермекбай болса, дұспанға ұқсап, қыздың аяғына қарады.
1883 Осыдан екі жыл бұрын мұрнына шамалы самал түсіп, шылым шеккені бар-ды. Кейін қойып кеткен. Оқыған атақты жігіттің ұсынысына қапелімде не дерін білмей күмілжігені сондықтан еді. Бір тәуірі, Тоқыш сұрауын қайталамады. Өзі де жарытып шеккен жоқ. Іштегі әңгелектің тілігі түтінді жолатпады.
1884 Жігіттің көзі сұсты еді. Тарамыс қара ұра алмады. Қыз нән кетпенді уатқа кірш еткізді де кісілерден сытылып шыға берді. Жаңа келген үшеу қаумалап, Тоқышты қыраттың басындағы жалғыз тамға алып келді. Өспірім бала көк айғырға мініп келді. Ермекбайдың екі қолын артына байлап қойыпты.
1885 Күндіз басып өткен жерлерді пайлап тарта берді. Көк егіннің шетіне іліккенде, оқыс бір оқиға болды. Тоқыштың қарсы алдында, қырық-отыз метр жерде, аспаннан дөңгелек жалын қызыл шардай айналып, ағып түсті. Төңірек әуелі жап-жарық болды да, артынша қап-қара түнекке айналды.
1886 Ой қорытып алғысы келгендей, ілбіген аяңға көшті. Ай қорғалақтап, кеш туды. Жарты орақтап имешектеніп, түстікке қарай көтерілгенде, Тоқыш таныс жүгерінің уатын аралап келе жатты. Қырат басындағы жалғыз тамға жақындағанда, көк айғырдың басын тежеді. Қыраттың асты жылға-жылға еді.
1887 Қырманшы жан-жағына қарағандай болды. Тоқыш жанұшырған жылдамдықпен айғырды жылғаға сүйреп, бой таса қылды. Енді біршама уақыт өткенде, Тоқыш тәуекелге мінді.Атын қайта байлап, тамның терезесінен сығалады. Көрпілте шырағдан жанып тұр. Үйде жеңгесі мен қыздан басқа ешкім жоқ сияқты.
1888 Ашуын тырнадан алғандай, атын қамшымен шықпыртып жіберді. Тоқ айғыр атыла жөнелді.Тоқыштың ендігі ермегі жалғыз аттың шабысы болды. Айғырдың тізгініне сүйеніп, лекітті де отырды. Нағашысының үйіне таңға жуық жеткен Тоқыш атын қаңтарып, ұйқыға кетті. Күн шыға оның құлағына самбырлаған дауыс шалынды.
1889 Қазақ-та жаудыр көз бар, саудыр көз бар; атысқан көз бар, шатысқан көз бар; қалқан құлақ бар, салпаң құлақ бар; бүрік құлақ бар, түрік құлақ бар. Қыли көз, шұнақ құлақтарды қатарға қоспағанда ала көздер мен тана көздер, жарғақ құлақтар мен тарбақ құлақтар рабайсыз көп қой.
1890 Солардың қайсысы жалғаншыл, қайсысы расшыл. Қайсысы қу, қайсысы аңқау. Тарлан газеттің талапкер қызметкерлерінің аша алмай жүрген бір сыры осы.Оның көзбен көргенін өзгелер өтірікке шығарады. Сонда, шынында да, осы көз бен құлақтың қайсысы мықты. Бір күні ол жерлес жазушысының пәтеріне барды.
1891 Қисық қауақтай дегенге пысқырма, бала. Байғыз бас жерлесіңе сене бермегейсің. Өтірікшіге ұқсайды өзі. Екеуі қолтықтасып келе жатыр. Ферма меңгерушісінің үйінде ресми кеңеске бір рет те келе қоймады, қонақтар да құлықты болмады. Шамалы тым-тырыстықтан кейін аңшы әңгіме бастады.
1892 Бұған тамызық баяғы көз бен құлақ болды. Аң атаулының қайсысы көреген, қайсысы естімпаз, осыдан туындаған сөз біртіндеп шалқи берді. Дауысы быдық аңшы жолбарысты орға құлатқанын, қасқырды қақпанға түсіргенін, тырнаны сирағынан ұстағанын қас құбылта суреттеп шыққанда, жұрт аузын ашты да қалды.
1893 Сонда, ақиқаттың ауылы қайда? Ол қорықшы қарттың көзіне, құлағына қарады. Жыпық көз, жарғақ құлақ қулық-сұмдықтан аулақ сықылды. Ал, аңшы антұрғанның көзі нәркес те емес, шәлкес те емес, құлағы түрік те емес, бүрік те емес, кәдімгі алым-берім көз бен құлақ! Тек, түсінде тіл жеткісіз тұңғиықтық бар.
1894 Оны біреу күнә санаса, екінші біреудің оған қыбы қанбақ. Алдау мен арбауға, зақым мен зиянға жоламай қиманың қышуына соғатын сөзді тыңдаушы түсінбек те, кешірмек те. Қалжың қаужайтын өтіріктер қазақтың ішін кептірмейді. Кекірек аздыратын залалды мылжыңдықтан, бір есептен, залалсыз өтіріктің өзі игі.
1895 Іңірде ана жақтан да, мына жақтан да бір-біріне үн қоса үрген иттердің даусы кешкі ауаны жаңғыртып жатады. Кең ойпаңға қоныс тепкен қомақтыны қаланың үстінен қарауыл қарағандай дөңес басына орналасқан кварталдың иттері ерекше үреген. Осы кварталда үрерге иті жоқ үй – Виктор Бутовичтың үйі ғана еді.
1896 Оқиға деуге де болады, демеуге де болады. Оған көзіміз осы күнге шейін жетпейді. Виктор Бутович тұрмыстың түйтпегімен Янкі ауда-нына барған. Ауданда дәріпті адамдар көп еді. Бір әйдік аңшы, бірі озық қойшы, ал енді бірі қайырымды темірші дегендейін, журналистердің баратын жері.
1897 Хатқа жалқау Виктор Бутовичтың ауызекі әңгімеге келгенде алдына жан салмайтыны бар. Ұзақ өмірде көрген-білгенін, өз құлағымен естігенін, өзгелердің құлағымен естігендерін жыр ғып шерткенде, аузын ашып қалатындар бұл дүниеде жеткілікті. Жұртты елтіте білетін Виктор Бутовичтың өзі де хикая құмар.
1898 Виктор Бутовичтың құлақ құрышын қандырды. Көп әңгіменің түйіні иттен табылған. Аң алғыш құмайдың, көкжалдың, дүрегейдің, үй қорығыш төбеттердің қилы-қилы тұқымын таратып айтып шыққанда, қапылыс қызыққан Виктор Бутович осындай біліктіден бір белгі ала кетуге бел байлады.
1899 Қылтиып киінген бозбалалар қалада қырыңдағыш. Виктор Бутовичтың бойжеткен қызы науетек құрбылары туралы өзінің шешесіне әлде бірдеңені сыбырлағанда құлағы шалған әке: «қақпа күзететін бір шәуілдек керек білем» деп қойған. Сол себепті итбегіден белгіге күзетші болатын күшік қалады.
1900 Күшіктің әлегі аз болмады. Сол сапарда әншейінде қалаға құрдай жорғалайтын машиналар шығандағы тыңның егінін тасуға жаппай жегіліп, Виктор Бутович жаяу қайтуға мәжбүр болды. Ара қонып, елу километр жер жүрген жолаушының табаны кәдімгідей күлдіреп қалғаны кішкентай серігіне қараңғы-ды.
1901 Виктор Бутовичтың төбе шашындай ғана бір шоқ миуа ағашы бар ауланың ішінде, қаусаған кісеннің жұрнағындай, қырық жамау шынжырды ауық-ауық шылдыратып, жәшіктерден қаланған үш таған үйшікте сары төбеттің бұйығы өмірі өтіп жатыр. Көрер қызығы да, шегер қасіреті де осы ауланың ішінде.
1902 Тілін жалап, тұмсығы қыбырлап, ішінен сөйлейді. Рекстің селқос қарап, мыңқ етпейтіні – Виктор Бутовичпен домино ойнауға келуші көршілер. Қолында төрт үштік отырып, табанға екі екіліктің бірін салатын әккі ойыншының қолын сындырмаққа келетін көршілердің күзетші төбетпен ісі де жоқ.
1903 Қол-бала иттің етекке жармаспасын білетіндей, қаймықпай өтіп кетеді. Зәуіде, сырқынды шалдан қарызға тиын-тебен сұрамақ боп, күнілгері қысылып, біз өкшелі бикештер тық-тық басып кеп, қақпаны қағуға бата алмай тұрса, Рекс қожайынына еліктегендей, бір көзін жұмып, шалғайдағы саңлаудан сығалайды.
1904 Еркіндеуші жазатайым қораш итті жасқантпаққа жер тепсінсе, қара тұмсық, қара жал сары Рекстың шегір көзі шапыраштанып, ұшқындап кетеді. Үздік-үздік үрген даусы долданып, зорайып, жарықшақ айбар шегіп, есігі берік үйдің үш бөлмесіне түгел жетеді. Бұндайда, Эмма осы үйде отырса, сыртқа өзі шығады.
1905 Ернінің шұңқырына қалың өскен қара-бурыл кертпеш мұрты тікірейіп кеткендей болады. Тұла бойы тарамыстанып, қушиып қалған аққұба кемпір ырсылдаған шомбал байындай емес, жүріске ширақ. Тысқа тез шығып, Рекске зекіп тастайды. Сондықтан да болуы керек, Рекс хозяйка кемпірді ұнатпайды.
1906 Қызының жиі мейірімі түседі. Ондайда төбетке сүйек тастай салмай, майлы тамақ береді. Бұл арада айта кететін бір нәрсе, Виктор Бутовичтың алыс-беріс жасайтын әмпайларының ішіндегі шалымдысының бірі – мойны қашық Янкідегі шофер-ді. Сол оқта-текте машина ізін салғанда, жас ет әкеп тастайды.
1907 Дәмді жем жерде тілін жалап, тұмсығын қыбырлататыны, аяғын көтеретіні өте ұнайды. Рексті әкелген жылы Виктор Бутовичты көшеде құтырған ит қауып, әупіріммен әрең аман қалған бір оқиға және бар-ды. Содан кейін төбеттерін тұмырықсыз тысқа шығаратын көршілердің үстінен арыз берген шақтары да жоқ емес.
1908 Көрші Виктор Бутовичтың баяғы арызын өзінің алдына келтіріп, әлек салған. Іс насырға шауып, аяғы талай ауланың итін тексертумен біткен. Содан кейін көшеде иесіз жүретін иттердің құрсаулы қорапқа түскені де бар еді. Қыңсылаған қаншықтардың даусы Рекстің құлағында қалған.
1909 Сол күндерден бастап Рекстің мінезі белгісіз өзгерісте. Қабағы кіреукеленіп, көзін жиі жыпылықтатып, әлденелерді ойлайды. Түсі өзгеріп тұратын қожайынына сенбейді. Достың кім, дұспанның кім екенін қатесіз болжайтын ит өз халін өзі уайымдап, ақпандағы шөмеледей бірте-бірте сүмиіс тауып келеді.
1910 Жасарын жасаған немені қашанға шейін бағамыз. Басқа ит керек, – деді. Сол күні түс қайта толық қанды, орта бойлы Эмма жүдеу төбетті жетелеп алып шықты да, бұл қаланың халқы «тау» деп атайтын биік шоқының баурайында біраз сергітті. Ит кәдімгідей көңілденіп, гүлді қауданға аунады.
1911 Бара-бара асыр сап ойнауды шығарды. Эмма да желөкпеленіп, қара плащын сүйрете қашып, біресе Рекстің өзін қуғыштап, ентіккенше жүгірістеді. Күні кеше өзіндей өспірім қыздармен гүл теріп, тұлымына қызғалдақ қадаған баурайда басқа қызықты ұмытты. Күндер өтіп жатты. Қуаныш пен қайғы – итжығыс.
1912 Жазда бойжазуы күзіне қырсық боп жабысқандай, мизамда қайтадан ауруға шалдықты. Аурудан арылар шағында табиғаттың керкелжіңдігіне кезікті. Сол жылы күз де, қыс та жайсыз еді. Шамасыз ұзаққа созылған сылбыр жауынның аяғы қара қатқаққа әкеп соғып, әрі қарай жапалақ қар жиілеп кеткен.
1913 Шөжедей үрпиіп, Эмманың аянышты сезімін асқындырды. Жауын-шашында бұйығылыққа үйренген Эмма өз үйінде отырып таРекстің мүшкіл халін ойлайтын болды. Эмманың күйеуі келіншегінің неге күрсінетінін жорамалдап, итжанды иттің жаз шыға диланып кететінін отбасының әңгімесіне қосатын болды.
1914 Сырттап, қара жалданып, долы әуеніне басты. Сары төбет «колобоктік» қалпына түскен шақта, Эмма күйеуімен бірге кезекті демалысқа шығып, теңізге кетті. Жылда жаз шыға, осы шақта баратын. Рекс ауру болса олар теңізге кетер ме еді, кетпес пе еді, бұл жағы мәлімсіз боп қала берді.
1915 Эмма әке-шешесінің бейқамдығына ызаланды. Теңіз жағасында терісі сыдырылған кертпеш мұрны қусырылып, қызыл-күрең реңі қуқылданды. Ұзын сигарета тұтатып, қара плащын күйеуінің қарына ілді. Осыдан кейін, Рекс үшті-күйлі жоқ болған ауланы көруге зауқы соға бермесін өзі байқап тұрған жоқ.
1916 Сүйретілген қара плащты қуатын қызық құмар Рекстің кісісіне қарап үретін зеректігі Эмманың ойында. Жазатайым, бұғаудан босанып,қыдырып кетуі ақылға сыйса, көзін ашқаннан бергі паналаған ұясына қайтып соқпауы мүмкін емес қой, деп топшылайды. Эмма бір күні осы дүдамалын күйеуіне айтты.
1917 Ақыры, бір күні ол күйеуін Янкіге жұмсады.Сенбі күні еді. Былай шыға бере, күйеуі айныды. Сонау қуандағы ауданға барып шаң жұтқанша, одан екі есе жақын теңізге барып, шомылып қайтқысы келді. Бірақ келіншегінің екіұшты сөзге иланбайтынын білетін ол нендей уаныш ойлап табарын білмеді.
1918 Ақылды иттің итөлген жерден қалаға шеккен сапары – бұралаңдаған берекесіз жүрістің бейнесі боп елестеді. Бүйірі қусырылып, ашыққан Рекс, тілі салақтап, шөлдеген Рекс көз алдына келетін болды. Мейірімсіз жолаушыдан таяқ жеп, қыңсылаған ит неше түрлі аянышты сезім тудырды.
1919 Сұраған адамдары күле жауап қайырып, мазақтағандай болды. Әрі-сәрілік мендеткендей. Сенбі күні жазғы театрдан кеш қайтқан Эмманың ойынан Рекс шықпай қойды. Көзі ілінгенде, ығы-жығы қалада басы айналып, өз ұясын таба алмай жүрген ит түсіне кірді....Түске тармаса шешесі келді.
1920 Күнгей толықтырған реңінің қызыл шырайы қоюлана түскендей болды. Шалқыған күйде шешесін сүйді. Табылған ит жайында тәптеш сөз басталды. Қақпаны тырмалағандағы Рекстің шаршаулы түрін, сұмдық жүнжіп кеткенін, иелерін босатқанын Галина Алексеевна қалтарыссыз, қарапайым тілде суреттеп шықты.
1921 Бөксесін көтере алмай шойырылып қалған. Сұмдық сыздаған аурудан, әрі қапылыстықтың долы ызасынан екі көзі қанталап, өкпесі солқылдап жатқанда, жетімектей болса да, жортуылдастың жолыққанын жақсылықтың нышанына балады. Екеуі біраз одырайысты. Қызыл түлкі құйрығын бұлаңдатты.
1922 Плацкарттағылар көбінесе кітап оқиды. Жалпы вагондағылар көбінесе тіршілік түйтпегін әңгіме етіседі. Халықаралық вагондағылардың ермегі мәлімсіз. Ал, Таңсықбай Боранбаев келе жатқан жұмсақ вагонда көбінесе шахмат ойнап, карта соғылады. Шахмат шіркін тереңдеу, карта шіркін тайыздау.
1923 Ресторан жергілікті уақыт бойынша жұмыс істейді. Жергілікті уақыт өзгеріп тұрады. Түс әлетінде есік сартылдатып тұрған жолаушыларды көресіз. Боранбаев кіргенде асхананың іші толған адам еді. Орын іздеп недәуір уақыт тұрып қалды. Бір кезде капитанның қасынан орын босады.
1924 Осы кезде вагон әлденеден дір етіп, доңғалақ шақырлап, көрші төртеу қақтығысып қала жаздады. Боранбаевтың олжа шампанды ашуына тура келді. Қызара бөрткен жігіт бокалда быжынаған шарапқа оқыс үңілді де, жылап қоя берді. Бокалға екі тамшы жас тамды. Боранбаев та, көршілер аң-таң.
1925 Поезбен жарысқан көкбұйра өзен жырылып қала берді. Шексіз сахараға қарай бұрылған өзенмен қоштасқандай, тепловоз ащы дауыс шығарды. Орыс жігіті бағанадан бері ағын суға үңіліп отырған. Ақсары реңі тотығып, қызыл-күреңденіп тұрды. Ішінде шымырлаған ой барын Боранбаев танып келеді.
1926 Іштегі жараны тырнайды. Боранбаев топан туралы әңгіме бастап кетті. Ғылыми дәйектерге қазақтың аңызын қосып, қисынды-қисынсыз сөз сөйлеп отырды. Табиғаттың опасыздығын, дүниенің дүркін-дүркін сілкініп тұратынын екеу ара кеңеске тамызық етіп, алыстан орағыта көңіл айтқандай болды.
1927 Пляжда күнге тотыққан жартылай жалаңаш тәндер. Көлде жүзген қайықтар. Әзілдескен, әндеткен жастар. Қаланың қарбаласынан алыс, жексенбі күнінің думаны. Заңғар таулардың биік төсіне орналасқан дөңгелек көлдің сыры танық. Көлге құятын өзеннің басы мұздан шығатын болғандықтан, суы сұмдық суық.
1928 Жүрекжұтқан некен-саяқтар ғана шомылады. Бағы бір заманда асқар таудың жарылуынан пайда болған осы көлдің түбінде талай ұлан ұйықтап жатыр-мыс. Көл жүз жылда қазан боп тұрады-мыс. Атырапқа тараған аңыз осылай деседі. Көл жағалай демалған жұрттың көбі бұдан хабарсыз. Әркім өз ермегімен боп жатыр.
1929 Ол қойшының өзін келемеж қылды:– Қорықсаң, тауға қарай шаба бер. Біз көлдің тасығанын көріп қайтамыз. Көп ұзамай бір-екі үкімет адамы келді. Көлдің көркін көру үшін келген. Олар қойшының сөзіне кәміл сене қоймаса да, жергілікті басшыларды сақтандырып, сейілшілерді тарқатуға қосты.
1930 Ол қызын көтеріп, келіншегін ертіп, төмен құлады. Қай-қайдағы қыстаққа қарай тырбаңдамай көлікке бет алғанын әйелі де ұнатып келе жатты. Тек, қызы ғана үрейленіп, артына бұрылып қарайлай берді. Көлді бөгеп жатқан шоғыр-шоғыр тастардан ылдиға қарай ызалап ағатын сулы сілем бар еді.
1931 Сол сілеммен құлдилап бара жатты. Бір кезде оқыс тау жаңғырықты. Көл шарасынан шығып кетіпті. Ғаламат топан қаптап келеді.Ылдиға қарай сетінеушілер көп еді. Бәрі баж-бұж етіп, жанұшырып өрге қарай тырбаңдап қаша бастады. Біреуді біреу біліп болар емес, ұлардай шулаған жандар.
1932 Осының бәрі ауызша айтқанда ұзарып кеткенімен іс жүзінде көз ілеспес жылдамдықпен болған оқиға еді. Жұрт үрейлі түстен шошып оянғандай болды. Қара теңіздің түбі қайнағанда жағалауға қарай мінгесе толқынданған лайсаңға қарсы тұрып көргеніңіз бар ма?! Лейтенант дәл сондай халде қалды.
1933 Сары шашы ағарып кеткен. Көгілдір көзі өзгеріп тұрады. Біресе баяғы көлдей тұңғиықтанып, тұна шымырлап кетеді, біресе сөнер күлдей бозғылт-сұр реңге көшеді. Байырғылықтан аулақ. Өткен-кеткеннен білмейтін пәлесі жоқ Боранбаев жасуы қатты кісі еді. Бірақ капитанның күйігіне шыдамады.
1934 Ертеңіне көп адаммен бірге ағаштың арасында босып жүргенімді ғана білемін. Естен айырылып қалыппын. Жындыханада жатып шықтым. Капитанның жол үстіндегі түрпеті енді түгел белгілі болғандай. Боранбаев өткен-кеткеннің осы тақылеттес сұмдығын ойланып отыр. Дүниені қаптаған топан.
1935 Осы сөздің баршасының жаны бар. Тіршілік шіркіннің сыры ішінде. Сырттан тон пішкендер оның байыбына бара бермейді. Ораз Сарыарқада туып өсті. Ол жақта ашатұяқ аз да, қылқұйрық көп. Ораз тайға мініп ағаларына ілесе бастаған шақта ашаршылық басталып, бір тайпа ел шығысқа қарай дүрліге көшті.
1936 Жылаған кәрілерді, боздаған түйені, кісінеген жылқыны біледі. Неше айға созылған сергелдеңнің аяғы қараңғы...Шығыс Түркістанда қуғын-сүргін көрген қазақтармен бірге елге оралған Ораз Рақымбаев тұз-дәмнің айдауымен осы арадан кеп бір-ақ шықты. Оның қойшы болғанына үш-төрт жыл.
1937 Ауылға ертең ораламын. Қызыл-қоңыр жүзі күлімсіреп, сәнмен қырған қара мұрты жыбырлады. Жасы елуден асқанда мұртында қылау жоқ. Самайын шалған ақ көзге ілінер-ілінбес. Атын қайта ерттеп жонға қарай жүріп кетті. Құлағы терлеген қам жылқы жиі-жиі пысқырынып, лекілдей бастады.
1938 Өткен-кеткеннен, сахараның салтынан, қойшылықтың бейнеті мен зейнетінен селкеулі кеңес шертілді. Денесі кең пішілген Қоңырберген сөзге шешен де, шымшымаға жоқ. Бейтарап кеңеске көсіліп отырады. Ол тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар деп ойлаған жоқ-ты. Ораз да бұны жақсы білер еді.
1939 Осыдан кейін жалғыз биені саууға да қолы тимейтін, Шаһизат кетсе қара шаңырақтың қараң қалатынын айтып өтті. Бұл жағын Қоңырбергеннің өзі де ойлаған екен. Ол белгілі мерзім өткенде Нұрбекті қолға алатынын, иін түсіріп, күшік күйеу қылатынын айтты. Әйелдің көңілі көншігендей болды.
1940 Оған қарағанда сілемдегі Жамбыл тауы бұйым емес. Тұрар баласының қырқынан шығуын күтіп жүрді. Бір күні ол жұмыстан келгенде шешесінің құшағындағы нәрестеге қарап тұрды, нәресте сәби шыраймен күлді. Бір емес, екі-үш мәрте күлді. Нәзік сәулелі күлкі еді. Тұрардың ет-жүрегі елжіреп сала берді.
1941 Бір ғажабы, бала әкесі мен шешесінен басқаны тістемейді. Соған орай, мінезі де жат, үйге келген кейбіреулерге талпынса, кейбіреулерден шырылдап қашады. Қолға үйренген бала осылайша ыңғайсыздық туғызады. Күндер өтіп жатты. Өмірге талпынған сәби екі аяқтыларға еліктеп, ерте жүруге асықты.
1942 Бір күні табалдырыққа сүрініп құлағанда шекесі жарылып қалды. Тағдырдан таяқ жеген нәресте кемпірше кемсеңдеді. Осыдан кейін әкенің мейірімі сұмдық асқынды. Қожырақ шеке оған дүниедегі ең сүйкімді шырайдай әсер етті. Ол енді ерінбей-жалықпай баланы апыл-тапыл бастыра берді.
1943 Бала еденді місе тұтпай баспалдаққа талпынады. Сатының қатерлі екенін білмейді. Тұрар Бектасов «ұяда не көрсең, ұшқанда соны істейсің» деген мәтелге көз жеткере бастады. Талғар айнаның алдында шашын тарайды, жучокпен қырынады, үстіне әтір сепкенсиді, трубкаға жармасады.
1944 Осы күні екінің бірі өткен замандардан заттық мұраның қалмағанына өкінсе, Тұрар Бектасов Абай айтпақшы, осынау дүниенің кетігіне бір кірпіш боп қалануды жөн көреді. Өсте тұра, ол баласының архитектор болғанын қаламайды. Оның ойынша, әке жолын қуу кәсіпке байланысты емес, болмысқа байланысты.
1945 Тұрар сыртта тұрып қалды. Көп ұзамай Талғардың шар-шар етіп жылаған даусы шықты. Бектасов ішке енуге оқталғанда кезекші кемпір алдын қақпайлады. Сол арада екеуі қысқа-қысқа әңгімелесті. Кемпір қала топырағының балаға жақпайтынын, осындай іш аурудың көбейіп кеткенін айтып өтті.
1946 Күн құрғатпай ауруханаға барады. Баланы көрудің өзі мұң. Сәті түскенде ғана күзетші әйел терезеден көрсетеді. Бала сұмдық жүдеу. Мойны қылқиып, иығы күмпиіп, қарауға дәт шыдатпайды. Екінші этаждың терезесінен қарағанбала кісі бойы қол ұсыным жерде тұрған әкесін шырамытса да үн қатпайды.
1947 Талғар алпамсадай бала боп өсті. Баяғы мінезі ұлғайып, үйдің ішін базарға айналдырып келе жатты. Енді тек Раушанмен шекісіп қала береді. Ойыншыққа таласқанда шақылдап, қолына іліккенін лақтырып, отбасының әңкі-тәңкісін шығарады. Екеуі де ызақор. Талғардың ызақорлығы басымырақ.
1948 Қайта өжет, батыл боп өскенін қалайды. Жаз шыққалы бері ол баласын паркке апарып, самолетпен ұшуға баули бастады. Өзінің жасөспірім кезінде осы паркте аспалы, зәулім парашют болушы еді. Бұл күнде ол жоқ. Оның орнында айналмалы дөңгелек бар. Кейде бөбегін алдына алып, сол дөңгелекпен айналып шығады.
1949 Талғардың басы айналып, беті қуқыл тартқанда, ол қызыл мүйіске барады. Өзі шахмат ойнағанда бала айнала көгалда ойнап жүреді. Осы жерде ол бір әйелмен танысты. Танысқан жоқ-ау, әмпай болды. Разряды бар әйел кейде ұтады, кейде ұтылады. Итжығыс түскенсайысты қызық көреді.
1950 Екеуі сапырылысқан жұрттың ең шетіне отырды. Әншейінде шахматқа мән бере бермейтін Бектасов ерегіссе мықты ойнаушы еді. Әмпайдың аужайын таныған ол бірден тықсырып әкетті. Ойынның орта шенінде бұлардың қасына бір еркек кеп тұрды. Тақтайды көзбен шолып шыққан ол әйелге бұрылып.
1951 Жабдықтау бөлімі мен бухгалтерия – үш қабат кең үйдің екінші қабатында. Ал, былайша айтқанда, осы екеуінің де үстінен қарайтын кадрлар бөлімі, неге екені белгісіз, бірінші қабатқа, осы екеуінің дәл астына орналасқан. Бірінші қабат екеш бірінші қабаттың да тәуірі тимей, жартылай жеркепе тиген.
1952 Жартылай жеркепедегілердің түстері де оңыңқы. Түскі үзілістің жарты сағаты тамақтануға кетсе, қалған жарты сағатында тысқа шығып, күйіркеніп, желқақты боп жетіспейді. Өздері тәртіп қадағалайтын болғандықтан, қоңырау шылдырамасымен жартылай жеркепесіне қойып-қойып кетеді.
1953 Қай-қайдағыға сұрау салып, байырғы мамандарға маза бермейтін Бөстекбаев жолдастың өзін қысқарту жөн, – деген. Содан бері завод директоры қобалжуда. Бөстекбаев пен Таймановтың екеуі де белді қызметкер. Арасынан шыққан өртке қайсысы күйерін директор анық біле бермейді. Темірдің екі басы ыстық.
1954 Батыраш Бөстекбаевич Бөстекбаевтан кім туралы сұрасаң да, жетістігі мен кемістігін жатқа соғады. Тіпті, заводтың директорына керегі болмаса да, сөз болған қызметкердің әке-шешесінің, нағашы-жиенінің, әйелінің төркінінің кім екенін айтып, кейде, солардан жұғысқан жақсы-жаман қасиет іздейді.
1955 Аз сөйлеп, көп істеушінің бірі екенін ғана біледі. Оның обкомдағы, сонау главкадағы беделін де болжайды. Теориядан Бөстекбаев мығым көрінсе, іскерлікте, логикада Тайманов басым жатады. Екеуінің арасын ұластыру қолдан келмейтін іс сияқты. Бұл директордың өзі ескінің көзі есепті.
1956 Түсті металлургия жүйесінде басшылық қызметте болғанына көп жыл. Қайда барса жоспар орындалып, абыройда келе жатыр. Бірақ заман өседі екен. Жас буын ер жетіп, мығым соғады екен. Заводтың жалпы көрсеткіштерін місе тұтпай, техникалық мамандықтың шеңберінен шығушылар көбейіп тұр.
1957 Осындай дәлу сөзге шамдана ма десе, парткомның секретары ұрланып күлумен тынады. Директордың ақылы жетпейтін бір жері осы. Бір күні үш қабат көк үйдің үшінші қабатында, директордың кабинетінде, дүйім жұрттың көзінше Бөстекбаев мен Тайманов тағы ұстасты. Айтыспаған сөзі жоқ.
1958 Жасы болса, келді. Құрметтеп, пенсияға шығарсақ қайтеді? – деді. Бұл бір табылған ақыл болды. Осы күні пенсияға біреулер өзі асықса, енді біреулерді өзгелер асықтырады. Бұндай жәйт обкомда да, главкада да бар. Осыны ойдың ілгегінен өткізген директор секретарьға қолқа салды.
1959 Қуанғаны, қайғырғаны белгісіз. Бәрінің аузында Батыраш Бөстекбаевич Бөстекбаев болды. Біреулер бастапқы екеуін біріктіріп атаса, енді біреулер фамилиясының өзін жалаңаш атады. Ертеңіне түскі үзіліс шамасында завод басқармасының қызметкерлері тайлы-таяғымен директордың кабинетіне жиылды.
1960 Цехтің бастықтары шақырылды. Орын тигендері дүмін басты да, орын тимегендер иін тіресе түрегеліп тұрды. Залдай кең кабинеттің ішіне адам сыймай кетті. Құрметті орында, құлақты орындықта Бөстекбаевтың өзі отырған. Заводтың директоры одан көзін алмай, сөзін оған түгел арнап шықты.
1961 Бірнеше ай өтті.Батыраш Бөстекбаевич алғашқы кезде завод басқармасы аталатын үш қабатты көк үйге барып жүрді. Орнына отырған әйел оны алғашқыда жылы қарсы алып жүрді. Бірақ кейін бірте-бірте суына бастады. Оның ақылын керексінген түрі жоқ. Іс қағаздарды да өзінше ретке келтіріп қойыпты.
1962 Жайшылықта анадайдан келіп амандасатын қызметкерлер Батыраш Бөстекбаевичты көрмегенсіп, өте шығуды жиілетті. Не мүсіркей, не мысқылдай қараушылар да бар сияқты. Бөстекбаев сұмдық шамданды. Ақыры, завод басқармасына баруды біржола доғарды. Осыдан кейінгі әңгіме көк үйдегілерге әртүрлі боп тарады.
1963 Шашыраңқы шаруалар мен бытыраңқы дихандардың басын қосқан колхоз осы. Үш жүз түтін тұтатқан колхоз көрінгеннің ыңғайына көшпей екі ғана қыстақ боп орналасқан. Шуақ сүйетіндерге тамдарын кілтенің күнгей бетіне, көлеңке сүйетіндерге – теріскей бетіне салуға ұлықсат еткен де осы«Құрама».
1964 Осы екі беткейде шөре-шөре бір адам – қобызшы Назар. Ертеде Сыр бойы мен Қыр қырқаларын кезек шарлаған қаңғыбас ендігі ермегін егіз қыстақтан табады. Күнгейліктермен пісте шағысады, теріскейліктермен асық ойнасады. Әйтеуір, шуақты күзде өз үйінде байыз тауып отыра алмайды.
1965 Шалқалаған күйінде насыбай атты. Қызылшаның күліне араластырылған ащы темекі ернін күлдіретіп, басын айналдырды. Назардың шегір көзі тұманданды. Тамның паруазына қадалып, біресе қабақ түйе түнеріп, біресе жадырап жымиды. Ерінің оқыс өзгерген тұрпатынан Зияш шошып, неше түрлі болжау жасады.
1966 Соңғы жорамалы Зияшты үрейлендіре бастады. Осыдан бір жұмадай бұрын күйеуінің әлдекіммен қобыз жайында әңгімелескенін құлағы шалған-ды. «Қара періні қайта қолға қондырмай көңілім көншір емес» дегенін анық естіген-ді. Сол періні аңсаса, азғантай ақылынан адасып қалмасына кім кепіл.
1967 Ағаштың тұрқы барған сайын қысқарып, басы имектене берді. Жуан дүмі мен қылқиған мойын мешел балаға ұқсап тұрды. Осыдан кейін іші қашаумен үңгілген қаңқа дайын болғанда қобызшы бейне бапкердей бәлденді. Ол көптен бері бірінші рет айнаға қарап, қауға сақалын баптады. Етігінің сынық нәлін ауыстырды.
1968 Орыс райынан қайтып күлді. Екеуі бәдір-батпақ тілде ұғыса алмады. Назар енді ыммен түсіндірмек болды. Қобызды пұшпағымен суреттеп, оған қыл керек екенін айтты. Екі тал қылдың бір шетін орысқа ұстатып, бір шетін өзі ұстап, оң қолын шалғылап, қысқа бір сарынды аузымен айтып шықты.
1969 Осыдан бес жыл бұрын үкілі бақсының желіккен бозбастар мен бойдақ келіншектерге зікір салдырғанын Зияш өз көзімен көрген. Құдай басқа бермесін, жынойнақтың өзі. Аузы көпірген бозбастар басы айналған әйелдерді жеңінен жұлқылайды. Күйеуін қызғанған Зияш нағыз нақұрыстанған Назарды үйіне әрең әкеткен.
1970 Бірте-бірте үйреністі. Әсіресе, бөпелі болғаннан кейін мүлдем шығысып кетті. Шекесі қушық, мінезі шырт етпе күйеуімен де етене болды. Қанша ашуланса да төбелеске бармайтын әдеті іш тартқызды. Тек, қобызы түскірін суқаны сүймейді. Әсіресе, баяғы зікірлерден кейін жүрегі айниды.
1971 Қобыздан құтыларына қуанса, күйеуінің тұтыларына қайғырды. Күйеуі басқа түскен пәледен имек аспапты сындырып құтылғанда, ол оған әсте қайтып жолайды деп ойлаған жоқ-ты. Енді қара қырсықтың қайтып оралғанына іштей секемденді. Бір күні екінтіде Зияштың үйінде абысын-ажындары әлдеқалай бас қосты.
1972 Сайрап-ақ тұр ғой, – деді кемпір. Назар қобызын асты-үстіне аударып, ішіндегі сүйекті салдырлатты. Осыдан барып есіне дабыл, даңғыра, дауылпаздар түсті. Өспірім шағында даңғырлақ аспаптарды менсінбей құйқылжыған қобызға ғашық болып еді. Сорына қарай ұстаз аз болды. Білгендері үйретпеді.
1973 Назар сұстанып қалды. Осыдан үш жыл бұрын жекетұрақ қылатын дәулеттілер табылмағанда Назардың қобызын қара тізімге іліндірген қулар осылар еді. Салыққа салынған астықты таба алмай күйзелген Назар қобызын сындырғанда, күндердің күнінде бұлармен сұқбаттасамын деп ойлаған жоқ-ты.
1974 Бекерге күйіп кете жаздадым ғой, қызталақ, – деп бір қойды. Осыдан кейін қобызын қайта толғауға ыңғайланды. Ол өзінің майталман емес екенін анық біледі.Сындырған қобыздың орнын үш жылдай жоқтамауында да көкірек сезетін сыр жатыр. Бірақ бұл күнде одан озатын қобызшы және жоқ.
1975 Зәруліктің зорына айналған Назардың сүріндіретін сыншы жоғын көзі жетсе көңілі де зәруліктен жетілуді қалайды. Қам қобызды тоқ жылқыға балаған Назар аспапты асықпай ысылдыруды мақұл көріп, қылын бармақпен ұзақ толғады. Жалғыз бармақ ерсілі-қарсылы жүгіріп, бір ыңғай жайлы үн төкті.
1976 Ұзақ әннің қайырмасы келгенше сөзді ұйқастырып үлгеретін ақындай Назар іштей жедел түлеп, алғыр қиял кешіп отырды. Есіне өспірім шағы, жігіттік кезеңі түсті. Бұл өңірдің еркек кіндігі шетінен көкпаршы, шетінен әнші болса, Назар атқа шабудан қорықты, ән салуға шиқылдақ көмейі көнбеді.
1977 Себебін өзі де білмейді. Әйтеуір, тұла бойына қобызға деген құмарлық дарығанын сезінеді. Оның миы қобыздың сарынымен шуылдайды, оның жүрегі қобыздың ырғағымен дірілдейді. Қобыз да қобыз! Қораштық – кейде өкініш, кейде уаныш. Қол жетпеген жерге діт жететіндей мылқау құштарлық баурауын қоймайды.
1978 Енді ол қам саңлақты шұғыл жаратты. Шалғышты рабайсыз ойқастатып, қылтамақтан, кең сағақтан кезек шалып, саусақ басысты жиілетіп жіберді. Ашынған аспап қыңқылдап, қыңсылап ащы-тұщы дыбыстарды сапырылыстыра бастады. Бұның біразы баяғы Құлыншақтан қалған дауылды сарындардың қиқымы.
1979 Бағанадан бері қитыққан қобызшының оң қолы іске енді-енді ғана қосылғандай. Елгезек шалғыш қиялай көлденеңдеп, дірілдеп тұрып алуды шығарды. Қолтығы сөгілген қобыз шалғышқа барабар байырғы үн бере бастады. Самалдай салқын үн асықпай ұйтқып, жылы тартып, реңін өзгерте бастады.
1980 Қарапайым пенденің ішінде не жатқанын жылан сезді, адамдар сезбеді. Назар бір уыстанып, қырғидай түйіліп, кәрі серігін аяусыз шымшылағанда қобыз мүлдем ашынды. Толғаулар мен торығулар араласып, өмірдің қызығы мен қасіретін, өкініші мен қуанышыны санаға сіңірді. Жүрек әлдиленіп, көкей көкседі.
1981 Шарап болмашы ғана шайқалды. Сол дөкірлеу стаканның ернеуінен сүйіп, тамсана-тамсана бір бөтелке мөлдір шарапты тауысқанда, кәдімгідей қызыл күреңденіп қалып еді. Оңтүстіктің көктемгі ымырты үйіріліп, тұнық түнге ұласқанда тысқа шықты. Теріскейден ескен қоңыр леп көкіректі аймалайды.
1982 Бау алдында жарық мол болғандықтан, билеп жүрген қыз, бозбалалар көзге анық шалынды. Бұлар келгенде Витя Бурносов:– Мені билегісі келмейді дейсіңдер ме, қашанға шейін ойнамақпын, бұл не жаза? – деп өтірік бәлсініп тұр екен, станцияның жаңа начальнигін көрген соң кідірмей қайта тартты.
1983 Поездар сара қабылданып, сара жөнелтіліп келеді. Тәртіп орныға бастады. Жаз шыққанға шейін қол тимей, төбесі өрмекшіге ұя болған вокзал ақ сырмен сырланды. Сырды Ақан көрші құрылыстан сұрап әкелді. Буфет жұмыс істейтін болды. Ендігі бір жетпей тұрған нәрсе – вокзалда шаштараз жоқ.
1984 Анау Н.прогонының шпалдары шіріп бітті. Тез арада ауыстырмасақ болмас, – деген. Торжан жол мастері еді. Сол себепті, ол станция начальнигінің обходчик Матвей шалдың сөзін олжаланып, жол жұмысына араласуын, алғашқы күннен бастап ақыл айтуын болашақ астамшылықтың нышаны деп түсінді.
1985 Петрді бұрыннан ептеп білетін Торжан соның үйінен қыз бен шешесін көріп, шай үстінде біраз әңгімелескен. Кейін Ақан отделение жанындағы жұмысшылар жабдықтау бөлімінің бастығына айтып, Жанна Ромашованы қызметке алдыртқан. Жолаушы таситын поездар бұл станциядан тәулігіне екі-үш-ақ рет өтеді.
1986 Қырынушылар аз болады. Осы себепті, Жанна тұрған халықтан келушілерге шын қуанып, ықыластана күтеді. Бұған жігіттер де мәз. Олар қырынудан кейін массаж жасауын, шашын жууын өтініп, орындықтан түспей үлкен шар айнаның алдында отырып алады. Мұндайға құлағы қанық Жанна самарқау күлімсірей береді.
1987 Әбден стандартқа айналып кеткен күлкі сияқты. Бірақ, шаштараз шеберініңкәсібінде болатын бір құпия сезімталдық, талғампаздық, сынампаздық Жаннада да бар еді. Сол қасиет бойынша бағзы бір бастардан құттылғанша асықса, енді бір кісілердің шашын мұнтаздап қиып, партоздап тараудан ерінбейді.
1988 Парасат бітуге жаралған кең маңдай ақ-сұр реңіне әдемі жарасады. Орайын тауып оқтын-оқтын аудара қараған өткір қой көзі айна бетінен Жаннаның көзіне түскенде тұна мөлдіреп те кетеді... Күллі жігіттердің ішінде, шашы өсіп кеткенде ғана болмаса, шаштаразға келмейтін жалғыз осы жігіт.
1989 Жанна сол қолға сирек түсетін Торжанның қою қара шашын лыпып тұрған қайшымен басып болған соң, рұқсат сұрап жатпастан, сақал-мұртын қырды да, компресс қойып, массаж жасады. Жаннаның жіңішке, ұзын саусақтары Торжанның ат жақты бетінде ақ шабақша ойнады. Саусақтар нәзік шартылдап, қанатымен сабалады.
1990 Бірақ, құмарту дегеніміз ғашықтыққа қарай бастайтынын екеуі де күңгірт сезінгендей еді. Содан барып көңілдеріне кірбің түскендей болды. Әрқайсысы Жанна алдында өз ықпалын, өз беделін, өз мәртебесін көтерудің жасырын айласын ішке бүкті. Ақан Жаннаға көбірек үйіріліп, көбірек иілді.
1991 Оқжетпес десе дегендей еді. Тек, еңісінде көл жоқ. Бірақ, көлдей көк ағымы бар. Сайын қуалап қиғаш ағатын ерке өзені бар. Бүйірі шығыңқы келіп, барған сайын сүмбілденіп, сымбаттана түсетін, қолдан соққан күмбездей көкке шаншылған әсем шоқы. Етек жағында бірыңғай бұйра қарағайлар баяу толқиды.
1992 Сол қарағайдың ішінде, самайды шалған қырауға ұқсап, жіңішке екі ақ қайың тұр. Жанна мен Торжан соның арасына келіп отырды. Шырқау аспанда үйірінен адасып қалған азғантай ақша бұлт іркіс-тартыстанып, тау шыңына қонғалы келе жатыр. Бауырын самалға төсеп, ақырын ырғалады.
1993 Мына жақ тепсеңде қызғалдақ пен ніл көгілдір гүлдер, қыруар шөптер араласып, қызыл-жасылданып, бал-бұл жанады. Бергі саздаққа біткен селдір жалбыз шамалы найқалады. Мұрныңа қышқылт жұпар иіс келіп, көкіректі қытықтайды. Жаннаның жасыл косынкасының астынан жіңішке жібек шаштары желбірейді.
1994 Сібір шыңдаған шымыр қыз жарастықты салмақпен отыра берді. Тек, көкірегін тіреген егіз анар бір көтеріліп, бір басылды. Болмашы діріл сезілді. Торжан қағілез еппен тақала түсті. Қыздың өңіне қызыл-күрең нұр шықты. Көгілдір көзі еріген тұздай мұнарланды. Торжан сүюге оқталды.
1995 Сыртынан қызғанысып, Бурносов пен Ғизатуллин мас болып сабаласып қалғанын Торжан да есіткен. Даңқ пен дәріпке бізден гөрі бауырмал әйел баласы іштарлыққа да бір табан жақын тұратынын білетін. Торжан буфетші, кассирша қыздардың Жаннаға теріс қарасуларының да себебін байыптайтын.
1996 Торжан сыр бермегенсіп, мадақтай түсті. Бірақ, қуам деген құпия қызғанышы реңіне қайта үйіріліп, кілегейлене берді. Әдебиетегі атышулы «үшбұрыш» тағы да оралды. Жанна есімім қаламға ілігіп, қағазға түседі деп ойлаған жоқ еді. Сондықтан, екі жігіттің ортасында әрі-сәрі болды.
1997 Витяны жасы қарайлас болғанына қарамастан, балаға санады. Бауырмалдық рай ғана танытты оған. Сонымен іштей көмескі болжаулар жасағандай болды. Ақан – келбетті де, көркем жігіт. Көңілді де, өнерлі де сияқты. Онымен, сірә, көп ортасында, ойын-сауық үстінде әмпайлық жарасатындай.
1998 Соның өзінде кейде алма-кезектесіп істейді. Дәл бір жолаушы таситын поездар келер сәттерде болмаса, үшеуі бірдей мұқият отырмайды. Сонда күндердің бірінде, ертеңгі шақта буфетте Жаннаны шампанша быж-быж еткен жеміс суымен сыйлап отырған Ақанның үстіне Торжан кірген еді.
1999 Содан кейін ол, – өзім жазып қояйын, қолды кейін қоярсың, қам жеме, – деп жадырай түскендей болды. Торжан бағдарлай қойды. Ақан қыз қасынан шыққысы келмей, өтірік айтып салды. Қызарған себебі де осы. Торжан мысқыл күлкісін әрең жасырды. Жолдасының көңілін жыққысы келмеді.
2000 Жаннадан қымқа озып, қашқан қояндай секеңдеп, жеткізбей келе жатқан көлеңкесі бірте-бірте ұзарып, қызықты формасынан айырылып барады. Соған қарағанда, күн де батуға тақалсакерек. Жанна артына бұрылып қарады, оның көзін маңдайы жарқырап темір жолмен жүйткіп келе жатқан паравоз бөгеді.
2001 Артқы вагондары суға сүңгіген крокодилдің құйрығындай бұлаң етті. Состав көзден тайған соң, Жанна велосипедінен түсіп, аз дем алды. Содан ол қыраңға шейін машинасын жетектеп шыққанда арғы ойпаңда тоқтап тұрған составқа көзі түсті. Паравоздың жанында үймелеген он-он бес адам бар.
2002 Ол келгенде Торжан жол жанындағы бағаннан түсіп жатыр еді. Шамасы, телефон арқылы сөйлескен болу керек, түрі өрт сөндіргендей. Паравоздың алдыңғы доңғалағы рельстен шығып кетіпті. Жер сүзе тоқтаса керек. Ескірген шпалдардың бірі құрт үңгіген сойдақ тістей түбімен қопарылып жатыр.
2003 Станцияның начальнигіне ауызша айтқам деп ешкімді сендіре алмайды: дәлел жоқ, куә жоқ, заң иланар себеп жоқ. Торжанның көңілі алау-жалау болды. Ішінде отты құйын ойнады. Ол дистанция басшыларына да ыза болды. Техника мен күш жеткілікті болғанда, состав келгенше ремонтты бітіріп те қалатын екен.
2004 Мұның бәрінен түк хабары болмаса да, басына қара бұлттың айналғанын кәміл сезген Торжанның көңілі қаяулы еді. Ол алдында түсі суық күңгірт дүние тосып тұрғандай, келер сағатқа ынтығудан қалып барады. Екі көзі таңулы адамдай, аттап түсуден қорқады. Кешегісі мен бүгінгісін қимай қынжылады.
2005 Аз өмірінде әлі ашынып көрмеген Торжан осындай аянышты ойда жүргенде, алды-артын шола келіп, тағы бір ренжіген жері, қазақша айтқанда, қолының қысқалығы. Ол әкесінен бір жасында, шешесінен бес жасында айрылды. Әкесін, әрине, білмейді. Шешесі бетіне күл табын салған кесе басып отыратын-ды.
2006 Жанының балауса жапырағы сарғайып, сағынышы молайды. Әншейінде жалықтыратын босқолдылық мынадай ішқұсталықққа ұштасқан соң үйге отырғызбады. Кәрі-жастың бәрі мәз жайдары жазда тау табиғатын өз қасынан қиып кете алмайтындай, ол белесті-бөктерді, суы сарқылған сай-саланы, шатқал құзды аралайтын болды.
2007 Торжанның жападан-жалғыз қаңғыру себептерін өзінше жорыған Жанна оның із-түзін бағдарлап қалатын шағы да болды. Бұдан бейхабар Торжанның көзіне сан алуан тау табиғатында ерекше ыстық көрінетіні сүйір шоқы баурайындағы бұйра қарағайлар еді. Бүгін де талай жерді аралап келіп, сол қарағайларды саялады.
2008 Жас өмірінің әрнеден үміткер шаббытты күндерін түгел арнағанда тұңғыш махаббаты не көрсетті, нендей дәм таттырды? Шүйгін өрісінде еркін шарықтатып, бақытқа қарай шақырды ма? Әлде, тояттаған қаршығадай айнып қалады, адасып кетеді деп, әдейі теткеу ұстады ма? Торжан күллі дүниені сүйді.
2009 Клуб жақта шығар. Ойыннан кейін би болады, – деп сөзге Бурносов килікті. Иығында үйреншікті гармоны асулы. Басында жиегі сетіней бастаған ши қалпақ. Көк жібек теннискасына қоңыр сәтен шаровары ерсі көрінбейді. Торжан шырамыта танитын басқа да бірнеше жігіттер жылы шырай берісті.
2010 Торжан кеңескен кісісіне ылғи тура қарап сөйлейтін еді. Бұл жолы байырғы әдетін тосырқап, көзімен жер шұқи сөйледі. Осынысы есіне артынан барып түскен ол басын шұғыл көтеріп алып, Матвей қарттың дидарына қарағанда, оның да көңілі босап тұрғанын таныды. Торжан аяп кетті.
2011 Сонда барып, доп қуып жүрген балаларды қызықтады. Клубтың іші қапырықтау болғандықтан, ебі барлар есік пен терезені сығалады. Соның бірі Ақан еді. Ол айқара ашып тасталған терезенің алдынан орын алып, терлеген қолтығын әнтек көтеріп, есінеді. Бірақ жиналыс үстінде оны ұзақ ауыр ойлар мазалады.
2012 Талай тамаша жылдарды басынан бірге кешірді. Татулықтың тәтті дәмін татысты. Стипендиядан тиетін азғана ақшаны көбінесе бөле-жара көрді. Жатақханада бір бөлмеде тұратын екеуі Ақанның қала шетіндегі үйіне жексенбі сайын бірге барысты. Оның шешесі Торжанды туған баласындай жақсы көрді.
2013 Біреуі күнделікті тіршіліктің талабына бастаса, екіншісі – қауіп-қатері көп қараңғыға алып барады. Жолдасын жауға қиып кеткен қорқақтай Ақан осындай сын сағатында жамандықты ауыз жаласқан досына аударып отыр. Жол айрығында жасқаншақтық жасап, алдына жазықсыз жанды салғысы кеп отыр.
2014 ІХ Стадионның атағы дардай болғанымен, өзі шағын еді. Екі жақтағы қақпасын, торын алып тастаса, әншейін бір саздақ ойпаң дейсің де қоясың. Соған қарамастан, жиналыстан шыққан жұрттың көбісі стадионға қарай ойысты. Үлкен стадиондарда болатын жүгіріс жолдары мұнда аяқ аз тиіп, шиыр болмаған көгал еді.
2015 Ойынға көрші құрылыстың физругі судья болды. Көгалды алаңның қақ ортасында, түйе аунағандай шаңдағы шығып жатқан шағын тақырдан доп ойынға түсті. Қызыл майка киген, кәдімгі футболшы формасындағы теміржолшылар әртүрлі ала-құла киінген колхозшылардың қақпасына бірден шабуылға көшті.
2016 Ойынның алғашқы он бес-жиырма минутында доп сол қақпаның маңайынан шықпай қойды. Бірақ, торға түсе алмады. Футбол ойынына жақындау теміржолшылар ауылдан келген жігіттерді менсініңкіремей кіріскен еді, сондықтан олардың ойынында өзара ұғынушылық, ықшам байланыстық болмады.
2017 Колхозшылардың қақпашысы Петр еді. Жасының бірталайға келіп қалғанына қарамай, спорттан қол үзбейтін-ді. Алшақ көкірегі арыстанның кеудесіндей жүн-жүн болып, доп жақындап қалғанда шиыршық ата оқталады, шамаға келсе-ақ биіктегі допқа атыла ұмтылады, жердегі допқа етпеттей құлайды.
2018 Тың шабуылшыларға төтеп бере алмады. Көп ұзамай Витя Бурносов Торжанмен арпалыста одан допты тартып алды да, шырқау шығып кетіп, алдыңғы қорғаушылар жол тосқанша болмай, жиырма бес метр жерден допты соғып жіберді. Сәл кеш ұмтылған қақпашы қолы жетер-жетпес боп қаға алмай қалды.
2019 Доп жоғарғы бұрышқа сүңгіп кетті де, ауға түскен шортандай тордан бір-ақ бұлаң етті. Құр қан сорпа болып, түк шығара алмаған теміржолшыларға ызаланып отырған жұрт оқыс шу ете қалды. «Сендерге сол керек, бәлем!» дегендей үстемелеп қол шапалақтап, әлдекімдер бас киімдерін лақтырысты.
2020 Ойын ортадан басталды. Ақандар шабуылға шығуға оңтайланды. Бірақ олардың аяғына доп тұрақтамады. Бір мезетте қорғаушының Ақанға жіберген добын орта жолдан қағып алып, Ғизатуллин кейін қарай қиғаш жүгіріп барды да, ең ақырғы моментте допты қорғаушының үстінен асыра, қақпаға төндіре тастады.
2021 Тұтыға берді. Екінші таймда колхозшылар шабуылға үш-ақ адамын қалдырып, қорғанысты берік ұстады. Бұл, әрине, қате тактика еді. Бірақ соны теміржолшылар пайдалана алмады. Доп қақпадан не асып кетіп, не қисық кетіп жатты. Әдетте допты көп кіргізетін Ақанның соңынан арнаулы қорғаушы қалмайтын болды.
2022 Ол киноға шақырса тіптен сараң барады. Онымен билесе, болдырған құлындай тәлтіректеп, сүріне береді. Онымен әзілдессе, бұрынғы ыстық лебізі салқын тартып, шырайлы иба-назы шымшыған кескінге айналады. Ол шаштаразға келіп, сақалын алдырып, массаж жасатса, құтылғанша асығады.
2023 Запыран құсар адамдай өз көкірегінен өзі жиренеді. Бұл не ғазап! Ақан тергеу орнына барып, жауапкершілікті өз мойнына аударайын десе, Алматыдағы әке-шешесін, жасөспірім қарындасын аяйды. Өмір өрісіне емен жарқын жаңа ғана шыққанда, мол дәмені ана зарымен шайқау сұмдық трагедия болып елестейді.
2024 Тағаевтармен бірге теміржол техникумын бітіріп келген жас мамандардың ішінен қызметке жеңілтек қараған бірнеше фактілер ашылды. Оған қоғамдық шаралар да қолданылды. Сол қоғамның әр саласы өз тарапынан әртүрлі қамқорлықтар да қарастырды. Тағаевты соттаудың мақсаты өзге жұртты сақтандыру болмақшы еді.
2025 Сондықтан, сот ашық құрылып, қорғаушы мен айыптаушы шақырылды. Айыптаушы, оқушыға мәлім, қарт прокурор болды да, қорғаушыдан Торжанның өзі бас тартты. Сот отделениенің клубында құрылды. Жұрт сыймай кетті. Темржолшылардан басқа біраз колхозшылар, сауда қызметкері келген.
2026 Соның ішінде Жанна мен шешесі де бар еді. Осыдан бір күн бұрын Торжанды еңгезердей милиционер келіп алып кеткен болатын. Қазір ол сол милиционердің күзетуімен алдыңғы қатарда сот жаққа қарап жалаңбас тұр. Сот ашылғанда айтылатын дағдылы ресми сөздерден кейін айыпкер Тағаевтың жауабы тыңдалды.
2027 Ресмитүрде, заңды түрде журналға жазбадым, салақтық жасадым... Жанна осындай бақытсыздыққа өз басының себепкер болғанын енді аңғарған еді. Торжанның «Рапортты буфетте оңаша беріп едім» деуі әнеугі бұлақ басындағы әңгімеден бері көңіліне ұялап жүрген күңгірт дүдамалдың сырын ашып отыр.
2028 Тағдырын судьялардың әділ үкіміне тапсыратынын білдірді. Көзінің жасы көмейіне құйылғандай, даусы булыға шықты. Тәжірибесіз жас екенін, бақытсыз бұл оқиғадан үлкен сабақ алатынын ескертіп, кешірім сұрағандай болды. Шын ықыласпен сөйлеп, жанарында терең, сырлы толқын ойнады.
2029 Бостандық қызығын көргісі келетін, мейірімсіздікке ұшырап кетсе, артында таусылмас арман-өкініші қалатынын мұңая айтқанда, залдағы жұрт кәдімгідей қобалжыды. Әлдекімдердің көңілі босады. Жанна жұрттан ұялып, көзінің жасын әрең ірікті. Бір-екі әйел солқылдап жылады. Соның бірі – Жаннаның шешесі еді.
2030 Торжан ыстық ботқадай жабыса берсе дақ түсірмей кететіні де анық еді. Оған бармай не көрсе де өзі көрмек боп ерлікке бекініп тұр. Оны қалай құрбан етерсің? Сәті келмеген қымбат махаббатын осындай жігітке қимағанда кімге қиюға лайық? Ақанның көз алдына жіңішке өмір жолының екі айрығы елестеді.
2031 Біреуі қатерлі, екіншісі қатерсіз. Қатерсізіне түссе, Торжанның алдында айыпты. Қатерлісіне тәуекел етсе, қайтып оралар-оралмасы мәлімсіз. Осындай олқылы-толқылы ойда Ақан басын жоғары көтеріп еді, оған судья қадала қарап отыр екен. Жүрегі дір етіп, тұла бойы шымырлап кетті.
2032 Содан ол қоғамдық борышқа кімің, қалай қарайтынын сөз қыла келіп, Тағаевқа тоқталды. Состав аман қалғанның өзінде уақыт шығын, қаржыға шаққанда қаншалық болатынын атады. «Менің орнымда өзің болсаң қайтер едің?» – дегендей, сұрақ үстіне сұрақ қоя сөйлеп, жауабын ешкімнен тоспады.
2033 Совхоз орталығынан кіші сәскеде шыққан біз Таскөмір сайдың кең сазының шетіне намаздыгерде зорға іліндік. Құбыладағы қою қара бұлт батар күнге жол бергендей ыдырап, іркіс-тартыс тартып, қызыл-күреңдене бастады. Сүмбіленің орта-шарқы сары күні кішірейіп, қызарып батып бара жатты.
2034 Көп ұзамай асудан үйдек-түйдек құлаған аттылар көрінді. Қақпан бел қара атты біреу қымқа алда келеді. Тақымында көкпар. Біз алдын кесе шаптық. Бөгдеден бұлтартқан қара атты қиғаштай бергенде, қуғыншылардың сапқанның тасындай сарт ете қалды. Қара ат ұшып кете жаздады. Көкпар жерге түсіп қалды.
2035 Совхозда отыз жыл қой бағып, пенсияға шыққан кісі. Сөйте тұра, шабандоз шалдардан қаймығады. Сүмбіледе терішалбар киген жарғақ шалдар жігітше қырқысып, долылана додаласып жатыр. Бүйірі шыққан аттары ылажсыз ыңқылдасады. Осылардың ішіндегі жассымағы бағанағы қақпан бел қара атты кісі еді.
2036 Оның өзі де қауға сақал кәрі. Бірақ бойы тарамыс та, денесі шымыр. Сол кісі бір уақытта сол қолымен аттың жалынан ұстап, өзін-өзі жерге тастап жіберді. Қара шал сағыздай созылып, жыландай иіріліп, көкпарды көтеріп алды. Көтеріп алған күйінде ұмар-жұмарлай тақымына мықтап басты.
2037 Алдынан әлдеқайдан душар болып, үш адам андағайлана бөгесті. Шал енді қашырта шапты. Жарау қара ат іскер жануар екен, кілт бұрылып, жалт-жұлт етіп, қуғыншыларды оқыс арындатып, сытылып шыға берді. Алдын тың көліктер тосқауылдағанда, құж-құж көпшіліктің андыздаған арасынан саңылау тауып, қайта шапты.
2038 Қара шал бәйгеге шапқан баладай қара аттың құлағында ойнап бара жатты. Осы күйде ол қымқа-қиғаш бұрылып, ауылына қарай үйірлей ызғытты. Өкпе тұстан қуып жеткен бір-екі жігітке ырық бермей, көкпарды ағаш есігі айқара ашық тұрған киіз үйдің ішіне допша лақтырды. Қуығыншылар сыртта ошарылды.
2039 Ымырт үйіріліп, көз байлана бастаған шақ еді. Біеруді біреу білер емес. Сарт-сұрт, сатыр-күтір дыбыстар, құтырынған дауыстар, үйме-жүйме шоғыр... Реніш пен қызығыс сезімі баураған мен үйге сүйсіне қарап тұрдым. Қараңғының аты қараңғы. Көп ұзамай көкпарды біреу алып қашып кетті.
2040 Шымбайға батқан шымшыма шамалы ширатты. Малдас құруға тура келді. Шырағданның жарығында әңгіме басталды. Азаматтың амандығы, шаруаның күйі, әртүрлі өткен-кеткенге араласып, әртүрлі кеңес шертілді. Іңкең – көшпелі ауылды колхоздастыру жылдарында таққа мінген білікті адам.
2041 Еңбектің өз қызықтары бой көрсетуге керек. Бағанағы көкпар соның бір түрі ғана. Көкпар боларын білсе осынау рудниктегі орыстар келеді. Біз жасырып шабамыз. Басшыларымыз намаз оқып, ораза тұтып, малдан көз жазып қалатын діндарларға ләм-мим демейді, ал, атқа шауып шынығатын сабаздарға тыйым салады.
2042 Қарашада ілуде бір кездесетін жайма-шуақ күннің шұғылалы сәулесі шүйгіні сиреп қалған бөктерге болмашы сағым ойнатты. Бұның ең соңғы алдамшы сағым екенін, ертең осы шуақтың нілдей бұзылып, жауын-шашынға айналғанын сыралғы сахаралық біліп тұрды. Шалқыған сәуле бірте-бірте салқындап бара жатты.
2043 Күні бойы Тәттімбеттің көңілін билеген тәтті ой салқын тартып, сұсты қиялға айналды. Осы сәтте өзінің көлеңкесіне көзі түсті. Айқын көлеңке бейнелі, қонымды емес, миқы-сиқы боп ұзарып кетіпті. Құбыладағы қаз бауыр қоңыр бұлттар қоюланып, біріне-бірі мінгесіп, түсін суыта бастапты.
2044 Мынау көлеңке мен сонау сұр бұлт шырайлы өмірдің өтіп кеткенін еске салды. Енді қараса, бүгінгі шұғыла тәңірдің шұғылдан тартқан сыйы сияқты. Осы сый дөңгеленген дүниенің ең шынайы шырайын, ең асыл сырын сары ірең бейнесінде елестетті. Осы мезетте бұл – сарғайған шақ, сары ауру, сағымдай сағыныш.
2045 Тәттімбеттің көз алдына, неге екені белгісіз, Сары жайлау елестеді. Қанша жұтсаң да тойғызбайтын қоңыр самал, жеткізбейтін желең сағым, сылқылдаған бұлақ, тәжікелескен жігіт-желең мен қыз–келіншек жүйрік көңілде сиқырлы суреттер туғызды. Тәттімбет «дариға-ай, өмір деген осы екен ғой!» деп күрсінді.
2046 Жаңа шыққан күндей дөңгеленген сары сәуле сағынышты сезімге бастады. Неде болса, дүниенің қызығы мен қызғанышы Сары жайлауда жатыр. Енді ойласа, Сары жайлаудың өзі өзгеріп тұрады екен. Тәттімбет ертең атқа мініп, ара қонып барса, кешегі жәннат бүгін дозақтай қарсы алмақ.
2047 Қошақандар орнына борсықтар домаланбақ. Жаныңды желпитін ақжелең желдің орнына қара жел қаңбақ қумақ. Бүгін сиқыр сағымымен алданған қарашаның ызғары бір қырқаның астында. Одан әрі – желтоқсан. Одан әрі – қақаған қаңтар – ақпан. Одан әрі – сылбыр наурыз. Одан әрі – құбылмалы көктем.
2048 Сарындас, ырғақтас, сырлас тараулардың саусақтың шертісі мен басысына қарай өзгеретінін күйшінің өзі ғана біледі. Енді соның баршасынан бөлектенетін сиқыр сарынды армандады. Алыс ойға шомғанда көзін жұматын дағдысы бар-ды. Бұл жолы сол дағдыға басты. Сары жайлаудың барлық сипатын қиялдан өткізді.
2049 Төрт аяғын тең баса тайпалған жорғалар, жел жетпес жүйріктер туашақ ырғақ, шалқыма сарын ретінде бой көрсетті. Жайлауда желпінген самал, ескен жел, ұйытқыған құйын сан ықылым суреттелер туғызды. Соның бәрін түйгенде, сахараның үстінен бұралаңдап қашқан жібекорамалға ұқсап тұрды.
2050 Махаббатың орамалын қуашақ күйші бап күтуге бусанды. Ең алдымен, Сары жайлаудың қоңыр самалын еске түсіріп, үстіңгі ішектен қоңыр үн шығарды. Содан кейін астыңғы ішекке ауысты. Бұғалықтан көп төмен түспей, екі ішекті ерсілі-қарсылы шертіп, алма-кезек іліп, дөңгеленген дыбыстарды жалықпай қайталады.
2051 Күйшінің ерні жыбырлап, іштегі үндер дүмпу атып жатты. Салалы саусақтар бұғалық толғаудан сағалыққа қарай секіріп түскенде, домбыра оқыс сыңқылдап, дәмді саз төге бастады. Құйқылжыған дыбыстар көкірек қаға шегініп, манағы құлақ күйіне ұласқанда, «Сары жайлаудың» бірінші тарауы туды.
2052 Саялы сахараның сауығы, думаны, дүбірі қоңыр жел мен сары желдің аралас ұйтқуымен ұласып, тайталасқан ызыңдарға ерекше екпін бітірді. Ызыңдар бара-бара адамның дауысымен сөйлеуді шығарды. Қызған шанақтың ішінде жасырынып жатқан белгісіз жан өңеші қызарған жыршыдай сайрай бастады.
2053 Мүкісі жоқ, ашық тілмен сайраған домбыра ашынған тарауды аяқтарда бағанағы жібек орамалды еске түсіргендей, дөңгеленген дыбыстарға ауысып, құйын жетпес жылдамдықпен «дөри-дөри-дойлап», булыға шегінді. Тал-тал тарамдалған жібектің титтей түйіні кербез домбыраның кеудесінде қалды.
2054 Домбыраны қайтадан толғады. Түні бойы ойлаған өзгерістерін түгел енгізді. Дүдәмал бұралаң-бұлтарыстарды, иірімдерді, қайырымдарды пысықтай келгенде қисынды құблыстар, кербез келісімдер төгіліп кетті. Жайлаудың кеңдігімен, жаздың ұзақтығымен салыстырғанда күйлік сарын әлі де келте жатыр.
2055 Көсеубай Іргелин жолдас батырдың орнына ысқаяқ біреуді жазып келіпті. Сейдіннің бірінші секретары обкомге телефон соғып, басшылар шала бүлініп жатыр, – деді. Жігіттердің қайсы бірі сұстиысып, қайсы бірі жымыңдап, үнсіз отыра берді. Әйелдер күңкіл-шүңкіл сөйлесіп, бет шымшысты.
2056 Сегіз жасар қыз бала қуыршақпен ойнап, әңкі-тәңкісін шығарып тастаған бөлменің іші бей-берекет еді. Үй иелерінің салдыр-салақтығы көрініп-ақ тұр. Кісі кіржиді. Артынша әлденеге езу тартып күлімсіреді. Ол өзінің облпрокуратурадан келгенін мәлімдеп, атышулы очерктің мән-жайын тәптіштеп сұрай бастады.
2057 Көсеубай жырақтағы Сейдін ауданында болған оқиғаны асырмай, жасырмай толық баяндап шықты. Әңгіме аяқталғанда сегіз жасар бала әкесінің қолынан тартты. Заң қызметкерінің көгілдір көзі тұманданды. Ол шүй желкесін қасып:– Сіздің батырға балаған адамыңыз соғыс кезінде пленде болған.
2058 Шипалы сусын іздеп көшеге шықты. Қасқалдақтың қанындай сыра ұшпайды. Ол қаланың шетіндегі ірі заводқа тартты. Автобус ұзақ жүрді. Бір кезде осы қаладан осы заводқа қатынайтын осындай автобуста кондуктор болып істегені ойына оралды. Бұл күнде ол облыстық газеттің дүрдей қызметкері.
2059 Бірақ сықақтың да шатағы бар ғой. Сен пәленекеңді шенесең, қулар оны түгеншекеңе аудара салады. Шағыстырудың арты сергелдеңге ұласады. Қара тілді қазақ сөзден оңай алдырмайды. Сөз білмейтіндер шындық кімнің жағында екенін оңай ажырата алмайды. Айналып келгенде, сөздің өзі сор.
2060 Тұлғасы мен кескініне қарап, бөгде біреудің болмысын тани қояды-ау! Біз пақырдыкі әншейін гәп қой. Әркімнен естігенімізді малданып, көзбен көргенімізді қаз-қалпында жеткізе саламыз. Бажайлау бар да, бақайшақ шағу жоқ. Түйсіну бар да, түю жоқ. Бота тірсек, босбелбеулік барын базарлатады.
2061 Мен фельетон жазбақ едім, жолшыбай ферма меңгерушісінің үйіне бөгелуге тура келді. Байырғы аңшы сол үйде әңгіме шертті. Сабаздың көрмегені жоқ екен, тізбектеді-ау талай қызықты! Жолбарысты орға құлатқанын, қасқырды қақпанға түсіргенін, судан шабақ аулаған тырнаны сирағынан ұстап алғанын жыр қылды.
2062 Жыпық көз, жарғақ құлақ қулық-сұмдықтан аулақ сықылды. Оның есесіне, аңшының көзі мен құлағы жатқан күдік боп көрінді. Антұрғанның көзі нәркес те емес, шәлкес те емес, құлағы түрік те емес, бүрік те емес, кәдімгі алым-берім көз бен құлақ! Тек, түсінде тіл жеткісіз тұңғиық бар.
2063 Сол тарауды Әлтай өзінше өңдеп, толғап, созымды, иірімді әнге айналдырған. Баяу басталып, екпіндеп, шырқап, шырқаудан қайта қайрылатын ән еді. Сырнай мен дауыс бірін-бірі сүйемелдеп, бірігіп, ұласып, діңке құртатын сиқырлы әуен төкті. Ән үдегенде көршілер келіп, үйдің іші адамға сыймады.
2064 Желкем жел кеулеген шекпеннің етегінен ұстап жалбаң-жалбаң етеді. Бұлар шағылдың үстіне шыққанда ошарылды. Ойпаңда ауыл отыр. Ауылдың маңында уақ мал жайылып жүр. Бұлар ылдилады. Алда тойханаға тігілгендей, қамыс қораны айнала, он шақты үй дөңгеленіп тұр. Жалпақ қоңыр үйдің маңында қой үйітіп жатыр.
2065 Осыдан кейін Ноғайқұл ойланып қалды. Сұранышбек те бір тайпаның бетке шығары. Жаптас елмен татулық жақсы. Тіпті, әңгіме бұнда да емес. Ноғайқұл осы күнге шейін сұрамшы атаулының сағын сындырып көрген емес. Енді нәяты бір құсты қолқаға қимаса кейін көңіліне қаяу түсуі мүмкін.
2066 Ноғайқұл құсын сілтеді. Қаршыға қоянды жынысқа жеткізбей іліп түсті. Қоян бақ ете қалды. Қаршыға екі қанатын жалпылдатып қоянның басын бүргіштеді. Ноғайқұл құсын аңнан ажыратып, анадай жерге лақтырды. Қаршыға көзі жаутаңдап, шекиіп отырып қалды. Осыдан кейін қаршыға тағы да жеті қоян алды.
2067 Бірақ әлі де қыс жайлы. Оқта-текте қырбық қар жауып, арты мұнарланып, тұманданып, бұталардың бұтақтарына қырау тұрғызады. Көгілдір көк дүние күн шұғыла шашқанда ерекше әдемі көрінеді. Осындай кездерде Ноғайқұл кейде жаяу, кейде атпен қаршыға салып, көңіл көтереді. Бір күні ол түс қайта оралып еді.
2068 Ноғайқұл күмәнданғанда, ол:– Енді біраз тұрсақ ақбозат, көкбозат теңселіп, аспан шақыр-шұқыр етеді. Бәленің басы сол! – деп көрегенсіді. Рәштің айтқаны түгелге жуық келді. Баданадай қос жұлдыз туғанда ауа кенет шытымырланып, желсіз суытып, дүние сықырлағандай болып кетті.
2069 Таңертең шыңылтыр аяз мүлде күшейіп, түс әлетінде батыстан ызғар соғып, алақаншықтатып жіберді. Саусақ ашытып, бет домбықтыратын үскіріктің басы жұрттың құтын қашырды. Тысқа шығуға еріншектенген жұрт үйді-үйінде бүрсиіп қалды. Карта ойнап мысқылдаушы және жоқ. Дойбы ойнап мысқылдаушы және жоқ.
2070 Жаптас ауылдан бір жамағайындары келді. Бұл ауылдың үлкен үйі осы. Әншейінде бастаңғыны отауда өткізетін қыз-қырқын, жігіт-желең еркінсініп келді. Көп ұзамай ойын да басталды. Ноғайқұл кіріспей төрде үнсіз отыра берді. Бастан кешкен нәрселер кейде бүйір қыздырса да байсалдылық сақтады.
2071 Шынаркүлге жеңгесі қосылды. Бұлар да өзгелер секілді алма-кезек бірауыз өлеңмен айтысады. Өлеңнің сөзі жаттанды. Бірақ әуенінде белгісіз арман бар. Назды, сазды әуен көкейдің сөзінен гөрі өзін көбірек танытады. Әдетте, елге үш ұйықтасаң ойыңа келмейтін тапқыр өлең тарайды.
2072 Бұл арада ондай тапқырлық жоқ. Бірақ оның есесіне өлең біртүрлі құлаққа сіңімді. Жасаң шағында суырып-салмадан жеңіліп көрмеген Ноғайқұлдың өзі біртүрлі елтіп тұр. Осындай бір тұста Шынаркүлдің өлеңін ол шала-шарпы ұқты. Әріптесін қаршығаға теңейді, өзін қоянға теңейді.
2073 Ертеде бір жылдай болысқа писарь боп, конокрад жөнінен болыспен шекісіп, қызметін тастап кетті. Бірақ соның өзінде ел ішінде беделді кісі боп жүр. Әріп жігіт кезінде болыстыққа туған әкесі Шотпен таласқан. Ағайын, жекжаттар екі жаққа бөлініп, дүние шашып, бәсекені асқындырған.
2074 Бірақ шығасыға жұмсаған малдың өтеуін немен қайтарарын білмей, дағдарысқа ұшыраған екен. Әкенің бір ауыз сөзі Әріпті омақаса құлатты. Бұл күнде Әріп шаруа қамынан басқаны ойламайды. Өткен-кеткенді айтып, сырласар, шер тарқатарлық адамның да қатары селдіреп барады. Заман билейді.
2075 Одан кейінгісі бірте-бірте азды. Бұл күнде төренің қайсыбірі көн-шоқай киіп түйемен тұз тасиды. Әріп ағаш кереуеттен аунап түсіп, бір қырын жатып, жымиып күлді. Былтыр жазда ит арқасы қияндағы сонау Түркістанға түйемен тұз артып бара жатқан біреулер Әріптің жалпақ қоңыр ордасына кірген.
2076 Жамандығы біреу-ақ секілді. Оны жамандық деуге де келмей ме, қалай? Меруертке үйленген жылы Ақмолаға қалашылап кеткен. Жаңа түскен он алты жасар келіншегін үлде мен бүлдеге орамақ боп базардан неше түрлі қымбат мата, жиһаз әкелгенде күтпеген құбыжықтың үстінен түскен. Түн ортасы еді.
2077 Әріп көрпені серпіп ашқанда пірістов оянып кетті. Дереу жастығының астында жатқан тапаншасына жармасты. Жан тәтті, Әріп тапаншаны жұлып алған. Бара-бара жан сауғадан намысқа ауысқан. Денесіне діріл кіріп, өзі демігіп тұрды. О заман да, бұ заман мұндай қорлықты көрген емес.
2078 Е, әкеңнің аузын!.. – деп, пірістовты жалаңаш күйінде тысқа алып шыққан. Осы арада анау айқайлап қаша жөнелсін. Бұл қуып жетіп, тапаншамен дәл қарақұсқа ұрған. Анау құлағанда оны сүйретіп кеп, босағаға байлап қойған. Осыдан кейін ауылдың еті тірілерін жинап, ақылдасқан.
2079 Былай ұзап шыққанда ауылдастар ес жинап, бәтуаға келген. Бұл жақтың әкімгершілігі жүрмейтін алыс жаққа аумақ керек. Ақырында сегіз көштік Бетпақдаладан өтіп, ешбір губернияға бағынбайтын өңірге жеткен. Осы өңірдің Қаратау жақ шетінде жергілікті елмен септесіп, қоныс тебеді.
2080 Байтақ аралда ел жайбарақат өмір кешіп келе жатқанда дүрбелең басталды. Басталған жоқ-ау, дүрбелеңнің шалығы тиді. Қызылдар мен ақтардың әскері оқта-текте басып өтіп, кейде өзара атысып, соғысып, әлдеқайда ауып кетіп жатты. «Бұл арал ешқайда кетпейді» дегендей, бейбіт елге тиісуші болмады.
2081 Олардың әпшісін таныған қарапайым қоңыр жұрт лақапқа іш тарта бастады. Осындай жағдай Арқа жақтан ұзын құлақ хабар келді. Колчактың түрмесін жарып шыққан Сәкен Сейфуллин қызыл комиссар болып осы жаққа келе жатыр деседі. Байларды қуып, кедей-кембағалдарды жарылқайды деседі.
2082 Қауесеттің қанаты ұзын. Бірақ үстінен құс өте алмайтын Бетпақдаладан сол қанаттың қалай өтіп келгені жұртқа танық. Жұрттың онымен жұмысы да жоқ. Әйтеуір көңілге әл кіргізер иланыш болса жетіп жатыр. Патша заманында, Шу бойындағы елді біреулер алты болыс, біреулер сегіз болыс деуші еді.
2083 Ымырттың үйірілуі қоюланған сайын жыңғыл отының жарығы молая түсті. Сәкен түздіктердің қауқарсыз баспанасынан неше түрлі ойға шомды. Мынау сырт киімін жамылған еркектер, шалбарланған әйелдер, сирағы шытынаған балалар сонау бағы заманнан келе жатқан бейбақ тұрмысты еске салды.
2084 Қазақтың тарихын учительская семинарияда оқып жүргенде-ақ зерттей бастаған Сәкен көп елдің, көп рудың тіршілігінен хабардар. Бірақ мынадай күйкі тіршілікті өз көзімен көруі – осы сапарында. Сәкеннің еті тірі деген серіктері де, үй иесі мен екі әйел де, осы отырысты ұжмақтай көріп отыр.
2085 Және осыған қатын-қалаш, бала-шаға түгіл Сәкеннің жолдастарының елтіп отырғаны – реніш. Шым-шытырық отырыста біраз уақыт өтті. Ділмарлықтың тамызығы таусылып бүгінгі тірлік жәйі, шаруа қамы, анау атырап пен мынау атыраптың өткен-кеткені, қызығы мен қасіреті сөз бола бастады.
2086 Сәкен асыл жылқының тұқымына шейін , шөптің атына шейін тәптіштеп сұрап, әуестеніп отырды. Бұған кейбіреулер таң қалғандай, Әріптің өзі «Қызылдардың комиссары кәкір-шүкірге жеңсік екен ғой» деп ішінен кекетті.Енді тіпті білгішсініп жылқыға қоса ойсылқараның тегін таратып айтып шықты.
2087 Оның тәкаппарлығы мен кішіктігін, оқымыстылығы мен серілігін айтып келе жатқанда Сәкен көрнеу ұнатпай жөткірінді. Сүйіндік сасып қалды, Сүйіндік енді осы сапардың жайына көшіп, көлік қамын еске салып өтті. Бұным тым ұзақ болар дегендей, шашыраңқы әңгімесінің соңында Сәкенге қайта соқты.
2088 Ал сол момын-мондыбайлардың қанына семірген шүй желкелердің мойнын үзіп жіберетіні және рас... Бай тіксініп қалды. Мүйіз шақшасын мәсісінің табанына қағып, насыбай атты. Әлгі сөздің бәрін түгел естіген Меруерттің көз қиығы Сәкенге қайта түсті. Көз қиығында үрейлену де, қызығу да бар.
2089 Жолдастары өре түрегелді. Үй иесі қозғалмады. Қонақтар қоқты төбенің үстінде Меруерт жайында шала-шарпы сөйлесті. Сәкен керіліп, жұлдыздарға қарады. Жылтыраған жұлдыздар шолпылы, таналы қыз-келіншектерге ұқсап кетті. Бұлар қайтып келе жатқанда үйден шаңқ-шұңқ жайсыз дауыс шықты.
2090 Сәкен бір сойқанның болғанын сезді, үйге кірмей қайта шегінді. Аянышты ашуға булығып, деміккен көкірегін біразға дейін баса алмай тұрды. Сәкен Сейфуллиннің көзіне миуаны өсірмейтін шырмауықелестеді. Бетін қырпысаң да қайталап шыға беретін арамзаның тамырын табудың оңай еместігін бір ойлап өтті.
2091 Қызыл комиссарды бір жерге түстендіріп, бір жерге қоналқалатып, Әулиеатаға қарай жол тартты. Және кез келген ауылға түнемей өзінің тамыр-таныстарын, жекжаттарын аралай жүрді. Қыстың көзі қырауда елсіз төтенің қауіпті екенін еске тұтқан ол орта жолда бұрыла жүріп, Шұбардағы ағайындарына соқты.
2092 Біреудің гүлі біреуге тікенек. Біреу бергенін көпсінсе, біреу алғанын азсынады. Дау-дамай сондайдан туады. Дау-дамайдан жанжал, жанжалдан қылмыс шығады. Осының баршасын атбекет бес саусақтай біледі. Бірақ, оның қолында билік жоқ. Тіл мен жақтың құдіреті бірде дариды, бірде дарымайды.
2093 Бәзелбек осындай ой кешкен сәтте Әріп делдалмен сөйлесіп отырған. Ол білістік-таныстықтың басына өзінің сүйсінгенін, келешекте әмсе осында түсетінін айтып, делдалды емеурінінен дәмелендіріп қойды. Делдал не көрмеген? Ол Әріптің бір сөзіне сенсе, бір сөзіне сенген жоқ...
2094 Тапаншасын сүйіп қорқытқан ширатпа мұрттың құшағын кешіріп едім саған. Қияқ мұрттікі үдесіне шықпаған желік шығар деп ойлап едім. Алда-жарда ынтызарың Сәкен болса, мен саған ерік бердім. Бар да нөкеріне қосыл. Әнді де жап-жақсы саласың... Меруерт әуелінде бұны қатыгез шалдың ашуы деп ойлады.
2095 Өзі шама-шарқынша үгіт-насихат жұмысын жүргізген. Осының үстіне ол қарамағындағы елде түтін санын, жан санын тізімге түсірген. Осыдан кейін ол Әулиеатаға сапар шекті. Губисполкомның төрағасы Қабылбеков Торанқұловтың әкелген дерегін тиісті бөлімдерге беріп, өзі дерек жинаушының білім мөлшерін сынады.
2096 Ол жерлер бұл уақытта елсіз медиен. Тұрсынғалилардың осы жердің баршасын кешіп өтуіне тура келеді. Бұл үшін жолбасшы керек. Бұлар жергілікті жұрттың біліктілерімен ақылдасқанда, біліктілердің сөзі бір жерден шықты. Бұл атырапта Қаратау мен Арқаның арасына жетік екі адам бар.
2097 Өзгелері өзен жағасына ат шалдырып отырды. Исахан әкімдерді әнеугі айтқан жолмен алып жүрді. Бетпақтың жуан ортасына кіріп, Ақкемердің бауырындағы бастау басында қонақтағанда ол шыныларды суға салып қойды. Арада шай қайнатым уақыт өткенде, Исахан ұйықтап жатқан адамдарды айналып шықты.
2098 Бұл сөздің қазақшасы «ұран» екенін, оның өзі осы аттас аспаптан шыққанын, ол аспап сарбаздар жауға шабарда тартылатынын білген адам бұл арада болмады... Енді Мәлғаждаров сөйледі. Ол жаңа тәртіп бойын-ша мал басы, жан басы есепке алынатынын, оны жасырған адам жауапқа тартылатынын ескертті.
2099 Әулие-атадағы білімді, белді қызметкерлер әртүрлі себеппен әр губернияға кеткен еді. «Пәленшені сағалау» деген сөз сол тұста елге жайылған-ды. Сәкен Сейфуллин үгіт таратқан көшпелі ел отырықшылыққа әлі айналмағандықтан қайтадан бытырап, шаруа қамын ойлап, әр атырапқа ауысады.
2100 Зейнел-Нәби күн қақты болмаған қара бағлан сойды. Рәш шай үстінде бауырсақтан, қанттан татып алмай, қара шай ішті. Ет керсенге сыймай келді. Ноғайқұл біраздан кейін қолын сүртті. Рәш құйрықты шайнамай жұтып, етті тауысып қойды. Пенденің ойына кірмейтін мешкейлік көрсетті.
2101 Көзтаңбалыларды сол алтынның буы ұрады-мыс. Сайысқа бейімділігі содан. Екеуі үзеңгі қағысып келе жатты. Олар Ащысайдың жонына шыққанда оңнан, солдан, төменнен, жоғарыдан лек-лек боп келе жатқан аттыларды көрді. Көп ұзамай жер қайысқан адам бас қосты. Той да, ас та, айт та жоқ еді.
2102 Әріп болса қашып құтылды. Демек, темірдің екі басы ыстық екен. Сайып келгенде, тұтам тіршілікке тарықпай, қызық көріп өтсең болды-дағы! Әріптің қызығы, әрине, дәулетке саяды. Бірақ осы дәулет басқа пәле бола бастады. Жыл-құда болған күнгейліктер бір жыл өтпей сыр беріп қойды.
2103 Қаны қызып ақылынан адасқан Әріп қорықшыны босағаға байлап қойсын! Содан әңгіме насырға шауып, күнгейліктер бесақалатып, жанжал шығарған. Бітім-бәтуа болғанымен, іште мерез қалып, ақырында Әріптер теріскейге қайта көшіп келді. Келген бетте біліс-танысқа күнгейліктерді жамандай бастады.
2104 Ертеңіне бұлар жолға шықты. Әріптің ауылындағы ағайындар Зейнел-Нәбидің үйінде шай ішіп отыр екен. Түс әлетінде қыраңда ойнаған сағыммен елеуреп, бес-алты атты жонға қарай келе жатты. Тепсеңде отырған ауылға жақындаған сайын олар жүрісін үдетіп, аяңдай желіп, жарау аттарын шоқырақтатып келе жатты.
2105 Шындап желеу табылса, Әріптердің ордасын ойран етеді. Шаңырағын ортасына түсіреді. Әріп осылайша ойланғанда көз алдына түздікше елес келтірді. Бүгінгі заң-законның нұсқасын барымта заманына аударды. Бара-бара ол бұның баршасынан гөрі Ноғайқұлдың жеке басының басынуына кектенді.
2106 Бірақ бұл сырды ол тірі жанға айтпады. Айтуға ұялды. Дүниеде іштегі ұят жаман. Буынға түскен құрттай қауқарды үңги береді, үңги береді, ақырында бір пәлеге ұрындырады.. Әріптің есіне өткен күні түседі. Өткен күн ызасын, кегін асқындырады. Жоқ, ол тәжікеге қарсы емес, басымсынуға қарсы.
2107 Өйтсе, өз ыдысын өзі лайлайтындай сезінеді. Көңілдің қыжылы қайнай-қайнай кейде торыққан түйсікке ұласады. Торығу торығыспен тынбай қайтадан кек аңсаған қуат тудырады. Кәрі тәнге асау қан жүгіріп, көзге тұман орнатады. Соқпақты көрсетпей адастыратын қарау, қара мұнар неше түрлі тәуекелге бастайды.
2108 Бүгін астың қамын келіні Зияшқа артты. Қайнысы Назарқұл кішкентай құттыханасына түтін түтеткенге мәз болып, самауырға жаңқа шауып жатты. Шәукен болса тал шыбықты ат қылып, екі үйдің арасында шапқылап жүр. Оң құлағындағы сырғасы желпілдеп, біртүрлі ерсі көрініс беріп тұрды.
2109 Арада шамалы уақыт өткенде Бәзелбек туралы тағы да әңгіме тарады. Ол өзі қырма таз екен, тақиясын басынан тастамайды, бір төбенің астына барыпжуынады. Құмалағын көмген мысықтай жымысқы дейін десең, тәккаппарлығы және бар. Жақында жазықсыз біреуді қаматады. Ағайыны Сұранышбек екен.
2110 Оның өзі губерниялық газетке хат-хабар, мақала жазып тұратын. Араб әрпімен маржандай тізіп, парақты ұзына екі бүктеп жазар-ды. Бұның өзі газеттің талабына сай тәсіл-ді. Бұл арада бөгде мақаланы әмиянына салғанда «қалаға барсам керек болады» деп ойлады.Көп ұзамай ол қалаға мал айдады.
2111 Баяғыдан келе жатқан ата үлгісі осы. Шаруалар қалаға мал айдап барып, көйлек-көншек, қант-шай алып қайтады. Бірнеше адам тізе қосысқандықтан, қора-қора қой айдалады. Атқамінерлер озып кетіп, белгілі немесе белгілескен жерден тосып алады. Қарға тамырлы қазақта жекжат жұрт көп.
2112 Оның үстіне, осы күнгі тілмен айтқанда, талғампаздық деген жүйе және бар. Әулиеата – діндарлық ұғымға бір табан жуық. Оған қарағанда осынау Шымкент шындықтың шаһары. Өзі о баста шымнан қаланған. Кедей-кембағалдың, мердігерлердің маңдай тері төгілген. Қоқан хандығына тойтарыс берген шаһар да осы.
2113 Сайып келгенде, басқыншылар өзгеріп тұрады. Бірақ жердің аты өзгермейді. Зорлап өзгертсең, кейінгі ұрпақ одан өш алады. Сонымен, сонау Қаратаудың теріскейінен келген бір шоғыр шаруакеш шымнан соғылған қалада делдал, шіріңкешілер арқылы малын сатып, пұл ғып, базар базарлап жүрген.
2114 Бұл жерде екі бөдене жұлысқанда қауырсыны жұлынғаны жеңілгенге баланады. Қырда қаршыға ілінгенде қаздың қауырсыны ұшады. Айырмашылығы бар! Қырда қаршыға құр қызыққа жұмсалса, бұл жерде бөденеге ақша тігіседі. Тіпті, бүйірі қызғанда көлденең жұрттың өзі төңкерілген тақияға ақша тастайды.
2115 Осының бәрі молшылық арқасы! Қой үстінде боз-торғай жұмыртқалағандай дерлік бейбітшілік заманда қағанағы қарқ, сағанағы сарқ жұрттың жомарттығы! Бірақ бұл арада әңгімені баяғыдан бастамасқа лаж жоқ. Әйтпесе заманының желісі үзіледі. Желісі үзілсе, жалғайтын шебер таптырмайды.
2116 Бұлар бүгінгі Зейнел-Нәбилердей жүгеріге тығылып ат шалдырмай, тура қыстақтың өзіне келген. Бұл қыстақ – бір тайпа елдің мекені. Тайпа Ноғайқұлдың руына алыстан қосылса да жақын ағайынға бергісіз үйірсек еді. Бір заманда сонау теріскейден осы жаққа – ит арқасы қиянға ауып келіпті-міс.
2117 Өзіңді сағынып келдім! – деп бітірген. Бөкпенбайдың іші жылып сала берді. Ол дереу қасапқа жүгіріп ет әкелді. Абырой болғанда көк серкенің басы сатылмаған екен. Мүйізі қағылған басты үйітіп, қолдан сойғандай етті. Ішек-қарны салынбағаны болмаса, мүшенің жөні түзу боп шықты.
2118 Әйелдің үйелмелі-сүйелмелі екі баласы жаутандап тұрды. Ноғайқұл шымшып бүгілген қоржынның аузын ашып, балаларға мейіз берді. Әйел құр қол қалды.Қонақтарға қара көрсетсін деп үй иесі Кәденді шақырып алған еді. Баршасы жадырап кеңесіп отырды. Ағайын арасындағы әзіл жүрмейді.
2119 Осынау күнгейліктер мен сонау теріскейліктердің түрлі тіршілігі, жыл құсындай қатынасы, шілдедей сағынышы әңгімеленді. Бұл жақта теріскейлік көшпелі елдегідей ит жүгіртіп, құс салу жоқ. Оның есесіне күнара көкпар бар. Соңғы желікке келгенде ауылдастар көрнеу мақтанысып отырды.
2120 Қабырғасы қатпаған құнан мертіксе қайтесің. Мен сені жерге қаратып кетпекші емеспін. Келер жазда қалаға қой айдап келгенде, басыңа ақбоз үй тұрғызып беремін. Тамның кенесіненқұтыласың. Қатын-балаң кеңірдегін жібітетін сауын және мойнымда. Сайып келгенде маған да абырой-атақ керек.
2121 Бірақ даңқы жұртқа жайылған қара көк құнанды қия алмады. Намаздігер шамасында оңашаланып, құйқылжыта шапқанда күні бойғы ауыр еңбектің мехнаты естен шығып кетуші еді-ау! Таң асырған құнан құлқын сәріде оқыранғанда Кәден ұйқылы көзбен атып тұрушы еді-ау? Сол қызықтың өзі неге тұрады.
2122 Салы суға кетіп үйге қайтты. Тамына жақындағанда сайдың қиясында есекмиядан ұстап ұзақ жантайды. Іші біресе ашиды, біресе уылжиды. Атқа мінген ағайынның қылығына біресе күйінеді, біресе сүйінеді. Балға қосып зәр ішкен адамдай аунайды. Асау аттың шылбырын жібермейтін есекмия қолын күрмейді.
2123 Сол есіне түскенде жымиып күліп алды. Осы мезетте оның көзі арғы бетте қара есекке мініп келе жатқан баласына түсті. Күржікке мінетін баласының астында есек. Және салпаң құлақ қара есек! Қылмысты адамды қара есекке теріс мінгізіп ауылды аралатып масқарапаз қылған дүмділерді көріп еді.
2124 Сол есінетүскен Кәден нілдей бұзылды. Безгек адамдай денесі селкілдеді. Есекмиядан қайта ұстап етпеттеп жатты. Қайтсін бақыр, қара көк құнанды қимай жатыр. Жабағысында саудагерден астыққа сатып алып еді. Дүйім ел ашаршылыққа ұрынып, азық атаулы ұшпай тұрғанда ағайыннан жылу жинаған еді.
2125 Осы екеуінің арасындағы теріскей, Ноғайқұлдың туып-өскен атырабы, үрдіс пен дәстүрге шөре-шөре. Дәулетінде де, тұрмысында да, тілінде де құрандылық бар: Ноғайқұлдың үзеңгілестерінен бір артықшылығы томаға-тұйықтың тысқарылығында! Үш жүздің қайсысына барса да шежіредей сайрайды ол.
2126 Бәйгені арғы күнге қалдыру қолдан келмейді. Ол күні дөнен жарыс, одан арғы күні үлкен бәйге болмақ. Әрі ойлап, бері ойлап жіңішке байламға бекінді. Ертеңгі бәйгенің жолын қысқартуға керек. Көкпардан басқа шабыс көрмеген, өкпесі тесілмеген құнан отыз шақырымнан ұзаққа шаба алмайды.
2127 Асқа келуші ала шұбар жұрт кіші бесінде тыйылайын деді. Келушілерді қарсы алатын жігіттер де аттарын отқа қойып, өздері дамылдады. Күні бойы әр үйде күмпілдескен ауыл ағалары бірін-бірі шақырғыштап, сұбқат құрысты. Кешке қарай түгелге жуық далаға шығып, желдеп жүрген құнандарды қызықтасты.
2128 Құнан суытып жүрген балалар «үлкендердің көзі тиеді» деген ұғыммен қашқақтап, тысқарыланып шоғыр топты жуытпайды. Ноғайқұл өзінің қара көк құнанынан ұлы бесінде қамау тер алған. Оның тапсырмасын екі етпей Әлтай жиырма шақырым шамасында шауып тақымының құрысын бір жазып еді.
2129 Ұзын сөздің қысқасы, Ноғайқұл өзінің бапкерліктен көрген-білгенін істеді.Шығысқа қарай созылып жатқан боз жон. Сол жонның шоқтығына шартақ тұрғызылған-ды. Үш күнгі бәйгенің мәресі осы. Шоғыр-шоғыр жұрт боп сол мәрені бойлап, құйрық-жалы сүзілген құнандарын жонға алып шыға бастады.
2130 Әлтай кетті. Осыдан кейін ұрыс-керіс тиылып, кәдуілгі дау-дамай басталды. Аттан түспеген ағайындарға төрешілік айтушылардың сөзі сараң еді. Әңгімені Ноғайқұлдың өзі созды. Ол жүйрік жылқы бағы заманнан бері бүкіл тайпаға ортақ екенін, оның бағын ашатын адамның ілуде біреу болатынын айтып өтті.
2131 Ертеңіне ол әйелі мен баласын жұмсап, ағайындарын шақырды. Ұзына аққан Үшбас өзені бойын мекендеген бытыраңқы ел еді. Қайсыбірі атқа, қайсыбірі өгізге мініп, қайсыбірі жаяу-жалпы келді. Олар ішіне қолға төсеп, үстінен алаша-сырмақпен жауып қойған кең бөлмеде екі жар боп жарылып, малдас құрып отырды.
2132 Соппектер орта жолға келгенде бір төбенің баурайында шоқ шеңгелдің түбінде қақпанға түсіп жатқан қасқырдың үстінен шықты. Қызыл қылшықты ақ қасқыр еді. Көк қақпанда аяғы мылжа-мылжа боп, өзі өлеусіреп қалыпты. Емберген еркінсіп қамшының сабымен тұмсыққа ұрғанда арлан артық күшін жиып атылды.
2133 Есіне күндіз-түні елі түседі екен. Бұл жолы да ол іші-бауыры елжіреп, көзіне жас алыпты. Белінен шойырылып өзінің шөпшектей боп кеткенін мұң ғып шағыпты. Қисықмойын күйеуі күн көрсетпейді екен. «Қорқақты көп қусаң, батыр боладының» керімен осы күні о да тілін тартпайтын бопты.
2134 Осылайша, бәлкім шамалы басқаша, өз тілінде бипаздатып-мипаздатып айтып келді де, сөзінің соңында:– Исаханның әйелі сүйекті итке тастамай, құрдым суға тастайтын бопты ғой! – деп екіұшты сыр жарды. Емберген кешке бір-ақ оралды. Қанипа жолаушы әйелден естігенін айтып шықты.
2135 Әзірге бір таңба салып кетейін! – деп атынан түсіп, балтамен тамның есігін шапты. Топсасы тозық есік құлап түсті. Бұлар қыстақты түгел аралап, барлық тамның есігін шапты. Бірі құлады, бірі жаңқаланды. Әйтеуір сау есік қалмады. Ақырында қыстақтың қақ ортасына келіп тұрды.
2136 Шаруа қамы, көші-қон, бәсеке, қыдырыс өтіп жатты. Бір жылы мамырда көшпелі елден әскерге адам алынатын болды. Жасы ілінген жігіттердің бірі қуанып, енді бірі әрі-сәрі боп жүрді. Қалаға аттанар күн жақындағанда жігіттер түгел бас қосып, ұзатар қыздай ауыл аралауды шығарды.
2137 Қуғын көрген қояндай құлағын қайшылап, зымырап, тартушыға шылбыр ұстатпай, үздік озып келген. Бірақ аяғын шауып алды. Енді оның бұты бір тиын. Тер сіңген жылқының еті жексұрын. Жерағашқа жегуге, мың дегенмен, обал. Ноғайқұл әрі ойланып, бері ойлап, ақаулы жүйріктен құтылмақ болды.
2138 Ноғайқұл әңгіме бастады. Ол «ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген мәтелді тілге тиек етіп, өзінің сонау алыстағы туыстарынан гөрі осынау Үшбас бойындағы жаптастарға көбірек іш тартатынын аңғартты. Кейде жүйрік, кейде жорта олақ-доңғал сөйлей келіп, ойының тоқетеріне көшті.
2139 Күйеу жолдасқа Рәшті қосты. Түлкі тымағының басына үкі таққан күйеу бала бір қырқаның астында қалды да, құданың аулына Рәш жалғыз барды. Көп ұзамай қатын-қалаш, қыз-қырқын күйеу баланы қаумалап, ауылға ертіп келе жатты. Оның атын балаң бір жігіт мініп, бостан-босқа шауып жүрді.
2140 Қисықмойынның қара шаңырағы отауға баланып, күйеулер сол үйге түсірілді. Жанардың от басын көргенде Базарқұл еркінсіді. Ойын-күлкі қызған кезде ол бір оқыс қылық жасады. Ол өзінің етегінен тартқан қыздың санынан шымшып алды. Онымен де тұрмай саусағын иіскелеп, мұрнын шүйірді.
2141 Күлкіден қақалған Рәш аузын жеңімен басып, тысқа атыла шықты. Бастан өткен балалық, іргеде бозбалалар көгендеген қозыдай болып тыңдап жатыр екен. Бәрі дүркірей қашты. Күйеудің ерсілігі күллі ауылға жіңішке жолмен тарады. Шынаргүл табан астында айныды. Оны көндіру үш-төрт күнге созылды.
2142 Әйел баланың көкейі ұзын, тілі қысқа кез еді. Шынаргүл шарасыз көніп, сәукеленің үстінен ақ жібек жамылып, жат жұртқа келе жатты. Ауылдың қарасы көрінгенде ол аттан түсіп, жаяулады. Осы уақытта алдынан бала-шаға жүгіре шықты. Кенет қар жауды. Жапалақ қар Шынаргүлдің сәукелесіне қона бастады.
2143 Бұл күнде түбінен әуіт қазылған. Осы маңайдағы ел бұлақтан су ішіп, жастары әуітіне шомылып, бас қосысып тұрады.Бір күні сәскеде осы бұлақ басында ойнап жүрген балалар оқыс оқиғаға кезікті. Зіңгіттей екі жігіт бес-алты серкені айдап келіп, бауыздады, бас-сирағын кесті. Содан соң әуітке салып қойды.
2144 Мен аузымнан қара ит кіріп, ақ ит шығып үйренген адаммын. Артық сөйлесем, қасқырша құсып тастаймын. Сен әкеңе ұқсасаң сірә дә шыбжыңдама. Шыдағанға шығарған бол... Ол көкпар шығарған. Шабандоздар біразға шейін тойхананы айнала шауып жүрді. Бала-шаға, қатын-қалаш қызықтап қарап тұрды.
2145 Екі көзің менде болсын, шеттен қағасың, – деп тәсіл үйретті. Бұл екі арада шабандоздар тойханадан ұзап, желдей ызғытып, құйындай ұйытқытты. Аттылар түйдек-түйдектеліп, кейде жіңішкеріп,кейде қоюланып, шаңдатып, құйындатып неше түрлі сиқыр сурет туғызды. Тым-тырақай жаппай шабыс болып жатты.
2146 Көкпардың сирағынан ұстап көрмегендердің өзі лепіріп, есіріп, жандайшапқа түсіп жүрді. Шалымдысы да, шалымсызы да дамыл таппай желігеді. Тек дода кезінде ғана, көбісі тыныстап, делебе суытады. Осындай бір кезде Зейнел-Нәби доданы қақыратып, көкпарды алып шықты. Жұрт жапа-тармағай қуды.
2147 Тартыстан созылған серке жерге түсіп қалмады. Шәукен тойханаға қарай тартты. Жарау, тоқ Күржіктің белі берік болғандықтан бала қорықпай, шауып бара жатты. Оған жуықтаған кейбіреулерді Рәш қақпайлап, тартысқа барғызбады. Жалпақ жұрт баланың мінезін қызық көріп, жан-жақтан қиқу салды.
2148 Бұрынғыдан қалған аңыз бойынша, көкпардың шыққан тегі – көк пері, көкпар қолына тиген адамда ес-түс қалмайтыны сондықтан. Осы пері қорқақты батыр, батырды көзсіз батыр етеді-міс. Зейнел-Нәбиге осының кері келді. Ол біраз есеңгіреп жатты да, басына су шашқанда есін жиды.
2149 Тартысқа қайтып түспеді. Ол көлденеңнен қызық көруге көшкен кезде бір шоғыр атты келе жатты. Түстері суық, киімдері қушық еді. Ол көкпарды Назарғалиевке әкеп салды. Салған жоқ-ау, өңгертті. Назарғалиев қарны жыртылған серкенің қаны-жынынан жеркеніп, екі қолымен жоғары көтерді.
2150 Шәукен көз алдында меңдей берді. Үзілген гүлдей семіп, солып, сарғайып бара жатты. Уһлеуге, сарнауға, бебеулеуге шамасы жоқ. Ылғи тұншыққан, аянышты, әлсіз дыбыс шығарады. Үзілер өмірдің өкініші, айтылмаған арманы, шертілмеген сыры зейінді Шәукеннің ішінде кетіп бара жатыр.
2151 Ноғайқұл осыған қиналады. Шырағы сөніп, үміті үзілсе, әкенің ендігі өмірі қараңғы. Рас, тумақ бар да өлмек барын, тағдырға араша жоғын Ноғайқұл біледі. Сөйте тұра оның жанына перзентінің қиналып жатқаны батады. Алжыған шал күйзеліп үзілсе, табиғат заңы. Дүниеде қыршын жастың қиналғаны жаман.
2152 Шәукен наурызда ел көшіп келе жатқанда түйенің қомында туып, жабағыға оралды. Кейін ес біліп етек жапқанда, үлде мен бүлдеге оранды. Шепіктігі, бәлкім, содан шығар. Немесе басқа себебі бар шығар. Неде болса бұны ойлап жатқан ешкім жоқ. Шешесі баласының айтқанын орындауды ғана біледі.
2153 Осы арада оқыс уақиға болды. Үстеріне Исахан кіріп келген. Үсті-басы ебіл-себіл, омырауы алқам-салқам, арса-арса. Қисықмойынға бейнебір аруақтай әсер етті. Емберген бір жақ езу тісі жұлынып, шабыттана дүрдиіп тұрған қасқырды көргендей болды. Исаханнан басқа адам болса ауылға жылап келер еді.
2154 Жылда жаз шыға келіп, күзде қайтып кетеді.Ембергенмен ауыз-тамыр болып, атын айырбастағаны рас. Өзі барып тұрған боқауызшыл. Іші пысқан көзтаңбалыларға ермек керек. Молжанды кезекпен түстендіреді. Молжан былапыт өлең айтқанда қатындар қаша жөнеледі. Осындаймен атағы шыққан адам еді.
2155 Бірақ оның кітаптарын біліктілердің айтуы арқылы біледі. Құлағы шалғанды ұмытпастай жады күшті. Сондықтан ол Лениннің мақал-мәтелге айналған сөздерін жатқа айтады. Сөйтіп, өзі өзгелерді үйретеді. Ол бір қызық кез еді. Қаладан келген оқушы балалар бір ауылдың ішінде бір-біріне хат жазады.
2156 Жаңа заманның рухынан ба, әлде тұрмыстың тоқшылығынан ба, сол бір жылдар өлең қанат жайған шақ еді. Екінің бірі өлең шығарады.Біреу қонақасыны дұрыс бермеген сараң байды мұқатса, біреу Кеңеске арыз жазады. Осындай ортада жүрген Ноғайқұл күндердің бір күнінде өлең жазуға отырды.
2157 Қызмет бабы үзеңгі қағыстырып келеді. Ноғайқұл – базада қарақан басы. Үйі ағайындарымен бірге көшіп-қонып жүреді.Осы сапарда ол өзінің туған ауылын деңгейлеп өтті. Ел ұйқыға кетер шақ еді. Ноғайқұлды да ұйқы қысып келеді, бірақ ол ауылға бұрылып, үйіне түнеп шығуды ыңғайсыз көрді.
2158 Көзіңнің еті өскен екен! Сен, менің он екіден бір гүлі ашылмаған қызымды жүн-жұрқаға айырбастамақшы екенсің ғой? – деп Мәлғаждаровты қамшымен тартып жіберді. Мәлғаждаров, шамасы, атып тастайды деп қорықса керек, осынау топты айнала қашты. Ноғайқұл қамшымен сабалап бара жатты.
2159 Ауыл аралап, әдіреңдеген тобыр табан астында быж-тыж болды. Ноғайқұл әрі-сәрі ойға кетіп, үдесіне шыға алмады. Мәлғаждаров ауданға барып шағым жасар ма екен, жоқ, әлде жауырды жоба тоқи салар ма екен?! Әй, қайдам, арызға бара қоймас. Жанжал шыққан жерде қызмет басшылары мәймөңкелейді.
2160 Ертең түнделетіп жетсең, мекемесінде дежурный болады, – деген. Мемлекет қазынасының құпиясы бар. Осы жағынан Торанғұлов облыстағы кейбір заң қызметкерлерімен әмпей-жемпей болатын. Енді сол кісінің біріне ресми құпия хат жазды. Және өзінің атын, фамилиясын тура жазбай, бүркемелі есіммен қол қойды.
2161 Бірақ жат елден байыз таппай, туып-өскен жерін сағынып, қашып кетеді. Тоқалы Меруертті бірге алып қашады. Сол екеуі осы өңірде бой тасалап жүргенін Ноғайқұл әлдеқалай естіген. Бірақ дәл қай жерді сағалағанын білмеген. Оралдан поезға мініп қашқан адамда, әрине, қазан-ошақ болмайды.
2162 Әріп сол қазынаның құрбандығы болды. Қас қарайған кезде Ноғайқұл шүңейттің ернеуіне от жаққызған. Күндіз ажырасқан серіктеріне берген белгісі еді. Көп ұзамай олар да келді. От сөнерде бір топ атты сау ете қалды. Олар жалын басында отырған адамдарды қоршап, алыстан тіл қатты.
2163 Ол, әрине, құмға жерленді. Басына бір шоқ, бәлкім, бір тал қамыс қойылды. Сахаралықтардың қашаннан белгісі осы. Бұл белгіні кейіннен сусыған құм көміп тастайды. Тауда өлген адамның басына тас қойылады. Манғолмен, қалмақпен соғыста шейіт болғандар қойылған қорым күні бүгінге шейін төбешіктеніп тұр.
2164 Бұл күнде ғалымдар оның жасы сегіз миллиард жыл деседі. Рас-өтірігіне куә жоқ. Бірақ сол ғалымдар айдың тұтылатынын ондаған жыл бұрын болжайды. Болжау айнымай келеді. Ал, қазақ болса, айдың тұтылуын ғаламаттық қазаға балайды. Аспаннан жұлдыз ағып түссе, бір жерде біреу өлді деп жориды.
2165 Мәтелінің бір түрі – «малсыздың беті шарыққа» саяды. Сол шаруашылықты дұрыстап басқарса, мемлекетке кәдімгідей еңбек сіңірген! Ол нақты жұмыстың игілігін көздеп жүргенде, бір күні райком бюроға шақырған. Ол барғанда аудандағы мекеме атаулының бастықтары түгелге жуық жиналғанын көрді.
2166 Оны Колчактың солдаттары ұстамақ болғанда, ағайындары әртүрлі жолмен арашаға түсіп еді. Тіптен ұрыс салуға шейін барған-ды. Сәкеннің өзі тежеген. Бір-екі солдатын құртқанымен, үкімет құрымайды. Оның құрығы ұзын. Сайып келгенде, қырсығы жалпақ жатқан жазықсыз елге тиеді.
2167 Жұрт көрінеу бағып отыр. Жиылыспен жұмыс бітпейтініне көзі жеткен, Ноғайқұл қазақшылыққа көшіп, ағайындардан жылу сұрағандай бола бастады. Бірақ бұл сөз де әсер етпеді. Жұрттың бәрі аузын қу шөппен сүртіп отыр. Ноғайқұл жиылысты таратуға ыңғайланғанда, ортаға Шәукен шықты.
2168 Екеуі өткен-кеткенді еске түсіріп, жантайма кеңес шертіскен. Сәкен сөзге сараң, өз үйінде күбірлеп көп сөйлеген Ноғайқұл болды. Сөздің ұзын-ырғасын бүгінгі жүдеген шаруашылыққа әкеп тіреген. Халықтың тұрмысын, ұлттық мінез-құлқын білу оңай емес. Ақбар – бертіндегінәрсе.
2169 Жолай сарғайған боз-қауданда жалқау жайылып тұрған Күржікке соқты. Күржіктің көзі әңгел-шәңгел, арқасы жауыр, құйрығы сидам-сидам. Ноғайқұл басынан сипағанда, Күржік оқыранып, жанары қашқан жәудір көзін аудара қарады. Иегінің астындағы ақ қылшық тірі аруақтың сақалындай әсер етті.
2170 Мынау ақпар баршамызға абырой-атақ әкеледі.Көп ұзамай, Сейдін ауданының науқаннан озықтығы республикаалық газетке жазылды. Толып жатқан озаттардың ішінде Жүдәбеков пен Торанғұлов фамилиясы жүрді. Бірақ наурыздың орта шенінде үш күндей сұрапыл боран соғып, малдың дені қырылып қалды.
2171 Соңыра осы мақұлық жұмыртқасын құмға көмеді. Кейін баласын құмнан көзімен аршып алады. Ноғайқұлдың өзінің ағасынан естуінше, осынау тасбақа ежелгі заманда адам екен дейді. Таразыдан жегені үшін тасбақаға айналып кетіпті-міс! Ноғайқұл сонау бір жылы Ташкентке бара жатқанда жолай поезд тоқтап қалған.
2172 Тау қыраны тасбақаны менсінбейді деседі. Құм бүркіті оның ең ірісін әкетеді деседі. Задында, осы теріскей атырабында мақұлықтың, жәндіктің, аңның, құстың тері-түсіне есеп жетпейді. Ноғайқұлдың, бірақ, онымен жұмысы жоқ. Ол әр нәрсені кездейсоқ көреді, кездейсоқ ойланады.
2173 Соның баршасын сараптан кейін өткізеді. Үздік-создық ой кешкен Ноғайқұл өзен жағалай қонған ауылға келгенде, ағасының үйінің ең шетте тұрғанын көрді. Ол атын белдеуге байлап, ішке кіргенде, таң қалды. Үйдің іші аңғал-саңғал. Босаға жақта тасбақа жатыр. Борайқұлдың аузына кемпірі су тамызып отыр.
2174 Әкесі көптен бері сырқат екен. Ем қонбай қойыпты. Қонбайды емес-ау, тәуіп келсе қуып жібереді. Тірі жанмен сөйлеспейді, теріс қарап жатады да қояды. Сүгір екі нәрседен үміт етеді екен. Өлетін шалдың көзі не шөлмектей сөне бастамақ, не шадырайып, атысып-шатысып тұрмақ. Бұндай нышан әкеде жоқ.
2175 Мен жастық шағымды, шалқыған жайлауды, көрген қызығымды аңсаймын. Өткен күніме жете алмай, сағынышпен сарғайып өлгім келеді. О дүниеге армансыз кеткенше арманда кеткеннің өзі игі! Сүгір домбырасын қолына селқос ұстады. Жоқ, ол төрінен көрі жуық әкесінің әміріне қарсы емес.
2176 Сүгір қалай болса солай тартқан еді. Бірақ Ноғайқұлға басқаша әсер етті. О баста қызыл аршадан жасалған қызыл-қоңыр домбыра алғашқыда күмбір-күмбір етіп, артынша аңырап қоя берді. Булыға екпіндеп басталған күй бірінші тараудың өзінде қырық құбылып, мың бұралып, дөңгеленіп тұрып алды.
2177 Осы бунақтың өзі жалықтырмайтындай. Бірақ қайталаудың да шегі бар. Сүгір екінші тарауға ауысты. Енді, күйшінің шебер саусақтары құлдилай жорғалап, екі шекті қат-қабат, алма-кезек шалып, бірде толғай, бірде іле, бірде шымши шертіп, текіректеген дыбыстарды сапырып жіберді.
2178 Булыққан, үйрілген, боздаған дыбыстар бас қосып, аңқылдап, аңырап кетті. Бейне бір шанақтың ішінде жатқан сиқыр жыршы өз тілінде шежіре шерткендей! Осынау «Кертолғаудан» ұшы-қиырсыз сахараның сан ғасырлық кейпі, сансыз ұрпақтың бастан кешкен тіршілігі, салтанаты көрініс беріп тұрды.
2179 Содан төсек тартып жатып қалды. Бас ауырып, балтыр сыздайтын кәрінің кеселі емес, белгісіз науқас меңдетіп барады. Денесі ысып-жанады, жүрегі лоблып, миы шаншиды. Бір күні ол сандырақтауды шығарды. Аузына әлдекімдер түседі. Үзеңгі қағысқан жора-жолдастың, тәжікелескен қыз-келіншектің есімін атайды.
2180 Ол билет пен мөрді қызыл шүберекке орап, қайтадан әбдіреге тығып қойды. Осы әбдіреден ол Ноғайқұлдың тілі байланғанда жазған хатын тауып алған. Хатта өсиет те, өкініш те, арыздасу да жоқ, бір ауыз өлең жазылған: Дүниеде өмір-өлім телі нәрсе, Зираттың зияны жоқ енші берсе.
2181 Алыстағы ауылға почта ілуде бір қатынайтын-ды. Ноғайқұлдың өлімін туысқандары кешігіп есіткен. Есіткеннен кейін де қысқа жіп күрмеуге келмей, Назарқұл біраз кешеуілдеді. Ақырында ол итініп-тартынып, түйе жетектеп, ауданға жеткен. Осы сәтте клуб маңында бір шоғыр бала ойнап жүрген.
2182 Назарқұл тау бөктерлей жүрген. Оның жүрісі өнбеді. Жолаушы қырсықты ойсыл-қарадан көріп келе жатыр. Түйе жетектегенше оның өзіне мінген жөн. Түйенің бұйдасы тұсаудай титықтатып, бақырғаны жүйке қажайды. Назарқұлдың байқауыншаойсыл-қара мен жылқы-атаның терезесі тең емес.
2183 Назарқұл дәуірлеп тұрғанда жылқылы ауыл оған құлын сойса, түйелі ауыл оны құбыжық көрді. Содан барып онда түйеге деген өшпенділік пайда болды. Ол ойсыл-қарадан екі-ақ нәрсені жақсы көреді. Біреуі – түйенің боздауы. Екіншісі қобызға көнек болатын мойнағы. Басқасы оған шот емес.
2184 Құрама десе, дегендей. Шашыраңқы шаруалар мен бытыраңқы диқандардың басын қосқан колхоз осы. Үш жүз түтін тұтатқан колхоз көрінгеннің ыңғайына көнбей екі ғана қыстақ боп орналасқан. Қыстақтың бірінде бұрынғы көшпелі шаруалар да, екіншісінде – кәнігі диқандар. Екеуінің үрдісі де екі түрлі.
2185 Сұғанақ адамдарды Шәукен қас-қабағынан аңғарып, өзінің дәптеріне аты-жөнін, қырманнан алған астық мөлшерін жазып қояды. Оны ажыратуға Әлиакпардың шамасы жоқ. Бірақ іші күдіктенеді. Күдіктене тұра, тыйым салуға батылы жетпейді. Жиын-терін аяқталып, жұрт ылдиға құлайтын шақ еді.
2186 Осынау колхозға небары алты-ақ дана келуші еді. Әлиакпар соның бәрін жинап алып, сандығына тығып қойды. Өртеп жіберуге батылы жетпеді. Бірақ соның өзінде жұрт құлақтанып қалған. Шәукен түк көрмегенсіп, жүре берді. Ұзын аққан Үшбас өзенінің де күнес жағы мен көлеңке жағы бар.
2187 Әйтеуір бауырмал қайнағасының тірі қалғанын көңілге медеу тұтады. Осындай дәмемен жолаушылаған Зияш мәрелі мезгілде оралмады. Артынан барған Назарқұл әйелінің қайтарда жол-жөнекей боранда қаза болғанын біліп қайтты. Бұл туралы ләм-мим демей үйіне кірген заматта өкіріп қоя берді.
2188 Қыраңда болса ерте табылмақ, ояңда болса кеш табылмақ. Әйтеуір, о баста қасқыр жеп кететін жерге құламаса игі еді. Бойжеткен Несібелі осы күнге шейін өлікті бетпе-бет көрген емес. Ағайын, жекжаттан бала шетінеп, пенде шығасы болғанда ол жаназалы үйге бас сұқпай, кейін барып көңіл айтатын.
2189 Ұяң қызын аяған шешесі осыған баулыған еді.Сол Несібелінің түйсігінше, балалар көбінесе күн бата шетінейді. Ымыртта шу ете қалатын сұмдық – соның куәсі. Ересектің қазасы қилы-қилы. Түнде үзілетіндері, таң ата жан тапсыратындары бар. Толықсыған түсте дүние салатындары сирек.
2190 Бұл уақыттың ішінде ол талай ой кешті. Революциядан соңғы жылдары болған ду-ду митингінің ол шет жағасын көрді. Қызба бозбала ол алақаны қызарғанша қол соқты. Кедей болыс сайлауды ол жазғы демалыс кезінде елде көрді. Өзі, әрине, араласқан жоқ. Ірі байларды жер аудару кезінде ол тұңғыш қызметте еді.
2191 Оның жақсысын, жаманын, баяндысын, баянсызын уақыт өлшейді. Назарғалиев осының баршасын бағып, ішке түйетін адам. Сондықтан да ол сөзге сараң. Бірақ бұл жолы сөйлеуіне тура келді. Тапсырманың аты – тапсырма. Оның үстіне ыпыны қашқан жұрттың көңілін көтеріп кету де уаныш.
2192 Жиналыста ол ауданға барған замат қант-шай жіберетінін, оны пышақ үстінен бұқараға бөліп беру керек екенін ескертті. Тиісті мекемеден тексеруші жіберетінін ішке бүгіп қалды. Тек «қар еріп, жол ашыла бастайды ғой, е-е-е-е!» деп керіле күлгенін қымтай алмады. Ысмайыл секем алып қалған.
2193 Енді, кемшілікті түзейміздағы! – деген. Ысмайылдың сөзі Назарғалиевтің көкейіне қонды. Қазақстанның көшпелі аудандарында осындай сорақылықтың орын тепкені рас. Бұған бөрік ал десе бас алатын жергілікті содырлар ғана айыпты емес, солсодырлардың қолтығына су бүріккен кейбір басшылар да айыпты.
2194 Алғашқыда самарқау сөйлеген Назарғалиев бара-бара қызынып, сорақы фактілерді тізбектеп кетті. Тасыр белсенділердің шаш ал десе бас алғанын, ұзынсойыл ұрда жыққа айналғанын айтып өтті. Көшпелі шаруалардың малын сыпыра етке өткізгенін, заготскоттың малы боранда қырылғанын суреттеді.
2195 Ауылға бетбұрыс басталды. Мен бұрын облыста мілиса бастығы едім. Енді мені аудандық саяси қызметкер етіп жіберді, – деген. Осыдан кейін көктемгі егіс сөз бола бастады. Назарғалиев ертең қар кетіп күн жылт еткенде егіс егерлік көлік келтірілетінін, соқа-сайманды әзір ету керектігін ескертті.
2196 Ал, домбыраға қолым тисе, жорғалаймын. Әрине, онда да көңілім ауса!.. Осыдан кейін, ол осы күні өзінің домбыра шертуге мүлдем құлқы жоғын, сонда да кәрі серігін ала шыққанын айтып өтті де, қара құндақты қабырғаға сүйей салды.«Құда келіпті» деген хабарды естіген соң ауылдың еті тірілері жиналған.
2197 Ұзын сұраққа қысқаша жауап берумен тынды. Бұрынғыдай ру сұрасу, тек сұрасу жоқ, шежіре сөйлеу және жоқ. Күнделікті тұрмыстан кеңес шертілген. Сүгірдің атағына қанық жұрт бір орайда одан домбыра тартуды сұрап еді, ол өзі солақай болғандықтан домбыраның құлағын теріс бұрады да, Назарқұлға ұсынды.
2198 Осыдан барып есіне дабыл, дауылпаздар түсті. Өспірім шағында даңғырақ аспаптарды менсінбей құйқылжыған қобызға ғашық болып еді. Сорына қарай ұстаз аз болды. Білгендері үйретпеді, үйретуге бейімделгендерінің жүйкесі жетпей, олақ шәкірттің бармағын қыршыды. Сол бармағындағы таңба содан қалған-ды.
2199 Назарқұлдың ойын Сүгір бөлген. Ол әр өнерпаз өзінің өрісі жетпейтін өнерпаздарға ықылас қоятынын, күй атасы Қорқыт болса, оның қобызы ақырында Ықылас Дүкен ұлының пешенесіне бұйырғанын, өзінің күйінің сол Ықыластан ауғанын айта келіп, әкесінің өлердегі сөзін қайталаған.
2200 Ол өзінің майталман емес екенін анық біледі. Сындырған қобыздың орнын пәлен жыл жоқтамауында да көкірек сезетін сыр жатыр. Бірақ бұл күнде одан озатын қобызшы және жоқ. Тіпті, қобызды қылғындыра білетін адам жоқ. Бұның жақсы-жаман жағын, тиімді-тиімсіз екенін ойлағысы да келмейді.
2201 Қам қобызды тоқ жылқыға балаған Назарқұл аспапты асықпай ысылдатуды мақұл көрді, қылын бармақпен ұзақ толғады. Жалғызбармақ ерсілі-қарсылы жүгіріп, бір ыңғай қоңыр сарынға бастады. Ұзақ әннің қайырмасы келгенше сөзді ұйқастырып үлгеретін ақындай іштей жедел түлеп, алғы қиял кешіп отырды.
2202 Есіне өспірім шағы, жігіттік кезеңі түскен. Бұл өңірдің еркектері шетінен көкпаршы, шетінен әнші болса, Назарқұл атқа шабудан қорықты, ән салуға шиқылдақ даусы көнбеді. Жастай жақақтаған кәсібі – осы қобыз. Себебін өзі де білмейді. Әйтеуір тұла бойында қобызға деген құмарлық дарығанын сезеді.
2203 Жағудың қажеті де жоқ. Өзіне наразылығының үстіне тындаушыларға деген наразылығы қосылған қораш қобызшының көңілі сұмдық құлазыды. Есіне о дүниелік боп кеткен ағасы Ноғайқұл, қатыны Зияш түскен. Осы арада басы бірікпеген сарын доғарылды. Бірақ ала-құла жұрт орнынан қозғаларлық ыңғай көрсетпеді.
2204 Әсіресе, Шәукен жарымай қалған сыңайда. Ұйып, телміріп отыр. Шәукен сәби кезінде елірмелі болған. Кейде қыраңда ойнаған сағымға қарай жүгіретін. Ондай күні кешке, күн батарда шешесі үй айналдырып, бетіне су бүркіп, ұшықтайтын. Оған домбыра тартуға тыйым салған да сол шешесі еді.
2205 Садақ-шалғышты рабайсыз ойқастатып, ашына тартты. Көнектен шаң шыққандай болды. Ашынған аспап қыңқылдап, қыңсылап, ащы-тұщы дыбысты сапырды.Күйдің көбі кездейсоқ шықпақ. Бейберекет дыбыстың бәрі емес, біреуі ғана қызық боп қағылмақ. Жаңағы ащы-тұщы ызыңдар болашақ туындының нышанындай елестеді.
2206 Бірақ қаз-қалпында тартпай өзінше иіп әкетті. Осы арада байсалды бап пайда болды. Енді елгезек шалғыш қиялай көлденеңдеп, дірілдеп тұрып алуды шығарды. Қолтығы сөгілген қобыз шалғышқа барабар үн бере бастады. Самалдай салқын үн ұйтқып, реңін өзгертті. Бара-бара бөрідей ұлып, ботадай боздап кетті.
2207 Барлық миы бір жергетығылғандай, қушық шекесі тырсия лыпылдап тұрды. Назарқұл бір уыстанып, қырғидай шүйіліп, кәрі серігін аяусыз шымшылағанда қобыз мүлдем ашынды. Торығу мен толғаулар араласып, өмірдің қызығы мен қасіретін, өкініші мен уанышын санаға сіңірді. Жүрек әлдиленіп, көкей көкседі.
2208 Осы ретпен ол жан-жаққа адам жіберіп, бұрынғы қашқан-пысқандарды атамекеніне шақырды. «Құрамаға» қайтып келушілердің пысығы жұмыс, қызмет сұраудан бұрын тіл мен жаққа сүйеніп, маздап, әңгіме шертісті. Баяғы шежірелерден басталған қысыр кеңес күні кешегі Ноғайқұлдан кеп бір-ақ шығады.
2209 Борайқұл аядай жерді сұрап алды. Кемпірімен екеуі кетпен шауып, өзі тәлімінің тұқымын септі. Мойнына асқан дорбадан тұқымдық дәнді уыстап, серпе шашыратып, шашқан еді. Кейін осы тұқым тебіндеп көгергенде қою да, шашыраңқы да болмай, біркелкі шықты. Жаз ортасында Ысмайыл жонды сүзіп шыққан.
2210 Бұл бала кезінде Арқадан көрген сайысы еді. Ол жақта мықты деген екі жігіт дүйім жұрттың ортасында көкпарды бір орында айқасып тартысады. Қайсысы жұлып алса, сол жеңімпаз аталады. Бұл жақтағыдай алып-қашпа немесе салым жоқ. Саптама етік қырелілер білек шынықтырған сайысқа мәз-мейрам болады.

Связаться
Выделить
Выделите фрагменты страницы, относящиеся к вашему сообщению
Скрыть сведения
Скрыть всю личную информацию
Отмена